Байгожина дана онирбековна



бет15/38
Дата17.01.2023
өлшемі2.17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Ұлыбританияның «4seven» британдық тегін телеарнаның мәдени тақырыптағы бағдарламалары: «Drawers Off (Ящики выключены)», «Grayson's Art Club (Арт-клуб Грейсона)», «A New Life in the Sun (Новая жизнь на солнце)», «The Secret Life of the Zoo (Тайная жизнь зоопарка)», «Building the Dream (Строим мечту)», «Amazing Spaces (Удивительные пространства)», «Scotland's Scenic Railways (Живописные железные дороги Шотландии)», «Kirstie's Vintage Gems (Винтажные драгоценности Кирсти)».
«BBC Two» британдық қоғамдық ойын-сауық телеарнасы. «The one show (Одно шоу)», «Home is where the Art Is (Дом там где искусство)», «Songs of Praise (Песни хвалы)», «Garden Rescue (Спасение сада)», «Seven Words, One Planet (Семь миров, одна планета)», «Antiques Roadshow (Выставка антиквариата)», «Imagine (Представлять о себе)», «Featured (Рекомендуемые)», «Culture in Quarantine: Great Performances (Культура в карантине: грандиозные представления)», «Books on Screen (Книги на экране)», «Painters and their Masterpieces (Художники и их шедевры)», «Books and Beyond (Книги и не только)», «Around the World (Во всем мире)», «Escape to Nature (Побег на природу)», «Later... Live Tracks (Позже ... Живые треки)».
«Channel 5» британдық телеарнада «Live In Concert (Концерт в живую)», «Greatest Ever Celebrity Wind Ups! (Величайший ветерок знаменитостей!)», «Build A New Life In The Country (Построй новую жизнь в деревне)», «Ancient Mysteries (Древние тайны)», «World's Most Scenic River Journeys (Самые живописные речные путешествия в мире)», «Favourite Songs (Любимые песни)», «Britain's Favourite 80s Songs (Любимые песни Великобритании 80-х)», «Inside the world's greatest hotels (Внутри величайших отелей мира)».
«Discovery Channel UK» – танымдық, ойын-сауықтық спутниктік және кабельдік ақылы телеарна, сондай-ақ көптеген тілдерде және әлемнің көптеген елдерінде көруге болатын арна. Бағдарламалар: «America unearthed (Америка раскопана)», «America's Lost Vikings (Потерянные викинги Америки)», «History Explosion (Взрыв истории)», «The story of the Explosion: Seven Wonders (История взрыва: семь чудес)», «The mysterious tomb of Tutankhamun has been opened (Открыта таинственная гробница Тутанхамона)», «The mystery of Egypt's Mega-Temple (Тайна мега-храма Египта)».
«Disney Junior UK» – «The Voice UK (Голос Великобритании)», «Dancing on Ice (Танцы на льду)», «Art Attack (Арт-атака)».
«Sky Arts» – театр қойылымдары, фильмдер, деректі фильмдер және музыканы қоса алғанда, жоғары өнерге арналған тәулік бойы жұмыс істейтін Британдық тегін телеарна. «The Art of Architecture (Искусство архитектуры)», «The Great Songwriters (Великие авторы песен)», «Landscape Artist of the Year (Пейзажный художник года)», «Portrait Artist of the Year (Художник-портретист года)», «The Directors (Директора)».
«Sky nature» – Sky компаниясы иелігіндегі әлемнің көрікті табиғаттарымен таныстырып, насихаттайтын британдық ақылы телеарна, бағдарламалар: «Brazil Untamed (Бразилия Неукротимая)», «Wildlife Rescue New Zealand (Спасение дикой природы Новой Зеландии)».
«UTV» – Солтүстік Ирландиядағы коммерциялық арнаның бағдарламалары: «Religion (Религия)», «Royal (Королевский)».
«STV Channel» – STV Group plc иелік ететін және ITV желісінің бөлігі болып табылатын шотландтық тегін телеарнаның бағдарламалары: «Castles of Scotland (Замки Шотландии)», «Scotland's Larder (Кладовая Шотландии)», «The People's History Show (Шоу народной истории)», «Talking Pictures (Говорящие картинки)», «A Strathconon Glen For All Seasons (Стратконон-Глен на все времена)», «Jak and Eddie's Scottish Kitchen (Шотландская кухня Джека и Эдди)», «Journey to New Scotland (Путешествие в Новую Шотландию)».
«Yesterday» – Ұлыбритания мен Ирландияға хабар тарататын тарихи-мәдени бағытталған Британдық тегін телеарнаның бағдарламалары: «World's Greatest Palaces (Величайшие дворцы мира)», «Wild Japan (Дикая Япония)», «Titanic: Stories From The Deep (Титаник: Истории из глубин)», «The Queen's Castle (Замок Королевы)», «Secrets of the Transport Museum (Тайны музея транспорта)», «Secrets of Britain (Секреты Британии)», «Great British Railway Journeys (Великие британские железнодорожные путешествия)», «A history of ancient Britain (История древней Британии)», «Egypt's lost cities (Затерянные города Египта)», «Elizabeth (Элизабет)», «Mysteies at the museum (Тайны в музее)», «Raidees of the lost art (В поисках утраченного искусства)», «Sound’s of the 70S (Звуки 70-х)», «Tales of Irish castles (Сказки об Ирландских замках)», «Treasures of Ancient Rome (Сокровища Древнего Рима)».
«BVN» – Нидерландия үздігі, Нидерланд тілінде хабар тарататын арна, бағдарламалары: «Fryslân DOK (Фрислан ДОК)», «Goedemorgen Nederland (Доброе утро Нидерланды)», «Muziekstad (Музыкальный город)», «Nu te Zien! (Теперь на выставке!)».
«BBC Parliament Channel» – Ұлыбританияның парламенттік және заң шығарушы билігі мен Еуропалық Парламентті жариялау мақсатында құрылған BBC Британдық телеарнасы. Бағдарламалар: «The art of living (Искусство жить)», «Books (Книги)», «All in the detail (Все в деталях)», «Music (Музыка)», «Fashion (Мода)», «Photography (Фотография)», «Design (Дизайн)».
«History UK Channel» – бұл реалити-шоулар, тарихи оқиғалар және жеке тұлғаларға қатысты бағдарламалар тарататын еуропалық ойын-сауық телеарнасы. Мәдени-тарихи бағдарламалар: «Ancient top 10 (Древний топ 10)», «Britain's greatest bridges (Величайшие мосты Великобритании)», «Football’s greatest moments (Величайшие моменты футбола)», «Photos that changed the world (Фотографии, изменившие мир)».
«Quest» – Біріккен Корольдік пен Ирландияға хабар тарататын, тарихқа бағдарланған британдық тегін телеарнаның бағдарламалары «1,000 days of the planet (1000 дней планеты)», «African wild (Африканский дикий)».
«ITV Digital Channel» – Ұлыбританиядағы жетекші, британдық тегін арна. АҚШ-тан әкелінетін фильмдермен қоса, шынайы теледидарлар мен сценарийсіз шоуларды тарату арқылы жас әйелдер аудиториясына бағытталған. Бағдарламалар: «The Voice Kids (Детский голос)», «The Voice (Голос)», «Totally Bonkers Guinness World Records (Книга рекордов Гиннеса)», «Years With the Queen (Годы с королевой)».





(Ұлыбританияның мәдениет тақырыбындағы тележобалар көрсетікіші, 4-диаграмма)


4-диаграмма көрсеткіші бойынша мәдени бағдарламалар: «4seven» – 8; «BBC Two» – 15; «Channel 5» – 8; «Discovery Channel UK» – 6; «Disney Junior UK» – 3; «Sky Arts» – 5; «Sky nature» – 2; «UTV» – 2; «STV Channel» – 7; «Yesterday» – 15; «BVN» – 4; «BBC Parliament Channel» – 7; «History UK Channel» – 4; «Quest» – 2; «ITV Digital Channel» – 4.
Үш түрлі мемлекет, оның ішінде дәстүрлі БАҚ-нан телеарна бағдарламаларының мәдениет тақырыбындағы 15 арнаның көрсетшісі бойынша диаграммалар ұсынылды. Диаграмма көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасы телеарнасының 35 бағдарламасы мәдениетке қатысты бағдарлама ретінде озық тұр.
Негізінен, медиамәдениет көп ауқымдылығымен, бірегейлігімен, әмбебаптылығымен сипатталады:
• мәдени-тарихи даму үдерісінде адам жасаған, адамның интеллектуалды және материалды құндылықтары, коммуникациялық құралдар жиынтығы [108];
• БАҚ-тағы материалдық және рухани құндылықтарды тарихи дамыған жүйе ретінде қарастырылады. Медиамәдениет жүйе ретінде адамға тікелей әсер етіп, жеке адамның медиа даму деңгейін анықтауға мүмкіндігі бар [109, 26 б.];
• аудиовизуалды құралдар жүйесінде, аудиовизуалды өнердің барлық түрлерін біріктіре отырып, мәдени құндылықтарды трансляциялау мүмкіндігі бар [110, 54 б.].
Қорыта айтқанда, медиамәдениет ақпараттық қоғамдағы басты орындардың бірін алады. Танымал, бұқаралық, элита сияқты мәдениеттердің әртүрлі түрлерін ұсынады. Сонымен бірге, дәстүрлі және электронды ақпарат құралдары арқылы ауызша, символдық және визуалды бейнелер арқылы әлемнің бүкіл бейнесін жеткізуге мүмкіндігі бар [111]. Автордың көзқарасы бойынша медиамәдениет – бұл дәстүрдің, білімнің, материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығын (синтезін) сақтаудың, түрлендірудің, аударудың, ақпаратты тасымалдаудың қазіргі заманғы ерекше және әмбебап түрі. Мәдени-тарихи құндылықтарды қолдап, сақтауға және әлемдік нарықтағы ақпараттық мәдени кеңістікті дамытуға бағытталған мультимедиалық технологиялар көмегімен жасалған шығармашылық тәжірибенің бірі болып табылады.
Ақпаратты тасымалдайтын технологиялардың арқасында түрлі елдің мәдениеттерімен танысуға көп мүмкіндік пайда болды, бұқаралық коммуникацияның рөлі артты. Білім және ғылым, дәстүр мен өнер жаңа деңгейде алмасып, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану арқылы әлемдік мәдени құндылықтарды сақтауға мүмкіндік жасады. Адамзат мұрасын сақтауда мәдени дамудың ажырамас бөлігі ретінде қалыптасты. Медиамәдениеттің өркендеуіне коммуникациялық технологиялардың барлық түрлерін қолдану себеп болды. Мультимедиалық құралдардың пайда болуы, дәстүрлі символдардың өзгеруіне айтарлықтай әсер етті, өйткені көптеген дәстүрлі құндылықтардың жоғалуы мүмкін болды. Бір жағынан, кез-келген өзгеріс бастапқы мағынасының бұзуына әкеледі, оның формасы мен мазмұны, сонымен бірге семантикалық мағынаның жоғалуы бастапқы идеясына әсер етеді, жаңа мазмұн қосылады, бастапқы аксиологиялық ресурс жоғалады. Екінші жағынан, медиамәдениетте дәстүрлі нышандарды сақтауға, тасымалдауға толық негіз бар, мәдениеттің бейнелік және символдық табиғатына тікелей әсер етеді және медиамәдениетті әмбебап форма ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі құндылықтардың трансформациясы қазіргі мәдениеттегі дәстүрлі құндылықтарды сақтап қана қоймай, қайта қалыптастырып, медиамәдениеттің бейнелік және символдық кеңістігінің әрі қарай дамуына және кеңеюіне ықпал етеді. Оның мазмұндық құрамдас бөлігі ақпарат ағымына әсер етпей қоймайды. БАҚ-дағы ақпаратты таратудың негізгі құралы ретінде қарастыру маңызды десек, оның түрлі сала символдарын тасымалдайтын, сақтайтын, өзгертетін тұтас жүйе тұрғысындағы қызметі назардан тыс қалмауы шарт.
Медиамәдениеттегі ақпараттық және мәдени құндылықтар қоғамның әлем туралы дәстүрлі идеясын айтарлықтай өзгертеді, өйткені мультимедиалық технологиялар виртуалдылық элементін әкеледі, ол адамның қарым-қатынасына, өмір салтына, дүниетанымына және дүниеге көзқарасына айтарлықтай әсер етеді. Жаңа коммуникациялық технологиялардың ықпалымен жаңа мәдениет туындайды. Мәдениеттің барлық жаңа көріністері цифрлық ғаламмен байланысты. Медиамәдениеттің әмбебап түрі хабар таратуға мүмкіндік береді, дәстүрлі ақпараттарды қазіргі заманғы техникалық құралдармен сақтауға, мультимедиалық аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуге, медиамәдениетті қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Технологиялық дамудың арқасында түрлі мемлекеттерде ақпараттық мәдениеттің алмасуы жүріп жатыр. Медиамәдениет пен мәдениеттің медиатизациялануы мемлекеттер, ұлттар арасында позитивті, мәдени, қызығушылық өркениетті дамытуда ерекше мүмкіндікке ие. Бұл сайып келгенде, саяси мәселелерді шешуге көмектеседі.
ХХ-ХХІ ғасырдың мәдениеті – интернационалдық сипатқа ие болып, мәдени қарым-қатынастың динамикалық үдерістеріне негізделіп, мәдени халықаралық деңгейге көтерілді. Сондықтан мәдениетаралық коммуникация түрлі аймақтар мен әлем елдерінің ұлттық мәдениетін байытудың кепілі болып табылады. Халықаралық мәдени алмасу үдерістері мәдениеттің өркендеу жолындағы дамудың негізі болып табылады. Бүгінгі күні түрлі мәдениет өкілдерінің қатысуынсыз олардың сындарлы, салмақты диалогынсыз басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін білмей бірде-бір маңызды мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әлемдік қоғамдастықтың барлық өкілдеріне түсінікті бірыңғай саясат, қарым-қатынастың бірыңғай тілін әзірлеуді талап етеді.
Адамзат тарихында қалыптасқан ұлы мәдени мұраны жоғалтуға болмайды. Әлемнің жан-жақты дамуы, оның ілгерілеуіне түрткі болады. Қазіргі таңда мәдениеттің медиатизациялануы әртүрлі ғылым салаларының құзыреттілігінде сипатталады. Бұл феноменді зерттеу мен зерделеуге ұмтылу ғылыми және тәжірибелік айналымға енгізілген медиамәдениет, мәдениетаралық коммуникация, мәдениеттің медиатизациялану ұғымдарының едәуір маңызын көрсетті. Көбінесе, мәдениеттің медиамен ықпалдастығын анықтауда журналистика, мәдениеттану, әлеуметтану, психология, линвистика салалары мәселенің кәсіби көзқарастарына баса назар аударады. Қазіргі әлем өте күрделі, әртүрлі. Онда бір мезгілде бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын немесе ешқашан бір-бірімен жанаспайтын мәдениеттер, түрлі халықтар қатар өмір сүреді. Өз мәдениеттеріне сәйкес миллиондаған адамдар түрлі құндылықтар жүйесіне бағдарланады, өз өмірінде көбінесе өзара жоққа шығаратын принциптерді, көзқарастарды, стереотиптерді, бейнелерді басшылыққа алады. Осы себепті бүгінгі медиамәдениет жүйесінде бейнелерді, имидждер мен стереотиптерді қалыптастыру мәселелері маңызды орын алады. Мұндай көзқарастар мәдениетаралық қарым-қатынас үдерісінде бір этностардың, мемлекеттердің мәдениеттерін басқаларымен таныстыру үдерісінде туындайды.
Қазіргі заманғы медиамәдениет баспа, бейне, кинематографиялық, компьютерлік және басқа нысандар арқылы бүкіл әлемге таратылады. Қоғам өміріндегі экономиканың, саясаттанудың, мәдениеттің ғана емес, сондай-ақ мәдиамәдениет жаһанданудың рухани дәуірінің маңызды факторына айналды. Яғни медиамәдениет немесе бұқаралық коммуникация құралдарының мәдениеті тек мәдени мәтіндер мен ақпараттық тәжірибелерді ғана емес, сонымен қатар олардың қазіргі заманғы түрлері мен өндірісін, сақтау, тарату тәсілдерін қамтиды. Медиамәдениеттің қоғаммен қарым-қатынасы әртүрлі көзқараста зерттеледі, түрлі интерпретациялар болады. Әлемдік жаңғырту ортасының интеграторы ретінде қазіргі заманғы медиа технологиялар медиамәдениеттің ең нақты қажеттілігін қолдануға мүмкіндік береді. Әлеуметтің медиамәдениеті дүниетаным философиясына, мәдениеттің дәстүрлі түрлеріне, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының мәдени және рухани құндылықтарына әсер етеді және өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет