Бақылау сұрақтары



бет1/2
Дата20.12.2022
өлшемі33,99 Kb.
#58514
  1   2

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
«Ғ. Даукеев атындағы Алматы энегертика
және байланыс университеті» КЕАҚ
«Өнеркәсіптік жылуэнергетика» кафедрасы

№ 1 есептеу-сызба жұмысы


Пәні: «ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКАСЫНДАҒЫ МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ САПАНЫ БАСҚАРУ»


Тақырыбы: Кездейсоқ шамалардың таралу заңдылықтарын қолдана отырып эксперимент нәтижелерін өңдеу

Орындаған: Жақсылық Мирас


Тобы: ТЭК 21-2
Нұсқа: 3-нұсқа
Қабылдаған: Яманбекова Аяулым

_____ _______ “___” ___________2022 ж.


(бағасы) (қолы)

Алматы 2022


Бақылау сұрақтары
2.1.7 Халықаралық өлшем бірліктер жүйесіне сипаттама беру, оның артықшылығын, негізгі және қосымша бірліктерін анықтап келтіру.
Халықаралық бірліктер жүйесі— бірліктер жүйесінің халықаралық үлгісі, метрикалық жүйенің заманауи нұсқасы. Ол әлемдегі барлық дерлік елдерде ресми мәртебеге ие жалғыз өлшем жүйесі.
Халықаралық бірліктер жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Халықаралық бірліктер жүйесі арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды.
Берілген кестеде Халықаралық бірліктер жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер — электрлік және магниттік, кельвин — жылулық, кандела — жарық, моль — молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет