Байдалиев Д. Д



жүктеу 2.09 Mb.
Pdf просмотр
бет2/18
Дата22.12.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

                
3.
 
Обалар мен қорымдар 
 
   Қазақстанның  барлық  жерлерінде  кездесетін  обалар  мен 

17 
 
қорымдар  Жуалы  ауданының  аймағында  да  кӛп.  Бұлар  бізге 
Сақ,  Үйсін,  Қаңлы,  Түрік  тайпаларынан  қалған  тарихи 
ескерткіштер. 
  «Оба»  сӛзіне  Қазақ  Совет  энциклопедиясында:  «Оба»  - 
археологияда  ӛлген  адамдарды  жерлеген  орын.  Ӛліктерді 
жерлеу  ғұрпы  алғаш  палелоит  дәуірінде  пайда  болған.  Ӛмір 
сүрген дәуіріне қарай әр тайпаның ӛлікті жерлеу ғұрпы әр түрлі 
болды. Обалар тас, топырақ немесе тас пен топырақ үйіндісінен 
тұрады» 

деген 
анықтама 
берілген. 
(Қазақ 
Совет 
энциклопедиясы. Алматы 8 том 429 бет.) 
  Обалар  мен  қорымдарда  жүргізілген  археологиялық 
зерттеулердің нәтижесінде ежелгі ӛмір сүрген халықтардың діни 
сенімін,  мәдениеті  мен  тұрмысын  сол  сияқты  шаруашылық 
түрлерін,  ӛнерін,  әлеуметтік  қатынастарын  орнықтыруға 
мүмкіндік туған. 
  «Оба»  сӛзінің  шығуының  арғы  түбіріне  кӛз  жіберсек,  ол 
тунгас  –  манчжур  тілдерінің  «обо»  сӛзінен  туындаған  «үйінді 
тас,  жалғыз  тӛбешік»  ұғымын  білдіретін  сӛз.  Оба  оғыз  – 
қыпшақтарда  да  «нысана»  мәнін,  ал  қырғыз  тілінде  «обоо», 
«оңаша  тӛбе»  мағынасын  береді.  Бұл  жӛнінде  «История  тувы» 
атты  кітапта:  «Обалар  кӛбіне  буддистер  табынатын  тас 
үйінділер немесе шекара белгісі үшін үйілген үйметас белгілер» 
-  деп  кӛрсетілген.  (История  тувы,  1Т,  Издательство  «Советская 
энциклопедия» 124 стр.) 
  Жуалы  аймағында  бізге  белгілі  40  тан  астам  обалар,  17  – 
обалы  қорымдар  және  20  –  ға  жуық  қорымдар  бар.  Олардың 
кӛбісі  әсіресе  Билікӛл  аймағындағы  Жосалы,  Саясу  жерлерінде 
шоғырланған.  Ал  жекелеген  обалар  мен  қорымдар  Шыңбұлақ, 
Кәріқорған, 
Кеңес, 
Шақпақата, 
Октябрьск, 
Бауыржан 
Момышұлы ауылдарының маңдарында кездеседі. 
Қорым  –  ертедегі  ғұрыпты  жерлеу  орны.  Қорым  негізінен, 
тастан  қаланып,  кейде  топырақтан  тұрғызылған  немесе 
қиыршық  тастан  үйіп  жасалған  бірнеше  обалардан,  қорған 
қоршаулардан  тұрады.  Мұндай  жерлеу  орындары  кӛбіне 
шығыстан  батысқа  қарай  қатар  орналасады.  Жуалы  ӛңірінде 
қола,  темір  дәуіріне  жататын  қорымдар  аз  зерттелген. 

18 
 
Қорымдардағы  ескерткіштер  мен  табылған  әшекей  заттар, 
бұйымдар  байырғы  тұрғындардың  әлеуметтік  даму  деңгейін, 
дүниетанымын,  қоғамдық  қатынастарын  анықтауға  мүмкіндік 
береді. Мысалы: «Бесшатыр қорымы үлкенді – кішілі 31 обадан, 
Бесоба  қорымы  12  обадан,  Жуантӛбе  қорымы  300  обадан, 
Берікқара  қорымы  500  тӛмпешіктен  тұрады.  Кейде  обалардың 
диаметрі  100  метрден,  биіктігі  20  метрден  асады.  Үйінді 
астында  тас  жәшік,  циста,  ағаштан  жасалған  тӛртбұрышты 
немесе  дӛңгелек  саркофагтар  да  кездеседі.»  (Қазақстан  ұлттық 
энциклопедиясы Алматы, 2004, 6 том, 60 бет)   
Жосалы  обалары  Билікӛл  аймағындағы  Жосалы  ӛзенінің 
маңында Қарабастау ауылының оңтүстік – батысында ерте темір 
дәуіріне  жататын  археологиялық  нысандар  болып  табылады. 
Қарабастау  ауылынан  обалар  тізбегінің  қашықтықтары  9  –  10 
шақырымдардың  шамаларында  ұзын  саны  тӛртеу.  Ал 
Қарабастау  ауылының  аймағында,  Тасӛткелге  апаратын  жолға 
жақын  0,5  шақырым  жерде  орналасқан  Қарабастау  обалар 
шоғырында алты оба бар. Олар б.з.д ІV  – І ғасырларға жататын 
археологиялық  нысандар  болып  табылады.  Ал  Қарабастау 
ауылынан  оңтүстік  –  батысқа  қарай  6,5  шақырым,  Тараз  – 
Қаратау  автомобиль  жолының  жанында  ерте  темір  дәуіріне 
жататын Саясу обасы бар. 
Билікӛл 
аймағындағы 
археологиялық 
қорымдар 
нысандарының  да  шоғырланған  жері  осы  Жосалы  жері.  Ол 
Қарабастау елдімекенінен 9,5 – 10,8 шақырымдар аралығындағы 
тау аралық ойпатта орналасқан Жосалы қорымдары ерте темір 
дәуіріне,  қола  дәуіріне,  түркі  дәуірлеріне  жататын  8  қорымнан 
тұрады. 
Қарабастау 
ауылынан 
батысқа 
қарай 

– 

шақырымдарының  арасында  ерте  темір  дәуірі  заманына 
жататын 5 тӛбешіктен тұратын Саясу қорымдары орналасқан.  
Обалар  шоғыры  Бауыржан  Момышұлы  ауылының 
оңтүстігінен 1,5 шақырым жерде Ақсай сайының шыға берісінде 
және ауыл  жанындағы жолдың  іргесінде  қатарынан орналасқан 
б.з.д  ІV  –  ІІ  ғасырларға  жататын  6  оба  бар.  Мұндай  обалар 
Кәріқорған ауылының 5 шақырым батысында да б.з.д ІІ  – б.з ІІ 

19 
 
ғасырларына 
жататын 
12 
оба, 
Шыңбұлақ 
ауылының 
шығысындағы Қосмұрат сайының маңында 2 оба және 4 обалы 
қорым, Кеңес ауылының маңында 2 оба, 8 обалы қорымдар бар. 
Жеке  –  жеке  обалар  мен  қорымдар  Кӛлтоған  ауылының 
батысында  1  обалы  қорым,  Шақпақата  ауылының  шығысында 
және батысында 2 обалы қорым бар. 
Бұл обалар мен қорымдардың биіктігі онша биік емес 2,5 – 
5  метрдің  шамасын  құрайды,  диаметрі  әртүрлі  12  –  25  мердің 
арасында.  Олардың  орналасқан  жерлеріне  темір  қадалар 
орнатылып,  оған  «Бұл  жер  мемлекеттің  қорғауында»  -  деп 
жазылған.  Обалар  мен  қорымдар  микротопонимдер  санатына 
жатады. 
 
4.
 
Қарауыл мұнаралар 
 
  Жуалы  ауданының  жерінде  бізге  белгілі  үш  қарауыл 
мұнарасы  бар.  Олардың  барлығы  да  ауданымыздың  батыс 
жағындағы  Құлан  және  Боралдай  тауларының  шығыс  жақ 
беткейіндегі  бір  –  бірінен  онша  алыс  емес.  Бұл  қарауыл 
мұнаралардың пайда болуы VІІІ – ХІІ ғасырлардың аралығы. 
  Бірінші  қарауыл  мұнарасы  Шақпақ  ауылынан  оңтүстік  – 
батысқа қарай 2 шақырым жердегі Құлансай шатқалының шыға 
беріс  аузына  орналасқан.  Бұл  қарауыл  мұнара  VІІІ  –  ХІІ 
ғасырларға жататын археологиялық нысан болып табылады. 
  Екінші  қарауыл  мұнарасы  VІІІ  –  ХІ  ғасырларға  жататын 
тӛбе.  Қоңыртӛбе  (бұрынғы  Успеновка)  ауылынан  оңтүстікке 
қарай  2  шақырым  жердегі  Қыстаубай  шатқалының  шыға 
берісінде Боралдай тауының етегінде орналасқан. 
  Үшінші  қарауыл  тӛбе  Кәріқорған  (бұрынғы  Казанка) 
ауылынан  оңтүстік  батысқа  қарай  6  шақырым  жерде 
орналасқан.  Бұл  қарауыл  тӛбе  Х  –  ХІІ  ғасырларға  жататын 
археологиялық нысан. 
  Бұл  архитектуралық  құрылыстар  ерте  заманда  қорғаныс, 
қарауыл немесе белгі беру мақсатында тұрғызылған. 
 
  

20 
 
5.
 
Жалғыз қорғандар 
 
Жуалы  жеріндегі  бізге  мәлім  болған  қорған  тӛбелердің 
ұзын  саны  сегіз.  Олардың  пайда  болу  уақыты  сонау  ерте  темір 
дәуірінен  бастау  алады,  содан  б.з  І  –  ІІ  ғасырларының  арасын 
қамтиды.  Бұл  қорған  тӛбелердің  орналасуы  да  жеке  –  жеке,  әр 
аймақта  бірді  –  екілі,  кӛпшілік  жұрт  біле  бермейтін  жермен  – 
жексен тӛбелер. Ал Билікӛл аймағында тӛрт қорған тӛбелерден 
тұратын  бір  аймаққа  шоғырланған  Жосалы  қорған  тӛбелері 
орналасқан. Енді осы қорған тӛбелерге жеке – жеке тоқталайық: 
  Біріншісі  жалғыз  қорған  тӛбе,  Жуалы  ауданының  шығыс 
жағындағы  Жаңаталап  ауылынан  Бауыржан  Момышұлы 
ауылына  бара  жатқан  автомобиль  жолының  сол  жағында  1,5 
шақырым жерде орналасқан. Бұл жалғыз қорған бізге сонау ерте 
темір дәуірінен жеткен ӛте кӛне археологиялық нысан. 
  Екінші  қорған,  ол  да  Жуалы  ауданының  шығыс  жағында, 
Октябрьск  ауылынан  Бауыржан  Момышұлы  ауылына  келе 
жатқан  автомобиль  жолының  сол  жағынан  2,5  шақырым 
қашықтықта орналасқан. Бұл қорған тӛбе де ерте темір дәуірінің 
ескерткіші. 
  Үшінші  қорған  тӛбенің  де  пайда  болу  уақыты  ерте  темір 
дәуіріне  жатады.  Орналасқан  жері  Октябрьск  ауылынан 
Бауыржан  Момышұлыға  қарай  шыққан  автомобиль жолының 2 
–  ші  шақырымында,  жолдан  небәрі  20  –  24  метрдей  жерден 
орын тепкен. 
  Тӛртінші  жалғыз  қорған  Жуалы  ауданының  оңтүстік 
шығыс 
жағындағы 
Қырғызстанмен 
шектесер 
жерінде. 
Октябрьск  ауылынан  Аманбаев  ауылына  (бұрынғы  Грозное) 
бара жатқан жолдың оң жағында 3 шақырым жерде орналасқан. 
  Ендігі  бір  осындай  қорған  тӛбелердің  шоғыры  Қарабастау 
ауылы (бұрынғы Билікӛл совхозы) аймағында. Дәлірек айтқанда 
Тасӛткелден  Қарабастау  ауылына  апаратын  соқпақ  жолдың  екі 
қапталында  орналасқан.  Бұл  қорған  тӛбелердің  ұзын  саны  6, 
олардың  барлығы  да  ерте  темір  дәуірінің  бізге  жеткен 
ескерткіші. 
  Б.з.д  ІІ  –  І  және  б.з  І  –  ІІ  ғасырларына  жататын  бесінші 

21 
 
археологиялық нысанның бірі жалғыз қорған Қарасаз ауылының 
аймағында. Орналасқан жері Қарасаз ауылынан шығысқа қарай 
100 метр жерде орналасқан.  
  Алтыншы  және  жетінші  жалғыз  қорғандар  Шыңбұлақ 
ауылының  маңында.  Бұл  екі  қорған  да  ерте  темір  дәуіріне 
жатады.  Орналасқан  жері  Шыңбұлақ  ауылының  оңтүстік 
жағында  5  шақырым  жерде  Теріс  ӛзенінің  оң  және  сол 
жағалауында. 
  Сегізінші  жалғыз  қорған  Рысбек  батыр  ауылы,  (бұрынғы 
«Путь  к  коммунизму»  колхозы)  Ақтасты  мекенінің  маңында, 
Қашауыш  аталатын  жолдан  40  метр  шығыс  жағында 
орналасқан.  Бұл  жалғызданған  қорған  да  ерте  темір  дәуіріне 
жатады. 
  Жосалы қорған тӛбелері 
  Ертедегі  темір  дәуірінің  ескерткіштері  саналатын  Жосалы 
қорғандары Жуалы ауданы Билікӛл ауылының солтүстігінде бір 
-  бірінен  200  -  400  метрдей  арақашықтықта  орналасқан  тӛрт 
тӛбешіктерден  тұрады.  Бұл  тарихи  ескерткіштерді  алғаш  рет 
А.Досымбекованың жетекшілігімен 1987 жылы Қазақстан Ғылым 
Академиясының  Шоқан  Уәлиханов  атындағы  Тарих,  археология 
және  этнология  институтының  археологиялық  экспедициясының 
отряды  ашқан.  Бірінші  қорған  тӛбе  Жосалы  –  1.  Билікӛл 
ауылының  солтүстігінде  9,8  шақырым  қашықтықта  орналасқан. 
Бұл  қорғанның  диаметрі  15  метрдей  де,  ал  биіктігі  1,5  метрді 
құрайды. 
  Екінші  қорған  тебешік  Жосалы  –  2.  Билікӛл  ауылының 
солтүстік  батыс  жағында,  10  шақырым  кашықтықта  салынған. 
Бұл  корған  тӛбенің  диаметрі  10  метр  шамасында  да  биіктігі  1 
метрді кұрайды. Ол қорған негізінен тас пен құм араластырылып 
салынған тӛбешік пішіндес болып келген. 
  Жосалы  -  3  қорған  тебешігі.  Билікӛл  ауылының  солтүстік 
батысында  Тараз  -  Қаратау  автомобиль  жолының  оң 
қапталында,  Саясу  асуынан  басталатын  бұлақтың  сол 
жағалауынан  орын  тепкен.  Бұл  қорған  тӛбешіктің  диаметрі  18 
метрді  ал  биіктігі  1,5  метрді  құрайды.  Қорған  тӛбешік  пішіндес 
болып келген. 

22 
 
  Жосалы  - 4 қорым  қорғаны.  Билікӛл ауылының солтүстік  - 
батыс жағында 10,7 шаршы шақырымдай жерде орналасқан. Бұл 
қорым  тӛбешіктер  11  қорғаннан  тұрады.  Олардың  диаметрлері 
әртүрлі;  3  метрден  -  10  метрге  дейін  ал,  биіктіктері    1  метрдей 
болады. Олардың кейбіреулері биіктіктері әртүрлі,   диаметрі   20   
метрден   астам   жерге   қадалған   тастар   тізбегімен қоршалған. 
  1987  жылы  бұл  қорғандардан  археологиялық  қазба  жұмысы 
барысында скиф, үйсін, қаңлы тайпаларына тән қолдан жасалған 
сақина,  сырға  сынды  зергерлік  бұйымдар,  құс  суреті  бар 
жапсырмалар,  барыстың  суреті  бейнеленген  заттар,  садақтың 
оғы сияқты кӛптеген заттар табылған. 
  Тарихшы ғалымдарымыз бұл қорғандарды б.з.д II ғасыр мен 
б.з IV ғасырлар аралығына жатқызады.  
  Аталған  тӛрт  қорған  тӛбелердің  барлығының  да  салынуы 
біртекті,  тас  пен  құм  араластырып  салынған.  Бұл  ертедегі  темір 
дәуірінің  ескерткіштері  саналатын  қорған  тӛбелерде  қазба 
жұмыстары  жүргізілмеген.  Жосалы  қорған  тӛбелер  салынған 
аймақтың  топырақ  құрамы  қызыл  киыршықты  болып  келеді  де 
онда бояу жасалатын жоса ӛсімдігі ӛседі. Сондықтан бұл жерді 
жұрт 
«Жосалы» 
деп 
атайды. 
Жамбыл 
облысының 
энциклопедиясында бұл қорған тӛбелердің Жасалы деп кӛрсетілуі 
дұрыс  емес.  (Жамбыл  облысының  энциклопедиясы.  Алматы 
2003.) 
   
6.
 
Бекіністер мен қоныстар 
 
  Жуалы  аймағындағы  ӛткен  ғасырлардан  бізге  жеткен 
археологиялық  нысандар  -  бекіністер  мен  қоныстар.  Бекіністер 
саны  –  3,  бекіністердің  барлығы  VІІ  –  ХІ  ғасырлардағы 
археологиялық нысандарға жатады. 
 «Бекініс,  қорған,  қамал  –  тұрақты  әскері,  қару  жарағы  бар, 
қажетті  азық  –  түлік,  т.б  нәрселермен  қамтамасыз  етілген, 
әскери  –  стратегиялық  тұрғыдан  маңызды,  жау  қоршауында 
қалған жағдайда ұзақ уақыт қарсыласуға мүмкіндігі мол  әскери 
тұрақ.  Бекіністер  алғашында  топырақ  үйіндісімен,  таспен, 
ағашпен  т.б  материалдармен  қоршалған  елді  мекен  түрінде 

23 
 
болады.  Ал  кӛшпелілер  әскерлері  жылжымалы  бекіністер  құру 
әдістерін  де  қолданған.»  (Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясы 
Алматы, 2004, 2Т, 264 бет)   
  Бірінші  Қарабастау  бекініс  орны  Билікӛл  аймағындағы 
Қарабастау  ауылынан  шығысқа  қарай  2  шақырым жерде,  Тараз 
– Қаратау автомобиль жолынан 100 метр жерде орналасқан. Бұл 
бекініс  VІІ  –  ХІІ  ғасырлардың  археолгиялық  ескерткіші  болып 
саналады. 
  Екінші Кӛлтоған бекінісі. Кӛлтоған ауылының аймағында. 
Ол  VІІ  –  ХІ  ғасырларға  жататын  бекініс  болып  саналады. 
Орналасқан  жері  Кӛлтоған  ауылынан  оңтүстікке  қарай  2 
шақырымдай  жерде  Кӛлтоған  тоғанының  шығыс  жағында. 
Бекініс тӛбешіктің биіктігі 10 метр шамасында. 
  Үшінші 
Шақпақата  бекінісі.  Ол  да  жоғарыдағы 
Қарабастау,  Кӛлтоған  бекіністері  сияқты  VІІ  –  ХІ  ғасырларға 
жататын  археологиялық  нысан.  Орналасқан  жері  Шақпақата 
ауылынан  оңтүстік  –  шығысқа  қарай  1,5  шақырым  жердегі 
шағын тӛбешік. 
   Жуалы  аймағындағы  қоныстар  саны    тӛртеу.  Олар 
Қарабастау қоныс тепесі, Мүрделітӛбе қонысы, Қарасаз қонысы 
және  Қоңыртӛбе  қонысы.  Бұлардың  барлығының  пайда  болуы 
мен ӛмір сүру  уақыттары да шамалас. 
  Қарабастау 
қоныс  тепесі.  (Қарабастау  ауылының 
жанында  болғандықтан  осылай  атадық)  Билікӛл  аймағына 
қарасты  Қарабастау  ауылының  солтүстік  –  батыс  жағында  1,5 
шақырым  жерде  орналасқан,  қазіргі  сипаты  биіктігі    орташа 
тӛбешік. Қарабастау қоныс тепесі VІІІ – ХІІ ғасырларға жатады. 
  Екінші  Қарасаз  қонысы.  Қарасаз  ауылының  аймағында 
орналасқан.  Орналасқан  жері  Қарасаз  ауылынан  солтүстікке 
қарай  1  шақырым  жерде  Зыковка  ауылының  жанында, 
Бауыржан  Момышұлы  –  Қошқарата  автомобиль  жолының 
бойында.  Қоныстың  дәл  жанынан  Шақпақ  ӛзені  ағып  жатыр, 
тӛбенің батыс жағын су шайып жарлауыт болып қалған.  
  Қоныстың биіктігі 15  – 16 метрдей ал алып жатқан аумағы 
0,7  гектердай.  Бұл  жерде  қазір  Қарасаз,  Зыковка  ауылдарының 
ескі бейіті бар. Қоныс тұрғындары VІІ  – ХІ ғасырлар арасында 

24 
 
ӛмір сүрген. 
  Үшінші  Қоңыртӛбе  қонысы  Шақпақ  ауылдық  округіне 
қарасты  Ынтымақ  ауылының  оңтүстік  шығыс  жағында 
орналасқан.  Бұл  қоныс  та  Қарабастау  мен  Қарасаз  қоныстары 
сияқты  VІІ  –  ХІ  ғасырлардың  аралығындағы  архитектуралық 
нысан болып саналады.  
 Қоңыртӛбе қонысының шығыс жағынан Шақпақ ӛзені ағып 
ӛтеді.  Қоныс  тӛбенің  шығыс  жағының  үштен  бірін  ӛзен  суы 
шайып,  биік  жар  болып  қалған.  Жергілікті  жұрт  оны  осы 
сипатына  қарай  «Жартытӛбе»  деп  атайды.  Бұл  жерде  қазір 
Шегір руының бейіті бар. 
  Тӛртінші  Мүрделітӛбе  қонысы  -  VІІ  –  ХІІ  ғасырларға 
жататын  ескі  тарихи  археологиялық  нысан  болып  табылады. 
Орналасқан  жері  Билікӛл  аймағындағы  Қарабастау  ауылының 
солтүстік  батысында  3  шақырым  жерде.  Мүрделі  тӛбе 
қонысының  жанынан  150  метрдей  жерден  Тараз  –  Қаратау 
автомобиль жолы ӛтеді.  
  Мүрделітӛбе  -  ежелгі  бекініс  орнын    1938  жылы 
А.Н.Бернштамның 
жетекшілігімен 
Жетісу 
археологиялық 
экспедициясы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген.  Нәтижесінде  ол 
жерден  табылған  қыш  құты,  керсен,  күбі  сынықтары  сияқты 
заттардың  жасалу  тәсілдері  мен  пішіндеріне  қарап  мекен 
тұрғындарының  VIII  -  XII  ғасырларда  ӛмір  сүргендігін 
шамалаймыз.  Мүрделітӛбенің  қазіргі  кӛрінісі  жалпақтау  келген 
тӛбе. Мұнда қазба жұмыстары жүргізілмеген. 
  Біз  Жуалы  аймағындағы  ерте  темір  дәуіріндегі  болған 
обалар,  қорымдар,  қорған  тӛбелерді  жазғанда  осы  ӛңірде 
бірнеше жылдай зерттеулер жүргізіп үлкен еңбек сіңірген тарих 
ғылымының  докторы,  профессор  Күзенбай  Байбосыновтың 
материалдарын пайдаландық.  
 
Шақпақ әулие үңгірі. 
  Жуалы  ауданының  Шақпақ  елдімекенінің  жанындағы 
Шақпақ  тау  жотасының  батысында  «Шақпақ  әулие»  аталатын 
шағын үңгір бар. 
  Шақпақ  әулие  үңгірі  түрлі  пішіндегі  жақпар  тастардың  етек 

25 
 
жағында орналасқан аузы солтүстікке қараған шағын үңгір. Оның 
тереңдігі 6 метр ал биіктігі 2,5 метр болады. 
  Шақпақ  әулие  туралы  Ә.Байбатшаның  еңбегінде,  «Біздің 
дәуірімізге дейінгі заманның соңында ӛмір сүрген Шақпақ әулие 
(Үйсіннің  12  -  ші  ұрпағы)  мекендеген  жер  Шақпақ  ата  деп 
аталады»  -  деген  мәлімет  келтірген.  (Қазақ  даласының  ежелгі 
тарихы. Алматы 2002, 170 б) 
  Бұл үңгірді  жұрт әулие санап ауру  -  сырқаулар мен тумаған 
әйелдер  басына  түнеп  зиярат  етіп  жатады.  Үңгір  алдындағы 
шеттікке ырым етіп шүберек байлайды. 
  Шақпақ  әулие  үңгірі  туралы  ел  аузында  түрлі  -  түрлі  аңыз 
әңгімелер айтылады. Соның бірінде Шақпақ әулие Шақ және Пақ 
деген  егіз  кісі  екен.  Осы  жерде  оларды  қарақшылар  ӛлтіріп 
кетіпті.  Олардың  әруақтары  түйе  болып,  тазы  болып  осы  маңда 
жүреді екен делінеді. 
  Шақпақ  әулие  үңгірінде  шырақшы  болып  жүрген  Дербіш 
Дүйсенбіұлы  үңгір  маңындағы  тастар  туралы:  «Мына  тастардың 
барлығының  ӛз  аттары  бар,  мысалы:  «Жігіт  пен  қыз»,  «Арыстан 
тас»,  «Басын  кескена  адам»,  «Тӛрт  бура»,  «Екі  басты  айдаһар», 
«Бүркіт әулие», «Құмай тазы» т.б.б деп түсіндіреді.  
  Шақпақ  әулие  үңгірінің  тӛңірегіндегі  тастарда  аппақ,  бір  - 
біріне  ұрғыласа  от  шығатын  шақпақ  тастары  кездеседі. 
Бұрынғы  кезде  осы  тастардың  ортасына  мақта  қойып  ұрғылау 
арқылы от тұтатқан екен. 
 
7.
 
Ұлы Жібек жолының Жуалыдағы сілемдері 
 
  Ұлы  Жібек  жолы  біздің  заманымызға  дейінгі  ІІІ  –  ІІ 
мыңжылдықтарда  елшіліктің  және  сауда  –  саттықтың  тұрақты 
желісі ретінде қызмет атқара бастағаны бізге тарихтан белгілі. Ол 
Қытай  мен  Батыс  елдерін  байланыстыра  Тынық  мұхиты  мен 
Жерорта  теңізі  аралығындағы  сауда  мен  мәдени  қарым  – 
қатынастардың күре тамыры болғандығы аян. 
  Қазақ  даласының  барлық  аймақтарын  қамтитын  Ұлы  Жібек 
жолының  ең  басты  жиһазы  жібек  болған.  Алтынмен  бірге  ол 
халықаралық  валюта  ретінде  пайдаланылған,  оны  хандар  мен 

26 
 
елшілерге тарту еткен, мемлекеттік қарыздарды жібекпен тӛлеген. 
Қазақ жеріндегі табылған археологиялық олжалар соның айғағы. 
  Ұлы  Жібек  жолына  байланысты  қарым  -  қатынастар 
Бадахшан тауларында кӛктас, ал Жаркентдария ӛзенінің жағалауы 
мен  Хотан  аудандарында  нефрит  кеніштерінен  кен  қазылуы 
себепті  жолға  қойылған  болатын.  Бадахшанның  кӛктасы  Иранға, 
Мысыр  мен  Сирияға,  Анадолға  ал  І  мыңжылдықтың  орта 
кезеңінде  Қытайға  жеткізілді.  Осы  «Кӛктас  жолымен»  қатар 
Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырып отырған «Нефрит 
жолы»  болғандығы  Е.И.  Лесниченконың  (Великий  Шелковый 
путь  //  Восточный  Туркестан  в  древности  и  раннем 
средсновековыье  1956,  №1,  33б)  және  Қазақстан  тарихының  1 
томында кӛрсеткен. (Қазақстан тарихы І том. 492 бет.) 
  Ұлы  Жібек  жолы  туралы  тарихи  фактілерге  сүйенсек  629 
жылы  Қытайдан  шыққан  буддалық  тауап  етуші  Сюань  –  Цзян 
ертедегі  және  орта  ғасырлардағы  құрлықаралық  ұлы  жолға  атын 
берген  жібек  туралы  алғашқы  деректерді  жазып  қалдырған.  Ал 
«Дала  жолының»  б.з.б  І  мыңжылдықтың  орта  кезінде  жандана 
бастағаны туралы Геродоттың жазбаларында да кездеседі. 
  VІ – VІІ ғасырларда Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік 
Қазақстан арқылы ӛтетін жол жандана түсті де елшілер мен сауда 
керуенінің  кӛпшілігі  осы  жолмен  жүрді.  Оның  негізгі  бағыты 
Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас аңғары – 
Шу аңғары – Ыстықкӛл ойпаты – Шығыс Түркістан болды. 
  Қазақстан  тарихының  І  томында  батыстан  шығысқа  қарай 
жүріп  ӛткен  Жібек  жолының  Қазақстандағы  бӛлігі  былайша 
кӛрсетілген: «Жол Шаштан (Ташкенттен) шығып, Тұрбаттағы асу 
арқылы  Жібек  жолындағы  аса  ірі  орталықтың  бірі  Испиджабқа 
беттейді.  Испиджабтан  керуендер  Шығысқа,  Шарап,  Будухкет 
қалалары,  Тамтаж  (Түлкібасы)  және  Абараж  керуен  сарайлары 
арқылы Таразға беттейді». (Қазақстан тарихы І том. 495 бет.) 
Ұлы  Жібек  жолының  негізгі  арнасына  орналасқан  Жуалы 
жеріне  қатысты  деректер  Убейдаллах  ибн  Абдаллах  ибн 
Хордадбектің күнделіктерінде келтірілген. Онда Тамтаждан кейін 
Ұлы  Жібек  жолының  керуені  Абараж,  (Мыңбұлақ  -  Шақпақ 
станциясының оңтүстігіндегі қалашық) онан кейін Баркуаб (Теріс 

27 
 
ӛзенінің оң жағалауындағы керуен бекеті) онан әрі қарай Шаугар 
(Күйік  асуындағы  Күркіреусуға  жақын  жердегі  керуен  бекеті) 
арқылы  Жувикеттен Таразға  жеткендігі  айтылады. Бұл  мәліметті 
Бағдадтың жиһангер Кудама ибн Жафар да Х ғасырдың басында 
қайталайды. 
  Мұндағы  кӛрсетілген  Ұлы  Жібек  жолының  бойында 
орналасқан Абараж, Баркуаб, Шаугар қалашықтарының қатарына 
Шақпақ  қалашығын  сол  сияқты  Қайрат  елдімекенінің  үстіңгі 
жағындағы  «Нан  жер»  аталатын  VІІ  –  ХІІ  ғасырлардағы  және 
Кӛлтоған  ауылының  үстіңгі  жағындағы  VІІІ  –  ХІІ  ғасырлардағы 
аты  жоқ  қалашықты  қосу  қажет.  Ӛйткені  Ұлы  Жібек  жолы 
Шақпақ  асуы  арқылы  асып,  Алатаудың  етегімен  жүріп  отырып 
аталған қалашықтар арқылы Таразға бет алған.  
  Жоғарыда  кӛрсетілген  Ұлы  Жібек  жолының  негізгі 
арнасынан басқа жолдың бір тармағы Кіші Қаратаудың солтүстік 
бӛктерімен ӛткен. Ол туралы Аль – Макдисидің 985 жылы жазған 
күнделігінде келтіріледі. 
  Қазақстан  тарихында  бұл  жол  туралы  былай  жазылған: 
«Армян  патшасы  Гетум  мен  монах  Рубрук  солтүстік  Арал 
ӛңірінен  Монғолияға  осы  жолмен  сапар  шеккен.  Бұл  жолдың 
бойында  Созақ,  Ұрысоған,  Құмкент,  Сӛгілкент  қалалары 
орналасқан.  Жол  Таластың  тӛменгі  ағысына  шығарып,  одан 
жоғары  ӛрлеп,  Таразға  кӛтерілген,  Билікӛлдің  батыс  жағасын 
бойлап, Берукет – Паркет, Құттықшын қаласы арқылы тағы да сол 
Таразға жеткен.(498 – 499беттер.) 
 Ұлы  Жібек  жолының  Жуалыдағы  сілемдері  тӛмендегі 
суретте  кӛрсетілген.  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  арқылы 
ӛтетін  Жібек  жолының  негізгі  торабынан  солтүстік  пен  шығыс 
бағытқа  жолдар  шығып,  олар  Орталық  және  Шығыс  Қазақстан 
аудандарына,  Дешті  қыпшақ  даласы,  Ертіс  жағалауы  мен  Алтай 
арқылы Монғолияға апаратын болған. 
Ұлы  Жібек  жолының  Жуалы  жері  арқылы  ӛтуі  жоғарыдағы 
аты  аталған  қалалардың  ӛсіп,  кӛркейуіне  септігін  тигізген.  Осы 
кездегі  жер  қазу  жұмыстары  кезінде  әсіресе  Шақпақ 
қалашығының  шығыс  іргесіндегі  Керуен  сарайдан,  Қайрат  және 
Кӛлтоған елдімекендерінің оңтүстік жағындағы бейіт маңдарынан 

28 
 
кӛптеген ыдыс – аяқтар, құмыралар қыштан жасалған т.б әшекей 
бұйымдар  сияқты  айғақтар  табылып жатады.  Бірақ  бұл  табылған 
бұйымдар  мұражайларға  жетпей,  жеке  адамдардың  қолында 
қалып қоюда. 
Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін маңызы бар, ол арқылы 
біз  ӛткен  тарихымызды  танимыз.  Осы  Ұлы  Жібек  жолы  ӛткен 
Абараж,  Баркуаб,  Шақпақ,  Шаугар  сияқты  қалалар  мен 
бекеттердің  орындарына  ескерткіш  тақта  орнатылып,  заттай 
айғақтардан  мұражай  ұйымдастырылса  оның  келер  ұрпақ  үшін 
танымдық және тағылымдық маңызы мол болар еді.    
Каталог: images -> data
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
data -> Программа вступительных испытаний в академическую гимназию спбгу на образовательные программы основного общего и среднего (полного) образования по русскому языку


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет