Бақылау түрі: тоқсандық жиынтық бағалау



Дата31.12.2021
өлшемі15,57 Kb.
#21618

Сынып: 10 сынып

Пән: Химия

Бақылау түрі: тоқсандық жиынтық бағалау

Тақырыбы «:Атом құрылысы», «Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Химиялық байланыс және зат құрылысы» тараулары бойынша

Тоқсан :1

Маркировка : Талдаут—ұпай; Жинақтауж- ұпай; Бағалауб – ұпай; Логикал - ұпай

1.Талдау жоғары деңгейінің тапсырмалары:

1.Мына 12C және 13C ; 14N және 15N изотоптарының ядро құрамын салыстырыңдар.

2. Мына 24Mg және 25Mg ; 79Br 81Br изотоптарының ядро құрамын салыстырыңдар.

3. 2- период металдарының қасиетін салыстырыңдар

4. 3- период металдарының қасиетін салыстырыңдар

5.IA және YIIA топшалары элементтерін салыстыр

6. IIA және YIIIA топшалары элементтерін салыстыр

7. Төмендегі реакцияларды теңестіріңдер.Реакциялардың қайсысында өнімдердің коэффициент саны көп?

a) K2S + Pb(NO3)2 =

b) FeCI3 + NaOH =

8. Төмендегі реакцияларды теңестіріңдер.Реакциялардың қайсысында өнімдердің коэффициент саны көп?

a) Zn + CuSO4 =

b) Ca + H2O =

2. Жинақтау жоғары деңгейінің тапсырмалары:

1.Берилий 9Be изотопы альфа ыдырауға ұшырағанда қандай элемент ядролары түзілетініне болжам жаса.

2. Темір 56Fe изотопы альфа ыдырауға ұшырағанда қандай элемент ядролары түзілетініне болжам жаса.

3. Кальций 40Са изотопы альфа ыдырауға ұшырағанда қандай элемент ядролары түзілетініне болжам жаса

4. Бром 81Br изотопы альфа ыдырауға ұшырағанда қандай элемент ядролары түзілетініне болжам жаса

5.Топ бойынша металдардың жоғарыдан төмен қарай белсенділігі артуының себебі не болып табылады?

6. Топ бойынша бейметалдардың жоғарыдан төмен қарай белсенділігі кемуінің себебі не болып табылады?

7.Период бойынша солдан оңға қарай элемент атомдарының электрон тартқыштық қасиетінің артуының себебі не болып табылады?

8. Период бойынша солдан оңға қарай бейметалдық қасиет артуының себебі не болып табылады?

3.Бағалау (құрастыру,жорамалдау) жоғары деңгейінің тапсырмалары:

1.Азот пен фосфордың қосылыстардағы максималды валенттіліктерін анықтаңдар.

2. Күкірт пен хлордың қосылыстардағы максималды валенттіліктерін анықтаңдар.

3. Донорлы акцепторлы байланыстың түзілуі себебін анықтаңдар.

4. А атомы sp3 гибридтелген болса, АВ4 типті молекуланың геометриялық пішінін анықта.

5.Массасы 19.6 г мыс (II) гидроксидін термиялық айырғанда түзілген мыс(II) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша көлем қ.ж. сутек қажет екенін анықтаңдар.

6. Массасы 42.9 г қорғасын гидроксидін термиялық айырғанда түзілген қорғасын оксидін тотықсыздандыру үшін қанша көлем қ.ж. сутек қажет екенін анықтаңдар.

7. Құрамында элементтердің массалық үлесі бойынша 40% C ; 6,67% H ; 53,33% O қосылыстың формуласын анықтаңдар.

8. Құрамында элементтердің массалық үлесі бойынша 43,4% Na ; 11,3% C ; 45,3% O қосылыстың формуласын анықтаңдар.

4. Логикаға негізделген тапсырмалар(PISA,TIMMS, т.б. халықаралық зерттеу)

1.Қатерлі ісікке шалдыққан ұлпаларды емдеу үшін олардың сәулеге сезімталдығы ескеріледі.қандай радиоактивті элемент изотобын қолдануға болатынына болжам жаса.

2. Ауырған адам денсаулығын әр түрлі жолмен тексеріп ,қорытынды жасайтыны белгілі.Рентген сәулелері өтпес үшін сау ұлпаларды қандай әдіс арқылы қорғайды.

3.Молекулалар мәңгілік деп есептеледі .Ал атомдарға келсек, Ескендір Зұлқарнайынның жорықтарына қатысушылардың атомдары біздің әрқайсымызда болуы мүмкін бе?Жауабыңды дәлелдеп жаз.

4.Заттар мәңгілік емес, сондықтан оларды құрайтын молекулалар да мәңгілік емес. Ал атомдарға келсек, динозаврлар тіршілік еткен заманда болғандардың атомдары біздің әрқайсымызда болуы мүмкін бе?Жауабыңды дәлелдеп жаз.

5.Экологиялық таза отын ретінде сутекті қолдану қолға алынуда.Сутекті ол үшін гелийге айналдырады.Бұл отынның жануы кезіндегі энергия бензинмен салыстырғанда қалай болады?

6. Молекулалар мәңгілік деп есептеледі .Ал атомдарға келсек, Колумб саяхатына қатысушылардың атомдары біздің әрқайсымызда болуы мүмкін бе?Жауабыңды дәлелдеп жаз.



7.Шолпан ғаламшары негізінен 75-80% қышқылдан тұрады Осы қышқыл қайдан түзіледі, қандай зиян әкеледі және ол қандай қышқыл?

8. Заттар мәңгілік емес, сондықтан оларды құрайтын молекулалар да мәңгілік емес. Ал атомдарға келсек, Иван Грозныйдың сарайында болғандардың атомдары біздің әрқайсымызда болуы мүмкін бе?Жауабыңды дәлелдеп жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет