Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман



Дата24.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#96478

Техник-бағдарламашы

Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.

  • Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады.

Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.

  • Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.
  • Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.

Мамандықтың ерекшеліктері

  • Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді.

Мамандықтың оң және теріс жақтары

  • Оң жақтары:
  • Жоғары төлемақы;
  • Мамандықтар арасындағы сұраныс ең көп болатын мамандықтың иесі болу;
  • Кейде жоғары білім болмай-ақ жұмысқа тұру мүмкіндігі;
  • Тәжірибені ешбір жұмыс орталығында істемей-ақ алуға болатын мүмкіндіктің болуы;

Теріс жақтары: Дәріс беру кезінде қатып қалған заңдылықты (консерватизмді) қайталай беру (бағдарламашыға түсінікті болған алгоритмнің студентке түсініксіз бола беруі мүмкін); Маман көпке ұнай бермейтін, өз мінезіне сай техникалық қолтаңба қалдыратын болады; Біркелкі математикалық алгоритмдермен жұмыс істей бергеннің арқасында күйзеліске ұшырауы;


Халықаралық IT Университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Сүлейман Димерел атындағы университеті
ҚМЭжБИ ҚБТУ Алматы Энергетика және Байланыс Университеті
Алматы Технологиялық Университеті
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қызықты фактілер


Бағдарламалаудың қай кезде және қалай мамандық ретінде қалыптасқанын нақты айту қиын. - Тұңғыш есептеу құрылғысы болған аналитикалық машинаны компьютер атасы Чарлз Бэббидж жасап шығарған. - Ең алғашқы есептеу компьютеріне (1941 жылы) арналған Планкалкюль бағдарламалау тілін неміс инженері Конрад Цузе құрастырады. - Алғашқы кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын бағдарламаларды жасаған бағдарламашылардың есімдері белгісіз. Олардың есімдерінің тарихта қалмауының себебі, ол кезде бағдарламалау екінші сатылы жұмыс болған.
Бағдарламашы нені білу керек:
-табиғат және физика заңдарын;
-ядро құрылысы мен физикалық сәулелерді;
-структуралардың арақатынасын,олардың өзара әрекеті,физикалық макрообъекттерді;
-физикалық теорияны;
-физика шамаларын;
-микрообъекттердің арақатынасын;
-программалауды;
-және тағы басқа міндеттемелерді жасай білу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет