Бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы



Дата05.10.2022
өлшемі13,56 Kb.
#41475
түріБағдарламасы

СПС-31
Мырзалы Гулзат




Бағалаудың оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы
Бүгінгі таңда елімізде білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз етуді көздейді, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Білім саласындағы жаңарту жүйесі еліміздің әр аймағындағы ашылған Назарбаев Зияткерлік мектептерінде алғаш тәжірибеден өтіп бүгінде өзінің тиімді нәтижесін көрсете бастады. Ұстаздар қауымы бүгінде еліміздің жалпы білім беретін орта мектептері ұстаздарымен тығыз байланыс орнатып, пилоттық жүйемен тәжірибені таратуда

Еліміздің білім саласына кезең-кезеңімен енгізіліп жатқан білім бағдарламасының басты мақсаты, зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын кез-келген ортаға бейімделіп кете алатын азаматты тәрбиелеу. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы…» -депорта ғасырлық данагөйіміз әл-Фараби айтпақшы, бағдарламада тәрбие мен оқу ажырамас байланыста қарастырады. Кез келген пәннің мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол ұлттық және жаһандық азаматтық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Орта білімнің маңызын белгілейтін құндылықтар: құрмет, әріптестік, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, өмір бойы білім алу.


.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет