Байдалиев Д. Д



жүктеу 2.09 Mb.
Pdf просмотр
бет14/18
Дата22.12.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
Қоғалы  
Жуалы  ауданының  Рысбек  батыр  (бұрынғы  Луначарка) 
аталатын  елдімекеннің  оңтүстік  жағында  2,5  шақырым  жетпей, 
үлкен  жотадан  басталатын  шағын  бұлақтың  аңғары  «Қоғалы»  - 
аталады. Бұлақ суы Рысбек батыр елдімекенінің ортасынан ағып 
ӛтіп      Боралдай      ӛзеніне      қосылады.    Бұлақтың      басталар  
жерінде қалың қоға ӛседі. 
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Рысбек батыр Оңтүстік 
Қазақстан  облысының  жерінен  40  –  50  түтін  қыпшақтарды  осы 
Жуалы  жеріндегі  Қоғалыға  алып  келіп  қоныстандырған  екен  - 
деген  әңгімені  біз  сол  Рысбек  батыр  ауылының  тұрғындарының 
аузынан  естідік.  Қазір  Қоғалы  аталатын  жерде  сол  қыпшақ 
ауылының ескі қонысының орны ғана бар. 
Бұл  жердің  «Қоғалы»  -  аталуы  сол  бұлақтың  басындағы 
ӛскен  қалың  қоғаға  байланысты  қойылған.  Арқарлы,  Алмалы, 
Жыланды,  Қақты  атаулары  сияқты  «қоға»  сӛзіне  «лы»  жалғауы 
жалғанып «қоға ӛскен жер» - деген мағынаны беретін атау.   
 
Қоңыртӛбе 
Шӛккен  нардай  болып  қазіргі  Шақпақ  ата  елдімекенінің 
солтүстігінде  оқшау  орналасқан  тӛбені  жергілікті  жұрт 
«Қоңыртӛбе»  -  деп  атайды.  Бір  құдірет  осы  аймаққа  әдейі  алып 
келіп орнатқандай; күн шығысқа қарай маңдайын, Құлан тауына 
қарай сауырын тӛсей жығылған оқшау тӛбенің ұзындығы мен ені 
жарты  шақырымнан  асып  түседі.  Осы  тӛбе  басына  шығып 
қараған кісінің кӛз алдына Жуалы ӛлкесінің солтүстігіндегі Жеті 
тӛбе аймағы мен оңтүстігінде жер мен кӛктің арасын тұтастырып 
ала  шұбар  ұзын  кӛштің  кӛшбасындай  асқақ  Алатау, 
шығысындағы  барыстың  жонындай  болып  шұбатылған  Қаратау, 
Күйік асуларының торабы сайрап жатады. 
Алатау  етегіндегі  Мыңбұлақтан  басталып  Қоңыртӛбенің 

160 
 
батыс  жағын  жанап  ӛтетін  Шақпақ  ӛзені  Теріске  қосылуға 
асығады. 
Қоңыртӛбенің  әсіресе  Шақпақ  ата  елдімекені  орналасқан 
шығыс  және  солтүстік  баурайы  ұйысқан  кӛк  майсалы,  етегі 
былқылдаған  сазды  келеді.  Жазғы  шілдеде  тӛбедегі  ӛсімдік 
біткеннің  барлығы  аптапқа  күйіп  қоңыр  реңге  еніп,  қоңыр 
тақиядай  дӛңгеленіп  жатады.  Тӛбенің  шығысы  жағынан 
қыздардың қос бұрымындай қосарланған қос бұлақ бастау алып, 
бірі  оң  жағынан,  тӛбені  айналып  ӛтіп,  екіншісі  сол  жағынан 
айналып ӛтіп Шақпақ ӛзеніне қосылып тынады. 
Кең  жазыққа  оңаша  отаудай  оқшау  біткен,  кӛпті  кӛрген 
кӛненің  кӛзіндей,  кезінде  осы  аймақтың  игі  жақсылары  иеленіп 
бас қосып, жұрттың басындағы мұң мен қамның барлығын ортаға 
салып ақыл түгелдесер тӛбесі осы Қоңыртӛбе болған. 
Осы  тӛбе  маңын  жайлаған  ел  арасында  Шегір  руының  сӛз 
ұстар  Байсейіт,  Түнқатар  сынды  шешендері  мен  Ақпан,  Итаяқ, 
Құрман  батырлары  хақында  олардың  ұрпаққа  мұра  етіп 
Қоңыртӛбеде,  Құлан  тауында,  Шегір  қамалда  қалдырған 
ерліктері мен кемел даналықтарына жетелейтін аңыз, шежірелер 
әлі күнге сақталып қалған.  
Қоңыртӛбе  аталатын  тӛбелер  Жуалы  аймағында  тӛртеу. 
Біріншісі  біз  жазып  сипаттаған  Шақпақ  елдімекенінің 
солтүстігіндегі  Қоңыртӛбе,  екіншісі  бұрын  Успеновка  (қазір 
Қоңыртӛбе)  аталатын  елді  мекеннің  солтүстігіндегі  Бӛкей 
тауының 
етегіндегі 
Қоңыртӛбе, 
үшіншісі 
Шыңбұлақ 
елдімекенінің  солтүстік  шығысындағы  Үлкен  Қоңыртӛбе, 
тӛртіншісі  бұрынғы  Бірлік  аталатын  елдімекеннің  тӛменгі 
жағындағы Құлан асуының тұсындағы Қоңыртӛбе.  
Барлық  «Қоңыртӛбелердің»  -  аталу  себебі,    түркі  тіліндегі 
«қоңыр (отты) тӛбе»  - деген мағынаны беретін атау.    
 
 Қорымтас 
 Жуалы  ауданының  солтүстігіндегі  Қошқарата  ӛңірінде 
Қорымтас  аталатын  жерлер  бірнешеу.  Қорымтастардың  пайда 
болуы  жоңғар  шапқыншылығымен  байланысты.  Бұл  Қорымтас 
аталатын  тастан  үйілген  тӛбелердің  кӛлемі  онша  үлкен  емес 

161 
 
әртүрлі болып келеді. Биіктіктері үйдің биіктігінен аспайтын тас 
пен топырақтан үйіп жасалған. 
Қорымтас  атауының  топонимикасына  байланысты  Еркебай 
Қойшыбаев мынандай түсініктеме берген: «Қорым сӛзінің тӛркіні 
жалпы  түркі  және  монғол  тілдерін  былай  қойғанда,  одан  арғы 
кӛнеге,  тіпті,  санскритке  келетіні  байқалады.  Ол  тұжырымға 
Қарақорым  топонимі  түрткі  бола  алады.  Қарақорым  жалпы 
азиялық  атау:  Орхон  билеген  мемлекеттің  астанасы  сол  сияқты 
Үндістанның қиыр теріскейіндегі тау аймағының аты» (173 бет). 
Қошқарата  ӛңіріндегі сонау  жаугершілік  заманның  сұрапыл 
жорықтарының  белгісіндей  болған  осы  қорымтастарды    жазушы 
Еркінбек  Тұрысов  былай  суреттеп  жазады:  «Қазіргі  ел  арасын 
жалғап  жатқан  қасқайған  қара  жолдан  аз  кем  шығып,  айналаға 
кӛз  жіберген  жолаушы  Шыбықбел  мен  Мұзбелдің  жон  – 
жотасында,  Хорен  мен  Сарытаудың  биігінде,  Үсіктас  пен 
Үзгендінің адырлы арқасында Жамантас пен Шоқанның асуында 
Тарақты мен Садырдың Тау қамалында жайдақ  – жайдақ жер де 
тозып біткен, жермен – жексен болып пәсейген Қаратас тӛбелерді 
кӛреді.  Білетін  кӛнекӛздер  оны  Қорымтас  дейді».  (Е.Тұрысов 
Бәйдібек. 41 бет).  
Осы  жерде  біз  құба  қалмақтардың  будда  дінін  ұстанғанын 
айта  кетуіміз  керек.  Будда  дінінде  ӛлгендерді  жерлеу  рәсімі  де 
бӛлек  болған.  Олар  ӛліктерін  биіктеу  тӛбелерге  үйіп,  сонан  соң 
оны  ӛртеп,  сүйек  қалдықтарын  тастармен  кӛміп,  үйіп  тастайтын 
болған.  Сол  себепті  осындай  қорымтастар  пайда  болған.  Демек 
бұл тӛбелер құба қалмақтардың шаһит болған шеріктерін топтап 
жерлеген тӛбелері деп білеміз.  
Қазақ тілінің қосымша мағынасында «Қорымтас» - сӛзі бейіт 
-  дегенді  білдіреді  яғни  бұл  атау  тастан  жасалған  қорым 
мағынасын береді.  
          
  Қосбӛлтек 
 Аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұлы  елдімекенінің 
шығыс  жағында  7  шақырым  жерде  орналасқан  елдімекен  - 
«Қосбӛлтек»  аталады.  Бұрын  бұл  елдімекен  1993  жылға  дейін 
Кастальевка аталып келген.  

162 
 
 Ол 
жерде  бұрынғы  колхоздың  негізінде  Қосбӛлтек 
шаруашылық қожалығы ұйымдастырылған. 
 Жуалы 
аймағында  Қосбӛлтек  аталатын  жер  Қайрат 
елдімекенінің үстіңгі жағындағы таудың етегінде де бар. 
 Бұл  жерлердің  «Қосбӛлтек»  -  аталуына  бір  –  біріне  жақын 
орналасқан  егіз  тәріздес  екі  тӛбе  негіз  болған.  Мұндағы  «қос» 
сӛзі  екі  деген  мәнді,  ал  бӛлтек  сӛзі  қазақта  айтыла  беретін 
«бӛлтек - салтақ» деген сӛз тіркесіндей бӛлек тӛбе деген ұғымды 
білдіретін атау. 
       
Қосмұрат 
«Қосмұрат»  –  Шыңбұлақ  елдімекенінің  солтүстік  шығыс 
жағындағы Қоңыртӛбеден 1 шақырым жердегі жер атауы. 
Қосмұрат  аталатын  жердің  екі  қапталынан  үлкен  
Сарқырама, кіші Сарқырама аталатын бұлақтар басталады.  
Қосмұрат  есімді  кісінің  есімімен  аталатын  жер  қасиетті, 
әулие  жер  аталады.  Ол  жердегі  бұлақтың  жанында  Қосмұрат 
әулиенің бейіті бар. Бейіт тӛмпешіктің аумағы 5х4 метр болады. 
Қосмұрат  әулие  туралы  шағын  аңыз  әңгімені  біз  кӛпті 
кӛрген  шежіреші  қария  Сейітқұл  Ысмайылұлының  аузынан 
жазып алдық. 
Қосмұрат  әулие  ӛте  денелі,  әулие,  батыр  кісі  болған 
кӛрінеді.  Соңына  ерткен  жігіттерімен  талай  жорықтарға 
қатысады.  Сондай  бір  жорықтан  жігіттерімен  келе  жатып, 
Кӛсегенің кӛк жонынан ӛткенде айдалада тігулі тұрған киіз үйді 
кӛреді.  
-  Айдалада  тұрған  киіз  үй  тегін  емес,  не  кіріп  –  шығып 
жатқан  адамдары  байқалмайды,  соқпай  –  ақ  қояйық  –  дейді 
батырдың жанындағы серіктері.  
Сонда  Қосмұрат  батыр:  «Егер  киіз  үйдің  құпиясын  білмей 
кетсем  кӛкейімде  ӛмір  бойы  сұрақ  қалып  қояды,  онан  да  не  де 
болса  барып  кӛрейін»  -  дейді,  киіз  үйдің  есігін  байлаған  қыл 
арқанды  қылышпен қиып ішке кірсе, онда оба ауруымен ауырған 
адамдардың толы ӛліктері жатыр екен. Сонан Қосмұрат батыр да 
ауырып қайтыс болыпты. 

163 
 
Бүгінде сол Қосмұрат әулие басына әсіресе кӛзіне ақ түскен 
ауру  кісілер,  бала  кӛтермей  жүрген  әйелдер  барып  зиярат  етеді. 
Тіпті сол маңдағы колхоздың қойына топалаң ауруы тиген кезде 
де Қосмұрат әулиенің шарапаты тиіпті.  
Жердің  «Қосмұрат»  аталуы  –  ол  кісі  есімімен  байланысты 
антропоним.     
 
 Қостӛбе 
 «Қостӛбе»  -  аталатын  жер  Жуалы  ауданындағы  Кеңес 
елдімекенінің 
оңтүстігінде, 
Б.Момышұлы 
– 
Қошқарата 
автомобиль  жолының  шығыс  жағында  400  метрдей  жерде  қатар 
орналасқан  тӛбелер.  Бұл  қатар  жатқан  екі  тӛбенің  биіктігі  онша 
биік  емес  15  –  16  метрді  құрайды  ал  диаметрі  40  метрдің 
шамасында 
 Қостӛбе табиғи тӛбе емес, қолдан үйіп жасалғаны байқалады. 
Қостӛбе  туралы  Кеңес  ауылында  туып  -  ӛскен  Күлән 
Досанқұлқызы  былай  деп  баяндайды:  «Аталарымыздан  осы 
Кеңес  ауылының  алдындағы  жазықта  жаугершілік  кезде 
жоңғарлармен  үлкен  шайқас  болыпты  деп  естігенбіз.  Сол  кезде 
шейіт  болған  жоңғарлардың  ӛлігін  осы  екі  тӛбеге  топтап 
жерлеген екен. Содан осы екі тӛбе пайда болыпты да, жұрт мұны 
«Қос тӛбе - деп атапты» -дейді.      
 
Қостұра  
Ертедегі тектоникалық құбылыстардың әсерінен Жуалының 
оңтүстік  батыс  бағытында  ағатын  Қошқарата,  Боралдай 
ӛзендерінің жарып ӛткен жоталарының кӛтерілуі үдей түскен. 
Ӛзендер  аңғарларын  тереңдетіп  аға  берген  де,  нәтижесінде 
антецедентті аңғарлар пайда болған. Жуалы ауданының Шаянмен 
(Оңт.  Қазақстан)  шектесер  жеріндегі  Үлкен  тұра  мен  Алакүшік 
биіктері  тұсындағы  жар  қабағы  600-700  метрлік  деңгейге  дейін 
жеткен.  
 Ерекше табиғатымен тамсандырып кӛптеген жазушылардың 
шығармаларына  арқау  болған,  талай-талай  тарихи  қилы 
кезеңдерді  бастан  кешірген  осы  Қостұраны  ел  кейде  жекелеп 
«Үлкентұра» және «Алакүшік» деп те атайды. 

164 
 
 Жазушы С.Сматев  «Елім-ай» романының  бірінші кітабында 
Қостұраны  кӛркем  тілмен  суреттей  келе  серттесіп  тұрған      қас  
батырға теңеген.  Жазушы Е.Тұрысов «Бәйдібек» 
атты   тарихи    хикаят   эссесінде  «Ел  мен жер үшін жан талас 
шайқастар  1710,1712,1718  жылдары  әйгілі  «Ақтабанның» 
қарсаңында  осы  Қаратау  ӛлкесінде  –  Бӛген,  Шаян,  Қостұра, 
Қошқарата,  Боралдай  ӛзендерінің  торабында  ӛткен  еді»  -  деп 
кӛрсетеді.  Қостұра  Үшашыдағы  шайқас  туралы  Ӛтеген  мен 
Бохтишардың  жекпе-жегі  туралы  Қазыбек  бек  Тауасарұлы  да 
біршама  деректер  келтірген.  Тарихшы  М.Тынышбаевтың 
«История  казакского  народа»  кітабында  Садыр  руының  батыры 
Жомарттың  тоғыз  ұлымен  бірге    Қостұраға  дейін  шегініп,  мерт 
болғандығы туралы жазып қалдырған.  
 
Жазушы  Әбіш  Кекілбаев  Жуалы  ауданының  солтүстік 
ӛңіріндегі Боралдай ӛзенінің бойында Үлкен Тұра мен Кіші Тұра 
маңында  болған  1723  жылғы  жоңғар  шапқыншылығын 
суреткерлік толғаныспен былай етіп баяндайды. 
  «Дүниенің  тӛрт  бұрышын  сықсия  баққан  сығыр  жау 
қазақтарды  қапыда  қалдырды.  Сәуірдің  жарқырап  атқан  жақсы 
таңында  Боралдай  ӛзенінің  бойында  Үлкен  Тұра  тауының 
қасында бір алқапты бір ӛзі толтырып тәтті ұйқыда жатқан садыр 
Жомарттың  ауылына  жау  шапты.  Оны  әуелі  түзге  шыққан  бір 
кемпір кӛріпті... 
  -  Ойбай!  Жау!  Жау  шапты!  –  деп  айқай  салыпты  сыртқа 
атып шыққан кісілер. 
 Сӛйтсе,   ауылдан бір де бір ат табылмапты. Бәрі жайылыста 
екен. Ыңыранған бай ауылы ұйқы – тұйқы болыпты да қалыпты. 
Кӛп  ойбай,  кӛп  айқай.  Құр  ойбай,  кӛп    айқай.  Сегіз  қанат  ақ 
орданың  қақ  тӛрінде  манаурап  жатқан  Жомарт  орнынан  атып 
тұрып,  кереге  басындағы  кӛк  найзасы  мен  қылышын  қолына 
ұстап, кӛйлек – дамбалшаң сыртқа жүгіре шығыпты. Жан – жақта 
жӛңкіген дүрбелең. Есі кеткен халық анадайда аңырайып тұрған 
Үлкен Тұра мен Кіші Тұра – егіз     таудың     арасындағы    қара    
аңғарға      қарай      босып  барады  дейді.  Қара  аңғарға  тығылып 
қайдан құтылсын, алдарынан  анталаған жау  тағы шыға келіпті.   

165 
 
Сүйтсе,  қаскӛй  дұшпан      кӛп      әскерін      сонда      қалдырып,   
ұйқыдағы    ауылды  үркітуге  азғантай  тобын  жіберген  екен.  Сай 
бойындағы сатыр – сұтыр сайыс кӛпке созылмапты. 
  Бейхабар отырған ауылдың еркек кіндігі сәскеге дейін түгел 
жер  құшыпты».  (Ә  Кекілбайұлы  Үркер,  Сӛздік  –  Словарь, 
Алматы – 1999, 264  бет).      
  Жазушы  Е.Тұрысов  «Бәйдібек»  атты  тарихи  хикаят-
эссесінде Қаратау атырабындағы Қостұра, Қанжауған, Боралдай, 
Жолбарысқамал,  Сауырқамал  ӛңірлерінде  болған  шайқастар 
туралы бірқатар тӛмендегідей деректер келтіреді.  
 
«...Соның  ішінде  Қостұра  арасында  тау  асуға  қамалған  құба 
қалмақтың  тағы  бір  қосын  шерігі  жаныс  Сеңкібай  мен  Ботбай 
Сәменнің  жасағынан  қырғын  тапты.  Қалмақтар  шегіне  ұрыс 
салып  Бұланты  мен  Қанжауған,  Қарасуда  кеткен  есесін  осы 
Қаратаудың  қалың  қуыс-қойнауында  қайтармақ  еді.  Бекінген 
жері Қостұра,  Боралдайдың  аңғары  еді.  Сол  жерге  табан  тіреген 
тӛрт  мыңдай  ойрат  шерігін  тұс-тұсынан  қамаған  шымыр 
Қойгелді,  ошақты  Саңырақ,  сиқым  Қарабатыр,  жаныс  Ӛтеген,  
Сеңкібайдың  бір  түмен  қолы  тӛрт  күндік  қиян-кескі  ұрыста  тас-
талқан  еткен-ді».  (Е.Тұрысов  Бәйдібек.  Алматы:  Нұрлы  әлем, 
1998, 50 бет).   «Қостұранның»  -  «Тұра»  аталуы  бұл  аймақты  жүз 
жылдай  жайлаған  ойраттардың  сӛзі,  мағынасы  қамал  дегенді 
білдіреді. 
Оған дейінгі Тұранның қазақы атауы:  «Сеңгір» болған деген 
мәлімет бар. 
 
Қошқарата 
Жуалы  ауданындағы  аудан  орталығы  Б.  Момышұлыдан 
солтүстік  –  батысқа  қарай  54  шақырым  жерде  орналасқан  елді 
мекен. Қаратау  мен Боралдай жоталары аралығында орналасқан. 
Сол жерден Қошқарата атты ӛзен басталып Бӛгенге қосылады. 
Кӛнекӛз  қариялар,  басқа  да  дерек  кӛздерінде  бұл  жердің  не 
себептен Қошқарата  аталғандығын тап басып айта алмайды. 
Алайда    Ә.  Қайдардың  «Қаңлы»  атты  тарихи  шежіре 
кітабынан  бұл  сұраққа  жауап  табылатын  сияқты.  «Оңтүстік 
Қазақстан аймағындағы аты аңызға айналған әулие, пір тұтып, ел 

166 
 
сыйлаған  ата  –  бабаларымызға  бағышталған  ескерткіштер,  
кесенелер,  мазарлар  кӛптеп  кездеседі.  Мысалыға:  Шопан  –  ата, 
Қашқар  –  ата,  Шақпақ  –  ата,  Бекет  -  ата,  Масат  –  ата  т.с.с.  Бұл 
ӛңірде  Қошқардың  «Шопан  Атаның»  сырт  бейнесі,  тұлғасы 
тастан  қашалып  салынған  мүсіндерді  жиі  кездестіреміз». 
(Ә.Қайдар Қаңлы. Алматы, 2004, 160 – 161 бет).  
 «В  названиях  Кошкара  барана  производителя,  одного  из 
найболее  почитаемых  животных  еще  у  саков  символа 
плодородия,    здоровья,    покровительства»    -  деп  кӛрсетеді  К. 
Рысбергенова.  (Историко  –  лингистической  анализ  топонимов 
Южно – Казахстанской области. Алматы, 1993, 29 стр). 
Осыған  қарағанда  «Қошқарата»  -  аталуына  сол  мал 
тұқымына  пір,  қамқоршы  болған  киелі  адамдар,  қасиетті 
тұлғалардың (Қошқар атаның) негіз болғаны анық. 
 
Құдияр сазы 
Бұл  атақты  Рысбек  батырдың  Наршадан  (лақап  аты  Бӛдене 
болған екен) туылған Құдияр, Данияр, Молдияр, Бәзіл есімді тӛрт 
ұлының  үлкені  Құдиярдың  есімімен  қойылған  жер  атауы.  Яғни, 
Рысбек  батырдың  тұңғышы  Құдиярдың  жайлаған  жайлауы 
болған жер. 
Бӛкей  тауының  етегіндегі  бұлақтардың  әсерінен  бұл  аймақ 
сазданып  жатады  екен  де,  оны  жағалай  Құдияр  байдың  ауылы 
отырады екен. 
Ӛткен  ғасырдағы  патшалы  Ресейдің  кӛршілес  жатқан 
бұратана  халықтарды  күшпен  отарлау  саясатының  салдарынан 
орыс  кулактары  осы  аймақты  иелене  бастағанда  Құдиярдың  елі 
Бӛкей  тауының  сай  –  салаларын  паналап  кӛшіп  кеткен  екен.  Біз 
бұл  ауызекі  әңгімені  сол  Құдияр  байдың  ұрпағы  Қананов 
Жақаннан жазып алдық. 
Сонан соң бұл жер Кӛлтоған кейін Алексеевка аталғандығы 
туралы «Кӛлтоған» - атауы туралы жазғанда баяндағанбыз. 
 
Құлантау 
Құлантау  Үлкен  Қаратаудың  Шақпақ  белі  арқылы 
Алатаудың  Жабағылы  сілемімен  жалғасып  жатқан  Боралдай 

167 
 
тауының  солтүстік  бӛлігі.  Құлантаудың  бӛктерінен  жанға  шипа 
мӛлдір  сулы,  кӛптеген  бұлақтармен  қатар  Құлан  ӛзені  бастау 
алады.  Құлантаудың  батыс  бӛктерінен  Әулиесайда  Ұзынбұлақ 
аталатын  бұлақ  ағып  шығады.  Әулиесай  аталу  себебі  Үйсін 
дүниеге  келген  киелі,  әулие  саналғандықтан  болса  керек  деген 
болжам айтылады. 
         Үйсіннің тарихына байланысты: 
         Ұзынбұлақ – үйсін конысы,  
         Малға  майдан  Қаратаудың  сонысы  -  деген  ӛлең  сӛздері 
бұған  айғақ  болса  керек  –  деп  кӛрсетеді  Ә.Байбатша.  (Қазақ 
даласының ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 2002, 73 - 74 беттер.) 
  Б.  Момышұлының  «  Ұшқан  ұя»  кітабында:  «Алтын  күн 
Құлан тауына иек артып, тӛңіректеп қоштасқысы келмей қызара 
қиналып  тұрғандай  сезіледі.  Батыс  жақ    нарттанып,  күлгін 
шапаққа  шомылып  тұрған  кез  Шақпақ,  Жабағылы,  Боралдай 
жондарына сол шапақ бұлаң қаққандай сезіледі»   -деп туған жер 
келбетін  шабыттана  суреттеген.  (Б.Момышұлы.  Ұщқан  ұя. 
Алматы, 1976, 52 бет). 
  Атақты  тарихшы  Л.Гумилев  болса  «Құлантаудың  етегіндегі 
кӛп  бұлақты  қоңыр  салқын  жазықта  1223  жылы  Орта  Азияға 
жасаған  жарықтардан  қатты  қалжыраған    Шыңғыс  хан 
нӛкерлерімен сауық құрып дем алған»  - деген мәлімет келтіреді. 
(Л.Гумилев. Кӛне түріктер. Алматы, 1994, 103 бет).   
  Алатаудың 
баурайы  осы  Құланбасыда  1224  жылы 
құрылтайға  бара  жатып  Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы    Жошы 
Қаратаудың  Орда  қонған  деген  жерінде  Үйсін  сіргелінің  бір  топ 
билерімен  кездескені  туралы  ел  ішінде    сақталып  қалған  аңыз 
бар. 
  «1328  –  ші  ұлу  жылы  Ақсақ  Темір  Загрестің  биік  тау  асуы 
арқылы, Фарс – Хорасан керуен жолымен Самарқандқа жорыққа 
аттанады.  Ол  барша  қосындардан  таңдап  алынған  қырық  мың 
атты  әскермен  Сейхун  –  дариясынан  ӛтіп  наурыздың  орта 
тұсында Алатау мен Қаратаудың тоғысар жеріндегі Құлан асуына 
келіп ат басын тіреді. Айналасы ат тағасындай иіліп тау қоршаған 
Құланбасы  жазығының  тепсеңді  биігіне  ордасын  тікті»  –  деген 

168 
 
мәлімет келтіреді жазушы Е.Тұрысов (Бұл мәлімет Е.Тұрысовтың 
Темірлан романынан қысқартылып алынды. 82 – 83 беттер). 
  Құлан  тауының  не  себептен  бұлай  аталғаны  туралы  нақты 
дерек жоқ. Кейбір қариялар Құлан тауы қаңлыдан шыққан Құлан 
батырдың атымен қойылған деген болжам айтады. 
  Ұлы  Жібек  жолымен  ӛткен  жиһангерлердің  жазбаларында 
Құлантау туралы шағын ғана деректер айтылады, соның бірінде, 
Мыңбұлақ  қаласынан  Құлантаудың  солтүстік  тұмсығын  орап 
Құлан  ӛзенін  жағалап  барып  асатын,  Әулиесаймен  жүріп 
Тамтадж (Түлкібасы) қаласына әкелетін негізгі желімен түйісетін 
де тармақ жол болғандығы айтылады. 
  Таудың  Құлантау  аталу  себебіне  байланысты  Ә.Байбатша 
тӛмендегідей  пікір  айтады:  «Құлан  жортқан  жазық  далалардың 
құланға  байланысты  аталуы  түсінікті.  Тауларды  құлан 
мекендемейді,  сонда  Құлан  тау  деген  атау  қайдан  шыққан? 
«Құлан  таза»  -  деген  сӛз  тіркесін  білеміз.  Тіркестегі  құлан  мен 
таза сӛздерінің  мағынасы бір, тазаны білдіреді» дейді. 
  Ал  Құлантаудың  басында  шындығында  да  ешқандай  бұта, 
арша  сынды  ӛсімдіктер  ӛспейді  жалтыр  тастар  жататыны  рас. 
Сондықтан да осы пікірді растауға болады. 
 
Құлан асуы 
Жуалы  ауданының  батысындағы  Құлан  тауының  Боралдай 
тауымен  түйісер  жеріндегі  асу  «Құлан»  -  асуы  деп  аталады. 
Орналасқан  жері  бұрынғы  Шаңышқылы  руының  ата  қонысы 
Бірлік ауылының үстінде. 
Бұл  асумен  асқан  адам  тау  шатқалдарымен  жүріп  отырып 
Түлкібас  ауданының  (Оңтүстік  Қазақстан  облысы)  Құлан 
аталатын  елдімекеніне  жеткізеді.  Бұрынғы  кезде  Кӛкірек 
(таудың  тӛсі  мағынасын  беретін  атау)  базарына  баратындар  осы 
Құлан асуы арқылы асатын болған. 
Революциядан  бұрын  ағылшындар  Шақпақ  кӛмірін  осы  асу 
арқылы  Түлкібасы  станциясына  дейін  арбалармен  осы  Құлан 
асуы арқылы тасмалдаған. Асудың алдындағы аршадан салынған 
кӛпір әлі күнге дейін сақталып қалған. 
Құлан асуындағы шатқалда жоңғар шапқыншылығы кезінде 

169 
 
Шегір руынан шыққан Ақпан батыр жау мергенінің оғынан мерт 
болған. 
Құлан 
атауына 
байланысты 
Әділбек 
Байбатшаның 
болжамынан  басқа  мағынадағы  пікірді  Еркебай  Қойшыбаев 
Жамбыл  облысының  Құлан  мекеніне  берген  анықтамасында 
келтірілген. «Кейбір топонимнің әуелгі аты «Құлан» болу лайығы 
жоқ.  Тегінде,  кӛне  түркілердің  «Қойлан»  этнонимінің  қазақ 
тілінің  бейімділген  түрі  болса  керек»  -  деп  кӛрсеткен. 
(Е.Қойшыбаев Қазақстанның жер – су аттарының сӛздігі Алматы: 
Мектеп, 1985, 176 бет).  
Құлан асуына байланысты  осы екі болжамды сараптай келе 
біз Е.Қойшыбаев берген екінші нұсқаға тоқталамыз.  
 
Құрама 
Құрама  аталтын  жер  Жуалы  ауданының  шығыс  жағындағы 
Бақаты ӛзенінің бойында орналасқан.  
Біз  бұл  жердің  Құрама  атлуына  байланысты  деректер 
іздестіріп,    кӛне    кӛз,      қалталы    құлақ      қарияларға  
жүгінгенімізден  ешқандай  нәтиже  шыққан  жоқ,  сондықтан 
болжам  жасауға  тура  келеді.  Бұл  аймақты  түрлі  кезеңдерде 
қазақтың  түрлі  руларының  ӛкілдері  мекендеген.  Мәселен 
«Бақаты»  атауына  байланысты  қаңлы  руының  Бақа  қаңлы, 
«Еңке»  атауына  байланысты  Еңке  қаңлының  мекендегенін 
жазғанбыз.    Бақатының  жоғарғы  жағын  атам заманнан бері 
Шымыр  руы,  етек  жағын  Байтана  руы  қоныс  еткен.  Біздің 
ойымызша  осы  Қаңлы,  Шымыр,  Байтана  рулары  бірігіп 
мекендеген  жері  «Құрама»  аталған.  Себебі  қазақтың  «құрама» 
сӛзіне  «түрлі  рулардан  құрылған  этностық  топ.  Құрама  атауы 
«Ақтабан  шұбыранды  алқакӛл  сұлама»  жылдарынан  кейін  (1723 
– 1729 жылдары) қалыптасқан» - деп анықтама берілген.  (Қазақ 
Совет энциклопедиясы Алматы, 1975, 42 бет). 
Осы  мәліметке  сүйеніп  біз  «Құрама»  -  атауы  «құрама  ел» 
деген ұғымнан қалыптасқан атау деп білеміз. 

Каталог: images -> data
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
data -> Программа вступительных испытаний в академическую гимназию спбгу на образовательные программы основного общего и среднего (полного) образования по русскому языку


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет