Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Әсет ағаға арнау!
Әсет аға! асыл жарсыз, немеренің атасы,
Дуалы ауыз қалт кетпейтін батасы.
Дүние қуған мына қиын заманда,
Талай жанның болып жүрсіз панасы.
 
Деніңіз сау, аман болсын басыңыз,
Құтты болсын пайғамбарлық жасыңыз!
Ұстаз болып, бағыт бағдар беретін,
Іліміңмен көпке шуақ шашыңыз.
 
Бір Алла ғой жанымыздың тұрағы
Бақытыңның өрден ақсын бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
 
Сандуғаш Серікқали
Қазақстан  журналистер  одағының  мүшесі,  Баубек 
Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан жур-
налистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының 
лауреаты. Журналист – аудармашы. 


11
І БӨЛІМ
10 – Юныс сүресі, 100 аят.
«Алладан бұйырықсыз ешкімнің иман келтіруі мүм-
кін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға 
береді».
Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі. 220 бет.
Мен кіммін?! 
Ғарышта  өмірдің  ұлы  құпиясын  Құдайдың  берген 
рухымен  алып  жүрген  Жаратушының  бір  ұшқынымын 
ба?  
Неліктен мен қорғансызбын, әлсізбін? 
Өзімнің  күмәндарымнан,  сенімсіздігімнен,  қорқы-
нышымнан, ауруымнан, қасіретімнен қалай құтыла ала-
мын? 
Өзімді-өзім қалай тани аламын? 
Жер  бетінде,  өткінші  жалған  фәни  әлемде  не  іздеп 
жүрмін? 
Сонан соң не болады? 
Бақыт, бостандық, тағдыр, қарымта заңы (карма) де-
ген не? 
Өз тағдырыңды өзің қалай басқаруға болады? 
Жаратушымен, Ақиқатпен, Табиғатпен қайткенде үй-
лесімділікте боламыз?
Біздің жанымыз ғана өзгермейді, қалғанының бәрі өз-
геріске ұшырайды. Пенде баласы бар болғаны ғарыштың 
бір  бөлшегі  болғандықтан  ол  бүтін  болуға  талпынады. 
Мәселен,  Ньютон  тартылыс  заңын  ашқан.  Жансыз  зат 
бір-біріне тартыла береді. Бұл заңның адам баласына да 


12
І БӨЛІМ
қатысы бар.
 Бастапқыда пенде жаратушыдан алыс болады. Сон-
дықтан  да  жан  иесі  өмір  бойы  жаратушысын  аңсайды. 
Оны  білуге,  тануға  ұмтылады.  Бұл  барлық  адамдарды, 
сонымен қатар барлық жан иелерін біріктіреді. Бүкіл жан 
иелерінің мақсаты біреу-ақ. Ол Аллаға қайту. Ал бара-
тын жолдары әр түрлі. 
Пенде  баласының  бастауынан  қашықтап  кетуі  оған 
өмір  бойы  маза  бермейді.  Осыны  ол  бар  болмысымен 
сезінеді және соған ұмтылады. Біздің өмірімізде бұл қа-
лыпты  жан  тыныштығы,  бақыт,  қуаныш,  ләззат  дейді. 
Пенде баласы заттық фәни әлемде бір затқа ие болғысы 
келсе,  осы  рақатқа  шомылуды  аңсайды.  Ол  ақшаның, 
тамақтың,  ішімдіктің,  шылымның,  есірткінің,  бағалы 
заттардың,  ойын  сауықтың,  жеңіл  жүрістің  көмегімен 
қолдан  жасалған  уақытша  рахатқа  шомылғысы  келеді. 
Уақыт өте келе осының бәрі бекершілік екеніне көзі же-
теді. 
Қартайған  шағында  бекерге  кеткен  уақытына  өзегі 
өртеніп, өмірдің негізгі мәнін түсінеді. Өмірдің не үшін 
берілгенін ұғынады. Өкінішке орай өткен күн өлген күн, 
ол қайтып оралмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет