Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата03.03.2017
өлшемі214,39 Kb.
#5611
түріБағдарламасы
  1   2

          

Пән бойынша оқыту

бағдарламасының (

Syllabus)

титулдық парағы 

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

     С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

 Филология, журналистика және өнер факультеті

 

Қазақ филологиясы  кафедрасы



 

050205-«Қазақ филологиясы» мамандығының  студенттеріне

арналған 

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі

(1900-1940)» 

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

(Syllabus)

Павлодар


 

Пән бойынша оқыту

бағдарламасын (

Syllabus)

бекіту парағы

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН

                                          

ФЖж¤ факультетініњ 

деканы

                                              



_________       Ж.Т.Сарбалаев

                                              

«  ___»   ___________2010 

жыл


Құрастырушы: 

ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов

Қазақ филологиясы  кафедрасы

 

050205-«Қазақ филологиясы» мамандығының  күндізгі  бөлім 



студенттеріне арналған  

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының

алғашқы кезеңі (1900-1940)» 

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2009__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде

әзірленді. 

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама 

Кафедра меңгерушісі  ______________     Жүсіпов Н.Қ.   2010__ж. «____» ________

                  

(қолы)

   (аты-жөні)



_______Филология, журналистика және өнер  факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ 

Хаттама 

ОӘК   төрағасы  

 

__________ 



Жұманқұлова   Е.Н.  

 _______  2010_ж.

«_____»___________

      


                                       

(қолы)


            (аты-жөні)

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары 

 

ф.ғ.д., профессор  Нартай Қуандықұлы Жүсіпов   



Қазақ филологиясы   кафедрасы _____А1__   корпусында   (мекен-жайы), 324

аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255



2 Пән туралы мәліметтер

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

С

ем



ес

тр

К



ре

ди

тт



ар

 с

ан



ы

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша

байланыс сағаттарының саны 

Студенттің өздік

жұмысының сағат

саны 


Бақылау

түрлері


барлы-

ғы

дәріс



практи-

ка

зертха-



налық

студия-


лық

жеке барлығы СОӨЖ

 

 

 



 

 

 



 

 

Бар-



лығы

3

45



30

15

-



-

-

 90



30  

емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

«ХХ   ғасырдағы   қазақ   әдебиеті   дамуының   алғашқы   кезеңі

(1900-1940)»   пәнінде   ХХ   ғасырдың   алғашқы   қырық   жылы

ішіндегі   кезеңдегі   әдеби   бағыттар   мен   соның   көрнекті

өкілдерінің   шығармашылық   ізденістері   өткен   әдебиеттің

жеткен жетістіктері мен болашақ әдебиеттің биік деңгейінің

болмыс-бітімін айқындайды. ХХ ғасырдың басындағы тарихи-

әлеуметтік,   қоғамдық-саяси   өзгерістер   әсерінен   нәр   алған

қазақ   әдебиетіндегі   идеялық-көркемдік   ізденістер   ұлттық

әдебиеттің   даму   барысын   жүйелеуге   негіз   болады.   Бірақ

қазан төңкерісінен кейін орныққан саяси-идеологиялық билік

қазақ әдебиетінің даму үрдісін басқа арнаға бұрып жіберді.

Осының   себеп-салдарын   ашу   ХХ   ғасырдағы   қазақ   әдебиеті

дамуының алғашқы кезеңінің табиғатын терең танып-білуге

септігін тигізеді.

Пәнді оқыту мақсаты: 

Бағдарлама   бойынша   өтілетін   теориялық   курс   ауқымында

осынау тарихи кезеңдегі қазақ даласында қалыптасқан саяси

және   қоғадық   ахуал   жағдайындағы   әлеуметтік,  мәдени



процестер,   қазақ   халқының   рухани   өміріндегі   әр   салалы

өзгерістер, ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа

үрдісте алға басуына түрткі болған жағдайлар, ең бастысы

аталмыш   дәуірдегі   көркем   әдебиеттің   өзінің   алдындағы

дәстүрлі   үрдістерді   негізге   ала   отырып,   тақырыптық,

идеялық,   жанрлық,   көркемдік   тұрғыдан   жаңа   биіктерге

көтерілу құбылыстары туралы беру көзделеді.

Пәннің міндеттері:

- -  Фольклордың   тарихы   мен   теориясы   туралы   түсінік.

Халық   өнерінің   ішінде   фольклордың   алатын   орны.

Фольклортанудың ғылымдарға қатысы.

- Фольклорлық   мұралардың   көп   қырлы   табиғаты,   туу,

таралу-сақталу   ерекшеліктері.   Халықтық   сипаты,

қоғамдық маңызы.

- Ауызша   айтудың   дәстүрлілігі,   формулалығы,   стильдік

кестесі.

- Фольклордың   пайда   болуы   туралы   пікірлер   және   оның

жанрлары.

- Жанрлардың   классификациясы,   жанрлық   түрлердің

бөліну жолдары.

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар 

Студенттер білуі тиіс:

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңіндегі

қазақ әдебиеті мәселелерінің теориялық аспектілерін, мәтінді

кешенді түрде зерттеу машықтарын білуі керек.



Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер   бұл   курсты   оқу   барысында   жинаған   білімдерін

алдағы   кәсіби   қызметінде,   ғылыми-зерттеу   жұмысында

пайдаланады.



6 Пререквизиттер

- - Қазақстан тарихы;

 - педагогика;

 - тіл білімі;

 - әдебиеттануға кіріспе;

 - мәдениеттану;

 - философия.

7 Постреквизиттер 

Қазіргі қазақ әдебиеті 



8 Тақырыптық жоспар

1-   тақырып.  

ХХ   ғасырдағы   қазақ   әдебиетінің   кеңес   дәуіріне

дейінгі кезеңі (1900-1920).

  2-   тақырып.  

ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   әдебиетінің   кеңес

дәуіріндегі алғашқы кезеңі (1920-1940).

3- тақырып. 

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы

кезеңіндегі ақын-жазушылар шығармашылығы. 

Нұржан Наушабаев (1855-1919).

Шәді Жәңгіров (1855-1933).

4- тақырып.

 Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931).



5- тақырып. 

Мақыш Қалтаев (1869-1916).



6- тақырып. 

Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931).



7- тақырып.

 Мұхамеджан Сералин (1872-1920).



8- тақырып. 

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920).



9- тақырып. 

Сәбит Дөнентаев (1894-1933).



10- тақырып. 

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938).



11- тақырып. 

Ғұмар Қарашев (1876-1921).



12-тақырып Міржақып Дулатов (1885-1935).

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931).



13-тақырып Мағжан Жұмабаев (1893-1938).

14-тақырып  Бернияз   Күлеев   (1899-1923).   Бейімбет   Майлин

(1894-1938).



15-тақырып Сәкен Сейфуллин (1894-1938).

Ілияс Жансүгіров (1894-1938).



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем) 

Қазақстанның   Ресей   отаршылдығы   тұсындағы

қоғамдық-әлеуметтік

 

жағдайы.



 

Ресейдегі

 

түрлі


демократиялық   қоғамдық-әлеуметтік   өзгерістер,   олардың

қазақ   даласында   көрініс   табуы.   Европадағы,   Ресейдегі

ілгершіл   ой-идеялардың   қазақ   зиялылары   арасында   өріс

алуы. ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық

идеялардың   (Ш.Уәлиханов,   Абай,   Ы.Алтынсарин)   ХХ

ғасырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы.

Отаршылдыққа   қарсы   күрес   идеясының   қазақ

зиялыларының   басты   ұстанымына   айналуы,   қазақ

зиялыларының   әртүрлі   саяси   топтарының   пайда   болуы.

Олардың   арасындағы   ой-идея   бірлігі   мен   алшақтықтар.

Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916

жылғы   уақиғалар.   Қазақ   халқының   ұлт-азаттық   көтерілісі,

оған   қатысты   қазақ   зиялыларының   көзқарастары.   Қазақ

зиялыларының   қазан   төңкерісіне   дейінгі   идеялық-саяси

көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен

маңыздылығы.



10 Курстың компоненттері 

Дәріс тақырыптары 

1-таќырып.  Кіріспе.

1-тақырып.  ХХ   ғасырдағы   қазақ   әдебиетінің   кеңес

дәуіріне дейінгі кезеңі (1900-1920). 

Қазақстанның   Ресей   отаршылдығы   тұсындағы

қоғамдық-әлеуметтік

 

жағдайы.



 

Ресейдегі

 

түрлі


демократиялық   қоғамдық-әлеуметтік   өзгерістер,   олардың

қазақ   даласында   көрініс   табуы.   Европадағы,   Ресейдегі

ілгершіл   ой-идеялардың   қазақ   зиялылары   арасында   өріс

алуы. ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық

идеялардың   (Ш.Уәлиханов,   Абай,   Ы.Алтынсарин)   ХХ

ғасырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы.

Отаршылдыққа   қарсы   күрес   идеясының   қазақ

зиялыларының   басты   ұстанымына   айналуы,   қазақ

зиялыларының   әртүрлі   саяси   топтарының   пайда   болуы.

Олардың   арасындағы   ой-идея   бірлігі   мен   алшақтықтар.

Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916

жылғы   уақиғалар.   Қазақ   халқының   ұлт-азаттық   көтерілісі,

оған   қатысты   қазақ   зиялыларының   көзқарастары.   Қазақ

зиялыларының   қазан   төңкерісіне   дейінгі   идеялық-саяси

көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен

маңыздылығы.

ХХ   ғ.б.   Қазақстандағы   оқу-ағарту   мәселелері.   Орыс-

қазақ   мектептерімен   қатар   мұсылманша   оқытудың   дұрыс

жолға   қойыла   бастауы.   Бұрынғы   «қадымша»   оқудан

«жадидше» оқуға бетбұрыстың белең алуы. «Жадид» әдісінің

жетістіктері.   Қазақ   жастарын   оқыту,   мектеп   мәселелері

жөніндегі А.Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс «төте

оқу» жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-түйіндері.

ХХғ.б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы,

замананың   өзекті   мәселелерін   арқау   еткен   өміршең

туындылардың   жарық   көруі.   Әдеби   тілдің   қалыптасуы

барысындағы   ой-пікірлер   тартысы.   ХХғ.б.   қазақ   әдебиетінің

дамуына   орыс,   европа   классиктерінің   (Пушкин,   Крылов,

Лермонтов,   Толстой,   Байрон,   Гете   т.б.)   шығармаларының

қазақ тіліне аударылуы, таратылуы. Шығыс әдебиетінің қазақ

әдебиетіне әсері. Қиссашыл ақындардың (Ақылбек Сабалұлы,

Жүсіпбек   Шайхысламұлы,   Шәді   Жәңгіров,   т.б.)   әдебиетке

қосқан   үлесі.   1909   жылы   Петербургта,   Уфада   басылып

шыққан   Абай,   Ахмет,   Міржақып   жинақтарының   қазақ

әдебиетіне өзгеше өріс ашуының мәні мен маңызы.  


2-тақырып.  ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   әдебиетінің

кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі (1920-1940).

ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   әдебиеті   дамуының   екі

кезеңге бөлінуінің себептері. Әр кезеңнің өзіндік сипаты.

Қазақстан   автономиялық   Кеңестік   Социалистік

Республикасының құрылуы.

Қазақ   ақын-жазушыларының   Орынбор,   Ташкент   сияқты

орталық   қалаларға   топтасуы.   Олардың   арасындағы   саяси-

әлеуметтік   көзқарастарының   қайшылықтары.   «Сарыарқа»,

«Абай», «Ақжол», «Шолпан» т.б. басылымдардағы әдеби ой-

пікірлер   көрінісі.   Ұлт   азаттығын   жырлау   жолының

күрделенуі, өмірді саяси идеологиядан тыс алып суреттеудің

қиындығы.   С.Торайғыров,   А.Байтұрсынов,   Ж.Аймауытов,

М.Жұмабаев   шығармаларындағы   дәуір   шындығын

суреттеудегі ізденістер.

Жиырмасыншы   жылдардың   алғашқы   жартысындағы

қазақ әдебиетінің  дамуының екі  айрық  жолға түсуі.  Жалпы

поэзияда   саяси   лириканың   басым   болуы.   Тарихи   поэмалар,

олардың   түрлері,   көркемдік-идеялық  ерекшеліктері.   Көркем

прозаның   дамуы.   Драматургия   жанрының   қалыптасып,

дамуы.   Трагедия,   комедия   үлгілері.   Қазақстандағы   саяси-

идеологиялық күрестердің әдебиетке шешуші ықпал жасауы.

Әдебиет сынының өріс ала бастауы. Қазақ әдебиетін таптық-

идеялық   тұрғыдан   нығайту   жолындағы   саяси   насихаттың

күшеюі. ВКП(б)-ның 1925 жылғы «Партияның көркем әдебиет

саласындағы   саясаты»   қаулысының   ұлт   әдебиеті   мен

мәдениетінің   дамуына   тигізген   кесірі.   Жиырмасыншы

жылдардың   аяғы   мен   отызыншы   жылдардың   аяғындағы

саяси репрессияның ұлттық әдебиеттің өркендеуіне тигізген

кері   әсері.   Социалистік   реализм   әдістерінің   қазақ

әдебиетіндегі   алғашқы   көріністері.   Жиырмасыншы

жылдардың   басындағы   шығармалардың   идеялық   мазмұны

мен   көркемдік   бітімі.   Шолпан   Иманбаева,   Асқар

Тоқмағанбетов,   Иса   Байзақов,   Жақан   Сыздықов,   Ғалым

Малдыбаев, Самат Нұржанов сияқты ақындардың қосылуы.   

   ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.

Діни-ағартушылық   бағыт   өкілдерінің   қатарына   туған

халқының   мұң-мүддесін   жырлауда   ұлттық   мәселелер

төңірегінде   ой   толғаған,   негізінде   шығыстық   мотивте

шығармалар   жазған,   бұрын   «кітаби   ақындар»   деп   аталып

келген топқа жататын ақындардың енетіні.

Ағартушылық-демократтық

 

бағыт



 

өкілдерінің

дүниетанымы   мен   көзқарасының   ауқымдылығы.   Заман


өзгерістеріне   әр   түрлі   дәрежеде   үн   қосуы.

Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың

басымдығы.   Ұлт   болашағын   заман   өзгерістерімен   тығыз

байланыста   қарауы.   Ел   өміріндегі   әлеуметтік   теңсіздік,

әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі. 

Аталған   екі   бағыттағы   әдебиет   өкілдеріне   ортақ

қасиеттер.

 

Олардың



 

шығармаларындағы

 

жалпы


ағартушылық   мәселесін,   ұлт   мүддесін   көтерудегі

үндестіктер.   Шеберлік   жағынан   әртүрлі   дәрежеде   болуына

қарамастан   олардың   өзара   ұқсаса   тақырыптарға   қалам

тербеуі.


Діни-ағартушылық   бағыттағы   әдебиет   тобындағы

ақындар   шығармашылығының   күрделілік   сипаты.

Шығармаларының мазмұны, басты белгілері. 

3-тақырып.  ХХ   ғасырдағы   қазақ   әдебиеті   дамуының

алғашқы

 

кезеңіндегі

 

ақын-жазушылар

шығармашылығы.   Нұржан   Наушабаев   (1855-1919).

Шәді Жәңгіров (1855-1933).

Нұржан   Наушабаевтың  діни-ағартушы   бағыттың

көрнекті   өкілі   екендігі.   Жазба   әдебиеттің   қалыптасуына

қосқан   үлесі.   «Манзүмат   қазақия»,   «Алаш»   кітаптарының

ХХғ.б.   әдебиетіндегі   орны.   Өзі   өмір  сүрген   заман   жайында,

жақсылық   пен   жамандық,   әділдік   пен   әділетсіздік,   байлық

пен кедейлік жөнінде шығармалар жазуы. Жастарға бағыт-

бағдар   беру,   ғибрат   айту   ыңғайындағы   ойлары.   Өмір,

тіршілік,   оқу,   білім   мәселелеріне   көзқарасы.   Өлеңдеріндегі

араб, парсы, шағатай тілдерінің әсері. Сапарғалимен жұмбақ

айтысының   мәні   мен   ерекшеліктері.   Жаңа   ұғымдарды

пайдаланғаны.   Ауыз   әдебиеті   дәстүрін   ұстанғаны.   Нұржан

«назымдарының»   дарынды   ақынның   өзіндік   ізденістері

екендігі.   Шығармашылығының   өнбойына   діндарлығының

арқау   болатындығы.   Н.Наушабаев   шығармашылығындағы

жетістіктер мен кемшіліктердің ара салмағы.

Шәді   Жәңгіров  –   шығыстың   озық   үлгілі   әдебиетінің

назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы

белгілі тақырыптар  мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы

мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған

ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық

уәзір»,   «Назим   Шоһир   дәуіріш»,   «Қисса   Болғәм   Бағур»,

«Хайбар қиссасы», «Халифи һәрун Рашит») мән-мазмұны.

Шәдінің   өзіндік   төлтума   шығармаларының   («Ресей

патшалығында   Романов   нәсілінен   хүкмынарлық   қылған

патшалардың   тарихтары,   һәм   ақтабан   шұбырыншылық



заманнан   бері   қарай   қазақ   халқының   ахуалы»,   «Келіннің

бетін ашатын терме», «Хикаят Орақ- Күлше», «Қарынның жер

жұтқан отағасы», т.б.) ХХғ.б. әдебиетіндегі орны. 

Шәдінің   күнделікті   өмірді,   қоғас   жайын   аз   жырлап,

өткен   өмір   мысалдары   негізінде   жалпы   адамгершілікті,

ізгілікті   насихаттайтын   шығармалар   жазуы.   Оның   діни

ақындығы   шығармаларында   ертедегі   шығыс   әдебиетінде

қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы.

Жастайынан   ел   басындағы   ауыртпалықты   көріп   өскен

ақынның   өлеңдерінде   ел   билеген   әкімдерді,   кей   байларға

тән   дүниеқорлық,   озбырлықтарды   сынап   отыруы.   Оның

«Бөрбас   байға»,   «Отыншы   айға»,   «Бірмолдаға»,   т.б.

өлеңдерінде

 

өмір



 

шындығын


 

көрсетуі.

 

Шәді


шығармашылығының   ХХғ.б.   әдебиеттегі   эпикалық   жанрды

өрістетуде ерекше орны бар екендігі.



4-тақырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931).

ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   әдебиетінің   көрнекті   өкілі

екендігі.  Мәшһүр   Жүсіптің  талай   тарихи   кезеңдерді

басынан   өткізуі.   Өз   дәуірінің   білімдар,   парасатты   адамы

болғандығы. Мәшһүр атануының себебі.

  «Тірлікте   көп   жасағандықтан   көрген   бір   тамашамыз»

(1907)   атты   кітабында   өз   дәуірінің   сипатын   суреттеп,

көкейкесті   мәселелерді   көтере   білуі.   Қай   бір   мәселе

болмасын   ел   өмірін   жете   түсінетін   ақын   ретінде   іргелі   ой

айтып,   әлеуметтік   шындық   тұрғысынан   келетіндігі.

Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының

көрініс   табуы.   «Қазақ   жұртының   осы   күнгі   әңгімес»,   «Ақ

қағаз,   қалам,   сия   келет   бізге»,   «Ырыссыз   жоқ   нәрсеге

ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам

өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының

болуы.


«Хал-ахуал»   (1907)   жинағында   замана   сипатының

бірқыдыру   кең   суреттелуі.   Ел   ішіндегі   жағдайды   айта

отырып,   келеңсіз   қылықтарды   аша   сынауы.   Ақынның

отырықшылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі.

Өз   тұсындағы   өмір   шындығын   шынайы   көрсете   отырып,

жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы.

  «Сарыарқаның   кімдікі   екендігі»   (1907)   жинағындағы

өлеңдерінде ұл мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты өнер-

білімге,   оқуға,   мәдениеті   күшті   ел   болуға   шақыруы.   Түркі

тектес   халықтардың   бірлігін   жақтауы.   Мәшһүр

шығармаларында   діни   уағыз,   діни   бірлік,   дінге   деген

сүйіспеншілік   көбірек   көрініс   табатыны.   Оларда   заман



шындығының   бейнеленуі.   Сатиралық   үлгідегі   «Шайтанның

саудасы»   өлеңі.   Қоғам   тазалығы,   адамдар   санасының

жаңаруы

 

идеяларының



 

көтерілуі.

 

Өлеңдеріндегі



ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік

жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.

Дастандары   туралы   мәлімет.   Олардың   тақырыптық

ерекшелігі мен көркемдік деңгейі.

Мәшһүр   Жүсіптің   халық   ауыз   әдебиеті   үлгілерін

жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы әрі сан

салалығы.   Қолжазба   түрінде   сақталған   «Қара   мес»   атты

мұрасы және оның мәні.



5-тақырып. Мақыш Қалтаев (1869-1916).

Мақыш   Қалтаев 

шығармашылығында   діншілдік

сарынның   басымдығы.   Жалпы   адамзаттық   имандылыққа

көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде

ұсынуы.

М.Қалтаевтың   «Қалтайұлының   қазақ   ахуалынан   бохас



еткен   манзұмасы»,   «Қазақтың   айнасы»,   «Біраз   ғибрат   сөз»,

«Насихат   қазақия»,   «Бар   оқиға»,   «Тура   жол»   атты

жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар. Татар ақындары

З.Кәрими   мен   Ғ.Рашидиден   аударған   «Айна»,   «Сақ   сүк»

өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.

 

Діни   білімнің   тереңдігі.   Айналасына,   қоғам



құбылыстарына   қатысты   көзқарасының   күрделілігі.   Кезінде

заман   талабына   лайық   өз   пікірін   айта   алғандығы.

Айналадағы   өзгерістердің   мәнін   пайымдау   дәрежесі.

Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала

оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері.

өлеңдерінде   адамгершілік   пен   имандылықты   насихаттауы.

Шығармаларында   алланы   сүю,   Мұхамметтің   үмбеті   болу

тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой

астарында   өмірдің   қиындығына   төзу,   алланың   бергеніне

масаттанбау   тәрізді   адамдық   асыл   қасиеттерге   үгіттеу

басымдылығы. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары

қойылып,   Отанға,   туған   жерге   деген   сүйіспеншіліктің

жырлануы.

Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп

қалуы.   Ақынның   тіл   шұбарлығына   жол   беріп   алатындығы.

Өмірден   түйгендерін,   оқыған-білген   нәрселерін   қарапайым

қазақы   тілмен   ұйқас,   ырғаққа   түсіріп,   баяндау   тәсілінде

жазуға   бейім   екендігі.   М.Қалтаев   поэзиясының   идеялық

маңыздылығы, мазмұн  байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл

танып,   күрделі   ойларды   арқау   еткен   пікірлер   толғайтыны.



Оның   өз   дәуіріндегі   күрделі   мәселелерді   қозғап,   халықты

оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық

әдебиетке елеулі үлес қосқаны.

6-тақырып. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931).

Шәкәрім  шығармашылығының   қазақ   әдебиетіндегі

Абайдан   кейінгі   ірі   құбылыс   екендігі.   Шығыс,   Батыс

шығармашылығын жете танып, терең игерген ақын екендігі.

Мұсылмандық   ілім-білімді   еркін   меңгерген,   түркі

халықтарының   тарихын   жақсы   білген,   діни,   тарихи

тақырыптарға   еңбектер   жазған   («Мұсылмандық   шарты»,

«Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлылар шежіресі», т.б.) ғұлама

ғалымдығы.

Шығармашылығының   басты   тақырыптары   сол   кездегі

қазақ қоғамының бар саласын қамтуы. Әсіресе, Абай үлгісін

насихаттауда   үлгілі   еңбек   еткені.   Алғашқы   жинағы   «Қазақ

айнасындағы» өлеңдері қамтитын тақырыптарының бастысы

–   адам   тағдыры,   адам   өмірінің   мәні,   адамгершілік   тәрізді

философиялық   категориялар   болуы.   Жанға,   тәнге,   көңілге,

өлім мен өмірге байланысты өлеңдерінің молдығы. («Өзіме»,

«Өмір»,   «Талап   пен   ақын»,   «Адамшылық»,   «Адам   немене»,

«Көңіл»,   «Тәңірі   мен   жан»,   т.б.)   өлеңдеріндегі   ой   тереңдігі

мен ақындық танымның кеңдігі.  

Білімдарлығы.   Тәрбие   алған   рухани   бастаулары.   Өз

бетімен   білім   жинап,   Шығыс,   Батыс   тілдерін   мкңгергендігі.

Әлемдік   әдебиеттің   көрнекті   өкілдерімен   шығармашылық

байланыста болуы.

Ойшылдығы.   Философиялық   түсінік-толғамдары.   Өмір

құбылыстарына,   дінге   көзқарасы.   Меккеге   бару   сапары.

Лирика   жанрында   өнімді   еңбек   еткені.   «Сәнқойлар»,

«Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас». Сыншыл сарындағы

лирикасындағы   ой-толғамдардың,   көркемдік   құралдардың

Абай дәстүрімен үндестігі. «Шын сырым», «Арман», «Жастық

туралы» атты шығармалары. 

Поэмалары   -   «Қалқаман-Мамыр»,   «Еңлік-Кебек»,

«Нартайлақ-Айсұлу» поэмалары жазба әдебиетке тән тарихи-

әлеуметтік,   әдеби-эстетикалық   талаптарға   толық   жауап

беретіндігі.  Поэмаларына айрықша шырай беріп, оның соны

сипатын   танытатын   басты   ерекшелік   –   тарихи   дерек   пен

көркемдік   шешімнің   үйлесіп   жатуы   екендігі.   Жалпы

поэмаларында   жеке   адам   мен   қоғам   арасындағы

қайшылықтың биік деңгейде ашып көрсетілуі.

Шәкәрім аудармасының өзіндік ерекшелігі («Дубровский

әңгімесі»,   «Боран»,   «Крез   патша»,   т.б.).   Шәкәрімнің   қазақ


прозасындағы   үлесі.   «Әділ-Мария»   романындағы   қазақ

өмірінің этнографиялық болмысын терең ашуы.

 Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет