Бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі479,68 Kb.
#23331
түріБағдарламасы
  1   2   3


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ  

УНИВЕРСИТЕТІ 

15 БОӨЖ. "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын Қазақстан 

Республикасының өңірлерінде іске асыру. 

Орындаған:Бигалиева Болсынай 

Топ:ТДМ 21-01 

Қабылдаған:Еришева Толқын 

Түркістан,2021 


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР 

Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту 

бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия 

құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша 

ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді, 

өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер 

құрылды. Халықаралық тəжірибені ескере отырып, аударма 

бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша 

кешенді жұмыс жүргізілуде. «Жаңа гуманитарлық білім. 

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Елбасы Н. 

Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында 

тарих пен саясаттану, əлеуметтану мен философия, 

психология, педагогика, экономика, мəдениеттану жəне 

филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім 

беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. 2017 жылы осы 

тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде 

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» 

жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық 

аударма бюросы құрылды. 

 



Жобаның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы əлемнің ең 

үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық 

жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім 

мен ғылымның мазмұнын жаңарту. Аударылатын 

оқулықтарды іріктеу барысында 800-ден аса ұсыныс түсіп, 

арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді. Оқулықты 

таңдауда бірнеше талап ескеріледі: əлемнің ең озық 100 

университетінің оқу бағдарламасында болуы; кемінде үш 

басылымда жарық көруі жəне соңғы 3 жылда басылып 

шығуы; мазмұнының бейтарап сипатта болуы; заманға сай, 

түрлі интерактивті қосымшаларының болуы. Аталған 

талаптардың негізінде 47 оқулық аударылды. Əр оқулық 10 

мың данамен басылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылды. 

Оқулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінен, сонымен қатар 

француз жəне орыс тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардың 

кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасының болуына қарамастан, 

оқулықтың түпнұсқа тілінен тікелей аударылуына баса мəн 

берілді. Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға 

Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының 

оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар 

тартылды. Аударма барысында арнайы мамандардың ғана 

емес, оқырман тарапынан келіп түскен ұсыныстар да 

ескеріледі. Кез келген оқырман 100kitap.kz сайтындағы кері 

байланыс жүйесі арқылы өзінің ой-пікірін білдіре алады. 

Нəтижесінде, соңғы 10 жыл бойы бестселлер қатарынан 

табылып жүрген Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 

дағдысы», əлем назарын аударған Ювал Хараридің «Sapiens: 

адамзаттың қысқаша тарихы», «Homo Deus: болашақтың 

қысқаша тарихы», «XXI ғасырға 21 сабақ» туындылары қазақ 

тіліне аударылды. Оқулықтардың электрондық нұсқасы да 

əзірленіп, олар «Қазақстанның ашық университеті» – 

OpenU.kz платформасына жүктелген. Қазіргі таңда 

платформада 172 курс қамтылған, оған тіркелген 



қолданушылар саны 46 мыңнан, ал қазақ жəне орыс 

тілдеріндегі дəрістер саны 4000-нан асады. Бейнедəрістермен 

қатар, тапсырмалар мен қосымша оқу материалдары, тест 

сынақтары жəне конспектілер беріледі. Өткен жылы 9 мыңға 

жуық сөзді қамтитын «Қазақ тілінің кірме сөздерінің сөздігі» 

дайындалып, басылып шықты. Сонымен қатар «Оксфорд 

əлеуметтік ғылымдар сөздігі» жəне «Оксфорд экономика 

сөздігі» жарық көрді. Сөздіктер 10 мың данамен басылып, 

көптеген оқу орындарына таратылды. 2020 жылы Оксфорд 

баспасымен бірлесіп, көлемі мың беттен асатын «Oxford 

Kazakh Dictionary» қазақша-ағылшынша жəне ағылшынша-

қазақша сөздіктерді шығару жоспарлануда. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет