БАҒдарламасы екінші басылым



жүктеу 4.04 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата26.12.2016
өлшемі4.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ұжымдық топтық 

жұмыс

Қоғамдастық аясын-

дағы жұмыс

Дамытуды жоспарлау

Жұмыс 

әдістері


Оқу үшін бағалау

Диалогтік оқыту

Тәжірибе туралы реф-

лексия


Коучинг және 

тәлімгерлік

Эвалюация әсері

Lesson study 



Іс-әрекеттегі зерттеу

Мектеп көшбас-

шылығы

Қоғамдастықты 

кеңейту

Практиктің зерттеуі

Жұмыс 


құралдары

АКТ-ны қолдану

Өзін өзі және өзара 

бағалау


Орта мерзімді 

жоспарлау

Коучинг және 

тәлімгерлік жоспары

Жұмыс жоспары



Мектепті дамыту 

жоспары

Зерттеу жұмысы және 

дерек жинау әдістері

Қазіргі кезде қолдануға болатын 

www.cpm.kz

 порталында орналастырылған pdf форма-

тындағы бірнеше қосымша нұсқаулықтар бар.

1. Топтық жұмыс туралы нұсқаулық.

2. Іс-әрекеттегі зерттеу.

3. Lesson study.



СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

Мектеп  директоры  мектептің  ұйымдастырушылық  басқару  үдерісін  стратегиялық 

жоспарлау үшін жауап береді. Яғни директорлар басымдықтарды белгілейді, ресурстар мен 

қуатқа көңіл бөледі, қызметті күшейтіп, қызметкерлерді ортақ мақсат үшін жұмыс істеуге 

жұмылдырады, күтілетін нәтижелер мен қорытындыларды келіседі, әлемдегі өзгерістерге 

сәйкес мекеменің бағыттарын бағалап өзгертеді. Стратегиялық жоспарлау бұл қандай мек-

теп екендігін, оны кім басқаратынын, болашаққа бағдарлай отырып, немен айналысатынын 

және онымен айналысу себебін анықтайтын түбегейлі шешімдер қабылдап, әрекет етуді көз-

дейтін реттелген іс-шаралар тізбесі десе болады. Тиімді стратегиялық жоспарлау тек мек-

тептің қай бағытта дамитынын және қандай құралдар арқылы прогреске қол жеткізілетінін 

ғана емес, сондай-ақ оның табысты болғандығын анықтау жолдарын белгілеуді көздейді.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арт-

тыру бағдарламасында стратегиялық жоспарлау «Бетпе-бет» оқыту кезеңінде ұсыныла-

тын мектепті дамытуды жоспарлау үдерісі түрінде енгізілетін болады. 

Өзін өзі эвалюациялау мен мектептің дамуын жоспарлау үдерістері мектептің дирек-

торы өзгеріс енгізуді қалай басқаратынына негізделеді. Сондай-ақ бұл үдеріс директорға 



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

37

ненің  жасалғанын,  ал  нені  орындау  қажет  екендігін  мақсатты  және  қисынды  жолмен 

анықтауға көмектеседі. Бұл – мектептің өзін өзі эвалюациялауынан бастап, бірқатар ло-

гикалық қадамдарды қамтитын іс-шаралар, олардың нәтижелері жазбаша түрде тіркеліп 

отырады.

Әр  үдеріс  пен  оның  нәтижесі  туралы  толық  ақпарат  мектептің  дамуын  жоспарлау 

жөніндегі қосымша нұсқаулықта қамтылған.

Кезеңдер: 

1. Аудит жасау мақсатында мектептің өзін өзі эвалюация жасауы; ол мектептің өзгеріс 

енгізу бағыттары мен салаларын анықтайды.

2.  Стратегиялық  басымдықтар;  бұл  мектептің  нақты  қандай  мектепке  жататынын 

анықтауға көмектеседі.

3. Жоспар, ол өзгеріс енгізуді жүзеге асыру мен оны бағалауды қамтиды.

4. Үдерісті эвалюациялау.

5. Мониторинг жөніндегі есеп; ол мектептің өзін өзі эвалюациялау үдерісінің келесі 

кезеңіне арналған жаңа деректерді ұсынады.



Білім алушылар қоғамдастығы

Бүгінгі таңда Білім алушылар қоғамдастығының маңызы күн санап артып отыр. За-

манауи ұйымдар олардың инновация мен білім алмасудағы рөлдерінің маңызды екенді-

гін түсінеді. Білім беру саласында қазіргі кезде ұйымдық оқшаулану оқуды тежейді деген 

пікір қалыптасқан. Мектептер өз мектептерінің балаларының игілігі үшін ғана емес, бар-

лық балалардың игілігі үшін «Білім алушылар қоғамдастығы» арқылы бірлесіп жұмыс 

істеуінің маңызы артып келеді. Білім алушылар қоғамдастығына мынадай    анықтама 

берілген: «оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің аясында, болмаса мек-

тептер арасында оқушылардың үлгерімін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқыту 

мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге 

асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріпте-

стер» (National College for School Leadership, 2004). Білім алушылар қоғамдастығы біздің 

оқу үдерісін қалай түсінетінімізді өзгертудің маңызды тәсілі, стратегиясы ретінде қарасты-

рылады; қоғамдастықтарды дамытуға мықты халықаралық қолдау көрсетіледі (Lieberman, 

2005). ХХІ ғасырдағы жаңа ақпарат пен білімге негізделген экономикаға, сондай-ақ тех-

нологиялар  мен  өнімдердің  қарқынды  өзгеруіне  байланысты  жұмыс  сипаты  да  өзгеріп 

жатқандығын  айтуға  болады.  Бұл  өз  кезегінде  қандай  қызметкерлер  қажет  болатынын, 

белгілі бір дағдыларды игерген қызметкерлерге деген сұраныстың өзгеретінін болжайды. 

Бұл өзгеріс адамдардан икемділік пен бірлесіп жұмыс істеуді талап етеді, ол жағдайда көп 

тапсырмаларды орындап, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуға дайын, зерек, жаңаны тез 

қабылдайтын жоғары білікті қызметкерлер мен тренинг өткізу, бөлімдер мен мекемелер 

арасында өзара оқу, жұмыскерге шешім қабылдауға мүмкіндік беру арқылы икемділікті 

қамтамасыз ететін озық тәжірибелі компаниялар арасында кешенді өзара қарым-қатынас 

орнайды. Мектеп қоғамдастығы аясында мектеп директорларын оқыту олардың өз мек-

тептерінде балаларды ХХІ ғасырда өмір сүруге тиімді дайындауын қамтамасыз етеді.

Бөлінген көшбасшылық және басқару

Ертеректе  көшбасшылық  зияткерлік  оқудың  стандарттары  бойынша  кемел  құнды 

жетістіктерге қол жеткізу дегенге теңестірілетін. Қазір көшбасшылық енді тек директорға 

немесе басшылар тобына ғана тән жеке рөл ретінде қарастырылмайды. Жалпы білім беру 



ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы оларды сырттай анықталған стан-

дарттарға сәйкес оқушыларды тек сыныпта оқытуға көңіл аудару әдісінен алшақтатуға 

бағытталған. Директорлар барынша ұжымшыл және кеңейтілген кәсіпқойлық танытып, 


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

38

мұғалімдерге  өздерін  білім  беру  қоғамдастығының  толыққанды  мүшесі  ретінде  сезіну-

ге  мүмкіндік  беруі  керек  (Bolam,  McMahon,  Stoll  et  al.,  2005),  бұл  жағдайда  тәжірибе 

мұғалімнің жетекшілігімен зерттеуге негізделген инновациялар негізінде дамиды (Frost 

and  Durrant,  2003).  Бұндай  кәсіпқойлық  тәсілі  қолданылған  жағдайда  білім  жай  ғана 

беріліп қоймай, мұғалім оны қалыптастырады; мұғалімдер моральдық мақсаттар негізінде 

әрекет етеді; олар өздерінің әріптестеріне және айналасындағы адамдарға әсер ету үшін 

көшбасшылық қабілеттерін қолданады; сондай-ақ олар сыныпта лайықты, тиісті білімнің 

берілуіне үнемі көңіл бөледі (Frost, 2011). Лейтвуд пен әріптестерінің (2006) зерттеуінің 

деректері көшбасшылық бөлінген кезде мектепке деген ықпалы өсетінін және жеке адам-

ның  амал-шараларымен  салыстырғанда,  көшбасшылар  тобының  ықпалы  бірнеше  есе 

жоғары болатынын айқын көрсетті. Сол себепті Жалпы білім беру ұйымдары басшылары-



ның біліктілігін арттыру курсы барысында бөлінген көшбасшылық тақырыбын қарасты-

ру маңызды болып келеді.



Коучинг пен тәлімгерлік

Мұғалімдердің өз бетінше оқып, өз бетінше дамуы жалпы мектептің жетілуіне ықпал 

етумен қатар, жетістіктер мен табыстарды арттырудың бірден бір оңтайлы тәсілі болып 

табылады. Мұғалімдердің  оқуы  оқушылардың  зерделеніп  жатқан  материалды  түсінген, 

түсінбегенінің шынайы бағасына негізделген жағдайда ғана олар өз тәжірибелеріне өз-

геріс  енгізіп,  жетілдіре  бастайды.  Коучинг  бірлескен  үздіксіз  кәсіби  дамудың  маңызды 

әдісі  ретінде  қарастырылады,  осылайша  мектепте  мұғалімдердің  оқу  мен  тәжірибесін 

жетілдірудің  мықты құралы бола алады; ал тәлімгерлік мұғалімдердің қызмет бойынша 

айтарлықтай жоғарылауына, мысалы, жаңа кәсіби рөл жүктелуіне әкелетін, кәсіби тұрғы-

дан  өсуіне  қолдау  көрсетуге  бағытталған  құрылымдалған  және  тұрақты  үдеріс  болып 

табылады. Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы ди-

ректорлар оқыту мен оқу мақсаттары, әдіс-тәсілдері туралы біле отырып, өз мектептерін-

дегі стратегиялық тұрғыдан дамытылып жатқан тәжірибеге қолдау көрсетуі үшін осы екі  

тәсілді сын тұрғысынан зерделейді. Бұл коучинг пен тәлімгерліктің сапалы жүргізілуін 

қамтамасыз етеді.

БАҒАЛАУ

Директорлар тоғыз айлық Бағдарлама барысында кәсіби портфолио жасайды. Порт-

фолио  директорлардың  Бағдарламаны  табысты  аяқтап,  бағалауға  арналған  үш  түйінді 

критерийге сәйкес келетіндігін дәлелдеудің негізгі тәсілі болмақ. Бұл критерийлерге сәй-

кес директорлар:

1.   қажетті білім алып, Бағдарламада ұсынылған негізгі идеялар бойынша түсінік 

қалыптастырғанын;



2.   бұл идеяларды өз тәжірибесінде табысты қолданатындығын;

3.   жаңа тәжірибелерді қолдану туралы рефлексия жасап, одан әрі дамыту 

үшін салдарын қарастыратынын көрсетулері керек.

басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

39

ГЛОССАРИЙ  

Әлеуетті арттыру / Наращивание потенциала / Building capacity – өлшенетін нәти-

желерге қол жеткізу мақсатында өз қызметін табысты басқару үшін адамдардың кәсіби 

әлеуетін танытуға және дамытуға қолдау көрсету және көмектесу.

Әлеуметтік серіктестік / Социальное партнерство / Social partnership – педагоги-

калық үдеріс қатысушыларының: әкімшілік, мұғалімдер мен ата-аналардың мүдделерін 

келісудің тең ынтымақтастыққа негізделген институттары мен тетіктері жүйесі.

Әлеуметтік капитал / Социальный капитал / Social capital – өзара сенім қалыпта-

стыру,  ортақ  міндеттер  мен  болжамдар  белгілеу,  әлеуметтік  нормаларды  қалыптастыру 

мен орнату, қауымдастық құру арқасында индивидтердің іс-әрекетін жеңілдететін әлеу-

меттік қарым-қатынас, олардың желілерінің ресурстары. Әлеуметтік капитал адам капита-

лын қалыптастырады. Адам капиталы білім, дағдыдан, сондай-ақ адамдардың бір-бірімен 

белгілі бір қауым құру қабілетінен тұрады.



Білім алушылардың кәсіби қоғамдастығы / Профессиональные обучающиеся со-

общества / Professional learning community – мектеп қызметкерлерінен, оқушыларынан 

және ата-аналардан тұратын жалпы мектептік қоғамдастық, оның мақсаты тығыз өзара 

әрекеттестік пен ынтымақтастық орнату арқылы өздерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз 

жетілдіру болып табылады.



Білім беру парадигмасы / Образовательная парадигма / Еducational paradigm – 

білім беру үдерісінің құндылықтық-мағыналық негізі болып табылатын, білім берудің да-

муының белгілі бір кезеңінде басым болатын және оның мақсатын, мазмұнын және алға 

қойылған мақсатқа қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін анықтайтын тұжырымдамалық модель.



Білім беруді басқару / Менеджмент в образовании / Education Management – білім 

беру  үдерісінің  және  жалпы  білім  беру  ұйымының  тиімділігін  арттыруға  бағытталған, 

оларды басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, ынталандыру, бақылау және есепке алу) 

қағидаттарының, әдістерінің, құралдары мен нысандарының жүйесі.



Жауапкершілік  және  бақылау  /  Ответственность  и  контроль  / Accountability  – 

маңайындағылардың алдында өзіне жауапкершілік алуға дайын болу және жауапкершілік 

алу қажеттігін түйсіну; өзі мен басқалардың игілігіне этикалық нормалар аясында кәсіби 

қызмет атқару қабілеті.



Жеке  тұлғалық-кәсіби  ахуал  /  Личностно-профессиональное  благополучие 

/  Personal-professional  well-being  –  қызметкердің  өмірін,  оның  ахуалын,  әлеуметтік 

қорғалғандығын және өз еңбегіне қанағаттанатындығын көрсететін үдеріс; қызметкер жұ-

мысының тиімділігін жанама бағалап, болжауға мүмкіндік беретін индикаторлардың бірі.

Каскадты  оқыту  /  Каскадное  обучение  /  Cascade  training  -  оқудың  бұқара-

лылығымен; каскад кезеңдерінде ақпараттың толығымен қайталатындығымен; жаңа кәсі-

би норма ретінде оқыту тәжірибесіне инновацияларды енгізуді жеделдететіндігімен; жаңа 

технологиялық шешімдерді ұжым болып іздеудің үдерісін (оқудың желілік әдісі) оңтай-

ландыратындығымен  ерекшеленетін  әдіс.  Каскадты  оқыту  инновацияларды  енгізуге 

жаппай  дайын  болуға  мүмкіндік  беріп,  оқуды  аяқтағаннан  кейін  оқу  барысында  алған 



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

40

білімдері мен дағдыларының негізінде мамандардың келесі тобын даярлайтын мамандар 

тобын оқытуды көздейді.

Кәсіби даму / Профессиональное развитие / Professional development  - кәсіби қыз-

мет субъектісі өзінің кәсіби білімі, білігі, дағдылары мен құзыретінің сапасы мен деңгейін 

жетілдіретін және табысты еңбек ету үшін қажетті жеке қасиеттерін дамытатын үдеріс.

Көшбасшылық / Лидерство / Leadership - топтың, қауымның, қоғамның бір мүшесі 

(көшбасшы) нақты жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін басқаларды ұйымдастырып, бағыт-

тайтын әлеуметтік-психологиялық үдеріс.

•  Оқытушы көшбасшылық / Лидерство обучающее / Instructional leadership – мектеп-

тегі оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында мектеп директоры қабылдайтын 

немесе директор мектеп қоғамдастығының басқа мүшелеріне жүктейтін іс-шара-

лар  кешенін  көздейтін  көшбасшылық  түрі.  Оқытушы  көшбасшылық  оқыту  мен 

оқуды жетілдіру мақсатында анық мақсат қоюды, оқу бағдарламасын басқаруды, 

сабақты  жоспарлаудың  мониторингін  жүргізуді,  ресурстарды  анықтап,  мұғалім 

жұмысына эвалюация жүргізуді көздейді.

•  Бөлінген көшбасшылық / Лидерство распределенное / Distributed leadership – көш-

басшының  өзі  басқаратын  ұйымда  көшбасшылық  мәдениетін  енгізу  мақсатында 

көшбасшылық өкілеттіктерді басқаларға жүктеуін көздейтін көшбасшылық түрі.

•  Cтратегиялық  көшбасшылық  /  Лидерство  стратегическое  /  Strategic  leadership  – 

ұйым табысты жұмыс істеу үшін оның мақсаты мен ұстанымдарын, негізгі стра-

тегияларын,  оңтайлы  құрылымын,  даму  бағыттарын,  қажетті  ресурстары  мен 

анағұрлым тиімді үдерістерді анықтайтын көшбасшылық түрі.

•  Трансформациялық  көшбасшылық  /  Лидерство  трансформационное  / 

Тransformational leadership – ұйымды дамыту тұжырымдамасына, оның стратеги-

ясы мен мәдениетіне, өндірісі мен қолданатын технологияларына өзгеріс енгізуді 

көздейтін  көшбасшылық  түрі.  Трансформациялық  көшбасшылық  «материалдық 

емес мәселелерге»: ұйымның келешегіне, жалпы құндылықтары мен жаңа идеяла-

рына бағдарланған.

Мектептің даму жоспары / План развития школы / School development plan – ұсы-

нылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамы-

тудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат.

•  Іске асыру жоспары / План реализации / Implementation plan – оны жүзеге асы-

руға қатысушылар көрсетілетін мектептің даму жоспарының құрамдас бөлігі, ол 

қатысушылардың уәжін қолдауға септігін тигізеді.

•  Эвалюация жоспары / План эвалюации / Evaluation plan – мақсатқа қол жет-

кізілуін,  өзгерістердің  прогресін  қадағалауды  және  жоспарды  жүзеге  асырудың 

табыстылығын тексеруді көздейтін мектептің даму жоспарының құрамдас бөлігі.

Мұғалімдер қоғамдастығы / Сообщество учителей / Network of teachers – кәсіби 

даму мақсатында көзбе-көз және сырттай өзара әрекеттесу, жеке кездесу, хат алмасу, бір-



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

41

лескен іс-шаралар өткізу арқылы ортақ мүдде, мақсаттармен байланысқан мектеп, аудан, 

облыс, аймақ, ел, әлем мұғалімдерінің бірлестігі.

Мұғалімдердің желілік қоғамдастығы / Сетевое сообщество учителей / Network 

of teachers – мұғалімдердің Интернет желісі арқылы кәсіби қоғамдастыққа бірігуі, бұл 

оларға  тәжірибе  алмасып,  өздерінің  біліктілік  деңгейі  мен  кәсіби  құзыретін  арттыруға 

мүмкіндік береді. 

Тайм-менеджмент / Тайм-менеджмент / Time-management – арнайы жаттығуды, жұ-

мыстың нақты түрлеріне жұмсалатын уақытты саналы бақылауды көздейтін, уақытты ұй-

ымдастыру және оны пайдалану тиімділігін арттыру технологиясы. Бұл жағдайда жұмы-

стың тиімділігі мен өнімділігі артады. Тайм-менеджмент жұмсалатын уақытты жоспарлау-

ды, бөлуді, мақсат қоюды, жұмсалған уақытты талдап, мониторингін жүргізуді, ұйымдасты-

руды, басымдықтардың тізімін жасап, оларды басымдығына қарай орналастыруды көздейді.



Эвалюация / Эвалюация / Evaluation – білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу 

және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді 

жүйелі зерттеу және бағалау. Бақылаушы және қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты 

жүйелі  түрде  ашық  жинақтау  және  талдау  негізінде,  белгіленген  мақсаттармен,  крите-

рийлермен  және  құндылықтармен  жүйелі  түрде  салыстыру  негізінде  ұйымның  жұмы-

сының тиімділігін анықтау және жетілдіру мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы 

сарапшыларды тарту арқылы өткізіледі. Эвалюацияның өзіне тән ерекшеліктері: жетіл-

діруге бағдарлау, диалог түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Эвалюация мұғалімді «тек-

серуге» емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.

•  Сыртқы эвалюация / Эвалюация внешняя / External еvaluation – басшылық ету са-

пасын,  сондай-ақ  зерттелетін  объектінің  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жоғарғы  стан-

дарттарына сәйкестік дәрежесін жүйелі түрде зерттеу және бағалау. Сыртқы эва-

люацияны сырттан келген тұлға, ұйым немесе орган жүзеге асырады, сонымен қа-

тар ол ішкі факторларды талдауға да бағытталуы мүмкін (мысалы, мектептің оқу 

бағдарламасы, қолданылатын оқыту әдістері, ішкі эвалюация нәтижелері).

•  Ішкі эвалюация / Эвалюация внутренняя / Internal evaluation – мектеп дирек-

торы  педагогикалық  ұжыммен  ынтымақтастықта  жүргізетін  және  мұғалімнің 

тәжірибелік  қызметін  қолдауға  және  кәсіби  дамытуға  бағытталған  мониторинг 

негізінде басшылық ету сапасын жүйелі түрде зерттеу және бағалау. Ішкі эвалю-

ацияны білім беру ұйымының қызметкерлері жүзеге асырады және оған сыртқы 

эвалюация белгілері тән болуы мүмкін: білім беру ұйымы өз бастамасы бойынша 

белгілі критерийлер бойынша сабақты қадағалау үшін мектептің «сыншы досын» 

(педагог-ғалым немесе басқа мектептің мұғалімі) шақыруы мүмкін.



Эмоциялық зият / Эмоциональный интеллект / Emotional Intelligence -  субъек-

тінің эмоцияларын түсініп, түйсіну, ойлауды дамытып, эмоцияның мәні мен мағынасын 

түсінуге, өзінің эмоциялық және зияткерлік тұрғыдан өсуі мақсатында оларды басқаруға 

көмектесу  үшін  эмоцияларын  жинақтау  қабілеті.  Әдеттегі  бәріне  түсінікті  зиятқа  қа-

рағанда, жағдаятты дұрыс ұғына білу және оған ықпал ету, айналадағы адамдардың нені 

қалайтынын және нені қажетсінетінін түйсікпен түсіне білу, олардың күшті және әлсіз 

жақтарын білу, қиындыққа мойымай, тартымды бола білу қабілеті. Бір сөзбен айтқанда 

бұл – байыптылық.



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

AITSL (2011) Australian Professional  Standard for Principals [Директорларға арналған Ав-

стралия кәсіби стандарты]. Education Services Australia.

Asia Society  (2012) Teaching and leadership for the 21



st

 century. [21 ғасырдағы оқыту мен 

көшбасшылық] Accessed Jul 2103 http://asiasociety.org/files/2012teachingsummit.pdf.

Burke & Litwin, (1992) ‘A Causal Model of Organisation Performance [1] Burke & Litwin, 

‘A Causal Model of Organisation Performance and Change’ [Бурке мен Литвиннің «Ұй-

ымдастырушылық өнімділік пен өзгерістердің себептік моделін» жасау жұмысының 

нәтижелері]. Journal of Management, 18, (3), pp 523–545.

Day, C & Leithwood, K (eds) (2007) Successful school principal leadership in times of change: 



International  Perspectives 

[Директорлардың  тиімді  мектеп  көшбасшылығы  өзгеріс 

кезінде: халықаралық теория]

, Dordrecht, The Netherlands, Springer.

Dinham, S., Collarbone, P.,Evans, M & Mackay, A. (2013) The development, endorsement and 



adoption of a National Standards for Principals in Australia. [Австалия директорларына 

арналған ұлттық стандартты енгізу, әзірлеу және бейімдеу] Educational Management 



Administration & Leadership, 41, pp 467 – 483. 

Fullan, M. (2008) The six secrets of change. [Өзгерудің алты құпиясы] Jossey Bass.

Hargreaves, A & Fullan, M. (2012) Professional Capital; transforming teaching in every school

[Кәсіптік капитал; әр мектептегі оқытуды өзгерту] London, Routledge.

Hopkins, D. (2013) Exploding the Myths of School Reform [Мектеп реформасы туралы аңы-

здарды жоққа шығару]. Open University Press.

Leithwood, K., Day, C., Sammons, P., Harris, A. & Hopkins, D. (2006) Seven strong claims 

about successful school leadership, [Табысты мектеп басшылығы туралы жеті анықта-

уыш тұжырым] Nottingham, National College for School Leadership.

Levin, B. (2012) How to change 5000 schools; a practical and positive approach for leading 

change at every level. [5000 мектепті қалай өзгертеміз; әр деңгейде өзгерісті басқару-

дың тәжірибелік және жағымды тәсілдері] Cambridge. Harvard Education Press. 

MacBeath, J. (1999) School must speak for themselves; the case for school self evaluation. [Мек-

теп  өздері  туралы  айтулары  керек;  мектептегі  өзін  өзі  бағалауды  қолдайтын  дәлел] 

London, Routledge.

Pont, B., Nusche, D & Moorman, H. (2008) Improving school leadership. [Мектеп көшбас-

шылығын жақсарту] OECD Paris.

Robinson,  V,  Hohepa,  M  &  Lloyd,  C.  (  2009)  School  Leadership  and  Student  Outcomes: 



Identifying What Works and Why.

 [Мектептегі көшбасшылық және оқушылар нәтиже-

сі: Неның ықпалы бар екенін және неліктен екенін анықтау]

 Best Evidence Syntheses 

Iteration (BES), Ministry of Education, New Zealand [online 

http://educationcounts.govt.

nz/goto/BES

 accessed 3 March 2013].

Spillane, J. P., R. Halverson and J. B. Diamond. 2001. Investigating school leadership practice: 

A distributed perspective [Мектеп көшбасшылығы тәжірибесін зерттеу: бөлінген келе-

шек]. Educational Researcher 30 (3) pp  23-28.

Wenger,  E.  (1999) 

Communities  of  Practice

:

  Learning,  Meaning,  and  Identity.

  [Практиктер 

қоғамдастығы: оқыту, мәні мен ерекшелігі]

 Cambridge University Press.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет