Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет6/65
Дата23.09.2022
өлшемі15.1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Әуеде ұшып жүрген көк көбелек
Жазайын дертің болса су себелеп, –
деп, әннің негізгі ырғағымен алдыңғы екі шумағын түйдектете айтып, 
кішкене тыныс алғандай болды да, қалған екі шумағына қайта көтерілді. 


34
35
Ол ән айтып тұрғанда, әннің қай жерінде дем алғанын байқай алмадым. 
Сахнаға шыққанда бақылап қарап отырғанымда, менің ерекше көзім 
түскені әнді бастап шырқай жөнелгенде қысқалау келген мойынның екі
жақ күре тамыры білеуленіп, шықшыт сүйегімен бірдей болып тұтасып 
кетті. Әнді аяқтай бастағанда жаңағы білеуленіп толып кеткен тамыр 
бірте-бірте орнына түскендей болды. Әміре бірнеше ән айтты. Бір әннен 
екінші әнінің орындауы асып түсіп, денесі қызып алған тұлпардай, да-
уысы барған сайын күшейе береді. Көрермен жұрт та естері кете қол 
соғып, босатпай қойды. Мен мүлде есімнен айырылғандай қол соғуды да 
ұмытып, аузым ашылып, есі жоқ кісідей мелшиіп қалыппын. Мұндай да 
шығаннан шыққан дауыс, кіршіксіз таза үн болады екен-ау! Айналадағы 
отырғандарды ұмытып, ән соққысына жығылғандаймын...»
19
.
Ақынды ақын таяқтаса – ол қайғы
Ақынды ақын оятпаса болмайды, – 
дейді Мұқағали. Өнерпаздардың бірін-бірі оятуы өнер сабақтастығының 
алғышарттарының бірі. Әйтпесе өнер қалай көшелі болмақ, дәстүр қайтіп 
жалғаспақ? Десек те, ұстаздың шәкіртті оятуы, санасында рухани сілкініс 
жасауы қайтіп, қандай жағдайда орын алмақ? Бұл саналы түрде іске асы-
рыла ма, жоқ әлде тылсым күштер әсерімен болатын құбылыс па?
Осының бәріне жауапты Жүсіпбектің Әмірені алғаш көргендегі басы-
нан кешкен, кейін өзі құрметпен еске алған осы таңырқау сезімдерінен 
табамыз. Әміре дарынының күштілігі, әнінің асқақтығы соншалықты –
Жүсіпбекті беймәлім тылсым күшпен баурап алған ол, жас өнерпазға
өнер әлемінің құпия қақпасын қас қағым сәтке ғана айқарып, оның алтын 
сарайына көзді ашып-жұмғанша кіргізіп шығарғандай күй кештіргенін 
көреміз. Яғни, жас Жүсіпбектің жан дүниесінде рухани төңкеріс жасаған, 
өзі айтқандай, «ән соққысына жығылғандай» осынау бір ғажайып сак- 
ральды сәт әншінің жадында мәңгі ұмтылмастай жазылып қалғанын 
байқаймыз. Өнерпаздың оянуы деген осы! Осы оқиғадан кейін Жүсіпбек 
әнді Әміреше шырқау керектігін жұлын-жүйесімен сезінді; Әміре 
бағындырған өнердің асқарына енді бұған да жан аямай құлаш ұру 
керектігі туралы мақсатты ой сол сәтте Жүсіпбектің санасын жасындай 
осып өткеніне сенесің. Бір сөзбен айтқанда, Жүсіпбектің бір сәтте басы-
нан кешкен осы бір ситуациялық жарқ еткен жағдай оны ән тылсымымен 
мәңгілікке қауыштырып, өнерді өмірдей сүйетін және оған жан-тәнімен 
адал қызмет ететін аяулы өнерпаз болуына жол ашты десе де болады.
19
Х.Елебекова. Ән – аманат. – Алматы, 1989. – 53-б.
1974 жылы белгілі өнертанушы Жарқын Шәкәрім 1925–27 жыл-
дар аралығында музыка зерттеуші А.В. Затаевичтің күш салуымен ды-
быс жазудың қарапайым құралы фонограф апаратына жазылып алынған 
Әміренің дауысын тапқандығын сол кездегі «Социалистік Қазақстан» 
(қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті арқылы жұртқа жариялады. Сөйтсе, 
жоғалдыға саналып жүрген Әміре дауысы ұзақ жылдар бойы Қырғыз 
Республикасының Мәскеудегі мұрағат жазбаларының ішінде елеусіз, көз-
ден таса жерде, жұмбақ жағдайда сақталып келіпті. Жарқын Шәкәрім- 
нің Алматының күйтабақ студиясында жұмыс істеп жүрген кезі. Сол 
жылы ол Қырғыз КСР-нің 50 жылдығына арнап, қырғыз музыкасының 
күйтабағын шығару қамымен Мәскеудегі қырғыз мұрағатын ақтарып 
жүргенде ойламаған жерден Әміре дауысы жазылған валиктің үстінен 
түседі. Күтпеген жерден Әміре орындаған жеті бірдей әннің табылуы –
республика көлеміндегі зор рухани оқиға болды. Сол жылы Әміре дау-
сы күйтабаққа қайта жазылып, Ташкенттің «Мелодия» фирмасынан 
жарық көрді. Әнші дауысы жазылған күйтабаққа Әмірені көрген бірнеше 
адамның естелігі қоса басылып шықты. Солардың бірі, сол жылы тура 
жетпіс жасқа толған Жүсіпбек Елебеков былай дейді: «Әміренің аты
маған бала күнімнен таныс еді. 1920 жылы атақты әншіні тұңғыш рет өз 
көзіммен көріп, әнін тыңдадым. Содан бастап Әмірені өзіме ұстаз тұтып, 
содан сабақ алдым. Әміренің дауысы таза, ашық, өте жоғары еді.Әлі
есімде, жеті-сегіз шақырым жерде жүрген жылқышылар Әміренің дауы-
сын естіп, жиналып келіп, қолқалап отырып, тағы да ән салғызатын». 
Жүсекеңнің бұл айтып отырғаны – 1934 жылы Қарқара жайлауында 
болған өз көзімен көрген оқиға. Ол жылдар ашаршылықтан аман қалған 
елді ұжымшарларға біріктіру науқаны қызу жүріп жатқан қарбалас уақыт 
болатын. Бір жолы Кеген ауданында өтетін осындай жиынға сол кездегі 
Үкімет басшыларының бірі Ораз Жандосовтың өзі қатысып сөз сөйлеп, 
соңынан жиналған жұртшылық Әміре бастаған өнерпаздардың концертін 
тамашалайтын болып шешіледі. Жолға үш төрт-күн бұрын шыққан әртіс-
тер тобы жолай бірнеше ауылдарға тоқтай жүріп өнер көрсетіп, ақыры 
концерт қойылатын Қарқара жайлауына да жетеді. Жиын өтетін жер баяғы 
атақты Қарқара жәрмеңкесінің орны екен. Сөйтіп, ашық аспан астындағы 
концерт басталады. Аталған концерт Жүсекеңнің естелігінде былайша 
көрініс тапқан:
«Бұдан бұрын Әміре ағамен бірге концерттерде болып жүрсем де, дәл 
бүгінгідей қобалжығанын көрген емеспін. Сахнаның сыртында тынышы 
кетіп, тықыршып бір жерде тұра алмай, бет-пішіні қуқыл тартып, біресе 
дуылдай қан жүгіріп, ерсілі-қарсылы жүріп мазасы кетті. Концерт баста-


36
37
лып кетті. Сахнаға бірінші біздер шықтық, халық дуылдасып қарсы алып 
жатыр. 
Сахнаға Әміре аға шығып, халыққа бас иіп амандасты да, «Ардақ» 
әнін шырқай жөнелді. Сол күнгі даусы бұрынғы естіп жүрген даусынан 
ерекше еді. Кегеннің кең даласын толтырғандай, Қарқара өңірін, Әміренің 
әсем үні түгел аралағандай болып естілді. Әміре бірнеше ән айтты. Әнінің 
соңында, алдыңғы жақтан тыныштықты бұза, дүрсілдете шапқан бірнеше 
атты кісілердің дүбірі естілді. Біз сескеніп, кішкене кідіріс жасадық. 
Себебі – ол кезде әр жерлерде ел тонайтын топтасқан бандылардың бар 
кезі. Солардың бірі ме деген қорқыныш та бар. Өйтіп-бүйткенше үш-төрт 
атты жорта келіп тоқтай қалды. Бұл жігіттерді таныған ауыл адамдары 
«Сендер қайдан келіп қалдыңдар? Жылқы бұл арадан қашық емес пе еді?» 
деп жамырасып сұрасып жатыр. Осы арадан жеті-сегіз шақырымдай жер-
де жылқы зауыты бар екен. Мына келген жігіттер сол жылқы зауытының 
жылқышылары екен. Әміренің шарықтата шырқай салған «Ардақ» әнінің 
алғашқы көтерген шырқауында жылқышы жігіттер аттарына міне сала 
құйғыта шауып жеткені осы екен. Соншама алысқа даусы жетті дегенде 
жиылған жұрт таң қалысты. Сонда менің ойыма Біржанның «Қозыкөш» 
деген әні түсті. Бұрын бұл әннің атын қозыкөш жерге дауыстың жеткен-
дігінен осылай деп қойды дегенге күмәнданатынмын. Қазір ол ойымның 
қате екендігіне көзім жетіп отыр. Біржан сияқты асқақ үнді, көңіл күйімен 
бірге шарықтайтын сері адамның даусы қанша жерге кетті десе де, сенуге 
болады екен деген байламға келдім»
20
.
Иә, Жүсекең Әміренің дауысының кең құлашты екендігіне, оның 
үнінің жеті-сегіз шақырымға еркін жететініне куәлік бере отырып, тағы 
бір шындықтың бетін ашады. Ол атақты Біржан салдың «Қозыкөш» әні 
турасында. Бізге жеткен аңыздар мен деректер Біржанның даусының 
сұмдық сұрапыл болғандығын, он төрт шақырымға еркін жеткендігін ай-
тады. Мәселен, «Қозыкөш» әні, аты айтып тұрғандай, шырқап салғанда 
қозыкөш жерден естіледі екен. Қозыкөш жер дегеніміз бүгінгі заман 
өлшеміне салсаңыз, 15–20 шақырым шамасы. Осы жолдардың авторы-
на бұл деректер Жүсекең айтқандай сенімсіздеу болып көрініп, өткен 
ғасырдың аяқ шенінде Біржан сал өмір кешкен Көкшетауға сапар шектім. 
Ондағы мақсатым, Біржан сал туралы жаңа деректер жинақтау, мүмкін 
болса, Біржан салдың «Қозыкөш» әні турасындағы айтылып келе жатқан 
аңызға бергісіз жайларды анықтау еді. Бағыма қарай маған заманын-
да Біржан салдың атасы Қожағұлдың жайлауы болған, бұл күнде Степ-
20
Х.Елебекова. Ән – аманат. – Алматы, 1989. – 54-б.
няк қаласы бой көтерген өлкеде тұратын Мұса Әпсәләмов атты зиялы 
қартпен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. Көкірегіне шежіре тұнған 
Мұса ақсақалдан аңызға айналған осы әңгіме жайында сұрағанымда ол 
кісі мені бірден Біржан салдың «Бұзау төбесі» деген жерге қарай бастай 
берді. Төбеге таяп келген соң, әңгімесін сабақтай түсіп: 
– Баяғыда әкелеріміз: «Біржан сал осы төбенің басына шығып, кешкі 
салқынмен шырқап ән салғанда, анау етектегі ауылдар, киіз үйдің іргесін 
түріп қойып, тыңдап отыратын деуші еді», – деді. Бір кереметі, сол 
ауылдардың жұрттары күні бүгінге дейін сайрап жатыр екен. Аралықты 
машинамен жүріп өлшегенде «Бұзау төбе» мен әлгі жұрттардың аралығы 
14–16 шақырым шамасы болып шықты. Еріксіз қайран қалдым. Міне, 
Жүсекең Әміре даусының 7–8 шақырымға еркін жететіндігіне өз басы куә 
болған соң барып, Біржан сал даусының қозыкөштік күшіне иланғанын 
көреміз.
Бұл күнде жасы тоқсанның жетеуіне шыққан Хабиба апай айтады: 
«Ташкенге мен бара алмай қалдым. Хадиша Бөкеева, Шолпан Жандарбе-
кова, Бикен Римова үшеуі Тамараға амандасуға барыпты. Тамараның үйін 
өзбек үкіметі өзіне мұражай қылып берген екен, атақты биші жайлы са-
райда қарттық пен өнер бейнетінің зейнетін көріп отыр екен. Амандық-
саулық, қысқа-қайырым әңгімеден соң Тамара: «Ай, сендер ұмыттыңдар 
ғой Әмірені – деп, сөз бастапты. – Ертең концерт болады деген күні мен 
ыстығым көтеріліп ауырып қалдым. Сонда Әміре маған терлететін дәрі 
әкеліп беріп, ыстық шай ішкізді: – Тамара, өлсең де тұр, сен ертең билеу-
ге тиіссің. Біз өзіміз үшін келгеніміз жоқ, еліміз үшін келдік – деп, мені 
қайрап орнымнан тұрғызып, Париж сахнасында сәтті өнер көрсетуіме 
қамқорлық жасап еді. Әміре Парижде қазақ әнін тұңғыш рет шырқап са-
лып, қазақ халқының аты мен өнерін дүние жүзіне алғаш рет паш етіп 
еді. Сол Әміреге алтыннан ескерткіш қойсаңдар көп пе еді», – деп өкініш 
білдіре сөйлепті әйгілі биші. Иә, жарқын өнерімен большевиктік қоғам-
ның абыройын көтеріп, кеңестік жүйенің даңқын асқақтатқан өнерпаз
азаматын ардақтамақ түгілі кеңес жендеттері Әміренің түбіне жетіп тын-
ғанын Тамара ханым, әрі-беріден соң білді ме екен? Есіл әншінің 1934
жылы 6 қараша күні НКВД қолынан сегіз жылға созылған сұмдық
азаптау мен қорлаудан соң, қаза тапқанын бұл күнде де біреу білсе, біреу 
білмейді. Сондағы Әміренің бар жазығы – Парижге барып ән салғаны,
онда алаш-тың арыстаны Мұстафа Шоқаймен кездескені. Осы кездесу 
Әміреге сор болып жабысқан. Бұл айғақ Әміре сияқты ұлы өнерпазды 
шімірікпей өлтіруге жетіп жатыр еді. НКВД сөйтті де... 


38
39
Жүсекең Әмірені, өзі айтқандай ұстаз тұтты. Ұлы әншінің аруағына 
өмірінің соңғы күндеріне дейін адал болды. 1974 жылы әншінің жермен-
жексен болып кеткен қабірін іздеп табуға атсалысып, басын қарайтуға 
үн қосты. Сол жылдары қайта жаңғыртып шығарылған Әміренің грам-
пластинкасына өз естелігін жаздырды. Өзі өмірден өтерден азғана жыл 
бұрын Әміренің әншілік болмысын мейлінше шыншыл сипаттайтын 
естелігін жазып кетті. Бұл естелік әміретанушылар мен өнерсүйер қауым 
үшін ешқашан құндылығын жоғалтпақ емес. Әміре туралы әңгімемізді 
Жүсекеңнің сол естелігімен түйіндемекпіз: «Әміре – еліне аянбай еңбек 
еткен, бойындағы бар өнерін таза мөлдір сезім арқылы халқына жеткізіп, 
қазақтың мәртебесін биікке көтерген әншінің бірі еді. Елінің алтын 
қазынасын қайткенде өз қалпында жеткізем деп талаптанды. Сондықтан 
да Әміренің алдында тұрған міндет үлкен еді. 
Әрбір әншінің ұстаған жолы болады, мен әнші дегенде тек даусы бар, 
әнді үйреніп алып, ойсыз, мағынасыз, мақсатсыз айта беретін әншілерді 
айтып отырғаным жоқ, шын мағынасында кейінгі ұрпаққа із қалдырғысы 
келетін әншілерді айтамын. Әміренің даусы тенордың ең жоғарғысы бо-
латын. Сол күшті де әсем үнімен ән айтқанда, сол айтып отырған әніне 
құштарлана, қызыға, әннің иірімдерін айқындай, толғандыра, әсерлендіре 
айтушы еді. Ән орындауы тұтас, жоғарғы, төменгі үндері біркелкі, бірі 
мен бірі жалғасып ұштасып жататын. Әрбір дыбыстары анық естілетін. 
Қою бояулы, қырлары сом, балғын болатын. Әннің нәзіктігіне онша көңіл 
бөлмейтін, қайта аймағына анық жететіндей нақты, айқын, ашық үнмен 
айтқанды ұнататын. Әміре «Ардақ» әнін шырқай жөнелгенде, бүкіл қазақ 
елінің ұлан-байтақ кең даласының о шеті мен бұ шетін көріп тұрғандай, 
сол кең жазираға даусының күшін, әрбір дыбысын жеткізгісі келгендей 
сезінетінсің»
21

«Ес – Аймақ» – Жүсіпбекке құт болды. Осында ол Әміредей ұлы 
өнерпазбен танысты, оның көшелі өнерінен өрнек алды, әншілігін шыңдай 
түсті. Жүсіпбектің мұнда жүріп Иса Байзақовпен танысуы – өз алдына 
қызық оқиға. 1921 жылы қараша айының соңында «Ес – Аймақтықтар» 
«Народный дом» деп аталатын 500 орындық клубта М.Әуезовтің 
«Бәйбіше – тоқал» спектаклін қойды. Ол заманда халықтың өнерге де-
ген құштарлығы соншалықты күшті: қойылым біткесін де халық тара-
май қоятын болғандықтан, спектакль соңы концертке ұласатын болса ке-
рек. «Бәйбіше – тоқалдың» аяғы да осындай концертке жалғасады. Бұл 
жолы Ақатай Қоңырқаев, Сәруәр Арықова сынды әншілермен бірге өнер 
21
Х.Елебекова. Ән – аманат. – Алматы, 1989. – 55-б.
көрсеткен Жүсіпбек сахна сыртында тыныстап тұрған сәтте бір қызық 
жағдай орын алады. Концерттің ұйымдастырушысы Ахмет Әуезовке 
үстінде көкбарқытпен тыстаған ішігі бар, басына пұшпақ бөрік, аяғына 
шоңқайма етік киген, кішілеу өткір көзді, шапшаң қимылды, жасы жиыр-
мадан асып қалған жас жігіт килігіп, сөйлесе кетеді. Әлгі кісі Ахметтен 
өзін сахнаға шығаруын өтінеді. Ахмет болса танымайтын, білмейтін кісіні 
сахнаға шығара алмайтынын, ол үшін әуелі оны алдын ала тыңдап алу 
керектігін айтады. Сол-ақ екен, жаңағы жігіт жалма-жан ішігін шешіп, 
онысын Жүсіпбекке ұстата салып, бұның қолындағы домбыраны жұлып 
алып, сахнаға атып шығып, «Желдірме» әнінің әуенімен жыр-арнауды 
төгіп-төгіп жібереді. Одан әргі оқиғаны Жүсіпбектің көзімен суреттейік: 
«Алдымен өзін таныстырып өткен. Сонау Павлодардан осында оқу іздеп, 
өнер қуып келген қонақ екенін, концертке шығуға Ахмет Әуезов рұқсат 
етпегенін – бәрін өлеңмен баяндап берді. Көрермен халық көптен іздегенін 
тапқандай, мейірлене қол соғып, оны сахнадан түсірер емес. Жас таланттың 
жалынды сөздері, көрермен қауымды дүр сілкіндіріп, өзімен бірге жетелеп 
әкете берді. Дәл қазір жас ақын өлеңін үзбей қалай қарай жүрсе де, қандай 
қиын жолға бастаса да, жұрт соңынан ерер еді. Өзімен бірге толқыған 
көрермен қауымның қошемет-құрметі, ақынның жанын жадыратты, 
бойындағы отын желпи шалқытқандай, жас ақын мүлде қанаттанып кетті. 
Енді бір кез қолындағы домбыраны қоя салып, орнынан тұрып кеткенін 
өзі де байқамай қалды. Бірақ аузынан төгілген жалынды сөздер үзілген 
жоқ. Қайта үсті-үстіне өрши түйдектеліп, қырандай құйылып, құйындай 
жүйткіп ағыла берді. ... Концертті өзі аяқтады. Кейінгі шығатын адамдар-
ды іздеген кісі болған жоқ. Бір өзі бәрімізге төтеп беретін өнер алыбының 
болатынына есім кете таң қалдым. ... Неше күн, неше түн жырлағанда 
бір сөзді екі қайталамайтын кемеңгер ақынның Иса екенін естігенімізде 
қайран қалдық. Ел ерін танып, ері елін танып, Иса халқының құрметіне 
бөленді»
22
.
Жүсіпбек өз заманының ең ұлы өнерпаздары Әміредей әнші, Иса-
дай ақынмен «Ес – Аймақта» осылайша танысты. Бұл екеуі де Жүсіпбек 
шығармашылығының жетілуіне, қалыптасуына айрықша әсер еткен 
сұрапыл өнер иелері еді. Тек жалғыз Жүсіпбек қана емес, өнер аспаны-
на қанат қаққан сол заманның көптеген өнерпаздарының Әміре мен Иса 
өнерін өз таланттарынан биік қойғандығын, қос алыпты өздеріне ұстаз 
тұтқанын байқаймыз. Мәселен, Мұхтар Әуезов: «Мен Иса ақынмен бір 
дәуірде өмір сүргеніме бақыттымын» десе, Сәбит Мұқанов: «Иса – бір 
22
Х.Елебекова. Ән – аманат. – Алматы, 1989. – 56–57-б.


40
41
Алланың пенделерді таң қалдыруға жіберген өкілі» деп баға береді. Не-
месе атақты Қажымұқан палуан: «Қасымда Әміре мен Иса болса, шіркін! 
Маған одан артық дүниенің керегі жоқ» деген екен. Бір өзі бір мектептің 
бастауында тұрған Ғарифолла Құрманғалиевтей саңлақ әншіміз: «Исадай 
ақын, Әміредей әнші жоқ», – деп кесіп айтқан. Ал қазақ театр өнерінің 
қайраткері Қанабек Бәйсейітов өмірбаяндық кітабында Әміре мен Иса
жайлы былай деп еске алады: «Жұмысшы жастар театрын басқарып 
жүрген күндерімде де Қызылордада құрылған тұңғыш драма театрын 
бір көрер ме еді деп құмарттым. Театр жайлы, театрдың әртістері туралы 
«Еңбекші қазақ» газеті әр кез жазып тұратын. Әсіресе аттары аңыз боп көп 
айтылатын да, көп жазылатын – Әміре мен Иса еді. Басқалар құсап мен 
де сол екеуін көрсем, ән айтқандарын естісем деп аңсадым. Ол арманым 
кейін астанамыз Қызылордадан Алматыға көшкен кезде барып жүзеге 
асты. Әміремен де, Исамен де бір театрда болып, біте қайнасып кеттік»
23
.
Өзіне ұстаз, аға дос болған Иса ақынмен Жүсіпбектің қарым-қатынасы 
ақын дүниеден қайтқан 1946 жылдың 3 қыркүйегіне дейін үзілген жоқ. 
Сол күндердің айғағындай болып, Жүсіпбектің Еркін деген екі жасар ба-
ласы қайтыс болғанда Исаның көңіл айтып жазған төрт ауыз өлеңі жеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет