Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет14/50
Дата28.12.2016
өлшемі5,13 Mb.
#662
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50

 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
68 
 
жеткізе білу қабілетін дамытып, қажетті дағдыларын, білігін, жеке тұлға ретінде дүниеге көзқарасының, 
дүниетанымының  негізін  қалыптастыру  жолдарын  қарастырады.  Бұлар  -  оқу  үдерісінің  құрамдас 
бөліктері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні - оқыту үдерісі. 
Ана  тілі  қазақ  мектебінің  оқушылары  үшін  таным  құралы,  білім,  тәрбие  алу  құралы,  ойлау 
формасы болып табылады. Оқушының ақыл-ойының өз деңгейінде дамуы, қоғамның лайықты мүшесі 
болып  қалыптасуы  оның  тілінің,  ойлауы  мен  сөйлеуінің  тиісті  талаптарға  сай  дамуымен  тікелей 
байланысты.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  осындай  мақсаттарды  көздейді.  Сондықтан  оқыту 
әдістемесінің  пәні  оқыту  үдерісін  тұтас  қамтиды.  Сөйте  тұра  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінде  оқыту 
әдістемесінің  мазмұны  оқушылар  үшін  беймәлім  болып  қала  беруі  мүмкін.  Оқушы  қазақ  тілі  пәнінің 
мазмұны  аясында  тиісті  білім,  дағды,  білік  алғанмен,  осы  үдерісте  мұғалімнің  оқыту  әдістемесінің 
мәніне бойлай алмайды. Оқыту әдістемесі мұғалімнің пән мазмұны бойынша тиісті білімді оқушының 
меңгеруіне қызмет ететін құралдар мен әдістерді тиімді пайдалану әрекетінде жүзеге асады.  
Оқыту  әдістемесі  оқу  үдерісінің  барлық  кезеңдерін,  құрамдас  бөліктерін  тұтас  қамтиды  дедік. 
Оқу  үдерісінің  құрамдас  бөліктері мынадай  болады:  а)  білім  мазмұны  (білім,  дағды, білік);  ә) мұғалім 
әрекеті; б) оқушылардың әрекеті. Оқушылардың білімін бақылау мен бағалау әдістері де оқыту үдерісі 
аясында  қарастырылады.  Бұл  жерде  мынаны  ескеру  дұрыс:  оқу  үдерісінде  оқушының  әрекеті  мен 
мұғалімнің  әрекеті  екі  дара  емес,  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  өзара  бірлікте  жүзеге  асады. 
Сондықтан  оқыту  әдістемесі  оқу  үдерісіндегі  оқушы  мен  мұғалімнің  әрекеттерін  өзара  үйлескен, 
бірлескен әрекет ретінде қарастырады. 
Осыған орай педагогтардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-
тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру.  Бұл  жөнінде 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
жалпы  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желілерге шығу» деп атап көрсетілген.  
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық инновациялар – жаңа педагогикалық технологияны, оқыту 
қызметінің жаңа әдістерін, тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату болып табылады.  
Инновацияның түрлері:  
а) модификациялық;  
ә) комбинаторлық;  
б) түбірлі  
болып құрылымданады. 
Модификациялық 
инновация 
– педагогикадағы 
әдіс-тәсілдерді 
жетілдіру. 
Мысалы: 
А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды. 
Комбинаторлық  инновация  – белгілі  әдістердің  элементтердің  бір-біріне  қосу.  Инновацияның 
бұл түрі тілдерді оқыту әдістемесінде қолданылады. 
Түбірлі – білім беру жүйесіне мемлекеттік стандарттарының енгізілуі. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша комбинаторлық инновацияның түрлері: 
- дамыта оқыту (оқушының жеке қабілеті мен психологиялық ерекшелігіне байланысты); 
- деңгейлеп оқыту технологиясы (қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бойынша); 
- модульдік оқыту; 
- проблемалық оқыту;  
- қатысымдық технологиясы (қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бойынша); 
- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту; 
- сатылай кешенді талдау (қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту бойынша); 
- саралап даралап оқыту (оқушының жеке қабілеті) [3, б. 176]. 
Соңғы  жылдары  оқытудың  жаңа  технологиялары  білім  беру  саласында  кеңінен  қолданылып 
келеді. 
Олардың 
ішінде 
отандық 
әдіскер 
ғалымдар 
жасақтаған 
«Модульдік 
оқыту 
технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі сабақтарына 
арналған  «Сатылай  кешенді  талдау»  (Н.Оразақынова)  т.б.  технологиялары  мұғалімдердің 
қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде.  
Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту 
технологиясы.  Модульдік  оқыту  технологиясы –  білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз  бетінше 
жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз 
етеді.  Оқу  модулі,  негізінен,  үш  құрылымды  бөліктен:  кіріспе,  сөйлесу  бөлімі  және  қорытынды 
бөлімнен тұрады. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады.  
Жаңа  әрі  пайдалы  ізденістердің  бірі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабағында  қолданылып  жүрген 
әдістердің  бірі  –  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы.  Бұл  технология  18 
елдің  тәжірибесіне  енгізілген.  Бұл  технология  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын 
арттырады,  ойлау  белсенділігін,  тапқырлығын,  өзіне  деген  сенімділігін,  іскерлік  дағдысын 
қалыптастырады.  Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  бойынша  сабақ  құрылымы  қызығушылықты 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
69 
 
ояту,  мағынаны  ажырату,  ой  толғаныс  кезеңдерінен  тұрып,  әр  кезеңдегі  тәрбиелік  және  оқу 
мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, 
оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. 
Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда 
өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын 
тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады: қызығушылықты ояту; мағынаны тану; ой 
толғаныс. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз 
шығармашылық қабілетін таныта алады. 
Педагогикалық  қызметтің  басты  мақсаты  студенттермен  оқу-тәрбие  ісінде  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  ұтымды  пайдалану.  Ол  үшін  жаңа  технологияларды  игеру  және  оны 
шығармашылықпен  дамыту,  инновациялық  технологиялармен  білім  беру.  Сонда  ғана  қабілетті 
мамандар дайындай аламыз. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  бойынша  теориялық  білім  беру  болашақ  мұғалімдердің  қазақ  тілін 
оқыту үдерісі туралы іргелі ғылыми-әдістемелік білім қорының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Екінші 
жағынан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі оқушыларға тиісті білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге қазақ 
тілі  негізінде  тәрбие  береді.  Бұл  өте  маңызды.  Бұл  жерде  білім  беру  мен  тәрбие  берудің  өзара 
сабақтастығын анық түсінудің пайдасы зор. Бүгінде білім беру мекемелерінде білім беру ісі бір бөлек, 
тәрбие беру ісі бір бөлек жүріп жататыны бар. Бірақ мынаны ескеру керек: білім беру ісі - адам, маман 
тәрбиелеудің  бірден-бір  құралы.  Білім  беру  ісінен  тыс,  білімсіз  тәрбие  беремін  деу  -  үлкен  қателік. 
Білімсіз беремін деген тәрбие құмға құйған су сияқты болмақ. Тәрбие адамға ізгі білім, игілікті дағды, 
біліктілік  арқылы  беріледі.  Тәрбие  берудің  басқа  жолы  жоқ.  Тәрбиесіздік  білімсіздіктен  шығады. 
Білімнің  жоқтығы  -  ақылдың  кемдігі  деген  сөз.  Қазақ  тілінің  болашақ  мұғалімі  осыны  есте  мықтап 
ұстауы шарт. 
Болашақ  мұғалім  үшін  қазақ  тілін  оқытудың  мазмұнын,  әдістері  мен  ұйымдастыру  жолдарын 
игерудің қажеттілігі даусыз. Сондықтан жоғары оқу орындарында қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауда 
оқу үдерісінің барлық кезеңдерін қамтитын оқыту әдістемесінің жалпы мәселелерін, қазақ тіл білімінің 
барлық  салаларын  оқытуға  ерекше  жауапкершілікпен  қарауға  тура  келеді.  Сонымен  қатар 
оқушылардың  тілін  дамытудың  әдістемесін,  оқушылардың  білімін  бақылау  мен  бағалаудың  әдістері 
мен  тәсілдерін  арнайы  зерттеу,  оның  нәтижелерін  өндіріске  енгізу,  тиімді  пайдалану  әрқашанда 
ерекше өзекті мәселелердің қатарында тұрады. Оқытудың қазіргі құралдарын пайдалана білу, қажетті 
дидактикалық  құралдарды  жасаудың,  іс  жүзінде  пайдаланудың  амалдарын,  тәсілдерін  меңгеру  -  өз 
алдына бір сала. Осындай әр сала бойынша қалаптасатын білім, дағды, біліктілік негіздері  аясында 
мұғалім  оқыту  әдістемесінің  жалпы  теориялық  қағидаларын,  соны  жетістіктерін  озық  тәжірибемен 
ұштастыра  отырып,  өзінің  кәсіби  қызметін  жоғары  сапалық  деңгейде  атқаруға  ұдайы  ұмтылуы  аса 
маңызды.  Оның  мынадай  себептері  бар:  белгілі  бір  пәнді  оқыту  әдістемесі  ғылыми  тұрғыда 
қаншалықты  толық  зерттелгеніне  қарамастан,  ол  зерттеулер  бүгінгі  күннің  даму  қарқынына  ұзақ 
шыдас  бере  алмайды.  Бүгін  жаңа  болып  есептелген  ғылыми-әдістемелік  үлгі  ертең  де  сол  жаңа, 
пайдалы  болып  қала  алмайды.  Екіншіден,  қазақ  тілі  пәнін  оқыту  әдістемесі  ғылым  пәні,  оқу  пәні 
ретінде  қаншалықты  маңызды  екеніне  қарамастан,  бұл  салада  осы  күнге  дейін  іргелі  ғылыми 
зерттеуге  немесе  сапалы  оқулыққа  қолымызды  жеткізе  алмай  келе  жатқанымыз  шын.  Қолда  бар 
еңбектер  бүгінгі  күннің  өскелең  талаптарына  жауап  бере  алмайды  десек,  артық  айтқан  болмаймыз. 
Мұндай  жағдайда  қазақ  тілі  пәні  мұғалімінің  кәсіби  білімі  мен  дағдысын,  біліктілігін  жоғары  оқу 
орнынан кейін өздігінше ұдайы жетілдіріп отыруының өмірлік пайдасы үлкен. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  тілдің  адам  өміріндегі,  қоғамның  әлеуметтік  дамуындағы  маңызы, 
тіл  мен  сана,  сөз  бен  ойлау  арақатынасы  туралы  лингвистикалық,  психологиялық  қағидаларға 
сүйенетіні  белгілі.  Бұл  ретте  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  тіл  білімінің  тілдің  әлеуметтік  қызметі  мен 
мәні жайындағы теориялық қағидаларына сүйенеді. 
Қазақ  тілі  сабақтарында  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  оқушылардың  таным 
белсенділігін  арттыру,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  ой-өрісін  дамыту,  шығармашылығын  кеңейту, 
дамыту,  терең  білімді,  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  жасау,  заман  сұранысына  сай  ізденімпаз  тұлғаны 
қалыптастыру.  Қорыта  айтқанда,  оқыту  процесінің  нәтижелі  болуы  оқытушының  сабақ  беру 
шеберлігіне, сабағын  қызғылықты  жүргізіп,  зейін  қойдыра  білуіне,  оқушылардың  өздігінен  білім  алуға 
үйренуіне  байланысты.  Қандай  да  болмасын  жаңа  әдіс-тәсілдер  әрбір  оқушының  өз  бетімен  оқып 
үйренуіне  сенімін  ұялатып,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне,  қорытынды  жасай  алуына,  сөйлеу 
мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану 
оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймайды,  олардың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына 
әсерін  тигізеді.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  мән-мағыналарына,  ерекшеліктеріне  қарай  таңдап  қолдана 
білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. 
Педагогикалық  қызметтің  басты  мақсаты  студенттермен  оқу-тәрбие  ісінде  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  ұтымды  пайдалану.  Ол  үшін  жаңа  технологияларды  игеру  және  оны 
шығармашылықпен  дамыту,  инновациялық  технологиялармен  білім  беру.  Сонда  ғана  қабілетті 
мамандар дайындай аламыз. 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
70 
 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  оқушылардың 
таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, 
дамыту,  терең  білімді,  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  жасау,  заман  сұранысына  сай    ізденімпаз  тұлғаны 
қалыптастыру.  Қорыта  айтқанда,  оқыту  процесінің  нәтижелі  болуы  оқытушының  сабақ  беру 
шеберлігіне, сабағын  қызғылықты  жүргізіп,  зейін  қойдыра  білуіне,  оқушылардың  өздігінен  білім  алуға 
үйренуіне  байланысты.  Қандай  да  болмасын  жаңа  әдіс-тәсілдер  әрбір  оқушының  өз  бетімен  оқып 
үйренуіне  сенімін  ұялатып,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне,  қорытынды  жасай  алуына,  сөйлеу 
мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану 
оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймайды,  олардың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына 
әсерін  тигізеді.  Сондықтан  оқытушы  үшін  сабақтың  жүргізілу  жүйесін  жетілдіріп,  оқу  –  тәрбие 
жұмыстарын  жүйелеп,  сапасы  мен  тиімділігін  арттырып,  өзгерістер  енгізуге  барлық  күш-жігерін 
жұмсауы тиіс. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Сагиева,  Г.  Н.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  арқылы  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби 
бағыттылығын қалыптастыру / Г. Н. Сагиева, А. К. Бегалы // Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А., 2012. – 
Б. 90–93. 
2.  Тілеуова, А.О.Орта білім берудің мазмұны // Дәстүрлер мен өзгерістер. 2011. - № 3. - Б. 24-29. 
3.  Шанбаева,  Л.Р.  Қазақ  тілін  оқыту  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  /  Л.Р. 
Шанбаева, К. С. Қазақбаева // Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Хабаршысы / ТарМПИ. 
– 2011. –  № 7. – Б. 174–177. 
 
 
 
ӘОЖ: 37.012 
 
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДАҒЫ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Оспанбекова М.Н. - докторант Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Алматы қ. 
 
 
В  статье  рассматривается  значение  инновационных  технологии  в  подготовке  будущих 
учителей  начальных  классов.Выявлена  необходимость  активного  внедрения  инновационных  тех-
нологии в учебный процесс, которые дают возможность подготовки будущих конкурентноспособ-
ных учителей начальных классов. 
Ключевые слова:Высшее образование, инновация, технология, рефлексия. 
 
Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  берудің  басты  мақсаты  –  болашақ  мамандарды  қазіргі 
жағдайларға  бейімделуге  даярлау  ғана  емес,  жаңартылған  білім  мазмұнын  оқып-үйренуді  белсенді 
меңгертуге  бағытталғандығында  болып  отыр.  Көтеріліп  отырған  мәселенің  өзектілігі  Қазақстан 
Республикасында  білімді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында 
[1],  «100  нақты  қадам»  –  Қазақстан  Республикасының  дамыған  мемлекеттердің  отыздығына  кіру 
жөніндегі  жоспарында  [2]  білікті  кадрларды  әзірлеу,  кейіннен  бұл  тәжірибені  еліміздің  басқа  оқу 
орындарына  тарату  және  ЖОО-да  даярланатын  мамандардың  бәсекелестік  қабілетін  арттыру 
мәселелері басты міндеттер қатарына қойылған. 
Сондықтан да, бәсекеге қабілетті, білікті болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда бұл 
мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларды оқу үдерісіне белсенді түрде енгізу 
қажеттілігі туындауда. 
Болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдері 
қазіргі 
педагогикалық 
технологиялардағы 
жаңашылдықты  тиімді  қолдану  барысында,  оқушылардың  оқу  рефлексиясын  дамытуға  негіз  болатын 
қасиет-сапаларын іске қосып, танымдық үдерістерді өн бойынан өткізеді. Себебі, кез-келген педагогикалық 
технология  ғылым  мен  тәжірибе  арасындағы  аралық  құрылым  болып  саналады.  Оқыту  теориясы  – 
мұғалімнің шығармашылығының негізі болып табылады. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын 
мұғалім  мен  оқушы  әрекеті  түрінде  жобалау,  қойылған  нақты  мақсаттарға  сәйкес  оқыту  үдерісін  тиімді 
ұйымдастырып, жүзеге асыру болып табылады.  
Педагогикалық  инновацияның  ерекшелігі  оның  болашаққа  бағытталғандығы  және  қазіргі  амал-
тәсілдермен шешіле алмайтын мәселелер кездескен жағдайда пайда болатындығынан тұрады. Осындай 
мәселелердің  бірі  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлауда  инновациялық  технологияларды 
қолдану арқылы оқушылардың оқу рефлексиясын дамыту. 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
71 
 
Т.С.Сабыров оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға қажетті оқыту әдістері мен формаларын 
тиімді пайдалануға мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру шарттарын тұжырымдаса [3], Қ.А.Сарбасова 
инновациялық  педагогикалық  технологиялар  негізінде  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  даярлығын 
жетілдірудің мүмкіндіктері мен жолдарын айқындады [4]. 
Т.Ш.Домаев жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды 
жетілдірудің жолдары мен құралдарын қарастырып, оларға: 
-  оқу-тәрбие үдерісін бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету; 
-  студенттердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын күшейту; 
-  психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлықтың формалары мен әдістерін жетілдіру; 
-  «мектеп  –  ЖОО  –  мектеп»  жүйесінде  бастауыш  сынып  мұғалімінің  жеке  тұлғасын  қалыптастыру 
мәселелерін жатқызды.  
Т.Ш.Домаевтың пайымдауынша, бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің ерекшелігі 
оның  көп  жақтылығы  және  оқытылатын  пәндер  мен  тәрбиелік  шаралардың  мазмұнына  сәйкес 
айқындалады.  Ғалым  бастауыш  сынып  мұғалімінің  педагогикалық  қызметінің  сипатын  төмендегіше 
жіктеген: 
-  бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін тұтастай айқындау; 
-  тәрбиелік, 
танымдық  міндеттерді  нақты  сыныптық  немесе  жекеленген  оқушылардың 
ерекшеліктеріне сәйкес қою; 
-  сыныптағы  және  сыныптан  тыс  уақыттағы  жұмыстарды  оқушылардың  мүмкіндіктеріне  сәйкес 
жоспарлау; 
-  оқу жоспарын орындауды ұйымдастыру; 
-  кері  байланысты  ұйымдастыру  арқылы  әрбір  оқушының  қалай  жұмыс  істеп  отырғаны  туралы 
мәлімет алып, қажет болған жағдайда көмек көрсету; 
-  белгіленген жоспарды, кеңесті, қосымша сабақтарды нақтылау; 
-  істелінген жұмыс нәтижелері жөнінде қорытынды есеп беру, талдау, олардың қойылған мақсат пен 
міндеттерге сәйкес келуін қадағалау [5].  
Бұдан  шығатын  қорытынды,  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  педагогикалық  іс-әрекетінің 
негізгі объектісі өмірге, білім алуға жаңа қадам басқан оқушы, ал оқушының болашақта дұрыс білім алуы 
мен  дамуы  көп  жағдайда  бастауыш  сыныпта  негізі  қаланатын  танымдық  белсенділікке,  білім,  білік, 
дағдының көлеміне байланысты болады. 
Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, білім беру сапасын 
арттыруға,  басқару  тиімділігін  жетілдіруге,  тұлғаның  дамуына  бақылау  жасауға  негізделген.  Шәкірттерді 
өзгермелі өмірде өзін еркін бағдарлап, өзін-өзі бақылап, жетілдіріп, бағалай алатындай және өзіндік ойы, 
пікірі бар тұлға етіп тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың алатын орны ерекше. 
П.И.Третьяковтың айқындауынша, инновация – жаңа  мазмұн және оны ұйымдастыру, ал жаңалық 
енгізу – тек сол жаңалықты ұйымдастыру. Ғалым: «инновациялық үдеріс – жаңа мазмұнды қалыптастыру, 
дамыту, ұйымдастыруда көрінеді және бұл жағдайда  тұлғалардың өзін-өзі анықтап, көрсетуінің белсенді 
үдерісі жүреді», – деп, ой түйеді.  [6]. 
М.В.Кларин  бойынша,  «инновация»  –  жаңалықтарды  жасау  мен  тарату  ғана  емес,  іс-әрекет 
бейнесіндегі  маңызды  сипатқа  ие  ойлау  стилі.  Ғалым:  «Жаңалық  категориясы  тек  уақытқа  ғана  тәуелді 
емес,  өзгерістердің  сапалық  белгілеріне  де  тәуелді.  Инновацияны  педагогикалық  категория  ретінде 
анықтау,  білім  беру  мен  тәрбие  жұмысына  жаңару,  өзгеру,  жаңаны  енгізу  түсінігін  алып  келеді»,    –  деп, 
тұжырым жасап, білім берудегі инновациялық амал-тәсілдерді екіге бөліп көрсетті: 
1. Оқу үдерісін жаңғыртатын инновациялар; 
2. Дәстүрлі оқу үдерісін түрлендіретін инновациялар [7]. 
В.П.Беспалько,  М.Н.Бершадский,  В.В.Гузев,  A.A.Вербицкий,  М.В.Кларин,  И.Я.Лернер,  Д.Г.Левитес, 
В.Я.Матросов, В.А.Трайнер, Г.К.Селевконың және т.б. зерттеулеріне сәйкес, инновациялық оқыту: 
-  оқушының таным нәтижесіне қызығуы мен таным үдерісіне міндетті түрде қатысуы; 
-  оқытудың  процессуалдық,  мазмұндық  жағын  сипаттайтын  және  меңгерілетін  мазмұнға  арнайы 
енгізілетін, оқушы мен мұғалімнің рефлексивтік іс-әрекетімен сипатталады. 
Қ.А.Сарбасова: «ЖОО-да инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану педагогикалық 
іс-әрекет  пен  оның  құралдарын  іске  асыру  механизмдерін  ғана  өзгертуді  көздемейді,  сонымен  бірге 
маманның  алдына  қойған  мақсатын,  құндылық  бағдарлауын,  нақты  білім,  білік,  дағдысын  қайта  құруды 
қажет етеді», – деп, тұжырымдайды. Ғалым, ЖОО-да қандай да болмасын инновациялық педагогикалық 
технологияларды пайдалануға төмендегідей талаптар қояды: 

оның оқытушының тұлғалық және кәсіби құнды бағдарларына сәйкестігі, көбінесе оларды өзгерту 
және қайта қарау; 

студенттермен өзара әрекеттестіктің барлық қалыптасқан технологияларын өзгерту; 

іс-әрекеттің жаңа түрлерін, технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгеру.  
Қ.А.Сарбасова  бойынша,  бұл  талаптар  оқытушыларда  өзіндік  рефлексия  мен  өзін-өзі  дамыту 
дағдысы неғұрлым жетілген жағдайда ғана орындалады [4]. 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
72 
 
Авторлардың  пікірлерін  тұжырымдайтын  болсақ,  білім  мазмұнын  жаңартуда  жаңа  инновациялық 
технологиялар  негізінде  жұмыс  жүргізуге  ұмтылып  әрекет  ету  қажеттілігі  туындайды,  алайда,  жаңа 
технологиялар  мен  әдістемелерді  енгізу  үшін  бұл  жаңалықтарды  қалай  енгізу,  меңгеру  керектігін  түсініп, 
жүзеге асыру қажет болады. Бұл мәселелердің шешімін табу үшін жаңа бағыт – педагогикалық инноватика 
пайда  болады.  Педагогикалық  инноватика  –  педагогикалық    инновациялардың  жаратылысын,  пайда 
болуы  мен  даму  заңдылықтарын,  олардың  білім  беру  субъекттеріне  қатысты  өткеннің  және  болашақтың 
дәстүрлері мен байланыстарын зерттейді.  
Инновациялық  іс-әрекет  білім  алушылардың  жалпы  (интеллектуалдық),  арнайы  (мысалы, 
лингвистикалық, биологиялық және т.б.) және шығармашылық қабілеттерін қарқынды дамытуды көздейтін 
бағыттардың бірі. Қазіргі кездегі инновациялық технологиялар негізінде білім берудегі іс-әрекет:   

мазмұндық:  адамның  қоршаған  дүниемен  ақпарат  алмасу  мәдениетін  қалыптастыру,  болмысқа 
жету түрлерінің сан алуандығын меңгеру; 

ұйымдастырушылық:  субъект-субъекттік  қатынастар,  ынтымақтастық,  өзара  сыйластық,  мұғалім 
мен  оқушының  теңдігі  түріндегі  қатынастар  құру  және  оқытудағы  шығармашылықпен  ұйымдастырылған 
таным үдерісіне қатысу; 

бақылау-бағалау салаларына бағытталған. 
Білім  беру  үдерісі  субъекттерінің  мүдделері,  қызығушылықтары  және  мүмкіндіктері,  сондай-ақ 
дамып отырған қоғамдық тәжірибенің қажеттіліктері уақыт сындарына жауап беретін қазіргі педагогикалық 
технологияларды қолдануды қажет етеді. 
Қазіргі  ғылым  «технология»  түсінігінің  көптеген  түсіндірмелерін  және  классификацияларын  бөліп 
көрсетеді. Олар: өндірістік, биологиялық, ақпараттық, тұрмыстық, әлеуметтік технологиялар және сонымен 
қатар білім беру технологиялары және басқарушылық технологиялар. 
И.А.  Колесникова:  «Технология  –  педагогикалық    үдерісті  мақсатты  алға  жылжыту  сәтінен  бастап, 
нәтижені  алу  мен  бағалауға  дейінгі  уақыттағы,  кәсіби  ұйымның  тәжірибесінде  меңгерілген  әдістердің 
сабақтастығы. Бұл – педагогикалық стратегияны  іске асырудағы іс-әректтің кілті және көздеген нәтижені 
алу  ықтималдығының  жоғары  дәрежесімен  болжап  берілген,  жұмыстың  логикалық  құрылымы»,  –  деп,  
анықтама береді [8]. 
М.В.Клариннің  айқындауынша,  білім  беру  технологиясы  –  педагогикалық  мақсаттарға  қол  жеткізу 
үшін қолданылатын барлық тұлғалық, құралдық және әдіснамалық амал-тәсілдердің, құралдардың жүйелік 
жиынтығын және жұмыс істеу ретін білдіреді [7]. 
Бұдан шығатын қорытынды, педагогикалық технология – педагогикалық мақсаттарға кепілдікпен қол 
жеткізуге  алып  келетін  іс-әрекеттердің  ретке  келтірілген  жүйесі.  Педагогикалық  технологиялар  түсінігі 
келесі аспекттерде қолданылады: 

ғылыми:  педагогикалық  технология  —  бұл  оқытудың  мақсаттарын,  мазмұны  мен  әдістерін 
зерттейтін және педагогикалық үдерісті жобалайтын педагогика ғылымының бір бөлігі; 

процессуалдық-сипаттаушы:  үдерістің  алгоритмі,  оқытудың  жоспарланып  отырған  нәтижелеріне 
қол жеткізуге арналған мақсаты мен мазмұнының, әдістері мен  тәсілдерінің жиынтығы; 

процессуалдық-іс-қимылдық:  барлық  тұлғалық,  құралдық  және  әдіснамалық  амал-тәсілдердің 
жұмыс істеуінің педагогикалық технология үдерісі ретінде;  

метафоралық:  білім  беру  саласында  өзара  әрекеттестіктер  мен  қарым-қатынастар  және 
тәжірибенің  импровизациялық  сипаты  кезінде  шартты  түрде  нәтижеге  қол  жеткізудің  жүз  пайыздық 
кепілдіктері туралы белсенді бастамашылдардың қандай да болсын әрекеттерінің өзгеріссіз қайталануы. 
Педагогикалық 
технология 
оқу 
үдерісі, 
мұғалімнің 
және 
оқушының 
іс-әрекетімен 
байланысатындықтан, оның құрылымына: 

тұжырымдамалық негіз; 

мазмұндық бөлім (мазмұнның мақсаттары, оқу материалының мазмұны); 

процессуалдық  бөлім  (оқу  үдерісін  ұйымдастыру,  білім  беру  әдістері  мен  түрлері,  оқытушының 
жұмысы); 

оқу үдерісінің диагностикасы кіреді. 
Жаңартылған  білім  мазмұнын  оқып-үйренуде  оқу  рефлексиясын  дамытуға  негізделген  қазіргі 
заманғы  инновациялық  технологияларға:  сыни  тұрғыдан  ойлау,  ақпараттық  коммуникациялық, 
проблемалық оқыту, жобалау, ТРИЗ және  ойын арқылы оқыту  технологиялары,  кейс-технологиялар, т.б. 
жатады. Оның ішінде бастауыш сынып оқушылары үшін, ең жоғары рефлексивтік потенциалға ие болып 
отырған инновациялық технология ретінде, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы мен ТРИЗ технологиясына 
ерекше тоқталуға болады.  
Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлауда  инновациялық 
технологиялар  туралы,  соның  ішінде    бастауыш  мектептің  оқу  үдерісінде  қолданылатын  сыни  тұрғыдан 
ойлау  технологиясы  мен  ТРИЗ  технологиясының  стратегиялары  туралы  кең  мағынада  теориялық  білім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет