Бағдарламасы 6M050300 психология ғылыми және педагогикалық бағыт СҰРАҚтар тізімі I «Жалпы психология»



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі112 Kb.
#19245
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6



Мамандық бойынша қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ
6M050300 – ПСИХОЛОГИЯ
Ғылыми және педагогикалық бағыт
СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
I «Жалпы психология»/пән

Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері

Психологияның пәні мен объектісі. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі айырмашылықтары және салыстырмалы талдау. Психологиялық білімдердің ерекшеліктері. Психология адам мен ажнуарлардың іс-әрекетіндегі психикалық бейнелеудің құрылымы, шығуы және жұмыс жасауы жайлы ғылым ретінде

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Психологиялық мектептер

Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары. Психология тарихының приодизациясы. Философия аясындағы психологияның дамуы. Психологияның биологиялық негізі (Ламарк, Спенсер). Психологияның өзбеттілі ғылым ретінде дамуы.

Психологияның әдіснамасы мен зерттеу әдістері

Ғылымның әдіснамасы түсінігі, оның функциялары мен деңгейлері. Ғылыми зерттеудің негізгі түсініктері мен принциптері. Психология ғылымының категорияялары мен негізгі принциптері, ұғымдары. яПсихологиядағы әдіснамалық парадигмалардың даму тарихы. Психологиядағы жүйелік ықпал (В.А.Ганзен). қазіргі заманауи психологиядағы теория мен практикадағы жүйелік ықпалдың маңыздылығы. Психологияның әдістері. Б.Г.Ананьев бойынша психологияның әдістерінің жіктемесі. Психикалық құбьылыстарды зертетудің объективті әдістері.

Тұлға психологиясы

Қазіргі заманауи психологиядағы тұлға ұғымының көпжақтылығы. Индивид, тұлға, субъект, индивидуалдылық. Тұлғаның психологиялық құрылымы. Тұлғаның негізгі теориялары. Тұлғаның дамуы.

Іс-әрекетті психологиялық талдау

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы. Іс-әрекет және белсенділік. Әрекет адам іс-әрекетінің бірлігі ретінде. Әрекеттің мақсатты бағытты сипаты. Психоматорика жайлы түсінік. Қимыл міндеті және әрекетті орындау бағдарламасы.

Психиканың туындауы мен эволюциясы. Адам психикасының пайда болуы мен дамуы

Психология тарихында психиканың белгілерін іздей. Іс-әрекет пен психиканың даму сатылары. Туылған және индивидуалды өзгергіш мінез-құлық. Мінез-құлықтың рефлекторлық теориясы. Жануарлардың іс-әрекеті жайлы түсінік, оның эволюция барысында күрделенуі. Адам психикасының қоғамдық-тарихи табиғаты. Еңбек іс-әрекетінде тілдің пайда болуы мен дамуы. Адамдағы бейнелеулердің деңгейлері.

Психологиядағы сана мәселесі. Сана және ұғынылмаған психикалық процесстер

Сана психикалық бейнелеу мен өзіндік реттелудің жоғарғы деңгейі ретінде. Сана және ұғынылмаған процесстер. Психология мен философияядағы сана мәселесі. Сананың нақты психологиялық сипаттамасы. Жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру.

Түйсіну мен қабылдау психикалқы процесстер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде.

Түйсінудің қозғалысты реттеудегі рөлі. Түйсінудің негізгі қасиеттері. Түйсінулердің жіктемесі. Көру түйсінуі. Есту түйсінуі. Вибрациялық түйсіну ерекшеліктері. Иіс сезу, дәм сезу және интероцептивті түйсінулердің сипаттамасы. Кинестезиялық түйсіну. Статикалы-динамикалық түйсінулер. Тактильді түйсіну. Түйсінудің анатомиялық-физиологиялық негіздері. Түйсіну табалдырығы. Сезгіштік және оның динамикасы. Түйсінуді зерттеу әдістері.

Қабылдау – сезімдік бейнелеудің негізгі процесі. Қабыладу қасиеттері. Қабылдаудағы ішкі дайындықтың рөлі. Қабылдау перцептивті әрекет ретінде. Кеңістікті, уақытты, қозғалысты қабылдау.


Зейін аралық психикалық процесс ретінде

Зейін түсінігінің анықтиамасы. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейіннің түрлері. Зейіннің теориялық және қолданбалы мәселелері. Зейіннің теориясы және оның физиологиялық механизмдері (Н.Н.Ланге, В.В.Вундт, И.П.Павлов, а.А. Ухтомский). Зейіннің өткізу қабілеті және таңдамалылығы. Зейінді зерттеудегі қолданбалы аспектілер.

Ес психикалық процестер құрылымының өзегі ретінде

Ес бұрынғы тәжірибені қайта жаңғырты, еске түсіру, сақтау ретінде.

Естің есте қалдыратын материал мазмұны мен оны қайта жаңғырту формасына тәуелділігі. Еркіті және еріксіз ес. Ес психологиясының негізгі фактілері және заңдылықтарны. Естің психологиялық теориялары және модельдері. Ес туралы алғашқы эксперименттік зерттеулер. Ес мнемикалыұ іс-әрекет ретінде. Құралдарды қолдану адам есін ұйымдастыруддың ерекше принципі ретінде.

Ойлау ақпараттарды қайта өңдеудің деңгейі ретінде

Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлауды зерттейтін ғылымдардың арақатынасы. Ойлау процестерінің ұғымға дейінгі және ұғымдық деңгейлерінің эмпирикалық сипаттамалары. Ойлауды зерттеу әдістері. Ойлау түрлері. Ойлау іс-әрекеті мотивациясының ерекшеліктері. Ойлау тапсырманы шешу ретінде. Ойлау, бірлескен іс-әрекет, қарым-қатынас. Ойлау психологиясының қолданбалы мәселелері ойлау мен сөйлеу бірлігінің мәселелері. Диалогты ойлау және сана мәселелері. (М.М.Бахтин). Диалогты ойлау бірлескен ойлау іс-әрекетінің интериоризация нәтижесінде (С.М.Жақыпов).

Сөйлеу іс-әрекетінің психологиялық мәселелері

Сөйлеудің психологиялық талдануы, Психологиядағы сөйлеуді зерттеудің ерекшелігі. Сөйлеу процесінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, жазу. Сөйлеу түрлері мен функциялары. Граматикалық деңгейде сөйледуің турындау теориясы. Стохастикалық модель және оның Чарльз Осгуд модификациясы. Сөйлеуді қабыладау теориясы.

Елестер мен қиял екіншілей бейне ретінде

Елестер және қиял өткен мен мүмкін деген болашақ бейнесі ретінде. Елестердің эмпирикалық сипаттамалары: жалпылық, бұлыңғырлық, толымсыз, панорамдылық. Теориялық және схемалық елесетр. Қиял туралы түсінік. Творчестволық іс-әрекет психологиясы. Творчество ойлау мен қиылдың синтезінің нәтижесі ретінде.

Эмоция және мотивация писхологиясы

Эмоция психологияның жалпы сипаттамсы. Тұлғаның эмоциялық күйлерінің түрлдері. А.Н.Леонтьев бойынша эмоциялыұ құбылыстардың жіктемелері: аффектілер, эмоциялар, сезім.

Эмоциялар теориясы. Ерік психологиясы. Ерік регуляциясының психологиялық механизмдері. Мотивация психологиясы. «Мотив» және «мотивация» түсініктері. Мотивациялық сфераны иерархиялық ұйымдастыру. Мотивацияның онтогенетикалық және ситуативті дамуы. Мотивацияның интенсивтілігі және іс-әрекеттің тиімділігі. Мотивация оптимум түсінігі. Йеркс-Додсон заңы.

Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде. Қабілет психологиясы

Темперамент және мінез. Қабілеттер мен нышандардың анықтамасы. Нышандар қабілеттердің биофизиологиялық негізі ретінде. Псевдоиндивидуалды практикалық іс-әрекет қабілеттерді дамыту шарты ретінде (С.М.Жақыпов). Қабілет теориялары. Темперамент және мінез. Э.Крэчмер және У.Шелдонның темпераменттің конституционалды типологиясы. И.П.Павловтың темперамент туралы ілімі. Мінез туралы түсінік. Мінез және тұлғаның бағыттылығы. Мінез-құлық стереотиптері мен мінез қырлары. Мінез типологиясы моделдері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет