Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата15.03.2017
өлшемі8,81 Mb.
#9866
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56

 
Литература
1.  Комкова Г.Н. Категория «ценность» в конституционном праве России // Известия Саратовс-
кого университета. Новая серия. Серия: Экономика. Управление. Право. 2012. Т. 12. № 2.           
2.  «О  Концепции  долгосрочного  социально-экономического  развития  Российской  Федерации 
на  период  до  2020  года»:  Распоряжение  Правительства  РФ  от  17.11.2008    г.  №  1662-р  (в  ред.  от 
08.08.2009 г.)  // СЗ  РФ. 2008. № 47. Ст. 5489;  2009. №  33. Ст. 4127. 
3.  Новгородцев П.И. Об общественном идеале. М., 1991.   
4.  Лукашева Е.А.  Право. Мораль. Личность. М., 1986.  
5.  См.: Международные акты о правах человека. Сборник документов. М., 2000.  
6.  См.: Российская газета. 2012. 13 декабря.  
7.  Рыбаков  О.Ю.    Российская  правовая  политика  в  сфере  защиты  прав  и  свобод  личности. 
СПб., 2004.  
 
 
 
 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
66 
 
ӘОЖ 34 (5Қ) 
 
ӘДІЛСОТТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ БИЛЕР КЕҢЕСІ  
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ 
 
Шаривхан  Ж    -  аға  оқытушы,  заңтану  кафедрасы,  Ш.  Уалиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттік университеті  
Омаров  А.Ж  -  аға  оқытушы,  заңтану  кафедрасы,  Ш.  Уалиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттік университеті 
 
Мақалада  әділсоттылықты  жүзеге  асырудағы  билер  кеңесі  және  оның  шешімдері  айтылған 
қазақ  тарихының  көкейтесті,  терең  мазмұнды  билер  кеңесі  мәселелері  сөз  болады.  Сонымен  қа-
тар  қазақ  қоғамындағы  билер  кеңесі  және  оның  шешімдерінің  қалыпты  дамуының  мәнді  тетік-
терінің бірі дәстүрлі демократиялық биліктің қалыптасу мәселелері қамтылған. 
Негізгі  ұғымдар:  ұлттық  мүдде,  жалпыұлттық  идея,  дала  демократиясы,  тәуелсіздік, 
мемлекеттілік. 
 
Көшпелі  қазақ  қоғамындағы  дәстүрлі  демократиялық  билік  тетіктері  (механизмдері)  өзінің 
тамырын  ерте  дәуірлерден  таратары  хақ.  Мұндай  ұйымдар  елдің  елдігін  сақтап,  іргесін  берік  қылу 
жолында  ұшан-теңіз  қызметтер  атқарғаны  дау  тудырмайды.  Өйткені,  оған  халық  жадындағы 
мынандай мақал түріндегі үзік-үзік сырлар куә: "кеңесте кендік кеп", "кеңесті іс келісе берер, кеңессіз іс 
кері  кетер",  "әділ  басшы  көппен  санасады,  әділетсіз  көптен  адасады",  "әр  ханның  тұсында  бір 
сұрқылтай", "хан қасында қарашаң болса, қара жерден кеме жүргізеді"[1].  
Енді  осы  "Билер  Кеңесі"  қашан  тарих  сахнасына  шықты?  Бұл  дәстүр  қашаннан  бері  қазақтың 
ұлы даласында билік жүргізу өнерінің ажыратылмастай құрамдас бөлігіне айналды және де өзі тектес 
"Хан Кеңесі" т.б. органдарымен қандай ара қатынаста болды деген заңды сұрақтар төңірегіне ойысып, 
жауап іздеуге талпынып көрелікші. 
"Билер  Кеңесінің"  тарих  сахнасына  шығу  кезеңін  нақты  XVII  ғасырмен  белгілеп,  көрсететін  де 
пікірлер[2,197]  бар.  Ал  С.В.Юшков  "  С  конца  XVII  века  Совет  биев  становится  постоянным  органом 
власти"[3, 167] десе, Н.Г. Аполлова Билер Кеңесінің қай кезенде өмірге келгеніне нақты тоқталмай, оны 
хан жанындағы кеңесші орган болған дейді[4,103].  
Сонымен қатар бұл органның қызмет еткен уақытын тек бір ханның елді билеген уақытымен де 
шектеуді  кездестіреміз[5,33].  Бұл  мәселе  жөнінде  заңгер-ғалымдарымыз  ортасында  да  бір  арнаға 
тоғысар пікір жоқ. Мысалы белгілі шығыстанушы - ғалым Н. Өсеров қазақтың аңызын арқау ете оты-
рып, былай дейді: "Казахское предание гласит, что "Совет биев" существовал" еще во времена по-
лумифического Майқы ("Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би"), но до Тауке "Совет биев" сөзы-
вался изредка (непостоянно), только при решении важных вопросов"[6,328]. Ал С. Сөзақбаев Тәуке 
заманын сөз қыла отырып "мемлекеттік  аппараттың құрамында үлкен өзгерістер болды. Атап айта-
тын  болсақ,  басқару  процесінде  бұрын  беймәлім  болған  "Билер  кеңесі"  енгізілді"  деп  жоғарыдағы 
пікірге мүлдем қарама-қайшы ой білдіреді. Т.М. Күлтелеев болса "Билер Кенесі" туралы өзіне дейінгі 
пікірлерге  тоқтала  отыра,  XVIII  ғасырдың  соңында  Есім  хан  тұсындағы  "Хан  Кеңесі"  сол  "Билер 
Кеңесінің" өзгерген түрі деп, олардың ара байланысына тоқталады [ 7, 66]. 
Біздің  ойымызша,  "Билер  Кеңесінің"  бастау  алар  нәрлі  өзегі  әріде  жатыр,  ол  сақ  дәуірінен 
басталады.  Өйткені  біз  белгілі  қажеттіліктерді  шешу  үшін  сол  дәуірлерде  кеңестердің 
шақырылып  тұрғанынан  хабардармыз.  Мысалы,  Т.  Жұртбаевтың  еңбегінде  "Сол  кезде  сақ 
тайпасының  ұлы  кеңесінің  биі  Тамыр  Көсем  Ескендірге  елшілікке  келді[8,10]  деген  дерек  келтіреді. 
Сонымен  қатар  сақтардың  батыр  жаужүрек  патшайымы  Томиристің  Зал  атты  ақылгөйі  де[9,51-52] 
болған.  Бұл  ол  органның  қалыптасу  кезеңі  болып  табылады.  Ал  ғұн  дәуірінде  мұндай  кеңесуші 
органдар  белгілі  саяси  дербес  күшке  айналады.  Елдегі  үлкен  қоғамдық  мәні  бар  келелі  істер  тек 
осындай  органдардың  талқысынан  өтіп  қана  өмірге  жолдама  алатын  болған.  Ол  туралы  "Жаңа 
жылдың алғашқы айында мемлекет басшылары (негізінен кіші хандар мен уәзірлер) Тәңірқұт ордасы 
жанындағы ғибадатханаға барып, кіші жиын өткізетін болған. Ал айдың бесінші жаңасында Луң-чыңға 
(Айдаһар  қалаға)  барып,  үлкен  жиын  өткізген.  Күзде  жылқы  қон  жинаған  кезде,  Дәйлин  тауына 
барып,  бүкілхалықтық  жиын  өткізіп,  көкке, жерге, ата-баба аруағына  арнап құрбандық шалған, мал-
жанның есебін алған"[10,218]. Көріп отырғанымыздай бұл уақытта елді билеу дәстүрінде екі:  "үлкен" 
және  "кіші"  кеңестің  ара  жігінің  ажыратылғанын  байқаймыз.  Сонымен  бірге  олардың  атқарар 
қызметтері  мен  құрамы  да  ерекшелене  бастайды.  Бұл  органдардың  елдегі  беделінің  артқандығы 
соншама, олармен елді билеушілер де санасуға мәжбүр болады. Л. Гумилев ол туралы: "Б.з. д. II ғ. 
Мүде  мен  олардын  ұрпақтары  тақты  өсиет  бойынша  өздерінің  ұлдарына  қалдыратын,  ал  оларды 
кінәздар мен ағамандар кеңесі бекітетін"[11,32] дейді. Бұл дәстүр үйсін елінде де жалғасын тапқан. Біз 
оларда "Ақсүйектер кеңесінің" болғанын және олардың елі үшін іргелі қызметтер атқарғанын білеміз. 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
67 
 
Бұл  уақытта  бұл  органдар  елдегі  ішкі  экономикалық  маңызы  бар  шаруалар:  жер-су,  күздеу,  қыстау 
мәселелерін  шешумен  қатар,  соғыс-бейбітшілік  мәселесі  бойынша  да  өз  ұйғарымын  шығарып 
отыратын  орган  болған.  Сонымен  қатар  ел  мен  елдің  арасында  болатын  "бейбітшілік  пен  іліктілік" 
келісімін  жасауды  да  талқылап  отырған.  Ал  ел  билеушілер,  қағандар  сол  органның  ұйғарымын 
жүзеге  асырып  отырған.  Ел  ішіндегі  ру  мен  рудың  арасындағы  дау-шарға  да  тоқтам  айтқан.  Елдің 
негізгі тірегі - заңды да талқылап отырған.  
Қазақ хандығы дәуірінде кеңесші органның екі түрі белгілі болып қана қоймай, оның аталуы да 
екі  түрлі  болып,  қарайтын  мәселелерінің  шенбері  де  накты  белгіленгені  байқалады.  Ол  жөнінде 
қытайлық ғалым Әкімханұлы Еркіннің келтірген мына дерегіне көңіл қойып көрелікші.  Қазақ  хандығы 
тұсында  хандардың  билік  жүргізу  органы  Тағанақ  Кеңесі  мен  Тұрымтай  Кеңесі  деп  екіге  бөлінген. 
Тағанақ Кеңесі жылына бір рет өткізіліп отырған, оның ауқымы кең қатысатын адамы мол болған, оған 
ханға қарасты елдің басты-басты ру-басылары, билікті билер, қолбасылар, жыраулар қатысқан.  
Онда хандықтың ірі-ірі мемлекеттік  істері талқыланып, ел ішіндегі үлкен  дау-дамайлар жөнінде 
шешім  жасалатын  болған,  алдағы  жұмыстар,  халықтың  соғыс  дайындығы  талқыланып,  соған  сәйкес 
жарғылар қабылданған. 
Тұрымтай  Кеңесі  шағын  ауқымды  болған.  Мұндай  Кеңестер  айына,  шұғыл  кезде  жұмасына 
(жылына) бір рет өткізіліп отырған. Оған хандықтың негізгі билері,  он мың басылар, орданың бас жы-
рауы, орданы қорғайтын төлеңгіттердің бас қолбасшысы, ханның орда жұмысына араласа бастаған 
балалары  қатысып  отырған.  Мұнда,  көбінесе  бір  жұмалық,  бір  айлық  қысқа  мерзімді  істелетін 
жұмыстар талқыланып, күнделікті жұмыстар орналастырылған шұғыл істер жөнінде шешім жасаған.
  
Сондықтан  да  болар  ел  жадында  "тұрымтай  тұсымен,  балапан  басымен"  деген  мақалдың 
сақталуы. 
Билер Кеңесінің құрамы сол уақытта, атақ-даңқы бір рулы елден асып, бүкіл қазақ жұртына мә-
лім болған жүзден жүйрік, озық ойлы би, батырлардан т.б тұрған. Батыр болғанда да, найзасы талай 
жауға тиген, үлкен есімді батырлар. Олар сонымен қатар сыншы, әрі билік айта алатын би де болған.  
Билер  Кеңесін  басқарушы  тұлғаны  Төбе  би  деп  атаған.  Бұл  тұлғаны  С.  Сөзақбаев  Ара  би 
ұғымынан  бастау  алады  дейді,  оны  сот  ретінде  түсінетіндер  де  бар.  Біздің  ойымызша,  Төбе  биді 
біржақты түсінуге болмайды. Ол өзінің бойына сан-салалы қызметтерді жұмылдырған әмбебап лауа-
зымды тұлға. Ол тұғырға тек өте таңдаулы билердің биі ғана көтеріле алған. Бізге жеткен деректерге 
қарайтын болсақ, ең алғашқы кезде Билер Кеңесіне басшылықты қазақ ордасының ханы  жүргізгенге 
ұқсайды. Ал кейіннен барып Билер Кеңесін Төбе би өз алдына тәуелсіз  басқарған. Бұл жерде бидің 
белелі  өте  манызды  рөл  ойнаған.  Төбе  бидін  Билер  Кеңесіндегі  қызметі,  біріншіден,  ханмен  бірлесе 
отырып келесі Кеңестің шақырылар уақытын, жерін анықтап, оны кеңес мүшелерінің талқысына 
салу,  екіншіден, кеңес мәжілісіне басшылық жасау, қаралатын мәселелер тізбегін айқындау (ханмен 
бірлесе отырып) т.б. мәселелер. Біз "Билер Кеңесін" Төле бидің басқарғанын білеміз. Бір ерекшелігі 
"Билер  Кеңесінде"  қазақ  елі  үшін  маңызы  бар  сыртқы  және  ішкі  мәселелер  қаралған.  "Кеңесте" 
қаралған мәселелерді саралай келіп, оларды төмендегідей сипаттарға топтауға болады: 
- бүкіл қазақ еліне қатысты заңдарды, жол, жоралғыларды талқылап кұптау (мақұлдау); 
- жаугершілік, соғыс мәселелерін шешу; 
- күллі қазаққа танымал батыр, билердің т.б. бас бұзарлық істерін қараған; 
- елдің қол бастар бас сардарын тағайындаған; 
- сырт елмен қарым-қатынас мәселелерін талқылаған (елшілерді белгілеу т.б); 
- көші-қон (жайлау, күздеу, көктеу); 
- рулы елге іріткі салатын, ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін дауларды шешкен; 
- үлкен даулы істерге байланысты билердің шешкен істерінің дұрыс-бұрыстығын талқылаған; 
- ел бірлігінің ұйытқысы болған пірді сайлаған[12,201]. 
Жоғарыда  көрсетілген  мәселелер  бойынша  "Билер  Кеңесінің"  шығарған  шешімі,  "алдағы 
шақырылатын  жиылысқа  дейін  бұзылмайтын.  Барлық  ру-тайпалар  үшін  міндетті  түрде  орындалуға 
жататын. Ал егер бұзылып жатса, онда тиісінше шаралар қолдануға әкеліп соғатын болған. 
Осы тұста біз билер шешімдеріне тоқтала кеткенді жөн санадық. 
Қазақ  билері  —  бірлік,  ынтымаққа  шақыратын  шешімдерді,  даулы  істерді  бітімге  келтіретін 
шешімдерді және айып салатын шешімдерді ұстанған. 
Бірлікке  ынтымаққа  шақыратын  шешімдердін  бірі  —  Үш  жүздің  билері  Ордабасыға  жиналып, 
елді  жоңғар  басқыншылығына  қарсы  топтасуға  шақыру  болды.  Нәтижесінде  ата  жауын  талқандап, 
өзінің ұлттық тұтастығын сақтап қалды. 
Бітімге  келтіретін  шешімдер  үлкенді-кішілі  бола  берген.  Ол,  әсіресе,  ел  арасындағы,  жеке 
адамдар арасындағы дау-жанжалдарды реттеуге, рухани кінәсін жоюға бағытталған. Осындай билік 
шешімдердің бірі  ретінде Ырғыз  өңірінде  ертеректе  болған  оқиғаны  мысалға  келтіре  кеткен  артық 
емес шығар. 
Ырғыз  өңіріндегі  бір  көрнекті  ел  азаматына  берілген  аста  атшаптырылып,  үлкен  бәйге  жария-
ланыпты. Осы астың басқарылуы мен тәртібін сақтау ретін Самырат  деген ел басқарушысы, үлкен 
бедел  иесі  өз  қолына  алыпты.  Бәйге  аттары  қарақшыға  жақындай  бергенде  біреулері  тәртіп  бұзып, 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
68 
 
аттың  алдынан  көтермеге  шықса  керек.  Сол  көтермешілерді  тәртіптеу  барысында  Самыраттың 
қамшысы бір ақсақалға тиеді. Жұртшылық Самыратқа барынша ренжіп қалады. Ас тарқағаннан кейін 
бірсыпыра ел азаматтары Самыратқа келіп, пәленше ақсақалдан кешірім сұрауын өтінеді. Алайда ол 
кешірім сұрамаған. 
Самыраттың  осы  қылығын  естіп,  бір  күні  оған  осы  өңірдің  билерінің  бірі  Келаман  деген  кісі 
келіпті.  Ас-суланып  болғасын  Самырат  Келаманның  шаруасын  сұрапты.  Сонда  ол:  "Мен  саған 
келдім,  Сәке!  Халық  пәленше  шалдың  таяқ  жегеніне  ренжімейді,  Самыраттың  таяғы  тигеніне 
ренжиді.  Сені  халқыңмен  бітістірейін деп келдім, халықтан кешірім сұрауың керек" дегенді айтыпты. 
Келаманның  "халық"  деген  сөзінен  сасып  қалған  Самырат  "Солай  ма,  Келеке,  жаңылсам,  қайттым" 
депті.  Кейін  халықтың  бір  жиынында  Самырат  халықтан  кешірім  сұрап,  халықпен  бітіскен.  Міне, 
осылай Келаман бидің бітім билігі іске асқан екен. 
Айып салатын шешімдерде билер кінәліге айып салып, соны орындаттырған.  Айып түрлері аз 
емес. Соның біріне тоқталайық. Бірде бір ауылдың жесірін екінші ауыл жігіті алып қашыпты. Содан екі 
ауыл  жігіттері  арасында  шатақ  шығып,  арты  төбелеске  ұласыпты.  Жесір  иелері  жесірін  қайтарып, 
қарсы жақтың адамдарын сабап  тастаса керек. Біреуінің басы жарылып, біреуінің қолы сынып, биге 
жүгініпті.  Би  жесірді  алып  қашқан  жаққа:  "Айыбына  ат  мінгізіп,  үстіне  шапан  жабасың.  Бас  жарылса 
бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде, сендер жесірін алып қашпасаңдар төбелес болар ма еді" депті. 
Ара ағайындар әділ билік болды деп, биге ризалық білдірген екен. 
Сондықтан  да  Қазақ  халқында  билер  құрметті  тұлға  болған.  Олардың  даналық  сөздері  —  ата 
мұрамыз,  алтын  қазынамыз.  Шешендік  сөздер  өнегесін  бойымызға  дарытып,  тәлімімізге  нәр  етіп 
пайдалансақ, қандай ғанибет. 
 
Әдебиеттер:  
1.  Дау шешеді дана сөз. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 49 б. 
2.  История отечественного государства и права. Ч. 1.— Москва: МГУ, 1992.— 197 б. 
3.  Юшков С.В. История государства и права.— Москва: Прогресс, 1948.-167 б. 
4.  Аполлова  Н.Г.  Присоединение  Казахстана  к  России  в  30-х  годах  XVIII  века.-  Алма-Ата: 
Наука, 1948.- 103 с. 
5.  Вяткин М. Батыр Сырым. — Алматы: Санат, 1998. – 33 б. 
6.  Қазақ Совет Энциклопедиясы. 2-том,— Алматы, 1973. -328 б. 
7.  Усеров Н. Исследование правого памятника "Жеті Жарғы"// Канд. Дисс- Алматы: Жеті жарғы, 
1976.- 66 с. 
8.  Сөзақбаев С. "Тәуке хан және Жеті Жарғы". – Алматы: Санат, 1994. 10 б. 
9.  Культелеев  Т.М.  Уголовное  обычное  право  казахов.-  Алма-Ата:  Изд.  АН  ҚазССР,  1955.  51-
52б 
10.  Т. Журтбаев. "Дулыға".- Алматы: Жалын, 1994.- 218 б. 
11.  К. Назыханов. Дала Демократиясы // Ақиқат. № 10 -1995.- 32б. 
12.  Гумилев Л.Н. Хундар. – Алматы: Қазақстан, 1998.- 201б. 
 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
69 
 
 
УДК 334,021(574) 
 
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА: 
МИРОВОЙ ОПЫТ И ВОЗМОЖНОСТИ ЕГО ПРИМЕНЕНИЯ В КАЗАХСТАНЕ
 
 
Абдрахманова  А.Д.  –  магистр  экономики,  преподаватель  кафедры  экономики  Костанайский 
государственный университет имени Ахмета Байтурсынова 
 
В статье рассмотрен мировой опыт инновационного развития стран через развитие маого 
и среднего бизнеса; свидетельства об эффективном использовании возможностей сектора  МП в 
выполнении  государственных  и  муниципальных  заказов;  опыт  финансово-кредитной  поддержки 
малого бизнеса со стороны государства через прямые и гарантированные займы. Особая помощь 
оказывается  компаниям,  работающим  в  сфере  высоких  технологий,  и  фирмам,  способствующим 
повышению  энергоэффективности  экономики  страны.  Также  рассматривается  возможность  ис-
пользования отдельных моментов организации и государственного поддержки малого и среднего 
бизнеса. 
Ключевые  слова:  финансовая  поддержка,  кредитование,  малый  и  средний  бизнес,  предпри-
нимательство. 
 
Малые и средние предпринимательства способствуют росту конкурентоспособности экономики. 
В  Казахстане  развитие  предпринимательства  является  одним  из  самых  приоритетных  направлений 
экономической политики государства. И хотя показатели развития предпринимательства в Казахстане 
существенно  отличаются  от  аналогичных  показателей  развитых  стран  мира,  на  сегодняшний  день 
малый и средний бизнес  сумел занять соответствующую нишу в экономике  государства. Доля МП в 
общей численности занятых в Казахстане составила 7%,а в развитых странах достигает 50-70% (Ве-
ликобритания - 52%, США - 53, Германия – 69 и Италия - 73%).Очень низка доля МП в ВВП: в Казах-
стане - 20-30%, тогда как в развитых странах 50-60%. 
Малый  бизнес  в  мировой  экономике  развивается  быстрыми  темпами  благодаря  всесторонней 
государственной поддержке. Государство призвано создать такой правовой и экономический климат, 
который позволит малому бизнесу не только удержаться на плаву, но и расти и набирать силу. 
Опыт многих стран свидетельствует об эффективном использовании возможностей сектора МП 
в  выполнении  государственных  и  муниципальных  заказов.  Кроме  того,  существует  система  субконт-
ракции - возможности размещения определенной части заказов в МП. Проводится официальная сер-
тификация  предприятий,  способных  выполнить  госзаказы,  и  составляются  реестры  таких  предприя-
тий.  
Распределение  госзаказов  производится  на  конкурсной  основе.  Более  того,  ни  одна  компания 
не сможет получить гозаказ, не привлекая процесс госзакупок малый бизнес. Так, в некоторых стра-
нах ЕС местным поставщикам и подрядчикам при гозакупках предоставляются различного рода пре-
ференции 5-10%. 
В  США  существует  квота,  согласно  которой  20%  госзаказа  должны  быть  распределены  среди 
МП. В Японии существует закон, обязывающий предприятия, получающие заказы с финансированием 
из бюджета, часть заказов передавать сектору МСБ. В итоге это увеличило долю сектора МСБ в гос-
заказах до  уровня 70%. Казахстанские МП также могут рассчитывать на получение доли госзаказов. 
Для этого необходимо создать в нашей стране четко работающую систему размещения госзаказов в 
секторе МП.  
Серьезной  проблемой  инновационных  предприятий  сектора  МП  является  защита  прав  интел-
лектуальной собственности. В условиях наших стран целесообразно создать экспертный совет, наде-
ленный правом давать заключения о целесообразности финансирования затрат на патентование ин-
новационных разработок МП и сертификацию новых продуктов в других странах. 
В Великобритании налоговое стимулирование играет существенную роль  в поддержке высоко-
технологических отраслей. Так, для стартующих высокотехнологических компаний налог на прибыль 
снижен с 20 до 1%,а потолок необлагаемых налогом инвестиций был поднят до 50%. 
Одной  из  основ  успешных  рыночных  реформ  в  Венгрии  является  государственная  политика 
развития МСП. Государственный бюджет Венгрии включает расходы на поддержку МСП, с указанием 
конкретных программ и форм поддержки. Венгерские предприниматели могут рассчитывать на целе-
вые бюджетные субсидии и на значительные налоговые льготы. 
Во многих странах проявилась общая закономерность, связанная с наиболее успешным разви-
тием  сообществ  МСП,  сгруппировавшихся  вокруг  лидирующих  фирм  на  основе  производственно-
технологических, научно-технологических и коммерческих связей-кластеры. Эффективность МП оце-
нивается с позиции успешности кластера. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
70 
 
Используется  опыт  развитых  стран  в  плане  финансирования  деятельности  МСБ  представите-
лями  крупного  бизнеса  или  физическими  лицами  (бизнес-ангелы).  Для  бизнес-ангелов  существуют 
льготы по подоходному налогу, льготы по налогу на прирост капитала, льготы по налогу на дивиден-
ды,  налоговые  доходы  по  индивидуальным  подоходным  налогам.  В  Сингапуре  агентством  “Spring” 
разработана  программа,  мотивирующая  бизнес-ангелов,  путем  компенсации  до  50%  налоговых  за-
трат, понесенных им в результате инвестирования старт-ап компании [1]. 
Мировой  опыт  инновационного развития стран можно подразделить на: европейско-американ-
скую и азиатскую модели. Первая включает новые открытия и разработки, накопленные в результате 
исследований (США, Швейцария, Германия, Финляндия), ей свойственна развитая рыночная система. 
Азиатская основана на ускоренной модернизации за счет заимствования технологий и их совершен-
ствования (Япония, Южная Корея, Сингапур, КНР). 
Наиболее  эффективная  инновационная  система  у  США.  США  оперлись  на  триаду:  иссле-
дования,  кооперация  и  интеллектуальная  собственность.  США  создали  специальное  агентство,  для 
развития предпринимательства  -  Администрация  малого бизнеса (АМБ), которое  взаимодействует  с 
Центрами развития предпринимательства (ЦРП). 
Такие  центры  создаются  с  университетами,  а  иногда  с  администрацией  штата.  АМБ  финан-
сирует  50%,а  остальные  50%  покрываются  принимающей  стороной.  ЦРП  направлена  на  поддержку 
малого  бизнеса  и  предполагает  обучение,  консалтинг,  техническую  помощь,  содействие  в  помощи 
финансирования, подготовке документов для участия в госзакупках, решение общих проблем малого 
бизнеса. При этом ЦРП не получает прямой прибыли, они нацелены на получение налогов от малого 
бизнеса и создания новых рабочих мест.  
Согласно статистике АМБ 1 доллар инвестиций в ЦРП приносит прибыль от 2 до 19 долларов. 
Кроме  того,  из  5  субъектов  МБ,  получивших  обучение  и  консалтинг  в  ЦРП,4  из  них  сохраняют  свой 
бизнес на протяжении первых 5 лет, тогда как из 5 начавших самостоятельно только 1 удается про-
существовать  5  лет.  Согласно  американскому  законодательству,  к  категории  МСБ  относятся  хозяй-
ственные субъекты с персоналом не более 500 человек.  
Все  малые  и  средние  предприятия  подразделяются  на:  микропредприятия  -  работники  до  20 
человек, малые предприятия - от 20 до 100,средние-от 100 до 499.В настоящее время в США насчи-
тывается около 7 млн предприятий с рабочими менее 20 человек, из них 6 млн с менее 20. Ежегодно 
регистрируется  600  тыс  малых  предприятий,  и  ликвидируются  около  500  тыс.  Поняв,  что  в  другой 
сфере их дела пойдут лучше, они сворачивают старый и открывают новый бизнес. Американцы адап-
тивны и умеют перестраиваться, и, возможно, этот психологический фактор определяет источник жи-
вучести всего американского бизнеса [2]. 
Главное в опыте США заключается в том, что государство активно берет под свою опеку накоп-
ленный  потенциал  и  превращает  его  в  рыночный  товар  повышения  на  этой  основе  конкуренто-
способности  национальной  экономики.  Эта  политика  дополняется  инновационной  стратегией.  Важ-
нейшим  элементом  опыта  является  предварительная  юридическая  подготовка  к  внедрению  инфор-
мационных технологий. 
Теперь  поговорим  об  одном  из  лидеров  ЕС-Германии.  Германия  обеспечивает  26,4%  поступ-
лений в бюджет Союза, по объему ВВП занимает 1 место в ЕС. По большинству инновационных по-
казателей Германия находится среди самых экономически и инновационно эффективных стран мира. 
Ее технология проявляется в широком распространений инноваций, прежде всего, в малом и среднем 
бизнесе. МСБ в Германии называют «средним сословием» (Mittelstand), давно стал одним из основ-
ных приоритетов экономической политики.  
В ФРГ понимают: чем больше на рынке коммерческих структур, тем здоровее конкуренция, что 
служит центральным элементом экономического порядка страны. Кроме того, предприимчивые люди 
создают  рабочие  места  -  и  для  себя,  и  для  других.  Для  малых  и  средних  предпринимателей  мини-
стерство экономики ФРГ создало интернет-портал, на котором можно, и получить информацию о ве-
дении  дела, также  можно бесплатно скачать программное обеспечение, которое поможет составить 
бизнес-план, наладить бухучет, оформить документы, получить разрешения и налоговые номера. 
В  Германии  приоритет  отдается  самостоятельности  предприятий,  а  не  государственной  под-
держке.  Государство  не  вправе  сдерживать  изменения  рыночных  условий.  Вследствие  этого  неэф-
фективные  предприятия  и  отрасли,  которые  не  в  состоянии  адаптироваться  к  изменениям,  должны 
уйти с рынка. Государство также не вправе защищать от конкуренции.  
Государственная поддержка включает в себя более 500 программ федерального и региональ-
ного  значения,  содействующих  инвестиционной  активности.  Содействие  выражается  в  предостав-
лении  технологий  и  соответствующей  экономической  информации,  а  также  финансировании  из  гос-
бюджета  экономических и технических консультаций и мероприятий по обучению и повышению ква-
лификации сотрудников и руководителей МСП [2]. 
В Германии оказывается помощь в формировании начального капитала предприятия при долго-
срочных вложениях, например, в расширение, преобразование, модернизацию производства. Особая 
помощь  оказывается  компаниям,  работающим  в  сфере  высоких  технологий,  и  фирмам,  способ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет