Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет2/65
Дата23.09.2022
өлшемі15.1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Әншінің Балалық шағы
Арқадағы он екі қазылықтың бірі атанған атақты Қу тауының Семейдің 
Шыңғыс тауына қарай жалғасып жатқан сілемдерінің бірі Қаратау деп ата-
лады. (Кеңес өкіметі тұсында бұл жерде Қаратау дейтін кеңшар да орна-
ды). Байырғы Сарыарқа – кейінгі кеңестік дәуірдің ғалымдары «қазақтың 
ұсақ шоқысы» деп, құлаққа қораштау естілетін географиялық атау берген, 
бір-біріне іркес-тіркес жалғасқан осынау таулардың бұйратты беткейлері, 
бұлақты бастаулары, қарағанды, тобылғылы өзектері төрт түлік мал өсіруге 
таптырмайтын шұрайлы өріс, жайлы қоныс болуымен ерекшеленеді. Ежел-
ден төрт түлігін тіршілігінің көзіне балап, мал сүмесіне қараған көшпелі 
қазақ осындай қасиетті, құтты өлкені бауырына басып мекен етті; жұрт 
болып жиылысты, ұлт болып ұйысты. Күйеу келтіріп, қыз ұзатты, ұрпақ 
өрбітті. Бүгінгінің тілімен айтсақ, материалдық-шаруашылық игіліктерін 
жасады, кемел рухани мәдениетке ие болды. Кемел рухани мәдениет 
демекші, сан ғасырдан бері қазаққа құтты қоныс болған, алашқа айбын 
берген Сарыарқа аспанын Кеңес өкіметі орнаған жиырмасыншы жылдарға 
дейін ән мен жыр толассыз кернеп тұрды. Шоқанның досы Г.Потаниннің: 
«Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп таңдана, 
таңырқай жазуы – осы кез. Бұл – атақты зерттеушінің қазақ сахарасындағы 
дулы-нулы өмірді көзімен көріп, көңіліне түйгеннен туған пікірі еді. 
Міне, жоғарыда айтып өткен бұрынғы Қаратау, қазіргі Нығмет
Нұрмақов атын иеленген (Бұл ауылда мемлекет және қоғам қайраткері 
Нығмет Нұрмақов дүниеге келген) ауылдан сексен шақырым шамасын-
да, Мыржық, Абыралы тауларына қарай ұмсына созыла түсіп жатқан 
Қойтас атты жыпырлаған ұсақ, адыр төбелі, бұйратты, беткейлі жатаған 
таудың бауырындағы шикі кірпіш пен таудың кесек тасынан соғылған 
көне қыстау үйде 1904 жылы болашақ ұлы әнші Жүсіпбек Елебеков дүние 
есігін ашты. Қазір бұл мекен әкімшілік жер бөлінісі бойынша Қарағанды 
облысы Қарқаралы ауданынының аумағы болып саналады. Ал ақ патша 
заманында Семей облысына қараған Қойтас ауылы Қарқаралы уезі Са-
рытау болысы, №8 ауыл (Жүсіпбектің 1931 жылғы жазылған сенім хаты 
мен Ахмет Жұбанов дерегінде №16 ауыл) атаныпты. Жүсіпбектің әкесі 
Елебек өзіне жететін шағын ғана дәулеті бар қарапайым адам болса ке-
рек. Айтпақшы, осы еңбегімізді жазу барысында ол кісінің шын аты Ле-
бек болғанына көзімізді жеткіздік. Төлқұжатына әкесінің атын Елебек 
қылдырып жаздырған Жүсіпбектің өзі ме деген ойға қалдық. Лебек деген 
есім жұртқа қораштау естіледі деп ойлады ма екен, Жүсекең әкесінің атын 
Елебекке өзгерткенге ұқсайды. Қалай десек те, Лебектің Елебек аталу 


6
7
тарихы біздерге беймағлұм болып қалатын түрі бар. Өнерден құралақан 
болмаған ол «Ауру жігіт», «Жекеннің желпуі», «Бозайғыр» деген күйлерді 
тартыпты. А.Жұбанов Елебектің тартқан күйлерінің бірі – «Бозторғай» 
деп жазыпты. Бұл жаңсақ болуы мүмкін. Себебі Арқаның күй өнерінің 
тарихында «Бозторғай» атты күй мүлде кездеспейді. Тек Ықыласта ғана 
«Бозторғай» деген күйдің болғаны белгілі. Бірақ бұл қобыз күйі екенін 
және аталмыш күйдің біздің заманымызға жетпегенін айтқанымыз жөн. 
Ал «Бозайғыр» күйі екеу: бірі Тәттімбеттікі, екіншісі – Сайдалы Сары
Тоқаның «Бозайғыры». Елебек тартқан дейтін алдыңғы екі күй біздің 
заманымызға жетпеген. Ал «Бозайғырдың» – Тәттімбеттің күйі екендігі 
белгілі. Елебектің «Бозайғырдай» күрделі күйлерді тарта білуі – оның 
өнерден аса алыс болмағанын аңғартады. Жалпы, Жүсіпбектің арғы 
аталарынының анық таратылған шежіресі, бабаларының кім болғаны 
жайындағы тарихи әңгімелер сақталмаған. Тек Елебектің әкесі Балғабай-
мен бір туысқан Қарабатыр деген кісі тәуір әнші болған деген жалғыз
ғана дерек Жүсіпбекке әншілік өнердің қай жақтан келгендігін меңзесе, 
немере ағасы Жақыпбектің асқан әншілік өнері Жүсекеңнің үлкен
өнерпаз әулеттің тұяғы екендігіне анық айғақ, толық дәлел бола алғандай.
Жүсіпбектің анасының есімі Қымбат екендігі ғана белгілі. Өкінішке 
қарай, әншінің анасының қай елдің, кімнің қызы болғандығы жайлы 
деректерді еш жерден ұшырата алмадық. Тек Жүсекеңнің Айтбану атты 
қарындасынан туған Сырым атты жиені әншінің шешесі тобықты елінің 
қызы дегенді естіп едім деген пікірді алға тартты. Ал әншінің жары 
Хабиба Елебекова болса: «Ұмытпасам, Жүсіпбектің анасы Шаншар 
елінің қызы, оның ішінде Қаз дауысты Қазыбек бидің жұрағаты болса
керек», – дейді. Біздіңше Хабиба әжейдің сөзінің жаны бардай. Жүсекеңнің 
өзі жазып қалдырған шағын естелігінен Қымбаттың мейрімді, балаларына 
қамқор ана, кең пейілді әйел болғанын байқаймыз.
Алты бала тәрбиелеп өсірген Елебек пен Қымбат бақытты ғұмыр 
кешкендей-ақ екен. Бірақ, қазаққа сор болып тиіп, өлшеусіз зұлматтар 
әкелген ХХ ғасыр өзімен бірге қитұрқы заман ала келгенін көшпелі 
жұрт сол Жүсіпбек әнші дүниеге келген жылдардың өзінде-ақ аңғара 
бастаған-ды. (1905 жылдан бастау алған Ресей мен Қазақстандағы саяси 
оқиғаларды еске алыңыз. Бұл оқиғаларға кейінірек тоқталатын боламыз. –
Е.Т.). Әлқисса, сонымен, Елебек пен Қымбат алты бала: үш ұл, үш қыз 
тәрбиелеп өсіріпті. Олардың есімдерін жасына қарай атайтын болсақ: 
Сейітбек, Бәдібай, Жүсіпбек, Мәлике, Жүнісбек, Рымкеш (Айтбану дейтін 
кенже қызы Елебектің әменгерлік жолмен алған кейінгі әйелінен туса ке-
рек. Ағайыны Берсімбек сүзектен өлген соң, Елебек немере інісінің әйелін 
алған сияқты. Айтбану 2012 жылдың қазан айында қайтыс болды. – Е.Т.) 
болып келеді. Демек, Жүсіпбек алты баланың үшіншісі болып дүниеге 
келген.
Жүсіпбектің үлкен өнерпаз болатындығын сәби шағынан, дәлірек 
айтсақ, бес жас шамасында тұңғыш байқап, оған алғаш ән үйреткен өзінің 
немере ағасы Жақыпбек болды. Небәрі бес жасқа толғанда қолына дом-
быра ұстап, өзінше өлең айта бастаған баланы Тәңірі жанашыр ұстазбен 
жарылқай салғанын көрмейсіз бе! 
Оқырман қауым Жақыпбек деген кім еді демес үшін ол кісі жайлы 
аз-кем мағлұмат бере кетейік. Туыстық жағынан Жақыпбек Жүсіпбектің 
немере ағасы болып келеді. Айқындай айтсақ, жоғарыда атап кеткен 
Балғабайдан Елебек пен Жақыпбек, Өмірбек туады. Жастайынан қолына 
домбыра ұстап, ән салған Жақыпбек ауыл-аймағының ойын-тойының гүлі 
болғанға ұқсайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін жазушы Мұқатай Тоқжігітов 
жазып қалдырған деректердің бірін келтірейік: «Жәрмеңкеге тігілген киіз 
үйлер қаз-қатар, көше-көше болып жалғаса береді, «Қымызшылар қатары» 
деп аталатын көшеде тартылған домбыра, гармонь, скрипка, айтылған ән 
толассыз естіліп тұрады. Бір күні бір қымызшының үйінен сыбызғының, 
не скрипканың дауысындай сызылған нәзік үн бізді ықтиярсыз өзіне тар-
тып әкетті. Барсақ, үй толы жұрттың ортасында сұлу өңді келген қараторы 
жас жігіт домбырамен ән салып отыр. Сұрастырсақ, Жүсіпбек (Ол кез-
де жұрт оны Түсіпбек дейтін) екен. Біз таң қалдық, әні ғажап. «Пәлі, бұл 
бұл ма, мұның ағасы Жақыпбектің көмейінде «қоңырауы» болатын десті, 
жиналғандар»
1
.
Ол кез Қарқаралы – Қу елінің аспанында ән шалқып, көгін күй керне-
ген, осы елдің перзенттері Мәди мен Әсет бастаған өнерпаздардың даңқы 
алты алашқа жайылған ғажап заман еді. Мәди мен Әсеттің ізбасарлары 
Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Неғайбыл, Мұсылманқұл Әбсалықов 
сияқты әншілер Қоянды жәрменкесінің көркі болған кез де осы тұс. 1848 
жылы Варнава Ботов деген көпес Қарқаралы қаласынан елу шақырым 
жерден кездейсоқ ашқан Қоянды жәрмеңкесі тек сауда-саттық орталығы 
болып қана қалмай, қазақ өнерінің де шын мәніндегі жәрмеңкесі болды. 
Заманында Қоянды жәрмеңкесін сонау Көкшетаудан ат арылтып келіп үш 
жүзді әнмен қырған Біржан сал ашатын. Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу 
Мұса, Жарылғапберді, Естай сияқты Арқаның сайыпқыран сал-серілері 
осы Қояндыда табысатын. Майра әнші келіп арнайы ақбоз үй тігетін. Ол 
үйдің қақ төрінде құж жартастай қарауытып Қажымұқан салмақтанатын. 
1
Мұқатай Тоқжігітов. Ән қанатындағы өмір // Лениншіл жас. 10 наурыз, 1982 жыл.


8
9
«Бес білезік», «Қаракөз», «Қырықсақина» атанып кеткен қымызшы 
келіншектер алтын, күміске малынған ақ білектері жарқылдап қымыз са-
пырып, аңқасы кеуіп келген өнерпаздарға сақиналы қолдарымен сусын 
ұсынатын. Сонан соң-ақ, көп ұзамай мәжіліс қызып жүре беретін... Міне, 
кішкентай бала түгілі үлкендер бір көруге елігетін ертегі еліндей Қоянды 
жәрмеңкесін Жүсіпбекке алғаш көрсеткен осы Жақыпбек еді.
Оқиға былай сипат алыпты. Қазақтың баяғыдай шырқай көшетін за- 
маны көзден бұл-бұл ұшқан тұс (орыс отарына айналғаша қазақтар ерте 
көктемде Сыр мен Шу бойынан Құлынды даласына дейін, тіпті кей-
де Ертістің Обь өзеніне құяр сағасына дейін көшіп қайтатын болған). 
ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінен бастап, Ресей отаршылдарының тарапынан 
қазақтардың Сібір шебінен асып көшіп қонуына тыйым салынуына бай-
ланысты көшпелі жұрттың көш-қоны қысқа қайырылып, көш жолының 
ұзындығы 200–300, әрі кетсе 500 шақырымнан аспайтын боп қалған-ды. 
Жүсіпбектің елі саналатын Қаракесектің бір табы Көшім елі де баяғыдай 
қиянға көшуден тыйылып, тек сол Қу тауын жанай өтіп, атақты Матақ 
қорығына дейін жайлап қайтқанына шүкіршілік қылатын. Әйтсе де, 
мұндай да көші-қонға қазақ риза еді. Көктемгі көш табиғатынан ақжүрек, 
ақпейіл қазаққа көл-көсір қуаныш сыйлайтын; дөңгеленген дүниеде не 
болып жатқанынан мүлде бейхабар, қорғансыз момын ел өздерін уайым-
қайғыдан, еңсені басқан қысқы ауыр бейнеттен біржола арылғандай 
сезініп, қуанысып, шаттанып, бір жасап қалатын.
Жүсіпбектің өз естелігіне сүйенсек, әншінің ауылы сәрсенбінің сәтінде 
күн найза бойы көтеріле көш қамына кіріседі. Байлар баяғысынша дүние-
мүлкін түйеге теңдей артып, сән-салтанатпен көшсе, кедейлер дөңгелегінің 
қос білігіне екі ұзын дәрте өткізген арбаға бар мүлік-мүкәммалын сыйғыза 
артып, амалдап көшке ереді. Осылайша он шақты күн мамырлай көшкен 
ел Қоянды жәрменкесінің маңайына келіп, ұзақ еру жасайтын болса керек. 
Оның себебі маусым айының бірі күні Қоянды жәрменкесінің туы тігілетін 
болыпты. Бұл дегеніңіз – келесі шілде айының бесінші жұлдызына дейін, 
яғни тура 1 ай 5 күн бойы жәрменкенің туы жығылғанша ырғын сауда 
қыз-қыз қайнап жатады деген сөз (ресми деректерде Қоянды жәрмеңкесі 
мамырдың 25 жұлдызында ашылып, маусымның 25-і күні жабылады деп 
жазылған. – Е.Т.). Көшімдер де осы сәтті оңтайлы пайдаланып, тоқты-
торымдарын, ұсақ жандықтарын тұрмысқа қажетті заттарға айырбастап, 
өздерінше сауда қылу мақсатында жәрмеңке маңын бірнеше күн жайлай 
қонады. Қояндыдан көтеріле көшкен ел ең соңында атақты Матақ қоры-
ғына жеткенде ғана көшінің тізгінін бір-ақ тартады. Бес болыс Бауыр- 
Бошан елі тегіс сыятын Матақ қорығы жайлаудың шегі боп есептеледі. 
Себебі ары қарайғы өңір Қуандық пен Сүйіндік руларының жерлері
болып саналады. Ағылып келіп жатқан елде есеп жоқтай. Жүсіпбек 
осының бәрін аузы ашыла, аңыра тамашалайды. Әрі қарай Жүсіпбектің
өз естелігіне кезек берейік:
«Көш жан-жақтан ағылып келіп жатыр. Кейбір бай ауылдың көші 
ерекше сәнді. Ерекше көз тартады. Он-он бес түйені тіркестіріп, биіктеп 
артқан теңдердің үстінен бос жауып тастаған кілем, алашалардың екі жағы 
жер сызады. Қызылды-жасылды өрнектері күнмен шағылысып, әр түрлі 
бояуы құбылып, құлпырып көрінеді. Ең алдыңғы атанның жүгінің үстінде 
биіктігі кездей дүрбі тәріздес күміс, сүйекпен оюлап қапталған тұғыр 
бар. Тұғырдың шет-шетіне қырғауылдың әдемі ұлпа қанаттарын топтап 
орнатқан да, орталығына қоңырау байлап қойған. Түйенің маң-маң басқан 
жүрісімен тербеліп, күңгірлеп келе жатқан қоңырау көшке сән беріп елдің 
көзін өзіне еріксіз тартады.
Мұндай көшті «көшіне қырғауыл қондырыпты» деп, ел ерекше 
мадақтайды екен. Көш тартып бара жатқан сұлу келіншектің киген киімі, 
мінген аты да салқар көштің сәніне сай. Жүзіктің көзінен өткендей, сүліктей 
қара жорғаның үстіндегі ат тұрмандары түгелдей күмістелген. Күн көзімен 
шағылысып жарқыл қағады. Қыр сұлуы үлбіреген қос етекті ақ жібек
көйлек киген. Күлгін түсті мәре камзолдың белін, күміс түймелі қамар 
белдікпен қынай буып тастаған. Жағын маржақшалап тіккен кимешектің 
сыртынан ақ жібек шәлі жамылған. Көк сауырлап тіккен көмірдей қара 
көзел кебіс мәсісі, астындағы қара жорғаға жабысып кеткендей. Ақырын 
желпіп самал ескенде ақ торғын кимешек жоғары көтеріліп, қынай
буылған сұлудың құмырсқа белі айқындала түседі. Көз тоқтатып қараған 
жанға қара тастың үстіне қондырған ақ сұңқарды елестетеді. Мен ау-
зымды ашып қалыппын. Біздің жүдеу көшіміздің жанынан паңданып өте 
шықты»
2
.
Пәлі! Осыдан артық қазақтың көшін қайтіп сипаттайсың! Мынандай 
салқар көшті көрген адам қалайша өнерпаз болмасын?! Жүсекеңнің бір 
бақыты – тұтқиыл, төтеннен келіп қалған аумалы-төкпелі аяр заманның 
аждаһа аузында тұрған қазақтың соңғы көшін бар сән-салтанатымен көріп 
қалғаны. Араға он жыл салмай жатып, бұл көштің де біржола тоқтайтынын 
ешкім ол кезде білген жоқ, әрине.
Десек те, бала кезде көзі көрген көштің көркі Жүсіпбектің жүрегінде 
мәңгі қалды. Осынау сұлулық кейін Жүсіпбектің кеудесінен ән болып 
түрленіп, асқақтай шалқыды. Ол көшпелі елдің әлемін дыбыспен зерледі. 
Мәселен, «Көк көбелек» әнін Жүсекең:
2
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы: Өнер, 1989. – 14–15-б.


10
11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет