Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


ІІ БӨЛІМ Ақылды тізгіндеп ұстаудың құпиялары



Pdf көрінісі
бет6/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
ІІ БӨЛІМ
Ақылды тізгіндеп ұстаудың құпиялары
«Ақылға еркін ой керек,
Матаудан ойды азат қыл.
Әдеттеніп ертерек,
Өрісін кеңіт жылма жыл».      
Шәкәрім әулие
1 – ші әдіс: «Раушан гүлінің жүрегі»
Өткен  үндіс  даналарынан  қалған  ақылды  21  күнде 
қалай ауыздықтауға болатыны жайлы бір әдіс бар. Осы 


18
ІІ БӨЛІМ
әдісті 21 күн қолданғаннан кейін адам қуаттанып, шабыт-
танып, өзін ерекше сезіне бастайды. Бұл әдісті «Раушан 
гүлінің жүрегі» деп атайды. Бұл әдісті іске асыру үшін 
жаңа кесіліп алынған раушан гүлі мен оңаша тыныш жер 
керек. Реті келсе, табиғат аясы не онаша бөлме де бола-
ды. Раушан гүлінің ортасына, яғни жүрегіне барлық на-
зарыңды аударып, тесіле қара. Раушан гүлі өмірге ұқсас. 
Өмір жолында саған тікенек кездеседі. Бірақ та өз арма-
ныңа сенсең, тікенектерді таптап өтіп, гүлдің әдемілігі-
не ие боласың. Тесіле қарап, оның түріне, құрылысына, 
әдемілігіне назар аудар. Оның жұпар иісінен ләззаттан. 
Тек қана осы гүл туралы ойла. Бастапқыда басқа ойлар 
келіп,  раушан  гүлінің  жүрегіне  жақындатпайды.  Бұл 
жаттықпаған  ақылдың  белгісі.  Абыржымаңыз.  Саған 
жақсылық жақындап келеді. Өз назарыңды гүлге қайта 
аудар. Сенің санаң біртіндеп күшейіп, басқаруға көнеді. 
Осыны күнделікті қайталап отыру қажет. Өйтпесең әсері 
болмайды. Раушан гүлі болмаса, жоқ болса үйде өсіретін 
гүлді қолдануға да болады.
Пенделердің  басым  бөлігінің  мұрындарына  су  жет-
пей, шапқылай береді. Оларға үнсіз жеке отыру ыңғай-
сыз.  Жай  нәрсе.  Олар  айтады:  «Менің  гүлге  телміріп, 
қарап отыратын уақытым жоқ», – деп. Табанды болып, 
раушан гүлінің жүрегінен ләззат ал. Бір-екі аптадан кейін 
осы жаттығуды 20 минут үздіксіз жасай аласың. Сенің 
ойың  басқа  нәрселерге  алаңдамайды.  Бұл  өзіңнің  ой-
ыңды  ауыздықтай  бастағаныңның  бірінші  белгісі.  Со-
нан кейін ойың сен қайда бұрсаң, сонда шоғырланады. 
Нәтижесінде саған қызмет етіп, неше түрлі кереметтерді 
іс  жүзіне  асырады.  Өзіңнің  сабырлы,  байсалды  болға-


19
ныңды байқайсың. Сені үнемі азаптап жүрген мазасыз-
дықтан құтыласың. Қуат құйылып, жақсы ойлайсың. Ең 
бастысы бойыңа періштелерің қайта оралып, басыңа бақ 
құсың қайта қонып, Алланың құдіретін сезнесің!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет