Байтұрсынұлы оқулықтары негізінен



бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі47,5 Kb.
#85195
түріОқулық
  1   2   3

2-дәріс. Қазақ тіл біліміндегі функционалды лингвистиканың дамуы

А.Байтұрсынұлы оқулықтары негізінен мектеп оқушыларына арналып, 1912-1929-жылдар аралығында бірнеше рет басылып шығып отырғаны белгілі. Ғалымның еңбектері мен кейінгі оқулықтарды өзара салыстыра отырып, көптеген категориялардың А.Байтұрсынұлы еңбектерінде басқаша сипатталғанын, бірқатар өзгешеліктер барын байқаймыз. Оның сыры неде? Не себепті тілдік категорияларды сипаттауда елеулі алшақтықтар орын алған? деген сұраққа жауап іздеу барысында ғалымның бірқатар мәселелерге функционалды тұрғыдан сипаттама бергенін байқаймыз. Академик Р.Сыздық А.Байтұрсынұлы еңбектері негізінен мектеп оқушыларына арналуына байланысты тілінің мейлінше түсінікті болғанын жазады /1/. Ғалымның пікірін қуаттай отырып, бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде қолға алынып, зерттеліп келе жатқан жаңа бағыттардың бірі – функционалды грамматика мәселелері А.Байтұрсынұлы еңбектерінде де сөз болғанын байқаймыз. Ғалым функционалды грамматика атауын, оған қатысты терминдерді қолданбаса да, осы мәселенің нышандары еңбектерінде айқын көрініс тапқан.


Функционалды грамматика ұстанымдары бойынша, зерттеулер мағынадан тұлғаға қарай бағытталады. Яғни белгілі бір ұғымның қандай тұлғалар арқылы берілетіні тілдің бірнеше деңгейлері бойынша сараланады. Тілдегі грамматикалық бірліктердің қолданылу ерекшелігіне ерекше мән беріліп, ұғымдардың өзара қатынасына, олардың тілдегі қолданысына басты назар аударылады. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде және ғалымды өзіне ұстаз тұтқан Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов т.с.с. ізбасарларының еңбектерінде функционалды грамматиканың нышандары байқалады. Кейін ғалымдардың репрессиялануына байланысты еңбектеріне тыйым салынып, ғылымда көптеген бұрмалаулар, еуропоцентристік бағыт үстемдік алғаны мәлім. Мәселен, бүгінгі таңда етістіктің арнайы бір түрі ретінде қарастырылып жүрген салт, сабақты етістіктер А.Байтұрсынұлы еңбектерінде етіс құрамында сөз болады /2/. Ғалым -т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р жұрнақтары салт етіске жалғанса, сабақты етіс жасалатынын айтады. А.Байтұрсынұлы өзгелік етіс болу үшін тура толықтауышпен қатар жанама толықтауыштың да болуы шарт екенін ескертеді. Мәселен, қазіргі оқулықтарда сындыр, ағарт, жүргіз сияқты етістіктер тұлғасына, яғни

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет