БАҒдарламасы бағдарлама жобасын wwf-тің Ресей бөлімшесі дайындаған


 Жолбарыстың тұран түршесін тарихи таралу аумағына қайта



жүктеу 2.06 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата30.12.2016
өлшемі2.06 Mb.
1   2   3   4   5

3. Жолбарыстың тұран түршесін тарихи таралу аумағына қайта 

қалпына келтіру мүмкіндігі 

 

Ресейдің  Дүниежүзілік  жабайы  табиғат  қоры  (WWF)  тұран  жолбарысының 

түршесін бұрынғы тарихи таралу аймағында табиғатында қайта қалпына келтіру  үшін 

лайықты  аумақтар  табу  мақсатында  бастама  көтерді.  Уақтысында  А.А.  Слудский 

жолбарыстардың  мекендеуіне  лайықты  жерлерді  сипаттап  бергеннен  басқа 

жолбарыстың қайта оралуына мүмкін беретін көлемі үлкен қолайлы аумақтармен қоса, 

халық аз тұратын және жоғарғы деңгейде табиғатты қорғау шаралары қамтылған аумақ 

қажет. 


 

Тұран  жолбарысының  тарихи  таралу  аймағында  олардың  жиі  қоныс 

ауыстыратынын ескеріп қолайлы жер есебіндегі аумақтар қарастырылды. Олар: 

 



сақталып қалған немесе жолбарыстың мекенедеуіне қолайлы қалпына келтіруге 

болатын, суы бар жерлер;  

 

қазіргі  кезде  тұяқты  жануарлардың  тұрақты  популяциясы  бар  немесе  қажетті 



тұяқтыларды қайта қалпына келтіруге болатын жерлер;  

 



халық аз тұратын және антропогенді факторлардың өте төмен әсері бар жерлер

 



жоғарғы деңгейдегі қорғау шаралары бар, соның ішінде ЕҚТА-ың бір үлесі бар 

немесе келешекте ЕҚТА-ды ашу жоспары бар жерлер. 

Өкінішке  орай,  бұрынғы  таралу  аумақтарындағы  мемлекетерде  түрді  қайта 

жерсіндіруге  лайықты  жерлер  табылмады.  Әзербайжанда,  Арменияда,  Грузияда, 

Иранда, Қырғызстанда, Қытайда, Тәжікстанда, Түрменстанда және Түркияда жолбарыс 

популяциясының  тіршілік  етуіне  лайықты  көлемі  үлкен,  игерілмеген  және  адам 

қоныстамаған жер қалмаған. Тарихи таралған аумағы кейбір бөліктерінен мекендеуіне 

қолайлы  шағын  жерлер  кездескенмен,  ол  аумақтар  келешекте  үлкен  елді  мекен 

салынатын  жерлермен  араласып  кеткен.  Ауғанстан  және  Иран  жерлерін 

сараптамталмады,  себебі  осы  мемлекетерде  ішкі  саяси  жағдайларының  күрделілігі 

қазірше осындай жобаларды іске асыруға мүмкіндік жоқ. 

Орталық  Азия  аумақтарының  алғашқы  сараптамасы  ГЭФ/ЮНЕП/WWF-тің 

жобасы  «Орталық  Азияның  Эконет»-тің  мәліметінің  негізінде  ақпараттар  қоры 

жасалды, оған экожүйелердің әртүрлі үлгілеріндегі аудандар, антропогенді күштерінің 

әсерлерінің деңгейлері және т.б. қамтылды. 

Келешегі бар деген екі аумақ таңдалды (1 сурет): 

1.  Амудария  өзенінің  атырауы  және  іргелес  Аралдың  оңтүстік  өңірі,  бұрынғы 

Арал теңізінің суы кеткен түбіндегі экожүйелерінің қалпына келе бастаған жерлері. 

2. Іле өзенінің атырауы және Балқаш көлінің оңтүстік жағалаулары.  

Қолайлы  жерлерді  зерттеу  жұмыстарын  Ресейдің  WWF-ның  қолдауымен  2005-

2009 жылдары сарапшылар тобы жүргізді (Юнгиус и др., 2009; Юнгиус, 2011, Брагин, 

2010;  Лукаревский,  Байдавлетов,  2010).  Зерттелген  екі  аумақты  салыстыра  келе, 

өңірлерде  қоныстануға  лайықты  үлкен  аумақты  жерлер  бар  екені  анықталды.  Қайта 

жерсіндіру  егер  экожүйелердің  барлық  компонентерін  қалпына  келтіруге  арналған 

шаралардың бәрін іс жүзіне асыруға әрекет жасалса сәтті болар еді. 

Амудария өзенінің атырауы және іргелес Арал теңізінің су  кеткен аумағы ешкім 

қоныстамаған ерекше табиғи аумақ, бұл жерлер келешекте қайта қалпына келетін сулы-

батбақты,  орманды,  далалы  және  құмды  экожүйелері  бар,  ол  жерлер  көптеген 

жануарлардың түрлері қайтып келу мүмкіндігі бар жерлер. Бірақ, қазіргі экожүйелердің 

күйін  бағалаудың  қортындысы  бойынша,  осы  аумақтардың  қорғалуы  және  тұяқты 

жануарлардың саны  қолайлы экологиялық  жасауға біраз қаржы салуды және  уақытты 

қажет етеді. Жолбарысты қайта жерсіндіру қажетті аумақты дайындау үшін ең қолайлы 

дегенде  кем  дегенде  10-15  жыл,  ал  күрделі  әкімшілік  тәртіп,  сонымен  бірге  саяси 

қызушылықтың жоқтығын ескергенде тағы 25-30 жыл керек. Осыларға қарамастан егер 



 

11 


келесі  шарттарды орындаса,  осы табиғи кешен  келешекте жолбарыс популяциясының 

тұрақты мекеніне айналуға мүмкіндігі бар: 

 

Аумағы  шамамен  500  мың  га,  Акпетки  (Карабайлы)  архипелаг  кешені, 



Жолдырбас  көлі  (бұрынғы  теңіз  шығанағы),  іргелес  жартылай  құмды  және  құмды 

аумақтар және  бұрынғы  Амударияның  алабы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 

жоғарғы деңгейдегі мәртебесін алса; 

 



ЕҚТА  тиімді  басқарылса  және  нақты  қорғалса,  жоғары  білікті,  жетік 

мамандармен қамтамасыз етілсе;  

 

Экожүйелер тұщы су мен тұрақты және жетерліктей қамтамасыз етілсе; 



 

Құрылатын  ЕҚТА  шегінде  мал  шаруашылығы  және  жерді  игеру  жұмыстары 



мүлдем болмаса; 

 



Өңірдегі  көмірсутектерді  барлау  және  өңдеу  жұмыстарының  жоспарларына 

және оны іске асыруда табиғатты қорғауға басымдылық берілсе

 

Тұяқты  жануарлар  –  жабайы  шошқа,  бұхар  бұғысы,  қарақұйрық  және 



ақбөкендердің санын қалпына келтіру бағдарламалары іске асып жатса. 

Жолбарысты  осы  өңірде  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарын  тексеру  2020-2022 

жылдары жүргізген тиімдірек. 

Қазіргі кезде тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жұмыстарына 

ең  қолайлы  жер  Іле  өзенінің  алқабы  мен  Балқаш  көлінің  оңтүстік  жағалауы.  Бұл 

жерлерде  жолбарыс  қоныстауға  лайықты  кең  үлкен  табиғи  алқап  бар,  бірақ  шамалы 

жерлері қонысталған және үй малдарын жаюға пайдаланады. 

Балқаш  көлінің  батыс  бөлігі  (су  бетінің  58%)  –  таяз  тұщы  сулы  экожүйелер. 

Шығыс бөлігі тұзды (3,5-6 г/л) және терең. 

Көлдің оңтүстік жағалауы төмен (1-2 м) құмды, су деңгейі жоғары кездерде жиі су 

басады, осыған байланысты көптеген майда көлдер пайда болады. Олардың араларында 

қалың  қамысты  қопалар  бар,  кейбір  жерлердің  жағалауларында  5-10  м  галофитті 

өсімдіктер  өскен  төбелер  кездеседі.  Ағаш  және  бұталар  сирек.  Іле  өзенінің  алабынан 

Қаратал  өзенінің  аралығында  шамамен  120  мың  га  қоныстауға  лайықты  жерлер  бар. 

Балқаш  өзенінің  жағалауы  өте  бұралаң  және  көптеген  шығанақтарға  және  айлақтарға 

бөлінген,  құрлық  жақтың  жолы  қиын.  Көлдегі  су  деңгейінің  жоғары  болуы  судың 

жайылуына алып келеді, сондықтан қамыс қопалардың аумақтары кеңи түскен. 

Іле  өзені  Балқаш  көлінің  батыс  бөлігіне  құяды  және  аумағы  80  мың  га-дан  аса 

өзен  атырауын  құрайды.  Өзен  атырауы  бастауын  айналма  сараланым  түрінде  өзеннің 

төменгі  ағысы  Бақанас  кентінен  бастап  шамамен  200  км  Балқаш  көлінің  оңтүстік 

жағалауымен  оның оңтүстік етегіне дейін, одан  ары Сарыесік түбегіне дейін созылып 

жатыр (Dostaj, J.D. 2006). 

Іле  өзенінің  атырауы  оңтүстік  батысында  Тауқұм  және  солтүстік  шығысында 

Сары Есік Атырау құмдарымен қоршалып жатыр. Атырау мен құмдардың шекарасында 

ылғалы  көп  жылдары  су  тасиды,  соның  арқасында  су  мен  сексеуіл  орманының 

аралығында  қамыс  қопалары  пайда  болады,  кішігірім  аралдарды  тоғайға  ұқсас  қалың 

шөптер  басады.  Кішігірім  өзендер  және  ылғалы  мол  сайлар  құм  төбелері  мен 

жоталарының  арасында  шашыраңқы  кездеседі.  Өзен  атырауы  мен  құм  телімдері 

арасындағы  орналасқан  осы  өтпелі  аймақтардың  аумағы  жыл  сайынғы  су  деңгейінің 

тасуына байланысты өзгеріп тұрады. 

Экожүйлердің  аумақтары  және  түрлерге  бөлінуі  ылғалды  деңгейіне  және  судың 

жайылуына  байланысты  жиі  өзгеріп  тұрады.  Тоғай  өсімдіктері  Іленің  үш  сағасында, 

сонымен бірге өзеннің ортаңғы ағысында кездеседі. Ағаштар ылғалы мол көлге жақын 

жерлерде  кездеспейді.  Өзеннің  төменгі  атырауында  көлге  құйылатын  жерлерінде 

батпақты қамысы көп телімдер басым болады және құмды қыраттар мен шағыл құмдар 

да кездеседі. 

Айта  кету  керек,  атыраудың  көп  бөлігі  әсіресе  бұрынғы  шығыс  бөлігінің  жері 

құрғақ  болады.  Атыраудың  сазды-сулы  экожүйлері  және  шабындықтар  1984  жылдан 



 

12 


40%-ға  азайып,  шөлейтке  айналды.  Қалыптасқан  бағалау  бойынша,  30%  тоғай  және 

қамыс  экожүйелері  сақталған,  өтпелі  қоныстарды  қоса  есептегенде  аумақтар 

атыраудың 40% қамтиды немесе шамамен 320 мың га болады. Сонымен бірге өзіміздің 

зерттеулеріміз  бойынша,  Іле  өзенінің  атырауында  жолбарысты  қайта  жесіндіруге 

жарамды кем дегенде 500 мың га жер бар, осы алқаптың біразы ала-құла болып келген. 

Іле өзенінің атырауынан басқа жолбарыстар қоныстауға жарамды жерлер Балқаш 

көлінің  оңтүстік  жағалауында  ала-құла  болып  кездеседі,  осыларға  Қаратал  өзенінің 

шығыс  атырауын,  Ақсу  және  Лепсі  өзендерінің  алқаптары  мен  атыраулары  жатады. 

Жолбарысты  қайта  жерсіндіруге  жарамды  экожүйелер  жалпы  алғанда  1  млн  га 

аумақтан  асады.  Осы  алқаптардың  көбі  халықаралық  маңызы  бар  (Рамсар 

Конвенциясы)  сулы-сазды  алқаптар  тізімне  кірген,  ал  500  мың  га  жерлерге  табиғи 

резерват ұйымдастырылмақ (3 сур.). 



3 сурет Іле өзені-Оңтүстік Балқаш өңірінің жолбарыс мекендеуге қолайлы негізгі 

қоныстайтын жерлерді бөлу. 



1-4 – «WWF телімдері» алғашқы жоспарланған телімдерге қайта жерсіндіру ошақтары 

ПИ,  ИЖ,  ПБ,  А-Л,  Доп  –  «Терраның  телімдері»  –  жобаланушы  табиғи  резерваттар 

кластері.  Сипатамасы  бағдарламаның  «Қорғауға  алынған  қазіргі  аумақтар,  оларды 

басқару жүйесі және даму жобасы» бөлімінде 

 

 



 

 

 



 

13 


4. Іле өзені-Балқаш көлі бассейнінде экожүйелерін дайындау 

 

4.1. Гидрологиясы және су ресурстарын басқару 

 

Бағдарламаны  іске  асыру  барысында  кездесетін  негізгі  қауіптердің  бірі  Іле 



өзенінен түсетін судың көлемі азайып Балқаш көлінің гидрологиялық режімінің бұзылу 

мүмкіндігі.  Судың  қажетті  көлемінің  тұрақты  қамтамасыз  ету  шараларының  бірі  ол 

Қазақстан  мен  ҚХР-ның  арасындағы  трансшекаралық  су  алабтарын  тиянақты 

экологиялық  негізделіп  суды  бөлу  жөнінде  келісімге  қол  жеткізу,  ең  бастысы  –  Іле 

өзені  бойынша.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  мекемелері  осы  шараларды 

іске асыру үшін әрекет жасап отыр. 

Балқаш  көлінің  экожүйелеріне  тау-кен  өндірісінің  ластауы  және  су  ресурстарын 

экстенивті  түрде,  әсіресе  өзенге  құйылатын  суларды  егін  алқаптарын  суаруға 

пайдалануы  кері  әсер  етуде.  Өкінішке  орай,  осылай  жалғаса  берсе  Арал  теңізінің 

қасіретін қайталамасқа ешкім кепіл бере алмайды. 

Іле  өзені  басын  Қытайдан  алады,  ол  Балқаш  көліне  түсетін  судың  80%  (15  км

3



қамтамасыз  етеді.  Өзеннің  жалпы  ұзындығы  1439  км,  оның  815  км-і  Қазақстан 

аумағынан  өтеді.  Іле  өзенінің  шамамен  70%  суы  Қытай  аумағындағы  Орталық 

Тяньшанда қалыптасады.  

Атыраудың  1970-1980  жж.  жылдам  кебуі  және  аумағының  азаюы  Іле  өзенінде 

Қапшағай  ГЭС-ын  және  Ақдала  алқабында  суару  жүйелерін  салуға  байланысты  өзен 

атырауының  табиғи  гидрологиялық  режімі  және  табиғи  арналардың  пайда  болуы 

бұзылып,  су  негізгі  арнадан  ауытқыды  (Dostaj,  2006).  Көктем-жаз  мезгілдеріндегі 

табиғи су тасқындарының тоқтауы, атыраудың бас жағына жылда келетін судың 30%-

ға  азаюы  және  су  деңгейінің  1-2  м  төмен  түсуі  көптеген  су  арналары  мен  көлдердің 

құрғауына  алып  келді,  солардың  салдарынан  қамыс  қопаларының  аумағы  азайды, 

топырақтар  тұзданды,  көлдер  мен  арналардың  жағалауын  құмдар  баса  бастады. 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  осы  келеңсіз  жағдайлардың  алу  үшін  су 

қоймасының  су  толтыру  деңгейін  10  метрге  шектеді  және  алғашқы  жоспардағы 

көзделген  су  толтырудың  28.1  км

екі  есеге  қысқартып  14  км



3

  бекітті.  Сонымен  бірге 

суарылатын 

жерлердің 

аумағында 

қысқартты. 

Балқаш 

көлінің 


2005-2010 

жылдарындағы  су  деңгейінің  жоғары  жылдам  көтерілуі  атырауды  сумен  қамтамасыз 

етілуі көбейді және негізгі су ағыстарының жүйелерінің өзгеруіне алып келді. 

Бірақ, Іле өзенінің қытай бөлігіндегі арнасында су жинайтын қоймалардың көптен 

салуына  байланысты  жағдай  тұрақты  емес.  Қытай  аумағында  Іле  өзені  суаруға  және 

гидроэнергетикалық  құрылыс  нысандарының  22  су  қоймасы  салуына  байланысты 

көптеген  су  ресурстарынан  айырылуда.  Осыған  байланысты  Іле  өзенінің  төменгі 

ағысында  тұрақсыз  жағдай  қалыптасты,  су  арналары  құрғап,  аралдар  мен  құмды 

жағалаулар көбеюде. 

Ең  басты  мазасыздық  жылдан  жылға  суды  технологиясы  жетілмеген 

ауылшаруашылығының  қажетіне  (3,6  миллион  м

3

)  пайдалануы  тудындатып  отыр, 



соның салдарынан  жыл сайын тұщы судың  1 млн. м

жоғалуда. Қытайда  Іле өзенінен 



қосымша суды Эбиноор көліне бұруға канал салынып жатыр, сонымен бірге Синьзян-

Ұйғыр  автономиялық  ауданының  оңтүстігіндегі  Тарим  өзеніне  су  арнасын  бұру 

талқылануда.  Осы  жоспарлар  іске  асқан  жағдайда  Іле  өзені  мен  Балқаш  көліне  ағып 

келетін су  апатты жағдайға дейін азаяды. Алғашқы қадам есебінде суды пайдалануды 

оңтайландыру,  Бағдарламаның  жобасында  Қазақстанда  суғаруда  суды  үнемдейтін 

технологияны пайдалануға кеңес берілген, соның ішінде Қытайда пайдаланып отырған 

тамшылап суару. Осыны пайдаланған кезде 1 миллион судың жоғалуынан сақтайды. 

Орталық  Азияның  Өңірлік  экологиялық  орталығының  (ОА  ӨЭО  -  РЭЦ  ЦА) 

дайындаған  аналитикалық  шолуы  бойынша,  ылғал  деңгейінің  азаюы  және  суды 

пайдаланудың  өсуі  көлдің  үш  бөлікке  бөлінуіне  алып  келуі  мүмкін.  Қытайдың  жыл 



 

14 


сайын  4  км

3

  көлемде  суды  алуы  көлдің  ары  қарай  құрғауына  алып  келіп,  Қазақстан 



халқының  тығыз  орналасқан  аумағына,  соның  ішінде  миллионнан  аса  халқы  бар 

Алматыға  апатты  экологиялық  зардап  туғызуы  мүмкін  (Базарбаев,  2006; 

Баймагамбетов,  Попова,  2006;  Мухаммедов,  2006).  Көлдің  шығыс  бөлігі  көп  зардап 

шегеді, сол мезгілде батыс жағы  Іле өзенінің сағасы тұрақты болады және  сақталады, 

бұл қаралып отырған жоба үшін өте қажет. 

ОА  ӨЭО-ғы  Еуропа  одағының  қаржылық  көмегімен  «Іле-Балқаш  су  алабын 

басқарудың  интегралды  Бағдарламасының  дамыту  Жобасы»  жасады,  оған  Қазақстан 

мен Қытай ынтамақтыстық қатысуы қарастырылған. Қазіргі кезде БҰҰ ортаны қорғау 

(ПРОООС) Бағдарламасының қолдауымен мемлекетаралық келісім дайындалуда. 2011 

жылы  Қазақстан  мен  Қытай  арасында  трансшегералық  Іле  және  Ертіс  өзендерінің 

ресурстарын 2014 жылы бірге бөлуге алдын ала келісім жасалған. 

2012  жылы  желтоқсан  айында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н. 

Назарбаев  2050  жылға  дейінгі  Қазақстанның  дамуының  Стратегиясын  таныстыру 

кезінде  судың  тапшылығы  туралы  сұраққа  тоқталып,  Үкіметке  мемлекеттік  ұзақ 

уақытқа  арналған  бағдарлама  жасауға  тапсырма  берген,  оның  ішінде  ең  басты  назар 

көрші елдермен трансшекаралық суларды бөлу үшін екіжақты тиімді келісім жүргізуді, 

әсіресе бұл Қытаймен қарым қатынасымызға өте маңызды екенін атап көрсетті.  

Соған  қарамастан,  егер  Қытай  су  алуды  көбейткен  жағдайда  Балқаш  көлінің  ең 

болмағанда  бір  бөлігін  экожүйелерімен  бірге  сақтауға  мүмкіндік  бар.  Арал  теңізінде 

бөгет  салып,  соның  арқасында  Кіші  Аралды  бөліп  және  айналасындағы  экожүйелерді 

қоса  сақтап  қалу  үлгісі  бар,  Қазақстан  Республикасының  география  Институтында 

Балқаш  көлін  батысы  тұщы  және  шығысы  тұзды  бөлікке  бөлудің  құрылыс 

жұмыстарының жобасы жасалған. Іле өзенінің алабында су жеткіліксіз болған жағдайда 

осындай бөгет салу арқылы, ең болмағанда көлдің тұщы су бөлігін және Іле-Балқаштың 

сулы-сазды  экожүйелерін  (қайта  жерсіндіру  Бағдарламасының  жоспарлаған  аумағын 

іске асыру) сақтап қалуға болады. 

 


 

15 


4.2.

 

Қазіргі  кездегі  шаруашылықта  пайдалануы  және  оны 



реттеудің жолдары 

Қарастырылып отырған аумақтың көп бөлігінде, көлдің оңтүстік бөлігінен басқа 

жерлерде, шашыраңқы кішкене ауылдар мен отбасылық фермалар бар. Халық саны өте 

төмен, бірақ өңірдің барлық жерінде халық тұрып жатыр. Негізгі аумақта жолбарысты 

қайта  жерсіндіруге  ылайықты  жерлерде  шамамен  10  елді  мекендер  және  отбасылық 

фермалар бар, ол жерлерде 20-дан 1000-ға дейін адам тұрады. Жалпы осы аумақтарда 

500  жерді  пайдаланушы  бар,  оның  400  жеке  (отбасылық)  фермер  шаруашылығы, 

оларда  шамамен  80  мың  сиыр  мен  жылқы  және  50-70  мың  қой  ұстайды.  Салыстыру 

үшін, мына мәліметтерге назар аударыңыз: 1990 жылы осы аумақтарда 500 мың бас мал 

ұсталған. Ал 01.01.2012 жылы бұл өңірде 207 шаруашылық субъектісі, оның 170 жұмыс 

істеп  тұр,  осылардың  148  кіші  заңды  тұлғалар  (3  Қосымша).  Жалға  алған  келісім 

шарттардың  көбі  1990-шы  жылдары  заңға  қайшы  жасалған,  қазіргі  кезде  орман 

шаруашылығының Басқармасы осы шарттарды ерте бұзуға әрекет жасап жатыр. 

Іле-Балқаш өңірі жалпы біркелкі қонысталмаған. Халықтың қоныстануының орта 

көрсеткіші  1  км

2

/5,5  адам.  Жер  аумағының  қосымша  үлкен  аумағы  және  орман  қоры 



бар,  бірақ  тұрақты  тұрғындар  жоқ  (6  сур.).  Халықтың  қоныстану  тығыздығы  Іле 

өзенінің атырауында 1 км

2

/3,0 адамнан аз, ал аралық босалқы жерде 1 км



2

/ 11 адам және 

оданда  асады.  Жолбарысты  жерсіндіруге  қолайлы  экологиялық  әлеуметтік-

экономикалық сипатамасы бар телімдерде (6 сур., 1-4 телімдер) тұрғын халық мүлдем 

жоқ  (орман  шарушылығыныңи  телімі,  1  телім),  немесе  ондатр  аулайтын  (3  телім) 

кішкене  кәсіби  аңшылардың  қонысы,  немесе  аң  шаруашылығын  және  туристік  балық 

аулауды ұйымдастырушылар (2, 4 телімдер). Бағдарламаны іске асыру барысында осы 

тұрғындармен серіктестік қатынас орнатылмақ. 

Өңір  Алматы  облысының  ауылшаруашылығы  өндірісінде  ең  төмен  меншікті 

салмағы  бар.  Балқаш  ауданының  ауыл  шаруашылығының  жалпы  өнімі  2012  жылғы 

қортындысы  бойынша  10481,8  млн  тенге  (~  70,000  USD)  немесе  Алматы  облысының 

өндірісінің 3,1 %. 

Ауыл  шаруашылығы.  Қарастырылып  отырған  өңірдің  шаруашылығының 

дамуының негізгі бағыты мал өсіру – қой шаруашылығы, етті бағыттағы ірі қара, түйе, 

табынды жылқы. Мал жайлымы Іле өзенінің атырауының шамамен 20% аумағын алады 

(4-5  сур.).  Богар  және  қолдан  суарылатын  (күріш  өсіру)  жерлер  өзен  атырауының 

оңтүстік  бөлігінде  таралған.  Ауыл  шаруашылығының  30-40%  егістік,  ол  жерлер 

келешекте қайта жерсіндірілетін жер тізбесіне кірмейді. 

Мал өсіру экожүйелерге кері әсер етіп отыр, ол малдың жайылғанынан емес, мал 

иелерінің сол жайлымдарды тұрақты түрде өртеуінен болып отыр. Өрттер қамыстарды, 

ормандарды  құртады,  оның  орнына  жас  шөптер  және  ағаш-бұталар  өсіп  шығады,  ол 

сиыр,  қой,  ешкілердің  өте  сүйікті  азықтары  болып  саналады.  Өртеуші  де  көбіне 

бұрыннан келе жатқан тоғайларға от қояды. Ылғалдың аздығы және атырауда тұрақты 

су  жайылмауынан  жағдай  қиындай  түседі.  Ылғалдың  жетіспеуі  өсімдіктер  кешенінің 

талдар  мен  тораңғылардың  қурауына  алып  келеді,  осы  ағаштар  тоғай  ағаштарының 

негізін  құрайды  және  олар  қалың  шөптер  мен  бұталардың  өсуіне  қолайлы  жағдай 

жасайды.  Қайталанған  өрттер,  ол  жерлерде  жиденің  (Elaeagnus  angustifolia,  E. 

orientalis)  және  шеңгелдің  (Halimodendron  halodendron)  өсуіне  басымдылық  береді. 

Тоғай орманы өзінің қайталанбас биоалуантүрлігінен айырылады; қалың «ну тоғайлар» 

саванна  тектес  бірлестіктерге  алмасады,  ол  әрине  малдың  жайылымына  қолайлы,  ал 

жабайы  жануарларымыз  –  жабайы  шошқаға  және  еліктерге  қолайсыз,  қайта 

жерсендірілетін  бұхар  бұғысына  қажетті  жағдайлар  жойылады.  Осындай  жағдайлар 

қазіргі кезде барлық аумақтарға тән. 

 


 

16 


 

 

 



 

 

 



 

4  сурет  Жобалушы 

аумақтардағы 

мал 

шаруашылығы. 



 

 


 

17 


 

 

 



 

 

 



 

5 сурет  

Жобаланушы 

аумақтардағы 

ауыларуашылығының 

жерлері

 

 


 

18 


 

 



сурет 

Бағдарламаны  іске 

асыратын  өңірдегі 

тұрғындардың 

қоныстану 

тығыздығы.  





– 

ЕҚТА 

бар 

аумақтар 

(қорықшалар,  Рамсар 

жер-суы)  2  –  ұлттық 

бақтың 

аумағының 

келісілген  ядросы  3  – 

жолбарысты 

жерсіндіруге  қолайлы 

экологиялық 

әлеуметтік-

экономикалық 

сипатамасы  бар  жер 

телімдері 

(1-4 

телімдер, 1 сур.  және 

сипатамасы 

төмендегі мәтінде). 

 


 

19 


Аң аулау және балық аулау. Осы аумақтарда жыл онекі ай спорттық балық пен аң аулау 

өте  танымал.  Аң  шаруашылығының  өкілдерінің  қатаң  қадағалауына  қарамастан  бұл  жерде 

қаскеліктің  деңгейі  өте  жоғары  болып  тұр.  Соңғы  жылдары  көптеген  жеке  аң 

шаруашылықтары құрылуда және қорықшаларға іргелес шекаралас жерлер заңдастырылуда. 

Негізгі аңшылық нысандары – жабайы шошқа, елік, қоян, қырғауыл және су құстары. Аң 

аулауға  қызығушылық  1990  жылдың  ортасынан  бастап  қарқын  алып  келеді,  соның  ішінде 

жабайы  шошқаларды  аулауға  тік  ұшақтарды  пайдаланады,  сонымен  бірге  жол  талғамайтын 

автокөліктердің жарығымен түн мезгілінде аң аулау кең қанат жайып келеді. Сарапшылардың 

бағалауынша  жылына  1.000  аса  жабайы  шошқа  рұқсатсыз  ауланады,  бұл  сол  жердегі 

популяцияның  30-дан  40%-ы,  осылай  аулау  жалғаса  берсе  олардың  санының  азаюына  алып 

келеді. 

Терісі  бағалы  аңдардың  терісін  дайындау  науқаны,  қорықшалардан  тысқары  жерлерде 

өзен атырауында ондатрларға рұқсат алып аулайды. Осы аумақтардағы аң аулауды аңшылар 

отбасысымен және қолдағы малдарымен бірге тұруға мүмкіндік береді. 

Балық аулау жергілікті тұрғындардың негізгі күн көріс кәсіптері. Спорттық балық аулау 

базалары  барық  аумақтарда  біркелкі  кең  тараған.  Өзен  атырауы  басқа  елдердегі  өңірлерге 

және  шетелдік  балықшыларға  үлкен  жайындарымен  (100  кг-ға  дейін)  танымал.  Атырау 

кәсіптік балық аулау үшін жабық. 

Туризм.  Қаралып  отырған  аумақтарда  туризм  кеңінен  қанат  жайып  дамып  келеді,  оған 

жергілікті  тұрғындармен  қатар  шетелдік  азаматтарда  қызығушылық  танытады.  Туристердіің 

негізгі қызығатыны балық аулау. Келешекте туристік курорт аймақтар ашуға болады. 

Бағдарламаның  қайта  жерсіндіру  жұмыс  жоспарына  сәйкес  өңірдің  әлеуметтік-

экономикасын  дамыту  және  жергілікті  тұрғындардың  қызығушылығын  ескере  отырып, 

өңірдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлары кешенді сарапталды, олар: 

 

 Келекшекте Іле өзенінің ортаңғы саласы мен атырауына және Балқаш көлінің оңтүстік 



жағалауына  жолбарысты  қайта  жерсіндіру  үшін  (ҚР  Ауыл  шаруашылығының,  Алматы 

облысының  статистика  департаментінің  жаряланған  мәліметтері  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  ғылым  Министрлігінің  География  Институты  дайындаған,  1 

Қосымша) аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының бағалау 

 

 Келешекте  қайта  жерсіндіру  бағдарламасының  іске  асыру  үшін  Балқаш,  Іле,  Қаратал 



аудандарының  және  Ақсу,  Сарқанд  аудандарының  солтүстік  бөліктеріндегі  аумақтардың 

телімдерін зерттеу және жергілікті билік органдарының кеңесін ескере отырып бағалау (ЖШС 

Қашықтықтан барлау Орталығы және «Терра» ГАЖ, 2 Қосымша) 

Сараптаудың  қортындысы  бойынша  аумақты  аймақтандыру  жобасын  іске  асыру  үшін 

ұсыныстар: 

1)

 



Әлеуметтік-экономикалық  және  демографиялық  ахуалдарды  оңтайландыру.  Ол 

үшін:  


 

Жобаны қуаттайтын келешегі бар әріптестерді (қауымдар, отбасылық кәсіпкерлер 



және басқалары) табу үшін әлеуметтік сауалнама жүргізу. 

 



Бағдарламаны іске  асыру үшін жергілікті  тұрғындарды  әртүрлі нысандарға тарту 

(соның ішінде, экологиялық туризмге, жоғары өнімді аң шаруашылығына, жаңадан ашылатын 

ұлттық  саябақтың штаттық қызметтеріне, бақылау жүйелерін құруға жергілікті тұрғындарды 

тартып жаңа жұмыс орнын құру және т.б.). 

 

Бағдарлама жобасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру үшін және олардың құқын 



(олардың  үрей  туғызбауын  және  жанжалдаспау  үшін),  мүмкіндігінше  осы  жұмыстарға  тарту 

үшін  бірнеше  ақпараттық  кездесулер  өткізіп,  жобаның  мақсатын,  міндетін,  атқарылатын 

кезеңдерін түсіндіру. 

2)

 



Мал  бағудың  жолдарын  оңтайландыру  мақсатында  экожүйелерге  қолайсыз 

әсерін болдырмау және өнімділігін арттыру үшін, соның ішінде 

 

жоғары  өнімді  экологиялық  бейімделген  мал  азығының  дақылдарын  (мысалы,  изен 



және бидайық) егу, 

 



өнімділігі төмен жайлымдарға көп жылдық өсімдіктерді егу, 

 

20 


 

уақтылы кенелерге қарсы шараларды ұйымдастырып, ескі шөптерді өртеу жұмыстарын 



болдырмау үшін, оның баламасы есебінде шөптерді ору

 



түнеудегі  малдарға  жыртқыштардың  шабуылын  болдырмау  үшін  қоршау  орнату 

(соның ішінде, электршарбақтармен) 

3)

 

Жұмыс  барысында  болатын  нұқсандардың  орнын  толтыру  мақсатында 



бағдарлама  жасау  және  тұрғындардың  барлық  топтарына  осы  жағдайларға  ұшырамау  үшін 

алдын ала таныстыру. Сондықтанда алдын ала әртүрлі жолдарын қарастыру, яғни: 

 

малдарды  алдын  ала  сақтандыру  жүйесін  жасап,  мал  иелеріне  ақшалай  шығынын 



толдыру; 

 



шығынын ақшалай емес, тірі мал басымен (Түркменстанда ірбістерді қорғау барысында 

12 жыл бойы қолданылған) қайтару тетігін жасау. 

Егер  тұрғындардың  арасында  (бірінші  орында  –  мал  өсіріп  отырған)  осы  аумақтарда 

жолбарыстың  пайда  болуына  қарсы  адамдарға  және  мал  бағудың  байырғы  тәсілін  өзгерткісі 

келмейтіндерді  басқа  қолайлы  жерлерге  көшіру  жолдарын  қарастыру  қажет.  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметімен  2011  жылдың  наурыз  айында  осы  мақсатарды  шешу  үшін 

алдын  ала  кеңесу  барысында,  оларға  бос  ашық  далалы  (қазақтардың  ежелден  мал  бағатын 

жерлері)  аумақтарға  көшіруге,  болмаса  қаржылық  көмек  көрсетуге  келісілген.  Осы  өңірдегі 

қазіргі кездегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық мәселер шешіледі, себебі аумақтардың көп 

бөлігі егін егуге және адамның тұруына қолайсыз, бұл кең ауқымды батпақтар, сонымен берге 

сусыз  құмды  жерлер.  Жобалап  отырған  өңірде  транспорттық  жүйелерді  дамытуға  қосымша 

қаражат  керек,  ол  келешегі  жоқ  экожүйелерді  игеру  тиімсіз  шаруашылық.  Транспорттық 

қатынасы  жоқ  жерлерде  әлеуметтік  және  тұрмыстық  қызметердің  бағасы  артады, 

тұрғындардың білім және медициналық көмек алуын қиындатады. Егер малшыларды далалы 

аудандарға көшірсе туындап отырған көптеген сұрақтардың біразы шешілуі мүмкін. 

 

4.3  Қазіргі  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  және  оларды 



дамытудың келешегі  

Қазіргі кезде қарастырылып отырған аумақтарда 4 орман шаруашылығы (Бақанас, Күрті, 

Қаратал, Бөрлітөбе); жалпы көлемі 517,0 мың га-да 19 аң шаруашылығы орналасқан. Балқаш 

көлінің  оңтүстік  жағалауындағы  экожүйелерін  қорғайтын  үш  республикалық  кешенді 

қорықшалар бар (3 сур.), соның ішінде  Балқаш өңірі (503 мың га), Қарой  (509 мың га) және 

Қоқан  (49  мың  га).  Сонымен,  қазірдің  өзінде  ерекше  қорғауда  Іле  өзенінің  атырауы, 

Лепсі/Ақсу  өзендерінің  1  млн.  га  аса  жері  және  Балқаш  көлінің  оңтүстік  жағауларының 

шамамен 40-45%-ы жатады:

 

Барлық  үш  ЕҚТА  кешенді  қорықшалар  экожүйелерді  және  сол  жерлерде  кездесетіндер 



ХТҚО (МСОП) III және VII санаттарындағы түрлерді қорғауға арналған. Осы аумақтарда аң 

аулау  және  ормандарын  пайдалануға  рұқсат  етілмейді.  Белгілі  бір  тиымдар  әртүрлі 

шаруашылық түрлерін дамытып жүргізуге, соның ішінде орман ағаштарын дайындауға, қазба 

байлықтарын  алуға,  аң  атуға  болмайды,  күнделікті  өмірде  олардың  бәрі  орындала  бермейді. 

Бірінші  кезекке  жататын  тәртіп  бұзушылыққа  мал  жаю  және  аң  аулау.  Рұқсат  етілгендерге 

спорттық лицензиялы балық аулау, туризм және бал шаруашылығы жатады. 

Қарой  қорықшасы  және  Балқаш  өңірі  қорықшасы  Іле  өзенінің  атырауындағы 

орнитологиялық  аумақтар  тізіміне  кіреді  (574,3  мың  га).  2011  жылы  барлық  3  қорықшалар 

Рамсар желілерінің тізбесіне кірген. 

Балқаш  өңірі  қорықшасы  әкімшілік  жағынан  Алтынемел,  ал  Қарой  қорықшасы  Іле 

Алатауы ұлттық саябақтарына бағынады. 

 

Іле  өзенінің  атырауындағы  және  Оңтүстік  Балқаш  өңіріндегі  ЕҚТА  жүйелерін 



жетілдіру. 

Өңірдің табиғи  экожүйелерін сақтау және қайта қалпына келтіру үшін  бар мемлекеттік 

табиғи  «Іле-Балқаш»  резерваттарының  ЕҚТА  (қорықшаларда)  құқықтық  мәртебесін  көтеру 

қажет.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  2010-2014  жылдарға  арналған  мемлекеттік 



 

21 


«Жасыл Даму» бағдарламасының (ҚР Үкіметінің 10.09.2010 ж. №924 қаулысы) шараларының 

жоспарына енгізілген. Сонымен бірге, өңірді басқарудың жалпы жоспарын жасау және ендіру 

қажет,  оған  әртүрлі  мәртебелері  ЕҚТА-да  және  жаңа  қосылатын  аумақтарда  экологиялық 

дәліздер  мен  аралық  (буферлі)  аймақтарда  табиғатты  пайдаланудың  тұрақты  экологиясын 

дамыту. 

2009  ж.  ГЭФ/ПРООН  KAZ/00/G37  (00013215)  жобасының  аясында  Іле  өзенінің  атырауы 

мен  Балқаш  көлінің  оңтүстігінде  мемлекеттік  табиғи  «Іле-Балқаш»  резерватының  құрудың 

табиғи ғылыми негіздемесі (ТҒН-ЕНО) жасалды. ТҒН жобасы ҚР АШМ ОАШК (КЛОХ МСХ 

РК) бекітті және оған мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қортындысы алынды. 

2011  ж.  ҚБО  (ЦДЗ)  және  ГАЖ  (ГИС)  «Терра»  ЖШС  ҚР  АШМ  ОАШК  (2011  жылдың 

10.03.  №65  келісім  шарты)  бойынша  бюджет  бағдарламасы  бойынша  «Іле  өзенінің  бойында 

және атырауында мемлекттік табиғи резерват құру үшін ТЭН (ТЭО) жасау» келісімі жасалды. 

Қазірігі кезде далалық зертеулердің және жерді пайдаланудың қазіргі күйін сараптама жасап 

отырып ЕҚТА құрамына ТҒН ұсынған Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендерінің атырауларының 

кейбір жер телімдерін қосып алу мүмкін болмай тұр. 

Қазіргі жерді пайдалануы бойынша тұтас біріңғай жер аумағын резерватқа толық беруге 

мүмкін  емес.  Осыған  байланысты,  ТЭН-нің  жобасы  бойынша  «Іле-Балқаш»  резерватының 

құрамына  3  кластер  жалпы  аумағы  579098,2  га  кіргізу  жоспарланған,  бұл  жерде  сулы  сазды 

жерлер мен орман экожүйелерінде биоалантүрліктің жоғары жиынтығы және сирек кездесетін 

флорасы мен фауналарымен сипаталады: 

1.

 

Балқаш –356 296,2 га 



2.

 

Іле-Жидели атырауы- 200 986 га 



3.

 

Іле өзенінің жайылмасы – 21 816 га. 



Қазіргі кезде Алматы облысының Балқаш ауданының шекарасында Іле өзенінің атырауы 

мен Балқаш көлінің жағалауында МТР (ГПР) мәртебесінде ЕҚТА құруға келісім алынды: 

1. «Балқаш өңірі» жер телімінің ауданы - 356296,2 га (3 сурет, Балқаш өңірі жер телімі). 

Бұл  жер  телімі  флора  мен  фауна  түрлерінің  өте  көп  алуандылығымен,  сирек  өсімдіктер 

қауымдастығының,  бұталы  және  орман  экожүйелерінің  шөлдік  типінің  және  Рамсар 

Конвенциясының  шегінде  халықаралық  мәртебесі  бар  көптеген  сазды-сулы  жерлердің 

болуымен сипатталады. 

«Балқаш  өңірі»  жер  телімінде  басқа  жер  пайдаланушылар  жоқ.  Бұл  жер  телімі  елді 

мекендерден  алыс  орналасқан,  бұл  жерде  шаруашылық  қызметі  жүргізілмейді, темір  жолдар 

жоқ,  автокөлік  жолдары  негізінен  топырақты,  бұлар  жылдың  көп  мерзімінде 

пайдаланылмайды.  Жолбарысты  қайта  жерсіндіру  үшін  қауіп  ертеректе  жоспарланған 

Алматы-Астана  автокөлік  жолын  және  осы  ауданда  Балқаш  көлі  арқылы  көпір  салу 

жұмыстары  болуы  мүмкін,  өйткені  олар  Балқаш  көлінің  біршама  енсіз  жеріне  жақын 

орналасады.  Жоба  Үкіметтің  тапсыруы  бойынша  дайындалды,  бірақ  экологиялық 

сараптамадан  және  экономикалық  бағалаудан  кейін,  қазіргі  кезде  жоба  Үкімет  тарапынан 

қабылданбады.  

Телімнің жолбарысты жіберу үшін мүмкіндігі бар. 

2.  «Іле-Жиделі  атырауы»  жер  телімінің  аданы  -  200  896  га.  (3  сурет,  Іле-Жиделі  жер 



телімі). Бұл телімнің орталық және жоғарғы жағының сағасын құмды алқаптармен жанасқан 

ауданы  үлкен  жайылма  ормандар  мен  тоғайлар  алып  жатыр.  Атыраудың  шығыс  шетімен 

асфальт  төселген  автокөлік  жолы  өтеді  және  елді  мекендер  орналасқан.  Жергілікті 

тұрғындардың  негізгі  шаруашылық  қызметі  –  мал  шаруашылығы.Мұнда  өте  көп  ірі  қара 

малдар,  жылқылар  мен  қойлар  жайылады.  Соңғы  жылдары  ірі  мал  шаруашылық  кешендері 

салынған. 

Жер  телімінде  аңшылық  шаруашылықтары  мен  жеке  демалыс  орындары  орналасқан. 

Жалпы  ауданы  87048.658  га  басқа  жер  пайдаланушыларға  тиесілі.  Оның  жартысынан  көбі  - 

48860 га - «Өтес-В» Агрофирмасының жері. Қазіргі кезде бұл телімде жер пайдалану уақытша, 

заңды  құқықтығын  қарастыратын  құжаттар  жоқ,  осыған  орай  жақын  арада  жерді  пайдалану 

тоқтатылады.  Бұл  шара  сағаның  ортаңғы  бөлігінде  орналасқан  биоалуантүрлілігі  өте  бай 


 

22 


тоғайлар  мен  сазды-сулы  жерлердің  бірегей  телімдерін  қорғауды  қамтамасыз  ету 

қажеттілігінен  туындаған.  Табиғи  бақты  немесе  табиғи  резерватты  құру  жобасының 

техникалық  экономикалық  негізін  (ТЭО)  дайындаған  жағдайда  жер  иеленушілерге  жерді 

пайдалануды  тоқтатуына  байланысты  келген  зиянды  орнына  толтыру  жағы  ҚР  Жер 

Кодексінің бекіткен тәртібі бойынша қарастырылған. 

Бұл  телімде  жолбарысты  қайта  жерсіндіру  Балқаш  көліне  жақын  орналасқан  төменгі 

сағаның сазды-сулы жерлерінің экожүйелерінде жүзеге асуы мүмкін. Өйткені территорияның 

басым бөлігі жолы қиын болғандықтан мал жаю үшін жарамсыз. Елді мекендер де жоқ.  

3. «Іле өзенінің жайылмасы» жер телімі - 21816 га. (3сурет, Іле жайылмасы жер телімі). 

«Іле өзенінің жайылмасы» жер теліміне тек мемлекеттік орман қорының жерлері ғана жатады. 

Қазіргі жер пайдалану жағдайын талдау өзеннің барлық жайылмасы суқорғау аймағы болуына 

қарамастан,  онда  жеке  меншік  немесе  ұзақ  мерзімге  жалға  берілген  жер  телімдері  бар, 

бұларды  ЕҚТА  (ООПТ)  құрамына  енгізуге  болмайды.  Бірқатар  телімдерде  жергілікті 

тұрғындар ресми түрде отын дайындайды, шөп шабады, сонымен қатар демалыс қызметтерін 

ұйымдастырады. 

Жолбарысты  реинтродукциялау  үшін  жер  телімі  жарамды,  бірақ  ауданы  бойынша  кіші 

және ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлермен қоршалған.  

4.  «Қаратал,  Ақсу,  Лепсі  өзендерінің  сағалары  жән  Балқаш  көлінің  жағалаумаңы»  жер 

телімі  –  Алматы  облысының  Қаратал,  Сарқан  және  Ақсу  аудандарының  шекараларында 

орналасқан  (3сурет,  А-Л  жер  телімі,  ауданы  500-600  мың  га-дан  кем  емес).  Табиғи 

резерватты  құрудың  ЕНО  (ГЭФ/ПРООН)  дайындау  кезеңінде  Балқаш  көлінің  оңтүстік 

жағалауы бойында және Ескі Бақанас Атырауының солтүстік-шығыс бөлігінде Қаратал, Ақсу 

және  Лепсі  өзендерінің  сағаларын  қамтитын  Қаратал-Ақсу  қорықтық  аймақты  құру 

ұсынылған. Жер теліміне тұтастай Қоқан зоологиялық қорықшасы енген.  

Балқаштың  жағалаумаңы  ну  тоғайларында,  Қаратал,  Ақсу,  Лепсі  өзендерінің  сағалары 

мен  алаптарында  және  олардың  салаларында  доңыз,  елік,  қасқыр,  түлкі,  шүйебөрі,  сарғыш 

күзен,  борсық,  мәлін,  құм  қояны  мекендейді.  Көл  жағалауларында,  өзендердің  сағасындағы 

аралдарда,  сол  сияқты  көптеген  жағалаумаңы  көлдерде  ондатр  мекендейді.  Балқаш  көлінің 

барлық  жағалауы  «Балқаш  өңірі»  (1  сурет,  Балқаш  өңірі)  мен  Қаратал,  Ақсу,  Лепсі 

өзендерінің  сағалары  мен  Балқаш  көлінің  жағалауы»  (1  сурет,  А-Л)  жер  телімдерінің  арасы, 

ауданы шамамен 300 мың га (1 сурет, Қос.), жолбарыстың мекендеуі үшін жарамды. 

Бұл аумақтардың ауданының басым бөлігі аңшылық жерлер, қажетті инфрақұрылымдар 

жасалған, пайдаланушылар бұл территорияны ЕҚТА құрамына бергісі жоқ. Жердің бір бөлігі 

жеке меншіктің қарамағында. Мысалы, «қосымша» телімде негізінен балықшылар мен ондатр 

аулауға  маманданған  аңшылар  тобы  қоныстанған.  Бұл  жер  телімінде  жерді  алмай-ақ 

мемлекеттік табиғи қорықша ұйымдастыруға болады.  

Жоғарыда  келтірілген  барлық  жер  телімдері  жолбарысты  қайта  жерсіндіру  үшін 

жарамды,  бірақ  «Іле  жайылмасы»  телімі  ауданы  бойынша  шамалы  және  ауыл  шаруашылық 

территориялар  және  елі  мекендермен  қоршалған.  Мұнан  былай  бұл  телім  қайта  жерсіндіру 

жұмыстары үшін жарамды ретінде қарастырылмайды.  

Сонымен,  жобаланушы  «Іле-Балқаш»  мемлекеттік  табиғи  резерваты  Алматы  облысы 

Балқаш  ауданында  орналасқан  2  кластерлік:  «Балқаш  өңірі»  және  «Іле-Жиделі»  (1сурет,  1,2 



телімдер) телімдерін қамтиды. Бұлар жолбарысты қайта жерсіндіру үшін біршама ыңғайлы.  

Әлеуметтік-экономикалық  сипаттағы  бірқатар  мәселелерді  орындаған  жағдайда  Іле 

өзенінің  жайылмасының  төменгі  бөлімінің  де,  Іле  өзенінің  қазіргі  сағасының  жоғарғы 

бөлігіндегі  Іле-Топар  өзен  аралығын  қоса,  және  Қаратал,  Ақсу  мен  Лепсі  өзендерінің 

сағаларының  да  келешегі  бар.  Жоғары  табиғат  қорғау  мәртебесі  бар  ЕҚТА  құрамына 

кірмейтін  жер  телімдері,  олар  үшін  жер  бөлу  және  меншік  формасын  не/немесе  табиғат 

пайдаланудың негізгі тәртібін өзгерту жүргізілмейді, кешенді аумақтарды басқару Жоспарына 

енгізілуі тиіс. Бұл жергілікті тұрғындардың пайдасы мен аймақтың жекелеген телімдерін емес, 

оның  тұтастай  экологиялық  жағдайын  оңтайландырып  біріктіруге  мүмкіндік  береді.  Басқару 

жоспарын  дайындау үшін құрамына жоғары табиғат қорғау мәртебесіне ие ЕҚТА және жер- 



 

23 


мен  табиғат  пайдалану  тұрақты  түрде  жүргізілетін  көлемді  аумақтар  енетін  Экологиялық 

жүйелердің  телімдерінде  кешенді  басқарудың  механизмдерін  жүзеге  асыру  және 

дайындаудың  Тәжікстан  («Тигровая  балка»  қорығының  өңірі)  мен  Қазақстанда  (Түркістан, 

Сырдария)  WWF  жобаларының  жұмыстарының  нәтижесінде  алынған  тәжірибені  пайдалану 

мүмкіндігі бар 

http://www.wwf.ru/about/where_we_work/asia/kazakh/results2012.

 

Шаруа  қожалықтарының  жерлері  тек  жайылым  мен  шөп  шабуға  пайдаланатындықтан, 



оларды  жайылымға  түсіретін  мөлшерлерін  сақтаған  жағдайда  резерваттың  қорғау  аймағына 

енгізу  мүмкіндігі  бар.  Ауыл  шаруашылық  өндірісті  жүргізу  үшін  пайдаланылатын  жерлер 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсетілген осы мақсат үшін ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтардың шекарасында орналасқан елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының 

азаматтарына  Қазақстан  Республикасының  заңдылықтарымен  бекітілген  тәртіп  бойынша 

берілуі мүмкін. Бұл, мысалы, «Іле-Жиелі атырауы» тәліміне тән.  

Ұлттық табиғи резерват құруды жоспарлау тұрғысында және өңірді «Жасыл экономика» 

концепциясын  дамытудың  моделі  ретінде  бағыттау  үшін  табиғат  қорғау-әлеуметтік-

экономикалық 

аудандастыру 

бойынша 

ұсыныстар 

дайындалды 

(ҚР 

География 

институтының аналитикалық шолуында екжей-текжейлі келтірілген, I Қосымша) 

Резерват  жоспарланатын  аумақтарда  экологиялық  және  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайлардың  объективті  сипаттамалары  бойынша  аумақтық  қорғаудың  және  шаруашылық 

қызметке рұқсат берілудің әртүрлі деңгейі бар үш негізгі аймаққа бөлінген:  

1) Қорық тәртібіндегі аймақ (орталық аймағы), ұзақ мерзімде генетикалық ресурстарды, 

биоалуантүрліліктерді,  экожүйелер  мен  ландшафтарды  сақтауға  арналған.  Мекендеу 

ортасының жағдайларын оңтайландыру үшін келешегі бар (оның ішінде – жолбарысты қайта 

жерсіндіру) және табиғи ортаны кешенді қорғауға арналған төрт аумақ енеді;  

2)  Буферлік  аймақ,  экологиялық  бағытталған  шаруашылық  қызметті  жүргізуге  және 

биологиялық ресурстарды тұрақты өсіруге мүмкіндігі бар аймақ;  

3)  Қорғау  аймағы,  резерваттың  экожүйесіне  теріс  әсер  етпейтін  дәстүрлі  шаруашылық 

қызметтің негізгі түрлерін жүргізуге арналған.  

Көрсетілгеннен 

басқа, 


ерекше 

қорғалатын 

тәртібі 

болмайтын 

және 

жер 


пайдаланушылардан  жер  алынбай-ақ  құрылатын  транзиттік  аймақ  немесе  тұрақты  даму 

аймағы бөлінеді. Оның аумағында мемлекеттік табиғи резерваттың қорғалатын және буферлік 

аймақтарда  қоршаған  ортаға  келеңсіз  өзгерістер  тудыратын  шаруашылық  қызметтің  түрлері 

ғана  реттеледі.  Ерекше  ықылас  табиғи  ресурстарды  пайдаланудың  теңдестірілген 

принциптеріне  негізделген  ауыл  және  орман  шаруашылықтарын,  жергілікті  кәсіпшілік  пен 

туризмді жүргізудің тиімді формаларын дамытуға беріледі.  

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін  атқаратын  міндеті  бойынша  ерекшелінетін  аймақтар 

мен  аумақтардың  екі  санатты  жүйесін  қалыптастыру  керек:  1)  жолбарыстың  мекендеу 

ортасының  жағдайын  оңтайландыру  және  қайта  жерсіндіру  үшін  келешегі  бар  аумақтар;  2) 

«Жасыл  экономиканы»  дамытуға  бағытталған  әлеуметтік-экономикалық  жұмыстардың 

кешенін  жүргізуге  қажетті  аумақтар  (жергілікті  әлеуметтік-экономикалық  және  табиғат 

қорғауды дамытуды біріктіру).  



 

4.4. Биологиялық ресурстарды қорғау және аумақтарды бақылау жүйесі  

Сирек  кездесетін  жануарлар  мен  өсімдіктердің  түрлерін  қорғауға,  сонымен  қатар 

аңшылық 

заңдылықтардың 

орындалуына 

Охотзоопром 

жауап 

береді. 


Орман 

заңдылықтарының  орындалуын  бақылауды  орман  шаруашылығының  облыстық  және 

аудандық  басқармалары  жүзеге  асырады.  Қоршаған  орта  мен  су  ресурстарын  қорғау 

Министрлігінің  орман  және  аңшылық  шаруашылықтары  Комитеті  ұлттық  саябақтардың, 

Охотзоопромның  және  орман  шаруашылығы  басқармасының  қызметіне  басшылық  жасайды. 

Мемлекеттік  балық  инспекциясы  балық  аулау  ережелерінің  орындалуына  бақылауды 

қамтамасыз етеді.  

1).  Қаскерлікпен  күресу  шаралары.  Жануарлар  дүниесін  басқару  және  қорғау 

орындарының  материалдық-техникалық  базасын  нығайту;  арнайы  ұтқырлы  рейд  топтарын 


 

24 


құру.  Өңірдің  ерекшелігі  мен  бірқатар  телімдерге  жолдың  жоқтығына  байланысты,  ең 

алдымен  ну  қамыстар  мен  тоғайлар,  бақылаудың  оңтайлы  режимі  жүріп  өту  мүмкіндігі 

жоғары  автокөлікпен, суда  моторлы  қайықпен  жиі-жиі  шолғындау  және  ауадан  (тікұшақтар, 

ұшақтар, ұшқышсыз ұшатын құралдарға бақылау камераларын орнату) бақылаудың дәстүрлі 

рейдтік аумақтық қорғауды біріктіру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Автокөлікпен рейдтік 

қорғау  тұяқты  жануарлардың  (қарақұйрық,  ақбөкен)  популяцияларын  өтпелі  аумақтар  мен 

шөлді аймақтарда қалпына келтіруде үлкен маңызға ие болады.  

2).Жергілікті  тұрғындарды  олардың  өмір  сүру  деңгейін  көтеретін  - бағдарлама  шегінде 

қоғамдық  бақылаумен  байланысты  жүзеге  асатын  қаскерлікке  жол  бермеу  үшін  сол 

аумақтарда:  жалға алынған жерлерде, ауыл  аумақтарында қызметтің баламалы формаларына 

тарту және т.б. Тікелей қорғаумен қатар, бұл шаралар мекендеу ортасын сақтау мен қалпына 

келтіруде және қаскерлікке жол бермеуде маңызды рөл атқарады.  

3).  Өңірдегі  тұяқты  жануарлардың  таралу  аймағын  қамтитын  жаңадан  ЕҚТА 

ұйымдастыру  және  қолданыстағысын  қайта  құру.  Бұл  кешенді  шаралар  ЕҚТА  жүйелерін 

жетілдіру бөлімінде қарастырылған.  

4).Экожүйелер  жағдайын  тұтасымен  оңтайландыру:  ең  алдымен,  көптеген  түрлердің 

негізгі  мекендеу  ортасы  болып  табылатын  өсімдіктерді  жоятын,  сол  сияқты  жануарлардың 

көптеген түрлерін өлім-жітімге ұшырататын өртеуді тоқтату. Бұл шараны жүзеге асыру үшін 

тек  қорғау  мен  өртке  қарсы  шаралар  ғана  емес,  сонымен  қатар  мал  шаруашылығын  төзімді 

формаларын,  мысалы,  балама  әдістерді:  кенеге  қарсы  өңдеу,  жоғарғы  өнімді  азықтық 

дақылдар егу, ескі қамыстарды шабу әдістерін ендіру.  

5).  Қарқынды  аң  шаруашылықтары  жүйесін  экологиялық  дәліздер  мен  буферлік 

аймақтарда  дамыту  (соның  ішінде  қолданыстағы  жеке  шаруашылықтар  базасында).  Табиғат 

қорғау  мәртебесі  жоғары  ЕҚТА  жүйелерін  құру,  мұндай  шаруашылықтар  бағдарламаның 

маңызды  серіктестері  болып  табылады.  Бұл  кезде  халықаралық,  сол  сияқты  Қазақстанда  бар 

маңызды  тәжірибені:  қорғауды  оңтайландыру,  қолда  өсіру,  биотехниялық  шаралар  –  үстеме 

қоректендірудің  әртүрлі  жүйелері,  азықтық  егістіктер  жүйесін  дамыту,  тұздықтар  жасау, 

топтардың  жыныстық-жастық  құрылымын  реттеу  жолымен  көбею  қарқындылығын  арттыру 

және  т.б.  қолдануға  болады.  Мысалы,  жобаланатын  аумақтарға  жақын  орналасқан  және 

экожүйелер  мен  түрлердің  кешені  ұқсас  Қарашеңгел  аң  шаруашылығының  тәжірибесін 

пайдалану өте тиімді болуы мүмкін.  

Жеке  шаруашылықтардың  иелерінің  (жалға  алушылардың)  қызығушылығын  арттыру 

үшін шаруашылықты жүргізудің ынталандыру жүйесі қарастырылуы тиіс, бұл кезде өсірілген 

аңның  бір  бөлігі  реттелген  аңшылықты  ұйымдастыру  үшін  пайдаланса,  екіншісі  –  тікелей 

аңшылық  өнімді  алуға,  ал  бір  бөлігі  –  табиғи  экожүйелерді  байыту  үшін  пайдаланылады. 

Мұндай  қызмет  өсімталығы  өте  жоғары  болатын  түр  –  жабайы  шошқаның  популяциясының 

санын артыруда өте тез нәтиже береді. 

6).  Өңірде  тұяқты  жануарлардың  популяциясының  жағдайына  тұрақты  түрде, 

тұяқтыларға  жыртқыштардың  әсерін  бағалай  отырып,  мониторинг  жүргізуді  ұйымдастыру. 

Қазіргі кезде мемлекеттік қаржыландыру шегінде арнайы мемлекеттік қызметтердің күшімен 

Охотзоопром  мен  Зооогия  институты  тұрақты  түрде  маңызды  түрлердің  санына  санақ 

жұмыстарын жүргізеді. Деседе, бағарламаны және қарастырылатын әрбір телімдерде нақтылы 

биотехниялық  шараларды  жүзеге  асыру  бойынша  ұсыныстар  дайындау  үшін  популяциялық 

топтардың жыныстық-жастық құрылымын, көбеюдің тиімділігін, антропогенді сипат тән емес 

өлім-жітім себептерін ашатын тереңдетілген кешенді зерттеулерді жүргізу қажет.  

 

4.5.  Тұяқты  жануарлар  популяциясының  жағдайы,  және  оларды  қалпына  келтіру 



және санын көбейту шаралары  

Балқаш  көлінің  оңтүстік  жағалауы,  Іле  өзенінің  алқабы  және  оған  көршілес  жатқан 

шөлейтті  және  шөлді  аумақтар  ертеректе  жолбарыстың  негізгі  жемтігі  болып  табылатын 

көптеген алуантүрлі түрлер мекендеген. 



 

25 


Жабайы  шошқа  (Sus  scrofa)  -  сазды-сулы  жерлердің  барлық  кеңістігінде  мекендеген 

біршама көпсанды түр. Жекелеген даралары, топтары және торайлары қамысты телімдермен 

көршілес құмды жерлерде де байқалған, ол жерлерде доңыздар Halostachys caspica бұтасының 

тамыр  сабақтарын  қазады.  Сараптау  бағасы  бойынша  Іле  өзенінің  атырауында  бұл  түрдің 

жалпы саны 3000-нан 5000 дара деңгейінде (бұл ресми санақтарың мәліметтерінен әлде-қайда 

көп, бірақ ол жылма-жылғы астыртын аулау  бойынша сұрақ-жауап деректеріне негізделген). 

Ертеде доңыз барлық Орталық Азия бойынша жолбарыстың негізгі жемтігі болып табылған. 

Антропогендік  әсерлер,  ең  алдымен  рұқсатсыз  аулау  мен  қаскерлік,  өрт  және  мал  жаю 

(бәсекелестік  және  беймазалау  факторы)  жабайы  шошқаның  таралуын  өзгертті.  Сірә,  тоғай 

ормандарының деградацияға ұшырауы және аулау әсері шошқаны жетуге қиын ну қамыстар 

мен  биік  шөпті  орындарға  ығыстырды.  Қорек  құрамы  көп  болғандықтан  Азияның 

экожүйелерінде доңыздың саны кезекпен өнім беретін түрлердің (мысалы, таралу аймағының 

басқа  бөлімдеріндегі  шамшат,  емен,  самырсын  сияқты)  өнімділігіне  аса  көп  тәуелді  емес. 

Осыған  қарамастан  шошқаның  санының  жылдам  өсуіне  қол  жеткізуге  аса  күрделі  емес 

биотехниялық шараларды, мысалы, азықтық егістіктер қолдану арқылы қол жеткізуге болады. 

Орталық  Азияда  шошқаның  орналасу  тығыздығы  1000  га-да  16-20-дан  50-60  бас 

аралығында ауытқып тұрады. Таулы жаңғақжемісті ормандарда оның тығыздығының жоғары 

болуы түсінікті,  ал тоғай экожүйелерінде мұндай көрсеткіш  үстеме  қоректену биотехниясын 

қолданғанда  байқалады.  Нақтылы  мысал  ретінде  Қарашеңгел  МҚАШ-да  (ГЗОХ) 

тұяқтылардың әртүрлі популяцияларының тығыздығы тұрақты (Байдаулетов, ауызша хабар): 

Іле  өзенінің  сол  жағалауындағы  тоғайларда,  ауданы  20  мың  га  аумақда  санақ  деректері 

бойынша  соңғы  жылдары  бұхар  бұғысының  саны  тұрақты  350-400  бас,  елік  –  380  және 

жабайы шошқа шамамен 400-дей, яғни 1200 бас тұяқты жануар 20 мың га немесе 60 мың га 

аумақтарда  кездеседі.  Мұндай  тығыздылыққа  арнайы  биотехниялық  шараларды  (мысалы, 

қыста  үстеме  қоректендіру)  пайдалану  арқылы  қол  жетті.  Екінші  жағынан,  аумақтардың 

шектеулі  болуы  жануарлардың  табиғи  жолмен  таралуына  кедергі  жасайды,  ол  көбею 

жылдамдығын төмендетеді. 

Есептеу  үшін  біз  шошқа  санының  өсуінің  орташа  жылдамдығын  жылына  50-100%  деп 

алдық.  Бұл  доңыз  үшін  өте  дұрыс  баға;  шындығында  қолайлы  жағдайларда  оңтайлы  өсімге 

жетуге экожүйе үшін популяция тығыздығының артуы мұнан да жоғары болуы мүмкін. Яғни 

қолайлы  жағдайлармен  қамтамасыз  етілгенде  және  қаскерлік  толықтай  тоқтаған  жағдайда 

жобаланатын  аумақтарда  3  жылдан  соң  оның  саны  20-25  мыңға  жетуі  толықтай  мүмкін. 

Дамудың оңтайлы жағдайларына барлық аумақтарда қол жеткізу мүмкін емес, бірақ доңыздың 

осындай  өсім  жылдамдығына  және  оның  популяциясының  тығыздығының  жергілікті  жерде 

(ең алдымен қарқынды аң шаруашылықтарында) жоғары болуы ақиқат, бұл жолбарыстардың 

алғашқы  тобын  жіберуге  мүмкіндік  береді.  5-7  жылдан  соң  шошқаның  саны  жобаланатын 

аумақтарының  50%-да  30-50  мыңға  жетеді  және  мұның  өзі,  жолбарыстардың  тұрақты 

популяциясының алғашқы дамуын қамтамасыз етеді.  



Бұхар  бұғысы  (Cervus  elaphus  bactrianus)  ертеде  саны  біршама  болған  түр  және 

жолбарыстың  қорегінде  маңызды  орын  алған,  бірақ  бұл  түр  осы  аумақтардың  фаунасының 

құрамынан жойылып кеткен. Өте жақсы және мекендеу ортасының  ауданы бойынша мұндай 

жерлер қазіргі кезде Іле өзенінің жайылмасы мен атырауында сақталып қалған.  

Бұхар бұғысы үшін популяция тығыздығы тән табиғи экожүйелерде маралдардың басқа 

түршелерінен  осы  көрсеткіш  бойынша  әлдеқайда  жоғары  болу  тән.  Мысалы,  Қызылқұм 

қорығында  (Өзбекстан)  ешқандай  биотехниялық  шараларсыз  тоғай  бұғысының  саны  көп 

жылдар бойы тұрақты болып, ауданы 5000 га тоғай телімінде 150 басы (тығыздығы мың га-да 

30  бас)  мекендеді;  Бадай  тоғай  қорығында  бұхар  бұғысының  саны  2011  жылы,  ешқандай 

биотехниясыз  6000  га  жерде  660  басты  құрады  немесе  мың  га-да  100  бұғы  мекендеді 

(Pereladova, 2013). Су мөлшері жеткілікті болғанда бұғының тығыздығы мың га-да 50-60 басқа 

жеткенде де экожүйенің тозуы және ағаштардың өсуінің баяулауы байқалмады.  

Бұғылар  тобының  өсу  жылдамдығы  қалыпты  жағдайда  жылына  25-30%  болады,  бірақ 

мұндай өсім шамамен бұғының саны 50 дараға жеткенде ғана байқалады. Сол себепті жылма 



 

26 


жыл 50 бұғыны топ-тобымен 10-15 жануардан 4-5 жыл аралығында бірнеше телімдерге жіберу 

жоспарланған. 

Бұхар  бұғысын  қайта  жерсініру  үшін  өңірдің  тоғайлы  экожүйелерінде  әдістемелік 

тәсілдер  және  1970  жылдары  түрді  реинтродукциялаудағы  біршама  тәжірибе  қолданылуы 

мүмкін, осының арқасында Қазақстанда Қарашеңгел МҚАШ-да (ГЗОХ) бұғылар популяциясы 

пайда болды. Бұл тәжірибені Н. В. Мармазинская (2012) қорытынылады.  

Болашақта жіберілетін телімдерде бірнеше бейімдеушілік қоршауларын салу керек, бұл 

жіберу  үшін  топтың  оңтайлы  жыныстық-жастық  құрамын қалыптастыруге  мүмкіндік  береді. 

Мұнан басқа қоршауда топтарды 6 айға дейін ұстау олардың арасында өзара байланыстарды 

қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді,  ол  жіберілгеннен  кейінгі  миграцияға  жол  бермейді. 

Реинтродукция бойынша жұмыстар үшін алғашқы жануарлар ретіне Қарашеңгел МҚАШ-дағы 

бұғыларды  пайдалануға  болады.  Қазіргі  саны  шаруашылыққа  зиян  келтірмей-ақ  жылына 

бірнеше  ондаған  дараны  алуға  мүмкіндік  береді.  Мұнан  басқа  белгілі  жыныс-жастағы 

топтарды алу көбеюді ынталандырады.  



Елік  (Capreolus  pygargus)  сирек,  бірақ  барлық  өңірде  кездеседі.  Түрге  тиетін  негізгі 

қолайсыз  әсер  өрт  пен  ретсіз  аулау.  Елік  үшін  жарамды  мекендеу  орындарының  ауданы 

шамалы.  Оның  мекендеу  орындары  негізінен  жиде-тораңғыл,  жиде-жыңғыл,  жиде-қамыс 

өскен  саванналық  типтегі  қауымдастықтарда  орналасқан.  Елік  те  біршама  жоғары 

репродукциялық  әлеуетке  ие  және  қорғауы  дұрыс  болса  3-5  жылдың  ішінде  популяция 

тығыздығы  мың  га-да  10-15  басқа  жету  мүмкіндігі  бар,  ал  болашақта  мың  га-да  20-30  басқа 

жетеді.  

Өзен алқаптарына жақын жатқан шөл  аумақтарында қарақұйрық (Gazella subguttorosa 



subguttorosa)  мекендейді,  олар  әліде  болса  біршама  бар  (саны  шамамен  3000  бас  деп 

бағаланады).  Іле-Қаратал  өзендерінің  аралығында,  Сары-Есік-Атырау  шөлінде  ақбөкеннің 

(Saiga  tatarica)  аздаған  популяциясы  сақталған,  олардың  саны  150  бастан  көп  емес.  Мықты 

қорғауды  ұйымдастыру  бұл  аумақтарда  қарақұйрықтың  10  мыңнан  аса  популяциясын 

қалыптасуын,  сол  сияқты  ақбөкендердің  популяциясының  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Бұл 

түрлердің  популяцияларындағы  санының  өсуі  қолайлы  жағдайларда  жылына  шамамен  50%-

ды  құрайды.  Ақбөкен  үшін  табиғи  топтарының  Бетпақдалада  (Қазақстан)  қалпына  келуінің 

тамаша  мысалы  бар,  онда  алғашқы  жыныс  құрамының  бұзылуы  жағдайында  (қарқында 

қорғаудың  алғашқы  кездеріне  таңдап  ату  қаскерліктің  нәтижесінде  популяцияда  бар-жоғы 

аталықтарының саны 2%-н кем болғанда) болғанның өзінде де популяция 2003 жылғы 2900-

ден 2013 ж. 156000 дейін өсті. 

Қарақұйрықтар  топтарының  санының  өсуі  де  («Джейран»  экоорталығы,  Өзбекстан, 

Огурчин  аралы,  Туркменстан)  осыған  ұқсас  мысал  болып  табылады.  Бұл  3-5  жылдан  соң 

санының  10  мыңға  (қолайсыз  қыс  айларындағы  өлім-жітімнің  арту  мүмкіндігін  ескере 

отырып) жететінін болжауға мүмкіндік береді. 

Өзен алқаптары мен атырауларына іргелес жатқан шөлді аумақтарға тән болған тағы бір 

түр  құлан  (Equus  hemionus).  Бұл  да  атырау  мен  шөлдің  арасындағы  аралық  аймақта 

жолбарыстың мүмкін болатын жемтігі болып табылады. Құлан да бұл аумақтың фаунасының 

құрамынан  жойылған,  бірақ  мекендеу  ортасының  жағдайы  Сары-Есік-Атырауға  қайта 

жерсіндіру  ойдағыдай  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Құландарды  қайта  жерсіндірудің  қазіргі 

тәжірибесі Түркменстанда да, Қазақстанда да жеткілікті. Түрдің қайта жерсіндірілген барлық 

популяциялары 

бастауын 

Бадхыз 


қорығынан 

(Түркменстан) 

алады. 

Қазақстан 



Республикасында  құланды  қайта  жерсіндіру  бойынша  жұмыстардың  тәжірибесі  әдістемелік 

ұсыныстарда  қорытыланған  (Флинт  және  басқалары,  1988).  Қайта  жерсіндіру  бойынша 

жүргізілген алдындағы жұмыстардың ойдағыдай нәтижелері, мысалы, Іле өзені мен Қапшағай 

жасанды  суқоймасының  оң  жағалауындағы  «Алтын  емел»  ұлттық  бағындағы  саны  тұрақты 

түрде өсіп жатқан құландардың тобын құруға мүмкіндік берді, бұл топты Сары-Есік-Атырауға 

жіберудің көзі ретінде пайдалануға болады. Осындай аса алыс емес қашықтыққа құландарды 

аудару  жергілікті  экологиялық  жағдайларға  бейімдеудің  қажеттілігі  туындамайды.  Осыған 

орай,  жіберілетін  топтың  жақын  құрылымын  қалыптастыру  және  тасымалау  кезінде  күрт 



 

27 


артатын  миграциялық  белсенділігін  басу  үшін  тек  уақытша  (6  айға  дейін)  ұстауға  арналған 

қоршаулар жүйелерін құру ғана қажет. 

Балқаш  көлінің  оңтүстік  жағалауындағы  біршама  ауданды,  шамамен  10  млн.  га,  Сары-

Есік-Атырау  құмдары  алып  жатыр  және  ол  құланның  тарихи  таралу  аймағының  құрамына 

кіреді. Шөлдік климат және жаз айларында суаттардың болмауы, қыстың қатал болуына қарай 

бұл  аудан малшаруашылығы үшін өте аз пайдаланылады. Бұл ауданда құлан үшін жайылым 

сапасы,  соңғы  жылдары  қалпына  келген  оның  қазіргі  кезде  мекендейтін  көптеген 

аудандарынан  әлде-қайда  жоғары.  Ең  шамалы  бағалаудың  өзі  бұл  жерде  10  мыңға  дейін 

құланның  мекендей  алатын  мүмкіндігі  бар  екендігін  көрсетіп  отыр.  Құланның  мұндай  тобы 

жылдың  барлық  кезеңдерінде,  соның  ішінде  жаз  айларында  суатта  да,  жолбарыстың  азық 

құрамын  біршама  толтырады.  Құландардың  жасанды  топтарын  қалыптастыру  технологиясы 

жақсы дайындалған. 3-4 жыл ішінде 50-100 құланнан әкелу қажет, ал 10 жылдан соң құланның 

санының 1000-1500-ге жететінін есептеп шығаруға болады. 

Тоғайларда,  аралық  территорияларда  және  іргелес  жатқан  шөлде  тұяқтылардан  басқа, 

кезінде  және  қайта  жерсіндірілген  жағдайда  жолбарыстың  қосымша  азық  қоры  болған  және 

болатын  түрлердің  алуан  түрлері  жеткілікті.Тікелей  адам  тарапынан  қудалауға  ұшырайтын 

тұяқтылар популяцияларын қалпына келтіру үшін арнайы кешені шараларды қолға алу қажет. 

Көптеген  басқа  түрлерді  қалпына  келтіруге  арнайы  мақсаттағы  шаралар  қажет  емес.  Ол 

аумақтарды  қорғауды  жақсарту  кезінде  антропогендік  қысымның  жалпы  төмендеуі  шегінде 

және бірінші кезекте жер пайдаланудың экологиялық-тұрақтылық формаларын енгізу кезінде, 

мысалы, жаппай өртеуі тоқтатқан кезде, жүзеге асады.  

Ресейдің  Қиыр  Шығысының  оңтүстігінде  жолбарысты  зерттеу  жолбарыстың  саны  мен 

тұяқтылардың санының қатынасы шамамен 1:300 болуы керектігін көрсетті (Смирнов, Микел, 

2005;  Гудрич  және  басқалары,  2010;  Ресейдегі  WWF  ҚШ  бөлімшесінің  есептері).  Қиыр 

Шығыста  жолбарыстың  мекендейтін  телімінің  мөлшері  10  мың  га  болғанда  ондағы  барлық 

тұяқты жануарларддың тығыздығы шамамен мың га-да 30 бас болуы керек. Орталық Азияда 

жолбарыстың  да,  тұяқты  жануарлардың  да  тығыздығы  Қиыр  Шығысқа  қарағанда  жоғары 

болды.  Мысалы,  Қарашеңгел  МҚАШ-да  тұяқтылардың  жалпы  тығыздығы  соңғы 

онжылдықтарда мың га-да шамамен 60 бас деңгейінде болып тұр.  

Сонымен, жолбарыстарды жіберуге территория мынандай жағдайда дайын болады:  

 

алғашқы, ауданы 100 мың га-дан кем емес (қайта жерсіндірудің алғашқы потенциалды 



ошақтарында)  моделді  аумақтарда  ең  қажетті  табиғат  қорғау  тәртібі  заңды  тұлға  ретінде  - 

ЕҚТА  ресми  мәртебесі,  сол  сияқты  нақты  тәртіптер  –  қаскерліктің  болмауы  ,  бөтен  жер 

пайдаланушылардың 

болмауы 


және/немесе 

аумақтарда 

қалған 

барлық 


жер 

пайдаланушыларды  бағдарламаны  жүзеге  асыру  процесіне  әртүрлі  формаларда  толықтай 

тарту қалыптасқанда және сақталғанда; 

 



алдағы  жіберілетін  аумақтарда  реттелмейтін  мал  шаруашылығы  және  өрт  толықтай 

тоқтағанда;  

 

шектеулі  мал  жаю  сақталған  жерлерде  қазіргі  технологиялар  қолданғанда  (азықтық 



шөптерді егу, кенеге қарсы өңдеу, қамыстарды шабу) және малды жолбарыстарың кездейсоқ 

шабуылынан қорғауды қамтамасыз еткенде; 

 

тұяқтылардың  саны  елеулі  өскенде  және  популяцияның  жалпы  тығыздығы  ең  кем 



дегенде мың га-да 30 басқа жеткенде; 

 



ықтималды  жіберетін  ауданның  эпизоотиялық  қауіпсіздігін  ветеринариялық  тексеру 

құптаған жағдайда.  


1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет