БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата28.12.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Музыка 
Музыка тыңдау 
Музыкалық  мәнерлеу  құралдарын  айыра  ажырату,  музыкалық 
шығармаларды  соңына  дейін  тыңдау,  оларды  тану,  шығарманың  бөлімдерін 
айыра білу, музыканың сипатын анықтау, өз әсері туралы әңгімелеу. 
Сипаты  мен  мазмұны  жағынан  алуан  түрлі  екі  шығарманы  эмоциялық 
тұрғыдан қабылдай және салыстыра білу. 
Тыңдауды  қимыл  көрсету  арқылы  сүйемелдей  отырып,  музыкалық  бейне 
мен қимыл тәжірибесінің арақатынасын анықтау. 
Ән айту 

77 
 
Жеке  және  хормен  ән  айту  дағдыларын,  соза  дыбыстауды,  таза 
интонациялауды,  бір  қарқында  ән  айтуды  дыбыстаудың  бірдей  күшімен  ән 
айтуды  жетілдіру.  Әртүрлі  сипаттағы  әндерді  орындау,  дауыспен  секіріс 
үлгісіндегі және төмендеуші әуен қарқынын бере білу.  
Күш  салмай  ән  айту,  сөздер  мен  дыбыстарды  таза  және  анық  айту, 
музыкалық шығармадан кейін ән айту фразалар арасындағы тыныс алу, әнді бір 
мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Аяқталуында мұқият айту. 
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар 
Би  қозғалыстарын,  ойындық  музыкалық  әрекеттерді  орындауға 
қызығушылықты тәрбиелеу.  
Музыкалық бейне мен қозғалыс тәжірибесін арақатынасын білу, қозғалысты 
орындау.  Жеңіл  жүгіру,  қозғалыс  бағытын  өзгерту,  адымдау,  аяқты  жоғары 
көтеру. Әндердің қозғалыстық, көңілді сипатын қабылдау. Мазмұны бойынша 
таныс әндерді сахналауға баулу.  
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау  
Таныс  әндерді  орындау  кезінде  әртүрлі  балалар  музыкалық  аспаптарын 
пайдалану.  
Музыканың  биге  тән  сипатын  қабылдау;  жеңіл  қозғалу,  ырғақты, 
салтанатты қозғалу; жұппен би қозғалыстарын орындау. Ойындық музыкалық 
қимылдарды биде қолдану.  
Би қозғалыстарының, ойындар мен хор әндерінің атауларын білу.  
Музыканың сипатына сәйкес ойын қимылдарын орындау, шеңбер бойымен 
хор  әнін  жүргізу,  қозғалысты  өзгерту,  шапшаңдық  пен  ептілікті  көрсету. 
Музыканың көңілді жанды сипатын ажырата білу, қолорамалды баяу бұлғау, әуен 
сүйемелдеуімен жұбымен жүру, көңілді билеу.  
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау  
Таныс  әндер  мен  қайырмасын  орындау  кезінде  түрлі  балалар  музыкалық 
аспаптарын қолдану. 
Билер: музыканың билеу сипатын қабылдау, жеңіл, әдемі, ырғақты қозғалу, 
жұппен  би  қимылдарын  орындау,  биде  ойындық  музыкалық  қимылдарды 
қолдану.  
Би қимылдарының, би, ойын, хороводтардың атауларын білу. 
Музыканың сипатына сәйкес ойын қимылдарын орындау, шеңбер бойымен 
хоровод  жүргізу,  қимылдарды  ауыстыру,  шапшаңдық  пен  ептілік  таныту. 
Музыканың  көңілді  жанданған  сипатын  ажырату,  орамалдарын  ырғақпен 
бұлғау, музыкамен жұптасып көңілді билеу және жүру.   
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.  
Әртүрлі музыкалық және шулы аспаптарда ересектің ойнағанын тыңдау.   
Күтілетін нәтижелер:   

 
музыкаға  эмоциялы  үн  қатады,  таныс  шығармаларды  таниды, 
ұнататындарын белгілейді;  

 
музыкалық шығармаларды мұқият тыңдайды; 

 
әуені бойынша әндерді таниды, олардың мазмұны туралы айтады; 

 
секста шамасындағы дыбыстардың жоғарылығы ажыратады; 

78 
 

 
таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз айтады;  

 
әнді бірге бастап, бірге аяқтайды;  

 
музыканың  сипатына  сәйкес  қимылдарды  оларды  музыкалық 
шығарманың түріне сәйкес өздігінен ауыстыра отырып орындайды;  

 
таныс  емес  музыкамен  оның  негізгі  көңіл-күйін  бере  отырып, 
қимылдайды;  

 
би қимылдарын дәл және сүйіспеншілікпен орындайды;  

 
заттармен қимылдарды орындайды; 

 
әндерді, билерді сахналайды; 

 
дабылды аспаптарда ырғақты бейнелерді таза қайта жаңғыртады. 
 
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы 
«Әлеуметтік  орта»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  қоршаған 
әлеммен танысу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. 
Мақсаты: Жалпы адами нормалар және ережелермен қабылданған тұлғаның 
әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру. 
 
Ересектердің  еңбегі,  оның  адамның  қоғамдық  өміріндегі  рөлі  туралы 
білімдерін, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен 
және ересектермен өзара қарым-қатынасты дамыту. 
Гендерлік, отбасылық, азаматтық тұрғыдағы, отансүйгіштік сезім, әлемдік 
қауымдастыққа қатысты сезімі туралы түсініктерді қалыптастыру.  
Өз еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты 
қатынасқа, құрдастарына сыйластықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. 
 
Қоршаған ортамен таныстыру 
Мәдени мінез-құлық дағдылары 
Дағдыларды қалыптастыру: 

 
қазақтың  халықтық  педагогика  дәстүрлеріне  негізделген  мінез-құлық 
мәдениеті ережелерін сақтау;  

 
өзі  мен  өзінің  отбасы  жөнінде  әңгімелеу,  отбасылық  мерекелері,  оған 
дайындыққа қатысуға тәрбиелеу;  

 
құрдастарымен  қатынастарды  бақылай  отырып  бірлескен  әрекет 
дағдыларын қалыптастыру; 

 
әрекеттің қарапайым адамгершілік нормаларын қалыптастыру және қазақ 
халқының  қонақжайлылығы,  өз  отбасына  махаббаты  мен  сыйластық  сезімі, 
балабақшаға,  туған  өлкесіне,  еліне,  Қазақстанды  мекендейтін  әртүрлі  ұлт 
өкілдеріне деген сыйластық сезімін қалыптастыру және дәстүрлермен таныстыру.  
Балаларды  келісімге  келу,  татуласу  әрекеттеріне,  басқаларды  тыңдауға 
үйренуге, басқалардың қалауын ұғынуға үйрету. 
Сыпайылықтың, кішіпейілділіктің әдептің қарапайым дағдыларын бекіту.  
Ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас 
Өзінен  кіші  және  ересек  отбасы  мүшелеріне  сыйластықпен  және 
қамқорлықпен  қарауға  тәрбиелеу.  Балаларда  өз  отбасының  тарихына 
қызығушылықты дамыту.  

79 
 
Ересектер  еңбегіне  қызығушылық  пен  оның  нәтижелеріне  қамқорлықпен 
қарауға баулу. Балаларды ересектермен бірлескен еңбек әрекеттеріне қосу.  
Адамгершілік нормалары туралы ұғымдар  
Балаларды мінез-құлық нормаларымен және ережелерімен таныстыру.  
Балада  өзін-өзі  сыйлау,  өзінің  жетістіктерін  сезіну,  оның  табыстарына 
ересектердің қуануға дайын екенін баланың түсінуін, жолы болмаған жағдайда 
жанашырлық және көмек көрсетуін қолдау.   
Табиғаттағы мәдени мінез-құлық дағдылары 
Қоршаған өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қызығушылықты дамыту.  
Өзінің  эмоциясын  көрсету,  табиғат  туралы  өзінің  әсерлерімен  алмасу 
дағдыларын,  табиғаттағы  адамдардың  өзін  дұрыс  ұстау  туралы  білімдерін 
қалыптастыру. 
Табиғаттағы  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін  оң  бағалауға  мұқтаждығын 
тәрбиелеу. 
Балалардың  табиғат  бұрышындағы  және  балабақша  маңайындағы 
өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау, құстарды қыста азықтандыру еңбек 
әрекеттеріне қатысуын мадақтау. 
Отбасы  мүшелерінің  табиғаттағы  бірқатар  еңбек  әрекеттері  туралы 
білімдерін қалыптастыру.  
Балалардың  назарын  ересектердің  табиғатқа  жанашырлық  білдіретін  іс-
әрекеттеріне аудару.  
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
мәдени мінез-құлық ережелеріне ие; 
-
 
өзі және өзінің отбасы, отбасылық мерекелер туралы айта алады; 
-
 
келісе, татуласа, басқаларды тыңдай, олардың тілектерін түсіне алады; 
-
 
кіші  балалар  мен  құрбыларына  сыйластық  пен  қамқорлық  қатынас 
танытады; 
-
 
ересектердің  еңбегіне,  ересектермен  бірлескен  еңбек  әрекеттеріне 
қызығушылық танытады; 
-
 
заттар, ойыншықтар, кітаптарға ұқыпты қарайды; 
-
 
айналасындағы  қоршаған  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлеміне 
қызығушылық танытады; 
-
 
табиғаттағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін оң бағалай алады; 
-
 
ересектермен бірлескен еңбек әрекеттерін орындайды; 
-
 
құрдастарының арасында өзінің орнын, «Менін» сезінеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

80 
 
VІ. ЕРЕСЕК ТОП 
(
5 жастан 6 жасқа дейін)
 
 
 
«Денсаулық» білім беру саласы 
 
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны: 
-
дене  шынықтыру; 

қауіпсіз мінез-құлық  негіздері және валеология  ұйымдастырылған  оқу іс-
әрекеттері арқылы  жүзеге  асырылады. 
«Денсаулық» білім беру саласын ұйымдастыру мен өткізу – балалардың өмірін 
қорғау,  денсаулығын  нығайту  және  негізгі  қимыл  түрлерін  қалыптастыруға 
бағытталған.  
Мақсаты: Баланың денсаулығын қорғау және нығайту. 
Салауатты  өмір  салтының    дағдыларын    дамыту.  Дене  сапалаларын 
тәрбиелеу.  Тұрмыста,  көшеде,  табиғат  жағдайларында  қауіпсіз  мінез-құлық 
дағдыларын  қалыптастыру  және  негізгі  қимылдарды  жетілдіру  арқылы 
балалардың қимыл тәжірибелерін байыту.  
Шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дамыту. 
 
Дене шынықтыру 
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Бұрын үйретілген жаттығуларды бекіту, қимыл біліктері мен дағдыларын 
жетілдіру.  
Негізгі қимыл түрлері 
Жүру: Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын 
белгі  бойынша  орындау;  бүгілген  тізені  жоғары  көтеріп,  жартылай  отырып; 
заттарды  аттап,  заттар  арасымен;  қолды  түрлі  қалыпта  ұстап;  тәрбиешінің 
белгісімен  тоқтап;  қозғалыс  бағытын  өзгертіп,  шашырап,  заттар  арасымен; 
адымдап алға қарай жүру; жүгіруді алмастыра жүру. 
Жүгіру: бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында; заттарды аттап; 
бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп, кедергілерден 
өту  арқылы;  табиғи  жағдайларда  кедергілерден  өту  арқылы;  түрлі 
жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 мин.  
Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру; 
тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта (арақашықтығы 6 м); 
қос  аяқтап  заттар  арасымен  (арақашықтығы  4  м),  оң  және  сол  аяқтарымен 
кезектесіп  заттар  арасымен  (арақашықтығы  3  м);  орнынан  биіктікке;  жіптен, 
сызықтан  секіру;  оң  және  сол  аяғын  кезектестіріп;  биіктіктен;  20  см  дейінгі 
биіктіктегі зат үстіне секіру. 
Лақтыру,  қағып  алу,  домалату:  қос  қолмен  допты  жоғары,  жіптің  үстінен 
лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (4–5 
рет);  допты  бір  қатарға  қойылған  заттар  арасымен  домалату;  допты  қабырғаға 
ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу; 2–2,5 м арақашықтықтағы 
нысанаға допты, қапшықты, тасты, асықты дәлдеп лақтыру; допты екі қолымен 
бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру; допты екі қолымен 

81 
 
заттар арасымен жүргізу (арақашықтығы 4 м); алға қарай жылжып, қос қолмен 
допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4–5 м). 
Еңбектеу және өрмелеу. Биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге 
тигізбей,  жанымен  еңбектеу;  гимнастикалық  орындық  үстінде  ішпен,  арқаға 
қапшық қойып еңбектеу; көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға 
өтіп,  сатыдан  ұстай  отырып  қайта  түсу;  гимнастикалық  орындық  астынан 
еңбектеу; доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см); доғаның астымен қолына допты 
ұстап  еңбектеу  (биіктігі  50  см);  құрсаудың  ішіне  кіру(биіктігі  50  см);  көлбеу 
басқышқа  шығу,  доғаның  астымен  төрт  тағандап  допты  басымен  итеріп 
еңбектеу;  кедергілер  арасынан  және  қолды  еденге  тигізбей  доға  астынан 
еңбектеу; қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен 
топталып шеңбердің ішінен өту. 
Тепе-теңдікті  сақтау:  заттардан  аттап  жүру;  кедергісі  бар  тақтай  үстімен 
адымдап, аяқ ұшымен жүру; орындық  үстімен текшелерден  аттап, әр қадам сайын 
допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып, басына қапшық 
қойып  жүру;  арқан  бойымен  бір  жақ  жанымен  қырындап  (өкшені  арқанға,  аяқ 
ұшын еденге) жүру; кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру. 
Сапқа  тұру,  сап  құрылымын  өзгертіп,  қайта  тұру.  Сапқа  бір  қатармен 
тұру;  сап  түзеп  жүруден  бір  және  екі қатармен қайта  тұру;  бір орында және 
қимыл үстінде оңға, солға бұрылу; қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде 
және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру; секіріп және аттап 
оңға, солға айналып бұрылу. 
Музыкалық-ырғақтық  жаттығулар.  Музыка  ырғағына  сәйкес  түрлі 
қарқында  қимылдар  жасау.  Өздеріне  таныс  дене  жаттығуларын  музыка 
әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, 
топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына 
сай  қолды  шапалақтау.  Түзу  бағытта  шоқырақтап  жүру.  Жұптасып,  шеңбер 
бойымен қозғалу. 
Жалпы дамытушы жаттығулар 
Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Қолды кеудеге қою, 
жан-жаққа  созу,  қолды  желкеге  қою,  жоғары  көтеру,  жан-жаққа  созу.  Қол 
саусақтарын айқастыру «құлып», жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай 
айналдыру). Қолды жоғары, артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру.  
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-
біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға 
қарап  тұрып,  белінің  тұсынан  рейканы  ұстап,  алға  еңкейіп,  иілу. 
Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай 
рейкадан  ұстап,  аяқты  кезектестіре  бүгу  және  тік  көтеру.  Алға  еңкейіп, 
алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған 
қолдарын жоғары көтеру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру.  
Дене күшін арттыратын жаттығулар. 5 метрге дейін қолмен жүру (екінші 
бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді). 
Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып 
жасайды:  бірінші  бала  қолын  желкесіне  қойып,  шалқасынан  жатып,  денесін 

82 
 
көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5–6 рет); гимнастикалық қабырғада 
қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5–6 рет). 
Арқаға  арналған  жаттығулар:  топтасып  отырған  күйі  алға,  артқа 
«әткеншек»  жасап  домалау  (5–6  рет),  3  метрге  дейін  қолдың  көмегімен 
етпетінен жатып еңбектеу.  
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден 
алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру.  2–3 рет қатарынан жартылай отырып, 
тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және 
басты иіп жүрелеп жүру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа қойып, отыру. 
Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру.  
Спорттық жаттығулар 
Шанамен  сырғанау.  Төбешіктен  бір-бірлеп  және  екі-екіден  шанамен 
сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. 
Сырғанау.  Өздігінен  мұзды  жолмен  жүгіріп  келіп  сырғанау;  сырғанау 
кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру.  
Шаңғымен  жүру.  Оң  және  сол  аяқтарымен  сырғанай  отырып,  бірінің 
артынан  бірі  кезектескен  адыммен  алға  жылжу.  Қиылысқан  бос  жерлермен 
жүру. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау.  
Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі  
дөңгелекті велосипедті тебу. Оңға және солға бұрылу. 
Жүзу.  Судың  таяз  жерінде  отырып  және  жатып  аяқпен  қимылдар  жасау 
(жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесімен 
деңгейлес  созылған).  Иек,  көз  деңгейіне  дейін  суға  отыру,  суға  бетін  суға 
батыру, суға үрлеу.  
Судағы аэробика. Бұрылыстар  жасай отырып, суда қимылдар жасау. 
Спорттық ойын элементтері  
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолмен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң 
және сол қолмен алып жүру.  
Бадминтон.  Воланды  ракеткамен  белгілі бағытқа қағып лақтыру. 
Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты  
айналдыра  жүру. Допты  шұңқырға,  қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше 
рет қабырғаға соғу. 
Хоккей.  Берілген  бағытта,  қақпаға  доптаяқпен  шайбаны  сырғанату,  оны 
қақпаға енгізу. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
дене  тұлғасын  дұрыс  қалыптастыруға  бағытталған  ертеңгілік 
гимнастиканың  жаттығулар кешенін  орындай алады; 
-
 
түрлі  қарқынмен  жүреді,  қол  мен  аяқтың  түрлі  қалыптарымен  бағытты 
өзгерте біледі; 
-  
қойылған заттардың арасымен «жыланша» 1,5–2 мин аралығында үздіксіз 
орташа қарқынмен түрлі жылдамдықпен жүгіреді; 
-  3– 
4  м  қашықтыққа  алға  жылжу  арқылы  секіреді,  аяқтың  арасына  зат 
қыстырып,  қос  аяқпен  және  кезекпен  аяқты  алмастыра  отырып,  3–4  м  алға 
жылжып секіреді; 

83 
 
- 4–
5 м қашықтыққа алға жылжу арқылы допты екі қолмен лақтырып, қағып 
алады; 

заттардың астынан (50 см) еңбектеп өтеді, кедергілерден еңбектеп өтеді; 
-
орындықпен,  текшелерді  аттап  өтіп  өкшемен  және  аяқтың  ұшымен 
адымдап жүру арқылы шектелген қабаттарда, арқанда қырындап жүру кезінде 
тепе-теңдікті ұстай алады; 

сапқа бір қатармен тұрады; сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта 
тұрады, бір орнында бұрылады; 

төбешіктен шанамен өздігінен сырғанайды, бұрылыстарды орындайды; 

шаңғымен  ауыспалы  сырғанай  отырып  жүреді,  төбешекке  шығып  және 
одан түседі; қос дөңгелекті велосипедпен жүреді, жүзеді. 
-  
спорттық ойын элементтері бар ойындарды игерген.  
 
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ 
Негізгі қимыл түрлері 
 
Бұрын  үйретілген жаттығуларды бекіту, қимыл біліктері мен дағдыларын 
жетілдіру.  
Жүру: Белгі бойынша бір қатармен бір-бірлеп, екінші жаққа бұрылу арқылы 
жүру;  тізені  жоғары  көтере  отырып  секіргішпен  аттау  арқылы;  доптармен 
қырындап;  кегльдер  арасында  шашырай;  40  см  қашықтықта  қойылған 
жіптерден оң және сол аяқты алмастыра отырып аттау арқылы жүру. 
Жүгіру: Заттарды аттап өтіп бір-бірден бір қатарда; тізені жоғары көтере 
отырып; бағытсыз ирелеңдеп, 2 мин дейін заттардың арасымен үздіксіз жүгіру; 
жылдамдыққа; кегльдер арасымен шашырай; жүрумен алмастыра отырып 100–
120  м  қашықтыққа;  белгіленген  жерге  дейін  жылдамдыққа  (ұзындығы  20  м) 
жүгіру; қырлы бөренелерден аттау арқылы орташа қарқынмен бір-бірлеп бір 
қатарда  жүгіру;  үш  қатарға  қайта  сап  түзеу  арқылы  (жолай  кегльді  алу); 
жылдамдатусыз бірнеше рет жүгірумен алмастыру арқылы жылдамдыққа; сап 
түзеу  арқылы  жылдамдыққа;  ирелеңдеп  жүгіру;  қиылысқан  жерлермен  баяу 
жүгіру. 
Секіру:  Ұзын  және  қысқа  секіртпемен  қос  аяқтап,  ыршып-ыршып,  бір 
аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді 
алмастырып алға, артқа секіру; бір орында және 6–8 м қашықтыққа алға қарай 
жылжу  арқылы  секіру;  арақашықтығы  40  см  құрсаудан  келесі  құрсауға  бір 
аяқтап және қос аяқтап; екпінмен биіктікке; екпінмен ұзындыққа; бір орыннан 
ұзындыққа;  қос  аяқтап,  аяқтың  оң  бүйірімен  (3  рет),  одан  соң  180  градусқа 
бұрылып сол бүйірімен секіруді жалғастыру. 
Лақтыру,  қағып  алу,  домалату:  4  м  арақашықтықтан  қапшықты  тік 
нысанаға  иықтан  асырып,  оң  және  сол  қолмен  лақтыру;  допты  бір  қолмен 
еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір 
қолымен қағып алу. 
Еңбектеу  және  өрмелеу.  Құрсауларды  айналдырып,  олардың  ішінен  өту; 
орындықтан  еңбектеп  өтуді  жүрумен  алмастыру.  3–4  доғаның  астынан 
еңбектеп  өту;  гимнастикалық  қабырғаның  басына  дейін  сатыдан  аттамай бір 
және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу; арқаға 

84 
 
қапшық  қойып  төрт  тағандап  еңбектеу;  қырынан  қойылған  сатының 
тақтайшалары арасынан еңбектеп өту. 
Тепе-теңдікті сақтау: арқан, жіп бойымен басына қапшықты қойып, бір 
жақ  жанымен  қырындап  адымдап  жүру;  гимнастикалық  орындық  үстімен 
арақашықтығы баладан екі қадам алыс қойылған толтырылған доптардан аттап 
жүру; бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу; көтеріңкі заттың үстімен 
жүру; көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру; «Қарлығаш» 
жаттығуын орындау. 
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сап түзеу және сапқа 
қайта  тұрудың  бұрын  игерілген  әдістерін  қайталау  және  жетілдіру.  Жүру 
барысында  жұптасып  және  қайтадан  бір  қатарға  тұру;  педагогтің 
тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде сапта тұрып бір 
қатардан үш қатар құру; қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға 
тұру; саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру. 
Музыкалық-ырғақты  жаттығулар.  Музыка  ырғағына  сәйкес  түрлі 
қарқында  қимылдар  жасау.  Өздеріне  таныс  дене  жаттығуларын  музыка 
әуенімен  әсем  де,  ырғақты  етіп  орындау.  Түзу  бағытта  шоқырақтап  жүру. 
Жұптасып  шеңбер  бойымен  қозғалу.  Жұптасып  үйлесумен  және  айырылу 
арқылы сапқа қайта тұру. Басты екі жаққа еңкейту, «серіппелі» отырып-тұру 
арқылы қосалқы қадам басу, қолдың қимылдары бірге жасалады. 
Жалпы дамытушы жаттығулар 
Қолға арналған жаттығулар. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, 
басынан  асыра  қайта  қою.  Қолды  алда  шапалақтау  және  арқа  артына  қою. 
Қолдың білектерін  айналдыру. Қолдың саусақтарын жазып, жұму. 
Кеудеге  арналған  жаттығулар.  Отыру,  бұрылып  затты  артына  қою, 
қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары 
көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң 
және  сол  аяққа  кезекпен  салмақ  түсіре  отыру.  Етпетінен  жатып  аяқты  бүгу, 
қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, 
етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап 
жоғары көтеру. 
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, 
өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6–8 
см)  табанның  ортасын  тірей  отырып,  бір  қырындап  жылжу.  Табанды  бүгу, 
түзулеу, айналдыру.  
Дене күшін арттыратын жаттығулар. 6 метрге дейін қолмен жүру (екінші 
бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді). 
Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып 
жасайды:  бірінші  бала  қолын  желкесіне  қойып,  шалқасынан  жатып,  денесін 
көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (7–10 рет); гимнастикалық қабырғада 
қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (7–10 рет). 
Арқаға  арналған  жаттығулар:  топтасып  отырған  күйі  алға,  артқа 
«әткеншек»  жасап  домалау  (7–10  рет),  5  метрге  дейін  қолдың  көмегімен 
етпетінен жатып еңбектеу.  
Спорттық жаттығулар 

85 
 
Шанамен  сырғанау.  Шанамен  төмен  сырғанау  кезінде  тежеу.  Бір-бірін 
сырғанату. 
Сырғанау. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.  
Шаңғымен жүру. Шырша, жартылай шырша адымдармен төбешікке шығу. 
Еңкейіп  төмен  түсу.  Шаңғыны  өздігімен  алу,  орнына  қою,  кию,  шешу, 
қолтығының астында алып жүру. 
Велосипед және самокатпен жүру. Оң және сол аяқпен итеріліп, самокат 
тебу. 
Жүзу.  Суға  басын  батырып  отыру.  Хауыздың  қабырғасынан  екі  аяқтап 
күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, 
суға дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.  
Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар, 
ернеуде тұрып, басқа да жалпы  дамытушы  жаттығуларды  жасау. 
Спорттық ойын элементтері 
Қалашықтар. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап 
лақтыру.  3–4  пішінді  білу.  Қалашықты  (2–3  м)  және  (5–6  м)  аралықтан  таяқ 
лақтырып құлату. 
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты лақтыру. Ойынды командамен 
үйрену.  
Бадминтон.  Воланды  ракеткамен  белгілі  бағытқа  қағып  лақтыру. 
Тәрбиешімен жұптасып ойнау. 
Футбол.  Жұптасып  тұрып,  допты  аяқпен  бір-біріне  домалату,  аяқпен 
қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. 
Хоккей. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату. 
Күтілетін нәтижелер:  
-
 
қимыл  дағдыларын    және    негізгі    қимылдарды    орындау    техникасын 
игерген; 
-
 
негізгі  қимылдарды  түрлі  іс-әрекетте дербес қолдана алады; 
-
 
  
дене  тұлғасын    дұрыс  қалыптастыруға    ықпал  ететін  ертеңгілік 
гимнастиканың  жаттығулар кешенін орындай  алады; 
-
 
 
жүгіруді жүрумен кезектестіре алады; 
-
 
 
бір орында тұрып, жүгіріп келіп ұзындыққа секіре алады; 
-
 
допты тігінен және көлденеңнен  3-4 м қашықтықтағы нысанаға лақтырып 
және қағып алады; 
-
 
гимнастикалық  қабырғаға  өрмелей алады; 
-
 
тепе-теңдік қалпын сақтай отырып түрлі тәсілдермен шектелген жазықтық 
бойымен жүреді; 
-
 
топ балаларымен қимылды ойындарды ұйымдастыру дағдыларын  игерген; 
-
 
шанамен бірін-бірі сүйрете алады; 
-
 
шаңғымен  ауыспалы  сырғанай  отырып  жүреді,  төбешікке  шығады  және 
одан түседі; самокат тебеді; өздігімен жүзеді; 
-
 
спорттық ойын элементтері бар ойындарды игерген. 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет