Балалар сепсисі



бет1/6
Дата12.10.2022
өлшемі81,56 Kb.
#42644
  1   2   3   4   5   6

Балалар сепсисі


Біздің елімізде соңғы жылдары сепсис диагнозы сирек қойылатын болды. Бұның себебі әртүрлі. Тіптен кейбір жылдық есептерде сепсистен өлім пайызы тіптен көрсетілмесе, сепсиспен ауыршаңдық деген ұғым жойылып кеткен. Біздің клиника бойынша ресми ақпарат сепсистен өлім көрсеткіші 5% құраса, шет елдік мәліметтерде бұл көрсеткіш 25%-ға дейін барады. Яғни, бұл мәселенің маңыздылығы күн тәртібінен түскен емес, түспекте емес.


Сепсис – ежелгі заманнан бастап белгілі ауру. Ол туралы Гиппократтың, Галеннің, Ибн Синаның және басқа медицина классиктерінің еңбектерінде жазылған. Ол қызбамен және «қанның іріңдеуі» көріністерімен білінетін өмірге қауіпті жағдай деп көрсетілген, және ауырлығына байланысты құтыру және летаргия ауруларымен ажырату диагностикасын жүргізу ұсынылған.
Микроорганизмдер туралы ілім пайда болған соң, ұзақ жылдар бойы сепсистің бак-териологиялық концепциясы басты роль атқарды, тек ХХ ғ. ортасында И.В. Давыдовский сепсистің макробиологиялық проблема екенін анықтады, бірінші орынға ауру организмнің жағдайы шықты. Осы уақытқа дейін қазіргі заманғы халықаралық жіктеліс бойынша «сепсис» диагнозын қою үшін және осы дерт ағымының ауырлық дәрежесін анықтау үшін макроорганизмнің негізгі клиникалық көріністеріне көңіл аударады.
Сепсистің негізгі ерекшелігін И.В. Давыдовский «Кез келген микрофлора» әсерінен септикалық процесс дамуы мүмкін деп есептеді және сепсисті «кез келген микрофлора әсерінен дамитын ағзадағы механизмдер реакциясының ерекше түрі» деп қарастырды. Яғни, «макробиологиялық проблема» деген сепсистің концепциясын И.В. Давыдовский жасады.
Сепсис патогенезінің маңызды ролі А.Ф. Билибин бойынша ауыр инфекциялық процесс фонында дамитын науқастың эндогенді аутофлорасының «патологиялық», негізінен ішек микрофлорасының, пролиферациясы болып келеді.
Сепсис патогенді флорамен шақырылған, кез келген жерде орналасатын инфекция-лық ауру түрінде қарау керек деп ұсынылған, оның патогенезінің негізінде инфекиялық қабыну ошағына қарсы жауап ретінде жүйелі қабыну реакциясы синдромының дамуы жатады деп есептелінеді.
Келістіру конференциясының ұсынысы бойынша организмнің инфекцияның, ауыр жарақаттың, күйіктердің, жедел деструктивті панкреатиттің және тіндерді зақымдайтын басқа ауыр факторлардың әсерінен дамыған қабынуға қарсы ауыр реакциясын қабынуға қарсы жүйелі жауап (реакция) синдромы деп атау ұсынылған (Systemic intlammalore Respons Sendrome – SIRS). Бұл синдромды «жүйелі қабыну» түрінде қабылдамау керек. Жалпы патологияда мұндай түсінік жоқ.
Қабынуға қарсы әсер соңғысының ауырлығына байланысты жергілікті немесе жүйелі және белгілі бір жүйелер мен мүшелер функциясының бұзылуымен сипатталатын жалпы әсерге бөлінеді. Қалыпты жағдайларда арнайы емес шынайы иммунды механизмдер ин-фекциядан тиісті (адекватты) жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді, қабынуды шектей-ді, қабыну медиаторларының артық өнуін шектейді, қабынуға қарсы жауап ретіне өмірге маңызды мүшелердің ауыр жалпы (жүйелі) реакциясының дамуына кедергі жасайды.
Шынайы қорғаныс механизмдері:
1. Қабынуға қарсы жауап ретінде организмдегі гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды, жарақатты, организмде өмір сүруге қабілеті жоқ тіндердің болуын реттейтін ОНЖ, симпатикалық және нейроэндокриндік жүйелердің реакциясы.
2. Шынайы арнамалы емес иммунды реакциялар, оларға хемотаксис, опсонизация, фагоцитоз, комплемент белсенділігі, иммуноглобулиндер, гистамин, серотонин, простагландиндер және тағы басқаларының өнімдері жатады.
3. Жасушалардың өндірілетін қабыну медиаторлары (цитокиндер), молекулярлық биология мен молекулярлық генетиканың жетістіктеріне байланысты салыстырмалы жақында ашылған клеткалар.
Цитокин жүйесі басқа клеткаларға әсерімен біріккен 5 класстан тұрады.
1) Интерлейкиндер:
а) проқабынулы (ИЛ1) интерлейкиндер
б) антиқабынулы (ИЛ 4, 10,11,13, ИЛ-ра және т.б.) интерлейкиндер
2) Ісік некрозының факторы (ІНФ);
3) Лимфоциттер жіктеліуі мен өсу факторы;
4) Макрофагтар мен гранулоциттер колониясының өсуін тұрақтандыратын фактор;
5) Мезенхималы клеткалардың өсуін шақыратын фактор;
Цитокиндердің өндірілуі организмнің жағдайына байланысты. Қалыпты жағдайда олардың секрециясы өте аз, олар өздері өндірген клеткалардың өзара әсерлесуін және басқа қабыну медиаторларымен әсерлесуін қамтамасыз етуге арналған. Оларды өндіретін қабыну кезінде олардың саны тез өседі.
Цитокиндер өндіретін клеткалардың шектен тыс белсенділігі интерлейкиннің және қабынудың басқа медиаторларының шектен тыс бөлінуіне алып келуі мүмкін. Осыған байланысты организмнің қабынуға қарсы реакциясы (жауап жүйелі мәнге ие болады) қабынуға қарсы жүйелі жауап (реакция ) синдромы дамиды. Бұл цитокиндер өнімі.


65 кесте.
Біріншілік инфекциялық ошақтың орналасуына байланысты балалардағы сепсистің ең жиі кездесетін қоздырғыштары:



Біріншілік ошақтың орналасуы

Ең жиі қоздырғыштар

Кіндік жарасы

S. aureuset epidermidis; E. Coli

Өкпе, соның ішінде
ОЖЖ-ассоциацияланған сепсис.

S.pneumoniae; k.pneumonial;
S.aureus et epidermidis;
H.influentae 13 типі
PS alruqinosae (ОЖЖ кезінде)
Acenetobacter spp. (ОЖЖ кезінде

Шектік

Enterobacterioceae spp;
Enterobacter spp.

Абдоминальды (хирургиялық)

Enterobacterioceae spp;
Enterococcus spp; Aeruqinosae;
Анаэробтар

Тері

S.epidermidis et aureus

Риноконъюктивальды аймақ

S.pyoqenis et viridans

Ауызмұрынжұтқыншақ, ортаңғы құлақ

S.epidermidis et aureus;
S.pyoqenis et viridians;
E.coli; H.influentae;

Несеп жолдары

T.coli және тұқымдастықтың басқа түрлері
Enterobacteriaceat
Enierococcus spp.

Этиологияғы қатысты шартты-патогенді флораның басты рольді атқаратынын мойындау керек. Дегенмен, Н.П. Шабаловпен де келіспеуге болмайды, ол өзінің ұстазы А.Ф. Турдың түсінігін келтіреді, «жалпылама қарағанда, сепсис әртүрлі таяқшалармен, гонококктарменде шақырылуы мүмкін, ал жекелеп саралап қарағанда – шартты-патогенді флорамен шақырылады».


Педиатриялық практикада инфекцияның пайда болу уақыты мен жағдайының (бала туылғанға дейін туғаннан кейін, ауруханадан тыс, ауруханалық, иммуножетіспеушілік немесе гестациялық жетілмеушілік фонында), ену қақпасының таралуының (біріншілік септикалық ошақтың), аурудың клиникалық ерекшеліктері мен этиологиясы арасында белгілі бір байланыс бар. Сондықтан, мақсатты түрде бұл параметрлерді аурудың жіктемесінде есепке алу керек.


66 кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет