Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd



Pdf көрінісі
бет1/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56


ӘСЕТ РИЗАҰЛЫ МҰҚАШБЕКОВ
БАҚЫТ ҚҰСЫҢДЫ  
БАСЫҢА ҚОНДЫРУДЫҢ  
ҚҰПИЯЛАРЫ
Алматы. 2016


2
Жалпы редакциясын басқарған: Сандуғаш Серікқали
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Баубек Бұлқышев 
атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан журналистер академиясы-
ның «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты. Журналист – аудар-
машы.
Мұқашбеков Ә.Р.
Бақыт  құсыңды  басыңа  қондырудың  құпиялары.   
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2016. – 123 бет
ISBN
«О, адамдар! Біз сендерді еркек, қатын қылып жараттық, сендерді халық, 
ұлт  қылып  ерекшеледік.  Себебі,  сендер  бір-бірілеріңді  салт-дәстүрлеріңмен 
білу  үшін.  Сендердің  Алла  алдындағы  имандылықтарыңның  түп  қазығы  
салт-дәстүрлеріңде. Ақиқатында - Алла бәрін білуші!».  (Құран 49 : 13).
Жаратушының  теориялық  рухани  ілімі  тек  таңдаулыларға  беріледі,  ал 
халықтың  салт-дәстүрі  жалпыға  бесікпен  беріледі.  Рухани  ілім  неғұрлым  ха-
лықтың  салт-дәстүріне  жақын  түсінікті  болса,  сол  халықтың  рухани  деңгейі 
жоғары болады! Кеңес өкіметіне дейін қазақ халқы дәл осылай болған. Қазір-
гі  заманда  Рухани  ұстаздары  бар,  олардың  соңынан  еріп,  жазған  кітаптарын 
түсініп  оқитын    халық  бақытты!  Киелі  кітаптар  ақылдыға  да,  ақымаққа  да 
тықпалап үйретілетін халық бақытсыз... Себебі, олар рухани ілімді өзінің қа-
лауы  бойынша  мағынасын  өзгертіп  алады.  Әрбір  пенде  баласы  Ғарыштың 
бір бөлшегі. Сондықтан, ол соның заңдылығымен өмір сүруі қажет. Егер ішкі 
жан-дүниеңде үйлесімділік болса, онда сыртыңда да үйлесімділік болады. Ға-
рыш әлемінің заңдылығын түсіндіру әрекеті, сонау ықылым заманнан бері келе 
жатыр. Әртүрлі дін ағымдарында хадистер, сүрелер, аяттар түрінде берілген. 
Бізден қажет ететіні, тек қана осыларды түсіну. Бұрынғы адамдар, қазіргілер-
мен салыстырғанда анағұрлым иманды болған. Олар табиғат заңдарын, киелі 
кітаптардағы қағидаларды бұзбауға тырысқан.


3
36 – ЯСІН СҮРЕСІ 
12. Өлгендерді біздің тірілтетінімізге
дау жоқ,(бұл дүниеде) олардың істеген
істерінің, ізгіліктерінің бәрін жазып
қоямыз.
Бүкіл жаратылысты біз айқын дәптерге
(лаухулмахфузға) толық жазып қойғанбыз.
 
51. Сырнай шалынған сәтте-ақ
көрлерінен көтеріліп,
Тәңірі тарапына жүгіріседі.
 
52. «Апыр-ай! Ұйықтап жатқан
жерімізден бізді кім оятты?» – деседі олар.
«Рақымды Алланың сендерге бұйырғаны осы,
пайғамбарлар рас айтқан», – дейді
сонда сенушілер.
 
78. Өздерінің қалай жаратылғанымен
жұмыстары жоқ.
«Шіріп кеткен сүйектерді кім тірілте алады?» 
– деп бізге дәлел айтпақшы болады.
 
79. Сен айт: «Оны тірілтетін (сол адамды)
әу баста жаратқан Құдірет (Алла).
Ол бар нәрсені біліп тұрады», – де.
 
80. Сендер үшін (Алла) жап-жасыл
теректен от пайда қылды,
сендер содан алып от жағасыңдар.


4
 81. Көкті, жерді жаратқан зат соларға ұқсас
нәрсе жарата алмай ма?
Міне, Ол – жаратушы білгір.
 
82. Бірер затты жаратқысы келсе,
(Алла): «Бол» – дейді, болады.
 
83. Алла – пәк, бар нәрсеге иелік ету
құқығы соның қолында.
Ақыры бәрің соның алдына барасыңдар.
Коран  перевод  смыслов  и  комментарии.  Иман  Ва-
лерии  Пороховой.  –  8-е  изд.  –  М.  РИПОЛ  классик, 
2005.  –  800  с.  Сура  36.  ЙА  –  СИН,  стр  469,  472,  474.  
(Аударған: Әсет Мұқашбеков)


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет