Балалардың сенсомоторикалық әрекеттерін дамытатын ойындар



бет1/2
Дата20.09.2022
өлшемі48 Kb.
#39600
  1   2

Балалардың сенсомоторикалық әрекеттерін
дамытатын ойындар
Біз, адамзат қоршаған ортаның сол қоршаған ортадағы жерлердің сезім мүшелері арқылы бізге жететіндігін жақсы білеміз. Осы сезім мүшелеріміз арқылы біз түстерді танимызжәне ажыратамыз. Демек, сезім-пікірлеу әлемінің негізі болып табылады.
Баланың сенсомоторикалық әрекетін дамыту үшін жас кезінен әрекет етуді қажет етеді. Сенсомотор дегеніміз не?
Сенсо – бұл сезу, яғни көру, есту, иіс сезу, дәм білу, сезіну, т.б. жағдайлар.
Моторика сөзі – «әрекет» дегенді білдіреді. Сенсор жүйесінің даму моторикасы моториканың дамуымен үздіксіз байланысты.
Балалар сенсомоторикалық қызметін сабақ барысында түрлі интерактивті және коррекциялық ойындар арқылы дамытуы мүмкін.
Интерактивті ойын
«Кірпі мен тасбақа»
Жаттығу мақсаты:

  1. Оқушылар көргізбек болған образдың пікірлеуін дамыту.

  2. Олардың сенсомоторикалық белсенділігін асыру.

  3. Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін өсіру.

Көрнекілік: Интерактивтік «Кірпі» панносы. Тасбақа мен кірпі үлгісі.
Әдісі: Интерактивті ойын
Жаттығудың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа қатынасын анықтау.
ә) Оқушыларды жаттығуға дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім:
Кірпімен таныстыру. (Мұғалім ойыншық кірпі үлгісін қолына киіп алып, балаларға көрсетеді)
Мұғалім: Балалар, бүгін бізге орман жануары кірпі қонаққа келген. Қараңдар, қандай әдемі жануар иә? Келіңдер, кірпімен сәлемдесейік.
Балалар: Саламатсызба?
Мұғалім: Міне балалар, кірпі де сендермен сәлемдесіп жатыр.

  • Пих, - пих, - пих.

Мұғалім балалардың әрқайсысымен кірпіні сәлемдестіреді.

  • Балалар, кірпінің әдемлілігін көрдіңдер ме? Қане, айтыңдаршы кірпі қай жерлерде жасайды екен? (оқушылардың әрқайсысынан сұралады)

  • Ормандарда жасайды.

  • Әрине, кірпі орманда, бақшада кездеседі. Енді, келіңдер балалар, кірпімен жақынырақ танысамыз.

Мынау кірпінің бас бөлігі (көрсетіледі), мынау денесі, ал мынау аяқтары: (алдыңғы екі, артқы екі)

  • Қане, Шерзад, кірпінің бас бөлігін көрсетші.

  • Сен айтшы, бас бөлігінде қандай мүшелер бар?

  • Көзі бар.

  • Дұрыс, көздері бар. Неше көзі бар екен?

  • Екі көзі.

  • Өте дұрыс. Және қандай мүшелері бар екен?

  • Құлақтары.

  • Өте дұрыс.

Акмал, сен кірпінің мұрнын көрсетші. (көрсетеді)

  • Жақсы. Бұлардан басқа кірпінің аузы да бар.

  • Міне біз кірпінің бас бөлігімен танысып алдық.

Кірпінің инемен қапталған дене бөлігі бар.
Мінау дене бөлігі (көрсетіледі)
Мұғалім: Қараңдар, балалар, денесіндегі инелер өте көп. Сол үшін бұл кірпі деб аталады. Енді, кірпінің денесін сипап көреміз. (Әрбір оқушыға кірпінің денесін қолдарымен сипатады. Оқушылар оның денесінің тікенді екендігін сезеді)
Мұғалім: Егер біз кірпіні аударып қарасақ, қарны көрінеді. Қарны тікенді емес, керісінше жұмсақ. Қанекей, ұстап көреміз. (Балалардың әр қайсысы ұстап көреді)
Мұғалім: Балалар кірпі қалай жүреді? Оның аяқтары барма?

  • Бар.

  • Өте дұрыс, оның аяқтары бар. Мынау алдынғыаяқтары, ал мынау артқы аяқтары.

  • Кірпінің неше аяқтары бар екен?

  • Төртеу.

Мұғалім: Қараңдар, кірпі қалай жүреді. (көрсетіледі) Көрдіңдер ме? Кірпінің әрекетін.
Мұғалім: Егер кірпі бір аңнан қорғанар болса, лезде домалап жиырылып қалады. Өйткені, ол - өте қорқақ жануар. (көрсетіледі)
Келіңдер, енді сіздермен аздап ойын ойнаймыз. (оқушылар орнынан тұрады)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет