Бағдарламасы 2021-2022 оқу жылына арналған Мектептегі оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдемелер



бет1/7
Дата25.02.2022
өлшемі185 Kb.
#26401
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Оқу бағдарламасына қосымша (Syllabus)

Білім алушы үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы

2021-2022 оқу жылына арналған

Мектептегі оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдемелер

1. Негізгі мәліметтер

Институт

Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институт. Тіл және әдебие теориясы кафедрасы.

Білім беру бағдарламасы

6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті


Курс

2

Семестр

4

Оқыту нысаны

күндізгі

Оқыту бағдарламасы

негізгі

Пән циклы

БП (БД)

Компонент

ЖООК (ВК)

Кредит саны

5

Сағаттар саны

150

Бағдарлама жетекшісі

Аты-жөні (толығымен) Канапина Сауле Галымбековна

Кеңес уақыты

(БОӨЖ жеке)



1-апта

2- апта

3-апта

off-line режимінде

off-line режимінде

off-line режимінде

2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика», « Қазақ диалектологиясы және әдеби тіл нормалары», «Этнолингвистика және қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы».

Постреквизиттер

«Лингвомәдениеттаным және когнитивтік лингвистика» , «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және мәдениетаралық коммуникация», «Мәтінтану және жазылым», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен семантикасы», «Түркі филологиясы және қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері», «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі».

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Мектеп және колледж оқушыларын оқыту және тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық практикасында алынған білімін жүзеге асыру біліктіліктері және критериалды бағалаудың технологиялық негіздері туралы білімді қалыптастыруымен сипатталады.


Оқыту нәтижлері:

Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер :

Оқытудың бастапқы дерегі мен жоспарланған нәтижесін бағалайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескереді.

Кәсіби мазмұндағы ақпаратты табады, жіктейді, талдайды және синтездейді және оны кәсіби даму мақсатында пайдаланады.

Сөйлеу кәсіби мәдениетінің негіздерін, оқушылардың оқу нәтижелерін әртүрлі тәсілдермен бағалауға қазіргі заманғы тәсілдерді қолданады.

Жаңартылған орта білім беру мазмұны жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің жұмыс істеу дағдыларын қолданады.

Білім алушылардың оқыту нәтижелерін талдайды және критериалды бағалау жүйесі негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу жетістіктерін бағалайды, қөркем мәтінге филологиялық талдау жасаудың, эссе, шығарма жазудың, тарихи-әдеби тұлғалардың үлгісі ретінде қазақстандық патриотизм дағдыларын үйрете алады. Рефлексивті дағдыларды қолдану негізінде өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін, нарықтық зерттеулерді, мемлекеттік стартап-жоба жетістіктерін, өз өлкесінің құндылықтарын бағалайды, еңбек, қаржы, кәсіпкерлік, отбасы құқықтарын біледі.Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мен оқытуда инновациялық тәсілдерді (оның ішінде АКТ-технологиялар) қолдану арқылы өздігінен кәсіби білім ала отырып көшбасшылық және педагогикалық шеберлік дағдыларын дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет