Байдалиев Д. Д


Ұлы Жібек жолының Жуалыдағы сілемдерінің картасы



жүктеу 2.09 Mb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата22.12.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

     
      Ұлы Жібек жолының Жуалыдағы сілемдерінің картасы 
 
     
 
  8 Жуалы аймағындағы ортағасырлық қалалар 
 
  Абарджадж қаласы 
  Бірқатар  оқулықтар  мен  тарихи  кітаптарда  аты  аталатын 
Мыңбұлақ  -  Абарджадж  қалашығы  туралы  деректер  Қазақстан 
тарихының І томында «Абараж қаласы» - деп кӛрсетілген. 
  Жамбыл  облысының  Жуалы  ауданындағы  Теріс  ӛзенінің 

29 
 
алабы  ежелден  -  ақ  Мыңбұлақ  аталған  екен.  Бұл  жердің  толық 
сипаттамасын  алғаш  шамамен  630  жылы  осы  аймақта  болған 
қытай  жиһангері  Сюань  -  Цзян  жазып  қалдырған  екен. 
«Мыңбұлақ  елінің  территориясы  шамамен  200  шаршы  ли 
болады,  оның  оңтүстігін  қарлы  таулар  (Алатау)  шектейді,  ал 
қалған  үш  жағы  біркелкі  жазық.  Кӛктемде  жердің  беті  масаты 
кілемдей  құлпырады.  Бұл  жерде  кәусар  сулы  сансыз  бұлақтар 
ағып жатады, сол себепті «Мың бұлақ» аталған» - деп кӛрсетеді. 
(Ә.Байбатша  Қазақ  даласының  ежелгі  тарихы.  Алматы:  Санат, 
2002) 
  Мыңбұлақ  туралы  Араб  жиһангері  Убейдаллах  ибн 
Абдуллах ибн Хордадбек (846 жылы) және Кудама ибн Жафар (X 
ғасырдың  басында)  ӛздерінің  қолжазбаларында,  Абарджадж 
үлкен тӛбе, оның айналасынан мындаған бұлақтар ағып шығады, 
олар  қосылып  бір  ӛзен  құрайды.  Ӛзен  шығысқа  қарай  ағады, 
сондықтан оның аты Баркуаб, аудармасы «кері бағыттағы ағатын 
ӛзен» дегенді білдіреді – деп сипаттаған. Бұл қазіргі Теріс ӛзені. 
  Осы  жерге  VIII  ғасырдың  басынан  белгілі  болған,  жақсы 
бекіністері  бар  Абарджадж  қаласын  Батыс  Түрік  қағанатының 
қағаны  Ышбара  хан  651  жылы  салып,  ӛзінің  ордасын  осында 
кӛшіріп  әкелген.  Қаланың  оған  дейінгі  аты  Мыңбұлақ  болған
 
 
деген мәліметтер келтіреді. 
  Жамбыл  облысының  энциклопедиясында:  «Ышбара  хан 
(Халлығ, Хэлу 651  - 669ж.ж)  Батыс Түрік  қағанатының  оныншы 
және  соңғы  ханы,  Істеми  ханның  ұрпағы  делінген.  Оның  шын 
есімі  белгісіз,  Батыс  Түрік  қағанатының  саяси  тарихында  640  - 
шы  жылдардан  бастап  кӛріне  бастайды,  Мыңбұлақ  деген  жерде 
ӛзіне арнап бекіністі қала салдыртады» деп жазылған. 
  Ызбарлы  хан  туралы  Л.Гумилев  оның  атын  Шабало  -  хан 
Ашіна  Хэлу  немесе  Халыг,  Шабало  -  деген  хан  қытайша  аты, 
оның  мағынасы  «айбарлы»  «құдіретті»  ал  түрікше  Ышбара  деп 
түсіндіреді.  Ол  «651  жылдың  жазында  Дулыханның  бұрынғы 
жерлерін басып алады. Ол ӛзі мен ӛзінің жасауылына арнап, Мың 
бұлақ  алқабынан  бекіністі  қала  салдырады,  ал  баласына 
«Баһадур  -  жабғы»  лауазымын  береді.  (Л.Гумилев.  Кӛне 
түріктер. Алматы, 1994, 103 бет) 

30 
 
  Ұлы  Жібек  жолының  негізгі  арнасында  орналасқан  қалалар 
мен керуен бекеттері туралы деректі Араб географы, мемлекеттік 
байланыс  қызметкері  Убейдаллах  ибн  Хордадбек  846  -  847 
жылдары  жазған  күнделігінен  үзінді  келтірейік:  «Испиджабтан 
(Сайрам)  Будухкетке  келдік,  одан  Тамтаджға,  (Түлкібас)  одан 
Абарджаджға  (Мыңбұлақ)  4  фарсах  жол  жүрдік,  одан 
Баркуабтағы (Теріс) бекетке дейін 6 фарсах жол жүріп Жувикет 
арқылы Таразға жеттік»
 
– деген.  Кӛрсетілген қалалар мен керуен 
бекеттерінің ара қашықтығы 2 8 - 3 0  шақырым барын болжау қиын 
емес. (1 фарсах 7 - 8   шақырымға тең) 
  Аль - Макдисидің 985 жылы жазған деректерінде Абарджадж 
қаласын Барджах қаласы деп кӛрсетеді. 
  К.Байпақов  «Қазақстанның  ежелгі  қалалары»  -  атты 
еңбегінде,  Абарджадж  (Барджадж)  қаласы  туралы  тӛмендегідей 
мәлімет береді. 
  «Бұл  қала  Испиджабтан  шығысқа  қарай  17  фарсах  жерде 
орналасқан. Қала және оның тӛңірегі туралы жазған IX ғасырдағы 
араб 
географы 
ибн 
Хордадбектің 
айтуына 
қарағанда, 
«Абарджаджда  арнасынан  шығысқа  қарай  бағыттап  жатқан 
«Баркуаб» деп аталатын, яғни теріс ағатын су дегенді білдіретін 
мың бұлақ бар» екені белгілі. Архелогтар қаланың орнын іздеуде 
осы Баркуаб ӛзенін басты бағдарға алды. Оның орналасқан жері - 
Бурное, қазіргі Б.Момышұлы атындағы ауылдың маңы. Ауылдың 
сыртында  VII  -  XII  ғасырларға  жататын  қалашық  бар.  Ол 
Абарджадж  қаласы  болуы  мүмкін»  -  делінген.  (К.Байпақов 
Қазақстанның ежелгі қалалары. Алматы: Аруна 2005, 256б.) 
  Абарадж  қаласы  туралы  барлық  деректерді  қарастыра 
отырып негізін 651 жылы Ызбарлы Халық хан қалаған қала 1219 
жылы  Шыңғысханның  шапқыншылығынан  ӛзінің  ӛмір  сүруін 
тоқтатқан  сияқты.  Есептеп  қарасақ  қала  568  жыл  ӛмір  сүрген 
деген болжам жасауға болады. 
  Осы  жазба  деректерді  саралай  отырып  Абарадж  Ұлы  Жібек 
жолындағы Қытай мен Батыс елдерін жалғастырып отырған сауда 
мен мәдени қарым - қатынастың қаласы болғандығын кӛреміз. 
  Кезінде қытай, араб жиһангерлері тамсана жазған Мыңбұлақ 
мекені,  айналасы  биік  дуалмен  коршалған,  биік  мұнаралы,  кіріп 

31 
 
шығатын  қақпалары  бар  Абарадж  қаласы  Ұлы  Жібек  жолының 
бойындағы  Құлантаудың  аузында  орналасқан.  Қаланың  қазіргі 
орны  Жуалы  ауданының  Оңтүстік  Қазақстан  облысының 
Түлкібасы  ауданымен  шектесер  жеріндегі  Шақпақ  темір  жол 
станциясынан  оңтүстікке  қарай  1  шақырымдай  жерде.  Батыс 
жағында  Шақпақ  белі  мен  Құлантау  жотасы  арқылы 
жапсарласып  жатқан  тӛбеден  іргелес      жатқан      екі      ауданның   
кӛз   жетер   аймағы   алақандағыдай   айқын кӛрінеді. 
  Тарихи  деректердегі  айналасы  биік  дуалмен  қоршалған 
арнайы  мұнаралы,  қақпалары  болғандығын  қаланың  қазіргі 
сұлабасы  нақтылай  түседі. Қазіргі кезде  тӛбенің айналасындағы 
егінді  алқапты  ӛңдеп,  жер  жыртқанда  бұл  жерден  қаланың 
болғандығын  айғақтайтын  кӛптеген  қыш,  керамикалық  ыдыс  - 
аяқтардың,  қыпшақ  кірпіштерінің  сынықтарын  кездестіруге 
болады. Бірақ қала орны әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген.   
  
  Адыраспантӛбе 
  Адыраспантӛбе  -  Жуалы  ауданының  «Дихан»  ауылының 
жанында  Алматы  -  Ташкент  автомобиль  жолынан  солтүстікке 
қарай 400 - 450 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қаланың 
орны.  Бұл  қалашық  туралы  дерек  жоқтың  қасы.  Тек  кана  Қазақ 
ССР 

інің 
энциклопедиясы 
мен 
Жамбыл 
облысы 
энциклопедиясында ғана қысқаша мәлімет келтірілген. 
Адыраспантӛбе  қалашығы дӛңес  жерге  салынған,  екі сатылы 
алаңнан  тұрады.  Бірінші  (жоғарғы)  алаңның  жалпы  аумағы 
180х180м.  Оның  ортасында  тӛрт  бұрышты  кішігірім  бекіністің 
калдығы  бар.  Екінші  (тӛменгі)  алаңның  аумағы  100х100м. 
Қалашық айнала 1,5 - 2 метрдей ал қалыңдығы 5 – 6 метр дуалмен 
қоршалған.  Адыраспантӛбенің  батысында  диаметрі  30  метрден 
астам биіктігі 2 метр шамасында дӛңес тұр.  
Қалашық  сай  қабағында  салынған,  шығыс  жағы  егін  салу 
үшін  жыртылып  тегістеліп  кеткен.  Табылған  ыдыстар  мен 
құрылыс  бүйымдарына  қарағанда  қала  тұрғындары  VIII  -  X 
ғасырларда мекен еткен - деп тұжырымдауға болады.  
  Қазіргі  кезде  ол  жерде  Байтана  руының  ескі  бейіті  бар. 
Табылған  заттарға  қарап  қала  тұрғындары  егін  салып,  мал 

32 
 
шаруашылығымен айналысқан - деп топшылаймыз. 
 
 
 
  Адыраспантӛбе қалашығының жобасы. 
  Шартты белгілер: 1-қамал, 2-дӛңес, 3-бұлақ, 4-қақпа 
 
  Аққұм 
  Аққұм  -  Билікӛл  кӛлінің  маңында  Аса  ӛзенінің  солтүстік 
жағалауында  орналасқан  ортағасырлық  қала.  Бұл  қала  жұртын 
Г.И.Пацевичтің  жетекшілігімен  1941  жылы  Жамбыл  облыстық 
археологиялык  пункітінің  экспедициясы  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізген.  Қала  жұртының  қазіргі  сырт  кӛрінісінің  аумағы  50 
метрден астам, ал биіктігі 5 метрден асатын шағын тӛбешік. 
  Бұл жерде күрделі қазба жұмыстары жүргізілмеген. Қалашық 
тас пен топырақ араластырылып салынған. Қазба жұмысы кезінде 
табылған  қыштан  жасалған  құмыралардың,  ыдыстардың 
сынықтарына  қарағанда  қалашық  VII  -XI  ғасырларда  тіршілік 
еткен  деп  топшылауға  болады.  Қалашықтың  тұрғындары  жер 
ӛңдеумен және мал ӛсірумен айналысқан қоныс болып табылады. 
(Бұл  мәліметтер  С.Жолдыбаевтың  «Археологическая  карта 
Казахстана» Алма - Ата 1960 атты еңбегінен алынды). 
 
  Баркуаб 
  Баркуаб  ортағасырлық  қалашығы.  Бұл  қалашық  Жуалы 
ауданындағы  Теріс  ӛзенінің  оң  жағында  шамамен  500  -  600 

33 
 
метрдей  жерде  орналасқан.  Бұл  қалашықты  XIX  ғасырда 
В.В.Бартольд  және  В.А.Каллаурлар  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізген,  алайда  қазба  жұмыстары  әлі  күнге  дейін 
жүргізілмеген. 
  Бұл 
қалашық 
бірқатар 
тарихшылардың 
және 
саяхатшылардың  еңбектерінде  аталған.  Ә.Байбатша,  Түркібасы 
ӛлкесімен  Теріс  ӛзенінің  бойына  орналасқан  қалалар  мен 
бекеттер, Мыңбұлақ (Абарджадж) қорған - қаласы арқылы жүріп, 
Шақпақ  белінен  асып,  Арыс  ӛзенін  жағалап,  Ұлы  Жібек 
жолының негізгі желісі ӛткен деп жазады. 
Ұлы  Жібек  жолының  негізгі  арнасында  орналасқан  қалалар 
мен  керуен  бекеттері  туралы  алғашқы  толық  деректі  Араб 
географы  Убейдаллах  ибн  Абдаллах  ибн  Хордадбек  846  -  847 
жылдары  жазған  шығармасында  деректер  келтіреді. 
 
Осы 
деректерден  үзінді  келтірейік:  «Тамтадждан  (Түлкібасы)  шыққан 
керуен  Абарджаджға  (Мыңбұлақ)  дейін  4  фарсах  жол  жүрген, 
одан Баркуаб (Теріс) бойындағы қалашыққа дейін 6 фарсах» - деп 
кӛрсетілген.  Осы  деректерді  X  ғасырдың  басында  Бағдад 
халифінің сарай қызметкері Кудама ибн Жафар да кайталайды. 
 
Баркуаб қалашығының жобасы 
 
 
 
Бірінші қала орнының жобасы  

34 
 
  Аль  -  Макдисидің  985  жылы  жазған  шығармасында,  Ұлы 
Жібек  жолының  негізгі  арнасынан  басқа  жаңа  тарауларындағы 
қалалар  да  аталады.  «Тамтадждан  Абарджаджға  дейін  екі  пошта 
бекеті,  одан  Теріс  ӛзеніндегі  бекетке  дейін  күндік  жол,  одан 
Шауғарға дейін жарты күн, одан Таразға дейін екі пошта бекеті» 
деп  жазады.  (Ә.Байбатша.  Қазақ  даласының  ежелгі  тарихы. 
Алматы, 2002, 182б) 
  Бұл  ортағасырлық  қала  жұрттары  қатар  жатқан  үш 
тӛбешіктерден тұрады.  
  Бірінші  тӛбешіктің  жалпы  ауданы  160х100м  шамасында, 
қабырғалары құбылаға қараған, бұрыштары доғал тік тӛртбұрыш 
болып  келген.  Тӛбешіктің  үстінде  биіктігі  әр  түрлі  4  алаң  бар. 
Олардың  ең  тапалы  оңтүстік  алаң,  биіктігі  2  метр  шамасында 
аумағы солтүстіктен оңтүстікке карай 27 метр, батыстан шығысқа 
қарай 55 метрді құрайды. 
 
 
 
  Екінші  тӛрткүл  тӛбе  мен  Үшінші  қалалашықтың 
жобалары 
 

35 
 
  Екінші  алаңның  биіктігі  6  метр  шамасында,  аумағы  50x25 
метр жерді алып жатыр. Үшінші алаңның биіктігі 15 метрдей, ал 
аумағы 12x8 метрді құрайды. Оған іргелес Тӛртінші алаң жатыр, 
оның аумағы 90x70 метр. Бұл қалашықты зерттеген ғалымдар оны 
б.з VII - X ғасырларына жатады - деп керсетеді. 
  Қаланың  орналасқан  жері  қазіргі  Теріс  ӛзенінің  оңтүстігінде 
Бақалы елдімекенімен іргелес жатыр.  
  1989  жылы  археологтар,  бұрын  облыстық  мұражайдың 
ғылыми экспедициясы тапқан кӛне қоныс орнына қазба жұмысын 
жүргізеді.  Кӛне  деректерде  Теріс  ӛзені  «Баркубе»  деп  аталады 
екен.  Ӛзенннің  сол  жағында  орналасқан  бекініс  орны  жаудың 
шабуылынан  қорғану  үшін  шығыс  жағы  ӛзеннің  жарқабағына 
тіреліп, 
қалған 
жақтарын 
биік 
күшті 
дуалдармен 
қоршалғандығына қазіргі іздері куә. 
  Қазба  жұмыстары  кезінде  кірпіштен  қаланған  үйдің 
қабырғасы,  оның  ішінде  әр  түрлі  ыдыстардың  калдықтары 
табылды.  Сондай  -  ақ  осында  мекендеген              адамдардың       
егіншілікпен       және       балық     ұстаумен айналысқандығын 
дәлелдейтін  кӛптеген кұнды деректер табылды. 
  Бақалы  ауылының  батыс  іргесіндегі  шеткі  үйдің  ауласынан 
жертӛле  қазып  жатқан  кезде  тат  басқан  ӛрнектелген  темір  есік 
табылғандығына сол жердің тұрғындары куә болған. 
  Бұл  аталған  қала  орындары  әлі  күнге  дейін  түбегейлі 
зерттелмеген. 
 
  Екінші - тӛрткүл тӛбе 
  Екінші  -  тӛрткүл  тӛбе  қалашығының  жалпы  аумағы  
120x104  метр.  Қалашықтың  оңтүстік  жағы  10-15  метрлік  терең 
ормен,  ал  қалған  үш  жағы  2  -  2,5  метрдей  дуалмен  қоршалған. 
Осы  қалалардың  оңтүстік  және  батыс  жағында  шаһристанның 
орны    жатыр.    Оның  айналасы  топырақ  дуалмен  қоршалған  ал 
бұрыштарында  тӛрт  мұнара  болған.  Шаһристанның  жалпы 
аумағы  460х220м.  Қамалдың  солтүстік  -  шығыс  бұрышында 
20х20м  болатын  алаң  орналасқан,  айналасы  дуалмен  қоршалған. 
Бұл  тӛрткүл  тӛбе  қалашықты  ғалымдар  X  -  XII  ғасырларға 
жатқызады. 

36 
 
  Үшінші қала 
  Үшінші  қала  орны  бұрыс  бұрышты  алаң  тәріздес,  жалпы 
аумағы 300х180 метрдей, ал биіктігі 2 метр. Кезінде қала дуалмен 
қоршалып  оның  әр  жерінде  мұнаралар  болғаны  қаланың  қазіргі 
сұлабасынан  байқауға  болады.  Бұл  қаланың  оңтүстігінде  сегіз 
қырлы  қамал  болған,  қырларының  ұзындығы  50  -  68  метр. 
Қамалдың  оңтүстігінен  басқа  жағы  дуалмен  қоршалған, 
іргесінің жалпақтығы 6 метр, бұрыштарында мұнаралардың орны 
байқалады,  олардың  биіктіктері  3 - 4   метр,  диаметрі  10x12  метр. 
Қамалдың  солтүстік  бӛлігінде  ғимараттың  орны  сақталған, 
аумағы  28  -  32метр  айналасы  дуалмен  қоршалған  да  бұрыштары 
мен  ортасына  мұнара  орнатылған.  Қалаға  кіретін  2  қақпаның 
батыстағысын 1 мұнара, шығыстағысын 2 мұнара қорғап тұрғаны 
байқалады. Қала X - XII ғасырларда ӛмір сүрген деген болжам бар. 
  Бұл  ортағасырлық  қалалар  туралы  деректер  Қазақ  совет 
энциклопедиясында 
және 
Жамбыл 
облысының 
энциклопедиясының  191  -  192  беттерінде  жазылған.  Онда  бұл 
қала жұрттары Бурнооктябрь I, II, III - деп кӛрсетілген, себебі ол 
Жуалы  ауданындағы  ауылдың  атымен  шартты  түрде  (осы 
ауылдың жанында болғандықтан) осылай жазылған.  
 
  Белгісіз қалашық  
  Жуалы  ауданының  аймағында  әлі  де  сыры  ашылмаған 
бірнеше  қорғандар  мен  кішігірім  қалашық,  бекеттердің 
орындары  сол  сияқты  қолдан  үйілген  тӛбелер  кӛптеп  кездеседі. 
Солардың  бірі  Қайрат  ауылының  оңтүстігінде  2  шақырымдай 
жерге  орналасқан  белгісіз  қалашық.  Бұл  қалашықтың  ӛмір  сүру 
кезеңі  VІІІ  –  ХІІ  ғасырларға  жатады.  Ол  жерден  табылған  заттай 
айғақтар бұл кӛрсетілген аралықты дәлелдей түседі.   
  Осы  белгісіз  қалашықтың  қазіргі  орнын    жергілікті  жердің 
халқы  «Нан  жер»  деп  атайды.  Қариялардың  айтуынша  бұрынғы 
кезде  қарапйым  халық  осы  Жібек  жолының  бойында  орналасқан 
жерге  келіп,  нан  табатын  болған  деп  айтады.  Ал,  зейнеткер, 
тарихшы  Қадыров  Сәттің  бала  кездегі  қариялардан  естіген 
әңгімесі  бойынша,  бұл  аймақтың  жері  ӛте  құнарлы  әрі  сулы, 
бидай  ӛсіруге  ӛте  қолайлы  болғандықтан  «Нан  жер»  -  аталған 

37 
 
деп баяндайды. 
  Осы  қорғандардың  үстінде  қазір  Қайрат  ауылының  Байтана 
және  Құли  руларының  бейіті  бар.  Қаза  болған  мәйітке  жер 
қазғанда  кӛптеген  құмыралар, мал сүйектері, әшекей бұйымдар 
табылған. Ол құмыралар алғашында ауыл мешітінде сақталды да, 
кейін  облыстық  мұражайға  ӛткізілді.  Дәл  осындай  екі  құмыраны 
жер  қазып  жатып  Кӛлтоған  ауылының  тұрғыны  Дәулет 
Байсейітов  та  тауып  алған,  оның  біреуінің  формасы  ӛте  ерекше 
және  бұрын  ешбір  жерде  кездестірілмеген  құмыра  болған. 
Екінші  кұмыра  -  Қазақстан  территориясындағы  ортағасырлық 
кезең формасына жатады. 
  Белгісіз  қалашықтың  орнындағы  тӛбелердің  кӛлемдері 
әртүрлі.  Біріншісінің  аумағы  50  метрге  дейін,  ал  биіктігі  2,5 
метрдей  болатын,  екінші  тӛбешік  жалпақ,  созылыңқы  келеді, 
биіктігі  2  метрдей  ал  ұзындығы  3 5 -4 0   метрдей.  Екі  тӛбешіктің 
ара  қашықтығы  300  метрдей.  Бұл  қалашық    бекет  тәрізді  Жібек 
жолының  бойында  болған.  Оның  оңтүстік  Алатау  жағындағы 
«Кӛктӛбе»  аталатын  жер  қырғыздармен  соғыс  кезіндегі  қолдан 
үйілген тӛбе болғандығы жӛнінде деректер ел аузында айтылады. 
   
  Қырықкүрзі 
  Қырықкүрзі  -  орта  ғасырдағы  шағын  қала.  Орналасқан  жері 
Жуалы ауданының Шақпақ  ауылынан солтүстік батысқа қарай 5 
шақырым  жерде.  Бұл  шағын  қалашық  туралы  ешқандай  кітапта 
мәлімет жоқ. Тек кана Жамбыл облысы энциклопедиясының 389 
бетінде қысқаша мәлімет берілген, Онда бұл қалашықтың орнын 
1940  жылы  Жамбыл  археологиялық  пункті  (жетекшісі 
Г.И.Пацевич)  ашқандығы  айтылады.  Қырықкүрзі  кӛлемі 
солтүстіктен оңтүстікке қарай 114 метр, ал батысынан шығысына 
қарай  220  метр  кӛлемі  тік  тӛртбұрышты  тӛбешік.  Айналасы 
топырақ  үйіндісімен  биік  етіп  қоршалған  батыс  және  шығыс 
бетінде 11 мұнара ал, оңтүстігі мен солтүстік жағында 17 мұнара 
болған  (барлығы  28  мұнара).  Мұнаралардың  биіктігі  1  метрден 
1,5 метрге дейін ал диаметрі 10-11 метрдің шамасында.  
  Қырықкүрзі  ортағасырлық  қалашығының  орны  туралы 
Жамбыл  облысының  энциклопедиясындағы  мәліметке  сүйеніп 

38 
 
Шақпақ  ата  елдімекенінің солтүстік батысына қарай кӛрсетілген 
орында  ешқандай  қалашықтың  белгілері  жоқ  екендігіне 
кӛзімізді жеткіздік.  
  Алайда  Шақпақ  ата  елдімекенінің  солтүстік  батысында  8 
шақырымдай шамасындағы Шақпақ деген жерде тұрғындары 150 
-  ге  шамалас  шағын  елдімекен  болған.  (Оны  жұрт  ескі  «шахта» 
деп атайды, 1983 жылға дейін №15 кәсіптік техникалық училище 
болған.)  
Осы 
айтылған 
жерден 
6 - 7  
шақырым 
шамасында 
Құлантаудың қойнауында кӛлемі жағынан Қырықкүрзіге шамалас 
келетін таспен қоршалған белгісіз қалашықты біз осы Қырықкүрзі 
деп  топшылаймыз.  Бұл  қалашық  Жуалы  жерімен  ӛтетін  Ұлы 
Жібек жолының сүрлеуінен едәуір алыс жатыр. 
 
 
 
  Қырықкүрзі  қалашығы  мен  Кӛлтоған  қорғанының 
орны 
 
   

39 
 
Шауғар қалашығы 
  Бұл қалашық туралы деректер онша мардымды  емес, тіптен 
жоқтың  қасы.  Ол  туралы  Қазақ  ССР  -  інің  энциклопедиясы  және 
Жамбыл облысының энциклопедиясында да ешқандай дерек  жоқ. 
Алайда,  бұл  қалашық  туралы  біршама  деректер  Ә.Байбатшаның 
еңбегінде  кездеседі.  Кітаптың,  Ұлы  Жібек  жолы  тарауында 
Кудаманың  жазбасынан  үзінді  келтірген.  «Баркуаб  бойындағы 
ӛлкеден Шауғарға (Қайрақтас тауына) дейін 3 фарсах. Шауғардан 
Жувикетке елсіз даламен жүргенде 3 фарсах. Жувикеттен Таразға 
дейін  жайылым  мен  елді  жермен  жүргенде  2  фарсах»  -  деп 
кӛрсетеді. 
  Аль  -  Макдисидің  985  жылы  жазған  шығармасында  да  бұл 
қалашық туралы дерек келтірілген: «Будухкеттен Тамтаджға дейін 
күндік жол, одан Абарджаджға дейін екі пошта бекеті, одан Теріс 
ӛзеніндегі бекетке дейін  түстік жол, одан Шауғарға дейін жарты 
күн, одан Таразға дейін екі пошта бекеті» деп баяндайды.  
  Осы  кітаптың  177  бетінде  осы  ӛлкедегі  ежелдегі  мал 
шаруашылығы,  егіншілікпен  қатар  әртүрлі  кәсіпшілік  туралы 
деректер  келтіріле  келе  «Күйік  асуындағы  Шауғар  қаласының 
шеберханасында  Қаратаудың  тақтатастарынан  қайрақ  тас 
дайындалған»  -  деп  кӛрсетеді.  (Ә.Байбатша  Қазақ  даласының 
ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 2002.) 
  Біз  бұл  қалашықтың  орны  жоғарыдағы  келтірілген  деректер 
бойынша 
Күйік 
асуына 
жақын 
маңдағы 
Күркіреусу 
елдімекенінің  жанында,  Жаңа  талап  ауылының  солтүстік 
шығысында  6,5  -  7  шақырымдай  жерде  орналасқан  аумағы  2,5 
гектардай  жерді  алып  жатқан  тӛбешік  деп  есептейміз.  Бізге 
қаланың  орнын  керсетіп  осы  жорамалымызды  бекіте  түскен 
Жаңа  талап  ауылының  қариясы  Әлімұлы  Сапаш  деген  кісі 
болды.  Сол  тӛбешіктің  тӛңірегінде  егінге  жер  жыртқан  кезде 
кӛптеген  кӛне  ыдыс  -  аяқтар  мен  ескі  кірпіштердің 
сынықтарының табылуы осы болжамға дәлел бола алады. Себебі 
Ұлы  Жібек  жолы  Тараз  қаласына  осы  маңнан  ӛткендігі 
деректерден  белгілі.  «Шауғар»  сӛзі  соғды  тілінен  аударғанда 
«қаратас»  дегенді  білдереді.  Қала  орны  күні  бүгінге  дейін 
зерттелмеген. 

40 
 
 Шақпақ қалашығы 
  Жуалы  ауданының  Шақпақ  -  ата  елдімекенінен  оңтүстікке 
қарай 50 метрдей жерде Алматы - Ташкент автомобиль жолының 
сәл  ғана  тӛмен  жағында  орналасқан.  VIII  -  X  ғасырларда  болған 
қалашық, Шақпақ қалашығы - деп аталады.  
 
 
 
Шақпақ қалашығының орналасу жобасы 
 
Қалашықтың  Шақпақ  қалашығы  деп  аталу  себебі  бұл  жерде 
Үйсіннің  12  -  ші  ұрпағы  Шақпақ  әулие  мекен  еткен.  Осы 
қалашықтың  шығыс  жағында  Шақпақ  ӛзенінің  арғы  бетіндегі 
тауда ӛткен - кеткендер зиярат ететін Шақпақ әулиенің үңгірі бар. 
Ол  туралы  Ә.Байбатшаның  еңбегінде  былай  деп  жазады: 
«Құлантаудың  шығыс  етегінде  б.д.д  I  ғасырда  ӛмір  сүрген 
Шакпақ  Әулиенің  қорған  тӛбесі  жатыр.  Ұлы  Жібек  жолының 
бойындағы  бұл  жерге  ислам  дініне  дейін  де,  мұсылмандық 
қалыптасқаннан  кейін  де,  бүгінгі  күні  де,  ӛткен  кеткендер  мен 
арнайы келгендер Тәңірге, Аллаға құлшылық етеді. 
  Бұл  қалашықты  алғаш  1903  жылы  Каллаур  ашып  зерттеген. 
1940  жылы  Жамбыл  археологиялық  пункітінің  экспедициясы, 
(жетекшісі Г.И.Пацевич) 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи - 
ӛлкетану  музейінің  экспедициясы,  2000  жылы  Қазақстан  Ғылым 

41 
 
Академиясына  қатысты  Ә.Марғұлан  атындағы  Археологиялық 
институт  экспедициясы  (жетекшісі  К.М.Байпақов)  зерттеулер 
жүргізген. 
  Қалашық  Құлантаудың  шығыс  еңісінен  орын  тепкен, 
құрылысы  тіктӛртбұрышты,  бұрыштарында  мұнаралы  екі 
тӛбешіктен тұрады. Бірінші тӛбешіктің аумағының ені 55 метрдей 
ал  ұзындығы  80  метрдей  жерді  алып  жатыр,  екінші  тӛбешіктің 
аумағы  34x46  метрді  құрайды.  Тӛбешіктің  шығыс  жағының 
биіктігі  8 - 9   метрдей,  ал  батысының  биіктігі  4  метрдей  болатын 
топырақ дуалмен қоршалған, бұрыштарында мұнаралардың орны 
білінеді.  
  Қалашықтың солтүстік іргесінде 1946 жылдан - 1986 жылға 
дейін  кірпіш  заводы  жұмыс  істеген.  Топырақты  қазу  кезінде 
кӛптеген  керамикалық  және  түрлі  металл  бұйымдар  кӛптеп 
табылған.  Жұрт  бұл  жерді  «Керуен  сарай»  деп  атайды.  Сол 
жердегі бейітке адам жерлегенде әлі де қыштан жасалған заттар, 
кӛлемі 18x18 см, ал қалыңдығы 5 см болатын қыпшақ кірпіштері 
кездеседі. 
  1962 - 1963 жылдары Шақпақ қалашығының батыс іргесінен 
Алматы  -  Ташкент  автомобиль  жолының  жаңа  торабы  салынды. 
Бұл  жол  қалашықтың  жоғары  бӛлігінен  небәрі  10  метрдей  ғана 
жанынан ӛтеді. Жер қазғыш техникалармен жұмыс істеу кезінде 
қалашыққа Құлантаудың батыс жағындағы Амансай бұлағынан 
су  әкелінген  керамикалық  құбырлар  табылған.  Құбырлардың 
ұзындықтары 1метр 20 сантиметр, ал диаметрі 25 сантиметрдей 
болатын,  бір  -  біріне  жалғастыруға  ыңғайлап,  қыштан 
жасалынған. 
  Шақпақ  қалашығының  тӛменгі  бӛлігіндегі  жырадан  да  1976 
жылы 
сол 
ауылдың 
тұрғыны 
Байділдахан 
Қадырбаев 
керамикалық  сынған  су  құбырын  кӛргендігін  айтады.  Бұл 
қалашықты сол маңдағылар «Қалмақтӛбе» деп те айтады, ӛйткені 
бұл  жердегі  қаланың  орнына  сол  сияқты  етегінде  қалмақтар 
жерленген. 
  Қалашықтың 100 метрдей оңтүстігіндегі Амансай атты шағын 
ауылдың  тұрғындары  кірпіш  құю  кезінде  қылыш,  жебе  сияқты 
қару  -  жарақ  түрлерін  тауып  алғандығына  қарап  және 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет