Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет17/18
Дата24.02.2022
өлшемі443.5 Kb.
#26312
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
3 «Жазылым» бөлімі


Бөлімше

2-сынып

3-сынып

4-сынып

3.1 Жоспар құру

2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, әр бөлімі бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, жазатын жұмысының жоспарын құру (сұрақтар түрінде)

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жазатын жұмысының жоспарын құру (хабарлы сөйлем түрінде)

4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиғаның жүйесін сақтап, бөліктерге бөліп, жазатын жұмысының жоспарын құру (атаулы сөйлем түрінде)

3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу

2.3.2.1 Мұғалім көмегімен шағын ертегілер/ жұмбақтар (үлгі бойынша) жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

3.3.2.1 Ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту, т.б. тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу

4.3.2.1 Әңгіме (таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу), шығармашылық жұмыстар жазу

3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну


2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсыну

3.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сурет/ сценарий/ комикс арқылы ұсыну

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба/ диафильм/ комикс/ презентация түрінде ұсыну

3.4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету

2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексеру, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзету


3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен лексикалық, стилистикалық тұрғыдан шығармасын жетілдіру, өздігінен сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексеру және орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзету

4.3.4.1 Жұмысын өз бетімен, сын тұрғысынан бағалап жетілдіру және қажет жағдайда лексикалық, стилистикалық түзетулер жасау, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзету




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет