Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


Мазасыздық миды тоздырып, қуаттың күшін



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата14.01.2022
өлшемі1.25 Mb.
#24024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Мазасыздық миды тоздырып, қуаттың күшін 
әлсіретеді
«Бір сағат білім іздеу, үйрену түні бойы намаз оқып 
шыққаннан  артық.  Бір  күн  білім  үйрену  үш  ай  ораза 
тұтқаннан да артық». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 


14
І БӨЛІМ
Нәтижесі  жаныңды  жаралайды.  Қалыпты  адамның 
миына күніне 60 мың ойлар келеді. Таң қалатын нәрсе: 
осы  ойлардың  95  пайызы  кешегі  ойларың.  Бұл  ойлау 
жүйеңнің  жүдеулігі.  Күнделікті  бір  нәрсені  ойлай  бер-
ген адам жаман ойлардың құлы. Олар жақсы ойлаудың 
орнына  «өліп  қалған»  өткен  күнмен  өмір  сүреді.  Атап 
айтсақ, біреулер қарызын, жіберіп алған мүмкіншілігін, 
туысына деген өкпесін т.б. ұмыта алмайды. Осы адамдар 
мазасыздықтың  өзін  талқандауына  жол  беріп,  өзін-өзі 
жақсылықтан жауып тастайды. 
Өз ақылыңды тізгіндеу – өз өміріңді басқару екенін 
түсінбейді.  Ойлау  жүйең  өз  әдетіңнен  нәр  алады.  Пен-
делердің  басым  бөлігі,  өзінің  ойлау  жүйесінің  алапат 
күшінен бейхабар. Өмір сүру барысында басыңнан өтіп 
жатқан  жақсылыққа  да,  жамандыққа  да  жауап  беретін 
өзіңсің. Қандай оқиға болмасын нәтижесін жақсылыққа 
жоруды  әдет  қылып  алсаң,  алға  дами  түсесің.  Бұл  та-
биғаттың  ұлы  заңдарының  бірі.  Өмірдегі  материалдық 
па, рухани ма қандай болмасын жеткен жетістігің, тар-
тып жүрген бейнетің мен азабың миыңдағы секунт сай-
ын күнделікті туып жатқан ойлардан басталады. 
Сенің  сыртқы  көрінісің  –  ішкі  ақиқатың.  Өз  ойың-
ды  басқара  отырып,  сен  өз  тағдарыңды  мұрындықтап 
жетелейсің.  Қытай  тілінде  дағдарыс  (кризис)  деген  сөз 
екі  иероглифтен  тұрады  екен.  Біреуі  «қауіп»,  екіншісі 
«мүмкіндік». Өмірде қателік жоқ, тек сабақ қана бар. Ке-
леңсіз тәжірибе болмайды, тек қана жетілуге, үйренуге, 
өзін жетілдіруге тәжірибе бар. Оқиғаларды жақсы не жа-
ман деп бағалауға болмайды. Қалай болғанын ойланып, 
толғанып нәтижесінен сабақ алу керек. Әр оқиға өз са-


15
бағын береді. Осы біртіндеп алған сабақтар сенің ішкі, 
сыртқы күшіңді толықтырады. Бұларсыз отырған жерің-
де омалып отыра беруші ең. Өміріңде не өзгеріс болды, 
ойлан?! Пенделердің басым бөлігі өзінің тағдыр талқы-
сынан баға жетпес сабақ алады. 
Егер  өзің  күткен  нәтижеге  жетпесең,  өкінесің,  бар-
мағыңды  шайнайсың.  Есіңде  болсын!  Табиғаттың  заң-
дылығы әрдайым сондай жағдай жасайды. Бір есік жа-
былғанда, екінші есік ашылады. 
Осы  шартты  күнделікті  тіршілігіңе  қолданып, 
ақылыңды тізгіндеп ұстасаң, әрбір оқиғаны жақсы жаққа 
өзгертіп, мазасыздықтан біржола құтыласың. 
«Өліп» қалған өткен өміріңнің құлы болудан азат бо-
ласың. Өз болашағыңның құрылысшысы өзің боласың! 
Бүгіннен бастап, өткен өміріңді ұмыт. Болашақта кім бо-
латыныңды арманда. Тек жақсылықты күт!
Өз мақсатыңды армандау арқылы қу. «Ақыл – кермет 
құл. Ал егер сені сана емес, ақыл басқарса, оңбаған қо-
жайын». Ал енді сана мен ақылдың ара жігін ажыратып 
алайық. Ақыл тек қана қауіпті көрсетеді. Сана сенің жа-
ның. Сондықтан да адам жүрегін тыңдап үйренуі керек. 
«Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме». 
   
 
 
 
 
 
Абай
Егер теріс-қағыс ойлай бастасаң, онда сен жақсы ой-
лауға  бейімделмегенсің.  Жаттықпағансың.  Егер  ақылға 


16
І БӨЛІМ
мүмкіншілік  берсең  және  тізгіндеп,  жақсы  басқара  ал-
саң, осы өмірде не қалайсың бәрін береді. Ақылға дұрыс 
қамқорлық көрсетсең, сені сыңғырлаған денсаулық иесі 
қылады. Бақытты боласың. 
Рухани  жетілген  адамдар  ойлау  жүйесі  олардың 
өмірін құратынын біледі. 
Өмірдің  сапасы  –  адамның    ойлау  жүйесінің  бай-
лығымен  анықталады.  Егер  тыныш  мамыражайлықта 
өмір  сүргің  келсе,  ойлау  жүйең  осыған  сай  болуы  қа-
жет. Ақылды жетілдірудің бірінші шарты – ақылды бір 
мақсатқа  шоғырландыру.  Шоғырландыру  –  ақылды 
басқарудың  негізі.  Ақылды  басқару  үшін  ең  алдымен 
ауыздықтап, тек қана қолма-қол шешетін мәселеге ғана 
шоғырландыр. 
Өз ойыңды нақтылы мақсатқа ғана шоғырландығанда 
бұрын болмаған қабілеттерің ашылады. 
Бақытты болудың құпиясы қарапайым: нақты қандай 
іспен  шұғылданғанды  ұнатасың,  осы  іске  бар  күш-жі-
геріңді жұмса. Осы кезде барлық тілегің қабыл болады. 
Өміріңнің мақсатын түсінгеннен кейін, сенің әлеміңе 
жан кіреді. Әрбір күні таңертең оянғанда қуатты, сергек 
болып,  ойлау  жүйең  нақтылы  бір  мақсатты  іске  асыра 
бастайды. Уақытты босқа жоғалтпайсың. Ойыңның қу-
аты  ұсақ-түйекке  шашырамайды.  Сен  автоматты  түрде 
мазасыздық деген жаман әдетіңді алып тастайсың. Ішкі 
жан-дүниеңде тепе-теңдік пайда болып, белгісіз тылсым 
күш сені жетелеп отырады. 
Неліктен  адамдар  көп  ұйықтайды.  Шындығында 


17
олардың еш нәрсемен шаруасы жоқ. Ал ерте тұратындар-
дың ішкі жан-дүниесінің алауын жағатын белгілі мақсаты 
бар. Олар осы сәтпен өмір сүреді және қуатын бет алды 
рәсуә қылмайды. Біздің көпшілігіміз қажеті жоқ нәрсе-
лерге мазасызданамыз. Мазасыздық өмір күшімізді, қуа-
тымызды сорып алады. Адамдардың шырғалаңдары ке-
рексіз нәрселерді көп ойлай беретіндіктен. Олардың миы 
еш уақытта демалмайды. Миы мылжыңға толы. Осының 
салдарынан жынданып кетуі де мүмкін. 
Барлық дана ғұламалар күндіз оңаша отырып, қайда 
барғанын, қайда баратынын ақылға салып, сараптап оты-
рған. Ең бастысы ертеңгі күнді бүгінгіден қалай жақсы 
өткізсем деген ой. Күнделікті біртіндеп, әр күнін жақсар-
ту жақсы нәтижелерге жетелейді. Осыған сәйкес жағым-
ды өзгерістер болады. Күндіз 10 минут сараптаудың өзі 
– өміріңнің сапасын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет