Бақылау және эксперимент Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы



бет1/8
Дата09.05.2022
өлшемі28,43 Kb.
#33118
  1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау және эксперимент

1.Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылау — мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа деген материалистік көзқарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.

 Бақылау кезінде ойлауды белсендірек ететін методикалық бағалы әдіс — теңеу  болып табылады, ол — айырмашылығына  немесе ұқсастығына қарай  заттар  мен құбылыстардың ерекшелік сипаттарын  салыстыру. Табиғаттағы заттарды салыстырған кезде балалар айырмашылық белгілерді оңай табады.  Айырмашылығына қарай салыстыру топтардың    барлығында  өткізіледі.    Ұқсастығына   қарай  салыстыру әдетте балаларды қиналтады, өйткені   олар  ұқсас заттардың  айтарлықтай қасиеттерін өз беттерінше ажырата алмайды. Бұл әдіс ересек және мектепке даярлық топтарындағы бақылаулар кезінде колданылуы  мүмкін.  Бұл топтардың  балалары  объектілерді  салыстыра  отырып, тәрбиешінің көмегімен ұқсас заттар мен құбылыстардың айтарлықтай  қасиеттерін  ажыратады,   оларды топтастыратын  және  қарапайым ұйымдарды тудыратын материал алады.

Бақылауларды сабақтарда, экскурсияларда, күнделікті серуендерде, жер учаскесіндегі жұмыстар  кезінде, табиғат  мүйісінде өткізуге болады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет