БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата28.12.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
«Қатынас» білім беру саласы 
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны: 
-
 
тіл дамыту; 
-
 
көркем әдебиет; 
-
 
қоршаған ортамен таныстыру; 
-
 
орыс  тілі  және  басқа  тілдер  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде 
жүзеге асырылады.  

58 
 
Мақсаты:  Әлеуметте  қарым-қатынас  жасау  үшін  тілдік  құзыреттілікті 
қалыптастыру.  
Ересектермен  және  балалармен  еркін  қарым-қатынас  жасау  дағдыларын 
дамыту. 
Балалар  әрекетінің  түрлі  нысандары  мен  түрлерінде  балалардың  ауызекі 
тілін дамыту.  
Зейінді, балалар әдебиетіне,  сөзге  қызығушылық дағдыларын тәрбиелеу. 
 
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Тіл дамыту 
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу 
Дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  дұрыс  айту  дағдыларын  бекіту. 
Фонематикалық қабылдау  дағдыларын қалыптастыру. 
Сөйлеу  мәдениетіне  тәрбиелеуге  арналған  дидактикалық  ойындарды 
қолдану. 
Сөздік жұмыс 
Балалардың  сөздік  қорларын  адамдардың  мамандықтарының  атауларын, 
заттардың  бөліктерін,  заттардың  сапалары  мен  қасиеттерін  білдіретін  зат 
есімдермен байыту.  
Тұрмыстық  заттар  және  қоршаған  орта  заттарының  қолданылу 
маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру.  
Жалпылаушы мағынасы бар сөздерді сөздік қорға ендіру. 
Заттарды  және  олардың  тұрған  орнын    анықтау  дағдыларын  жетілдіру. 
Ойындарды  қолдану  арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту.  
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру 
 
Сөздерді  байланыстыру  дағдыларын  жетілдіру. 
Жануарлар  және  олардың  төлдерін  білдіретін  сөздерді,  сөздердің  түрлі 
тәсілдермен  жасалуын,  зат  есімдерді    жекеше  және  көпше    түрде  қолдану 
дағдыларын дамыту. 
Сан  есімдерді  ретімен  атауға,  оларды  зат  есімдермен  бірге  қолдану 
дағдыларын қалыптастыру.  
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды қолдану. 
Байланыстырып сөйлеу 
Әңгімеге  қатысу  және  тілді  түсіну,  тыңдау  біліктерін,  көлемі  бойынша 
шағын тақпақтарды жатқа айту дағдыларын қалыптастыру.  
Сурет  бойынша  заттар  және  ойыншықтар  туралы  әңгіме,  үлгі  бойынша 
әңгіме  құрастыру,  шағын  әңгімелер  мен  ертегілерді  айтып  беруге  үйрету 
дағдыларын қалыптастыру.   
Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету. 
Шығармашылық сөйлеу әрекеті 
Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» , тілдік және 
саусақ  ойындарын  пайдаланып,  театрландырылған  әрекеттерге,  ойындарды 
драматизациялауға немесе қуыршақ спектаклдеріне қатысуға баулу. 
Сөзге және ұйқасқа қызығушылықты тәрбиелеу. 

59 
 
Кейіпкерлердің  бейнелерін  сомдауға  қажетті  дауыс  ырғағы  және  тілдің 
қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру. 
Берілген басы мен соңы бойынша әңгіме құрау біліктерін қалыптастыру. 
Күтілетін нәтижелер: 
-
 
құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың 
өтініштерін орындайды;  
-
 
тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін (жай және күрделі) қолдана алады; 
-
 
тілде сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады; 
-
 
адамдардың мамандықтарын білдіретін сөздерді олардың ерекшеліктерін 
біледі; 
-
 
тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін біледі; 
-
 
себеп-салдарлық байланыстарды орната біледі; 
-
 
жалпы мағыналас сөздерді (көлік, өсімдіктер, киім) қолданады; 
-
 
сан есімдерді ретімен атайды, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше 
және көпше түрде байланыстырады; 
-
 
отбасы,  отбасындағы  тұрмыс,  халықтық  дәстүрлер  туралы  айтып  бере 
алады; 
-
 
өзінің қаласы (ауыл) туралы айтады; 
-
 
үлгі  бойынша әңгіме  құрастыра алады; 
-
 
 
шағын әңгімелер мен ертегілерді қайталап айтады; 
-
 
театрландырылған  әрекетке қатысады. 
 
Көркем әдебиет 
Оқып беру және әңгімелеу 
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту.  
Балаларды  түрлі  тақырыптағы  көркем  шығармалармен  таныстыру. 
Кейіпкерлердің  жағымды  және  жағымсыз  қасиеттерін  көруге,  олардың 
әрекеттерін  бағалауға,  әңгіме,  ертегілердің  мазмұнын  олардың  атауымен 
салыстыруға үйрету.  
Мәнерлеп оқу және мазмұнын айту  
Тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға үйрету. Таныс ертегілердің 
мазмұнын  айтуда  мазмұнның  жүйелілігін  сақтауға,  кейіпкерлердің  мінезін 
беруге үйрету. 
Күтілетін нәтижелер: 
-
 
көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай біледі; 
-
 
таныс ертегілерді айта алады; 
-
 
өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды айта алады; 
-
 
әдеби кейіпкерлердің қылықтарын бағалай алады; 
-
 
таныс шығармалардан үзінділерді сахналай алады; 
-
 
оқиғалар ойлап табады. 
 
 
 
 
 

60 
 
Русский язык 
      
I ПОЛУГОДИЕ 
Воспитание звуковой культуры речи. 
Формирование  умений  произношения  согласных  звуков  (свистящие, 
шипящие: ж, щ, с, з) и сонорные звуки (р, л) русского языка, используя игры и 
игровые упражнения. 
Развитие голосового и артикуляционного аппарата речи, речевого дыхания, 
четкой дикции. 
Словарная работа и развитие речи. 
Расширение и обогащение словарного запаса детей. 
Формирование  знаний  о  группах  предметов  ближайшего  окружения,  о 
предметах,  обозначающих  времена  года  и  отдельные  явления  природы,  о 
словах, обозначающих простые действия. 
Совершенствование 
навыков 
составления 
словосочетаний 
(существительное  и  прилагательное),  (числительное  и  существительное); 
согласования слова.  
Формирование  знаний  о  составлении  предложений  из  3–4  слов,  о 
согласовании слов в коротких предложениях. 
Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при 
произношении. 
Формирование навыков понимания и использования в речи русских слов и 
выражений.  
Формирование навыков ответа на элементарные вопросы (Кто? Что? Какой? 
Сколько? Какое время года?). 
Формирование  навыков  понимания  и  использования  в  речи  слов  и 
выражений, необходимых для установления связи с окружающими. 
Обучать  умению  рассказывать  о  себе  (фамилия,  имя,  возраст,  место 
проживания). 
Ожидаемые результаты: 
-
 
умеет  правильно  произносить  звуки  свистящие,  щипящие  (ж,  щ,  с,  з)  и 
сонорные звуки (р, л); 
-
 
составляет  связную  речь  и  правильно  ставить  ударение  в  словах  при 
произношении; 
-
 
применяет в речи слова с обобщающим значением; 
-
 
понимает  назначение  предметов  домашнего  обихода  и  природного 
окружения; 
-
 
умеет употреблять в речи имена существительные в форме единственного 
и множественного чисел; 
-
 
слушает и понимает русскую речь, участвует в разговоре; 
-
 
владеет  навыками  составления  коротких  рассказов  по  образцу,  по 
содержанию картин, пересказывания небольших сказок и рассказов; 
-
 
запоминает и читает наизусть потешки и стихотворения; 
-
 
владеет  навыками  понимания  и  использования  в  речи  русских  слов  и 
выражений; 
-
 
составляет короткие предложения из 3-4 слов.    

61 
 
 
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Тіл дамыту 
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу 
Есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру.  
Сөздердегі дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды (п-б, т-д, к-г,ф-в,с-
з-ц), анық айтуларын  қалыптастыру. 
Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту: баяу сөйлеу,жаңылтпаштар оқу. 
Артикуляциялық аппаратты  одан әрі жетілдіру. 
Сөздік жұмысты қалыптастыру: 
-
 
тілдік    ойындар  мен  жаттығуларды  қолдана  отырып,  балалардың  сөздік 
қорларын  дамыту және байыту; 
-
 
заттар  тобын  білдіретін  сөздерді  балалардың  сөздік  қорларына   
жалпылаушы  сөздерді  түсіну  арқылы  ендіру  (ойыншықтар,  киім,  аяқ  киім, 
ыдыс, жиһаз) 
-
 
балалардың  сөздік қорларын тұрмыстық электротехника заттарының және 
ұлттық  заттардың атауларымен  байыту (желпіуіш,тенге),олардың атауларын, 
заттардың қолданысын түсіндіру; 
-
 
мағынасы  қарама - қарсы антоним сөздерді балалардың сөздік қорларына 
ендіру,сөзге қызығушылықты дамыту; 
 -
тәулік бөліктерін атауға үйрету (таңертең, күндіз, кеш, түн). 
Күтілетін нәтижелер: 
-
 
ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады; 
-
 
құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың 
өтініштерін орындайды;  
-
 
тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолданады; 
-
 
көрнекі  берілген  жағдаяттарға  сүйенбей  -  ақ  сөздерді  қолданады,  тілде 
етістіктерді белсенді қолданады;  
-
 
екі-үш сөйлеммен өз ойларын айтады; 
-
 
жеке  тәжірибесінен    суреттің  мазмұны  бойынша    шағын    әңгімелер 
құрастырады. 
 
Көркем әдебиет 
Оқып беру және әңгімелеу 
Мазмұнды  эмоционалды    қабылдай  білу,  кейіпкерлерге    жанашырлық 
таныта білу біліктерін, ертегіні баяндау ерекшелігін байқауды  жетілдіру. 
Шығарма  мен  өлеңді  ажырата  білуді;  көркем  шығармаларда  түрлі  өмірлік 
құбылыстар:  мереке,  өмірден  алынған  күлкілі  және  байсалды    үзінділер 
бейнеленуі мүмкін екендігін түсіне білуді қалыптастыру. 
Таныс  шығармаларда  бағдар  жасай  білуді,  оларды  суреттерден  танып, 
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту. 
Мәнерлеп оқу  
Балаларды жатқа  эмоционалды, мәнерлі айта білуге, сөздерді анық айтуға, 
логикалық  екпіндерді  сақтауға,  өлеңнің  ұйқасын,  халықтық  тақпақтардың  
ырғағын, қуанышты, сүйсінуді бере білуге үйрету. 

62 
 
Күтілетін нәтижелер: 
-
 
әңгімелерді тыңдай алады, айта алады, өлеңдерді жатқа айта алады; 
-
 
таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар бойынша шағын әңгімелер  құрайды; 
-
 
өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды айта алады; 
-
 
ойында әдеби бейнелерді қолданады; 
-
 
таныс  шығармаларды  мазмұндау  кезінде  мәтін  мазмұнына,  кейіпкерлерге, 
олардың қылықтарына өзінің қатынасын эмоционалды түрде білдіреді. 
 
Русский язык 
      
II ПОЛУГОДИЕ 
Воспитание звуковой культуры речи 
Закрепление навыков произношения гласных и согласных звуков русского 
языка. 
Совершенствование  навыков  развития  голосового  и  артикуляционного 
аппарата, речевого дыхания, четкой дикции. 
Словарная работа и развитие речи. 
Расширение кругозора и обогащение словарного запаса детей. 
Совершенствование знаний о группах предметов ближайшего окружения, о 
временах года и об явлениях природы.  
Обучение на русском языке прямому и обратному счету до 10. 
Формирование  навыков  называния  некоторых  свойств  предметов:  цвет, 
формы, признаки. 
Формирование  умений  понимания  и  использования  знакомых  слов  в 
повседневной жизни. 
Формирование грамотной речи: составление словосочетаний, предложений 
на русском языке.  
Формирование  навыков  использования  в  речи  имен  существительных 
единственного и множественного числа.  
Закрепление навыков составления коротких рассказов по картинам. 
Совершенствование навыков связной и разговорной речи. 
Закрепление  навыков  правильного  использования  русских  слов  и 
выражений при ответе на вопросы. 
Ожидаемые результаты: 
-
 
понимает русскую речь педагога в игровых ситуациях и в повседневной 
жизни; 
-
 
умеет считать на русском языке до 10 и обратно; 
-
 
произносит  правильно  свистящие,  шипящие(ж,  щ,с,з)  и  сонорные  (р,  л) 
звуки русского языка; 
-
 
называет  группы  предметов  ближайшего  окружения,  их  свойства, 
признаки; времена года и отдельные явления природы;  
-
 
умеет пользоваться паузами, с интонацией играть роль персонажей сказок; 
-
 
рассказывает о себе (фамилия, имя, возраст, родители, место проживания); 
-
 
участвует в элементарном диалоге; 
-
 
употребляет  в  речи  имена  существительные  единственного  и 
множественного чисел; 

63 
 
-
 
составляет словосочетания, предложения из 4–5 слов; 
-
 
умеет  придумывать  короткий  рассказ  по  картинке  или  по  образцу 
воспитателя. 
 
«Таным» білім беру саласы 
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:  
-
 
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;  
-
 
құрастыру; 
-
 
қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы 
жүзеге асырылады. 
Мақсаты:  Интеллектуалдық  қабілеттерін,  логикалық  ойлауды  дамыту, 
қоршаған әлемнің тұтас бейнесі туралы білімдерін қалыптастыру. 
Сенсорлық  қабілеттерін,  алғашқы  ойлау  операцияларын,  жиын  туралы 
қарапайым түсініктерін, экологиялық білімдерін және ұғымдарын дамыту. 
Тірі және өлі  табиғат жайлы білімдерін, табиғатта өзін ұстай білу ережелерін 
және  қарапайым  өзара  байланысты,  танымдық    қызығушылықтары  мен 
шығармашылық  қиялды  қалыптастыру.  
Тірі  және  өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым- қатынасқа және 
сүйіспеншілікке тәрбиелеу, эстетикалық  талғамды қалыптастыру, балалардың ой- 
өрістерін кеңейту.     
 
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 
Жиынтық.  Әртүрлі  пішіннен,  өлшемнен  заттардың  жиынтығы 
тұратындығы туралы ұғымдарды қалыптастыру.  
Заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде 
тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.  
Сан және есеп 
3,  4,  5  көлемінде  санау,  заттарды  үлгісі  бойынша  және  аталған  саны 
бойынша  санау  дағдысын  қалыптастыру.  Сандарды  тәртібі  бойынша  атауға 
және  қорытынды  санды  атауға,  «Барлығы  қанша?»  сұрағына  жауап  беруге 
үйрету.  Бірінің  астына  бірі  екі  қатарда  орналасқан  заттардың  екі  тобын 
салыстыруды үйрету.  
Тең  және  тең  емес  туралы  ұғымдарды  қалыптастыру.  Салыстырылатын 
топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес.  
Теңді  кем  топқа  үстемелей  отырып  немесе  артық  топтан  бір  затты  алып 
тастай  отырып,  екі  тәсілмен  орнатуға,  «Қанша  еді?»,  «Қаншасы  қалды?» 
сұрақтарына жауап беруге үйрету.  
5-
ке  дейін  реттік  санау  дағдыларын  дамыту,  реттік  сан  есімдерді  атау, 
«Нешінші?»,  «Саны  бойынша  қайсысы?»  сұрақтарына  жауап  беру  дағдыларын 
дамыту.  
Беске дейінгі сандармен таныстыру, сандық топты белгілеу.  
Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, 
иіс сезу).  
Тура және кері бағытта 5 көлемінде санап жаттығу.  

64 
 
Көлем 
Заттар көлемі бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. 
Дағдыларды қалыптастыру: 
-
 
ұзындығы және  ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру; 
-
 
 
биіктігі  және  жуандығы  бойынша  бірдей  және  екі  түрлі  заттарды 
салыстыру; 
-
 
көлемді салыстыруда беттестіру және жанына қою  тәсілдерін қолдану. 
Геометриялық пішіндер  
Балаларды геометриялық пішіндерді: шеңбер және төртбұрыш, үшбұрыш 
сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атай білуін; пішіндерді 
көру және сипап сезу арқылы зерттеуді бекіту.  
Дағдыларын қалыптастыру: 
-
 
геометриялық пішіндерді тану және атау; 
-
 
пішіндерді зерттеу. 
Кеңістікте бағдарлау 
Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету. 
Дағдыларын қалыптастыру: 
-
 
өзіне  қатысты  кеңістік  бағыттарын    анықтай  білу,  заттарды  оң  қолымен 
солдан оңға қарай орналастыру;  
-
 
өз дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас, аяқтар, қолдар). 
Уақытты бағдарлау. Дағдыларын  қалыптастыру: 
таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажыратып және атай білу. 
Күтілетін нәтижелер: 
-  
3,4,5, көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды; 
-  
тең және тең емес  ұғымдары туралы түсінігі  бар; 

көлемі әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу 
және кему ретімен орналастыра алады; 

шеңбер  және  төртбұрыш,  үшбұрыш,  тікбұрыш  сияқты  геометриялық 
пішіндерді ажыратады және дұрыс атайды; 

геометриялық денелерді ажыратады және атайды: текше, шар, цилиндр; 
-
геометриялық  пішіндерге  тән  сипаттық  ерекшеліктері  мен  белгілерін 
атайды,оларды өлшемі, түсі, және формасы бойынша топтастырады; 

кеңістікті  бағдарлай  (менің  алдымда;  арт  жақта;  сол  жақта;  оң  жақта, 
жоғарыда , төменде) алады; 

кеше, бүгін, ертең ұғымдарына ие.  
 
 
Құрастыру 
Құрылыс материалынан құрастыру 
Дағдыларды қалыптастыру: 

түрлі түсті және пішінді бөлшектерден қарапайым құрылыстар тұрғызу; 

орналастыру  тәсілдерін  қолдана  отырып,  пластиналарды  тігінен  және 
көлденеңнен, кірпіштерді, бөлшектерді орналастыру; 

сюжетті  -  ойындық  міндеттерді  қолданып,  ірі  және  ұсақ  құрылыс 
материалынан құрастыру; 

үлгі бойынша құрастыру; 

65 
 

умаждау,  жырту,  шиыршықтауды  қолданып,  қағаз  парақтарын  көлемді 
пішіндерге айналдыру. 
 
Қағаздан құрастыру  
Қағаздан  құрастыруға  үйрету:  қағазды  тікбұрышты  парағын  жартысынан 
бүктеп,  бұрыштарды  және  тараптарды  біріктіру,  детальдің  негізгі  түріне 
желімдеу.  Қағаз  парағын  көлемді  пішіндерге  қайта  келтіру,  қағазды  кесекке, 
орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.  
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру  
Балаларды табиғи материалдардан түрлі нәрселер даярлауға баулу.  
Конструктор бөлшектерінен құрастыру  
Конструктордан  ойынға  арналған  ғимарат  құрастыру  дағдыларын 
қалыптастыру.  Бөлшектерді  бекіту  тәсілдері  мен  ғимарат  жасау  туралы 
білімдерін жетілдіру.  
Күтілетін нәтижелер: 

үйлері мен балабақшалараының қасындағы ғимараттар мен құрылыстаға 
назарын аударады; 

көлік  түрлерін  біледі,  оларды  бөліктерге  бөліп,  олардың  пішіндерін 
атайды; 

құрылыс  бөлшектерін  атайды,  құрылымдық  қасиеттерін  (төзімділік) 
ескере отырып оларды пайдаланады; 

құрылысты безендіру үшін түрлі түсті бөлшектерді қолданады; 

биіктігі, ұзындығы, ені бойынша құрылыстарды өзгертеді; 

бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді; 
-  
қағаздан көлемді пішіндерді  кесек, орам, ілмек жасай алады; 

табиғи материалдардан түрлі нәрселер даярлайды; 

конструктордан құрылыс жасай алады. 
 
Қоршаған ортамен таныстыру 
Бала, оның отбасы, үйі  
Баланың  туыстық  қатынастарды  түсінуіне  мүмкіндік  беру,  отбасы 
мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау. 
Заттық әлем  
Қоршаған  ортадағы  заттарды  олардың  көлемі,  түсі,  бөлшектері  бойынша 
ажырату және атау, қарау және зерттеу, бірнеше сенсорлық белгілері бойынша 
топтастыру дағдыларын жетілдіру. 
Топтық  бөлмедегі  заттардың  орналасуын  және  қазақ  халқы  мен  басқа 
халықтардың тұрмыстық заттарын  дұрыс қолдана білуді жетілдіру. 
Заттарға қамқорлықпен қарау дағдыларын қалыптастыру, ойыншықтарды, 
кітаптарды, ыдыстарды дұрыс сақтау.  
Әртүрлі мамандық адамдары туралы ұғымдарын кеңейту.  
Балабақша,  мектеп,  балабақша  қызметкерлері  мен  олардың  міндеттері, 
ересектердің  еңбегі,  жануарлар  мен  құстарға  қарау  туралы  қарапайым 
ұғымдарын қалыптастыру. 
Ересектердің еңбектерінде еңбек әрекеттерін және олардың реттілігін бөлу 
дағдыларын қалыптастыру. 

66 
 
Қазақстан – менің Отаным, елдің рәміздері 
Балалар тұратын қалалар мен ауыл туралы білімдерін қалыптастыру. 
Адамдардың тұрмысы туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру. 
Қазақстанда  тұратын  қазақ  және  басқа  халықтардың  мәдениеті  мен 
дәстүрлерінің қайнар көзіне баулу. 
Жолда жүру ережесі 
Бағдаршам  белгісі,  жолда  жүру  ережелері,  жүргінші  және  жүру  бөлігі  
туралы білімдерін қалыптастыру.  
Өсімдіктер әлемі 
Туған  өлкенің  кейбір  өсімдіктері,  көкөністер  мен  жемістер  туралы 
қарапайым  ұғымдарын  қалыптастыру.  Балабақшаның  жер  телілімінде 
орналасқан ағаштардың 2-3 түрін тану және атауға үйрету.  
Бөлме  өсімдіктерінің  түрлері  оларды  ажырату  туралы  білімдерін 
қалыптастыру. 
Жануарлар әлемі 
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. 
 
Жабайы  аңдар  мен    Қазақстанда  тіршілік  ететін  жабайы  аңдар  туралы 
білімдерін қалыптастыру. 
 
Табиғат  бұрышын  мекендеушілерге  бақылау  жасау  дағдыларын  
қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілер мен қыстап қалатын құстарға 
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.  
Күтілетін нәтижелер: 

туыстық қатынастарды біледі, отбасы мүшелерін, олардың  өзара қарым-
қатынастарын атайды; 

жақын маңдағы заттарды ажыратады және атайды; 

қоршаған  заттар,  құрылыстар,  материалдардың  міндеттері  арасындағы 
байланыстарды орната алады; 

әртүрлі көлік түрлерінің міндеттерін біледі; 

ересектердің,  балабақша  қызметкерлерінің  еңбегі,  мен  еңбек  әрекеттері 
туралы білімге ие; 

еліміздің қалаларының атаулары, олардың көрікті жерлерін атайды, қала 
мен ауыл өмірінің ерекшеліктерін біледі; 

мемлекеттік мерекелерге қатысады; 

мемлекеттік рәміздерді атайды және құрметтейді; 

кейбір табиғи құбылыстарды атайды және ажыратады; 

балабақшаның аумағында өсетін ағаштар мен бұталарды атайды. 
 
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет