Бағдарламасы Бағдарламаға жалпы шолу



бет1/4
Дата12.04.2023
өлшемі40,29 Kb.
#81897
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. Нұрлы жол Бағдарламасы

    1. Бағдарламаға жалпы шолу.......................................................................5

    2. Кең ауқамды іске асыруға тиіс мәселелер...............................................7

  1. Жолдаудың ең басты түйіні

    1. Ифрақұрылымдық даму...........................................................................8

  2. Жалпы ұлттық идея

    1. Мәңгілік ел................................................................................................11

Қорытынды.................................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................14

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қарашадағы Жолдауы қаншалықты көкейтесті және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығы мен жауапкершілігі жылдам, әрі нәтижелі орындалу керектігі бірден байқалып қалды. Бұған дейінгі Жолдаулар дәстүрлі түрде жаңа жылдан кейін жарияланатын еді. Бірақ бұл жолы Президент Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын әдеттегідей емес, қараша айының басында жариялап жіберді. Бұған баспасөздер мен әлеуметтік желілерде саясаттанушылар арасында әртүрлі пікірлер айтылып, қызу талқыға түсуде. Көбісі бұл маңызды құжат еліміздің әлеуметтік дамуына тың серпін береді деп топшылауда.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқандай, қазір бүкіл әлем экономикалық сипаттағы жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Ол – қаржылық дағдарыс, әлемдік экономиканың құлдырауы, ірі державалардың геосаяси дағдарысы бәрі-бәрі есепке алынуда. Соны меңзеген облыс әкімі өңіріміз үшін маңызды деген жайттарға ой тоғытып, болашақта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Елбасымыздың биылғы Жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.
Ең бастысы, бұдан бұрынғы қол жеткізілген нәтижелер сараланып, енді осыдан соң тың міндеттерге бағыт беріліп, соны жүзеге асыруға бар күш-жігер жұмылдырылмақ. Ұлттық қордан 2015, 2016, 2017 жылдарға, әр жыл сайын үш миллиард доллардан қаржы құйылуы соның берік кепілдігі іспеттес.
Әсіресе, әлеуметтік саладағы екі-үш ауысымды мектептерді жою, балабақшаны көбейту және тағы басқа мақсаттардың халық көңілінен шығып, қолдау табары сөзсіз. Ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 180 миллиард теңге қаржының жас отбасылар мен пәтерге мұқтаж адамдарға үй салуға бөлінетіндігі де халықты бір қуантып тастады.
Жолдауда еліміздің жолдары ең негізгі байланыс өзегі болғандықтан, негізгі аймақтарды байланыстыратын автожолдарды жөндеу туралы тапсырмаларға да ерекше көңіл бөлінді.
Жастар мен жоғары білім саласының мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айрықша атап көрсетті, жоғары оқу орындары тек ғылым-білім ғана емес, сонымен қатар жаңа инновациялардың ордасы болып, Отанымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуында мемлекетке қолғабыс тигізуі тиіс. Сонымен қатар қай істің де алтын діңгегі – жоғары сапалы кадрлар құрамы. Бұл орайда Н.Назарбаев қазір өзін-өзі жан-жақты ақтаған «Болашақ» бағдарламасын одан әрі жетілдіріліп, өркен жаятынын айтып, ел жастарының сенімін нығайтты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет