Бай әКЕ, кедей әКЕ


САБАҚТАР  Бай әке, кедей әке



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата17.01.2023
өлшемі1.32 Mb.
#61682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
САБАҚТАР 
Бай әке, кедей әке
 
 
І ТАРАУ
 
Роберт Кйиосакидің тарихы
 
Менде екі әке болды, бай және кедей. Біреуі білімді және ақылды, 
докторлық дәрежесі бар, тӛрт жылдық университтеті 2 жылда аяқтап 
шыққан адам. Сонымен қатар Стэнфорд, Чикаго,және Солтүстік-
Батыс университеттерінде оқыған.
Екінші әкесі 8 классты да аяқтамаған. Екеуіде үлкен мансапқа ие 
болған және ӛмір бойы екпінді жұмыс істеген адамдар. Екеуіде кӛп 
табыс тапқан.
Біреуі ғұмыр бойы қаржы тапшылығымен күресумен болса, 
екіншісі Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болған.
Біреуі ондаған миллион долларды ӛзінің отбасына,қайырымдылық 
орындары мен шіркеуге ӛсиет етіп, дүниеден ӛткен. Екіншісі ӛзінен 
кейін, тӛленбей қалған есеп шоттарын қалдырған.
Екеуіде мықты, ардақты және сыйлы адамдар болған. Екеуіде 
маған ақыл-кеңестер беретін, бірақ, олары қарама-қайшылықты және 
әртүрлі болатын. Олар менің білім алуыма үлкен мән беретін.
Егерде, менде бір ғана әке болғанда, мен оның кеңестерін 
қабылдап немесе қабылдамған болар едім. Олар, екеу болғандықтан, 
маған екі пікірді: біреуі байдікі, екіншісі кедейдікі, үнемі салыстырып 
отыруға мүмкіншілік берді. Бұлардың пікірлерін қабылдауға немесе 
қабылдамай тастауға жағдайым бола тұра, олардың айтқан 
сӛздерін,терең ойларын, салыстырып, ӛз ойымның елегінен ӛткізіп, 
таңдап алуды мақұл кӛрдім.
Дегенмен, бұл жағдайдың бір қиыншылығы: бай әкем әліде болса, 
байып үлгірген жоқ еді, ал кедей әкем-кедей болып үлгеріп еді. 
Екеуінің де мансаптары жақында ғана басталған еді, екеуіде ӛз 
отбастарын қамтамассыз етулері қажет еді.
Бірақ, ақша туралы олардың кӛзқарастары тым әртүрлі болатын. 


19 
Мысалы, біріншісі: “Ақшаға құнығу барлық жаман істің түп 
тамыры”- десе, екіншісі: “Барлық жаман істің түптамыры ақшаның 
жоқтығы”, - дейтін.
Менің бала кезімде, осындай беделді екі әкенің ықпалымен ӛмір 
сүру қиынға соқты. Мен, жақсы әрі тіл алғыш бала болғым келді, бірақ 
олар маған қарама-қайшы пікірлер айтумен болды. Әсіресе, ақша 
жӛніндегі кӛзқарастарының ерекшелігі, маған үлкен ой салатын, 
осының бәрін зерделеп, зерттеп түсінуге итермелейтін.
Сӛйтіп, олардың айтқан сӛздері жӛнінде кӛп ойлана бастайтын 
болдым. Менің біраз уақытым ойлануға, әсіресе: “Ол неге бұлай 
дейді?” дегенге кететін. Біреуінің айткан пікірін, екіншісіне сұрақ етіп 
қойатынмын. Әрине, маған: “Ия, оныкі дұрыс, мен мұнымен 
келісемін” немесе “Шал ӛз айтқанын, ӛзі білмейді”, -деп қоя салуға 
болатын еді. Алайда, менде екі жақсы кӛретін әкелер болғандықтан, 
кӛп ойланып, ең аяғында ӛз пікірімді қабылдауға әкеліп соқтыратын. 
Ақырында, біреудің пікірін жәй тыңдап, қабылдап немесе одан 
бас тартқанша, ӛзінше ойланып, шешім қабылдаудың артықшылығына 
кӛзім жетті.
Байлардың одан сайын байи түсуі, кедейдің одан әрі кедейленуі, 
ал орта класс ӛкілдерінің қарыздан шықпаушылығы себебтерінің бірі - 
ол адамдардың ақшаның не екенін мектепте білмей, үйде білушілігі. 
Бала ақшаның не екенін, ең бірінші ӛз ата-анасынан үйренеді.
Ал, кедей адам баласына ақша туралы не айта алады? 
Ол тек қана: “Мектепте оқы және тырысушы бол”,- дейді. Мүмкін 
бала мектепті жоғары бағалармен аяқтар, бәрібір онда қаржы туралы, 
кедейдің ой-пікірі қалыптасады. Себебі: оған, ол бала кезінен 
үйренген. Мектеп ақша жӛнінде оқытпайды. Мұғалімдер ғылыми және 
кәсіби біліктіліктерін арттыруға тырысып, қаржы туралы ойласпайды. 
Міне, сондықтан да банкирлер, дәрігерлер және бухгалтерлер 
мектепте жақсы оқығандарына қарамастан, ӛмір бойы қаржы 
тапшылығын сезінумен болады.
Біздің мемлекетіміздің кӛп қарыздары бар. Мұның басты себебі: 
жоғары білімді саясаткерлер мен үкімет шенеуніктерінің, қаржы 


20 
жӛнінде білімдерінің мардымсыз және шала болулары салдарынан, 
олар қаржы мәселелері туралы кӛбіне сауатсыз шешімдер 
қабылдаушылықтары болып табылады.
Мен, алдағы жаңа мың жылдықта, материалдық және дәрігерлік 
кӛмекті қажет ететін, миллиондаған адамдармен не болар екен?, -деп 
ойлаймын. Сӛз жоқ олар ӛз отбасыларына немесе Үкіметке тәуелді 
болады. Ал, дәрігерлік және зейнетақы қорларында ақша бітсе не 
болады?
Халық сонда қалай күн кӛреді, егерде балалабақша дегеннің не 
екенін, кӛпшілігі кедей (не болмаса түбінде сондай кедей болатын) 
ата-аналарынан ғана үйренсе?
Менде маған ықпал ететін екі әке болғандықтан, мен ол екеуінен 
де үйрендім. Олардың берген кеңестерін, бӛліскен ой-пікірлерін жиі 
ой елегінен ӛткізіп, ақырында ойдың адам ӛміріне қандай және қалай 
ықпал ететіне кӛзім жетті.
Менің кедей әкем: "ондайды ӛзіме жасауға, менде жағдай жоқ" , -
деп жиі айтса, екіншісі мұндай сӛздерді айтуға тіптен тыйым салатын. 
Ол: “мұндай жағдайды ӛзіме қайткенде, қалай жасай аламын?”, -деп 
ойлану керек екендігін нығыздап айтатын. Бірінші пікір- тұжырым, ал 
екіншісі- сұрақ. Біріншісі кӛнушілік, екіншісі ойлау. Тез байыған 
әкемнің түсіндіруі бойынша: "мұндайларды ӛзіме жасауға жағдайым 
жоқ", -деп айтқан сәттен бастап-ақ, адамның мыйы автоматты түрде 
ағытылып, қайтып оған оралмайды”, -дейтін. Оның бұлай түсіндіруі, 
әрине барлық дүниені тегіс сатып алушылық дегені емес еді.
Ол, әлемдегі ең мықты “компьютер” адамның ой-ӛрісін 
жаттықтыруға болатындығына кәміл сенуші еді.
“Мен ӛзіме мұндай жағдайды жасай алмаймын”,- деушілік 
дәрменсіздік, ойдың жалқаулығы- деп есептейтін. Менің екі 
әкелерімнің жұмысты кӛп істегендеріне қарамастан, байқағаным 
біреуі ақша туралы сӛз кӛтерілгенде, миын жаттықтыра бастайтын, ал 
екіншісі оны ұйқылы, селқос жағдайда ұстайтын. Сӛйтіп, бәрін айта 
келгенде, біреуі қаржы мәселелері бойынша ерен табыстарға қол 
жеткізсе, екіншісінің жағдайы керісінше болды. Яғни, күнде 


21 
тренажерлық залға барып жаттығушы адам мен күні бойы диванда 
отырып, газет оқып, телевизор кӛрушілікпен айналысатын адамның 
арасында қандай айырмашылық болса, мұндада нақ сондай 
айырмашылық бар еді. Күнделікті жаттығу адам денсаулығының 
мықты болуына кӛмектессе, ал ақыл-ойды, ой- ӛрісті жаттықтыру- 
байлыққа жеткізеді. Жалқаулық- адамды денсаулықтан да, байлықтан 
да ада қылады.
Менің қос әкем әртүрлі кӛзқарастарды дәріптеп келді. Біреуі, 
кедейлерге қамқорлық жасау ретінде, байлар үлкен салық тӛлеуге тиіс 
десе, екіншісі: “Салықтар- жұмыс істеушілер үшін жаза, ал түк 
бітірмейтіндерге- сый”, дейді. Бір әкенің кеңесі: “ұқыпты оқы, түбінде 
жақсы компанияда жұмыс істейсің”, -десе, екіншісі: “ұқыпты 
оқы,сонда сен жақсы компанияны түбінде сатып аласың” дегенді 
айтады.
Біреуі: “Мен бай емеспін, себебі: менің балаларым, сендер, 
барсыңдар”, -дейді. Екіншісі: “Мен бай болуым қажет, себебі: 
балаларым, сендер, барсыңдар“,- дейтін.
Біреуі, ақша және іс туралы ас үстінде айтуды қаласа, екіншісі 
ақшаны әңгіме қылуға тыйым салатын.
Біреуі, ақшамен байқап қимылда десе,- екіншісі; “Тәуекелділікті 
басқаруға үйрен”- дейді.
Біреуі: “Біздің үйіміз- біздің ең үлкен капитал жұмсауымыз”, -деп 
есептесе, екіншісі: “Егер үй - капитал жұмсау болса, онда адамда 
айтарлықтай ақша проблемалары туындайды”, -дейді. 
Екеуіде тӛлемдерді уақытында тӛлейтін, бірақ біреуі- алдымен, 
екіншісі - сонынан.
Біреуі, ӛзін қартайған шағында, компания немесе мемлекет 
қамқорлыққа алады, -деп есептейтін. Ол әрқашан жалақының ӛсуіне, 
зейнетақы қорларына, дәрігерлік жеңілдіктерге, ауруға байланысты 
тӛлемдерге, демалысқа және сондай т.б. үнемі кӛңіл бӛліп 
отыратын.Оған екі ағайынының 20 жылдан астам армияда
қызмет етіп, ғұмыр бойы тағайындалған жеңілдіктермен отставкаға 


22 
шыққандары 
қатты 
әсер 
ететін. 
Армияның 
отставкадағы 
зейнеткерлеріне дәрігерлік жеңілдіктер берілуі және олар үшін арзан 
бағалы дүкендердің болуы оған ӛте ұнайтын. Ӛзінің университтегі 
үлкен лауазымды жұмысын мақтан тұтатын. Кей уақытта оған, 
намыстың ӛзінен гӛрі, ӛмірлік жұмысқа орналасу мен жеңілдіктер 
артық кӛрінетін. “Мен мемлекетке аянбай бар күшіммен қызмет еттім, 
мұндай жеңілдіктерді алуыма қақым бар”, -деп жиі айтатын.
Екіншісі толық қаржылық тәуелсіздікке сенетін. Жеңілдіктер 
менталитетіне қарсы болатын. “Олар адамдарды әлсіз, әрі кедей 
қылады. Адамға қаржылық біліктілік қажет”, -деп тұжырымдайтын 
ол.
Бір әкем үлкен күшпен оншақты долларды әзер жинайтын. 
Екіншісі ӛз ақшасын әртүрлі салымдыққа (активке) салатын. Біріншісі, 
мені жақсы жұмыс табу үшін, әсерлі резюме (пікір) жазуға үйрететін. 
Екіншісі, маған басқаларды да жұмыспен қамтамассыз ету 
мақсатында, ойластырылған қаржы және бизнес жоспарларын калай 
жасау керектігін кӛрсететін.
Сӛйтіп, екеуінің де ыкпалы маған, адам ӛміріне ойлану тәсілінің 
қалай 
әсер 
ететіндігін 
кӛріп, 
білуге 
мүмкіндік 
беретін.
Мен, 
шындығында, 
адам 
ойының 
ӛмірді 
қалай 
қалыптастыратындығын байқадым.
Мысалы, менің кедей әкем: “Мен ешуақытта бай болмаймын”, -
дейтін. 
Айту 
керек, 
оның 
бұл 
“кӛрегендігі”
орындалды. Екіншісі, керісінше, ӛзін бай адаммын, -деп санайтын. 
Тіпті, ол үлкен каржылық сәтсіздіктің салдарынан түбегейлі 
банкроттыққа ұшыраса да. ӛзін баймын, -деп атайтын. Мұнысын 
былай, -деп түсіндіретін: “Кедейлік пен банкроттықтың арасында 
үлкен айырмашылық бар. Екіншісі уақытша жағдай, ал біріншісі - 
мәңгілік”. Сонымен қатар, менің кедей әкем: “Мені ақша 
қызықтырмайды" немесе “Әңгіме ақшада емес“ дегендерді жиі 
айтатын. Ал бай әкем: “Ақша- ол билік”, -деп кесіп айтатын. Расында, 
адам ой-қимылының қандай күші бар екенін кім есептеп кӛрген?
Дегенмен, ойланудың маңыздылығын, мен бала кезімнен 


23 
аңғарғанмын. Менің пайымдауымша, кедей әкемнің кедейлігі "ақшаны 
аз тапқандығынан емес (ол аз алмайтын), оның себебі: ол солай ойлап, 
солай қимыл жасайтын.
Менде екі әке болғандықтан мен бала кезімнен, екі акыл кеңестің 
қайсысын 
ӛзіме 
таңдап 
алуды 
жан-жақты 
салыстырып, 
ойластыратынмын. Қайсысын тыңдауым қажет- бай әкені ме, әлде 
кедейін бе?
Екеуіде оқып, білім алуға үлкен мән беретін, бірақ нені оқу 
керек, оқудың қай түрі маңыздырақ, бұлар туралы олардың пікірлері 
үйлеспейтін.
Біреуі, мен жақсы оқып, жоғары білім алып, үлкен жалақы алу 
үшін жақсы жұмыс тауып алуымды қалайтын. Ол менің: адвокат, 
бухгалтер 
немесе 
менеджер 
болғанымды 
жақсы 
кӛретін.
Екіншісі, қалай бай болуға, ақшаның қалай жұмыс істейтіндігін 
білуге, қайткенде, оны ӛз пайдаңа жұмыс атқаруға мәжбүр етуді 
білуді, оқып үйренуге кеңес беретін. “Мен ақша үшін жұмыс 
істемеймін. Ақша мен үшін жұмыс істейді”, -деп жиі қайталайтын. .
Ақырында, мен 9 жасымда, бай әкеден ақшаның не екенін білуге 
бел шештім: Кедей әкемнің ғылыми атақ-дәрежелеріне қарамастан, 
оның ақыл-кеңестерінен гӛрі, бай әкенің ойпікірлерін қалауды 
ұйғардым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет