Бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) әр баланың



Дата01.03.2023
өлшемі163,91 Kb.
#70943
түріБағдарламасы

ППК жұмысы,мазмұны
ПМПК жұмысы,мазмұны
Қазақ ұлттық қыздар университеті
ЖОСПАР
  • ППҚ және оның мақсаты
  • Білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері
  • Мектептің ППК көрсету қызметі
  • ПМПК және оның мақсаты
  • ПМПК ның өкілдері
  • ПМПК қызметінің негізгі принциптері
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір
маманының жеке-дамытушылық жұмысының басты мақсаты-баланың
құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу
бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы
педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.
Білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері
Директор
ППК қызметін (ППҚҰ)
құру туралы бұйрық шығарады.ППҚК қызметі,арнайы сыныптардың
қызметі туралы ережені бекітеді,мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді;
Басқарудың әрбір деңгейінде ақпаратты
жинау және өңдеу тәртібін айқындайды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға ППҚ көрсету процесіне басшылық жасайды, қолдау
көрсету мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттесуін реттейді;Жеке
ППҚ көрсету бағдарламасын құрастыруға,
қолдау көрсету нәтижелері мен оқушының мектеп жетістігін талқылауға
қатысады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім беру үдерісіне
қатысушылардың барлығында толерантты мінез-құлық мәдениетін
қалыптастыру және қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді; Барлық
оқушыларды сыныптан тыс және бос уақыттағы іс-шараларға қатыстырады.
Оқытудағы қиындықтары бар оқушыларды анықтайды,
қиындықтардың сипатын бағалайды, оқу материалын меңгерудегі проблемаларды анықтайды,оқу бағдарламаларын қысқартуды орындайды,жеке оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысады,типтік,
қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларына сәйкес ЕБҚ бар
оқушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту процесін дараландырады.
Мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандарымен бірігіп жұмыс жасайды.
Мұғалім
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметі
1.Оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың
сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында
психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;
2.Тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;
3.Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін анықтайды;
4.Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке
бағдарламаларын жасайды;
5.Оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;
6.Мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;
7.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске
асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;
8.Әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды
ПМПК дегеніміз не?
ПМПК- бұл баланың даму деңгейін, ауытқуларды кәсіби деңгейде анықтауға, оларды емдеу мен оңалтудың бір не басқа курстарын ұсынуға болатын мамандардың кеңес беруі. Мұнда балалар дамуының психологиялық, медициналық және педагогикалық диагностика бөлімі жұмыс жасайды.
Оның негізгі мақсаты - баланың даму деңгейін анықтау, атап айтқанда әр түрлі ауытқуларды анықтау және сол немесе басқа емдеу немесе оңалту курсын тағайындау.
ПМПК- ны қоғамдық білім беру комитетінің өкілі не төрағасы,денсаулық сақтау комитетінің өкілі- төраға орынбасары басқару керек.ПМПК-ның құрамына міндетті түрде келесі мамандар кіреді:
Психолог
Дәрігерлер: психиатр, невропотолог, ортопед, отрларинголог, окулист, терапевт (педиатр)
Арнайы педагогтар: логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог
Заңгер
Білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері.
ПМПК қызметінің негізгі принциптері
  • Конфиденциалды
  • Серіктестік
  • Баланың жеке басын сыйлау
  • Аналардың жеке басын сыйлау
  • Кәсіби жауапкершілік
  • Ақпараттандырыл- ған келісім
  • Еріктілік
  • Пән аралық өзара әрекет

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет