Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 8.81 Mb.
Pdf просмотр
бет10/56
Дата15.03.2017
өлшемі8.81 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
46 
 
Диффамация  туралы  американдық  заңдар  өз  бастауларын  ағылшындық  жалпы  құқықтан 
алады.  Америка  Құрама  Штаттарының  мемлекеттік  құрылымының  ерекшеліктеріне  сай, 
диффамациямен  байланысты  заң  жалпымемлекеттік  ортақ  заңнамалық  акт  емес,  әрбір  штаттың 
өзіндік заңнамалық өзгешеліктері бар. 
Дегенмен де 1964 жылғы «Нью-Йорк таймс Салливанға қарсы» деп  аталған әйгілі процестен 
кейін  АҚШ-тың  диффамациялық  заңнамасында  тарихи  прецедент  қалыптасты  [3].  Аталмыш 
процестен кейін АҚШ-тың Жоғарғы Соты сөз және баспасөз бостандығына кепілдік беретін америка 
Конституциясына  Бірінші  түзету  диффамация  үшін  жауапқа  тартуға  біршама  шектеу  қояды,  яғни 
диффамациялық  құқықбұзушылық  орын  алған  жағдайда  да  жауапкершіліктен  босататын  мән -
жайларды  қарастырады  деген  Қаулы  қабылдады.  Нәтижесінде,  жоғарыда  аталған  прецеденттен 
кейін  АҚШ-тың  заңнама  жүйесінде  диффамациялық  құқықтың  жалпы  принциптері  пайда  болып, 
соттардың  құқыққолдану  практикасында  диффамация  үшін  жауапқа  тартуға  қойылатын 
шектеулердің бірыңғай ұлттық тұжырымдамасы қалыптасты. 
Жалпы әрбір штаттың диффамациялық заңдарының өзіндік  бірқатар ерекшеліктері бола тұра, 
жалпы басшылық принциптері барлығына бірдей ортақ деуге болады.  
Американдық заңнамаға сәйкес диффамация дегеніміз шындыққа сәйкес келмейтiн, яғни  жал -
ған, адамның репутациясына кiр келтiретiн, нәтижесінде басқа адамдар  тарапынан айыптаушылық 
және  жек  көрушілік  тудыратын,  сондай-ақ  осы  адамның  бизнесіне  зиян  келтіретін,  ешқандай  при-
вилегиямен қорғалмаған мағлұматтарды тарату. Егер диффамация жазбаша түрде жария етілсе, ол 
пасквиль немесе лайбл деп аталады, ал диффамация  ауызша түрде таратылған жағдайда ол жала 
жабу деп аталады. 
Америка штаттарының заңнамалық практикасындағы өзгешеліктер диффамацияның жазбаша 
немесе  ауызша  болуына  байланысты  айқын  көрінеді:  пасквиль  немесе  лайбл  жағдайында  сотта 
диффамация  фактісін  дәлелдеу,  ауызша  жала  жабуға  қарағанда  әлдеқайда  жеңілірек.  Жазбаша, 
қағаз бетіне түскен материалға дәлел ретінде жүгіну айтарлықтай қиындық тудырмайды, ал ауызша, 
кейде  кездейсоқ  айтылған  деректерді  дәлелдеу  әрине  үлкен  қиындықтар  тудырады.  Көптеген 
жағдайда, егер арнайы техникалық құралдардың көмегімен жазылып алынбаған болса, тіпті ауызша 
диффамацияны дәлелдеу мүмкін емес болады [4]. 
Диффамациямен  байланысты  іс  бойынша  өтемақа  алу  мүмкіндігіне  ие  болу  үшін  талапкер 
төмендегідей  мән-жайларды  дәлелдеуі  тиіс:  1)  жауапкердің  пайымдауы  жала  болып  табылады;  2) 
жария етілген мағлұмат тікелей талапкерге қатысты; 3) жария етілген мағлұмат шындыққа сай кел -
мейді,  яғни    жалған;  4)  жария  етілген  мағлұмат  ешқандай  привилегиямен  қорғалмаған;  5) 
жауапкердің  әрекеттерінде  тиісті  дәрежедегі  кінәнің  белгілері  бар;  6)  жарияланған  материал 
талапкерге белгілі бір зиян келтірді. 
Енді осы келтірілген элементтердің әрқайсысына қысқаша сипаттама беріп көрелік.  
1) Жауапкер пайымдауының жалалық сипаты. 
Жарияланымда  келтірілген  деректердің  жалалық  сипатын  анықтау  диффамациядан 
қорғаудың  маңызды  компоненті  болып  табылады.  Бұл  ретте  өзін  жәбірленуші  ретінде  есептейтін 
тұлғаның(субъектінің)  жарияланған  материалдағы  деректердің  өзіне  зиян  келтірді  деп  тануы 
жеткіліксіз.  Өйткені  бұл  субъективтік  сипаттағы  фактор.  Бір  субъект  тарапынан  негатив  ретінде 
қабылданған  факт  екінші  бір  субъект  үшін  норма  ретінде  қабылдануы  мүмкін.  Сол  себепті  де 
тұлғаның  деректі  жала  деп  тануына  байланысты  көзқарасы  белгілі  әлеуметтік  ортадан  немесе 
адамдар  тобынан  қолдау  табуы  қажет.  Әрине,  бұл  ретте  деректерде  келтірілген  фактілердің 
мазмұны неғұрлым көпшілікке жетімді болуы шарт. 
2) Жария етілген мағлұматтың тікелей талапкерге қатыстылығы. 
Американдық  диффамациялық  құқыққа  сай  жарияланымда  келтірілген  жала  деп  квалифика-
циялауға  жататын  дерек  тікелей  өзіне  қатысты  болған  жағдайда  ғана  тұлға  жала  жабу  негізі 
бойынша  сотқа  талап  арызбен  жүгіне  алады.  Американдық  диффамациялық  құқықтың  тағы  бір 
ерекшелігі  тұлға  қайтыс  болғаннан  кейін  оған  қатысты  қандай  да  болмасын  диффа мациялық  іс 
қозғауға тыйым салынады, яғни марқұмның мұрагерлері диффамациямен байланысты сотқа жүгіну 
құқығынан айырылады. 
3) Жария етілген мағлұмат шындыққа сай болмауы, яғни жалғандығы. 
Көпшілік жағдайда пікірдің шындық немесе жалған екендігін объективті түрде айқындау үлкен 
қиындықтар тудыруы ықтимал. Сараптамалық критерийлердің спецификасы ұлттық құқық жүйесінің 
ерекшеліктерімен  байланысты  болуы  мүмкін.  Мысалы,  негізінен  Англия  мен  АҚШ-тың  құқық 
жүйелеріне  негізделген  англо-саксондық  құқықтық  жүйе  мен  әлем  елдерінің  басым  көпшілігінің, 
соның  ішінде  Қазақстанның,  құқық  жүйелерін  қамтитын  роман-германдық  құқықтық  жүйенің 
диффамациялық  құқықбұзушылықтарды  квалификациялау  критерийлері  бір-бірінен  айтарлықтай 
ерекшеленеді. 
Англо-саксондық  құқықтық  жүйеге  жататын  мемлекеттерде  диффамациялық  деликтілерді 
(аталған  мемлекеттерде  диффамацияның  декриминализациялануы  себепті  қылмыс  деп 
танылмайды)  анықтау  прецеденттік  құқықпен  байланысты  айтарлықтай  жүйеленген.  Ал  роман -

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
47 
 
германдық  құқықтық  жүйеге  кіретін  Қазақстан  Республикасын  алатын  болсақ,  диффамациялық 
құқықбұзушылық ұғымының өзі енді қалыптасу үстінде. 
Диффамация  болып  есептелетін  фактіні  квалификациялауда  идеологиялық-психологиялық 
фактордың  да  ролін  ескеру  қажет.  Мысалы,  ұзақ  уақыт  коммунизммен,  коммунистік  құрылыспен 
байланысты  барлық  құбылыстарды  «құбыжық»  көріп  келген  батыстық  қоғам  үшін  сайлау 
қарсаңындағы  дискуссия  барысында  белгілі  бір  кандидаттың  өз  оппонентіне  қатысты  «коммунист» 
эпитетін  қолдануы  оны  жала  жапты  деп  сотқа  беруге  негіз  болуы  әбден  мүмкін.  Ал  коммунистік 
қоғамнан енді ғана қол үзе бастаған, әлі де болса қоғамның елеулі бөлігінің ностальгиялық көңіл -күйі 
коммунистік  құрылыспен  байланысты  посткеңестік  қоғамда  тұлғаның  мені  «коммунист»  деп  жала 
жапты  деп  сотқа  арыздануы,  тіпті  арыздана  қалған  жағдайда  да  жеңістен  үміттенуі  екіталай 
құбылыс. 
Ағылшындық  жалпы  құқықта  лайблдан  қорғаумен  байланысты  деректердің  шындыққа  сай 
еместігін  дәлелдеу  жауапкерге  жүктесе,  АҚШ-тың  1787  жылғы  Конституциясына  1  өзгерту  диффа-
мациямен  байланысты  процестерде  жала  деп  квалификациялауға  жататын  деректердің  шындыққа 
сай  еместігін  дәлелдеуді  талапкерге  жүктейді  [5,  б.  180].  Әрине,  тараптардың  позициясы  қарсы 
талап қоюмен байланысты өзгеруі мүмкін екенін де естен шығармау керек.  
4) Жария етілген мағлұматтың ешқандай привилегиямен қорғалмауы. 
АҚШ-тың  құқыққолдану  практикасында  ХХ  ғасырдың  60-жылдарында  қалыптасқан  «консти-
туциялық  привилегия»  принципіне  сәйкес  диффамация  бойынша  сотқа  жүгінуші  талапкер 
жауапкердің диффамациялық құқықбұзушылық әрекеттерінде «кінәнің тиісті дәрежесі» бар екендігін 
дәлелдеуге міндетті. Ал дәлелденуге жататын «кінәнің дәрежесі» талапкердің қоғамдық, әлеуметтік, 
саяси статусына байланысты өзгеріп отырады [6, б. 285]. 
Мысалы  өзіне  қарсы  «масқаралаушы  материал»  жарияланып,  өзін  жәбірленушімін  деп 
есептейтін талапкер мемлекеттік лауазым иесі немесе ірі қоғам қайраткері болған жағдайда ол, сот 
процесі  барысында  талапкердің  аталған  «масқаралаушы  материалды»  қаскүнемдік  ниетпен, 
қасақана  жариялағанын  дәлелдеуі  тиіс.  Яғни  жауапкердің  диффамациялық  материалдағы 
деректердің жалған екендігін алдын ала біле тұрып жариялағаны дәлелденуі қажет.  
5) Жауапкердің әрекеттерінде тиісті дәрежедегі кінәнің белгілері болуы. 
Сот  процесі  барысында  жауапкердің  диффамациялық  материалдағы  деректердің  жалған 
екендігін алдын ала біле тұрып жариялағаны дәлелденуі қажет. 
Талапкер  мемлекеттік  лауазым  иесі  немесе  басқа  да  «көпшілікке  танымал»  тұлға  емес, 
«қатардағы  азамат»  болған  жағдайда  ол  жауапкердің  диффамациялық  құқықбұзушылық 
әрекеттерінде  «салақтық»  немесе  «абайсыздық»  белгілері  бар  екенін  дәлелдеуі  тиіс.  Яғни 
жауапкердің «масқаралаушы материалды» жариялаудан бұрын ондағы деректердің шындық немесе 
жалған екендігін анықтауға бағытталған шаралар қолданбағаны дәлелденуі қажет. 
6) Жарияланған материалдың талапкерге белгілі бір зиян келтіруі. 
«Қаскүнемдік»  немесе  «салақтық»  немесе  «абайсыздық»  фактілері  дәлелденген  жағдайда 
талапкер  өзіне  келтірілген  зиянды  жауапкерден  толық  көлемде  өндіріп  алуға  құқықты.  Жекелеген 
жағдайларда  сот  талапкердің  пайдасына  жауапкерден  негізгі  зиянға  қосымша  «айыппұлдық  зиян» 
деп  аталатын  өтемақы  өндіріп  алу  жөнінде  шешім  қабылдауы  мүмкін.  Мұндай  шешімдер  негізінен 
кінәсі 
дәлелденген 
тарапты 
материалдық 
жазалау, 
сөйтіп 
болашақта 
осы 
тәріздес 
құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасалады. 
Батыс  Еуропа  мемлекеттеріндегі  антидиффамациялық  заңнаманың  бірқатар  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Бұл  ретте  басты  критерий  –  ұлттық  заңнама  нормаларының,  бір  жағынан,  ой-
пікір  еркіндігі  және  екінші  жағынан,  құқықтар  мен  бостандықтарды  заңмен  көзделген  реттерде 
шектеу  саласындағы  Адам  құқықтары  жөнiндегi  Еуропалық  соттың  құқыққолдану  практикасында 
қалыптасқан  стандарттарға  сәйкес  келуі.  Бұған  қоса,  Еуроодақ  жүргізіп  отырған  саясатқа  және 
Еуропалық  одақтың  негізгі  құқықтар  туралы  Хартиясына  сәйкес  батыс  еуропа  мемлекеттерінің 
заңнамалары сөз және пікір бостандығына басымдық беруді нормативтік бекітеді, диффамациядан 
қорғаумен  байланысты  дауларда,  бірінші  кезекте,  осы  аталған  бостандықтарға  қатысты 
кепілдіктердің  толық  жүзеге  асырылуы  талап  етіледі.  Солай  бола  тұра  еуропа  мемлекеттерінің 
диффамацияға  қатысты  заңнамалық-құқықтық  стандарттарын  бірыңғай,  ортақ  деуге  болмайды.  Әр 
мемлекеттің  диффамациялық  заңнамаларындағы  ерекшеліктер  нақтылы  мемлекеттің  ұлттық  құқық 
жүйесінің  роман-германдық,  яғни  континенталдық,  құқықтық  жүйеге,  немесе  англо-саксондық 
құқықтық жүйеге жататындығымен түсіндіріледі. Мысалы, негізінен континенталдық құқықтық жүйеге 
жататын Солтүстік және Орталық Еуропа мемлекеттерінің осы салада қолданылатын заңдары пікір 
білдіру  бостандығын  қорғауға  басымдық  берсе,  ал  жалпы  құқық  жүйесіне  кіретін  консервативтік 
Англияда  диффамацияға  қарсы  талаппен  сотқа  жүгінген  субъектінің  жеңіске  жету  мүмкіндігі 
әлдеқайда жоғары. Осы себепті де баспасөзде өздеріне қарсы «жағымсыз» сипаттағы материалдар 
жариялана  қалған  жағдай  белгілі  бизнесмендер,  немесе  саясаткерлер  талап  арызбен  Лондондық 
сотқа  шағымдануға  тырысады.  Мысалы,  белгілі  ресейлік  бизнесмен  Борис  Березовский 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
48 
 
американдық «Forbes» журналында жарияланған өзі туралы мақала авторына қарсы талап арызды, 
Англияға ешқандай қатысы болмаса да, Лондондық сотқа бергенін білеміз.  
Жалпы еуропалық заңнамада Адамның құқықтары мен негiзгi бостандықтарын қорғау туралы 
Конвенцияның(бұдан  әрі-Конвенция)  нормаларын,  атап  айтқанда  10-бабын  қолдану  тәжiрибесi 
қалыптасқанын айта кету керек. Конвенцияның 10 бабында былай делінген: 
«1. Әрбір адам өз пікірін еркін білдіруге құқығы бар. Бұл құқық бұқара билік тарапынан ешбір 
қол сұғусыз және мемлекеттік шекараға қарамастан өз пікірін еркін ұстануды, сондай-ақ ақпарат пен 
ойын еркін алуды және таратуды білдіреді. Аталмыш бап мемлекеттер үшін радио тасымалдаушы, 
теле немесе кинематография кәсіпорындарына лицензиялауды жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.  
2.  Міндеттер  мен  жауапкершілікті  жүктейтін  бұл  бостандықтардың  жүзеге  асырылуы  заңмен 
қарастырылған және  демократиялық қоғам үшін қажетті ұлттық қауіпсіздік, аумақтық тұтастық, тәр-
тіпсіздіктер  мен  қылмыстықтың  алдын  алу  мақсатында  қоғамдық  тәртіпті,  денсаулық  пен 
адамгершілікті  сақтау,  ар-намысты  немесе  өзге  тұлғалардың  құқықтарын  қорғау,  құпия  түрде 
алынған  ақпараттың  жария  болмауының  алдын  алу  мақсатында  немесе  авторитет  пен 
турашылдықты  қамтамасыз  ету  мақсатында  белгілі  бір  формальдықтармен,  шарттармен, 
шектеулермен немесе санкциялармен  ұштасуы мүмкін. 
Еуропалық  Одақтың  негізгі  мақсаты  экономикалық  ынтымақтастық  болғандықтан, 
диффамация  бұл  ұйымның  құқығында  маңызды  рөл  атқармайды.  Бірақ,  Еуроодақ  Конвенцияны 
өзінің заңнамасының құрамдас бөлігі ретінде қабылдап, нәтижесінде Еуропалық Қоғамдастық Соты 
тиісті  жағдайларда  осы  Конвенцияны  қолданады.  Диффамация  мәселелері  бойынша  прецеденттік 
құқық Адам құқықтары бойынша Еуропалық сотпен(бұдан әрі-Еуропалық Сот) құрастырылғандықтан, 
Еуропалық Соттың прецеденттік құқығына бірқатар шолу жасап өткен дұрыс деп ойлаймыз.     
Біріншіден,  Конвенцияның  бірқатар  негізгі  сипаттамаларын  қарастырған  жөн.  Ең  алдымен, 
Еуропалық  Сот  –  соңғы  сатыдағы  сот  екендігін  естен  шығармауымыз  керек.  Яғни,  арыз  беруші 
Еуропалық  сотқа  жүгінбес  бұрын  өз  елінің  сот  жүйесіндегі  құқықтық  қорғаудың  барлық  түрін 
қолданып  өтуі  тиіс.  Алайда,  нақты  іс  бойынша  соңғы  шешім  қабылданбас  бұрын  көптеген 
жылдардың  өтуі  мүмкіндігі  сақталатыны  сөзсіз.    Конвенцияда  былай  делінген,  Еуропалық  Сот 
Конвенцияның  бұзылған  қайсыбір  ережесінің  жәбірленушісі  болған  істерді  ғана  қарастырады. 
Еуропалық Сот гипотетикалық немесе принципиалдық жағдайларды қарастыруымен айналыспайды. 
Сот  процесі  әрдайым  (жеке  немесе  заңды)  тұлға  және  Конвенция  ережелерін  бұзған  үшін 
айыпталатын  мемлекет  арасында,  ал  мемлекет  бір  немесе  бірнеше  органдары  тарапында  (оның 
ішінде  соттар)  болуы  мүмкін.  Яғни,  Конвенцияның  10  бап  ережесінің  бұзылуы  мемлекеттік  билік 
органы  арыз  берушінің  өз  еркін  білдіру  құқығына  қолсұғушылыққа  жол  бергендігін  білдіреді. 
Қолсұғушылық 10 баптың бұзушылығы болып есептелу үшін, ол міндетті түрде нақты б олмауы тиіс. 
Ол жанама түрде де болуы мүмкін (Боумэн Біріккен Королдікке қарсы, 1998 г.). Сөйтіп, 10 бапты тек 
Еуропалық Сот қана қолданбайды; оны қажетті жағдайларда ұлттық соттар да қолдануы тиіс.  
Осыған ұқсас ережелердің көбісі секілді, 10 бап  екі пунктен тұрады. Бірінші пунктте жалпы өз 
еркін  білдіру  құқығы  мен  оның  мазмұны  мен  әрі  қарай  қолдану  аясы  сипатталады.  Екінші  пунктте 
былай  делінген,  өз  пікірін  білдіру  құқығы  белгілі  бір  шектеулер  мен  шарттармен  ұштасуы  мүмкін. 
Басқа  сөзбен  айтқанда,  мемлекет  өз  пікірін  білдіру  құқығын  шектей  алады  (яғни  оның  жүзеге 
асырылуына  да  кірісе  алады).  Бірақ,  шектеулер  мен  шарттар  шексіз  бола  алмайды,  яғни  олар 
белгілі бір шектерде болуы тиіс.  Олар үш критерийге сәйкес болуы тиіс: 
- заңмен қарастырылуы тиіс (статуттық немесе прецеденттік құқықпен, яғни  – жалпыға бірдей 
және мәлім заңнамамен),  
- заңды мақсат үшін қолданылуы тиіс (аумақтық бірлік, әділет турашылдығын қамтамасыз ету 
және ар-намыс немесе өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау),  
- демократиялық қоғамда қажетті болуы тиіс. 
Көбінесе  10  бапқа  қатысты  барлық  істерде,  Еуропалық  Сот  шағымданылып  отырған 
қолсұғушылыққа  демократиялық  қоғамға  деген  қажеттілігін  зерттейді.  Аталмыш  қажеттілік  қоғам 
үшін аса қажеттілігін білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, Еуропалық Сот қолсұғушылықтың  10 бапқа 
сәйкес  келуі  үшін,  оның  қажетті,  қолайлы  және  пайдалы    екендігі  жеткіліксіз;  яғни  бұл  кірісуде 
қоғамның  да  аса  қажеттілігі  болған  жөн.  Аталмыш  критерий  Еуропалық  Сот  жалпы  еуропалық 
стандартты қолдануға мүмкіндік береді. Бұл критерий, әрбір елдің істері Еуропалық Сотпен біркелкі 
қарастырылатындығын білдірмейді. Еуропалық Сот қатысушы мемлекеттердің ұлттық мекемелеріне 
саяси, тарихи және мәдени көзқарастар тұрғысынан еркшеліктерді қолдану үшін белгілі бір еркіндік 
ұсынады.  Еуропалық  Сот  өз  еркін  білдіру  қарастыру  шеңбері  аталмыш  еркіндіктің  принципиалдық 
мазмұнынына байланысты тар мағынада болып келетіндігін бірнеше мәрте атап өтті.   
Қарастыру  шеңбері  тек  географиялық  құрамнан  ғана  тұрмайды,  яғни  ол  елдің  ерекшелігіне 
байланысты  өзгеретіндігін  білдіреді.  Қарастыру  шеңбері  уақыттың  өтуіне  де  байланысты  болып 
келеді. Басқа сөзбен айтқанда, өз еркін білдіру құқығына қолсұғу мысалы, 1980 жылы мүмкін болса, 
бұл жағдай 2004 жылы 10 баптың бұзушылығы болып есептелуі мүмкін.  

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
49 
 
Еуропалық  Сот  прецеденттік  құқығы  қозғалмас  күйде  болып  тұрмайды,  ол  әрдайым  қозға-
лыстағы механизм. 
Конвенцияның  10  бабында  диффамациялық  заңнама  туралы  нақты  норма  жоқ.    Еуропалық 
Сот әдетте 10 баптың екінші пунктіндегі өз ойын еркін білдіру құқығына  қолсұғушылыққа шектеу ар-
намыс  пен  өзге  тұлғалардың  құқықтарын  қорғау  мақсатында  және  демократиялық  қоғамда  қажетті 
болған  жағдайда  ғана  қолданылады.  Сондықтан  Сот  тиісті  бір  мемлекеттің  билік  органдарының 
қайсібіреудің  өз  ойын  еркін  білдіру  құқығына  нақты  қолсұғуы  аталмыш  шартқа  сәйкес  келетіндігін 
айқындайды. 
Диффамация  туралы  әңгіме  қозғалған  жағдайда,  10  бап  тек    жағымды    қарсы  алынатын 
немесе  жазықсыз,  сондай-ақ  ортақ  «ақпарат»  пен  «ойға»  ғана  қатысты  қолданылмайды,  сонымен 
қатар  қорлайтын,  естен  тандыратын  және  алаңдауды  иландыратындарға  да  қолданылатындығын 
естен шығармауымыз тиіс. Еуропалық Сот ескертеді: «Плюрализм, толеранттік және либерализмсіз 
«демократиялық қоғам» мүмкін емес».  
Әрине,  біз  диффамациялық  істерді  қарауда  негізінен  Адам  құқықтары  жөніндегі  еуропалық 
соттың  тәжірибесі  ескерілетін  болғандықтан,  аталмыш  Соттың  түрлі  елдердегі  әр  түрлі 
категориядағы  істерге  қатысты  практикасынан,  яғни  нақтылы  шешімдерінен  бірқатар  мысалдар 
келтірдік.  Бұл  тәжірибенің,  әрине,  қазақстандық  соттардың  құқыққолдану  тәжірибесі  үшін  үлкен 
маңызы  бар  екенін  естен  шығармау  керек.  Бұл  біз  жоғарыда  тоқталып  өткен,  Қазақстан 
Республикасының  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  2008  жылғы  29  тамыздағы  Жарлығымен 
бекiтiлген 2009-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” Мемлекеттiк бағдарламасында көрсетілген 
басты  бағыттардың  бiрi  ретiндегі  еуропалық  озық  тәжірибені  пайдалана  отырып,  қазақстандық 
институттық-құқықтық 
базаны 
жетілдіру, 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдары(соның 
iшiнде 
диффамациямен байланысты мәселелер) туралы заңнаманы жетілдіру, сот жүйесі мен мемлекеттік 
қызметті және өзге де салаларды реформалау сияқты стратегиялық бағдарларға да сай келеді [7].  
Сол  себептi  де  азаматтарды  және  заңды  тұлғаларды  диффамациядан  сот  арқылы  қорғау 
проблемаларын зерттеу барысында еуропалық позитивтi тәжiрибенiң оң ықпалы болары сөзсiз. 
Мәселе  әлi  де  болса  толығырақ  зерттеудi  қажет  етсе  де,  бiздiң  ойымызша,  шетелдiк 
тәжiрибенi  де  ескерген  дұрыс.  Ал  қазiргi  кезде  көптеген  елдердiң  заңды  тұлғаларға  қатысты 
диффамация  негiзiнен  азаматтық-құқықтық  тәртiппен,  яғни  азаматтық  диффамациялық  iс  жүргiзу 
тәртiбiмен қаралып отыр. 
  Қалай болғанда да еліміздегі реформалардың, соның ішінде құқықтық реформалардың даму, 
әлемдік  озық  тәжірибелерге  ынтымақтасу  динамикасы  жаңа  категорияларды  жеделдете  игеруді 
талап  етеді.  Оның  үстіне  жыл  өткен  сайын  халықтың  құқықтық  сауаттылық  деңгейінің  артып  келе 
жатқанын  ескерсек,  соттарда  қаралатын  диффамациялық  істердің  де  санының  арта  берері  сөзсіз. 
Бұған құқыққорғаушы органдар, әсіресе судьялар қауымы дайын болуы қажет. 
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  құқық  жүйесі  прецеденттік  құқыққа  негізделмесе  де, 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  жоғарыда  атап  өткен  тәжірибе  негізінде  тиісті 
Нормативтік  қаулыларын  қабылдау  арқылы  диффамациялық  істерді  қарау  практикасын 
жүйелендіруге болар еді. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2009  жылғы  24  тамыздағы  Жарлығымен  бекітілген 
2010  жылдан  2020  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған  Қазақстан  Республикасы  құқықтық  саясатының 
Тұжырымдамасы. 
2. Defamation Act, 1996. http://www.asiaplus.tj/articles/136/2595.html. 
3.  "Нью-Йорк  таймс  против  Салливана"(230/1964)//Доклад  Комитета  ООН  по  правам  человека 
А/47/40. 
4.  Вандерет  Р.  Американское  диффамационное  право  и  судопроизводство:  Обзор  законода-
тельства  и  практики  судебной  защиты  чести  и  достоинства  в  США.  http://www.law.edu.ru 
/doc/document. asp?docID=1114980. 
5. Краткая история США.М.,Олимп.-1993.-С. 165-198. 
6. Гражданский процесс зарубежных стран. Под редакцией доктора юридических наук А.Давтян. 
М., 2008.-С. 480. 
7.  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  2008  жылғы  29  тамыздағы  Жарлығымен  бекiтiлген 
2009-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” Мемлекеттiк бағдарламасы. 
 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
50 
 
УДК 341.1                       
 
ОСОБЕННОСТИ ПРОИЗВОДСТВА ДИСТАНЦИОННОГО ДОПРОСА  
В УГОЛОВНОМ ПРОЦЕССЕ
 
 
Саламатова  Б.З.  -  старший  преподаватель  факультета  истории  и  права  КГУ  им. 
А.Байтурсынова                      
 
В  статье  осуществлен  анализ  появления  новой  формы  допроса  как  допрос  с  использова-
нием  средств  видеоконференцсвязи.  Изучен  опыт  применения  дистанционного  допроса  в  уго-
ловном  процессе  зарубежных  стран,  а  также  исследованы  некоторые  проблемы,  касающиеся 
процедуры проведения рассматриваемого следственного действия 
Ключевые  слова:  дистанционный  допрос,  видеоконференцсвязь,  научно-технические  сред-
ства, следственное действие 
 
В  УПК  РК  от  4  июля  2014  года  была  введена  новая  норма,  регламентирующая  особенности 
допроса  с  использованием  научно-технических  средств  в  режиме  видеосвязи  (дистанционный  до-
прос), где на основании ст. 213 УПК РК регламентировано проведение дистанционного допроса п о-
терпевшего, свидетеля. 
Дистанционный допрос производится в случаях:  
1) невозможности непосредственного прибытия лица в орган, ведущий уголовный  процесс, по 
месту  расследования  (рассмотрения)  уголовного  дела  по  состоянию  здоровья  или  другим  уважи -
тельным причинам;  
2) необходимости обеспечения безопасности лица;  
3) проведения допроса малолетнего или несовершеннолетнего свидетеля, потерпевшего;   
4)  необходимости  обеспечения  соблюдения  сроков  досудебного  расследования,  судебного 
рассмотрения дела;  
5) наличия причин, дающих основания полагать, что допрос будет затруднен или связан с и з-
лишними затратами.  
Решение о производстве дистанционного допроса принимается лицом, осуществляющим рас-
следование дела, по собственной инициативе или ходатайству стороны или других участников уго -
ловного  процесса  либо  по  указанию  прокурора  с  направлением  поручения  в  порядке,  предус -
мотренном ст. 188 УПК РК.  
Ход и результаты следственного действия, проведенного в режиме видеосвязи, отражаются в 
протоколе,  составляемом  органом  досудебного  расследования,  исполняющим  поручение,  в  соот -
ветствии с требованиями ст. 199 УПК РК. В протоколе дистанционного допроса указываются с веде-
ния о научно-технических средствах видеозаписи, с помощью которых производится следственное 
действие.  
Требования  допрашиваемого  внести  в  протокол  дополнения  и  уточнения  подлежат  обяза -
тельному исполнению. Протокол после его подписания направляется лицу, осуществляющему рас-
следование дела.  
Также  в  УПК  РК  говорится,  что  в  целях  обеспечения  безопасности  лицо  по  его  ходатайству 
может быть допрошено в режиме видеосвязи с изменением внешности и голоса, исключающим его 
узнавание. 
Исходя из анализа норм УПК РК, можно также заметить, что проведение дистанционного до-
проса присуще не только стадии досудебного расследования, но также стадиям судебного разбир а-
тельства.  Например,  ст.  345  УПК  предусматривает,  что  по  решению  председательствующего  в 
главном  судебном  разбирательстве  может  происходить  в  режиме  видеосвязи;  ст.  504  УПК  преду-
сматривает дистанционный допрос осужденного, находящегося под стражей; ст. 576 УПК допускает 
производство процессуальных действий с использованием видеосвязи. 
Новый  УПК  предъявляет  определенные  требования  и  к  технике,  с  помощью  которой  прово-
дится допрос. Так, согласно ч.2 ст.213 УПК РК использование при дистанционном допросе научно -
технических средств и технологий должно обеспечивать надлежащее качество изображения и зв у-
ка, а также информационную безопасность. 
Разъяснение  термина  «надлежащее  качество»  новый  УПК  не  содержит.  Анализ  норм  и  раз-
личных  научных  публикаций,  регламентирующих  процедуру  видеоконференции,  позволяет  нам 
сделать  вывод,  что  надлежащее  качество  изображения  -  это  изображение,  позволяющее  одно-
значно идентифицировать личность по его изображению всеми участниками процесса и зафиксир о-
вать это изображение техническими средствами с последующей возможностью идентификации д о-
прашиваемого по изображению. Надлежащее качество звука - это звук, позволяющий четко и раз-
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет