Тапсырма №3 Байланыстырып сөйлеуді оқытудың міндеттері мен мазмұны. Әртүрлі жас ерекшелік топтарында диалогты және монологты сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың мазмұны.
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.
Байланыстырып сөйлеу міндеттері: 1) қарым-қатынасты қажетсіну деңгейін жоғарылату және қоршаған ортадағы адамдарға қызығушылығын тәрбиелеу;
2) импрессивті және экспрессивті сөйлеуді дамыту (енжар және белсенді сөздікті жүйелендіру және байыту);
3) ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтық және монологтық);
4) ауызша коммуникацияның лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру және қалыптастыру;
5) қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған ересектер және құрбыластарымен түрлі өмірлік жағдайлардағы вербалды және вербалды емес құралдарды дамыту;
6) байланыстырып сөйлеудің түрлі бейнелерін және оның белгілерін тани алу икемділігін, әңгімені құрастыру және қайталап айту дағдысын қалыптастыру;
7) артикуляциялық моторика қозғалыстарының кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру;
8) толыққанды дыбыс айту дағдыларын (сақталған дыбыстарды нақтылау, жоқ дыбыстарды шығару, бұрмаланып айтылатын дыбыстарды түзету, автаматтандыру және сөйлемдегі басқа дыбыстардан ажырату);
9) шартты түрде есту және көру арқылы қабылдау мен назарды қалыптастыру;
10) фонематикалық есту мен фонематикалық қабылдауды дамыту;
11) сөйлеу кезінде интонациялық құралдарды меңгеру дағдыларын жетілдіру;
12) коммуникативті, ойындық және түрлі әрекеттер процесінде ұйымдастырушылық әрекеттерді, дербестікті, белсенділікті дамыту;
13) мектепке деген ынтаны қалыптастыру және мектепке дайындық.