БАҒдарламасы екінші басылым


В. Мектеп көшбасшылығы туралы білім және түсінік



жүктеу 4.04 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата26.12.2016
өлшемі4.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

В. Мектеп көшбасшылығы туралы білім және түсінік

Директорлар  мониторинг  жүргізу  және  оқыту  мен  оқуды  жақсартуға  үнемі  ұмтылу 

арқылы бүкіл оқушылардың табысты болып, жақсы оқуын қалай қамтамасыз ету керекті-

гін біледі.

Мектептер – қоғам аясында түрлі құрылымдармен біріктірілген ұйым, дегенмен, қыз-

меті тиімді және табысты болу үшін олар жалпы ереже мен дәстүрлер арқылы біріктірілген, 

ортақ ұстаным ұстанатын қоғамдастық болуы тиіс (Wenger, 1999). Ұйымның сенімділігі 

мен бейілділігі көшбасшы қабілдайтын шараларға сәйкес дамып, тереңдей бермек.

Қызметкерлер мен оқушылар өз міндеттерін ұйымға беріле отырып атқаруы үшін ди-

ректорлар өз мектебін оның барлық мүшелері оны қоғамның өнегелілік мұраттарына бей-

ілді мекеме ретінде сипаттайтындай етіп түрлердіруге тырысуы керек. 

Директорлар, дегенмен, мұғалімдерге белгілі бір еркіндік бергені де жөн, себебі олар 

да қандай да бір деңгейде өз қызметін басқарады, яғни оларға тұжырымдамалық-бағдар-

ланған мәнмәтін аясында немесе тіпті тар стандарттар мен бақылау талаптарының аясын-

да түрлі әрекет жасауға мүмкіндік берілген. Мұғалімдер өздерінің кәсіби мүмкіндіктерін 


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

11

басқара алу үшін оларға қауіпсіз жұмыс істеуге жағдай жасай отырып, қолдау көрсетіп,  

қамқорлық жасау керек.

Мектеп директорларына арналған ЭЫДҰ ұсыныстарына (2009) сәйкес, оқыту мен оқу 

стандарттары балалар мен жасөспірімдердің оқу үдерісіне мол әсер етеді, сондықтан олар 

болашақта жеңіске жете алады. Себебі мұғалімдерді жұмысқа уәждеп, олардың құзырет-

тіліктерін арттыру арқылы және олар жұмыс істеп, оқитын ортасын жайлы ету арқылы 

оқушылардың үлгерімін жақсартуда директорлардың орны ерекше. 



Қорыта келе айтарымыз,

Өз ықпалын күшейту үшін директорлар оқыту мен оқу үдерісінде төмендегі тәсіл-

дер арқылы белсенді рөл атқарулары қажет:

•  мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациялау;

•  тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өзі өткізу және өткізуге жағдай жасау;

•  мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау; 

•  ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеу.

Педагогика өзгереді

Жаңа деректерге сәйкес, қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар 

мен жастар мән-жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың 

тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн са-

нап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім 

алуға мүмкіндік бере алады. Директорлар мұғалім жұмысының тиімділігін бақылап, эва-

люация жасау үшін педагогиканың жаңа нысандарын игеру қажет. Оқытудағы көшбасшы 

ретінде директорлар тиімді тәжірибе қоғамдастығын құрып, онда үздіксіз кәсіби дамудың 

жоғары деңгейге көтеріліп, жұмыс күнінің бір бөлігіне айналуына ықпал ете алады.

Мектептердің жағдайы күннен күнге қиындауда

Қарқынды өзгеріп жатқан қоғамда мектептің мақсаты және оған қол жеткізу жолдары 

үнемі анық және тұрақты деу қиын. Мектептер өз жұмыс әдістерін өзгерту барысында 

қатты қысым көреді, сондықтан директорлар мұғалімдер мен оқушыларға өзгеріс енгізу 

үдерісін ойдағыдай атқарып шығуға мүмкіндік берулері керек. Мейлінше табысты мек-

тептердің директорлары кез келген қиын жағдайда әдетте ата-аналар мен жұртшылықтың, 

адамдардың  сенімін  арқау  етеді.  Олар  өз  жұмысына  коммерциялық  ұйымдарды,  спорт 

клубтары,  діни  қауымдастықтар  мен  қоғамдық  ұйымдарды  тарта  отырып,  балалар  мен 

жасөспірімдердің жетістіктері мен ахуалын жақсартуға тырысады.

Директорлар  сондай-ақ  оқушыларға  білім  алуға  барынша  мүмкіндік  жасап,  қолдау 

көрсету үшін және де ресурстарды бірлесіп қолдану мақсатында басқа мектептердің ди-

ректорларымен, ауыл/аудан/қала/облыс әкімшілігінің өкілдерімен ынтымақтастық орна-

тады.

Оқыту мен оқу техникалық, механикалық жұмыс емес, шынтуайтына келгенде – бұл 



қарым-қатынас, өзара іс-әрекет, байланыс және де өзін, басқа адамдарды және бүкіл әлемді 

түсіну мәселесі.

Директорлар алуан түрлі адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттанды-

рып, және жергілікті қоғамның күшін пайдалану мақсатында ата-аналармен және мүдделі 

адамдармен бірлесіп жұмыс істей отырып, барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары 

нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Директорлар мектептен тыс жақтан келетін белгілер мен үрдістерді тани және түсі-

не білулері керек, мәселен, ата-ана мен оқушылардың үміттері, қажеттіліктері; сондай-ақ 

олар осы сырт қатысушылардың олардың мектебі барлық критерийлерге қатысты өз жұ-


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

12

мысын жақсы орындап жатқанына сенімді болғанын қадағалап отырулары қажет. Мек-

тептер өнімді және қолдау көрсетуші қоғамдастықтар арқылы ата-аналармен жұмыс істей 

отырып,  қоғам  сұранысына  жауап  берулері  тиіс.  Оқушыларға  білім  алуға  жан-жақты 

жағдай жасап, қолдау көрсететін әлеуметтік және мәдени ұйымдармен де серіктестік қа-

рым-қатынас орнатылады.



Қорытындысында 

•  Директорлар  заманауи  көшбасшылықтың  теориясы  мен  тәжірибесін  түсінеді 

және де мектепті жетілдіруде сол білімін қолданады. 

•  Директорлар  педагогика,  оқу  жоспары,  оқушыларды  бағалау  және  есеп  беру, 

олардың жеке тұлғалық-кәсіби ахуалы турасындағы соңғы зерттеулер мен әзір-

лемелерді жақсы біледі. Олар ұлттық саясаттың өзекті мәселелерімен, тәжіри-

бе мен бастамалар, сонымен қатар бұл саладағы заңнама, келісімдермен таныс. 

Олар  балаларға  арналған  қауіпсіздік  ережесін,  кадрлық  ресурстарды  басқару, 

қаржылық  қызмет  пен  қаржылық  есептілікті  басқару  ережелерін,  сондай-ақ 

өзінің мектеп қоғамдастығымен және жұртшылық қауыммен жұмысына қатысты 

басқа да заңнамалық және саяси талаптарды түсінеді.

•  Директорлар балаларды оқыту мен дамыту жолдарын біледі, зерттеулерді  түсі-

неді  және  мектепте  оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  осы 

зерттеуді қолдана алады. Бұған оқушылардың үлгерімін бақылау мен жұмыстың 

әдіс-тәсілдерін жақсарту стратегиялары да кіреді.

•  Директорлар  білім  беру  саласындағы  саясатты,  мектепте  оқытуды,  әлеуметтік 

үрдістер мен қоршаған ортаның даму мен өзгеру үрдістерін, сондай-ақ мектептің 

оқыту мүмкіндіктерін арттыру туралы білімі мен түсінігін қолданады. 

•  Директорлар  мектеп  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  мектеп  комитетімен, 

әкімшілік  органдармен  және  басқа  да  ұйымдармен  ынтымақтастықта  жұмыс 

істейді.

•  Директорлар  тиімді  стратегиялық  көшбасшылық  пен  операциялық  басқаруды 

қамтамасыз ету үшін көшбасшылық пен басқару тұжырымдамадары мен тәжіри-

белерін қолданады.



C. Жеке қасиеттер және адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы

Директорлар білім беруге ықпалы бар барлық әлеуметтік, мәдени және экономикалық 

жағдайларға әсер ете отырып, барлық оқушылардың табысты болып, жоғары жетістіктер-

ге қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар оқушылардың, мұғалімдер ұжымының 

және қызметкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл қажеттіліктер мектеп пен 

қоғамды басқару мен көшбасшылық етуде тілектестік, табандылық таныта отырып, қыз-

меткерлердің жеке тұлғалық-кәсіби ахуалын қамтамасыз етудің маңызды екендігін мой-

ындайды.


Оқушының  оқуына  бәрінен  де  қатты  ықпал  ететін  мұғалімдер  болғандықтан,  олар 

оқушылардың өздерімен қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдай тудыруы керек. Яғни 

мұғалімнің  және  оқытудың  тиімділігін  арттыратын  мектеп  мәдениеті  мен  ұйымның 

құрылымы жағымды болуымен қатар, құзыреттілікті арттырып, қолдау көрсетудің қол-

жетімді құралдары болуы шарт.

Мұғалім мен директор арасындағы сенімнің орнауына және оның үнемі болуына мән 

беру керек. Мұғалімдер бәрінен де көшбасшылық бөлінетін, жауапкершілік ортақ болып 

табылатын және директор мен орта буын көшбасшылары, мұғалімдер командасы, жеке 

мұғалім арасында бөлінетін командада өте жақсы жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсетеді. 

Көшбасшылық мақсатты түрде бөлініп, өзара сенім білдіруге негізделген.



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

13

Мұғалімдер – оқыту саласындағы сарапшы көшбасшы; орта буын көшбасшылары – 

әріптестерге қолдау көрсету, коучинг және тәлімгерлік етудің мамандары болып табыла-

ды; ал жоғары басшылық мектептің барлық деңгейінде барлығын қамтитын оқуды ын-

таландыруға бағытталған мақсатты және мамандандырылған өзара іс-әрекетте маңызды 

жауапты рөл атқарады. Көшбасшылықтың ықпалы – түсінік қалыптастыру (немесе алғы-

шарт ұсыну) мен шешім қабылдаудың үйлесімі.

Қорытындысында 

•  Директорлар  жүйелі  түрде  өз  тәжірибелік  қызметіне  шолу  жүргізіп,  жағдайға 

қарай көшбасшылық пен басқарудағы өзінің тәсілдеріне өзгеріс енгізеді. Олар 

өздерін  қолдарында  ұстайды  және  даулы  жағдайды  тиімді  шешу  үшін  өзінің 

қарым-қатынас жасау дағдылары мен тиісті жұмыс әдістерін қолданады. Олар 

мектеп қоғамдастығында өзара сенім орнатып, оқушылар мен қызметкерлерге, 

сонымен қатар олар жұмыс істейтін қоғамда жағымды оқу ахуалын құра алады.

•  Директорлар  әдетте  басқалармен  ынтымақтаса  отырып,  проблеманың  мәнін 

дәл анықтап, тиімді шешім таба алады. Олар қашан шешім қабылдау керектігін 

біледі, өз шешімін негіздеу үшін қол жетімді деректер мен ақпаратты қолдануға 

қабілетті, шешімін хабарлай және түсіндіре алады.

•  Директорлар басқаны әңгімеге тартып, келіссөз жүргізе алады, ынтымақтастық 

орнатып, өз мүддесін қорғай алады және мектеп қоғамдастығының барлық мү-

шелерімен жақсы қарым-қатынас құрады. Олар жақсы тренер және тыңдаушы, 

нақты жауап беріп, кері байланыс ұсына және қабылдай алады.

•  Директорлар өздері жұмыс істейтін әлеуметтік, саяси және жергілікті жағдайлар-

ды есепке алады. Олар өздерінің ықпал ету дағдыларын үнемі жетілдіріп, пайда-

лы іскерлік байланыстар желісін құру бағытында жұмыс істейді.



МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНЕ ӨЗГЕРІС 

ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

Хопкинс жариялаған мектеп көшбасшылығы туралы соңғы жұмыста (2013) мектепті 

дамыту және мұғалім жұмысының тиімділігін саналы бақылау туралы бірқатар идеялар 

бір арнаға тоғыстырылған. Осы Бағдарлама мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізуге көмекте-

су мақсатында осы деректердің негізгі он тармағына негізделетін болады.

1-кесте. Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізудің түйінді он факторы

Адамгершілік мақсат

Мектеп деректері мен фактілерін қолдану

Оқыту сапасы

Бүкіл оқушылардың оқуын жақсарту

Мектеп мәдениетінің жағымдылығы

Мектеп бүкіл оқушыларға үлкен үміт 

артады

Үздіксіз кәсіби даму

Бүкіл оқушылардың мүмкіндіктері бірдей

Зерттеуге негізделген тәжірибе

Зиялы жауапкершілік және бақылау

1.  Адамгершілік  мақсат.  Әр  мектептің  негізгі  жұмысы  әр  оқушы  өзі  қол  жеткізе 

алатын кез келген жоғары деңгейге қол жеткізуге қабілетті және де мұғалімнің жұмысы 

барлық оқушыларға білім беруге бағытталғанына көз жеткізу. Мектептің барлық деңгей-

лерінде (мұғалім, сынып жетекшісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, директор) және оқудың 



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

14

барлық сатыларында (бастауыш, негізгі, орта) ең басты мәселе оқушылардың үлгерімін 

арттыру болған жағдайда, бұл мақсат өте маңызды болмақ.

2. Оқыту сапасы. Мұғалімдер сыныпта оқушының оқу нәтижелеріне қатты әсер етеді. 

Сондықтан,  кез  келген  жетілдіру  стратегиясы  үшін  ең  маңыздысы  жай  ғана  құрылым-

дық өзгеріс емес, оқытуды жақсарту болып табылады. Оқыту сапасы мектеп мақсатымен 

тығыз байланысты. 



3.  Мектеп  мәдениетінің  жағымдылығы.  Тиімді  мұғалімдердің  бірлесіп  жұмыс 

істейтін командасы – ең үздік мұғалім болуы мүмкін. Негізінде, мектептегі жағымды мә-

дениетті құратын және жоғары деңгейдегі кәсіби тәжірибені орнататын да солар.

4. Үздіксіз кәсіби даму. Сапалы оқыту қандай болу керектігін түсіну артқан жағдайда 

ғана жақсы кәсіби тәжірибе дамитын болады. Бұл ретте оны мектеп командасының бар-

лық мүшелері қуаттауға тиіс.

5.  Зерттеуге  негізделген  тәжірибе.  Мұғалімдерге  өз  сыныбын  үздіксіз  зерделеуге 

мүмкіндік  беруді,  сондай-ақ  зерттеудің  ынтымақтастық  түрлері  арқылы  теорияны,  қол-

да бар деректер мен тәжірибелік қызметті үйлестіру жолымен оқыту мен оқудың жалпы 

тәжірибесін дамыту үшін кәсіби дамуға мүмкіндік беруді қолданысқа енгізу.



6. Мектеп деректері мен фактілерін пайдалану. Зерттеулерге негізделген тәжіри-

белік  қызметті  мүмкін  қылу  үшін  оқушылардың  оқуы,  мектептегі  жалпы  оқу  үлгерімі 

және оқыту мен оқуды жетілдіретін әдістер туралы қалыптастырушы, үздіксіз және мақ-

сатты мектеп деректерін (бағалау деректерін де, зерттеу нәтижелерін де) алуға мүмкіндік 

беретін рәсімдер қажет.

7. Бүкіл оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушылар үлгерімі және жалпы алғанда, мек-

теп үлгерімі оқушылар мен директорлар «проблемаға терең үңіліп», оған ерте кезеңде араласа 

бастаған жағдайда артады. Бұл жағдайда оқушылардың үлгеріміне негізделген бірқатар сара-

ланған стратегияларды түсініп, алға қойылған мақсаттар оқуды жақсартуға бағытталуға тиіс.



8. Мектеп бүкіл оқушыларға үлкен үміт артады. Қолда бар деректерге қарағанда, 

сараланған стратегияларды қолдану арқылы ерте кезеңде араласу және ол үшін деректерді 

пайдалану кәсіби тәжірибенің дамуына ықпал етеді, бұл жағдайда көшбасшылар:

•  мұғалімдерге де, оқушыларға да зор үмір артады;

•  оқыту мен оқудың сапасын үнемі қадағалайды;

•  оқудың ұйымдастырушылық жағдайларын қамтамасыз ететін және кәсіби жауап-

кершілік пен жұмыстың тиімділігін бақылауды дамытатын құрылым құрады;

•  тәжірибе алмасу мәдениеті басымдық танытатын, жоғары деңгейдегі өзара іс-әре-

кет пен сенім білдіру ахуалы жайлаған еңбек жағдайын жасайды;

•  қажеттілігіне  қарай  қоғамдастықта  көшбасшылық  қасиеттердің  дамуына  қолдау 

көрсетеді.

9. Бүкіл оқушылардың мүмкіндіктері бірдей. Оқушылардың үлгеріміндегі теңсіздік 

проблемасы мынадай тәсілдермен шешілмек:

•  ерте жастан бастап жоғары деңгейде оқыту;

•  артта қалып қойған оқушыларға қолдау көрсету;

•  жоғары деңгейлі мақсатты ресурстар;

•  мектеп деңгейінде сараланған стратегияларды пайдалану.



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

15

10. Зиялы жауапкершілік. Нәтижесінде жүйенің әртүрлі деңгейлерін мектеп және 

сыныппен біріктіре, құзыреттілікті дамыта, кәсіби тәуелсіздік пен есеп берушілік арасын 

теңестіре, мектептер қоғамдастығы аясында бірлескен жұмыс нәтижесінде оңтайлы инно-

вациялардың оқыту мен оқу үдерісіне енуіне ықпал ете отырып, жоғарыда аталған үдері-

стерді көрсететін жүйелік деңгей құрылымдары белгіленеді.

Жалпы алғанда аталған қызметтердің осы түрлерінің барлығы еңбек мәдениетін құра-

ды. Ол жақсартуға ынтызарлық, жағдайға сәйкес әрекет ету міндетіне жауапкершілікпен 

қарауға және ол жағдайды өзгертуге негізделген әрі негізгі қызметке, икемділік пен ынты-

мақтастыққа бағытталған. 

Осы Бағдарлама сабақтар топтамасынан және одан кейін келетін мектептегі тәжірибе 

кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардан тұрады. Қазақстандық директорларды шет 

елдердегі мектепті дамыту жұмысымен таныстыру мақсатында Бағдарламада соңғы зертте-

улер нәтижелеріне негізделген материалдардан тұратын оқу-әдістемелік кешен ұсынылған.

2-кесте. Бағдарламаның басымдықтары мен негізгі құзыреттіліктері

Басым-

дықтар

Негізгі құзыреттіліктер

Стратегиялық көш-

басшылық

Басқару

Болашақ бағыттар

Директор-

дың өзін 

өзі дамы-

туы

Қазіргі  директордың 

рөлі  мен  миссиясын 

түсінеді:

•  жеке  тұлғалық-қы-

зметтік  қағидаттар 

мен құндылықтар;

•  өнегелілік  қағидатта-

ры;


•  әлеуметтік капитал.

Жеке  және  кәсіби  ке-

мелдену  дағдыларын 

қалыптастырады:

•  педагогикалық  инно-

вацияларды меңгеру;

•  Педагогикалық 

ше-

берлік  орталығы  Кем-



бридж университетінің 

Білім  беру  факуль-

тетімен  бірлесіп  әзір-

леген  педагог  қызмет-

керлердің  біліктілігін 

арттырудың  деңгей-

лі  бағдарламасының 

мазмұнын,  қағидатта-

ры мен әдістерін білу;

•  с т р а т е г и я л ы қ 

жоспарлау  маңызы 

мен қажеттілігін білу 

және түсіну.

•  Жеке  идеалдары  мен 

ұстанымдарының  қа-

лыптасқандығы. 

•  Жеке  кәсіби  дамуды 

жоспарлауды басқару 

жөніндегі  жаңа  де-

ректерді  алу  дағды-

лары.

•  Өзін өзі басқару және 



мектепті  дамытуды 

жоспарлау  бойынша 

сыни  шолу  жүргізу 

дағдылары.

•  Өзін  өзі  талдау  дағ-

дылары.


•  С т р а т е г и я л ы қ 

жоспарлау,  мектептің 

өзін  өзі  бағалауы, 

мектепті  дамытуды 

жоспарлау  дағдыла-

ры. 


•  Даму  бағыттары  мен 

жағдайды  жоспарла-

уды болжау дағдыла-

ры.


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

16

Мектепті 

дамыту

•  Мектеп мәдениетіне;

•  мұғалімдер  арасын-

дағы  тұрақты  және 

жағымды  өзара  қа-

рым-қатынасқа; 

•  оқушылар арасындағы 

тұрақты  және  жағым-

ды өзара қарым-қаты-

насқа әсер ететін фак-

торларды түсінеді.

Оқыту 


сапасының 

оқушыларды оқыту мен 

тәрбиелеу  нәтижелеріне 

байланыстылығын және 

оның маңызын түсінеді. 

Жоғары деңгейдегі нәти-

желерді  күтуді  жоспар-

лау 


технологияларын 

түсінеді және біледі.

Жағымды  жұмыс  ор-

тасы  мен  жеке  тұлға-

лық-кәсіби  ахуал  өза-

ра  байланысты  екенін 

түсінеді.

Мектеп  туралы  дерек-

терді  жинау,  түсіндіру 

және  пайдалану  әді-

стерін  түсінеді  және 

қолданады.

Деректер 

жүйесін 


ықпалдастыру 

әді-


стерін қолданады.

•  Үздіксіз  кәсіби  даму 

мәдениетін  құру  дағ-

дылары. 


•  Қ ы з м е т к е р л е р д і 

басқару және оқушы-

лардың  оқу  нәтиже-

лерін  арттыру  үшін 

мұғалімдердің  кәсіби 

дамуына  қолдау  көр-

сету дағдылары.

•  Мектепте  бөлінген 

көшбасшылықты іске 

асыру  және  басқару, 

мұғалімдерде  көш-

басшылық  қабілет-

терін  дамыту  дағды-

лары.


•  Ұйымдастырушылық 

басқару 


дағдыла-

ры  (жұмыс  уақытын 

жоспарлау,  адам  ре-

сурстарын  басқару, 

ұйымды дамыту).

•  Жеке  тұлғалық-кәсі-

би  ахуалға  ықпал 

ететін  жағымды  жұ-

мыс  ортасын  құру 

дағдылары.

•  Персонал мен оқушы-

лар  саны,  оның  өзге-

ру  үрдістерін  болжау 

дағдылары.



Әлеуметтік 

және кәсі-

би серікте-

стік

•  Ата-аналармен  және 

жергілікті  қауыммен 

бірлескен 

жұмыс 

маңызын түсінеді.



•  Ата-аналармен  және 

жергілікті  қауыммен 

жүргізілетін 

өзара 


іс-әрекеттің  негізгі 

мақсатын түсінеді.

•  Мектептер  қоғамда-

стығының 

негізгі 

мақсатын түсінеді.

•  Мектеп  басшылары-

ның  кәсіби  қоғамда-

стығының 

негізгі 


мақсатын түсінеді.

•  Ата-аналар және жер-

гілікті қауыммен бір-

лескен жұмыс дағды-

лары.

•  Білім 



алушылар-

дың  кәсіби  қоғамда-

стық-тарын  дамыту 

және  қолдау  көрсету 

дағдылары.

•  Мектеп  басшылары-

ның  кәсіби  қоғамда-

стықтарын құру және 

қолдау  көрсету  дағ-

дылары.


•  Жалпы алғанда өмір-

де  болып  жатқан 

өзгерістер 

туралы 


ж ұ р т ш ы - л ы қ п е н 

және  ата-аналармен 

ақпарат  алмасу  жүй-

есін құру дағдылары.

•  Мектептер  қоғамда-

стығында  және  жал-

пы  қоғамда  мектепті 

дамыту  жоспар-ла-

рына  барлық  субъек-

тілерді  (басшылық, 

мұғалімдер,  ата-ана-

лар, оқушылар) тарту 

дағдылары.


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

17

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арт-

тыру бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл-

дарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпы білім беру жүй-

есін жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты 

Үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде Қазақстан 

Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби дамыту.

 

Бағдарламаның міндеттері:

•  заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін 

өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінігін дамыту;

•  директорларда көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау 

салаларында түйінді құзыреттіліктер қалыптастыру;

•  директорларға өзінің қызметін, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсар-

туға бағытталған дағдыларды, жұмыс түрлерін, әдістер мен тәсілдерді үйрету;

•  кәсіби  және  әлеуметтік  әріптестік  орнату,  ата-аналармен  және  жалпы  жұрт-

шылықпен бірлесіп жұмыс істеу, қоғамдастық құру жөніндегі тәжірибелік дағды-

ларды қалыптастыру.

3-суретте  Бағдарламаның  құрылымы  бейнеленген.  4-сурет  Бағдарлама  мазмұны-

ның жалпы көрінісін ұсынады, яғни Бағдарлама төрт маңызды кәсіби тәжірибеге сәйкес 

құрылымданатын болады: оқыту мен оқуға жетекшілік ету; өзінің дамуы және басқаларды 

дамыту; жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету; жергілікті қа-

уымды бірлескен жұмысқа тарту.



Каталог: dokument
dokument -> Планируемые результаты освоения учебного предмета
dokument -> Имя прилагательное. Обобщение. 4 класс
dokument -> Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар Семей, 2013
dokument -> Понимание устройства языковой системы
dokument -> Программа составлена в соответствии с требованиями Федерального
dokument -> Ооп ноо гбоу школа №109 I. Целевой раздел
dokument -> Уҡыу предметын үҙлҳштереү ұҵҙҵмтҳлҳре Башҡорт теле ҵйрҳнеүҙең шҳхси ұҵҙҵмтҳлҳре
dokument -> Уҡыу предметын үҙлҳштереү ұҵҙҵмтҳлҳре. Планлаштырылған ұҵҙҵмтҳлҳр


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет