Байдалиев Д. Д



жүктеу 2.09 Mb.
Pdf просмотр
бет15/18
Дата22.12.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
 
 
 

170 
 
Құртты бұлақ 
«Құрттыбұлақ»  -  аталатын  жер  Жуалы  ауданындағы 
Талапты  елдімекенінің  үстіңгі  жағындағы  Қараүңгір  аталатын 
жерден екі шақырымдай жоғары тау беткейіндегі бұлақ. 
Құрттыбұлақтың  аумағы  шағын  ғана.  Ол  үш  –  тӛрт 
шақырым аққан соң ешқандай ӛзенге қосылмай тастақты аңғарға 
сіңіп кетеді. 
Бұлақтың  бұлай  аталуына  тоқталатын  болсақ  бұлақта 
жанбасқұрт, жұмарқұрт, түрлі шіркейлер сияқты т.б. құрттар кӛп 
болғандықтан осылай «Құрттыбұлақ» - аталады. 
 
Қыз әулие  
Жуалы  ауданы,  Шақпақ  елдімекенінің  солтүстік  батыс 
жағында  3  шақырым  жерде  Құлан  тауының  етегіндегі  шатқал 
«Қыз әулие» - аталады. Бұл жерден шағын бұлақ басталып ол 
таудың  етегіндегі  егінді  алқаптарды  суғаруға  пайдаланылады. 
Бұлақтың  басталар  жері  қалың  жынысты,  аңғарында  итмұрын, 
қара долана, шеттік т.б. талдар ӛседі. 
Қыз  әулиеге  зиярат  етіп  барған  жұрт  бұлақтың  басындағы 
талға мата байлап, суын ем санап жатады.  
Шақпақ  ата  елдімекенінде  тұратын  діндар  қария  Дербіш 
Дүйсенбіұлының  айтуына  қарағанда  бұл  жерде  қасиетті  әулие 
қыз жерленген дейді.  
Аңғарда ӛскен талдарды қырқып отынға пайдалануға ол жер 
қасиетті әулие саналғандықтан рұхсат етілмейді. 
Мұндағы  «Қыз  әулие»  -  атауындағы  «қыз»  сӛзі  этноним 
болып саналады. 
 
Қыз құлаған 
Ақсу  -  Жабағылы  қорығының  Түлкібас  ауданының  шығыс 
бӛлігінде  орналасқан  тау  беткейінде  «Қыз  құлаған»  -  аталатын 
шағын  кӛл  бар.  Кӛлдің  бұлай  аталу  себебін  Ақсу  -  Жабағылы 
қорығының 
мұражайымен 
таныстырушы 
қызметкерінің 
пікірінше,  ілгері  заманда  сол  кӛлдің  жасағын  жайлаған  бір 
байдың кӛрікті қызы болыпты. Бай қыздың қарсылығына қарамай 
бір  саудагерге  бермекші  болады.  Оған  кӛнбеген  қыз  тастан  сол 
кӛлге құлап ӛліпті деген мәлімет береді. 

171 
 
Қызмола 
Бақаты  аталатын  шағын  ӛзеннің  шығыс  жағында, 
Сарықайқаң аталатын жерде «Қызмола» - атты жер бар. Қызмола 
туралы  аңызды  біз  ертеректе  Қаңлы  руының  шежірелі  қариясы 
Сегізбай ақсақалдың аузынан естіген едік. Ерте кезде бір ханның 
жалғыз  қызы  бойжеткен  кезде  белгісіз  сырқаттан  қайтыс 
болыпты.  Ол  қыздың  кӛріпкелдік  қасиеті  болған  ұқсайды. 
Ұрпақсыз  қалған  хан  қатты  қайғырыпты,  сол  Бақаты  ӛзенінің 
жағасына  жерлеп  басына  екі  қаратал  егіпті.  Қарияның  айтуы 
бойынша  не  себептен  екені  белгісіз,  қараталдарды  қанмен 
суғарыпты.  Бақаты  бойындағы  сол  үлкен  қара  талдың  бірін 
орыстар  келген  кезде  шауып  алып,  арбаға  тиеп  алып  бара 
жатқанда қиядан аунап, қайтыс болыпты дейді.  
Қыз  моланы  бүгінгі  күнге  дейін  ел  қасиетті  санайды.  Ал 
оның  басына  егілген  үлкен  қара  тал  нешеме  ғасыр  ӛтсе  де  әлі 
күнге жапырақ жайып кӛктеп тұр. 
Жердің  «Қызмола»  -  аталуы  аңызда  айтылғандай  кӛріпкел 
әулие қыздың жерленген жері.  
 
Қызтоған 
Боралдай  ауылдық  округіне  қарасты  Жуалы  ауданының 
солтүстігінде  Шаянға  жақын  орналасқан  ауылдардың  бірі- 
«Қызтоған» - аталады. Бұл елді мекеннің бұлай «Қызтоған» аталу 
себебі, Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан сұрапыл кезеңде тылдағы 
бар ауыртпашылық бала - шаға мен  қыз - келіншектерге түскені 
баршамызға  белгілі.  Сол  тӛңіректегі  атыраптағы  егінді  суғару 
мақсатында  шағын  ӛзенге  қыз-келіншектер  тоған  салған. 
(Тоғанның  орны  әлі  күнге  сақталған).  Сол  кезден  бері  ауыл 
Қызтоған аталады. 
Е.Қойшыбаевтың  Қазақстанның  жер  –  су  атаулары 
кітабында,  Қызтоған  атауына  байланысты  мынандай  анықтама 
береді:  «Қызтоған  –  халық  аңызында  «қыздар  қазған  тоған». 
Түркі тілдеріндегі ротацизм заңдылығы «р» дыбысының алмасуы 
бойынша  қыр  //  қыз  тұлғалары  ауыс  –  қағыс  айтыла  береді. 
Қызтоған  –  «қырға  шығарылған  тоған»  мәніндегі  атау».   
(Алматы: Мектеп, 1985, 179бет). 

172 
 
Қызыл дала 
 Қызыл  дала  –  Республика  бойынша  кӛп  кездесетін  дала 
аттары.  «Қызыл  дала»  -  аталатын  жер  Жетітӛбенің  оңтүстік 
жағында  Бауыржан  Момышұлы  –  Қошқарата  автомобиль 
жолының үстінде, таудың етегіне дейін созылып жатқан дала. Ол 
Қарасаз  ауылдық  округінің  аймағына  жатады.  Қызыл  даланың 
етегіндегі  сайлардан  басталатын  бұлақтардың  суын  бӛгеп 
жасалған «Қызыл даланың кӛлі» - аталатын кӛл бар. 
  Алыстан  қараған  кісіге  Қызыл  даланың  күнгей  жағы 
қызғылт  тартып  жатады.  Бұл  жердің  аталуы  осы  беткейдің 
қызғылт түсіне байланысты қойылған ороним.   
          
  Қызылжар 
  Талас  Алатауының  баурайындағы  Ақсай  аталатын  ӛзеннің 
шығыс жағындағы сілемнің орта тұсы «Қызылжар» - аталады. 
  Орналасқан  жері  Ақсай  ӛзенінің  шатқалдан  ағып  шығар 
жеріндегі қорықшы үйінің шығысында 300 метрдей жерде. 
  Тауға  шығатын  адам  осы  Қызылжардың  үстіндегі  қылта 
жолмен  кӛтеріледі.  Етектен  қараған  кісіге  Қызылжар  жоғарғы 
және  тӛменгі  жағы  кӛкорай  белдеу  болып  ерекшеленіп,  45  –  50 
метрдей жері қып – қызыл болып айқын кӛрінеді. 
  Қызылжардың  ӛзен  жағасынан  бетон  құюға  эксковатормен 
құм алатындықтан батыс беткейі жарлауыт болып келеді. 
  Бұл  жердің  «Қызылжар»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ, 
мұндағы  «қызыл» сӛзінің жер қыртысының реңімен байланысты 
атау екендігін аңғару қиын емес. 
        
  Қыдыр қонған сай 
  Ақтасты  елдімекенінің  солтүстік  шығысындағы  Кіші 
Қаратаудың бір сілемінің қойнауындағы сайды жұрт - «Қарасай» 
немесе  «Қыдыр  қонған  сай»  -  деп  атайды.  Ол  сайдың  орын 
тепкен  жері,  Ақтасты  елдімекенінің  солтүстік  шығысында  7 
шақырым  жерде.  Бұл  сайды  Қарасай  атауға  негіз  болатын 
ешқандай белгі жоқ, ал Қыдыр қонған сай аталуына байланысты 
ӛте бір қызық құбылыс бар. Сайдың табанында шағын бұлақ бар, 
оның  оң   жақ  қапталында  үлкен – үлкен  екі  түп  долана ӛседі. 

173 
 
Сол доланалардан сәл тӛменірек кішігірім киіз үйдің кӛлеміндей 
«Қыдыр  қонған  жер»  -  аталатын  орын  бар.  Ол  жердің  бір 
ерекшелігі  қыс  күндері  жауған  қар  бірден  еріп  кетеді  де 
дӛңгеленіп  қарайып  бу  шығып  жатады,  ал  жаздың  күндері 
кӛкпеңбек дӛңгелек болып кӛгеріп жатады.  
Жергілікті  тұрғындар  бұл  жерді  «Қыдыр  ата  қонып 
аттанған»  -  деп  қасиетті  санайды,  басына  зиярат  етеді.  Қыдыр  – 
мұсылман дінінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға 
қамқоршы,  бақыт  дәулет  сыйлаушы  кейіпкер  ретінде  танылады. 
Діни  наным  бойынша,  әрбір  нәрсенің  иесі  болады  –  мыс, 
солардың бірі Қыдыр әулие.  
Сай  атауы  жоғарыда  айтылған  Қыдыр  атаға    байланысты  - 
«Қыдыр қонған сай» аталады. Сай атауы сӛйлемнен қалыптасқан  
жалқы есім болып саналады. 
 
Қыстаубай кӛлі 
Бұл  шағын  кӛл  Ынтымақ  елдімекенінің  солтүстік  батыс 
жағында  бір  шақырым  жерде  орналасқан.  Кӛл  табиғи  емес, 
Ынтымақ ауылының батысынан шағын бұлақтардың суына бӛгет 
салып қолдан жасалған. Бұл кӛл Ұлы Отан соғысынан кейін сол 
ауылдың  тұрғыны  Қыстаубай  қарияның  жанқиярлық  еңбегі 
арқасында  пайда  болған.  Сондықтан  да  кӛл  сол  кісінің  есімімен 
«Қыстаубай кӛлі» - деп аталады. 
Қыстаубай  қария  кӛлдің  жағасына  айнала  қара  тал  егіп, 
балық ӛсірген, үйрек – қаз асыраған. 
Бүгінде  Қыстаубай  кӛлінің  жағасындағы  қара  талдар  әбден 
қартайып  қурай  бастаған,  ал  кӛл  ұйыққа  толып,  суы  таязданып 
кеткен.  Аумағы  кішірейіп  қалың  қоға  мен  қамыс  басқан.  Бір 
кездері базары тарқамаған айдын кӛл шүрегей мен жабайы үрек, 
кӛл бақаларға ғана мекен болып қалған жағдайы бар. 
 
Қыстаубай шатқалы 
Жетітӛбе  ауылдық  округіне  қарасты  Қоңыртӛбе  ауылынан 
оңтүстікке  қарай  3  шақырым  жерде  орналасқан  сайды  ел 
«Қыстаубай шатқалы» - деп атайды. Шатқал жоғары ӛрлеген соң 
екіге  бӛлінеді:  бірі  «Құрғақсай»  деп,  (сайдың  арнасы  сусыз 

174 
 
құрғақ болған соң осылай аталған) екіншісі «Қалмаққырылған» 
- аталады. Осы Қалмаққырылған сайының жоғарғы бітер жері құз 
жартас болып келеді. 
Қалмаққырылған  сайдың  тарихы  туралы  кӛргені  мен  ойға 
түйгені  кӛп,  ел  мен  жер  тарихын,  шежіресін  жетік  білетін 
Кәріқорған  ауылының  тұрғыны  Елубай  Исмайлов  былай 
баяндайды:  «Жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  Аққошқар  батыр 
бастаған  қазақ  жасақтары  қашып  бара  жатқандай  айла  жасап, 
соңдарынан  қуған  қалмақтарды  осы  шатқалға  қамап  қырып 
салған екен» - дейді. 
ХІХ  ғасырдың  аяғында  Батырбек  датқа  Қоңыртӛбе 
аймағынан  Найман  руына  жер  бӛліп  беріп  қоныстандырғаны 
тарихтан  белгілі.  Осы  шатқалдың  аузында  Найман  руының 
Қыстаубай есімді беделді қариясы ӛзінің әулетімен мекен еткен. 
Сондықтан шатқал күні бүгінге дейін «Қыстаубай шатқалы» - деп 
аталып келеді. 
Осы  шатқалдың  шыға  берісінде  VІІІ  –  ХІ  ғасырлардың 
археологиялық  нысаны  –  қарауыл  мұнарасы  болған.  Ол  туралы 
мәлімет  тарихшы  Күзенбай  Байбосыновтың  зерттеулерінде 
кӛрсетілген. 
 
Майбұлақ 
Республикамыздың  оңтүстік  атыраптарында  кӛп  кездесетін 
бұлақ  атауларының  бірі  –  «Майбұлақ»  деп  аталатын  жер 
Таңшығыс  атты  ескі  қоныстың  солтүстік  жағындағы  шағын 
бастау.  Бұл  бұлақтың  шығыс  жағынан  Әкбастау,  (жоғарғы 
жағынан  ел  үй  әктеуге  әк  қазып  алғандықтан  осылай  аталған) 
және  шығыс  жағынан  Кӛкбастау  (жағалауы  кӛк  майса 
болғандықтан аталған атау) бұлақтары басталып үшеуі бір арнаға 
қосылып,  солтүстік  шығысқа  қарай  ағып  барып  Теріс  ӛзеніне 
қосылады. 
 «Майбұлақ  атауы  кӛне  түркінің  «май»  және  «бұлақ» 
сӛздерінен  қалыптасқан  атау.  «Май»  тұлғалас  тіркестер  түркі 
тілдерінің кӛкке табыну дәстүрінен елес береді, қазақ тілінде: «от 
ана,  май  ана»,  алтай  тілінде  «май  эне»,  орхон  жазбаларында 
«ұмай»  ұғымындағы  атау».  (Еркебай  Қойшыбаев.  Қазақстанның 

175 
 
жер – су аттары сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985, 184бет.)  
Ал  «Майбұлақ»  атауына  бұрынғы  Таңшығыс  аталатын 
жерде туып ӛскен Құттыбай Есенбекұлы басқаша түсінік береді:  
«Майбұлақтың  тӛңірегіндегі  шағын  ауылдың  тұрғындары 
қарынға,  ыдысқа  салған  майларын  осы  бұлаққа  салып  қоятын. 
Бұрын  тоңазтқыш  жоқ  кезде  бұлақ  суына  батырылған  май 
бұзылмай  жақсы  сақталғандықтан,  Майбұлақ  аталатыны 
сондықтан» - деп кӛрсетеді.  
Біз  «Майбұлақ»  -  атауының  екінші  нұсқасына  тоқталамыз. 
Бұл  «май  салынған  бұлақ»  -  деген  ұғымды  білдіретін  гидроним 
деп білеміз.    
 
Майтӛбе 
Қаратау-Тараз автомобиль жолының шығысында Билікӛлден 
10  шақырым  шамасындағы  тӛбе  «Майтӛбе»  -  аталады.  Бұл 
тӛбенің  осылай  аталуы  туралы  қариялар  бұл  жерден  бұрынғы 
кезде  мұнай  ӛндірілген,  сондықтан  Майтӛбе  -  аталған  дейді. 
(Бірақ қай кезде, кімдер ӛндіргені туралы ешкім дәйекті  ештеңе 
айта алмайды). 
Екінші  біреулердің  айтуынша  бұл  тӛбенің  Майтӛбе  аталу 
себебі жаугершілік кезде қаза тапқандарды осы тӛбеге жерлеген, 
сондықтан  ол  «Мәйіттӛбе»  -  аталған,  айтыла  келе  Майтӛбеге, 
айналыпты кеткен деп баяндайды. 
Тарихи  мәліметтерге  суйенсек,  Майтӛбе  аталуының  екінші 
нұсқасы  шындыққа  жақын  сияқты.  Б.Әбілдаұлы  Тӛле  би  мен 
Қойгелді  батыр  кітабында    былай  баяндалады:  «Қотырбұлақ, 
Майтӛбе,  Ақкӛл  жеріндегі  шайқастардың  іздері  әлі  күнге  дейін 
сайдап жатыр. Сол соғыстарда қырылған қалмақтардың обалары 
тӛрткүл  тӛбелер  ретінде  сақталса,  туған  жерін  қорғауда  шейіт 
болған қазақтардың зираттары да айқын байқалады. Туған жерді 
жоңғарлардан  босатқаннан  кейін  Қойгелді  еліне  қоныс  бӛлгенде 
осы  бауырлары  қаза  тапқан  жерлерді  таңдапты.  «Майтӛбе» 
совхозы  орналасқан  Майдан  тӛбені  Қойгелді  басқарған 
жауынгерлер  әуелі  қалмақтардан,  одан  кейін  қырғыздардан, 
үшінші рет түрікпендерден азат еткен» - деп кӛрсетеді. (Алматы. 
Қазақстан «Мерей» 1992 110 бет).  

176 
 
Демек,  «Майтӛбе»  -  атауы  Мәйіттӛбе  немесе  Майдантӛбе 
болсын,  сол  кезеңде  жаугершілікте    туындаған  атаулардың 
бүгінге жеткен жаңғырығы деп білеміз. 
Осы  маңдағы  Талас  ауданына  қарасты  елдімекен  де 
«Майтӛбе» - аталады. 
 
 Маңқасай 
 «Маңқасай»  - Шақпақ ата  елдімекенінен тоғыз шақырымдай 
жерде  Амансайдың  солтүстік  батысында  жатқан  жан  жағын  тау 
қоршаған терең сай. Бұл жерді «Маңқасай» -деп аталуына жылқы 
малында болатын маңқа ауруы себеп болған. Ол адамға да, малға 
да жұғатын жұқпалы ауру. Індет таратпау үшін маңқа ауруымен 
ауырған  жылқы  малын  осы  сайға  алып  келіп  атып,  ӛлексесін 
ӛртеп отырған. 
  Сол  оқиғаны  кӛзімен  кӛрген  қариялардың  айтуынша  Ұлы 
Отан соғысының алдында яғни, 1930 – 1940 жылдары болған. Ол 
жерді  әлі  күнге  дейін  ақ  сӛңке  болып  қураған  жылқы  малының 
сүйектері шашылып жатады. 
  Жер  атауы  маңқа  ауруымен  ауырып  жойылған  жылқыларға 
байланысты «Маңқасай» - деп аталған. 
 
Марының сазы 
Жуалы  жерінің  солтүстік  шығыс  жағындағы  Қаратау 
жоталарының  арасында  Кӛсегенің  кӛк  жонына  жақын  жердегі 
Аралтӛбенің бергі жағында орналасқан. Жан – жағы жоталармен 
қоршаған  ойыстау  жер  болғандықтан  қысы  –  жазы  саздап 
жатады.  Ол  жердің  аумағы  ӛте  үлкен,  бұрын  бұл  жерде  сол 
маңдағы ас, той, бәйге сияқты үлкен жиындар ӛтетін жер болған.  
Ол жерді халықтың «Марының сазы» - деу себебі сол маңды 
жайлау еткен Мары деген кісінің есімімен қойылған атау. 
 
 Мыңбұлақ 
 Жамбыл  облысының  Жуалы  ауданындағы  теріс  ӛзенінің 
алабы  ежелден  осылай  мың  бұлақ  аталған  Мыңбұлақ  туралы 
алғашқы деректі біз Қытай жиһангер – сопысы Сюань – Цзянның 
630  жылдар  шамасында  жазған  сапарнамасынан  келтіреміз.  Ол 

177 
 
қазіргі  Жамбыл  облысының  батыс  шетіндегі  Мыңбұлақ  ӛңірінің 
жанға  жайлы  екендігін  тамсана  жазып,  оны  жаздың  ыстық 
айларында    Түркі  хандары  Түркібасыдан  келіп  жазғы  мекені 
ететінін баяндайды. Хан  ордасы орналасқан Түлкібасы мен оның 
шығыс жағындағы Мыңбұлақ жалғасып жатқан мекендер, арасы 
35-40  шақырым  ғана  «Бұл  жерге  Ызбарлы  хан  (Естемес  ханның 
бесінші ұрпағы) 651 жылы  атасының жазғы мекені Мыңбұлаққа 
арнайы  қала  салдырып  ордасын  тікті»  -  деп  кӛрсетілген.  Бұл 
мәліметтер  Л.  Гумилевтың  «Кӛне    түркіллер»  атты  кібарында, 
Қазақстан тарихының 1 томында сол сияқты Жамбыл облысының 
энциклопедиясында да жазылған. 
 Мыңбұлақ  туралы  Араб  жиһангері  Убейдаллаһ  ибн 
Абдуллах ибн Хордадбек (846 жылы) және Кудама ибн Жафар (Х 
ғасырдың  басында)  ӛздерінің  қолжазбаларында,    Бұл  Мыңбұлақ 
(Абарджадж)  үлкен  тӛбе,  оның  айналасынан  мыңдаған  бұлақтар 
ағып  шығады.  Абарджадж  қаласының  бұрынғы  аты  Мыңбұлақ 
болған  деген  деректер  бар  –  делінген.  (Kodama  ibn  Djafar.  Kitab 
al-Kharadj. Ed.M.J. de Goeje. Lugduni Batvorum. 1889,262 c). 
 Ұлы  Жібек  жолының  негізгі  арнасында  орналасқан  қалалар 
мен керуен бекеттері туралы деректі Араб географы, мемлекеттің 
байланыс  қызметкері  Убейдаллаһ  ибн  Хордадбек  846  -  847 
жылдары  жазған  күнделігінде:  «  Испиджабтан  (Сайрам) 
Будухкетке келдік, одан Тамтаджға (Түлкібас) одан Абарджаджға 
(Мыңбұлақ)  4  фарсах  жол  жүрдік,  одан  Баркуабтағы  (Теріс) 
бекетке  дейін  6  фарсах  жол  жүріп  Жувикет  арқылы  Таразға 
жеттік» - деген. (Ибн Хордабех. Книга путей и страны Баку, 1986, 
121 с). 
 Аталған  қалалардың  барлығы  дерлік  1219  -  1220  жылдары 
Шыңғысханның  шапқыншылығынан  қираған.  Ол  туралы  1246 
жылы Арыс ӛзенінің бойындағы Ұлы Жібек жолының сүрлеуімен 
жүріп  ӛткен  римдік  Плано  Каприни:  «Бұл  жерде  біз  қираған, 
талан- таражға түскен кӛп қақпалы сарайлары бар сансыз қалалар 
мен  қаңынаған  бос  кӛптеген  елдімекендерді  таптық»  –  деп 
жазған.(  Путешествие  в  восточные  страны  Плано  Каорпини  и 
Вильгельма  Рубрука. Москва, 1957, 79 с). 
Мыңбұлақ  –  Абарджадж  –  Абарадж  қаласы  туралы  барлық 

178 
 
деректерді қарастыра отырып негізін 651 жылы Ызбарлы Халық 
хан  қалаған  қала  1219  жылы    ӛмір  сүруін  тоқтатқан  сияқты. 
Есептеп қарасақ қала 568 жыл ӛмір сүрген деген болжам жасауға 
болады. 
Қаланың  қазіргі  орны  Жуалы  ауданының    Оңтүстік 
Қазақстан  облысының Түлкібасы ауданымен шектесер жеріндегі 
Шақпақ  темір  жол  станциясынан  оңтүстікке  қарай  1  шақырым 
жерде. Батыс жағында Шақпақ белі мен Құлантау жотасы арқылы 
жапсарласып  жатқан  осы  тӛбеден  іргелес  жатқан  екі  ауданның 
кӛз  жетер  аймағы  алақандағыдай  айқын  кӛрінеді.  Арыс  ӛзенінің 
басы осы тӛбенің батысынан басталатын бұлақтардан құралады. 
Қазіргі таңда тӛбенің айналасындағы егінді алқапты ӛңдеген 
кезде  бұл  жерден  қаланың  болғандығын  айғақтайтын  кӛптеген 
керамикалық  ыдыс  –  аяқтардың,  құмыралардың  сынықтарын 
кездестіруге болады.  Бірақ қала орны әлі күнге зерттелмеген. 
 Мыңбұлақ - аталу себебі бұл жерден андыздап аққан сансыз 
бұлақтарға  байланысты  болса,  Абарджадж  атауы  арабшадан 
мағыналап аударғанда «мұнаралы тӛбе» - дегенді білдіреді. 
Мыңбұлақ туралы ақын Т.Әлімбеков былай жырлайды: 
                                    Алатаудан нұрын тӛксе күн құлап, 
                                    Жуалының сұлулығы сұмдық – ай! 
                                    Айналаны сиқыр күйге бӛлейді. 
                                    Суыршықтай бұлқып атқан Мыңбұлақ! 
 Мыңбұлақ 
атауының 
шығуы 
туралы 
Е.Қойшыбаев 
тӛмендегідей  анықтама  береді  «Бұл  кӛне  атау.  «Мың»  сӛзі 
атауларының мазмұнын байытып, әсірелеп тұр. Қытай жиһанкезі 
Цюань  –  Цзан  келтірген  кӛне  деректерде  (б.з  VІІ  ғ)  Бинюй  – 
Талас  ӛңіріндегі  қорық  аты  дейді.  Совет  топономистері  бұл 
тектес  атаулардың  Пенза  топонимімен  түбірлестігін  ашқандыығ 
бар: Пенза атауы кӛне бұлғар – чуваш тілдерінің пен «мың» және 
«су»  яғни  Пенсу  –  мың  су  сӛздерінен  шыққан»  -  дейді. 
(Е.Қойшыбаев Қазақстанның жер – су аттарының сӛздігі Алматы: 
Мектеп, 1985, 190 бет). 
  Қазақ  тіліндегі  мың  сӛзі  бұлақтың  саны  «мың»  емес  кӛп 
дегенді білдіреді, сондықтан «Мыңбұлақ» - атауы қалыптасқан. 
  
 

179 
 
Мыңжылқы 
Талас Алатауының етегінде Б.Момышұлы ауылының Қайрат 
елдімекенінің оңтүстігінде 16 шақырымдай жерде  «Мыңжылқы» 
- аталатын жер бар. 
Біз  бұл  Мыңжылқы  атауының  этимологиясын  іздестірген 
кезде  Қайрат  елдімекенінің  тұрғындарының  пікірінше,  бұл  жер 
мыңдаған 
жылқы 
сиятын 
тау 
бӛктеріндегі 
жайылым 
болғандықтан «Мыңжылқы» аталады - дейді.  
Екінші  біреулер  оны  1928  жылдардағы  ұжымдастыру 
кезінде  сол  шатқалға  бір  бай  жылқысын  жасырған,  Мыңжылқы 
аталуы сондықтан - деп болжам айтады.  
Бірақ  бұл  пікірдің  ақиқаттан  алшағырақ  екендігіне  кӛз 
жеткіздік, себебі мың жылқы сиятын аймақ басқа ӛңірде де жетіп 
жатыр. 
Ал  шындығында,  тау  етегіндегі  шашырап  жатқан  үлкен 
тастар,  жайылымдағы  жусап  жатқан  кӛп  жылқыны  елестетеді. 
Сондықтан Алатау етегіндегі үлкен қойнау осылай «Мыңжылқы» 
- аталған.  
 
Мүрделі 
Күреңбел  ауылдық  округіне  қарасты  Қаратас  елдімекенінің 
солтүстік  жағында  2  шақырым  жерде  орналасқан  шығыстан 
батысқа қарай созылып жатқан беткей «Мүрделі»  - деп аталады. 
Ол жердің Мүрделі аталуына беткейдегі ескі қорым (мүрде) себеп 
болған. 
Мүрделінің  оңтүстік  беткейінен  басталған  бұлақтар  Бӛкей 
тауының  етегіндегі  бұлақтарға  қосылып  Теріс  ӛзенінің  басын 
құрайды.  Ал  Боралдай  ӛзені  болса  осы  Мүрделі  жотасының 
солтүстік  беткейінен  ағатын  бұлақтардан  бастау  алады.  Бұл  жер 
Жуалы  ӛлкесінің  оңтүстікке  қарай  ағатын  Теріс  ӛзені  мен 
солтүстікке қарай басталатын Боралдай ӛзендерінің ортасындағы 
жота.  Бауыржан  Момышұлы  –  Қошқарата  автомобиль  жолы 
салынбай  тұрып  Қоғалы,  Қошқарата  жаққа  баратын  жолаушы 
осы жотадан асып тӛбе жолмен қатынаған. Ол жолдың сұлабасы 
әлі күнге сақталған. 
 

180 
 
Нышанкүл сай 
«Нышанкүл  сай»  –  аталатын  шатқал  Ленинский  путь 
аталатын  елдімекеннен  батысқа  қарай  8  шақырымдай  жерде 
орналасқан. 
Бұл 
шатқал 
Берікқара, 
Жұрынсай, 
Саясу 
шатқалдарының солтүстік жағында.  
Сайдың  бұлай  аталуын    сол  ӛңірдің  тұрғыны  Бектанұлы 
Мұраттың айтуы бойынша  бұл жерде жаныс руының  Нышанкүл 
есімді  қызы  қырғыздардың  шапқыншылығына  ерлермен  қатар 
тұрып,  қайрат  кӛрсеткен,  сондықтан  бұл  жер  ӛжет  қыздың 
есімімен Нышанкүл сай деп қойылған  атау.  
 
 Орда қонған 
 Бүгінде    Қошқарата  ӛңіріндегі  елдің  ауызекі  әңгімесінде 
«Үлкен  Ордаған»,  «Кіші  Ордаған»  деген  сӛздер  кӛп  айтылады. 
Ал, сӛздің анығына келсек, ол «Үлкен Орда қонған», «Кіші Орда 
қонған» екендігін аңғару қиын емес, айтыла келе  «Орда қонған» 
сӛзі  тілдің  ынғайына  қарай  ордаған  аталып  кеткен.  Осы  «Орда 
қонған»  деген  жер  Жамбыл  мен  Оңтүстік  Қазақстан 
облыстарының  шектесер  жерінде  Арқарлы  атты  тауға  жақын, 
Қошқарата  мен  Боралдай  ӛзендерінің  жоғарғы  сағасында 
орналасқан.  Үлкен  Орда  қонған  мен  Кіші  Орда  қонғанның  ара 
қашықтығы небәрі 3-4 шақырым ғана. Жоңғар шапқыншылығы 
кезінде, жасақтарды аңғарларға жасыру және барлық уақытта бір- 
бірімен      байланыста      болу      үшін    сол    кездегі    соғыс  
тактикасына  байланысты  солай  орналасқандығын  кӛреміз. 
Бірінші  орда  Ордабасында,  екінші  орда  Қошқарата  жерінде, 
үшіншісі  Ақыртӛбе  станциясының  жанында  қазақ  жасақтары 
топтастырылғаны бізге тарихтан белгілі. 
 Мұхаметжан  Тынышбаевтың  еңбегінде:  «Орда  -  басы 
расположено так, что командует над всей терассой; стоит только 
подняться    из  низин  районов  Арыстанды  (90-100    верст)  или 
Боралдайской системы (50 - 60 верст) как сразу бросается в глаза 
характерная  сопка  Орда  басы;  и  наоборот  с  Орда-Басы  можно 
обозреть  все  пространство,  такое  только  доступно  глазу 
дальнозоркого степняка»
 
- деп сипатталады. (История казахского 
народа. Алма-Ата, 1993г. 166 стр). 

181 
 
 Осы  үш  орданың    ел  билеушілерінің  бірігіп  Сазтӛбеде 
ӛткізген  жиыны  туралы    Қ.Аманжолов,  А.Тасболатовтар 
«Қазақстанның  әскери  тарихы»  атты  кітабында  былай  жазады:  
«XVIII  ғасырдың  20  жылдарында  Сайрамға  жақын  Састӛбеде 
(Оңт.Қазазқстан облысы) (Сазтӛбе – айтыла келе Састӛбе болып 
аталып  кеткен.  Автор)  үш  орданың  ел  билеушілері  мен  ру 
басылары  қатысқан  бүкіл  қазақтың  үш  ордасының  съезі 
шақырылған.  Съезден  кейін  Кіші  орданың  хандық  билігі 
Әбілқайырдың,  Орта  орда  Сәмеке  мен  Күшіктің  қолына  кӛшті. 
Ұлы  орда  билігі  Тӛле  биде  қалды»  -  деп  жазады.  (Қазақтың 
әскери тарихы. Алматы: Білім, 1999, 133 б).  
Қазақтың үш ордасының біріккен шешімі Жәнібек батырдың 
орыс  елшісіне  айтқан:  «Ӛз  туыстарымды  және  ар  -  намысымды 
қорғау  үшін  Жоңғарларға  қарсы  соғысуға  мәжбүр  болдым»  - 
дейтін  сӛзі  толық  сай  келеді.  Мұны  М.Тынышбаевтың 
жазғанымен  нақтылар  болсақ  «Верховьях  р.р.  Боралдая  и 
Кошкараты  стояли  ставки  Старшего  хана  3х-Орд  и  Младшего 
хана  Верховным  ханом  всех  трех  Орд  считался  сын  Тауке-хана 
Болат  хан,  и  Улкен  Орда  конган-  место  стоянки  его  ставки 
младшим  ханом  был  Абулхаир,  командовавший  всеми 
казахскими  силами;  Киши  Орда  конган-место  стоянки  его 
ставки» - делінеді (167 стр).  
Қорыта  келгенде  Жуалы  ауданының  Қошқарата  ӛңіріндегі 
Ордақонған,  Боралдай,  Жолбарыс  қамал,  Үлкен  тұра,  Кіші  тұра, 
Садыр  қамал,  Тарақты  қамал,  т.с.с.  кӛптеген  жер  -  су  атаулары 
17-18  ғасырлардағы  туған  елімізді  Жоңғар қалмақтарынан азат 
ету  кезіндегі  соғыстарға  қойылған  атаулар  болып  табылады. 
Қысқасы,  «Орда  қонған»  -  атауы  Орданың  тұрған  жері  дегенді 
білдіретін атау. 
Каталог: images -> data
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
data -> Программа вступительных испытаний в академическую гимназию спбгу на образовательные программы основного общего и среднего (полного) образования по русскому языку


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет