Бақылау жұмысы №1 Химиядан деңгейлік тапсырмалар Бақылау жұмысы №3



бет42/42
Дата22.02.2022
өлшемі79.39 Kb.
#26098
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
«Азотты органикалық қосылыстар»

І деңгей

  1. Формуласын жаз: А. Метиламин В. Фениламин С. Диэтиламин

  2. Аминдерге тән қасиет:

  3. Фениламиннің басқаша атауы:

  4. Амфотерлі органикалық қосылыстар:

  5. Нәруыз құрамына енетін аминқышқылдарының саны:

  6. Аминқышқылдары өзара қандай байланыс арқылы байланысады?

  7. Катализатор қызметін атқаратын нәруыздар:

  8. Нәруыздың құрылымының әртүрлі факторлар әсерінен бұзылуы:

  9. Биурет реакциясы нені анықтайды?

  10. Жасуша ядросында болатын қышқылдар:

ІІ деңгей

1.Аланинге азот қышқылымен әсер еткенде 304г тұз түзілді.Жұмсалған аланиннің массасын есептеңдер.

2.Практикалық шығымы 80% болса, 246г нитробензолдан қанша анилин алынады?

3. 8,9г β –аминпропропион қышқылы 3,2г метанолмен әрекеттескенде түзілген күрделі эфирдің зат мөлшері қандай болады?

ІІІ деңгей

88г триброманилин алу үшін 35% -тік бром суының (ρ=1,02г/мл)қажет көлемін есептеңдер.


«Жоғары молекулалы қосылыстар»

І деңгей

1.Полиэфирлі талшық:A)вискоза B)жібек C) нитрон D) капрон E)лавсан

2. Поликонденсация реакциясы нәтижесінде алынатын зат:

A) фенолформальдегид смоласы; B)полистирол C)бутадиенстирол

D) полиэтилен E)полипропилен;

3.ЖМҚ қасиеті және қолданылуы бойынша мынадай болып бөлінеді:A)синтетикалық және табиғи; B)пластмассалар,эластомерлер,талшықтар; C)полимерлер мен мономерлер; D)жасанды және табиғи; E)өсімдіктекті және жануартекті;

4.Полимерлерге тән қасиеттер:A)берік,жеңіл,тотықпайды; B)хош иісті газдар; C) белсенді заттар; D) суда ерігіш; E)тез тотығады;

5.Полимерлер алыну әдісіне қарай....болады: A)тек синтетикалық; B)тек жасанды; C) тек химиялық; D) әрі табиғи,әрі химиялық; E)тек табиғи;

6.Газ толтырылған пластик: A)силикон; B)аминопластар; C)полиэтилен;

D)целлулоид; E)пенопластар;



7.Синтетикалық талшық: A)жібек; B)ацетатты талшық; C)капрон; D)жүн; E) мақта;

8.Каучукты вулканизациялау кезінде алынатын эластикалық материал:

A)полиэтилен; B)резеңке; C)каучук; D)силикон; E)стирол;



9.Полимерлердің геометриялық құрылымы мынадай болады: A)тек тармақталған; B)зигзаг тәрізді; C)сызықты,тармақталған,торлы; D)тек сызықты; E)тек торлы;

10.Пластмассалар мынадай болып бөлінеді: A)табиғи және жасанды; B)ақуызды , табиғи; C)синтетикалық және полиамидті; D)полиэфирлі және өсімдіктекті; E)термопластикалы және термореактивті;

ІІ деңгей

  1. Егер орташа молекулалық массасы 1200 болса, поливинилхлоридтегі хлордың массалық үлесі қандай?

  2. Құрамында 20% изопрен бар 1кг көмірсутектер қоспасынан 0,06 кг каучук алынғаны белгілі болса,изопренді каучуктың шығымын есепте.

ІІІ деңгей

Орташа молекулалық массасы 100000 болатын полипропиленнің полимерлену дәрежесін және бір макромолекуласын синтездеуге жұмсалатын пропиленнің (қ.ж) көлемін есептеңдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет