БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата28.12.2016
өлшемі0,85 Mb.
#626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Таным» білім беру саласы 
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны: 
-
 
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; 
-
 
құрастыру; 
-
 
қоршаған  ортамен  таныстыру  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде 
жүзеге асырылады. 
Мақсаты:  Коммуникативтік-танымдық  қабілеттерін,  математикалық  және 
логикалық ойлауды  қалыптастыру.  
Таным  процестерін: зейін, ес, қабылдау, шығармашылық қабілеттері, қиял, 
ойлау,  тірі  табиғат    объектілеріне,  табиғат  әлеміне  жанашырлық  сезімдерін 
дамыту.  
Ақыл-ой  әрекетінің  тәсілдерін  үйрету  (талдау,  біріктіру,  салыстыру, 
жалпылау,топтастыру). 
 
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 
Жиынтық.  Санның  белгілі  бір  заттың  өлшемін  көрсететін  көрсеткіш 
екендігі,  жиынтық  түрлі  элементтерден  құрылатындығы  жайлы  түсінігін 
қалыптастыру. «Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен 
қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру. 
Сан  және  санау.  Математикалық  терминдерді  қолдана  білуді 
қалыптастыру.  6  саны  көлеміндегі  сан  мен  цифр  туралы  ұғымдарын 
қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 2, 3, 4, 
5, 6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері 
санауға үйрету.  
7-
ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, 
оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының 

96 
 
пайда  болуымен  таныстыру.  10  көлеміндегі  санды  тура  және  кері  санауға 
үйрету. 
Көлемдер.  Заттардың  (5  және  одан  артық)  ұзындығын,  биіктігін,  ені  мен 
жуандығын  белгілей  білуге  үйрету,  заттарды  көлеміне  қарай  өсу  және  кему 
ретімен  орналастыру.  Көлемі  бойынша  заттардың  арасындағы  қатынастарды 
білдіретін математикалық терминдерді қолдану. 
Геометриялық  пішіндер.  Шеңбер  және  тіктөртбұрышпен  салыстыру 
арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, 
үшбұрыш,  шаршы,  тіктөртбұрыш)  мен  денелерді  (шар,  куб,  цилиндр)  дұрыс 
атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. 
Кеңістікті бағдарлау. 
Кеңістік  ұғымдарын  бекіту.  Қағаз  бетінде  бағдарлай  білу  дағдыларын 
қалыптастыру.  
Уақытты бағдарлау 
Уақыт  ұғымдары  туралы  білімдерін  бекіту.  Таңертең,  түс,  кеш,  түн 
мезгілдері  тәулікті  құрайтыны  туралы  ұғымдарын  қалыптастыру.  Апта 
күндерін,  жыл  мезгілдерін  атау  кезінде  оларды  ретімен  дұрыс  айта  білуге 
үйрету. 
Салмақты  бағдарлау.  Заттардың  салмағын  өлшеміне  қарай  алдымен 
қарама-қарсы  көрсеткішпен  тең  және  тең  еместігін  алақанына  салып  өлшеп 
анықтауға үйрету. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден құралатыны туралы және 
«бір» сөзінің мағынасын біледі; 
-
 
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі; 
-
 
5 және одан артық заттардың көлемдік қатынастарын анықтай біледі; 
-
 
геометриялық пішіндерді таниды және атайды; 
-
 
қағаз бетін бағдарлай біледі; 
-
 
апта күндерін, жыл мезгілдерін ретімен атайды. 
 
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Жиынтық. Жиынтық және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната 
білуді  дамыту;  бүтін  өзінің  бөліктерінен  үлкен  екендігін,  бірдей  сандардың 
өзара бірыңғай сәйкестігі, үлкен және кіші бөліктерді анықтау.  
Сан  және  санау.  10  саны  көлеміндегі  сандар  мен  цифрлар  туралы 
ұғымдарын қалыптастыру, оларды танып және атай білуге үйрету.  
10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру. 
Тең  туралы  ұғымдарын  қалыптастыру,  топтағы  әр  түрлі  заттардың  тең 
мөлшерін  анықтай  білуге  үйрету,  топтарды  санау  мен  салыстыру  арқылы 
санның  мағынасын  дұрыс  жалпылау.  Санды  түсінуді  (сан  заттың  көлеміне, 
арақашықтығына,  орналасу  кеңістігіне  және  санау  бағытына  оңнан  солға, 
солдан оңға байланысты емес екендігін) бекіту. 
Заттарды  бірнеше  бірдей  бөлікке  бөлуге  болатыны  туралы  түсінікті 
қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. 
Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші). 

97 
 
Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шеше білуді бекіту. 
Көлем.  Шартты  өлшемнің  көмегімен    заттың  көлемін  салыстыруды 
қалыптастыру.  Арнайы  ұйымдастырылған  жағдайда  заттардың  ұзынырақ 
(қысқа),  жоғары  (төмен),  кең  (тар),  қалың  (жұқа)  үлгісінде  және  оларға  тең 
екендігін таба білуге үйрету.  
Геометриялық пішіндер. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, 
оларға  талдау  жасай  білуді  қалыптастыру.  Геометриялық  пішіндер  мен 
денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру. 
Кеңістікті бағдарлау. Заттың  қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын 
орналасқандығын ауызша жеткізе білуге үйрету.  
Белгілі  бір  бағытта  келе  жатып,  белгі  бойынша  бағытын  өзгерте  білуін  
қалыптастыру. 
Қағаз бетінде бағдарлай білуді бекіту. 
Уақытты бағдарлау. Түрлі жағдайларды, аптаның қай күні, тәуліктің қай 
мезгілі екенін реттілік туралы білімдерімен бекіту.  
Салмақты бағдарлау.Дүкендерде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын 
қалыптастыру. Заттардың салмағын өлшеуге қызығушылықтарын дамыту. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
жиынтық  сапасы  бойынша  түрлі  элементтерден  тұратынын,  бір  заттан, 
сонымен  қатар  тұтас  топтан  құралатыны  туралы  біледі,  оның  құрамдас 
бөліктерін бөледі; 
-
 
10 
көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі; 
-
 
қарапайым мысалдар мен тапсырмалар орындайды; 
-
 
заттардың  мәні  және  көлемі  бойынша  арақатынастарын  көрсететін 
математикалық терминдерді қолданады; 
-
 
заттарды  бірнеше  бірдей  бөлікке  бөледі,  бүтін  мен  бөліктерді 
салыстырады; 
-
 
түрлі көлемді заттарды салыстыра біледі, оларды көлеміне қарай өсу және 
кему ретімен орналастырады; 
-
 
геометриялық    пішіндерді    және  денелерді  біледі  және  ажыратады, 
олардың  пішіндерін табады, талдайды;  
-
 
бір заттың екінші затқа қатысты орнын, заттар мен адамдар арасындағы 
өзінің орнын сөзбен анықтайды және белгілейді, қағаз бетінде бағдарлай алады; 
-
 
түрлі  жағдайлардың бірізділігін   біледі, тәулік бөліктерін, апта күндерін, 
жылды, айларды атайды; 
-
 
заттарды өсу және кему ретімен орналастыра отырып, салмағы бойынша 
анықтайды, заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін біледі. 
  
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Құрастыру 
Құрылыс  материалдары  мен  конструктор  бөлшектерінен  құрастыру. 
Құрастыру  бөлшектерінің  негізгі  бөліктерін  және  оған  тән  бөлшектерін 
анықтай білуге үйрету. 
Дағдыларын қалыптастыру: 

98 
 
-
 
болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін 
белгілеу және оның негізінде нысан жасау; 
-
 
көлемі бойынша әртүрлі  құрылыстардың нұсқаларын жасай білу; 
-
 
ұжымдық  құрылыстар салу; 
-
 
түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру. 
 
Үлкен  емес  жазықтықты  үлкен  етіп  біріктіру,  кірпіштердің,  қырлы 
бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі 
күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету. 
Қағаздан  құрастыру.  Қағазды  ортасынан,  төртке  бөліп  бүктеуге  ,  түрлі 
бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 14 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген 
(бұрыштарының  басын  дәл  қосу)ұсақ  заттарды  дайындауда  шаршы  қағазын 
бүктеу біліктерін қалыптастыру. 
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру.  
Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру.  
Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету.  
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
құрылыс  материалдарының  негізгі  бөлшектерін  атайды  және  ажырата 
біледі; 
-
 
көлемі бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі; 
-
 
ұсақ заттар  жасау кезінде шаршы қағазды бүктей біледі; 
-
 
құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін біледі, түрлі 
нәтиже алу үшін  бір тәсілді ғана қолданады; 
-
 
түрлі материалдардан заттарды құрастырады, олардың атауларын біледі. 
 
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Құрылыс  материалдары  мен  конструктор  бөлшектерінен  құрастыру. 
Берілген  тақырып  бойынша,  сөзбен  сипаттау,  сурет,  фотосурет  бойынша 
құрылыс салуға үйрету. 
Өз  құрылысын  талдай  білуді  бекіту  және  талдау  негізінде  құрылымдық 
шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау. 
Қағаздан  құрастыру.  Қағаз  цилиндрлерден,  оларды  қосу  әдісімен 
жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі 
күйлері  мен  қалыптарын  бере  білуді,  оларды  күрделі  емес  композицияларға 
біріктіруді  қалыптастыру.  Ұжымдық  мазмұнды  құрастыруға  қозғау  салу. 
Шығармашылық  ойлауды  және  қиялдауды  дамыту.  Қағазды  қатпарлап 
бүктеуге және симметриялық пішіндерді кесуге, қағаздан құрастыру әдістерін 
қолданып, көлемді формадағы жазық материалды өзгерте білуді бекіту. 
Дайын  пішілген  кескіндермен  жұмыс  жасау,  күрделі  емес  сызба  сызу, 
қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру. 
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды 
мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс 
кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; мақсатты түрде жұмыс 
жасай білуге, дербестік, шығармашылық танытады. Шығармашылық қиялын, 
ұсақ  заттар  жасауды  көрнекіліктерді  қолдану  арқылы  және  ойдан  шығару, 
өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту. 

99 
 
Ұсақ заттарды толықтыру және артықтарын ала білуге үйрету. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
нақты шешім таба біледі; 
-
 
дайын бөлшектерден шарты бойынша, ойдан құрастырады; 
-
 
ұжыммен жұмыс жасай біледі; 
-
 
жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте біледі; 
-
 
құрал-жабдықтарды  дұрыс  пайдаланады,  атқаратын  міндеті  бойынша 
қолданады, еңбек мәдениетінің ережесін, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды; 
-
 
қалдық және табиғи материалдардан құрастыра біледі; 
-
 
нәтижеге жету үшін түрлі құралдарды қолданады.  
 
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Қоршаған ортамен таныстыру 
Бала, оның отбасы, үйі.  
Туыстық  байланыс,  өзінің  жасын,  толық  аты-жөнін,  тегін,  ата-анасының, 
отбасы  мүшелерінің  аты-жөнін,  балабақша,  топ  атауын,  нөмірін  айта  білу, 
үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру. 
Балаларда өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықты дамыту. 
Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары бар екенін 
көре  білуге  үйрету.  Балаларда  өз  отбасының  мүшелеріне  қамқорлық  білдіру 
ниетін,  үй  тапсырмаларын  орындау,  өзінің  мейірімділік  сезімдерін    отбасы 
мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу. 
Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау.  
Заттар,  олардың  белгілері  мен  ерекшеліктері  туралы  ұғымдарын 
қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тіліне  түрлі  заттардың атауларын нақтылап, 
енгізу,  таныс  емес  заттардың  қолданылуын    түсіндіру.  Заттардың  қандай 
материалдан  жасалғандығын  анықтап,  сипаттама  беріп,  оның  сапасы  мен 
ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.  
Айналадағы  заттар,  құрылыс  материалдары  арасындағы  міндет  пен 
байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру. 
Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін 
бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру. 
Көлік, байланыс құралдары. 
Көлік  құралдарының  көп  түрлілігі,  белгілі  жұмыс  түрін  орындау  үшін 
олардың жабдықтары жайлы түсінік беру. 
Телефон,  компьютер,  теледидар,  радионың  қызметтерімен,  оларды 
қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту. 
Ересектердің еңбегі.  
 
Ұғымдарды дамыту: 
-
 
әртүрлі мамандық иелері туралы; 
-
 
еңбектің мазмұны,сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы; 
-
 
балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы.  
Өз  ата-анасының  еңбегі  жайлы  әңгімелегенде,  еңбек  процесстері  туралы 
білімін  қолдана  білуге,  адамдардың  еңбектеріндегі  өзара  байланыстарды 

100 
 
байқауға  үйрету.  Айналаны  қоршаған  заттар,  ойыншықтар  –  адамдардың 
еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру. 
Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері. 
Отан  туралы,  мемлекеттік  және  халықтық  мерекелер,еліміздің  рәміздері  
туралы  білімдерін  кеңейту.  Қазақстан  Республикасының  Президенті,  оның 
халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы 
түсінігін қалыптастыру.  
Қазақстан Республикасының әскері. 
Ел  қорғаудың    ардақты  міндет  екендігін  түсіндіру  арқылы  Қазақстан 
Республикасы  әскері  туралы  түсініктерін  кеңейту.  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарында ел қорғаған  қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.  
Жолда жүру ережелері. 
Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. 
Қиылыс  жолмен  таныстыру,  жол  белгілерін  бекіту.  Бағдаршамның  жарық 
белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету. 
 
Экология негіздері 
«Өлі  табиғат»  ұғымымен  таныстыру,  өлі  табиғат  заттарын  адам  қолымен 
жасалған заттардан ажырата білуге үйрету. 
Табиғат құбылыстары жайлы білімдерін кеңейту. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
қоршаған ортаның көп қырын біледі; 
-
 
өзінің,  ата-аналарының  және  туысқандарының  есімдерін  біледі  және 
атайды; 
-
 
заттарды  атайды  және  ажыратады,  оларды  мөлшеріне,  түсіне,  пішініне 
қарай анықтап, қандай материалдан  жасалғандығына қарап анықтайды; 
-
 
 
көлік құралдарын біледі және атайды; 
-
 
кейбір  кәсіптік  және  ауылшаруашылық  мамандықтарының  атауын, 
мазмұнын, мәнін біледі; 
-
 
өз елінің, оның бас қаласының, Қазақстан Президентінің атын біледі; 
-
 
өз елінің мемлекеттік рәміздерін атайды және ажырата біледі, Қазақстан 
Республикасы  мемлекеттік  әнұранын  орындау  кезіндегі  өзін  ұстау  ережесін 
біледі; 
-
 
әскердің міндетін біледі; 
-
 
көшеден өту ережесін біледі; 
-
қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната біледі; 

«тірі» және «өлі табиғат» ұғымдарын біледі; 

табиғаттағы маусымдық өзгерістерді, тірі және өлі табиғат объектілерін 
біледі және ажыратады. 
 
«
Шығармашылық» білім беру саласы 
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:  
-
 
сурет салу; 
-
 
мүсіндеу; 
-
 
жапсыру; 
-
 
музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.  

101 
 
Мақсаты:  Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін,  қоршаған  болмысқа 
эстетикалық  қызығушылығын  дамыту. 
Балалардың  өнер  туындыларын  қабылдау  қабілеттілігін,  эмоционалды 
қатынасын дамыту. 
Балалардың  түсінуіне  жақын  2-3  қазақ  халқының  өнерімен  таныстыру. 
Халық ойыншықтары туралы түсінік беру.  
Балаларды әртүрлі бейнелеу өнерімен таныстыруды жалғастыру   
(живопись, графика, скульптура, сәндік- қолданбалы өнер). 
Бірлесіп  жұмыс  жасау  дағдыларын  қалыптастыру,  жұмысты  ұжыммен 
орындауға,өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйрету. 
Живопись және скульпторлық мүсіндердің туындыларымен таныстыруды 
жалғастыру(картиналар жәңе репродукциялық картиналар). 
Балаларды  безендірудің  мәнерлі  құралдарымен,  балалар  кітаптарындағы 
иллюстрациялармен таныстыру. 
Балаларды  өнер  туындыларын,олардың  түрлерін  дербес  қарастыруды, 
мәнерлік    құралдарына  және  мазмұнына  көңіл  аударуға    баулу.(ырғақ,  түс, 
пішін, композиция). 
 
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
   
Сурет салу 
   
Заттық сурет салу. 
Балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі емес 
ойыншықтар  сұлбасын  өздеріне  тән  ерекшеліктерін  сақтай  отырып  салуға 
үйрету. Серуен кезіндегі бақылаудан кейін – ағаштың күзгі жапырақтары, үй, 
трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеу. 
Пішіндер  туралы  білімдеріне  сүйене  отырып,  негізгі  пішінін,  заттар  мен 
олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы 
көлемі  мен  орналасуына,  түстер  туралы  біліміне  сүйене  отырып,  заттардың 
түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету. 
Бірнеше  біртекті  заттардың  мөлшеріндегі  ерекшеліктерін  жеткізе  білу 
іскерліктерін қалыптастыру. 
Бұрын меңгерген пішін туындайтын қимылдарды реттілікпен бекіту: 
-
 
жемістер  мен  жидектер;  балық,  жануарлардың  суретін  салу  барысында 
дөңес  пішіндегі бірнеше заттардың көлемін берудегі айырмашылықты; 
-
 
төртбұрыш 
пішіндегі 
бірнеше 
заттардың 
көлемін 
берудегі 
айырмашылықты; 
-
 
көлік құралдары, адамдардың тұлғасы сияқты күрделі пішіндегі бірнеше 
заттардың көлемін берудегі айырмашылықты. 
Балаларды  суретке  қарап  салуға  және  елестете  отырып  жануарлардың, 
адамдардың  және  ойыншықтардың  суретін  салуға  үйрету.  Күрделі  емес 
қимылдарды бере білу, бейненің айқындылығына, қимыл барысында қолдың, 
аяқтың  қалыптарының  өзгеруіне  қол  жеткізу.  Заттардың  көлемі  мен 
үйлесімділігінің  айырмашылығын  бере  білуге  үйрету.  Қарындашпен  жеңіл 
сызықтар сызуға, бояудың қажетті қоюлығын алу үшін, акварель бояуын сумен 
араластыра білуге үйрету.  

102 
 
Сәндік сурет салу. 
Түзу,  ирек,  жіңішке,  жалпақ  сызықтарды,  түрлі  көлемдегі  дөңгелектерді, 
жақпаларды, нүктелерді бірқалыпты орналастыра отырып,  қарапайым пішіндерде 
өрнектерді  құрастыра  білу  іскерліктерін  бекіту.  Түрлі  өлшемдегі  өрнекті  
элементтерді үйлестіру, ақ және түрлі түсті қолдана отырып, түстерді таңдауды 
қолдану. 
Қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға, қағаздың ортасын, 
бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету. 
Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу 
ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу. 
Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды. 
Сурет  салу  барысында  қағазға  жуан  сызықтарды  сызарда  қылқаламды 
көлденең,  ал  жіңішке  сызықтар  мен  нүктелерді  сызу  үшін  тігінен  ұстап, 
суреттерді  бояғанда  бір  бағытта  солдан  оңға  қарай,  жоғарыдан  төмен  қарай, 
қиғашынан жүргізіледі. 
Балаларға  түрлі  материалдар:  қарындаштарды,  бояуларды  қолдануды 
үйрету. 
Түзу  сызықтардың  түрлі  байланыстарымен  құрылған  қазақтың  (1–2) 
өрнектерінің суретін салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен 
шеттеріне  орналастыра  білу.  Қазақ  оюларының  көптүрлілігі  туралы 
түсініктерін  кеңейту,  ерекшеліктері  мен  оларға  тән  элементтерін  қолдана 
отырып,  құрастыра  білу  іскерліктерін  дамыту.  Ұжымда  жұмыс  жасай  білуге 
тәрбиелеу. 
 
Мазмұнды сурет салу. 
Бейнелерді  бүкіл  параққа,  бір  сызықтың  бойына,  жалпақ  жолақшаға 
орналастыру  біліктерін  қалыптастыру.  Бейненің  айқындылық  құралдарын, 
ересектердің  еңбегін,  қоғамдағы  оқиғаларды  қолдана  отырып,  балаларды 
табиғаттан алған әсерлерін көрсете білуге үйрету. Ертегі желісі бойынша сурет 
салу. 
Бір  мазмұнға  біріктіре  отырып,  бірнеше  заттардың  суреттерін  бейнелей 
білуге үйрету. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
бейнелеу өнерінің мәнерлі құралдары туралы бастапқы түсініктері бар; 
-
 
гүлдер, көкөністер, жемістерге қарап суреттерін салады; 
-
 
суретті салуда  мәнерлеу құралдарын қолданады; 
-
 
түсті қарындаштар мен  бояулармен жұмыс істей алады; 
-
 
қазақтың ою-өрнек  элементтерінің суретін салады;  
-
 
түрлі сюжеттерді сала біледі. 
 
ІI ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Заттық сурет салу 
Қоршаған  ортадағы  болмысты,  (заттарды,  өсімдіктерді,  ойыншықтар  мен 
гүлдерді)  елестету  және  заттарға  қарау  арқылы  бере  білу  ұғымдарын 
қалыптастыру. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету.  

103 
 
Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте  көрсету. Ағаштың бұтақтарына, 
бұталардың  жапырақтарына  немесе  гүлдеріне,  кейбір  бөлме  өсімдіктеріне 
қарап сурет салу. 
Біліктерді қалыптастыру: 
-
 
түрлі    жануарлардың  сипаттық  ерекшеліктерін  байқап    және  оларды 
суретте  бейнелей алу; 
-
 
жануарлардың  бейнелерін  жеңіл  қозғалыстар  мен  қалыптарды  бейнелеу 
арқылы мәнерлі бере білуге; 
-
 
жүн мен қауырсынға тән бейнелеуге; 
-
 
қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдануға; 
-
 
табиғат объектілерін бейнелеуге; 
-
 
түстерді  жеткізу  үшін  қағаздың  түсін  және  түстердің  үйлесімділігін 
таңдауға; 
-
 
өз жұмысының нәтижесін бағалау. 
Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру;  
барлық құстардың сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан 
ұқсас  болып  келеді,  түсіне,  пішіні  мен  бөліктері  жайлы  түсініктерін 
қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету. 
Заттар  мен  олардың  суретін  салу  тәсілдері  туралы  жиналған  ұғымдары 
балалардың сюжетті сурет салуына  ауысады. 
Сәндік сурет салу. 
Түрлі  пішінді  қағазда  симметриялық  ою-өрнектерді  құрастыра  білуге 
тәрбиелеу, көлемді пішіндерді безендіру. 
Сұлбаларға    орналастыра  отырып,  қазақ  оюларының  элементтерін 
құрастыру,    қазақ  оюларына  тән  түрлі  түстердің  үйлесіміне  құрылған 
тапсырмаларды  орындау,  таныс  элементтерден  композициялар  құрастыру, 
ұжымдық  жұмыстарды  орындау.  Қазақ  ою-өрнектерінің  сипатын,  түсінің 
үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру. 
Өз  ойлары  бойынша  сурет  салу,  алдыңғы  сабақтардағы  суреттерін  үлгі 
ретінде  қолдана  отырып,  жаңа  композиция  құру  және  заттарды  әшекейлеу. 
Халықтың сәндік өнердің  желісі бойынша сурет салу. 
Мазмұнды сурет салу. 
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі жарығы 
жанған кеме және т.б. қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.  
Қоғамдық  жағдай,  қоршаған  ортадағы  жағдай,  мерекелер,  адамдардың 
еңбегі,  ертегі,  тақпақ,  ән  әуендері және  т.б.  сияқты  күрделі  емес  сюжеттерді 
суретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру.  
Қазақ  халқының  өмірін,  еңбегін,  тұрмысын  көрсете  отырып,  қазақ 
ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.  
Жаз  мезгілінің  табиғат  құбылыстарын,  жазғы  демалыстағы  оқиғаларды, 
қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, 
ойдан сурет салуды  қолдану. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
заттарды сипаттау белгілерін және құбылыстарын бөліп алады және және 
оларды өзінің бейнелеу іс-әрекетінде көрсетеді; 

104 
 
-
 
 
күрделі емес ойыншықтарды, жануарлар мен адамдардың суретін  салады, 
сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі; 
-
 
  
қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін біледі; 
-
 
табиғаттың  сұлулығына,  киімнің  және  бөлменің  жинақылығына 
эмоционалды түрде мән береді; 
-
 
розеткалардың,  үшбұрыштар  мен  алтыбұрыштардың  ортасын, 
бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, сәнді өрнектерді салады; 
-
 
өрнекте  геометриялық  пішіндерді  және  өсімдік  элементтерін  ырғақпен 
орналастырады; 
-
 
 
қазақ  оюларының  түрлері,  сәндік-көркем  ойлардың  эстетикалық 
ерекшеліктері туралы түсініктерге ие; 
-
 
қазақ  оюларының  элементтерін  салады  және    олармен  киімдерді, 
тұрмыстық заттарды безендіреді; 
-
 
бірнеше заттарды бір мазмұнға біріктіре отырып бейнелейді;  
-
 
сурет салуда түрлі техниканы дербес қолданады; 
-
 
бейнелерді бүкіл параққа орналастырып, заттардың кеңістіктік қатынасын 
бере біледі; 
-
 
ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады. 
 
 
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Мүсіндеу 
Заттық мүсіндеу 
Балаларды  затқа  қарап  немесе көз алдарына елестету  арқылы  көлемі  мен 
пішіні  әртүрлі  таныс  заттарды,  көкөністер  мен  жемістерге  тән  ерекше 
бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту 
техникасын сақтай отырып, мүсіндеуге үйрету.  
Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың пішінін 
мүсіндеуге үйрету. 
Көшеде,  үйде  және  балабақшада  көрген  заттарын  бейнелей  отырып, 
елестету арқылы мүсіндеу. Олар бақылау жасаған заттардың бейнесін жеткізе 
білуге, заттарды түрлі қалыпта мүсіндеуге, бейненің жеке шешімін өздігінен 
табуға үйрету. 
 
Сулы  шүберекпен  пішіннің  үстінен  тегістеуге  және  кескішті  қолдануға 
үйрету.  
Сәндік мүсіндеу. 
Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге 
үйрету.  Халықтық  ойыншықтар  желісі  бойынша  бейнелер  жасауға  үйрету. 
Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну.  
Мазмұнды мүсіндеу 
Балаларды  мүсіндеудің  таныс  әдістерін  қолдануды    және  заттардың 
өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру. 
Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін 
әдемі безендіруге үйрету. 
Кескішпен тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету. 

105 
 
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Біртекті заттардан 
сюжеттер жасау, бірнеше  пішінді бір тұғырға орналастыру.  
Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін  мүсіндеуге, композиция мазмұнын 
қосымша заттар мен элементтердің көмегімен мейлінше көркемдеп жеткізуге 
үйрету.  
Біртекті  заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді 
жасау білімдерін бекіту. 
 
 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
қарапайым үйлесімділікті сақтай отырып, адам мен жануарлардың пішінін 
мүсіндей біледі; 
-
 
халық  ойыншықтары  мен  керамикалық  бұйымдардың  желісі  бойынша 
бейнелерді бере біледі; 
-
 
заттармен  және  элементтермен  толықтыра  отырып,  кейіпкерлер  мен 
композицияларға тән бөлшектерді мүсіндейді. 
-
 
пішіндерді тұғырға орналастырады.  
 
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Заттық мүсіндеу 
Адамның  бейнесін,  жануарлардың  қозғалыстағы  мүсінін,  үйлесімділікті, 
қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге  үйрету.Заттардың ұзын және қысқа, жуан 
және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін 
сақтауға,  мүсінделген  пішіндердің  бөліктерін  мықтап  бекітуге,  оларды  бір-
біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуді үйрету.  
Ортақ    композиция  жасау  үшін  ұжымдық  мүсіндеудің,  адамның, 
жануарлардың,  ойыншықтардың,  халық шығармашылығының  заттарын  қарап  
мүсіндеу дағдыларын дамыту. 
Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін 
іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған 
үлгімен салыстыруға үйрету. 
Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және 
мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды).  
Қарап  мүсіндеуге  ойыншықтарды,  пішіні  шағын  мүсіндерді,  халық 
шеберлерінің бұйымдарын қолдану. 
Сәндік мүсіндеу. 
Затқа  қарап,  ұсынылған  және  өз  ойлары  бойынша  сәндік  мүсіндеу 
дағдыларын қалыптастыру. 
Заттарды әсемдік элементтермен безендіру. 
Сәндік  пластиналарды  мүсіндеуге,  жұмыс  барысында  әртүрлі  пішінді 
кескіштерді  қолдануға,  сазбалшық  тілімшелеріне  бедерлер  жасауға,  түрлі 
ойыншықтарды,  ыдыстарды  халық  бұйымдарының  мәнерінде  өздігінен 
мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге  үйрету. 
Мазмұнды мүсіндеу. 
Ертегілер мен әңгімелердің  мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасау 
дағдыларын жетілдіру. 

106 
 
Ұжымдық  жұмыстарды орындауға баулу. 
Қалыптасқан  іскерлік  пен  дағдыларды  жеке  мүсіндеуде,  ұжымдық  
мүсіндеуді  орындау  барысында    ойында,  үйді    және  мереке  күндері  ауланы 
сәндеу үшін қолдану. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
мүсіндеудің түрлі техникаларын қолдана алады; 
-
 
ортақ  композиция  жасау үшін  ұжымдық мүсіндеу дағдыларын меңгерген; 
-
 
түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін бере 
біледі; 
-
 
сәндік элементтермен заттарды безендіре алады; 
-
 
күнделікті өмірде біліктер мен дағдыларды қолданады. 
 
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Жапсыру 
Заттық жапсыру. 
Балалардың    қайшыны    қолдану    біліктерін  бекіту:  жолақшаларды 
тікбұрыштар  етіп  қию,  шаршыларды  үшбұрышты   етіп қию, шаршы немесе 
тікбұрыштың шеттерін қию арқылы  дөңгелек пен сопақша пішіндерді қиып 
алу. 
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды; 

қатпарланып  бүктелген  қағаздан  бірдей  бірнеше  пішіндерді  және  екіге 
бүктелген  қағаздан  симметриялы  пішіндегі  заттарды  қиюды

елестету бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды; 

жырту тәсілімен жапсыруды орындауға. 
Қағаздан  дайындалған  тікбұрыштардан  дөңгелек  пішіндерді  қиып  алу, 
заттарды бірнеше бөліктерден  бейнелей білуді бекіту. 
Сәндік жапсыру. 
Түрлі  пішіндегі  қағазда  таныс  геометриялық  элементтерден  өрнек 
құрастыруды үйрету. 
Бөліктерден бейнелерді құрастыру, мерекелерге арнап үй-жайды безендіру 
үшін ұжымдық жұмыстарды орындау.  
Ұлттық кілемдерді, ас тақтайшаларын, сүлгілерді, қуыршақтарға арналған 
ыдыс-аяқтарды, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді, қымыз  құятын  ыдыстарды 
(торсық),бұйымдарды, шырша  әшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық  
құттықтау  ашық  хаттарын, топ  бөлмесін  безендіруге, қыс тақырыбындағы  
ұжымдық панно  жасауға  үйрету. 
Мазмұнды жапсыру. 
Балаларға  қағазға  заттарды  орналастыру  дағдыларын  үйрету. 
Жапсыруларды  құрастыру  барысында  объектілердің  көлемі  бойынша 
қатынасын,  заттардың  бөліктерінің  пішінін,  құрылымын,  қатынастарын  көре 
білу іскерліктерін меңгерту.  
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
 
әлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеуге; 
-
 
үлгілер және трафареттермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеуге; 

107 
 
-
 
өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құруға; 
-
 
қайшыны, желімді дұрыс қолдануға; 
-
 
екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қиюды; 
-
 
ұлттық  өнердің  желісімен  түрлі  пішіндегі  қағазда  геометриялық 
элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыруға; 
-
 
заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіруге; 
-
 
еңбек қауіпсіздігі және жеке гигиена ережелерін сақтау. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді; 
-
 
жұмысқа арналған материалдарды  тиімді қолданады; 
-
 
 
елестету бойынша бірнеше бөліктерден өрнек құрастырады; 
-
 
халық өнері бұйымдарының негізгі элементтерін бейнелейді. 
 
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
    
Заттық жапсыру. 
Түрлі пішіндер  қию  дағдыларын бекіту.  Симметриялық емес сұлбаларға 
салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру. 
Күрделі  жапсырмалар  құрастыру  біліктерін    қалыптастыру.  Жырту 
тәсілімен  ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету.  
Алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды 
және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау 
кезінде қолдану. Ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту. 
Сәндік жапсыру. 
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
аналар  мен  әжелерге  сыйлықтарды,  қуыршақтарға  арналған  киімдерді, 
ұлттық  әшекейлерді,  табақтарды,  құмыралар  мен  вазаларды  балалардың 
ойлауы  бойынша  безендіруде  жапырақтар  мен  гүлдерден  өрнектер 
құрастыруды; 
-
 
мүсіндерді  қатпарланған  қағаздан  бірдей  пішіндер  және  екіге  бүктелген 
қағаздан  симметриялы  пішіндер  қию  арқылы  ұлттық  ою-өрнектермен 
безендіруді; 
-
 
бейнелерді  айқын  беру  үшін  сұлбаны  қию  және  жыртып  жапсыру 
тәсілдерін қолдануды ; 
-
 
«қошқар  мүйіз»  өрнегін  түрлендіріп:  жиектеме  өрнек,  қоймүйізді  жұп 
шиыршықтар, геометриялық өрнектерді  қолдануға; 
-
 
қазақ  өрнектеріне  тән:  жасыл,  қара,  ақ,  сұр,  қызыл,  ашық    түстерді 
қолдануды; 
-
 
жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауды. 
    
Мазмұнды жапсыру. 
Балаларға  жапсыруда  сюжетті  композиция  құру  білігін  дамытуды 
жалғастыру,  Қазақстанның  табиғаты  мен  жерлестердің  еңбегін  бейнелейтін 
ұжымдық композицияларды орындауға үйрету. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
жапсыруды жырту тәсілімен орындайды; 

108 
 
-
 
Қазақстанның  табиғатын,  адамдардың  еңбектерін  бейнелей  отырып, 
ұжымдық копозицияларды орындайды; 
-
 
еске  түсіру  бойынша,  затқа  қарап,  пішініне,  пропорциясына,  көлеміне, 
перспективасына назар аудара отырып, заттарды бейнелейді; 
-
 
өзінің  жұмыс  орнын  дұрыс  ұйымдастырады,  жұмыс  кезінде  тәртіп 
сақтайды. 
 
Музыка 
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Музыка тыңдау. 
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін 
ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын 
білдіру,  оның  мазмұны  мен  сипаты  туралы  пікірін  айту,  қазақтың  ұлттық 
аспабының  дыбысталуымен  таныстыру.  Ұлттық,  домбырада  және  қобызда 
орындалатын  «күй»  жанрымен  таныстыру,  күйші-композитор:  күйші 
Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру. 
Ән салу. 
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес 
әуендерді  2–3  жақын  үндестікте  дауысын  дәл  келтіріп  орындауға  үйрету, 
септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) 
көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.  
Әннің  сипатын  қабылдау,  дауысын  дұрыс  келтіріп  орындау,  ырғақтық 
бейнесі  мен  динамикасын  дәл  беру,  әннің  кіріспесін,  басын,  қайырмасын 
ажырату.  Мерекелік  әннің  шаттық  көңілін  көңілді  жеткізіп,  жеңіл,  ширақ 
дауыспен  шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын  
қабылдау.  
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар. 
Музыка сипатын   анық  ырғақты  жүріспен, музыканың ширақ  сипатын жеңіл, 
ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.  
Ойындар  мен  хороводтар:  музыка  сипатына  сәйкес  ойын  әрекеттерін 
орындау: қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, 
музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті 
білдіру,  пьесаның  аяқталуын  белгілеу,  ұлттық  ойындардың  көңілді  сипатын 
бере  білу,  дауыстардың  биіктіктерін  ажыратып,  үлкен  шеңберден  кіші 
шеңберге қайта тұру. 
Билер: әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, 
халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. 
Би  шығармашылығы:  Таныс  би  қимылдарын  қолдана  отырып,  ойдан  би 
шығару  іскерліктерін  мадақтау,  мәтінге  сәйкес  әнді  жеке  сахналау  мен 
шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету. 
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау. 
Ересектердің  орындауындағы  музыкалық  пьесаларды  тыңдау,  жоғарғы 
регистр,  аспаптың  дыбысталу  тембрін  ажырату.  Әуеннің  ырғақтық  бейнесін 
ұрмалы  аспаптарда  жеке  немесе  кішігірім  топпен  ойнау.  Қазақтың  ұлттық 
ұрмалы аспаптарында анық және тәртіппен ойнау. 

109 
 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
қарапайым жанрларды ажыратады (күй, өлең, би, марш); 
-
 
музыкалық  мәнерліліктің  құралдарын  (темп,  динамика,  регистр), 
музыкалық  шығармалар  түрлерін  (әннің  кіріспесін,  басын,  қайырмасын) 
ажыратады; 
-
 
қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын біледі; 
-
 
пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды; 
-
 
кейбір музыкалық аспаптар туралы қарапайым түсініктерді біледі; 
-
 
балаларға  арналған  музыкалық  аспаптардың  дыбысталуын  тембрі 
бойынша ажыратады және оларды атайды; 
-
 
жеке және бүкіл топпен ойнай біледі. 
 
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Музыка тыңдау. 
Музыкалық  мәнерлілік  құралдары  мен  сипатын  егжей-тегжейлі  ажырату 
қабілетін  дамыту.  Домбыраның    дыбысталуы    бейнеленген    пьесаларды    әсерлі 
реңкі  мен  музыкалық    мәнерлілік    құралдарын  белгілей  отырып  тыңдау. 
Лирикалық, вальс ырғағындағы  байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге 
икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының 
сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің 
элементтерімен  байланыстыру,  шығарманы  сипаттай  білу.  Қазақстан 
композиторларының шығармашылықтарымен таныстыруды жалғастыру.  
Ән салу. 
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау; 
-
терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің 
жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату; 

қолмен  бағытын  көрсете  отырып,  әуеннің  жоғарғы-төменгі  қозғалысын 
ажырату;  

фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе 
топпен айту,  
-
оны металлофонда ойнау.  
Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық 
және  фразалар  арасында  дұрыс  дем  алып,  музыкалық  кіріспеден  соң  бірден 
бастап  айту.  Динамикалық  ерекшелікті  бере  отырып,  эмоционалды  түрде  ән 
айту, тынысты дұрыс алу. 
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар. 
Жаттығулар: Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, 
тізені  көтеріп  жүгіруді  орындау.  Қазақ  және  орыс  ұлттық  билерінің 
элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.  
Ойындар  мен  хороводтар:  Түрлі  сипаттағы  музыкамен  байланысты 
музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін 
мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес жалаушалармен немесе ленталармен қозғалу, 
саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлау: үш шеңбер, үлкен 
шеңбер. Сюжетті ойындарды сахналау.  

110 
 
Билер:  Музыкаға  сәйкес  қозғалыс  бағытын  жеңіл,  еркін  және  нақты 
ауыстыра  отырып  орындау,  би  бейнелерін  беру,  бейнелік  би  қозғалыстарын 
қолдана отырып, әндерді сахналау. 
Би  шығармашылығы:  Музыка  сипатына  сәйкес  таныс  би  қимылдарын 
қолданып, би ойластыру.  
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау. 
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен 
қарқынын  белгілеу.  Жеңіл  әуендерді    ансамбльмен  балаларға  арналған 
музыкалық  аспаптарда  фортепианоның  сүйемелдеуімен,  уақытында  қосылып 
айту,  ырғақтық  бейнесін  анық  бере  отырып  ойнау,  әуенді  ойынмен  бірге 
сүйемелдеу.  
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
музыкалық жанрларға тән белгілерді  атайды; 
-
 
музыкалық мамандықтарды, композиторлардың есімдерін атайды; 
-
 
жақсы  таныс  әнді  дербес  музыкалық  сүйемелдеумен,  күрделі  емес  әнді 
сүйемелдеусіз орындайды; 
-
 
музыканың сипатына сәйкес қозғалады; 
-
 
балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игерген; 
-
 
музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін, ұзақтығын ,тембрін ажыратады; 
-
 
балалардың  музыкалық  аспаптарында  әуенді  ойлап  таба  білу 
қабілеттілігіне ие. 
 
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы 
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны : 
-
 
қоршаған ортамен таныстыру; 
-
 
өзін-өзі  тану  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  түрлерінде  жүзеге 
асырылады. 
«Әлеуметтік орта» білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік 
сипаттың  бастапқы  ұғымын  меңгеру  мен  балаларды  әлеуметтік  қатынас 
жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы 
арқылы жүзеге асырылады. 
Мақсаты:    Қоршаған  ортамен  таныстыру  негізінде,  ересектермен  және 
құрдастарымен қарым-қатынас жасау, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі реттеудің 
қарапайым қабілеттерін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және дамыту. 
      
Жеке  тұлғаның  әлеуметтік  қасиеттерін  дамыту:  ынтымақтастық, 
қоршаған  ортаға  қамқорлық  көрсету,бастамашылдық  дербестік,  тәуелсіздік, 
ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық. 
      
Құрдастары  мен  ересектердің  арасындағы  қарым-қатынастың  жалпы 
қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету. 
 
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Қоршаған ортамен таныстыру 
Мінез- құлық мәдениетінің дағдылары 
Дағдыларды  қалыптастыру: 
-
 
түрлі әлеуметтік жағдайларда тиісті шешім қабылдауды; 

111 
 
-
 
ересектер мен құрдастарымен тіл табысуды; 
-
 
басқаларды  тыңдай  білуге,  олардың  тілектерін,  қажеттіліктерін  немесе  
қиындықтарын  түсіне білу, өз тілегі мен мәселесін айтуға мүмкіндік жасау, дау-
жанжалдарды бірге шешуді; 
-
 
балаларды татуласуға үйрету. 
Ересектермен және құрдастарымен өзара қатынасы 
Өзара  сыйластық  негізінде  отбасы  мүшелерімен  қарым-қатынас  жасай 
білуді бекіту.  
Туыстарын  сыйлауға,  құрметтеуге,  балаларда  өзін  құрметтеу,  әлеуметтік 
мәнділік  сезімін,  өзін  таныту,  өзінің  қайталанбастығын,  құрдастарының 
алдында жеке даралығын сезінуді тәрбиелеу. 
 
Өзін-өзі  дұрыс  бағалап,  өзіне  сенімінің  бекуіне  мүмкіндік  туғызу,  өзін 
қадірлеп,  дербестігін  дамытуға,  түрлі  әрекеттерде  өзінің  жетістіктерін  нақты 
бағалауын дамытудағы қажеттіліктерін қолдау. 
Бала  санасын  «Мен  және  менің  сенімдерім,  этикалық  нормалар  жөнінде 
түсініктер»,  «Мен  және  қоршаған  ортаға  менің  қарым-қатынасым  (құқықтар 
және міндеттер)» бағыттары бойынша қалыптастыру. 
Құрдастарымен  және  ересектермен  бірлесіп  әрекет  жасай  білуді 
қалыптастыру. Топтағы балалар, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жөнінде 
түсініктерін кеңейту. 
Ересектердің  еңбегіне  және  оның  нәтижесіне  қызығушылықты 
қалыптастыру, балаларды ересектермен бірге еңбектенуге кірістіру. 
  
Адамгершілік қағидасы туралы түсініктер 
Балаларды  әлеуметтік  құзіреттілігі  мен  мінез-құлқын  көрсететін  тәртіп 
нормаларымен, салт-дәстүрлермен, ережелермен таныстыруды қамтамасыз ету.  
Ұлтжандылық сезімдерін – өз отбасына, балабақшасына, туған жеріне, еліне, 
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру. 
 
Күтілетін нәтижелер:  
-
жақындарына,  айналасындағы  адамдарға  қамқорлық  танытады, 
ересектермен бірлескен еңбек әрекеттерін орындайды; 

дербес  заттық-ойындық  ортаны    ұйымдастырады,  ұжымдық  сюжетті- 
рөлдік ойындарға  қатысуға талпынады; 
-
экологиялық  қауіпсіздік  ережелерінің  дағдыларын  игерген,  адамның 
денсаулығы  қоршаған  ортаның  жағдайынан  және  өз  мінез  құлқынан  тәуелді 
екені жайлы қарапайым түсініктері бар. 
 
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Мінез- құлық мәдениетінің дағдылары 
Балаларды үйрету: 
-
 
адамгершілік  қағидасы  нормаларын,  халық  дәстүрлеріне  негізделген 
ересектерге және кішілерге құрмет көрсетуді сақтау. 
     
Мінез-  құлық  мәдениетімен  таныстыру  барысында    қарапайым 
сыпайылық  дағдыларын    бекіту:  ересектердің  сөзін  бөлмеу,  орын  беру, 
ойыншықтармен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау. 

112 
 
Ересектермен және құрдастарымен өзара қатынасы 
Қарым - қатынастың түрлі тәсілдерін және құралдарын игеру үшін, өзара 
әрекеттесудің тілдік  және  тілдік емес  тәсілдерін  қолдануға  жағдайлар  жасау. 
Балаларды  бақылау  біліктеріне,  салыстыру,өзінің  және  өзгелердің 
қылықтарын  бағалау,  өзінің  және  басқа  адамның  ерекшеліктерін 
анықтау,балаларды  өзінің  жасаған  әрекеттерін  түсінуі,басқа  адамдардың 
эмоционалдық жағдайына әсер етуге тәрбиелеу. 
Ұлдар  және  қыздардың,  ересектер  мен  кішілердің  сюжетті-
рөлдік,сахналандырылған  және  басқа  да  ойын  түрлерін,  тапсырмаларды 
орындауға бірлесіп қатысуын ықпал ету. 
Адамгершілік қағидасы туралы түсініктер 
Балалардың түрлі әлеуметтік рөлдерді  бірлесіп орындауын қамтамасыз ету. 
Баланың өзін құрметтеуіне және жеке лайықтылық сезімдері, мейірімділік 
жасауға ықпал ету,сезімтал және басқа да адал қасиеттерін, балаға ересек  адам 
оның  жетістіктеріне  қуана  білуге  дайындығын,қиын  жағдайларда  қол  ұшын 
беруді сезінуге  қолдау көрсету. 
Күтілетін нәтижелер:  
- 
адамгершілік қағидалары туралы, этикет ережелерін, табиғатта өзін ұстай 
білу ережелерін біледі; 

басқа адамдардың тілегін құрметтейді,қажетті жағдайларда көмек сұрай 
алады; 

ересектермен және құрдастарымен бірлесіп әрекет жасайды,ортақ мақсат 
қояды және олардың нәтижелерін талқылайды. 
     
Өзін-өзі тану 
«Өзін-өзі тану» бөлімінің мазмұны әрбір баланың өзінің табиғи қабілеттері 
мен  өзінің  ішкі  әлемін  құратын  шығармашылық  әлеуетті  ашуға,  өзінің 
қайталанбас даралығын ұғынуға бағытталған. 
Мақсаты:  Өзіне  және  қоршаған  әлемге  қатынасқа  себепші  болатын 
балаларда әлеуметтік-мәнді бағыттарды, адамгершілік-рухани құндылықтарды 
қалыптастыру. 
Басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту; 
Адамгершілік мінез-құлық негіздерін тәрбиелеу. 
Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп, 
мазмұнның  «Мен  –  Адаммын»,  «Қатысу  шаттығы»,  «Адамгершілік  әліпбиі», 
«Мен  және  менің  әлемім»  негізгі  базалық  бөлімдерінде  барлық  білім  беру 
салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады.  
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
құрдастарының арасында өзінің орнын және өзінің «менін» біледі; 
-
 
түрлі әлеуметтік жағдайларда шешімдер қабылдай біледі; 
-
 
өзінің  және  жолдастарының  қылықтары  бойынша  өзінің  пікірін  айту 
керектігін түсінеді; 
-
 
адамгершілік  қағидасы  нормаларын,  халық  дәстүрлеріне  негізделген 
ересектерге және кішілерге құрмет көрсетуді сақтау; 
-
 
қуанышты  және  жақсы  қылықтарынан  қанағаттануды,  моральдық 
ережелерді бұзған жағдайда уайымдауды сезіне біледі; 

113 
 
-
 
өзін  құрметтеу    және    басқа  адамдардың    құрметке  лайықтықтылығын, 
өзінің ата-бабаларының  және  қазіргі Отандық батырлардың  жетістіктері мен 
ерліктеріне мақтаныш  сезімдерін игерген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                
 

114 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (27.07.2007 ж. № 319-
III). 
2.  Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (23.08.2012 ж. № 1080 ҚРҮҚ).   
3.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  жоспарлары 
(20.12.201
2 ж. ҚР БҒМ № 557 бұйрығы).  
4. 
Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. – Алма-
ата: Мектеп, 1989. 
5. 
Общеобразовательная  программа  предшкольной  подготовки  детей 
пяти  (шести)  лет  в  условиях  школы.  Под  редакцией  Татауровой  Н.С., 
Саймасаевой Г.А. – Астана, 1999. 
6. 
Дошкольная  образовательная  программа  (воспитания,  обучения  и 
развития детей 5 лет). Попова Т.Н., Еденбаева З.Д. – Алматы: Алматыкитап, 
2006. 
7. 
От рождения до школы. Основная общеобразовательная программа 
дошкольного образования /  Под ред. Н.  Е.  Вераксы,  Т.  С.  Комаровой,  М. А. 
Васильевой. – М.: МОЗАИКА-СИНТЕЗ, 2010. 
8. Учебная программа дошкольного образования / М-во образования Респ. 
Беларусь.2-ое изд. – Минск: НИО Аверсэв, 2014. 
9. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен 
оқытуға  арналған  «Алғашқы  қадам»  бағдарламасы,  құрастырушы-авторлар: 
Б.Ж. Ноғайбекова, И.А. Тирская, Г.К. Мақсұтова. – Астана: «Мектепке дейінгі 
балалық шақ» республикалық орталығы, 2010. 
10.  Мектепке  дейінгі  кіші  жастағы  (3  жастан  бастап  5  жасқа  дейінгі) 
балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған  «Зерек  бала»  бағдарламасы, 
құрастырушы-авторлар: Т.М. Калашникова, Г.Н. Новогренко, Н.И. Матвиенко, 
Г.Ю.  Жигайло.  –  Астана:  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  республикалық 
орталығы, 2010. 
11.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  (5  жастан  бастап  6  жасқа  дейінгі) 
балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған  «Біз  мектепке  барамыз» 
бағдарламаcы,  құрастырушы-авторлар:  Н.Л.  Татаурова,  И.А.  Тирская,  Т.А. 
Дрыгина, Г.Г. Корчевская, С.И. Шелипова, С.Г. Шақабаева, И.И. Митрофанова. 
– 
Астана: «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2010. 
12.  «Балбөбек»  бағдарламасы  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім 
академиясы, авторлары Б.Б. Баймұратова, М.С. Сәтімбекова және басқалар. – 
Алматы, 2006. 
13.  Дошкольная  образовательная  программа  воспитания  и  обучения 
«Қарлығаш» – Астана: Арман ПВ, 2008 – 176 с. каз/рус.  
14.  Программа  воспитания,  образования  и  развития  детей  дошкольного 
возраста  в  условиях  детского  сада  «Кайнар»,  Доронова  Т.Т.,  Аймагамбетова 
К.А. и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2006.  
15.  Типовая  программа  воспитания  и  обучения  в  детском  саду.  /  Под 
редакцией Р.А.Курбатовой, Н.Н. Поддьякова. – М.: Просвещение, 1984.   

115 
 
 
 
МАЗМҰНЫ 
 
 
І. 
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

ІІ. 
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ТОП 

ІІІ. 
БІРІНШІ КІШІ ТОП 
18 
ІV. 
ЕКІНШІ КІШІ ТОП 
32 
V. 
ОРТАҢҒЫ ТОП 
52 
VІ. 
ЕРЕСЕК ТОП 
80 
VІІ. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
114 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

116 
 
 
 

Document Outline

  • Русский язык
  • II ПОЛУГОДИЕ
  • V. ОРТАҢҒЫ ТОП
    • «Денсаулық» білім беру саласы
    • Денешынықтыру
    • «Қатынас» білім беру саласы
      • Тіл дамыту
      • Көркем әдебиет
      • Русский язык
      • I ПОЛУГОДИЕ
        • Тіл дамыту
        • Көркем әдебиет
      • Русский язык
      • II ПОЛУГОДИЕ
    • «Таным» білім беру саласы
    • «Шығармашылық» білім беру саласы
      • Сурет салу
      • Мүсіндеу
      • Жапсыру
      • Сурет салу
      • Жапсыру
      • Музыка
      • Музыка
    • «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
      • Қоршаған ортамен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет