Байгожина дана онирбековна



бет6/38
Дата17.01.2023
өлшемі2.17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Лингвомәдени қауымдастық – тіл және мәдениетпен біріккен халық (халықтың бірлігі, оның тілі мен мәдениеті).
Коммуникативті мәдениет – халықтың коммуникативтік мінез-құлқы, оның ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде ұлттың коммуникативті мінез-құлқына жауап беретін ұлттық мәдениеттің үзіндісі.
Менталитет (лат. mentis «жан, рух (тар мағынада «ақыл») – ақыл-ой, әлеуметтік немесе этникалық топқа, халыққа, ұлтқа тән психикалық, эмоционалды мәдени ерекшеліктер, құндылық бағдарлары мен көзқарастар жиынтығы.
Гипермәтін (ағылш. hypertext) – компьютерлік технологияларды енгізумен пайда болған мәтіннің түрі немесе мәтінді ұйымдастыру әдісі. Гипермәтін бір мәтінді оқып отырған оқырманға экраннан екінші мәтінмен (көбінесе бастапқы мәтінде кездесетін қандай да бір ұғым, терминнің мәнін ашатын, түсіндіретін) танысуға және содан кейін негізгі мәтінді оқуды қайта жалғастыруға мүмкіндік береді. Мәтіндер арасындағы байланыс сілтемелер арқылы жүзеге асады.
Коммуникация теориясы (грек. theoria «қарастыру, зерттеу») – белгілі бір заңдылықтар немесе маңызды қатынастар туралы тұтас түсінік беретін коммуникативистикадағы негізгі идеялар жүйесі.
Трансформация – уақыт талабына сай өзгеріс, жағдайға бейімделу.
Дегуманизация – белгілі бір адамның немесе топтың өмір сүру құндылығы төмендеуінің психологиялық үдерісі.


КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың сипаттамасы. Ғылыми жұмыс сипатында жаһандану үдерісіндегі ақпарат пен мәдениет үйлесімділігі, медиамәдениеттің дамуы мен қызметі, оның қоғамға ықпал етуінен туындайтын жаңа бағыт аясындағы мәдениет медиатизациялануының өзекті мәселелері қарастырылды. Қоғамдағы медиамәдениеттің рөлін айқындаудың ғылыми-әдістемелік теориясы негізделіп, одан туындаған маңызды мәселелерінің айқындалуымен сабақтас мәдениет медиатизациялануының басым бағыттары сипатталды. Цифрлық қоғамдағы мәдениеттің медиатизациялану үдерісі кеңінен қарастырылып, теориялық және тәжірибелік үлгісі отандық және шетелдік басылымдар материалдары бойынша ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет