Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

СƏКЕН ƏДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ*
Өнерпаздардың дарын қуаты мол, алымы кең болғаны, 
əрине,  мəдениет  тарихы  үшін  үлкен  олжа.  Табиғи  талант 
терең  біліммен,  телегей  теңіз  ақыл-парасаптен  толысып, 
замананың  эстетикалық,  ғылыми  талап-тілектеріне  жауап 
беріп отырса, қалам қайраткерлеріне одан артық бақыт жоқ.
Белгілі  əдебиет  сыншысы,  қоғам  қайраткері  Ғаббас 
Тоғжанов: «Біздің  көбіміз  (бəріміз  десек  те  өтірікші  бола 
қойман)  қазір  универсалмыз.  Көп  білгендіктен  универсал 
емеспіз,  көп  міндет  жүктелгендіктен,  амалсыздан  универ-
салмыз.  Қазақ  тұрмысында  жұртшылық  алдына  түспей, 
білінбей  қараңғы,  тұйық  жатқан  мəселелер  көп.  Соларды 
ашқың  келеді,  түсінгін  келеді.  Əдебиет  сыны  тарихты 
білуді  керек  қылады.  Тарих  қазақтың  экономикасын,  ескі 
əдебиетін  білуді  тілейді»
1
,  бір  мəселеге  екінші,  үшінші 
мəселе жалғаса береді дегенінің тарихи шындықтан туған-
дығы Сəкен Сейфуллиннің ұланғайыр шығармашы лығымен 
танысқан уакытта əбден айқындала түседі.
Сəкеннің  жанкешті  еңбегінің  бір  саласы  қазақ  əдебие- 
тіндегі  сын  жанрының  өркендеуімен,  əсіресе  əдебиеттану 
ғылымының  қанат  қағып,  даму  кезеңімен  тұстас  келетін-
дігін  ұмытпаған  абзал.  Сондықтан  сол  кезеңнің  үстем  ой-
пікірінің Сəкенге ықпал жасағанын, екінші жағынан, Сəкен 
өзінің  сыни-ғылыми  еңбегімен  сол  ой-пікірлерге  серке 
болғанын  аңғармасқа  тағы  да  болмайды.  Өйткені  əдеби-
ғылыми  шығармашылықтың  бірде  бір  саласы  Сəкенсіз 
өтпегенін  С.  Мұқанов
2
  пен  М.  Ғабдуллин
3
  айрықша  атап 
көрсеткені белгілі.
* Медет Бағылбеков марқұммен бірлесін жазылды.
1
  Ғ.  Тоғжанов.  Абайды  əлі  танып  болғанымыз  жоқ. «Əдебиет  майда-
ны». №11-12,1934, 87-бет. 
2
 С. Мұқанов. «Қазақ əдебиетінде жаңа эра». Кітапта, С. Сейфуллин. 
Шығармалар. 6-том, 5-6-беттер. 

А. Ғабдуллин. Тыңнан түскен жол. «Қазақ əдебиеті» газеті, 29.01.1965.

33
Қазақ  əдебиеттану  ғылымының  іргетасының  қалай 
қаланып,  қалыптаса  бастағанының  бір  көрсеткіші  ретінде 
Сəкен Сейфуллиннің ғылыми зерттеулеріне, əсіресе фоль-
клорлық еңбектеріне əр сыңайдан назар аударсақ, көп жай-
дан  хабардар  ғана  болып  қоймай,  бірқыдыру  зəру  мəсе-
лелердің шешім тапқанын көреміз.
Сəкен  шығармашылығында  өмірдің  бүгінгі  өр  тала-
бы  басым  жатады.  Сондықтан  ол  аспаннан  жұлдыз  қақ-
пай,  қазіргі  тірлікке  керекті  машақаты  мол  істермен 
ай  на  лысып отырғанын ғылым мен білім саласындағы ізде-
ністерінен  анық  көрінеді.  Ол  бірден  іріге  емес,  ұсақтан 
үлкенге,  толымды  толғауларға  ұмтылған  зерттеуші  екенін 
байқаймыз.
Алдымен  Сəкеннің  қазақ  əдебиетінің  үлгілерін  жинау-
шы  жəне  бастырушы  қызметіне  тоқталған  дұрыс,  өйткені 
идеологияда таптық көзқарас əбден меңдеп бара жатқанда 
ескі мұраға назар аударудың өзі қатерлі еді.
Сəкен  Сейфуллин  ғылыми  қайраткерлігі  ауыз  əдебие-
тінің үлгілері мен жекелеген ақындардың мұраларын жазып 
алып, жариялауынан бастау алды.
Халық  мұрасын  жинауға  кіріскенде  алдына  қойған 
мақсаттары:  біріншіден,  із-түзсіз  жоғалып  кетуден  сақтау, 
хаттап,  қағазға  түсіру;  екіншіден,  талғап-таразылап,  ой 
елегінен  өткізіп,  уақыт  кəдесіне  жарайтындарын  тасқа 
бас тырып,  жарыққа  шығару;  үшіншіден,  заман  талабы 
мен  өскелең  өмір  алға  тартқан  қажеттіліктерді  өтеу,  яғни 
мек тептер  мен  жоғары  оқу  орындарын  хрестоматия,  оқу-
лықтармен,  қазақ  əдебиетінің  тарихын  баяндайтын  еңбек-
тер мен қамтамасыз ету еді.
Сəкен  жас  кезінен-ақ  талай  өнер  саңлақтарын  тудыр-
ған,  сұлулығы  «мылқауға  тіл  бітірген»,  ақындарға  шал-
қар  шабыт  берген  Көкшені  аралап,  ақын-əншілеріне,  өнер 
«ақтаңгерлеріне» қатысты деректерді жинай жүріп, зерттеп 
насихаттау  үшін  ел  арасында  айтылып  жүрген  аңыз-
əңгімелерді, ертегілерді көптеп жазып алып отырған. Кəрі 
құлақ  шежірелерді,  сондай-ақ  ақын-əншілердің  шығар-
маларын,  ауыз  əдебиетінің  үлгілерін,  небір  қиссаларды 
хас  шеберлерге  айтқызып,  аса  қажеттілерін,  құндыларын 
қағаз  бетіне  түсіре  берген.  Сал-серілікті  биікке  көтерген 

34
Біржан сал мен Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, өз өнері-
мен  халық  жүрегіне  жол  тапқан  Балуан  Шолақтың  ұрпақ-
тарымен  кездесіп,  оларды  білетін,  өнеріне  тамсанған 
азаматтардан  мол  мағлұматтар  жинауы – Сəкеннің  бұл 
игі  іске  жүрдім-бардым  араласпай  шындап  кіріскендігін 
көрсетеді.
Ақан  сері,  Біржан  сал,  Майра,  Қарақожа  т.б,  өнер 
қайраткерлерінің  мұраларын  ел  аралап  жүріп  жазып 
алса,  Жамбыл,  Кенен  сынды  халық  ақындарымен  жүзбе-
жүз  кездесіп,  Жетісуға  аты  мəшһүр  өзге  жыршылардың 
сөздеріне назар аударады.
1921 жылы Омбы, Петропавл, Ақмола, Көкшетау, Қара-
ғанды, Спасскіні аралағанда да ауыз əдебиетінің үлгілерін 
тыңдап, əр өңірдің дəстүрін, ерекшеліктерін көзімен көре-
ді.  Онан  кейінгі  сапарларында  да  ел  мұрасын  жинайтын 
шұрайлы, бай өңірлерді айқындап отырады.
Сəкен  халық  ауыз  əдебиетінің  мұраларын,  жеке  ақын-
дардың  шығармаларын,  айтыстарын  жинағанда  өзіне  үлгі 
болар Ш. Уəлиханов, Ы. Алтынсарин, В. Радлов, Г. Потанин, 
Ə. Диваев, М. Ж. Көпеев, т.б. сынды ғұлама азаматтардың 
жəдігерлігін естен шығармаған.
Сонымен  қатар XX ғасыр  басында  қазақтың  зиялы 
қауымы,  əсіресе  А.  Байтұрсынов, X. Досмұхамедовтердің 
əдебиет үлгілерін жинап, бастырулары Сəкенге əсер етпей 
қалмады. Сол тұстағы аса зəру мəселенің бірі жəне бірегейі 
–  орта  мектептерге,  жоғары  оқу  орындарына  ана  тілінде 
оқытатын  оқулықтар  жасау,  жазу  болды.  Бұл  қажеттілікті 
алғаш  сезген  де  халқымыздың  сол  ат  төбеліндей  зиялы-
лары  еді.  Мəдениетіміз,  ғылымымыз  өркендеуге  мүмкін-
дік алған кезде, олар қол қусырып отыра алмады. Осындай 
қажеттіліктер  қысып,  А.  Байтұрсынов, X. Досмұхамедов, 
Ж.  Аймауытов,  М.  Жұмабаев,  С.  Сейфуллин,  М.  Əуезов, 
М.  Жолдыбаев,  С.  Мұқанов  т.б.  оқулық  жазу  ісімен  шұ-
ғылданды.  Олардың  мамандықтары  əртүрлі  бола  тұрса 
да  зəру  мəселені  шешу  үшін  аянбай  еңбек  етіп,  жан-жақ-
ты  білімдарлықтың  (универсализм)  озық  үлгісін  көрсетті. 
Осы топтың алдыңғы легінде Сəкен болды.
Сəкен  көтерген  мақалаларында,  сөйлеген  сөздерінде, 
жасаған  баяндамаларында  əдеби  мұраны  жинауды,  зерт-

35
теуді  баста  міндет  етіп  керсетіп,  осы  бір  ізгілікті  іске 
көпшіліктің  де  ат  салысуын,  жұмыла  кірісуін  қалады. 
Республикамызда  бұл  жұмыстардың  кенжелеу  қалып 
отырғанын  жете  ұғынып,  ел  болып,  халық  болып  кірісуге 
шақырды. 1929 жылы  «Ашық  хат»  жазды, 1934 жылы 
Қазақстан  жазушыларының 1 құрылтайында  сөйлеген 
сөзін де əдеби мұраны жоғары бағалап, оған ерекше тоқтап, 
жинау, бастыру, зерттеу кезек күттірмейтін іс екенін айтты. 
Тіпті, 1924 жылдардың өзінде-ақ Орынбор қаласында, қазақ 
жастарының  клубында  «Қазақ  əдебиетінің  қысқаша  тари-
хы» деген тақырыптағы лекциясында да осы мəселеге көңіл 
бөлген  болатын. 1928 жылы  Ташкенттегі  Қазақ-қырғыз 
ағарту  институтының  студенттеріне  қазақ  əдебиетінің 
жай-күйі  жөнінде  мазмұнды  баяндамалар  жасап,  білімге 
сусындап  жүрген  жастардың  «шөлін  қандырып»,  əдебиет 
пен өнердің оларға мəлім емес қыр-сырын, құпиясын білуге 
жол  ашады.  Қырғыз,  қарақалпақ  əдебиеттерінің  өркендеуі 
жөнінде де ой-пікір айтып отырады.
Ол көне мұраларды, жеке ақындар шығармаларын жи-
нағанда мынандай жолдарды пайдаланған:
–  Қазақтың  біраз  жерін  аралап,  көнекөз  қариялардан 
естіп, өзі жазып алады.
Елден естігендерін жадында сақтаған.
–  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Балуан  Шолақ  ұрпақтарымен 
кездесіп, біраз деректер алған.
– Үкілі Ыбырайды, Жамбылды, Кененді, Иман Жүсіпті, 
Ғазизді көп тыңдаған.
– Ə. Диваевтан көптеген керекті материалдар алған.
– 1929 жылдан бастап студенттер арқылы жинастырған.
– 1929 жылы  «Еңбекші  қазақ»  газетінде  «Ашық  хат» 
жазып көпшіліктің көмегіне сүйенген.
Осы  арналар  оның  халық  мұрасын  жинаудағы  қыз-
метін,  еселі  еңбегін  танытса,  енді  бір  сала  еңбегі  сол  мұ-
раларды  бастырып,  жариялап,  насихаттауымен  де  тағы-
лымды.
Қазақ  əдебиеттану  ғылымында  соңғы  кезде  «базбір» 
зерттеуші-ғалымдар басқалардың тірнектеп жинап, бастыр-
ғаны  бойынша  ғана  өз  ой-топшылауларын,  пікірін  айтып, 
«дайын  дүниеден  тау  жасап  жүрсе»,  өзгесін  айтпағанда 

36
А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов, М. Əуезов, С. Сейфул-
линдер  ондай  игі  істі  өз  қолымен  атқарып,  азап-бейнетін 
де,  рақат  қызығын  да  қатар  көріп,  толымды  пікір  айтып 
отырған  бейнетқор  ғалымдардың  озық  үлгі-өнегесін,  сара 
жолын  көрсетіп,  салып  кетті.  Оны  кейін  Е.  Ысмайылов, 
Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиевтер сəтті жалғастыра білді.
Сəкен алғаш рет «Жаңа мектеп» журналында Кұлмам-
бет  пен  Майкөт,  тама  Мұсайын  Байтілеуұлы  мен  үйсін 
Қарақожаның  айтысын, «Жанқожа  жайындағы  өлеңдерді» 
жариялады
1
.
1929  жылы  «Жаңа  мектеп»  журналының 12-санында 
Шөженің  Ерденге  айтқан  өлеңін,  бар  қазаққа  аты  жайыла 
қоймаған  Мүсіреп  биді  таныстырып,  оның  сөздерін  бас-
тыр ғанда  көркемдік  ерекшелігіне,  мəн-мағынасына,  шығу 
тарихына  айрықша  көңіл  бөлді.  Сəкен  осы  машығын 
кейінгі  кезде  де  жалғастырып, 1936 жылы  «Əдебиет  май-
даны»  журналында  «Нəзімбек»  жырын  жариялады.  Ха-
лық тық  інжу-маржандар 1937 жылы  тұтқындалғанда  көп 
папкалардың ішінде кеткен сияқты.
20  жылдардан  басталған  үздіксіз  ізденудің,  бейнет-
тенудің  нəтижесінде  жиналған  мол  дүниелерді  Сəкен 
30  жылдардан  бастап  ғылым  ауқымына  тартып,  қазақ 
фольклортану  ғылымына  қомақты  үлес  қосты. 1931 
жылы  «Қазақтың  ескі  əдебиет  нұсқаларын», 1932 жылы 
I.  Жансүгірұлы,  Ə.  Мəмбеткеліні,  Б.  Майлыұлдарымен 
бірігіп «Əдебиеттану оқу құралын», 1933 жылы «Батырлар 
жырының»  бірінші  томын, 1934 жылы  Ы.  Алтынсариннің 
өлеңдер жинағын, 1935 жылы Ө. Тұрманжановпен бірлесіп 
5-класқа арналған «Көркем əдебиет» оқулығын, Ақан сері 
мен Ақмолла ақын өлеңдерінің жинағын, Ш. Құдайбердіұлы 
аударған  «Лəйлі-Мəжнүн»  дастанын  бастырып  шығарды. 
Негізгі  зерттеу  еңбегі 1932 жылы  «Қазақ  əдебиеті»  деген 
атпен жарық керді.
Əрине, жалпыхалықтық сипат алып кеткен əдеби мұра-
лармен  қатар  қазақ  мəдениет  тарихында  айрықша  із  қал-
дырып кеткен дарындардың шығармаларын жинау, жария-
лау  қажеттігі  өмірлік  талап  болғанымен, 30-жылдардағы 

Жаңа мектеп. 1929, №4.

37
идеологиялық  қыспақ  кезінде  көп  зерттеушілер  жүрек-
сініп  қалғаны  ескішіл,  көнешіл,  кешегіні  насихаттаушы 
ұлт шыл  деген  жалған  жалаға  ұшырамайын  деп  халық 
мұрасынан  іргесін  аулақ  салғандар  аз  болмағаны  белгілі, 
өйткені А. Байтұрсынов пен X. Досмұхамедовтің, М. Жұма-
баевтың  түрмеге  түсіп,  азап  шегуіне  осы  саладағы  еңбек-
тері  де  себепші  болғаны  өтірік  емес.  Міне,  осындай  кезде 
Сəкен  Сейфуллиннің  халық  мұрасының  жақтаушысы,  қа-
зақ  əдебиеті  мен  мəдениетіне  орасан  зор  үлес  қосып  кет-
кен  дарындардың  жоқтаушысы  болуы  айрықша  ілтипатқа 
алынар жай.
Тапшылдық  қырағылықпен  шабуыл  жасап  жатқан 
«марксшіл  сыншыларға»  қарамастан  Сəкеннің,  Ыбырай, 
Ақан  сері,  Ақмолла,  Шəкəрімдердің  жинақтарын  жария-
лауы  батырлықпен  пара-пар  еді.  Рас, 20 жылдары  Сəкен 
əдеби  мұра  төңірегінде  пролеткультшылардың  ұранда-
рына іш тартып, артық сілтеген кездері де болмай қалмады. 
Абай,  Сұлтанмахмұт  туралы  тапшылдық  тұрғысынан  қай-
шылықты  пікірлер  де  айтқан  кезі  бар.  Абай  бай-феодал 
табынан  шыққан  ақын  десе,  Сұлтанмахмұтты  алашорда-
шыл  ақын  деп  білді.  Ауыз  əдебиеті  шьғармаларының 
біразы  үстем  таптың  ықпалын  тарататын  мықты  құрал 
деп ұқты. Жəне Қазан төңкерісіне дейінгі «əдебиет нұсқа-
ларының  бəрі  де  бұрынғы  замандағы  елді  билеп  үстемдік 
жүргізген  билер,  байлар  табының  үстем  санасымен  шық-
қан жəне сол таптың құралы болған əдебиет»
1
 деген ұғым-
да  болды.  Мұндай  түсінікте  болуы – оның  да  шалыс  қа-
дамдар  жасап,  кемшіліктерге  жол  беріп,  бой  алдырғанын 
көрсетеді. Əрі фольклорға, көне мұраға деген берік, өзіндік 
көзқарасының қалыптасып болмағанын танытады.
Бұл – жалғыз Сəкеннің жеке дара басының қателігі емес 
еді. Осы тəріздес қате-түсініктерді 20–30-жылдардағы əде-
биеттану  еңбектері  мен  көне  мұраға  арналған  мақалалар-
дан  жиі  кездестіруге  болады.  Оның  негізгі  сыры – көне 
мұраға  деген  тапшылдық  позиция  мен  көзқарастардың 
1
 Сейфуллии С. Қазақ əдебиеті, Қызылорда. 1932, 6–7-беттер.
Сейфуллин  С.  Қазақтың  ескі  əдебиет  нұсқалары.  Қызылорда, 1931, 
38-бет.

38
қатаңдығынан,  тіпті  қателігінен  теріс  тұжырым-түсініктер 
етек алып кеткені бүгін анық көрініп отыр.
Бір  кездері  пролеткульт  шылауында  болған  Сəкен 
30-жылдарға  қарай  əлгі  райынан  қайтып,  халық  мұрасы-
ның  қадірінің  жоғары  екенін  түсініп,  ғылыми  тұрғыдан 
зерттеуге  бекінді  де  өмірінің  соңына  дейін  оның  қамқор-
шы  жанашыры  болып  өтті.  Абайды  да  алғашқылар дың 
бірі  болып  таныды
1
.  Ал  Сұлтанмахмұттың  еңбегін  баға-
лауда, мұрасын танып білуде, ілгеріде айтқан пікірін кейін 
де өзгертпеді
2
.
Сəкеннің  мұндай  көзқарасына  таң  қалуға  болмайды, 
өйткені 1932 жылы  Өлкелік  партия  комитеті  қазақтың 
оқыған  зиялылары  мен  ақын  жазушылардың  бəрі  алашор-
да  қатарында  болып,  ұлтшылдықты  уағыздады  деген 
тұжырымды  реті  бар  болса  да,  жоқ  болса  да  соларға  таңа 
беру  жөнінде  нұсқау  берген  болатын.  Қазақ  тарихының 
тапшылдық  тұрғыдан  «заңды»  бұрмалануы  осыдан  өр-
біген-ді. Болмаса, 1923 жылы А. Байтұрсыновтың 50 жыл-
дығында  сөйлеген  сөзінде  Сəкен: «...Ұйқы  басқан  қалың 
қазақтың  ұлт  намысын  жыртып,  ұлттың  арын  жоқтаған 
патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді... Ахмет қазақ ұлтына 
жанын  аямай  қызметтерін  қылды.  Ахмет  Байтұрсынұлы 
ұлтын  шын  сүйетін  шын  ұлтшыл...  Бірақ  байын,  кедейін 
айырмай қазақты ғана сүйетін адал жүрек таза ұлтшыл»

 – 
деп, Ахметті халқын шексіз сүйе білген, ұлтының ар намысы 
жолында өз өмірін қиюға дайын тұрған «таза ұлтшыл» жан 
ретінде жоғары бағалаған болатын.
Ал, 20-жылдардың  екінші  жартысынан  былай  қарай 
«ұлтшыл»  деген  сөздің  мəн-мағынасын  теріс  айналдырып 
алдық. Осыдан барып, қазақ зиялылары «ұлтшыл», «алаш-
ор дашыл», «советшіл», «төңкерісшіл» болып бөлініп шыға 
келді  де,  бір-бірлеріне  қарсы  идеологиялық  майдан  ашты. 
Бір ұлттың бетке ұстарларының осылайша жікке, топқа бө-
лі ніп, өзді-өзі кырқысуы Голощекиндерге аса қажет те еді.

С. Сейфуллин. Шығармалар, 4-том, А., 1962, 224-бет. «Жалын». 1988, 
№ 4, 38-бет.
2
  «Көркем  əдебиет».  А., 1935. Қазақстан  кеңес  жазушыларының  тұң-
ғыш құрылтайы. 1934, 12–18 маусым, 110-бет.
3
 «Бес арыс» жинағы. А., 1992, 180-182-беттер.

39
Осындай  кезде  əдебиет,  майданында  ұрандай  түскен 
аға  ұрпақтың  жанын  шүберекке  түйе  жазған  еңбектерінде 
уақыт  салған  сызаттарды  дабырайта  даурығу,  белгілі  бір 
тұлғалар, əсіресе Сəкен мен Сəбит төңірегінде дау туғызу, 
абыройына көлеңке түсіру, халық көңілін суыту сияқты ке-
леңсіз пікірлер кездесіп те жатқанын жасыруға болмайды. 
Қайшылықты өмір соқпағы төңкерістің алғашқы кезеңінде 
Сəкен  коммунистік  идеяның  гуманистік  буына  бой  алды-
рып,  мəдениеттің  ұлттық  сипатынан  гөрі  жалпы  адамзат-
тык,  таптық,  интернационалистік  мүддесіне  ойысқандар-
дың алдыңғы легінде болғаны шындық.
Сондықтан  жеке-дара  пікірлерін  есте  тұта  отырып, 
Сəкеннің  тарихта  аты  қалған  ақындардың  мұрасын 
зерттеу,  бастыру  еңбегінің  мəн-мағынасына  əділ  бағасын 
беруге тиіспіз. Тапшылдық көзқарастың шалығы мұнда да 
кездеседі.  Бірақ  түтінінің  шалқуы  түзу  екенін  аңғармасқа 
болмайды.
«Қазақтың  ескі  əдебиет  нұсқалары»  деген  жинақты 
Бұқар,  Балқы  Базар,  Шортанбай,  Досқожа,  Сүйінбай, 
Шөже, Балта, Кемпірбай, Жанақ, Түбек, Орынбай, Серəлі, 
Тоғжан, Құлмамбет, Жамбыл, Майкөт секілді жыр дүл дүл-
дерінің  өлеңдерін,  айтыстарын  бастырып  шығарды.  Кей-
біреулерінің  шығармалары  алғаш  рет  осы  жинақ  арқы лы 
баспа бетін көрді.
30-жылдары Сəкеннің осы жинақты жариялауы аса бір 
сонылық,  батылдығы  бар  жаңалық  болумен  қатар,  көп-
шіліктің  қажетіне  жарап,  практикалық  зəрулікті  өтегені 
даусыз.
Сəкен: «Бұл  жинақтағы  ескі  əдебиет  сөздерінің  пікір -
лері – еңбекші  тап  мақсатына  теріс  келетін  пікірлер.  Ол 
жайды  оқушылар  есінен  шығармауы  тиіс»
1
 – деп  ескерту 
жасайды.  Бұлай  айтуға  ол  еріксіз  барған.  Шортанбай, 
Кенесары  қонысынан  ауғанда  Досқожа  ақынның  айтқан 
өлеңін, немесе Бұқар бабамыздың орыс патшасының түбін-
де  өзімізді  бағындырып,  шұрайлы  жерімізді,  суымызды, 
ата  қонысымызды  біртіндеп  алатынын,  отарлау  саясатын 
мықтап  жүргізетінін  болжап,  сақтандырып  Абылай  ханға 
1
  Сейфуллин  С.  Қазақтың  ескі  əдебиет  нұсқалары.  Қызылорда, 1931, 
3-бет.

40
айтқан  ащы  өлеңдерін  ендіріп  отырғандықтан,  Сəкен  іс 
басында  отырғандардың,  сол  кездегі  «қырағы  көз»  сын-
шылардың  жинақты  шығармай  қою,  күзеп,  қырағы лық 
таныту  əрекеттерінен  қауіптенгені  шүбə  келтірмейді. 
«Тап шылдығын»  бадырайта  көрсетіп, «іргесін  бермеуге» 
ниеттене  отырып,  заман  ыңғайына  келетін  «кешегі» 
сөздерді  оқушыларға  жеткізу  қажет  болғанын  аңғартпау 
əбестік болар еді. Мұндай əрекеттер кейінгі кезде «объек-
тивті  насихат»  деп  танылған  болатын.  Сондықтан  əлгі 
ақын дардың  аттары  түгілі,  шығармаларын  атағандарды 
күні кешеге дейін кінəлап келгеніміз өтірік емес.
Досқожаның  өлеңін  жариялағаны  үшін  Сəкенді  де 
талғампаздық  көрсете  білмеді,  саяси  қырағылық  таныта 
алмады деп айыптадық. Оларды «ұлтшыл», кертартпа, өт-
кенді  көксеуші  ақындар  деп  айып  тағып,  қолдан  қоңырау 
байлап, əдебиетіміздің тарихынан ысырып, біраз жыл алас-
тадық  та.  Осындай  аумалы-төкпелі  заманды  ескерер  бол-
сақ,  Сəкеннің 30-жылдары-ақ  үлкен  істің  батыл  бастау-
шысы болғанына көзіміз жетеді.
Сəкен  осы  жинағында  Бұқар  жыраудың  творчествосы-
на мол орын беріп, оның тек жырау ғана емес, өз тұсында 
үлкен-үлкен  мəселелерге  араласып  отырған  ірі  мемлекет 
қайраткері,  Абылай  ханның  данагөй  ақылшысы,  табанды 
серігі,  халықтың  қамқоры  болғанын  аңғартады  жəне  ел 
аузындағы  аңыздардың  қисындысын  Бұқарға  жанастыра 
отырып,  даналығы  мен  тапқырлығы,  үлкен  ой,  толымды 
пікірі бар сөздерінің көркемдік қасиетін жыға таниды.
Бұқарды  шетке  қақпай  өзімен  тең  дəрежеде  ұстап, 
мен  ханмын,  жеке  дара  ел  билеушімін  деп  бет  қаратпай, 
көкірек  кермей  ақылға  салып,  парасаттылық  таныта,  кей 
ретте  сөзіне  құлақ  асып  отырған  Абылайдың  білгіштігі, 
ақылдылығы оның тұлғасын тіпті ірілендіре түседі. Соны-
мен  қатар  Бұқардың  ханға  ықпал  жасайтын  би  болға нын 
айғақтайды  да.  Төле  бидің: «Елге  бай  құт  емес,  би  құт» 
деген аталы сөзін растайды.
Абылайды  арнайы  сөз  етіп  тоқталмағанымен,  Бұқар-
дың  оған  арнап  айтқан  бір  топ  өлеңдерін,  ел  аузындағы 
аңыздарды,  əңгімелерді  енгізу  арқылы  да  Абылай  ханның 
халқымыздың  тарихындағы  ірі  қайраткер  тұлға  болғанын 

41
аңғартады. Жəне Бұқар жыраудың өсиет-нақылдарын, фи-
ло софиялық  толғауларын  жариялау  арқылы  өзі  айта  ал-
маған ойларды, пікірлерді жанамалап өткізсе, Абылай сын-
ды  мемлекет  қайраткерлерін  ел  есінен  шығармаудың  да 
айласын  тапты.  Сынай  отарып  насихаттаудың  бір  парасы 
Сəкеннің  «Көкшетау»  поэмасында  анық  аңғарылатынын 
есімізден шығармайық. Сəкен – өз халқының намысы мен 
ары жоғары, терезесі тең болуын қалаған, сол жолда еңбек 
еткен қаламгер.
Сондай-ақ, бұл жинақта Шортанбай шығармалары кеңес 
заманында алғаш рет топтастырыла жарияланды.
Осы  жинаққа  енген  мұраларды  Сəкен  жариялағанда 
оқырманға түсінікті болу мақсатын көздеп, əрбір ақынның 
өлеңдерінің,  айтыстарының  түп-төркініне,  шығу  тегіне, 
айтылған  жерлеріне  дейін  назар  аударып,  көркемдік  сапа-
сына да қатты көңіл бөлді.
Сəкеннің  бұл  жинағы – ауызекі  əдебиет  өкілдерінің 
шығармаларының басын біріктіріп, құрастырылған алғаш -
қы  жинақтардың  бірі  болуымен  айрықша  құнды.  Əде-
биетіміздің  өзіндік  ерекшелігін  танытатын  дарындардың 
шығармаларын  хронологиялық  жүйемен  орналастыру,  ғы-
лыми  түсіндірме  беріп  отыру  машығымен  қазақ  əде биет-
тану ғылымының аңызына егілген өнімді дəннің бірі.
Сəкеннің  өз  халқына  сіңірер  еңбегі  əр  саладан,  тіпті 
жинаушы,  бастырушы  ретіндегі  бейнетқорлығының  өзі 
айрықша атауға лайық. Өйткені, өмірдегі сал-серілігі өнер 
саласындағы  михнатшылдығымен  ажарлана  түскенін  көр-
меске  болмайды.  Осы  еңбекшілдікті  Сəкен  жазба  əдебиет 
өкілдерінің шығармаларын насихаттау, зерттеу бағытында 
қоюландырып тереңдете түскен.
«Көркем  əдебиет»  деген  оқулық  (Ө.  Тұрманжановпен 
бірлесіп жазған – авт.) қазақ оқырмандарына Абай, Сұлтан-
махмұтпен  бірге  Қазан  төңкерісіне  дейін  бірнеше  жинақ 
жариялап,  қазақ  əдебиетіне  сүбелі  үлес  қосқан  белгілі 
дарындар жайында кең ой толғайды. Бұл еңбек қазақ əде-
биетінің  тарихында  болған  дарындарды  педагогикалық 
тұр ғыдан  таныстырушы  құрал  болуымен  бірге,  Сəкеннің 
қайшылықты  пікірлерін  тиянақтап,  көркемдік  қуатын  əділ 
сипаттауы  тұрғысынан  да  айрықша  назар  аударуды  талап 
ететін дүние.

42
Абай,  Ғұмардың  шығармалары,  көркемдігі,  тіл  ерек-
шеліктері  жоғары  бағаланады.  Əдебиетімізге  қосқан  үлес-
тері орынды, ұстамды пікірлермен баяндалады.
«Көркем  əдебиетте»  Абай,  Сұлтанмахмұт,  Ғұмар  атта -
рына  кей  тұста  «ескілікті  көксейді», «ұлтшылдықты  жыр-
лайды» деген сияқты сөз қосақтап, «саяси олқылықтарын» 
тілге  тиек  етуі – сол  тұстағы  «солақай  саясатшылардың» 
соқпағына  түсе  отырып,  аталған  ақындарды  халыққа  кең-
ірек  таныстыру,  олардың  мұрасынан  кейінгі  ұрпақ  көз 
жазып,  мақұрм  қалмау  мақсатын  ойлағандық  еді.  Біздің 
бұл  ойымызды  «көркем  сөздің  көрнекті  шебер  ұсталары, 
классиктеріміз – Абай, Ақмолла, Қарашұлы, Омар, Мəшһүр 
Жүсіп, Торайғырұлы Сұлтанмахмұт, тағы басқалар»
1
 – де-
ген  тұжырымдары  растайды.  Сəкеннің  ғылыми  мұра ла-
рын  ақтарып  қарағанда,  оқулықтарға  кірген  ақындар  ғана 
емес,  қазақ  əдебиетінің  əріден  жеткен  алыптары – Бұқар, 
Шортанбай,  Досқожа,  Балқы  Базар,  Сүйінбай,  Шөже, 
Құлмамбет, Майкөт, т.б. ақындар жырлары мен Ақан сері, 
Ы. Алтынсарин, Біржан сал, Ақмолла, Шəкəрім шығарма-
шылықтары  туралы  пікірлері  де  осы  сыңайды  танытады. 
Қазақ əдебиетінің асыл тұлғаларын кейінгі ұрпаққа таныс-
тырып,  өнегелеу  жолына  көп  күш  жұмсағанын  көрсетеді. 
Жəне  келешекте  қазақтың  жазба  əдебиетінің  тарихын  жа-
саудың  алдын  ала  жасалған  барлауы  болып  та  көрінеді. 
Өйткені, ол кезде мектеп оқулығын бірден əдебиет тарихы-
на  айналдырып  жіберу  мақсаты  əлі  күн  тəртібіне  қойыла 
қоймаған-ды.
Сондай-ақ  Ыбырайдың,  Ақан  серінің,  Ақмолланың 
өлеңдерін,  Шəкəрімнің  «Лəйлі-Мəжнүн»  дастанын  жеке-
жеке жинақ етіп, алғы сөз жазып, халыққа ұсынған да Сəкен. 
Бұ лардың  қай-қайсысы  болмасын  өздеріне  тəн  ерекшелік-
тері  бар  қазақтың  жазба  əдебиетінің  ірі  өкілдері.  Оларды 
мектеп оқушыларына емес, қалың оқушыға арнағандықтан 
«бəзбіреулердің  талап  тастамауы»  үшін  алғы  сөз  жазуды 
айрықша қажет тапты. Кейде түсіндіре баяндап, кейде қысқа 
қайыруының  сыры – өнерпаз  тұлғасының  саяси  тұрғыдан 
«күрделілігіне» де байланысты еді.
1
 «Көркем əдебиет». А., 1935,180-бет.

43
Əсіресе, Сəкеннің Ақмолланы тануға қосқан үлесі зор. 
«Ақмолла – қазақ  əдебиет  тарихынан  да,  татар  əдебиет 
тарихынан  да  зор  орын  алуға  тиіс  ақын  екені  рас»
1
 – деп 
ұлт  əдебиеттеріне  ортақ  құбылыс  екенін  алғаш  айтты. 
Қазақ əдебиетінен де лайықты орын беріп, шығармаларын 
жинап,  зерттеу  керектігіне  баса  назар  аударды.  Ақмолла 
сияқты үлкен ақынның қазақ əдебиетіне олжа саларын ерте 
ойластырған еді.
Сəкеннің  Ақмолла  жайлы  айтқан  қомақты  ойлары 
бүгінде  де  толық  жүзеге  асып  болды  деу  қиын.  Рас,  ол 
бастаған  бастама  ілгерілей  беретіндігіне  күмəн  жоқ.  Оған 
Б.  Кенжебаевтің  басшылығымен  У.  Қалижановтың  арна-
йы  диссертация  қорғауы,  шығармаларын  жариялауы, 
Б. Ысқақ овтың зерттеу мақала жазуы қуантарлық құбылыс 
болғанымен қазақ əдебиеттану ғылымына аздық етеді.
Шəкəрім  аударған  «Лəйлі-Мəжнүнді»  бастыруы  да  үл-
кен  ризашылықпен  аталуы  тиіс. «Дастанды  қазақшаға 
аударған  белгілі  ақын  Шəкəрім  Құдайбердіұлы»
2
 – деп 
ашық жазуы, Шəкəрімнің атын атап, тəуекелге баруы – сол 
кезең үшін көзсіз ерлікпен пара-пар еді.
Сөйтіп,  Сəкен  қазақ  ақындарының  мұрасын  тануға 
өзінің  зор  үлесін  қосып  қана  қоймай,  əдебиет  тарихын 
жасауға қажетті істердің үлгісін де көрсетті.
Қазақ əдебиеттану ғылымының алғашқы адымдары мен 
қолы  жеткен  табыстарын  айтқанда,  Сəкен  Сейфуллиннің 
«Қазақ  əдебиеті» 1-ші  кітап. «Билер  дəуірінің  əдебиеті» 
деген  ғылыми  зерттеуі  алдымен  ауызға  алынатын  күрде-
лі  еңбектің  бірі.  Бұл  еңбегінде  Сəкен  қазақтың  бай  ауыз 
əдебиетінің  ең  көрнекті  де  үлгілі  нұсқаларын  ғылыми 
жүйеге  салып,  оның  ішкі  жанрларын  саралау,  көне  тарих-
ты  көркем  туындылармен  сабақтастыру  негізінде  жоғары 
оқу  орындарына  арналған  оқу  құралын  жасаған.  Еңбектің 
осындай қасиеттері оның құндылығын арттыра түсіп, күні 
бүгінге  дейін  өзінің  мəнін  жоймай  келеді.  Коммунистік 
идеологияның  қысымынан  ада  болғаннан  соң  оның  қадірі 
бұрынғыдан да арта түсуде.
1
 Ақмолла. Өлеңдер жинағы. А., 1935,7-бет.
2
  «Лəйлі-Межнүн»  дастаны.  Құрастырушы  Сейфоллаұлы  Сəкен,  А., 
1935.

44
Сəкен  Сейфуллиннің  бұл  іргелі  еңбегіне  мүмкін  қа-
дірінше  молырақ  тоқтап,  талдау  жасау  қажет.  Өйткені, 
бүгінгі  оқушы  қауымға  бұл  кітаптың  қалай  дүниеге  кел-
гендігін, 20-жылдардың  аяқ  шені  мен 30-жылдардың  бас 
кезінде ауыз əдебиеті жөнінде қандай көзқарастардың бол-
ғанын,  ғылыми  зерттеудің  өресі  қандай  дəрежеде  екенін 
кысқаша  таныстырып,  бұл  еңбектің  өн  бойында  кезде -
сетін кем-кетіктердің де сырын түсіндіру қажет.
Қазақ  фольклористикасымен  Сəкеннің  шындап  шұ-
ғылдануына практикалық мұқтаждық əсер етті. 1926 жыл-
дан  бастап  Сəкен  педагогикалық  қызметпен  айналысқа-
ны  мəлім.  Əуелі  Қызылорда  халық  ағарту  институтында, 
одан  кейін  Ташкент  қаласындағы  Қазақ  педагогикалық 
институт  (Казпедвуз)  пен  Орта  Азияның  коммунистік 
университетінде қазақ əдебиетінің тарихынан дəріс оқыды, 
1929 жылы КазПИ-ге ауысты. Ол кезде жоғары оқу орны-
ның  студенттеріне  арналған  оқу  құралының  жоқтығы  бы-
лай тұрсын, орта мектепке арналған оқу кітаптарының өзі 
аз, тіпті жоқ болатын.
Сəкеннің  сөзімен  айтқанда  «журналдарға,  газеттерге 
жазылған  кейбір  мақалалар  болмаса,  бүгінге  дейін  қазақ 
əдебиеті  туралы  жазылған  ештеме  жоқ.  Əсіресе  ескі 
«ел  əдебиеті»  туралы  жазылған  ештеме  жоқ.  Ескі  «ел 
əдебиеті» туралы ештеме жоқтығы былай тұрсын, сол ескі 
ел  əдебиетінің  жинақтары  да  жоқ...  Сондықтан  «Қазақ 
əдебиеті»  туралы  бірдеме  жазу,  ескі  ел  əдебиетін  іздеп, 
құрастырып  жалғастыру  өте  қажет  екендігі  соңғы  жыл-
дарда  тым  қатты  сезілді»
1
  дегенің  осы  кітапқа  алғы  сөз 
жазған  Молдағали  Жолдыбаев  былай  қуаттаған: «Бастап 
педагогика  институты  ашылды.  Бұл  институтқа  қазақ 
əдебиетін  оқыту  керек  болды.  Бұрынғы  бастауын,  орта 
дəрежелі мектептердегідей ауызша оқыту жоғары дəрежелі 
мектепте  мүмкін  болмады.  Институтта  қазақ  əдебиетін 
оқытушы  Сейфоллаұлы  Сəкен  жолдас  бұл  қиыншылық-
ты  шеккеннен  кейін  қазақ  əдебиеті  туралы  кітап  жазуға 
1
 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап. «Билер дəуірінің əдебиеті». 
1932, 6-бет.         

45
кіріскен.  Жоқтық  қысып  амалсыздан  Сəкен  тарихшы 
болған»
1
.
Өзінің  ұстаздық  қызметінде  осындай  қиындыққа  ке-
зіккен  Сəкен 1929 жылы  «Еңбекші  қазақ»  газеті  арқылы 
қалың  қауымға  ашық  хат  жазып  «еңбекші  таптың  совет 
мектебіне  ылайық  тарих  кітабы,  əдебиет  тарихы  əлі  де 
жазылып  шыға  алмай  келеді...  Жазылып  шыға  алмай 
келген қазақ тарихы, қазақ əдебиеті тарихы жəне де басқа 
осындай  тарихтар  енді  осы  Қазақстанда  білімнің  ұлы 
қазаны,  ұлы  дүкені  болып  отырған  университет  (КазПИ 
əуелінде  университет  болып  құрылған. – авт.)  маңында 
жазылып,  тəртіптелінуі  керек...  Əркім  əр  жерде  бөлек-бө-
лек  жинап  жүргеннен,  мына  жалпының  ортасындағы  ұлы 
қазан  тəрізді  университетке  жиналуы  керек.  Сол  себепті 
қазақ  елінің  əр  түкпіріндегі  əлеуметшілік  сезімі  бар  аза-
маттардан  қазақтың  ескі  тарихи  мағлұматтарын:  шежіре, 
билер сөздері, батырлар əңгімелері, жырлары, тақпақтар, ер-
тектер, қиссалар, əдеп-ғұрып жырлары (беташар, жар-жар, 
жоқтау),  айтыс,  үгіт-насихат,  болжау,  тағы  да  осы  тəрізді 
сөздерді жазып, жинап, университетке жіберулерін өтініш 
қыламыз»
2
  деп  өзінің  үй  адресін  көрсеткен.  Сəкеннің  бұл 
ашық хатына газет арқылы жауап берушілер де болды. Өзі 
атап  көрсеткен  кейбір  материалдардың  «Қазақ  əдебиеті» 
кітабында  талданылуына  қарағанда  жəне  айрықша  құнды 
шығармалар жинап берген адамдардың атын атап отыруы-
на  қарағанда,  Сəкен  əлеуметшіл  азаматтардан  көп  көмек 
көрген. Сөйтіп көптің жəрдемімен «Қазақ əдебиеті» туралы 
жазылмақ  екі  кітаптың  біріншісі  «Билер  дəуірінің  əде-
биеті» 1931 жылы 8 наурызда  жазылып  бітіп, 1932 жылы 
басы лып  шықты.  Бұл  кітап  Қазақстанның  халық  ағарту 
комиссариаты тарапынан қолдау тауып, жоғары оқу орны-
ның бірден-бір оқулығы болған.
Осындай  практикалық  зəрулік  Сəкенге  ойланып-тол-
ғануға  мұрсат  бермеген.  Оқулық – хрестоматия  жазылып, 
жарыққа шыққанша талай уақыт өтерін сезген Сəкен 1931 
1
 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап. «Билер дəуірінің əдебиеті». 
1932, 4-бет.
2
 С. Сейфуллин. Шығармалар, 4-том, 389-390-беттер.

46
жылдың 4 мамыр  күні  «Қазақстан»  баспасына  «Қазақтың 
ескі əдебиет нұсқаларының» бірінші жинағын ұсынды. Ол 
да  аз  уақыт  ішінде  басылып  шықты.  Сол  жинаққа  жазған 
алғы  сөзінде  Сəкен  əрбір  кезеңнің  үстем  идеологиясы 
əдебиетке  ықпал  ететіндігі  жөніндегі  маркстік-лениндік 
қағиданы  түсіндіре  келіп, «əдебиет  тарихын  зерттегенде 
дерек  бола  берсін  деп  əзір  қолға  түскен  ескі  əдебиет  нұс-
қаларынан  осыларды  жинастырып  шығардым.  Кейін  тағы 
да  жинастырылып  шығарыла  берер.  Бұл  жинақ  «Билер 
дəуірінің  əдебиеті»  деген  кітап  пен  оған  жалғас  дəуірдің 
əдебиеті  туралы  жазылған  кітаптар ға  қосымша  дерек 
(материал)  ретінде  шығады»
1
  дегенін  естен  шығармаған 
абзал. Осымен катар тапсырылған «Ба тырлар жырларының 
жинағы»  Семей  баспасынан 1933 жылы  шықты.  Онда  да 
Сəкен  «Ескіліктің  тұрмысын,  əдебиетін,  тарихын  зерттеп 
тексерушілерге  мұндай  мағлұматтар  дерек  болуға  тиіс. 
Батырлар жырлары менің «Қазақ əдебие ті» деген кітабымда 
талқыланған.  Мұнда  сол  батырлар  жырларын  жинап 
жариялап отырмын»
2
 деп ескерткен.         
Табиғатта  салдар-себепсіз  ештеңенің  болмайтыны 
сияқ ты,  жоғары  оқу  орындарындағы  студенттерге  оқу-
лық  жасап  беру  ниеті  Сəкенді  фольклористиканың  бар 
саласын  шарлауға,  оның  ішінде  ең  қиын  да  абыройлы 
жариялампаздық қызмет атқаруға мəжбүр еткен. Осы рет-
тен  алғанда  «менің  таяудағы  ойыма  келіп,  қиялыма  құ-
рылып  жүрген  нəрсе – қазіргі  тұрмысымыздан  бір  роман 
жазу, бірнеше əңгімелер жазу, бірнеше дастандар жазу еді. 
Бірақ  былтырдан  бері  «Қазақ  əдебиеті»  туралы  бірдеме 
жазу,  ескі  ел  əдебиетін  жинастыру  міндеттей  көрініп,  осы 
іске  кірістім»
3
  деп  баяндап,  шығармашылығының  жос-
парын  қазіргі  зəру  практикалық  қажеттікті  орындауға, 
мұқ таждықтан құтылуға құрбан еткендігін көреміз. Осын-
дай  шығармашылық,  құрбандық  əлгі  жинақтармен  ғана 
шектелсе,  əрине,  орны  толмас  өкініш  болар  еді.  Өзінің 
1
  Қазақтың  ескі  əдебиет  нұсқалары. 1-жинақ.  Жинаған  Сəкен  (Сей-
фоллаұлы). 1931, 3-бет.
2
 Батырлар жырының жинағы. Жинаған Садуақас Сейфоллаұлы Сəкен. 
11-жинақ. 1933, 5-бет.
3
 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап, 1932, 5-бет.

47
екі-үш  жылдай  уақытын  оқулық  жасауға  жұмсаған  Сəкен 
«Қазақ  əдебиеті»  атты  монументті  еңбек  жазып,  өзінің 
ғалымдық  тұлғасын  айқын  танытты,  ұлы  дарынның  тағы 
бір өнерпаздық қырын айқындады.
Енді  «Қазақ  əдебиеті»  атты  ғылыми  еңбектің  қадір-
қасиеттеріне  тоқталған  жөн.  Əрине,  қазіргі  өркені  өскен 
оқушы  жұртшылыктың  білім  дəрежесі  тұрғысынан, 
М. Əуезов атындағы əдебиет пен өнер институтының ұжы-
мы  шығарған  қазақ  əдебиетінің  ғымыми  тарихы  тұрғы-
сынан  жəне  фольклоррист-зерттеушілердің  жарияланған 
соңғы  еңбектері  тұрғысынан  қараған  уақытта,  бұл  кітап- 
тың  бірқыдыру  кемшін,  жетіспей  жататын  жерлері  бары 
сезіледі.  Ал 30-жылдардағы  ғылымның  өркендеуі  тұрғы-
сынан  қарағанда  мұндай  құнды,  практикалық  мəні  зор 
еңбекті  жазған  С.  Сейфуллиннің  игі  қадамы  жемісті  бол-
ғанын көреміз. Күні бүгінге дейін қазақ əдебиеті тари хын, 
əсіресе  оның  ауыз  əдебиетін  зерттеушілер  бұл  еңбекке 
үңілмей өте алмасы айдан-анық.
Əрине,  С.  Сейфуллин  халық  ауыз  əдебиетінің  үлгі-
лері мен нұсқаларына талдау жасағанда меркстік-лениндік 
мето дологияны басшылыққа алып, таптық көзқарас тұрғы-
сынан баға беруге еріксіз ұмтылып отырған болатын. Бұны 
кемшілік деп ұғу да кей кезде орынды болмақ емес. Өйткені, 
əдеби  мұраларды  зерттеуде 40-50-жылдардағы  еңбектерде 
кеткен  шалағайлықтар  мен  жаңылыстарды  еске  алғанда 
Сəкен  көзқарасының  парасаттығы,  құндылығы  айқын дала 
түседі.  Əр  шығарманың  көркемдік  қасиеті  мен  идеялық 
нысанасын  шығармашылық  бірлікте  қарастыра  отырып 
зерттеудің  арқасында  Сəкен  дəйекті  ғылыми  шешімге 
келген.  Сонымен  С.  Сейфуллиннің  ғылыми  еңбектерінің 
ішіндегі  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  əдебиеттану  ғылымында-
ғы өресі биік еңбек – «Қазақ əдебиеті» атты оқулық-хрес-
томатиясы əдебиетіміздің тарихын зерттеу жөнінде А. Бай -
тұрсыновтың
1
,  М.  Əуезовтің
2
, X. Досмұхамедовтың

ең-
бектерінің  ізін  ала  жазылған  күрделі  еңбек.  Əдебиеттің 
1
 Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. 1926.
2
 Əуезов М. Əдебиет тарихы. 1927.
3
 Досмұхамедов X. Қазақ халық əдебиеті. 1928.

48
тарихын,  оның  қалыптасып  даму  кезеңдерін  тарихқа  бай-
ланыстыра қарастыру, əдебиеттің халықтық сипатын ашық 
көрсетуде  өз  кезінде  ерекше  қызмет  атқарды,  практика-
лық мəні зор болды. Өйткені, жоғарыда аталған авторлар-
дың  еңбектерін  оқытпауға  шешім  болғандығы  бір  болса, 
екіншіден,  М.  Əуезовтің 1927 жылғы  «Əдебиет  тарихы» 
кітабының  тиражы  түгелдей  өртеліп  жіберілді,  жарық 
көрмеді. М. Əуезовтің өзінің қолында аман-есен сақталып 
қалған  жалғыз  данасы  арқасында  соңғы  кезде  екі  рет  ба-
сылып  шықты,  бірақ  бұған  дейін  еш  жерде  практикалық 
тұрғыдан  пайдаланылған  жоқ.  Ол  кітаптардың  бəрі  де 
«алашордашылардың»  қаламынан  шықты  деп  ғылыми-
практикалық  мəнінен  гөрі  «саяси»  жағына  назар  аударыл -
ды.  Мектеп  пен  қалың  жұртшылықтан  тасалап  ұсталды. 
Тіпті  жоғарыда  айтқанымыздай,  М.  Əуезовтің  «Əдебиет 
тарихы» 10 мың  тиражы  түгелдей  өртелінді.  Сондықтан 
Сəкеннің «Қазақ əдебиеті» жоғары оқу орындарында оқы-
тылған бірден-бір еңбек болды.
«Қазақ  əдебиеті»  еңбегінің  жетістігі,  кемістігі,  құн-
дылығы  жөнінде  М.  Жолдыбайұлы
1
,  Б.  Кенжебаев
2

Н.  Смирнова
3
,  С.  Мұқанов
4
,  Т.  Кəкішев
5
,  М.  Ғабдуллин
6

С. Қирабаев,
7
 т.б. ғалымдар мақалаларында, зерттеулерінде 
ой-пікірлер айтылды.
Халқымыздың  тарихына  шолу  жасап,  елдің  тұрмысы, 
басынан өткерген дəуірлері, көшіп қонып жүрген жерлері, 
кəсібі,  шаруашылығы,  батырлары,  билері,  діні,  тілі,  өнері, 
əдебиеті,  т.б.  туралы  өз  ойларын  ортаға  салып,  ғылыми 
қорытынды жасауы – Сəкен еңбегінің методикалық ұтымды 
жағы.  Өйткені,  əр  дəуірдің  тарихи-əлеуметтік  жағдайын 
1
 С. Сейфуллин. «Қазак əдебиеті». Қызылорда, 1932.
2
 Кенжебаев Б. «Əдебиет майданы». 1933, №6-9.
3
 Əдеби мұра жəне оны зерттеу. А., 1961, 81-бет.
4
Мұқанов  С.  Қазақ  əдебиетіндегі  жаңа  эра  (Сейфуллин  С. 6-том,  А., 
1964).
5
 Кəкішев Т. Халық қазынасы. (Сейфуллин С. 6-том, А., 1964). С. Сей-
фуллин. «Сенің сүйікті жазушың» сериясы, (1989), Жинақта: Қазақ фоль-
клористикасы. (1972).
6
 Ғабдуллин М. Тыңнан түскен жол. «Қазақ əдебиеті», 1965, 29 қаңтар. 
7
Қирабаев С. Сəкен Сейфуллин. А., 1974,413-414-беттер.

49
білмей,  көне  əдеби  мұрамыздың  сыр-сипатын  түсіну  оңай 
шаруа емес.
Автор  халықтың  тарихына  шолу  жасағанда  өзіне  де й-
інгі  зерттеуші  ғалымдар:  Левшин,  Радлов,  Потанин,  Бар-
тольд,  Диваев,  Шəкəрім,  Тынышбайұлының  еңбектерін 
жəне газеттерде жарияланған материалдарды орынды пай-
даланып,  ой-таразысына  салып,  өз  елегінен  өткізіп  оты-
рады.  Ойын  дəлелдеу,  нақтылай  түсу  үшін  ауыз  əдебиеті 
үлгі леріне, батырлар жырына, жеке ақындар туындыларына 
арқа  сүйейді.  Олардан  нақты  мысалдар  келтіреді.  Хал-
қымыздың тарихы жазылып, бір ізге, бір жүйеге түсіп бол-
мағандықтан,  Сəкен  осы  тəсілді  басшылыққа  алып,  халық 
шығармашылығымен  алшақтамаудың  үлгісін  көрсетеді. 
Оқулық-хрестоматияның  қос  міндетті  арқалауын,  əсіресе, 
сүбелі білім жолына түсу үшін көне тарихқа шолу жасауын 
С. Мұқанов, М. Ғабдуллин сияқты ірі ғалымдар басы артық 
нəрсе деп санамаған.
Автор  ауыз  əдебиетін  үлкен  екі  бөлімге  бөліп  қарас-
тырады.  Бірінші  бөліміне: 1) Ертектер, 2) Салт  өлең-жыр-
лары, 3) Ескіліктегі  дін  салтынан  туған  өлең-жырлар, 
4)  Мал  туралы, «қадірлі»  жануарлар  туралы  əңгіме,  өлең, 
күй,  жырлар, 5) Жастық  ойын,  күлкі  өлең-тақпақтары, 
6)  Билер  сөздері  тəрізді  ауыз  əдебиетінің  түрлерін  енгі -
зеді. Екінші бөлімін батырлар жырлары мен ертедегі жыр-
лы  əңгімелердің  (лиро-эпостық)  шығу  тарихына,  көркем-
дік ерекшелігіне жырдың құрылысын зерттеуге арнайды.
Халық  ауыз  əдебиетінің  негізгі  түрлерін  сала-салаға 
бөліп, оның ішкі ерекшеліктеріне қарай тағы да ұсақ-ұсақ 
түрлерге, жанрларға саралап, тармақтап, жіліктеп, əрбірінің 
өзіндік  қасиеттеріне  тоқталып,  түйген  байлаулы  пікірін 
айтып, ой қорытындылап отырады.     
Оның  осылай  ауыз  əдебиетінің  түрлерін  ішкі  ерекше- 
ліктеріне,  мазмұндарына,  орындалу  ретіне,  тақырыптары-
на  қарай  бөлу  принципі,  жіктеп  саралауы – қазіргі  ғы-
лымға жат емес. Тіпті кейбір өнімді салалары Сəкен клас-
сификациясынан бастау алғанын да көреміз.
Сəкеннен  бұрын  қазақ  ауыз  əдебиетіне  классифика- 
ция  жасаған  М.  Əуезов  пен    Х.  Досмұхамедов  болды. 
М.  Əуезов  ауыз  əдебиетінің  жанрлық  түрлерін  сыршыл-

50
дық  салт  өлеңдері,  ел  салтындағы  шер  өлеңдер;  дінмен 
байланысты  өлеңдер,  қыз  ұзату  үстіндегі  салт  өлеңдер, 
батырлар  əңгімесі,  ел  поэмалары,  тарихи  өлеңдер,  ертегі, 
айтыс  өлеңдер,  билер  айтысы,  зар  заман  ақындары  деп 
бөлсе, X. Досмұхамедов  ауыз  əдебиетінің  түрлерін 46-ға 
жеткізеді.  Эпос  (жыр),  ертегілер,  мақал-мəтелдер,  жұм-
бақтар,  ырым  сөздері,  тұрмыс-салт  жырларының  алуан 
түрлері  болып  тарамдатылады.  Сəкен  өз  еңбегінің  оқулық 
əрі хрестоматия жүгін арқалайтынын ескеріп ғылыми жəне 
педагогикалық  жағына  назар  аударады.  Жəне  əр  жанрдың 
«таптық негізіне» жіті көңіл бөліп отыратыны да бар.
30-жылдары  Сəкен  ұстанған  принципке  қарағанда, 
бүгінгі фольклористеріміз типологиялық салыстырма əдіс-
ті  басшылыққа  ала  отырып,  ауыз  əдебиетін  жіктеу,  жанр-
ларға  бөлу,  ерекшеліктерін  айқындау,  генезисін,  құры-
лысын,  варианттарын  анықтау,  т.б.  салаларына  көп  көңіл 
бөледі. Бұған қарап, Сəкен айтқан пікірлер, ұстанған əдіс-
тəсілдер  мүлдем  маңызын  жойған  екен  деген  ой  тумау 
керек. Мəселен, ауыз əдебиетінің қай түрін болмасын тек-
серген  кезде  халықтың  тарихымен,  тұрмыс-тіршілігі мен, 
наным-сенімімен,  салт-санасымен,  əдет-ғұрпымен  тығыз 
байланыстырып,  одан  елдің  арман-мұңының,  тыныс-
тіршілігінің  шынайы  көрінісін  тауып,  ғылыми  дұрыс  қо-
рытындылар  жасап  отыруы  бүгін  де  маңызды.  Халық 
тарихын  өзінің  рухани  азығы  болған  əдебиет  нұсқалары-
нан  алшақтатқан  уакытта  жансыз  схемаға  құрылған, «те-
рең  ғылыми»  деп  есептелгенімен  ел  өткенін  бұрмала ған 
жалған  еңбектер  туғанын,  əсіресе 70-90-жылдары  көп 
кездестіргеніміз өтірік емес.
Əрине, 30-жылдары  Сəкен  үстем  идеология  негі зінде 
тапшылық  көзқарасқа  жиі-жиі  бұрылып  кетіп  отыра-
тындығы,  оның  еркін  көсілуіне  ырық  бермей,  ойын  тұса-
ғанын байқаймыз.
Мəселен,  салт  өлең  жырларын,  батырлар  жырларын, 
билер  сөздерін  талдағанда  оларға  жоғары  баға  бере  оты-
рып,  үстем  таптың  тілегіне  орай  айтқан  деген  бір  жақты 
қорытынды жасап жіберетін кезі аз емес.
«Қазақ  əдебиеті»  кітабының  екінші  бөлімін  «Ертедегі 
жырлы  əңгімелер,  яки  ноғайлы  дəуірінен  қалған  əдебиет 

51
нұсқалары»  деп  атап,  бұл  бөлімге  батырлар  жырлары 
мен  жырлы  əңгімелерді  кіргізеді.  Батырларды  жеке-
жеке  тексереді. «Едіге», «Қобыланды», «Ер  Тарғын», «Ер 
Сайын», «Нəрік  ұлы  Шора  батыр», «Қамбар», «Алпа-
мыс  батыр»,  лиро-эпостық  жырлардан  «Қозы  Көрпеш 
–  Баян  сұлу», «Қыз  Жібек»  секілді  жырлардың  маз мұн-
дарын  біршама  баяндап,  халық  арасына  таралуы,  басты 
қаһармандарының  тарихқа  қатысы,  кейбірінің  өзге  халық-
тар  əдебиетінде  кездесетіні,  варианттарының  молдығы, 
əрбір  жырдың  құрылысы,  көркемдік  ерекшелігі,  көп-
қабаттылығы  (полистадиялылығы),  т.б.  қасиеттеріне  ерек -
ше назар аударады, өзіне дейін айтылған пікірлермен кей-
де  келісе,  кейде  таласа  отырып,  өзінің  шешімді,  кесімді 
пікірін  айтады,  ойын  жинақтап  қорытындылап  отырады. 
Таптық қарауылын ұмытпайды. Батырлар жырын талдаған 
уақытта  үстем  тап  өкілдері  ер  мен  батырларды  өзіне  тең 
тұтпай, тек жауды мақатуға қажетті қара күш иесі ретінде 
пайдаланғанын  айтып  отырады.  Ақша  ханның  қызы – Ақ 
Жүністі  алып  қашып,  Ханзадаға  паналаған  Ер  Тарғын 
Шағандағы  қалмақтарды  қуып,  ханға  жер-су  алып  беріп 
«сыйлы» болады. Бірақ қарауыл қараймын деп Ер Тарғын 
мертігіп  қалғанда  Ханзада  жұртына  тастап  кеткенін, 
ханға  қатер  төнгенде  «қызымды  беремін»  деп  Тарғынға 
жауын  мұқаттырып  алып,  тағы  да  алдап  кеткенін  Сəкен 
таптық  теңсіздік  тұрғысынан  баяндайды,  бай  мен  кедей, 
хан  мен  батыр  арасында  əлеуметтік  айырмашылықтың 
болғандығына назар аударады.
Сəкен  өзінің  осы  көзқарасын  қара  қасқа  атты  Қамбар 
батар  жырын  талдаған  уақытта  айқын  аңғартып,  тоқсан 
үйлі  тобырды  асырау  қамында  жүрген  Қамбардың  адам-
гершілік  қасиетін  айрықша  көрсетеді. «Ер  Сайын  мен 
Қамбар  батырды  салыстырғанда,  əңгіме  Сайынды  дарақы 
байдың  ұлдарынан  шыққан,  бет  зəрінен  жұрт  түршігетін 
батыр қылып көрсетсе, Қамбарды ағайынның аш-арығына 
қайырымшыл,  үлкенге  кішіпейіл,  кедейден  шыққан  батыр 
қылып  көрсеткен»
1
  деп  таптық  айырмашылықтың  сыр-
сипатын аңғартады.
1
 С. Сейфоллаұлы. «Қазақ əдебиеті», 1932, 210-бет.

52
Сондай-ақ,  Сəкен  батырлар  жырында,  сонымен  қатар 
қазақтың  ауыз  əдебиеті  нұсқаларында  əйелдің  азаматтық 
ары  жайындағы  мəселелерге  назар  аударды. «Қобыланды 
батыр»  жырындағы  батырлығы  Қобыландыдан  кем  емес, 
«туған  əкесін  өлімге  қиып,  соңдарынан  ерген  Қарлыға 
қызды  біресе  Қараман,  біресе  Қобыланды  «олжа  қылып» 
алып жүргендеріндей, Ақ Жүніс те, ханның қызы болса да, 
жұрттан асқан сұлу жəне ақылды болса да, ханның бала сы-
на  бармай,  Тарғынға  ғашық,  болып  соңынан  ерсе  де, 
батырдың  жетегіндегі  олжадай  ғана  болып,  қуып  жеткен 
қарт  Қожаққа  қала  береді»
1
  деп  теңсіздік  пен  зорлык-зом-
былықтың саяси-əлеуметтік астарын аша баяндайды.
Əдебиеттік  құбылыстарды  зерттеу,  талдау  мəселесінде 
берік  те  бекем  позицияны  ұстау  жөнінен  Сəкен  тұтынған 
жолдың  дұрыстығын  айту,  оның  кейде  асырып  жіберге-
нін  жаба  тоқуға  мүмкіндік  бермейді.  Осы  еңбегінде  мұра 
жөнінде 20-жылдары  қалыптасқан  теріс  пікірлердің  кө-
бін  Сəкен  түзетуге  тырысқан.  Алайда  В.  И.  Лениннің  бір 
мəдениетте екі түрлі мəдениет болады деген қисынына бой 
алдырып,  ертеде  шыққан  өлең,  жыр,  эпос,  қисса-хикаят-
тардың көбі үстем таптың ықпалымен туған дегенді əлсін-
əлсін еске түсіріп қоятыны жоқ емес.
Ауыз  əдебиетінің  мəн-жайына  тоқтаған  уақытта  Сəкен 
əрқашанда: «біреуден-біреу жадына алып жүрген сөз ауыз-
дан-ауызға көшіп, бүкіл елге жайылып, бұрынғылардан ке й- 
інгілерге мұра болып қалып жүреді. Сол əркімнін аузында 
кақбақыл  болып  жүрген  сөзді  əркім  үстем  санаттың  ық-
палымен  өзінше  өңдеп,  дəндендіріп,  сырлаған  болады. 
Сөйтіп баста ауыз əдебиет болып шыққан сөз неше басты 
аралап,  неше  ауыздан  шығып,  біраз  өмір  сүрген  кезде 
көп  өзгеріске  түсіп,  талай  жері  оңалып,  талай  адамның 
қоспасын қосып, талай адамның «еңбегі сіңген» сөз болып, 
баста  шығарған  адамның  кім  екені  ұмытылып,  жалпы 
көпшілікке  «бірдей»  тəрізді, «жалпы  елге  бірдей»  тəрізді 
ел  əдебиеті  болып  кетеді»
2
  деген  ғылыми  дұрыс  тезисті 
қолданып  отырса  да,  анда-санда  ауыз  əдебиеті  нұсқала-
1
 С. Сейфоллаұлы. «Қазақ əдебиеті», 1932, 197-198-беттер.
2
 Бұл да сонда, 40-41-беттер.

53
рын  түгелдей  болмағанмен,  көбін  үстем  таптың  үлесіне 
беріп,  қалың  еңбекші  жұртшылықтың  асыл  арманды,  өр-
шіл  талапты  шығармаларын  тасада  қалдырып,  тапшыл-
дықтың  шылауында  жіберетіні  кездеседі. «Қазақ  əдебие-
тіндегі»  осындай  көзқарасын  Сəкен 1934 жылы  шығарған 
«Көркем  əдебиет»  деген  (Өтебай  Тұрманжановпен  бірге) 
оқу кітабында түзете сөйлеуді қажет деп білген. Онда ауыз 
əдебиетінің бір тұтас емес екендігін, сақталған əдебиет нұс-
қаларының  бəрі  бірдей  үстем  тап  үлесіне  тимейтіндігін, 
«Бұқараның шығарған ауыз əдебиеті, оның ішінде малшы-
жалшылардың  шығарған,  қара  шаруаның  шығарған  ауыз 
əдебиеті  бар»
1
  екендігін  айрықша  айқындықпен  айтып, 
ілгергі пікірін біраз түзеген.
Сəкен  Сейфуллиннің  «Қазақ  əдебиеті»  кітабының  ай-
рықша  маңызы – қазақ  ауыз  əдебиетін  ғылыми  жүйемен 
талдауы деп ашық айту керек.
Бұл  еңбекте  ең  алдымен  қазақ  ауыз  əдебиетін  дəуір -
леу  мəселесі  жəне  оны  зерттеу  проблемасы  оңтайлы  сөз 
болады.
«Қазақ  əдебиеті»  кітабында  Сəкен  Қазан  революция-
сына  дейінгі  қазақ  əдебиетінің  жалпы  тарихын  екі  үлкен 
дəуірге: 1) билер  дəуірі, 2) патша  дəуірі,  яғни  қазақ  елі 
орыс патшасына бағынған дəуірге бөлген. Осы екі дəуірдің 
ерекшеліктерін ескере келіп, Сəкен екі кітап жазбақ болған. 
Алайда, тек бірінші ғана кітабын жазып үлгерген. Оны өзі 
шартты түрде билер (феодал) дəуірі деп атаған. Бұл «Қазақ 
əдебиеті»  туралы  істеген  еңбек 2 кітап  болып  шықпақ. 
1-кітапқа  қазақ  атаулы  ел  арғы  ескі  заманда,  жабайы 
рушылдық  дəуіріндегі  үстемшілік  жүргізген  таптың  кө-
семдері  мен  ру  бастықтарының  əкімшілігінде  жүрген  за-
маннан  қалған  əдебиет  жұрнақтарымен,  одан  бертінгі 
ор  талық замандағы хандар, сұлтандар, билер, байлар, батыр-
лар  көсемдік  қылған  үстем  таптың  қол  астында  жүрген 
дəуірден қалған əдебиет нұсқалары кірді. Бұл өзі екі дəуір 
болып  қаралуға  тиіс  еді.  Бірақ  бұл  екі  дəуір  əдебиетімен 
біріктіріп,  тек  билер  дəуірінің  əдебиеті  деп  атадым.  Хан-
1
 С. Сейфоллаұлы. Ө. Тұрманжанұлы. Көркем əдебиет. 5 класс үшін. 
1934, 201-бет.

54
дар,  сұлтандар,  билер,  байлар  табының  əкімшілік  құрған 
замандарын,  жалпы  қылып,  қысқартып  айтқанда,  билер 
дəуірі деуді жөн көрдім»
1
 деп түсіндірме берген Сəкен. Бұл 
терминді қазақ əдебиеттану ғылымы қабылдамады.
Бір  дəуірдің  өзін  екіге  бөлуге  болар  еді,  бірақ  оны 
біріктіріп  жібердім  дегеніне  назар  аударғанда,  бұл  кітап-
тың  екі  бөлімнен  құралғанын  айтқан  болу  керек.  Өйткені, 
Сəкен  «екі  дəуір»  дегенді  ауыз  əдебиетінің  жанрларын 
жіктеу, саралау тұрғысынан ауызға алған. Кітаптың бірін-
ші  бөлімін  ауыз  əдебиетінің  жанры  мен  түрлеріне  арнаса, 
екінші бөлімін түгелдей батырлар жыры мен лиро-эпостың 
шығу,  тарау,  зерттеу  мəселелеріне  бағыштаған  болатын. 
Осылайша  жіктеудің  өзі  Сəкеннің  ғылыми  көзқарасы- 
ның  дəйектілігінен  айқын  хабар  береді  де,  кейінгі  уақыт-
тағы  зерттеу  еңбектерінің  осы  дұрыс  принципті  жан-
жақты өрбіте түскенін жəне əрқашан ілтипатқа алып отыру 
қажеттігін  аңғартады.  Сəкен  «Ертедегі  жырлы  əңгімелер, 
яки  ноғайлы  дəуірінен  қалған  əдебиет  нұсқаларын»  зерт-
тегенде  ең  оңтайлы  принципті  қолданған.  Батырлар  жы-
рын  көбіне  хронологиялық,  тəртіппен  зерттейді  де, «ұлы 
батыр», «кіші  батыр  жыры»  деп  тексеріп  жүргендердің 
зерттеу  тəсілінің  ғылыми  негізі  жоқ  екендігін  дəлелдей-
ді.  Батырлар  жырының  шығу  жағдаяттарына  тарихи  де-
ректерді  мол  келтіреді  де,  ноғайлы  заманында  шыққан 
батырлардың  бəрін  түгелдей  қазақтікі  деп  иемденудің 
дұрыс болмайтындығын ескертті. Сонымен қатар «ертедегі 
батырлар  туралы  айтылған  əңгіме,  жырларды  жақсылап 
оқып,  тексеріңіз,  онан  соң,  қазақ  аталған  елдің  тарихын 
тексерсеңіз  жəне  қазақтың  өзге  ауыз  əдебиетін  тексер -
сеңіз – əлгі  кейбір  əдебиетшілердің: «қазақтың  өздерінің 
батырлар  туралы  əңгіме,  жырлары  жоқ,  өзіміздікі  деп 
жүргендері  ноғай  халқынікі»  дегені  тек  жалған  сөз  екенін 
көресіз»
2
  деп  тауып,  нигилистік  көзқарасқа  қарсы  шыға-
ды.  Қазақ  болған  рулардың  бұрын  Ноғайлы  болғанды- 
ғын  дəлелдеу  үшін  тарихты  сөйлетіп,  соған  иек  артады. 
Жəне  бұл  жырларды  кезінде  Ноғайлы  заманын  бастары-
1
 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті, 1-кітап, 1932, 6-бет.
2
 С. Сейфаллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап, 1992, 169-бет.

55
нан  өткізген  өзге  халықтар  да  өзіміздін  туындымыз  деп 
иемденіп, бауыр баса айтуларына тарихи негіз бар екен дігін 
орынды ескертіп отырады.
Ноғайлы  заманында  жасады  деп  тапқан  батырлар-
дың  қазақ  əдебиетіндегі  үлгілерін  өзге  түрік  елдеріндегі 
нұсқалармен  əрдайым  салыстыра  отырып  қарастырады. 
Бұлай  зерттеу  тəсілі  əрбір  жырдың  көне  сипатын,  көр-
кемдігін, соны өзгерістерін, соңғы қоспалардың сырын ай-
қындауға мол мүмкіншілік бергенін көреміз.
«Алпамыс  батыр»  жырын  зерттегенде  қазақ,  өзбек, 
түрікмен  нұсқауларын  салыстыра  отырып,  ұқсастықтары 
мен  өзгешеліктеріне  тоқталады.  Осылай  қазақ  эпосын 
ноғай  эпосымен  салыстыра  қарастыру,  зерттеу  керек  де-
ген  өнімді  концепцияны  жүзеге  асырған  Сəкен  болды. 
Сондықтан  қазақ  əдебиеттану  ғылымында  типологиялық 
салыстырма  зерттеу  тəсіліне  айрықша  ден  қойғандығы 
əдебиеттанудың ең бір өнімді арнасын керсетті.
Жырлардың  құрылысы  жөніндегі  түйіндеулері  де 
аса  маңызды.  Өйткені,  қай-қай  жыр  болмасын  алғашқы 
нұсқасын  еш  уақытта  сақтамай,  түрлі  заманның,  əр  дəуір-
дің  қилы-қилы  оқиғаларын  қосып  алып,  өзгеріске  ұшы-
рап  отыратындығын  ғылыми  негізде  дұрыс  көрсете  біл-
ді.  Сонымен  қатар  əр  жырдың  ерте-кеш  жырлануын,  яғни 
шығуын  айқындаудың  мəні  зор  екеніне  айрықша  мəнді 
меңзеу  жасады. «Қазақтың  ескі  ел  əдебиетіндегі  батыр-
лар əңгімелерінің неғұрлым ескірегін алып карасаң, соғұр-
лым  оның  «қиял»  қоспасының,  жапсырма  сырларының, 
«ертек»  түрлерінің  молдығын  көресің.  Ал  неғұрлым  бергі 
заманда  шыққанын  алып  қарасаң,  соғұрлым  ол  əңгіменің 
«кереметтері»  де  аз  бола  береді.  Шындыққа  жақын  бола 
береді жəне соғұрлым бертінгі заман батырларының жара-
тылыстары  да  «кереметсіз»  бола  береді»
1
  деген  байқаула-
рын ортаға салады.
Сəкен қазақтың бай лиро-эпосынан тек «Қозы Көрпеш 
– Баян сұлу» мен «Қыз-Жібекті» талдаған. «Қозы Көрпеш 
–  Баян  сұлудың»  мазмұнын  тəптештей  баяндап,  оның  сөз 
кестесі  мен  көркемдігіне  көңілі  онша  толмайтындығын, 
1
 С. Сейфоллаұлы, «Қазақ əдебиеті», 1-том, 1992, 180-181-беттер.

56
«мұндай  жабайы  өлеңді  ескі  заманда,  əр  үйдің  отының 
басында  кім  көрінген-ақ  айтатын  болуы  керек»
1
  деп  та-
уып,  талай  келіссіз  шумақтарды  мысалға  келтіреді.  Бұған 
қарағанда,  Сəкеннің  қолына  «Қозы  Көрпештің»  ақындық 
ша бытпен  жырланбаған  варианты  түскен  ғой  деп  ойлауға 
болады, екіншіден, өзінің шығармашылығында жыр үлгісін, 
екпінді  ырғақтарды  жиі  қолданған  ақын  батырлар  жырын 
талдаудан  кейін  онбір  буынды  қара  өлеңге  түскенде  біраз 
тосыңқырап  та  қалған  сияқты.  Оның  тап  осы  сəтте  өлең 
құрылысын сөз етуі бұл ойымызды айқындай түседі. «Қо-
зы  Көрпешті»  талай  «оқымыстылар»  мақтайтын  еді.  Мен 
мақ тарлық  ештемесін  таба  алмадым.  Əңгіме  өлеңдерінің 
сөз  қалауы,  сөз  тізімдері,  өлеңдерінің  жалпы  сарын,  күйі 
жаугершілік  замандікіндей  емес, «кебенек  ішінде  бұйы-
ғып жатқан» марғау, мақау, бейбіт, жалқау, меңіреу жат қан 
замандікі  сияқты.  Жаугершілік  заманындағы  өлең  жыр-
лардың  сарын,  күйі  жауға  шығып  жалтылдаған  жауын гер 
батырдың  суретін  сездірсе, «Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу» 
өлең дерінің  сарын,  күйі  ырғалып  көшіп,  манаурап  қон-
ған  қоңыр  тымақты  көшпелілінің  суретін  сездіргендей 
болады.  Екеуінің  сарын,  күйінің  айырымы  айқын  сезі -
леді»

дегені дəлелдей түседі.
«Қозы  Көрпеш»  жырының  көркемдік  қасиеті  жайын-
дағы  пікірдің  əр  түрлі  болуы  əбден  ықтимал  екендігін 
айтқан  уақытта,  Сəкеннің  жыр  мен  қара  өлең  арасындағы 
айырмашылықты  пайымдауының  өзі  ғылыми  тұрғыдан 
ойланарлық құбылыстың мол екендігін аңғартады.
Сонымен,  Сəкен  Сейфуллиннің 30-жылдардың  бас  ке-
зін де ауыз əдебиетінің асыл қазынасын іждағаттай зерт теп, 
оны сала-салаға бөліп, ғылыми талдау жасауының өзі қазақ 
əдебиеттану ғылымына қосылған үлкен үлес қана емес, сол 
ғылымның негізіне қаланған зор еңбек екені аян.
С.  Сейфуллиннің  бұл  еңбегін  жоғары  оқу  орындары-
ның студенттеріне арналған оқулық демей, оқу құралы де у- 
іміздің де сыры жоқ емес. Оқулық көбінесе мəселенің бəрі 
дерлік  тиянақты  ғылыми  шешімін  тапқан  тұжырымдарға 
1
 С. Сейфоллаұлы, «Қазақ əдебиеті», 1-том, 1992, 225-бет.

Бұл да сонда, 225-226-беттер.

57
негізделіп  жазылатындығын  ескерсек,  бұл  еңбекте  ондай 
айқын,  ашық  қорытындыларды  жиі  кездестіре  бермейміз. 
Əлі талдауды, зерттеуді талап ететін жайлар бірқыдыру. Ал 
оқу  құралы  бұл  жөнінен  авторға  көп  еркіндік  бере  алады. 
Автор  өз  көзқарасы  мен  ғылыми  қорытындысын  аксиома 
түрінде  баяндамай,  мəселені  қою,  шешу,  пікір  жарыстыру 
жолымен шындықтың сырын ашуға мүмкіндік алады. Осы 
тұрғыдан  қарағанда  Сəкен  жасаған  оқу  құралының  өзіне 
тəн ерекшелігі де жоқ емес.
Оқу  орындарына  арналып  жасалатын  хрестоматия  кө-
бі не үлгілі нұсқалардан құралып, оның маңызы жəне авторы 
жайында  қысқаша  түсінік  берілсе,  оқулық-хрестоматия-
да  кең  көлемді  талдаумен  қатар,  шығармалардан  алынған 
үзінділер  қабаттасып  отырады,  ал  оқу  құралында  көбіне 
авторлық баяндаулар мен түсіндірмелер, тіпті зерттеу, тия-
нақтау тəсілдері де араласып отырады, ал оқулықта нақты 
шешімін  тапқан  мəселелер  ереже  іспеттес  тұжырымда-
лады. Сəкеннің бұл «кітапқа əдебиет нұсқалықтарын əде йі
молырақ,  толығырақ  кіргіздім.  Өйткені,  бұл  кітап,  бір  жа-
ғынан,  ескі  ел  əдебиеті  туралы  жазылған  кітап  болса, 
екінші  жағынан,  сол  ескі  ел  əдебиет  нұсқаларының  жи-
нағы  тəрізді  материал  болсын  дедім»

дегенінің  өзі  кітап-
тың оқу құралы сипатын айқындай түседі.
Автордың  бұл  пікірін  Молдағали  Жолдыбаев  өзінің 
алғы  сөзінде  дəйектеді: «Бұл  кітап  сыннан  өтіп, «сымға 
тартқан  күмістей«  жұмырланып  шыққан  «əдебиет  тари-
хы»  емес,  əлінше  марксшілдік  талдау  көрген,  Маркс-Ле-
нин  жолына  дəлдестірілген,  затшыл  диалектика  əдісімен 
жиналған  қазақ  əдебиеті  тарихының  материалдары.  Де-
генмен  кітап  қазақ  əдебиеті  тарихына  құрал  бола  алады. 
Кітап  байтақ  оқытушылар,  оқушылар  бұқарасының  сыны-
нан  өтіп,  талқыға  түскеннен  кейін  келесі  кайта  басы лу-
ларында  «Əдебиет  тарихы»  болып  шығады  деп  сенеміз»

дегені де бұл кітаптың оқу құралы сипатын айқындап, тіпті 
тарихтық қасиетімен толыса түсетіндігіне меңзейді.
Тұңғыш оқу құралы сол кезеңде кең практикалық өріс 
1
 С. Сейфоллаұлы. «Қазақ əдебиеті», 1-том, 1992, 6-бет.
2
 Бұл да сонда, 5-бет.

58
табуымен  қатар,  ғылыми-эстетикалық  сыннан  өткенін  де 
айта кету керек. Шарафи Əлжанов «Қазақстандағы ұлттық 
мəдениет  проблемасы  жəне  іліми-зерттеу  институтының 
алдағы  кезекті  міндеттері»
1
  деген  көлемді  де  мəнді  ма-
қаласында Сəкеннің бұл еңбегіне айрықша ілтипат білдіріп, 
орта мектеп пен жоғары оқу орындарын құнды оқулықтар-
мен  қамтамасыз  ету  мəселесін  осы  оқу  құралы  төңіре-
гінен  өрбітті.  Бұл  еңбектің  мəн-маңызы,  əсіресе  педаго-
гикалық талап-тілекке бейімделіп жасалғаны Б. Кенжебаев-
тың 1933 жылы жазған мақаласында да құптау тапқан бо-
латын
2
.  Кітаптың  сыр-сипаты  мен  қадір-касиеті  соңғы 
кезде, əсіресе қазақ фольклористикасынын қарышты өркен-
деу  дəуірінде  əңгіме  ауқымына  алынып,  тиісті  көтеріңкі 
бағасын алды
3
.
Бұл  кітаптың  оқу  құралы  сипатына  тоқтаған  уақытта 
оның  ғылыми-зерттеу  еңбектеріне  тəн  қасиеттеріне  назар 
аудармай  кету  обал.  Қазақ  əдебиеті  сыны  мен  ғылымы 
прак тикалық  қажеттіліктен  қанат  қаққанын  ескергенде, 
бұл  еңбекте  шығарма  сырын  баяндап,  оған  нақты  эстети-
калық  талдау  жасауы,  терең  тұжырымдар  мен  көркемдік 
қорытындыларды  түйіндеуі,  ауыз  əдебиетіндегі  өнімді  де 
айшықты  құбылыстарды  бір-бірімен  салыстыра  дəлелдеуі 
Сəкеннің ғалымдық парасатының молдығынан хабар береді.
Қазақ  ауыз  əдебиетінің  патриархалдық-феодалдық  за-
манда  қалыптасқан  кейбір  түрлерінің  сыр-сипатын  тек-
 сергенде  Сəкен  бір-бірімен  іштей  қабысып  жатқан  əдеби 
құбылыстарды  барынша  дəйектілікпен  саралайды.  Мə-
селен,  мəн-мағына  жағынан  біріне-бірі  жақын  түрлерді 
(естірту, көңіл айту, жоқтау) былай қойғанда, тұрмыс-салт 
жырларының өзін іштей сала-салаға бөліп, той бастар өле ң- 
інің  ау-жардан,  ау-жардың  сыңсымадан,  сыңсыманың  жұ-
бату  мен  үгіттен,  ал  жұбатудың  беташардан,  беташардың 
айт  келіннен  айырмашылықтарын  өздеріне  тəн  сипаттары 
мен ерекшілігіне сай жіктейді.
1
 Политехникалық мектеп. № 5-66, 1993.
2
  Б.  Кенжебаев. «Қазақ  əдебиеті»  туралы. «Əдебиет  майданы», 
№ 6-9,1933.
5
 Қазақ əдебиетінің тарихы, 1-том, 1-кітап, 60-61-беттер. 11 кітап, 12, 
144-148-беттерін  қараңыз.  М.  Ғабдуллин.  Тыңнан  түскен  жол. «Қазақ 
əдебиеті», 29 қаңтар, 1965.

59
Қыз  ұзату,  қалыңдық  түсіру  кезінде  айтылатын  өлең-
жырлардың бүгінгі белгілі жүйеге түсуіне осындай дəйек-
ті  ғылыми  квалификацияның  үлкен  роль  атқарғанын  айт- 
пасқа болмайды.
Сол  сияқты  Сəкен  батырлар  жырын  зерттеген  уақытта 
əрбір  шығарманың  тарихи  негізін  ашуға  айрықша  назар 
аударып,  оны  халық  өмірінде  болған  оқиғалармен  сабақ-
тастыра  қарайды.  Бұл  тəсіл  əрбір  көркем  шығарманың 
нақты  өмір  шындығынан  нəр  алатындығын  дəлелдеп  қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  халық  өмірінде  болған  кейбір 
тарихи  оқиғалардың  сырын  аңғартып  тастап  отырады. 
Сөй тіп,  тарих  пен  əдебиет  арасындағы  байланыс,  жанды 
сабақтастық пен ажырамас арналар бір-бірімен қабатта сып 
жататындығы айқындалады.
Əрбір шығарманың тарихи негізін тəптештеп зерттеген 
уақытта Сəкен тың ғылыми тұжырым жасап отырған. Қазақ 
эпосын  ұлы,  кіші  батыр  деп  топтауға  болмайтындығын 
жəне  оларды  белгілі  бір  елдің  басы  бүтін  иемденуіне, 
бауыр  басуына  тарихи  негіз  жоқ  екендігін  ашық  айтады. 
«Қазіргі Қырым, Астрахань, Қазан, Еділ бойлары, Башқұрт-
с тан, Өзбекстан, Қарақалпақ жəне басқа жерлердегі түрік-
монғол руларының ол заманда ноғайлы елі атанғандары – 
ертедегі  ноғайлы  батырлары  туралы  айтылған  жырларды, 
əңгімелерді «біздікі еді» десе, – айтуларына болады. Олай 
айтуға  ақылары  бар.  Ноғайлы  заманындағы  ноғайлының 
батырлар  əңгімесіне  бəрі  де  ортақ  деуге  болады.  Оларға, 
қазіргі  қазақ  та  ортақ»
1
  деген  пікірін  тарихи  деректермен 
дəлелдей айтып, əр батырдың шыққан тегіне үңіледі.
Сəкен  өз  тұжырымдарын  айқындай  түсетін  мағлұ мат-
тарды  əргі-бергі  ғалымдар  мен  білімпаздардың  еңбекте-
рінен  мол  келтіреді.  Түркі  тілдес  елдердің  шығармаларын 
көп жинап, өзінің түйінді пікірін айтқан, бүкіл шығыстану 
ғылымына  үлкен  үлес  қосқан  Радловтың,  қазақ  ауыз 
əдебиетін  зерттеу,  жариялау  саласында  ұлан-ғайыр  еңбек 
еткен  Əубəкір  Диваевтың  аттарын  Сəкен  зор  ілтипатпен 
атап,  қажетгі  жағдайда  пайдаланып  отырады.  Бұл  ретте 
де  Сəкен  сыншылық  көзқарасты  басшылыққа  алып,  бұ-
1
 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті, 1-кітап, 1932, 155-бет.

60
рынғы  тарихшылар  мен  ориенталистердің  айтқанының 
бəрін  түгелдей  құптай  бермей,  кейбір  тұжырымдардың 
шындықтан  алыс  екендігін  айтып  отырған.  Осының  бəрі 
Сəкеннің  ғалымдық  парасатының  молдығын,  ғылыми  дə-
лелінің дəйектілігін айқын аңғартатын жəйттер.
Сəкен  Сейфуллиннің  осы  мəнді  еңбегінің  басқа  оқу 
құралдарынан  бір  айырмашылығы – қазақ  халқының  та-
рихын  зерттеп,  көп  ретте  дұрыс  ғылыми  қорытынды  жа-
сауы  деп  ашық  айтуымыз  керек.  Бұл  мəселе  əрқашанда, 
ой  толғанысына  арна  болғанын  көреміз. 1933 жылғы  ма-
қаласында  Б.  Кенжебаев  сол  кездегі  тарихи  зерттеулер 
мен  түсініктердің  өресі  тұрғысынан  едəуір  ескерту  жасап, 
мұндай  құнды  тараудың  осы  еңбектен  орын  алғандығын 
құптайды.  Сонда  баяндалған  ойлар,  кейбір  өзекті  тұ жы-
рымдар  күні  бүгінге  дейін,  яғни  қазақ  халқының  ғылыми 
тарихының  бірнеше  басылымы  шыққанына  қарамастан, 
қолдау табуда.
«Қазақ  əдебиетінің»  алғашқы  тарауында  Сəкен  қазақ 
тарихына  біраз  шолу  жасаған. «Көлденең  қараған  кісіге 
бұл шолу нақ осы кітапқа қажет емес сияқты. Расында олай 
емес. Сəкен бұл кітабын жазған шақта қазақ тарихы жүйе-
ге  қойылмаған,  қазақтың  тарихында  марксистік  еңбектер 
əлі жасалмаған кез. Сондықтан, егер Сəкен бұл кіріспе та-
рауды  жазбаса  талдағалы  отырған  əдебиет  мұралары  да 
толық түсінікті болмас еді. Кіріспе тарау кітаптың кейінгі 
əдебиеттілік  мол  жағын  ашып  беретін  кілт  рөлін  атқарып 
тұр»
1
.
Қазақ  халкының  тарихи  даму  жолдарын  зерттеген 
уақытта  Сəкен  көптеген  нақты  деректер  мен  фактілерді 
молынан  келтіріп,  оның  тарихи  байланыстығы  мен  са-
бақ тастағын  ашып,  көптеген  шындықтардың  сырына  үңі-
леді,  күрделі  қорытындылар  жасайды.  Халық  тарихын 
зерттегенде  дұрыс  көзқарасты  басшылыққа  алып,  тарихта 
аты қалған адамдардың істеген ісін ашық айтып отырады.
Əрине, 20-30-жылдарда  қазақ  халқының  ғылыми  та-
рихы  жасалмағандықтан  да  Сəкеннің  кейбір  пікірлері 
1
 С. Мұқанов. Қазақ əдебиетінде жаңа эра. Кітапта:  С. Сейфоллаұлы. 
Шығармалар, 6-том, 6-бет.

61
ойлана  қарауды  қажет  етеді.  Өйткені,  кейінгі  жылдары 
үш  рет  жазылған  қазақ  халқының  тарихы  көптеген  жаңа 
деректермен  толығып,  бұрынғы  қалыптасқан  пікірлердің 
басқаша  баяндалуына  негіз  болғанын  ескерген  уақытта, 
Сəкеннің  кейбір  трактовкалары  қазіргі  тұжырымдарға  сай 
келе бермеуі ықтимал.
Сонымен,  Сəкен  Сейфуллин  өзінің  жарияланпаздық 
еңбегімен  де,  əсіресе  «Қазақ  əдебиеті»  атты  оқу  құралы 
сипатындағы  ғылыми  зерттеуімен  де  қазақтың  бай  əде-
биетінің  үлгілерін  эстетикалық-социологиялық  талдаудан 
өткізіп,  жүйелі  классификация  жасады,  көптеген  соны 
ой,  тың  пікірлер  айтты,  парасаты  мен  фольклорист  ғалым 
екенін  танытты.  Қазақ  əдебиеттану  ғылымының  туу  жəне 
қалыптасу процесіне Сəкеннің қосқан үлесі зор дегенде осы 
жайлар айрықша еске алынуға тиіс.
Сəкеннің ғылыми еңбектерінің мəнділігін айтқанда бір 
жайға  тоқтала  кеткен  абзал.  Қазақ  əдебиетінің  тарихына 
арналған еңбегін екі кітап етіп жазып шығаруға ниеттенгені 
белгілі. «Екінші  кітапқа  қазақ  атаулы  ел  Россия  патша-
сының  əкімшілігіне  бағынған  дəуірден  қалған  əдебиет 
нұсқалары  кірмек»

деп  «Қазақ  əдебиетінің»  кіріспесінде 
айтса,  еңбектің  ең  соңындағы  «Жалғас  əңгіме»  деген  та-
раушада  ендігі  зерттеу  «қазақ  атанған  елдің  ақырындап 
болса  да,  шаруашылық  түріне  өзгеріс  кіріп,  хандық 
кұрылысы,  билер  дəуірі  іріп-шіріп,  қазақ  атаулы  ел  орыс 
патшасына  бағынған  дəуірде  шыққан  əдебиет  нұсқалары 
туралы  болады.  Оны  бір  бөлек, II кітап  қыламыз»

деп 
тағы да ескертті. Осы аталмыш еңбектің жазылғаны, оны-
мен кейбір адамдардың танысқаны белгілі болса да, əзірге 
оның қолжазбасы қолға түспей келе жатқандығы өкінішті. 
Алайда  Сəкеннің  бұл  үлкен  еңбегінен  жұрнақ  та  қалған 
жоқ  деуден  аулақпыз.  Сəкен 1934-35 жылдары  Ыбырай 
Алтынсариннің,  Ақан  сері  Қорамсаұлының  жəне  татар, 
башқұрт,  қазақ  əдебиеттеріне  ортақ  ақын  Ақмолланың 
өлең  жинақтарын  жинап,  тұңғыш  рет  жариялады.  Бұлар 
жазылмақ екінші кітаптың қарлығаштары екені айдан-анық. 
1
 С. Сейфуллин. Шығармалар, 6-том, 8-бет.
2
  С. Сейфуллин. Шығармалар, 6-том, 419-бет.

62
Ыбырай  мен  Ақан  жайында 20-жылдардың  бас  кезінде 
бірді-екілі  мақала  жарияланғаны  болмаса,  көбіне  жалпы 
шолуларда  теріс  сыңайда  ғана  аталып  жүретін-ді. 1933 
жылы  М.  Жолдыбаев,  М.  Əуезов,  Ə.  Қоңыратбаев  жазған 
«XIX  ғасыр  мен XX ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетінің 
оқу  кітабында»  Ыбырай  Алтынсаринға  арналған  қысқаша 
тарау  бар.  Онда  да  «Ыбырай  бүкіл  қазақ  елінің  досы  еді, 
оның  ішінде  кедейлердің  де,  еңбекшілердің  де  досы  деу 
дұрыс емес. Ыбырайдың тұрғыласы Абай. Екеуінің таптық 
тегі  де  бір:  қазақтың  ескі  феодал  табы,  екеуінің  ой  өрісі, 
пікір  майданында  көп  ұқсастық,  бірегейлік  бар»
1
  деп  сол 
кезеңдегі көңіл-ауанмен баяндалған болатын.
Сəкен осындай ойлауға назар аудармай, басқаша арна-
мен  жүру  қажеттігін  сезініп,  тарихта  орны  бар  дастандар-
ға  айрықша  ұқыптылықпен  қарау,  өмір  шындығы  мен 
сол  кезеңнің  негізгі  бағытын  саралау,  əдебиет-мəдениет 
қайраткерінің  іс-əрекеті  мен  дүниетанымын  əрқашан  əді-
лет  таразысына  салып  отыру  керектігін  ескертіп,  өзі  жаңа 
бастама  жасады.  Осыған  айқын  дəлел – Ыбырай  Алтын-
сарин жинағына жазған қысқа да мəнді алғы сөзі.
Сəкен  осы  алғы  сөзінде  Ыбырай  шығармашылығының 
негізгі  қадір-қасиетін  айқындап,  оның  дүниетанымын-
дағы кайшылықтардың себебін дұрыс аша білген. Ыбырай 
Алтынсарин – «қазақ  əдебиетін  Европа  жолына,  енер 
жолына  бұрын  бастаған  ең  тұңғыш  жаңашыл,  суретшіл 
ақын»
2
 деп Сəкен айрықша мəнді қорытынды жасайды да, 
оның  ағартушылық  еңбегіне  ерекше  тоқталады. «Ыбырай 
бір  жағынан  айқын  болса,  екінші  жағынан  халық  ағарту 
майданында қызмет қылған адам. Ең бірінші рет қазақтың 
ана тілінде оқу құралын жазған жəне сол ана тілінде қазақ 
баласын  оқытқан  ең  алғашқы  тұңғыш  оқытушы.  Ыбырай 
жастарды  оқуға,  өнерге  шақырды.  Оқуға  талпына  баста- 
ған  қазақ  жастарына  Ыбырай  айрықша  қадірлі  болған 
адам»
3
 деп Сəкен Ы. Алтынсариннің ағартушылық еңбегіне 
айрықша мəн берген болатын.
1
 Жолдыбайұлы М., Əуезов М., Коңыратбайұлы Ə. XIX ғасыр мен XX 
ғасыр басындағы қазақ, əдебиетінің оқу кітабы. 1933, 74,78-беттер.
2
 Ы. Алтынсарин жинағы, жинаған Сəкен, 1935, 3-бет.
3
 Ы. Алтынсарин жинағы, жинаған Сəкен, 1935, 3-бет.

63
Ыбырайдың «шоқынғаны», Ақан серінің «жынданғаны» 
жайындағы  лақаптардың  бəрі  де  ескішілдердің  шығар-
ған  өсегі,  жаласы  екенін  тарихи  деректермен  дəлелдеп, 
олардың  шығармашылық  өмірін  көпшілікке  үлгі  қылды. 
Қазан  революциясына  дейін  ғұмыр  сүрген  дарындардың 
бəріне бірдей феодал тобының ақыны деген атақ жамамақ 
əуеннен  бұл  екеуі  де  құралақан  қалмаса  да,  негізінен  ал-
ғанда,  олардың  шығармалары  көбіне  көркемдік  тұрғыдан 
бағаланды.  Мəселен, «Ақанның  сұлу  əндері,  жалтылдаған 
өлеңдері  Ақанның  нəзік,  терең  сезімді  екенін  білдіреді. 
Ақанның  ірі  дарқан  ақын  екендігі  де  өлеңдерінен  айқын 
көрінеді. Сонсоң, Ақан ақындығының үстіне əн шығарғыш 
композитор. Оның «Сырымбет», «Ақкөйлек», «Үш тоты құс», 
«Құлагер», «Қара  торғай»  деген  əндері – қазақ  əдебиетін-
дегі  сұлу  əндер»
1
  деп  əр  автордың  өзіне  тəн  ерекшелікте-
рін  көрсетіп,  оқушылардың  ынтасын  көрнекті  дарындар-
дың  үлгілі  өнеріне  аударды,  сол  кездегі  сыншылық  ой-
пікірге жаңа бағыт сілтеуге талаптанды. Ыбырай мен Ақан 
сері  шығармалары  жинақтарының  алғы  сөзінде  «əдебиет 
тарихымызға  дерек  бола  берсін  деп  осы  шығармаларын 
жі беріп  отырмын,  толық  сын  кейін  жазылар»  деп  аяқтау-
ына  қарағанда,  əдебиет  тарихы  жөніндегі  екінші  кітабы на 
Сəкен  көптеген  дерек-мағлұматтар,  ақын-жазушы  шығар-
маларын  мол  жинай  бастағанын  көреміз.  Жəне  оны  білік-
ті де ұқыпты зерттеп жүргенін Ақмолланың өлеңдер жина-
ғына жазған кіріспесінен байқаймыз.
Сонымен,  ұлы  дарынның  фольклористикалық  еңбе гін 
жүйелеген  жəне  ғалымдық  тұлғасын  танытатын  шығарма-
ларын  қысқаша  талдаған  уақытта,  С.  Сейфуллиннің  қазақ 
əдебиеттану  ғылымының  іргетасын  қалауға  зор  үлес  қос-
қан,  қазақ  фольклористикасының  қарыштап  өркендей 
беруіне  арна  салған  ғалымдардың  бірі  екендігін  көреміз. 
Халықтың  бақытты  келешегі  үшін  өзінің  ұланғайыр  күш-
қуатын, дарқан дарынын, шалқар шабытын қалтқысыз жұм-
саған  Сəкен  Сейфуллин  қазақ  мəдениетінің  төрінен  тұл-
ғаланып көрінері еш шүбə тудырмайды.
2
 Ақансері. Таңдамалы өлеңдері. Жинаған Сəкен, 1935, 3-4-беттер.

64


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет