Байдалиев Д. Д



жүктеу 2.09 Mb.
Pdf просмотр
бет11/18
Дата22.12.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

   
Асансай  
Жуалы  ауданының  Ақтасты  аталатын  елдімекенінің  шығыс 
жағында  6  шақырым  қашықтықта  «Асансай»  аталатын  жер  бар. 
Бұл  Асансай  аталатын  сай  қонысқа  және  малға  ӛте  жайлы  жер. 
Кӛлтоған аталатын жерден ығысып, 1910 жылдардан кейін орыс 
переселендерінің  келіп  шұрайлы  жерлерді  иемдене  бастаған 
кезінде  Сиқым  руының  Асан  атасының  ұрпақтары  яғни, Асан 
сиқымдар осы жерге келіп қоныстанған.  

126 
 
Сондықтан  бұл  сай  Асан  сиқымның  есімімен  аталған 
этникалық атау.  
 
Ащыбұлақ 
Жуалы  ауданының  шығыс  жағындағы  Күйік  асуының 
күнгей жағынан басталып Теріске құятын шағын бұлақ. 
Теріс ӛзені мен Ащыбұлақтың қосылған жерінен 1963 жылы 
бӛгет салынған. Ол Теріс – Ащыбұлақ бӛгені аталады. 
Бӛген  суының  ұзындығы  13  шақырым,  сиымдылығы  158,0 
млн  м

болады,  ал  бӛгеннің  ӛзінің  биік  жері  32  метр,  ұзындығы 
1800  метрді  құрайды.  Бӛгеттің  суы  аудан  шаруашылығының 
алқаптарын суғаруға пайдаланылады. 
Ащыбұлақтың  аталуына  тоқталатын  болсақ  аты  айтып 
тұрғандай  бұлақ  суы  мал  ішпейтін  ащы  (тұзды)  болып  келеді. 
Осы  бұлақтың  суын  ертеректе  тері  және  іш  ауруларын  емдеуге 
пайдаланған.  
«Ащыбұлақ» атауы – бұлақ суының ащылығын сипаттайтын 
атау.  Бұл  компоненттес  атаулар  Республикамыздың  барлық 
ӛңірлерінде кездеседі. 
  
Бақай және Бӛкей таулары 
Жуалы  ауданының  батыс  жағындағы  Құлан  тауымен 
жалғасып  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Шаянға  дейін 
созылып  жатқан  Боралдай  тауының    биік  шоқылары  «Бақай» 
және «Бӛкей тауы» – деп аталады. 
Бақай  тауы  Қоңыртӛбе  елдімекенінің  (бұрынғы  Успеновка) 
батысында  орналасқан,  Бӛкей  тауы  Жуалы  ӛлкесіндегі  ең  биік 
шоқы  аталады.  Бақай  одан  солтүстікке  қарай  біршама  жер, 
Кӛлтоған  ауылының  батысында.  Жуалы  жұртында,  «Бӛкейдің 
басына бұлт ілінсе Жуалыға жауын жауады» - деген ұғым бар. 
Боралдай  тауының  ӛңірлерін  1864  –  1866  жылдар 
аралығында  генерал  Черняев  әскерімен  Ресейден  келген  орыс 
ғалымы  Н.А.Северцев  мұқият  зерттеу  жұмысын  жүргізген. 
Боралдай тауының осы екі шоқысының  Бақай және Бӛкей аталуы 
кісі есімдеріне байланысты.   Дәлірек айтқанда Рысбек батырдың 

127 
 
немерелері  Бақай  мен  Бӛкейдің  есімдерімен  қойылған 
антротопонимге жатады. 
            
Бақалы 
Бақалы  –  Жуалы  ауданының  орталығы  Б.Момышұлы 
ауылының шығыс жағында он шақырым жерде. Теріс ӛзенінің оң 
жағасына  орналасқан  шағын  елдімекен.  Ауыл  ортағасырлық 
Баркуаб қалашығының шығысында орналасқан. 
Бақалы  ауылының  тұрғындары  негізінен  диқаншылықпен 
және  мал  шаруашылығымен  айналысады.  1960  –  1975  жылдар 
аралығында  ауыл  диқандары  республика  кӛлемінде  картоп 
ӛсіруден  ӛте  жоғары  кӛрсеткіштерге  қол  жеткізген.  Әр  гектар 
алқаптан  330  –  350  центнерден  ӛсірген  Социалистік  Еңбек  Ері 
Мүсірепбек Бектаев осы ауылдың азаматы. 
Бұл  жерде  негізінен  Қаңлы  руының  Бақа  қаңлы  (кейбір 
шежіреде  Теңіз  қаңлы  деп  те  атайды)  аталатын  тармағы 
мекендегендіктен ауыл «Бақалы» - деп аталады. 
 
Бақаты 
Жуалы ауданындағы Кӛсегенің кӛк жоны аталатын аймақтан 
басталып,  Теріске  құятын  шағын  ӛзен.  Ұзындығы  шамамен  30 
шақырымды құрайды.  
«Бақаты»  -  атауы  жұрт  аузында  айтыла  келе  «Бақатей»  - 
болып  ӛзгерген.  Бақаты  ӛзенінің  аймағы  мал  жайылымына  ӛте 
қолайлы,  сондықтан  ол  жерде  аудан  шаруашылықтарының 
фермалары орналасқан.  
Бақаты  атауының  шығуы,  бұл  сол  ӛңірде  бұрынғы  кезде 
жайлаған  Бақа  ата  қаңлының  атына  байланысты  «Бақа  ата»  сӛзі 
Бақаты болып ӛзгеріске ұшыраған қазақтың этникалық атауы. 
   
Белбұлақ 
Кіші Қаратаудың шығыс беткейіндегі кӛп шатқалдардың бірі 
«Белбұлақ»  -  деп  аталады.  Оның  орналасқан  жері  Кӛлтоған 
елдімекенінің  тұсы.  Билікӛлдің  батыс  жағында  15  шақырым 
жерде орналасқан.  
Белбұлақ  шатқалының  табиғаты  ӛте  кӛрікті,  түрлі  жабайы 

128 
 
жеміс – жидекке толы. Ол жерден ағып шыққан бұлақ Билікӛлге 
барып құяды. 
Белбұлақ шатқалында бұрын шағын 50 – 60 үйлі  Құттықтар 
руы жайлаған. 
Белбұлақ атауы шатқалға әрі ондағы бұлаққа да байланысты. 
Мұндай  Белбұлақ  аталатын  жерлер  әсіресе  Қазақстанның 
оңтүстік  облыстарына  тән  атау.  Белбұлақ  атауына  «Асабұлақ» 
немесе  «Кезеңбұлақтың»  түп  тӛркініне  жақындау,  «белдегі 
бұлақ» мағынасын беретін гидроним. 
 
Берікқара  
Жаугершілік  заманда  жұртты  бастап  жауға  қарсы  қол 
бастаған,  бейбіт  заманда  тау  аңғарында  елді    егіншілікке  үндеп  
арық  қаздырып  елге  шарапаты  тиген  Берік  есімді  кедей  жігіттің 
есімімен  қойылған  атау  деген  болжамды  біз  сол  аймақтың 
тұрғындарынан  естіп  білдік.  Ал  негізінде  Берікқараның  бұлай 
аталуы  туралы  жазушы  К.Баялиев  «Жаңарған  Жамбыл  ӛлкесі»  - 
атты  кітабында  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  бұл  шатқалда  
берік  қамал  болған  деп  кӛрсетеді.  Сондықтан  елді  жаудан  аман 
алып  қалған  осы  қамалды  Берікқара  атаған  деп  кӛрсетеді. 
Берікқара  атауына    байланысты  осы  ӛңірде  кӛктем,  күз 
айларында тұратын алапат желдің атын да жұрт осылай атайды. 
Берікқара  шатқалынан  тӛмен  Ленинский  путь  ауылының 
оңтүстігінде  Тараз  –  Қаратау  автомобиль  жолының  екі  жағында 
орналасқан  б.з.д  ІІ  –  б.з  ІV  ғасырларына  жататын    Берікқара 
қорымдары бар.  
Берікқара  шатқалында  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің 
1971  жылғы  қаулысымен  мемлекеттік  табиғи  қорықшасы 
ашылған. Бұл жерде қызыл кітапқа енген Берікқара терегі, кәдімгі 
пісте, Недзвецский алмасы, қызғалдақтың бірнеше түрі, рауағаш 
сияқты сирек ӛсімдіктер ӛседі. Қорықшаның жалпы аумағы 17,5 
мың гектар жерді құрайды. 
 
 
 
 

129 
 
  Билікӛл  
Жуалы  ауданының  солтүстік  шығысында,  Тараз  қаласының 
солтүстігінде  60  шақырым  жердегі  кӛл.  Қаратаудың  солтүстік 
беткейіндегі  тектоникалық  ойыста  орналасқан.  Теңіз  деңгейінен 
биіктігі  438  метр.  Аумағы  88  шаршы  шақырым,  ұзындығы  18 
шақырым ені 7,5 шақырымға дейін, орташа тереңдігі 3,5 метр, ең 
терең жері 8 метрге дейін жетеді.  
Суы  тұщы.  Билікӛлге  Аса  ӛзені  шығыс  жағынан  құйып, 
солтүстігінен  ағып  шығады.  Жайпақ  құм  жағалауларында  қоға 
аралас қамыс ӛседі.  Кӛлде  сазан,  шабақ,  табан  балық, ақ амур, 
майшабақ  жылан,  балық  т.б.  бар.  (Бұл  мәлімет  Жамбыл 
облысының энциклопедиясынан алынды. 184 бет).  
 
«Түркі  тілдес  халықтар  терминологиясында  билли  немесе 
белли тұлғаларының қазақ тіліндегі синонимдері: белді, кӛтерме, 
қайқы  түрлерінде  келеді.  Билікӛл  гидронимін  қазіргі  қазақ  тілі 
нормасы  бойынша  «Белді  кӛл»  немесе  «Асулы  кӛл»  деп 
тұлғалауға  болады»  -  деп  кӛрсетілген  (Еркебай  Қойшыбаев. 
Қазақстанның жер – су атаулары. Алматы: Мектеп, 1985, 76 бет). 
 Билікӛлге  байланысты  халық  этимологиясы  туралы  дерек 
жоқ.  
          
  Боралдай 
 «Ақтабан 
шұбыранды» 
жылдарының 
жасынды 
жорықтарының  елесіндей  келер  ұрпаққа  жер  сақтаған,  ел 
сақтаған  белгілердің  бірі  болып  қалған  Жуалы  ӛңірінің  тағы  бір 
жер атауы – «Боралдай». 
Боралдай  –  Қаратау  жотасының  оңтүстік  шығысындағы 
Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  орналасқан  тау 
сілімдері. Оның ең биік жері Бӛкей аталады, абсолюттік биіктігі 
1813 метр. Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан 
басталатын  Арыс  ӛзенінің  оң  саласы  Боралдай  ӛзені  аталады. 
Жуалы  ауданынан  басталып,  Оңтүстік  Қазақстан    Бәйдібек, 
Ордабасы аудандары арқылы ағып ӛтетін бұл ӛзеннің ұзындығы 
130 шақырымды құрайды. 

130 
 
Бұл  ӛңірде  қуаты  Қарағанды,  Екібастұз  кӛмір  кеніштерінен 
кем  түспейтін  Боралдай  тас  кӛмір  кен  орны  бар.  1927  жылы 
ашылған бұл кен орны «Боралдай шахтасы» деп аталған.  
Боралдай  туралы  бірқатар  тарихи  романдарда  сӛз  болады.  Атап 
айтқанда 
Ілияс 
Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер» 
тарихи 
триологиясында:  «Шайқас  Әбілқайыр  мен  Бӛгенбай  батырдың 
басқаруымен  Боралдай  мен  Қошқарата  ӛзендерінің  жоғарғы 
сағасында  болған  еді.  Найман  тайпасының  бір  тармағы  Садыр 
руы  «Ақтабан  шұбырандыдан»  бұрын  Қаратаудағы  Бұрындай 
(Боралдай)  ӛзенінің  арғы  жағындағы  Үшащы  (үш  ӛзенінің 
біріккен жері деген мағыныны білдіреді) қойнауы бұлардың келіп 
кетімді  қонысы  еді»  -  деген  дерек  келтіріледі.  (І.Есенберлин. 
Кӛшпенділер. Алматы: Жазушы, 1987, 411 – 412 б).  
 
1723  жылан  жылғы  жұтпен  қатар  келген  жоңғарлардың 
жойқын шабуылы кӛшпелі елге үлкен қырғын әкелгені тарихтан 
белгілі  бӛрік  астынан  бӛрі,  жар  астынан  жау  шығып,  қазақтың 
басы  байлауда,  мал  –  жаны  айдауда  кеткен  Жуалы  ӛлкесінің 
Боралдай  мен  Қошқарата  аймағындағы  болған  қиын  кезеңді 
жазушы  Әбіш  Кекілбайұлы  «Үркер»  романында  тӛмендегіше  
суреттейді.  «Осылай  басталған  топалаң  қаулады  да  жүре  берді. 
Қаратаудың  теріскейінің  үш  қаласы  алдымен  күйреді.  Енді 
Боралдай,  Қошқар  ата,  Арыс  бойындағы  ауылдар  талапайға 
ұшырай бастады. Қапыда тап болған жаудың хабарын кеш естіп 
асығыс  атқа  қонған  қазақ  қолдары  ӛліспей  –  беріспей  жанталаса 
шайқасса  да,  жау  екпінін  тойтара  алмады,  не  бір  қиын 
шатқалдардың ішінде, не бір жіңішке ӛткелдердің аузында, Иқан, 
Түркістан, Қарнақ, Шорнақ, Сауран, Жӛлек түбінде босқа жайрап 
қалды.  Ол  күндер  қазақтардың  кӛкіректері  ояу  қарияларының 
баяғыдан  қақсап  айтып  келе  жатқан  ақыр  заманының  орнаған 
күні  болды.  Жан  –  жағың  жайраған  ӛлік.  Арасында  әлдеқайда 
зытып  келе  жатқан  босқын  елдің  сіңірі  шыққан  қызыл  сирағы. 
Мал жауда қалды. Бірінен – бірі адасқан жұрт. Ұлы жүз бен Орта 
жүздің  найман,  қоңыраты  жол  –  жӛнекей  Сырдария  бойындағы 
екі  Ала  кӛлдің  екеуінің  де  жағасын  ӛлікке  толтырып  Бұқараға 
құлады.  Орта  жүздің  арғыны  мен  қыпшағы  ақ  шаңытты 
толарсақтан кешіп, ақ табан боп Торғай бойына тұмсық іліктірді. 

131 
 
 
Кіші  жүздің  ұлан  –  асыр  кӛші  басын  тауға  бір,  ойға  бір 
соғып,  Сауранды  бір  айналғанда  үш  айналып,  Қызыл  құмның 
қалыңын  кешіп,  Хиуаның  бойына  тартты»    (Әбіш  Кекілбайұлы. 
Үркер, Сӛздік – Словарь, Алматы, 1999, 265б)    
«1718 жылдың ерте кӛктемінде, хан ордасы Түркістанға бет 
алғанда  Хореннің  қолына  қарсы  ашық  майданға  шыққан  Ысты, 
Ошақты,Сіргелінің  Тоғанас,  Есіркеп  батырларымен  бірге  Есет 
батырдың  жасақтары  Шаян,  Боралдай  шатқалдарында  бір  түмен 
құба қалмақпен алты күн айқасып, он есе басым жауды ойсырата 
қырып,   ӛздері де  түгелге  жуық  шейіт  болған»- деп кӛрсетеді 
Е.Тұрысов.  (Еркінбек  Тұрысов.  Бәйдібек.  Алматы:  Нұрлы  әлем, 
1998, 33 бет).  
Боралдай  ӛңіріндегі  соғыс  туралы  деректерді  Қазыбек  бек 
Таусарұлының,    М.Тынышбаевтың    кітаптарынан    да    кӛптеп 
кездестіруге болады. Осы аймақта бүгінгі шейін сақталып қалған 
тас  обаларды  кӛне  кӛз  қариялар  «Қорымтас»  деп  атайды,  бұл 
топтап жерленген адамдардың бейіттері. 
  Тау  мен  ӛзеннің  Боралдай  аталуына  байланысты  екі  нұсқа 
айтылады.  Біріншісі:  моңғол  әскерінің  батыры  Бұрындай 
(Боралдаймен) 
байланысты 
делінеді. 
Қ.Аманжол, 
А.Тасболатовтың  «Қазақтың  әскери  тарихы»  атты  кітабында. 
«Бұрындай  әскерінің  ордасы  1236  ж.  қазіргі  Алматы  қаласының 
оңтүстік  -  шығысында  қыстап  шықты.  1236  ж.  кӛктемде 
Бұрындай  батырдың  әскері  Шымкенттен  30  шақырым 
қашықтықта Ордабасы тауының етегіндегі ӛзенге келіп тоқтайды 
(Осы  жерлер  бүгінде  Боралдай  деп  аталады).  Қалмақтарда 
Боралдай батыр 1710  - 1758ж.ж. соғысқа қатысқан жоқ. Рашид  - 
ад  -  Диннің  айтуынша,  Бұрындай  1237  жылы  Батыйдың  Руське 
қарсы  моңғол  әскерінің  оң  қанатын  басқарған,  оның  38  мың 
жауынгері  болған»
 
-  деген  мәліметіне  сүйенсек  жер  атауының 
Боралдайға  байланыстырылуы  негізсіз  болар  еді.  (А.Тасболатов, 
К.Аманжолов.  Қазақтың  әскери  тарихы.  Алматы:  Білім,  1990, 
120бет)  Екіншісі,  Рысбек  батыр  туралы  деректі  кітапшада 
«Боралдай атауы қалмақтарда «лай су» деген мағынаны береді» - 
деп кӛрсетеді. (Бақтияр Әбідаұлы. Сиқым Рысбек батыр. Алматы: 
Мерей, 1994, 73 бет). 

132 
 
Әсіресе  Боралдай  ӛзені  кӛктемгі  қар  мен  жаңбыр  суының 
әсерінен  лайланып,  арнасын  шайып  ботана  болып  ағатындығын 
да байқауға болады. 
Жуалы ауданы, Тасбастау ауылының тұрғыны Қабылбекұлы 
Тұрдықұл  атамыздың  айтуынша,  Боралдай  атауы  –  ӛзеннің 
кәдімгі  бор  түстес,  ағарып  ағып  жататындығана  байланысты 
берілген атау.  
Еркінбек  Қойшыбаевтың  пікірінше,  түркі  тіліндегі  борал 
анықтауыш  тұлғаға  анықталатын  тай  «тау»  тұлғасы  тіркелген 
ороним.  Борал  немесе  бурұл  формалары  қазіргі  қазақ  тілі 
нормасында «бұрыс», «бұрма» немесе «теріс» ұғымын береді. 
Боралдайдың  ӛзге  дублеттері  Боралдайтау,  Бурылтай, 
Бурылтӛбе формасына келеді. (Қазақстанның жер – су атаулары. 
Алматы: Мектеп, 1985, 78 – 79 бет) 
 
Борсықтӛбе 
Жуалы  ауданындағы  Ынтымақ  елдімекенінің  5  шақырым 
солтүстік  жағында  «Борсықтӛбе»  -  аталатын  жайпақ  тӛбе  бар. 
Тӛбенің  маңынан  шағын  бұлақтар  басталып  Шақпақ  ӛзеніне 
құяды.  Бұл  тӛбені  кейде  жұрт  «Дәрітӛбе»  деп  те  атайды,  себебі 
бұл жерге осы аймақтағы егістік алқапқа себілетін тыңайтқыштар 
сақталған. 
Борсықтӛбенің  айналасы  кӛк  майсалы  шабындық  болып 
келеді.  Бұрынырақта  бұл  тӛбеде  борсық  кӛп  болған,  қазір 
олардың қазған індерінің орны ғана сақталып қалған. 
Бұл  жердің  Борсықтӛбе  аталуы  борсық  хайуанатымен 
байланысты қойылған яғни «борсық мекендейтін тӛбе» деген сӛз.  
 
Ботақара 
Жуалы  ауданының  солтүстік  шығыс  жағындағы Қарабастау 
елдімекенінің тұсындағы Кіші Қаратаудың бір шатқалы Ботақара 
аталады.  
Ботақара  аңғарында  қалың  жабайы  алма,  долана  алша  т.б. 
жеміс  –  жидектер  кӛп  ӛседі.  Сол  аңғардың  жоғарғы  жағында 
батысқа  қарай  (үстіртке)  асатын  асу  бар.  Бұл  жерде  Берікқара 
желі   ӛте   қатты   тұрады  . Ботақара   атауының бота этнониміне 

133 
 
ешқандай қатысы жоқ. Түркі және монғол тілдерінде «бота» сӛзі 
бұта,  ал  «қара»  сӛзі  тӛбе  -  деген  мағынаны  білдіреді.  Бота  және 
қара  компоненттерінен  жасалған  «бұта  тӛбе»  немесе  «бұталы 
тӛбе» - дегенді білдіретін хоронимдік атау. 
 
 Бурное 
 Бұрынғы «Бурное» (Боранды) Жуалы ауданының орталығы, 
ресми түрде 1936 жылы қазіргі жер кӛлемімен ӛз алдына «Жуалы 
ауданы»  болып    отау  тіккен.  Ол  Теріс  ӛзенінің  оң  жағалауында, 
солтүстігінде  Қаратау,  батысында  Боралдай,  оңтүстік  шығыста 
Талас Алатауының түйіскен жерінде орналасқан. 
1993  жылдан  бастап  Бурное  елдімекені  даңқты  жерлесіміз 
Кеңес  Одағының  батыры  Бауыржан    Момышұлының  есімімен 
аталады. 
Бұл  елдімекен  туралы  Қырғыз  жазушысы,  мемлекет  және 
қоғам  қайраткері  Шыңғыс  Айтматов  қазан    тӛңкерісінен  кейінгі 
тарихи  кезеңдерді  ӛзінің  басты  кейіпкері  Едігенің  атынан  әдеби 
кӛркем тілмен «Боранды бекет» романында баяндаған. 
Бауыржан  Момышұлы  «Ұшқан  ұя»  кітабында,  1917  жылы 
Бурное  темір  жол  бекетінде  үлкен  базар  ашылғандығын  айтады.
 
(Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя. Алматы, 1976, 41 бет). 
Инженер 
тарихшы 
Мұхамеджан 
Тынышбаевтың 
ӛмірбаянында:  «В  1914  году  он  работал  начальником  участка  и 
главным  инженером  участка  Арыс  –  Аулие  Ата»  -
 
деп 
кӛрсетіледі.  (М.Тынышбаев.  История  казахского  народа.  Алма  – 
Ата, 1993, 8 стр).  
Демек,    Бурное  елдімекенінде  темір  жол  құрылысы  1914  – 
1915  жылдары  салынған.  Бұл  мәліметті  тарихи  танымдық 
«Жуалы»  кітабы  да  нақтылай  түседі.  «Ресей  ӛкіметі  Орынбор  – 
Ташкент  темір  жолының  құрылысын  бастап  жіберді.  Осы 
учаскеге  қарасты  Жетісу  темір  жолының  құрылысы  1914-1915 
жылы Арыстан Бурное станциясына жеткізілді» - деп жазылған. 
Тарихи  деректерде  осы  Боранды  –  Бурное  бекетін  басып 
ӛтетін Түркісіб құрылысында 29,5 мың Қазақстан азаматы жұмыс 
істесе оның 1,5  мыңы Жуалық кедейлер болатын. 
«Құрылыс 1930 жылы 25 сәуірде Луговое станциясынан 640 

134 
 
шақырым 
жердегі 
Айнабұлақ 
станциясында 
түйіскен. 
Жолшыларды  КСРО  мемлекетінің  басшысы  И.В.  Сталиннің  ӛзі 
құттықтаған.  РКФСР    Халкомсовы  жанына  құрылған  Түркісіб 
құрылысына  жәрдемдесу комитеті тӛрағысы Тұрар Рысқұлов та 
қажырлы  қызмет  еткен»  -  деп  кӛрсетілген.  (Мырзахан  Ахмет. 
Жері, суы дуалы – Жуалы. Алматы: Тоғанай Т, 1998, 29 – 30 бет)  
Қазір  ӛмірде  жоқ  сол  кездегі  шойын  жол  құрылысына 
қатынасқан қариялардың айтуынша жол құрылысына күш – кӛлік 
жылқы, арба, кетпен-күрек, қайла сияқты материалдар зембілмен 
тасып тӛгілгендігін еске алушы еді. 
Сол  кезде  Түркістан  –  Сібір  темір  жолынның  құрылысын 
жеделдету міндеті қойылғандықтан жұмыс  ешқандай тоқтаусыз, 
үлкен  қарқынмен  жүргізілген.  Жол  салуға  20  мыңнан  астам 
жұмысшылар қатынасқан, олар барактарда, палаткаларда тұрған. 
Аудан орталығы болған Бурное селосы мен осындағы темір 
жол  бекетінің  неге  бұлай  аталғанын  кӛпшілік  әлі  біле  бермейді. 
1913  -  1914  жылдардың  қысында  Ташкентттен  бері  қарай 
тартылған  шойын  жол  құрылысы  дәл  осы  біздің  ӛңірге  келіп 
жеткен-ді. Табиғаты қатал, қысы боранды, аязды, ызғарлы Жуалы 
жеріне жеткенде жол құрылысы тоқтап қалады. Айлап соққан ақ 
боран  жолшылар  жұмысын  бір  адым  ілгері  жылжытпайды.  Қыс 
бойы  жаман  барақтар  мен  шатырлардың  жыртығынан  сыртқа 
сарыла  қарап,  Жуалының  дүлей  боранынан  мезі  болған 
жолшылар  «бұл  жер  боранды  жер  екен»  ғой,  болашақ  бекет 
«Боранды», болып аталсын - деген екен. Борандының орысшасы 
«Бурный»  емес  пе?  Жол  құрылысында  жұмыс  істегендердің 
басым  кӛпшілігі  орыс  ағайындар  болғандықтан,  бекет  салынып 
болған  соң,  олар  оның  маңдайшасына  «Бурное»  -  деп  жазып 
кеткен  деседі.  Кейінірек  темір  жол  бекетінің  айналасына  қоныс 
тепкен үлкен елді - мекен де осылай аталып кетіпті.  
Жауынгер  жазушы  Д.Фурманов  ӛзінің  Ташкент  -  Әулиеата 
сапарында  осы  Бурныйда  болғандығы  туралы  ӛзінің  «Мятеж» 
атты романында баяндайды.          
 
 
 

135 
 
Бурыл тауы 
Ежелден  ел  қара  шаңырақ  тұтқан  Қаратаудың  күнгей 
бетіндегі  Тараз  қаласының  солтүстік  батысындағы  сілемдерінің 
бірі «Бурыл тауы» деп аталады. Ол Жуалы жеріндегі Қарабастау 
аталатын елдімекеннің солтүстік жағында 2 – 2,5 шақырым жерде 
орналасқан. 
Бұл  шағын  таудың  беткейінен  әсіресе  1950  жылдардан 
бастап құрылыс материалы ретінде жалпақ тастарды қазып алып 
пайдалана бастаған.  
Үйдің  тұғырын  (фундаментін)  сол  сияқты  тастан  түрлі 
мекемелер  мен  қойма,  мал  қоралары  т.с.с.  құрылыс  нысандарын 
салуға  осы  Бурыл  тастары  кеңінен  пайдаланылған.  Бұл  жалпақ, 
қалануға  ӛте   қолайлы   кірпіш  тектес  тастарды  ел  «Бурылдың 
тасы» - деп атайды.  
Бурыл  тауына  байланысты  оның  не  себептен  «Бурыл» 
аталуы  жайында  біз  Мұхаметжан  Тынышбаевтың  еңбегінен 
кездестірдік.  Тарихшы  –  инженер  қырғыз  халқының  аузында 
сақталып  қалған  бұл      аңызды      Ыстық    кӛл  маңының  тұрғыны 
Ешеналы Аралбайдан 
жазып алған.  
Еңсегей  бойлы  Есім  ханның  қалмаққа  қарсы  жасаған 
жорығына  ыстық  кӛлдің  аумағындағы  қырғыздар  да  қосылып, 
қолдау  кӛрсетеді.  Түбі  бір  туысқан  қырғыздар  осы  жорықта 
Есімге қазақ дәстүрімен ат сыйлайды, осыған байланысты тауды 
Бурыл аталуын былай баяндайды:  
«Когда Есым в походе на калмыков прибыл в район Иссык – 
Куля,  к  нему  присоедились  киргизы:  родовитые  киргизы  делали 
Есыму  подарки;  между  прочим,  были  приведены  к  нему  один 
жеребец  гнедой  масти  и  две  жеребца  чалой  масти;  предок 
Арамбаева в 9 колоне Тугельбай подарил Есыму лучшего скакуна 
во всей Киргизии – саврасого мерина.  
Поход  окончился  для  Есима  удачно;  на  оборотном  пути  на 
север от Иссык – Куля  стал гнедой жеребец  – это местность до 
сих пор называется « Торы – айгыр» («Гнедой жеребец») чалые 

136 
 
жеребцы  стали,  пройдя  Аулие  –  Ата,  на  сопках,  получившых  от 
них свой названия: «Улькен Бурул» («большой чалый») и  «Кчи – 
Бурул»  (Малый  чалый»)  –  делінген.  (М.Тынышбаев.  История 
Казахского народа. Алматы: Қазақ Университеті, 1993, 158-159с).   
Е.Қойшыбаев  пакірінше:  «Түркі  орографиялық  бұрыл  – 
бұрма  –  борма  –  борал  тұлғалас  «бұрыс,    қиғаш»  мәніндегі 
терминдердің  айтыла  келе  қалыптасып  кеткен  түрі»  -  деп 
кӛрсетеді. (Еркебай Қойшыбаев Қазақстанның жер – су атаулары. 
Алматы: Мектеп, 1985, 82 – 83 беттер)   
«Бурыл»  сӛзінің  түс  белгісімен  ешқандай  байланысы  жоқ. 
Шындығында  Бурыл  тауы  Кіші  Қаратау  сілемдерінен  шығысқа 
қарай бұрыстау жатқаны рас.  
 
 Бұрғансу 
 Жуалы  ауданының  оңтүстік,  Алатаудың  етегіне  жақын 
Тәттібай  ауылының  шығыс  жағындағы  ескі  бӛгет  аты  осылай 
«Бұрғансу» - деп аталады.  
Тобшақты  аталатын  алқаптың  жоғарғы  жағындағы  таудан 
басталатын  ӛзеннің  суы  ӛте  қатты,  арынды.  Осы  суды  Тәттібай 
және  Шақпақ  ата  елдімекендеріне  қарай  бұру  үшін  Ұлы  Отан 
соғысынан        бірер        жыл        бұрын        бӛгет    салынған.      Бұл   
бӛгеттің 
ұзындығы  60  –  70  метрді  құрайды,  ал  биіктігі  2,5  –  3  метрдей, 
қазіргі кезде оның орны ғана білінеді.  
 Бӛгеттің  Бұрғансу  аталуы  «суды  бұрған»  -  деген  мағынаны 
білдіретін гидронимдік атау.    
 
 
Бірлік 
 Жуалы  ауданының  батысындағы  Құлан  тауының  етегіндегі 
Құлан  асуының  аузындағы  ескі  елдімекеннің  аты.  Бірлік 
ауылында  1970  жыдарға  дейін  Ұлы  Жүздің  шаңышқылы  руы 
мекендеген.  1940  жылы  депортацияланған  10  мың  поляк  осы 
Бірлік  ауылына  және  оның  тӛңірегіне  орналастырылған.  Ол 
жерде 1960 жылға дейін сегіз жылдық мектеп болған. 
«Бірлік» - атауы социалистік құрылыстың әуелгі кезеңдерінен 
елес беретін әлеуметтік топоним. 
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет