Бағдарламасы негізінде физика пәнін оқытудағы әдіс- тәсілдердің тиімділігі



бет1/3
Дата10.12.2022
өлшемі76,16 Kb.
#56353
түріБағдарламасы
  1   2   3



Баяндама

Тақырыбы:


Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде физика пәнін оқытудағы әдіс- тәсілдердің тиімділігі

Жоспары


Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


І.Кіріспе
Жұмыстың мақсаты:
-Физика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,оқушылардың шығармашылық ізденістерін,өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
-Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдей білуге үйрету.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру қажеттілігі айтылған және орта білім беру мазмұнын жаңарту мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру міндеттеріне тоқталған.
Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің физикалық қасиеттерін танып-білу, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу болып табылады. «Физика» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты.Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін өте маңызды. Ол үшін сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету, физикалық эксперименттер жасау, сабақтың ғылымилығын жоғарылату, проблемалық жағдаяттар туындату, оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. белсенді оқу әдістерін қолдануға болады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

  • жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;

  • жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;

  • оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен ресімделуіне;

  • білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді біледі және түсінеді

 ІІ.Негізгі бөлім
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.
Физика пәнінің күрделі екеніне ешкімнің де дауы жоқ.Оны жаттап алу мүмкін емес,түсіну қажет.Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып,білімге жетелеу үшін мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс.Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім.Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары «Бүгінгі сабақта мен мына нәрсені
білдім», «Маған ұнағаны өзіміз жаңа сабақты аштық», «Тәжірибені өзіміз жасадық».Пәнге деген қызығушылықтарын,сабаққа деген белсенділіктерін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланамын.
Мысалы 7 сыныпта өткен «Денелердің өзара әрекеттесуі» бөліміндегі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет