«Бақытты отбасы» (ата-аналармен өткізілетін тренинг) Құрманғалиева Іңкәр Мақсаты



Дата07.01.2022
өлшемі17,39 Kb.
#17640

«Бақытты отбасы»

(ата-аналармен өткізілетін тренинг)



Құрманғалиева Іңкәр

Мақсаты:Отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу,ата-анамен бірлесе отырып,бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару,ата-ананың,баланың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Қатысушылар: ата-аналар

Құрал – жабдықтар: түрлі-түсті бояу,желім,таратпа материалдар.

Міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл –күйді көтеру.

Тренинг барысы:

1.Мотивациялық кезең

2.Ата-аналарды топқа бөлу

3.Ой жинақтау

4.Сергіту сәті

5.Сауалнама

6.Қорытынды

Кіріспе сөз:

- Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Бақытты отбасы» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер!Ата-ана тілегі баласының жақсы адам болуы.Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.


  1. «Мотивациялық кезең»

Шаттық шеңбері: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірімізге жақсылық тілеп,күлкімізді сыйлайық.Әрқайсысы өз есіміңіз бен балаңыздың есімін атап шығыңыздар.

  1. Ата-аналарды топқа бөлу

Ата-аналар суреттер таңдайды.Суреттер бойынша өз топтарын құрып,үстелдерге отырады.Топтарына ат қойып,топ басшысын сайлайды. Өз топтарын таныстырып,топтың атын түсіндіріп өтеді.

  1. Ой жинақтау

Үш топқа тапсырма беріледі.(ата-аналар сахналап көрсетеді).

1 топ. Балаңыз үйге балабақшадан келгеннен кейін барлық ойыншықтарын үйдің ішіне лақтырып,шашып тастайды,жина десеңізде жинамай айтқаныңызды істемейді.Сіздің әрекетіңіз? ( диалог )

2 топ. Тәрбиешілер күнде сізге балаңыздың бұзықтық жасайтыны туралы шағым айта береді.Сіздің әрекетіңіз?Балаңыздың бұзықтығын қойдыру үшін үйге келгеннен кейін балаңызбен сөйлесу диалогын көрініс ретінде көрсетіңіздер.

3 топ. Балаңыз балабақшадан ойыншықтарды рұқсатсыз үйге алып кетіп жүреді.Сіз оның бұл қылығына басында мән бермисіз бәлкім ұмытып кеткен болар деп,бірақ бұл әдеті тоқтар емес.Сіздің әрекетіңіз?(диалог)

Әр топтың сөзі тыңдалып,қошеметтеп отырады.

  1. Сергіту сәті «Мені түсін»

Балалар ата-аналарына ыммен қажеттіліктерін түсіндіруі керек.

- Көйлегімнің түймесі үзіліп қалды.Тігіп беріңізші.

- Киімім лас болып қалды.Тазалап беріңізші.

- Ойыншықтармен ойнағым келіп тұр.



5. Сауалнама

1.Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасына қараамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.Өз қателгіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.Балаңыздың ісі ашуландырған кезде,өзіңізді ұстап,ашуды жеңе аласыз ба?

6.Балаңыздың орнына өзңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді,сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп,жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңілаудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы,дөрекілі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?



Жауабы:

1.Әрқашан жасаймын,келісемін – 3 ұпай

2. Кейде ғана келісемін – 2 ұпай

3. Келіспеймін – 1 ұпай

0-16 – Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема.Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйініңіз.

17-30 – Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар.Тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз.Кейде қатал, кейде мүлдем жұмбақсыз.Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

31-39 – Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны.Сіз балаңыздытек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға,сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

6.Қорытынды

Бүгінгі тренингте сіздер бала тәрбиесінің оңай емес екенін байқаған боларсыздар.Бала тәрбиесінде шыдамды болып, балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер!Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін!



Құрметті ата-аналр!Біз сіздермен отбасчындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық.Бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізді,тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса тақтадағы ана алақанының суретіне стикерлер арқылы жазып, ілулеріңізді сұраймын.

Міне,осымен «Бақытты отбасы» атты тренингіміз аяқталды.Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет