Балаларға арналған рухани-танымдық журнал 1/2010



жүктеу 7.96 Mb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата15.03.2017
өлшемі7.96 Mb.
1   2   3
    Навигация по данной странице:
  • 15-бет: 1.

Киелі 

кітапта 

айтылған:

«Әділдің күткені 

шаттыққа апарар, 

Зұлымның үміті 

бекерге болар» 

(Нақылдар 10:28).

(Уағыздаушы 3:1, 

2, 4; 11)



ШАР

А

ПА

Т 1/2010

23

КЕМІРУШІЛЕР  ТОБЫНА

  жататын  жәндіктердің 

тістерінде  тамыр  болмайды  және  олар  жәндік-

тердің бүкіл өмірі бойына өсе береді. Кемірушілер 

қатарына  біз  тиінді,  атжалманды,  тышқанды 

және жайраны жатқызамыз. Сен жануарлар мен 

адамдардың  тістерінің  сыртында  тығыз  эмаль 

қабыршығы  болатынын  биология  сабағынан 

білетін боларсың. Ал кеміргіштердің тістерінің тек 

бет жағында ғана эмаль қабыршығы болады! «Бұл 

неліктен?»  –  деп  сұрарсың  сен.  Кеміргіштердің 

тістерінің  бұлай  орналасуы  олардың  өздігінен 

қайралып  тұруына  мүмкіндік  береді.  Сондықтан 

да тышқандардың алдыңғы тістері аса өткір бола-

ды және олар ішке қарай қайрылып өседі. 

Ал 


ПІЛДЕРДЕ

  шайнайтын  төрт-ақ  тіс  бар.  Бірақ 

олар өте ірі, үлкендігі бір таба нандай болады және 

олар  кез  келген  тағамды  шайнай  алады.  Пілдің 

өмірі бойында тістері алты ретке дейін алмасады: 

тістері  ескірген  сайын  оның  артынан  жаңа  тістер 

өсіп  шығады.  Ал  еркек  пілдердің  алдыңғы  күрек 

тістері  сақталып  қалады  да,  олар  кейіннен  ұзын 

таяқ тістерге айналады (кейбір пілдерде олардың 

ұзындығы 3-4 метірге, ал салмағы 200 киограммға 

дейін жетеді). Таяқ тістердің тек ұшында ғана эмаль 

қабыршығы болады.

Африкада,  Сахара  шөлінің  оңтүстігінде 

ТҮТІКТІС 

 

деп  аталатын  аң  тіршілік  етеді.  Каптық  немесе 



африкандық  түтіктіс  –  түтіктістер  тобының  жалғыз 

өкілі. Бұл атауға олар өздерінің түтік секілді – болып 

өсетін тамырсыз және эмальсіз тістерінің арқасында 

ие  болған.  Олардың  тістері  өмір  бойына  өсумен 

болады.  Бұл  аңның  сырт  пішіні  де  өте  қызықты: 

құлақтары  есектің  құлағына  ұқсайды,  арқасы 

түйенің өркешіне, құйрығы – кенгуруға, ал тұмсығы 

–  шошқаның  тұмсығына  ұқсайды.  Тілі  үлкен  құрт 

сияқты. Түтіктістің салмағы 50-ден 100 килограммға 

дейін жетеді. Олар жарғақ қанатты жәндіктермен 

қоректенеді.  Олардың  өткір  тырнақтары  жарғақ 

қанатты жәндіктердің ең мықты деген кез келген 

қамалын бұзып өте алады.  

24

ШАР

А

ПА

Т 1/2010


Суретін салған Юлия ПРАВДОХИНА

Ольга МАРТЫНОВА

МУРЕНАНЫҢ

 өз тіс дәрігері-тазалықшысы бар: ол Губан деп 

аталын кішкентай тазалағыш-балық. Губан маржан рифтерін 

мекендейтін – муреналар тобына жатады. Муренаның пішіні 

жылан  тәріздес,  ұзындығы  3  метірге  дейін  жетеді.  Оның 

тістері сояудай аузы ұдайы ашылып жүреді (бұл оның тыныс 

алуымен байланысты). Бр-рр! Тістері ішіне қарай қайрылып 

біткен мурена балықтарға өте ауыр жарақаттар жасай ала-

ды. Осындай қорқынышты жыртқышты біреулер шынымен-

ақ  өзімнің  емделушім  деп  атай  ала  ма  екен?  Ғалымдар 

«Муренаға пародонтоз қауіп туғызбайды» деп қалжыңдайды. 

Өйткені тазалағыш-губандар муренаға әр уақытта да көмекке 

келуге дайын! Муреналар «өз жеке дәрігерлерін» олардың 

түсі  мен  қимылдарына  қарап  оңай  ажырата  алады.  Қалай 

дейсіңдер  ғой?  Губан  «өз  емделушісінің»  жанына  келіп, 

айрықша би қимылдарын орындайды және одан қашып ке-

туге еш талпынбайды. Сол кезде мурена «өзінің дәрігеріне» 

ауыз  қуысын  «қарап  шығуына»  рұқсат  етеді.  Губандар 

муренаның тістерінің арасында қалған ас қалдықтарын теріп 

жеп,  оларды  паразиттерден  тазартады.  Муренаның  ауыз 

қуысы мен денесін тазалап жүрген губан қарын желбезектері 

арқылы «емделушісіне» өзінің қайда жүргенінен хабар беріп 

тұрады. Ал оның қызметіне разы мурена болса, өз кезегінде, 

бірде желбезектерін көтеріп, енді бірде тістерін тосып, өзінің 

«дәрігеріне»  көмектесіп  отырады...  Барлық  «тазалық  про-

цедурасы»  біткеннен  кейін  қарнын  тойдырып  алған  губан 

аман-есен өз жайына кетеді.

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

25


Ләйлә ШЫНТАЙ

Жел айдаған екі дән қатарласа ұшып келе жатты. Бірлесіп 

ұшудың ұнағаны сондай, олар енді мәңгілік бірге болуға бел 

байлады. 

– Жерге түсіп, қатарласып бірге өсейік, – деп ұсыныс жа-

сады бірінші дән.

– Жарайды, – деді екіншісі онымен келісіп.

Осындай  шешім  қабылдаған  олар  бір-біріне  тақала 

түсті.  Ал  жел  болса  оларды  алысқа  қарай  ұшырып  әкете 

берді. Олар топырағы құнарлы жерде өсіп тұрған көкпеңбек 

шөптердің  арасына  қатар  келіп  түсті.  Сол  кезде  кенеттен 

жел соқты да, олардың бірін екіншісінен сәл алыстау жерге 

домалатып әкетті. Дәндер бұған наразы болып:

– Біз қатар өскіміз келеді! – десті.

Барша әлемнің Жаратушысы оларға желдің үнімен:

–  Сендер  өскен  кезде  бұтақтарыңа  орын  керек  бола-

ды.  Өйткені  ол  кезде  сендер  қазіргіден  мың  есе  үлкен 

боласыңдар. Тіпті, мына қашықтықтың өзі сендерге аз бола-

ды. Бір-біріңе жақын өсу үшін, сендерге кейбір бұтақтарыңды 

үлкен өсірмеуге тура келеді. Олай етпеген жағдайда сендер 

бір-бірлеріңді жарақаттайтын боласыңдар, – деді.

–  Жақсы,  солай-ақ  болсын,  бірақ  жел  енді  бізді  бір-

бірімізден  алыстатып  кетпесін,  –  деді  дәндер  Онымен 

келісіп.


Сол  жылы  жаңбыр  жақсы  жауып,  дәндер  дымқыл 

топырақтың  астында  жатты.  Арада  біраз  уақыт  өткенде 

дәндер көктей бастады. Олар жердің бетіне шығып, бір-

бірімен көрісетін күнді асыға күтті. Міне, ақыры сол 

сәт  те  келіп  жетті!  Кішкентай  ағаш  сабақтары 

бір-бірлеріне  қарап  көздері  тояр  емес!  Сол 

жылғы  жаздың  аяғына  қарай  олар 

кәдімгідей өсіп қалды. 

Арада  бір  жыл,  оның  арты-

нан  екінші  жыл  өтті.  Өмірлеріне 



26

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

қуанышты  екі  жас  ағаш  сыбдырлай  соққан  жел 

астында бір-бірлерімен сыбырлай сөйлесіп жүрді. 

Олардың бұталарының өсуіне қазір орын жеткілікті 

болатын, сондықтан да олар Жаратушының ескертпесі 

туралы  ұмытып  та  кетті.  Бір-бірлерімен  тезірек  жа-

насу  үшін,  олар  орталарындағы  бұталарын  айрықша 

ынтамен өсірді. Болашағын ойламаған көк терек өзінің 

жіңішке бұтасын еменге қарай созумен болды. Емен де 

өзінің ең мықты бұтасын көк терекке қарай өсірді. 

Арада  көп  уақыт  өтіп,  екі  ағаш  үшін  қуанышты  сәт 

келіп  жетті:  олардың  бұталары  бір-бірлеріне  келіп 

айқасты.  Енді  алыстан  сыбырласып  сөйлесудің  қажеті 

жоқ болатын. Енді олар күн сайын жапырақтарын сыбдыр-

лата қалағандарынша ойнай алатын болды. 

–  Менің ойымша, Жаратушы қателескен секілді, – деді 

бірде емен ағашы. – Біздің бұталарымыздың бір-бірлеріне 

тиіп тұратыны қандай жақсы.

– Оның не үшін бір-бірлеріңе қарай жуан бұталарыңды 

өсірмеңдер дегенін мен де түсінбеймін, – деді көк терек 

те оны қостап. – Саған қарай өсіп тұрған бұта – менің 

ең жақсы көретін бұтам.

Олар  енді  бұл  туралы  әңгіме  көтермей-ақ  қояйық 

деп шешті, бірақ олардың санасында Жаратушының 

даналығына деген күмән қалып қойды. 

Арада  тағы  да  екі  жыл  өтіп,  емен  мен  көк  терек 

үлкен  ағаштарға  айналды.  Олардың  бұталары  да 

жан-жаққа  созылып,  үлкейіп  кетті.  Сүйікті  бұталары 

бір-бірлеріне  кедергі  келтіретін  болғандықтан,  олар 

енді жиі жанжалдасып қалатын болды. Емен көк теректің 

өзіне қарай өсіп тұрған бұтасына көп жапырақ өсірмеуін 

талап етті. Өйткені ол еменнің сүйікті бұтағының өсуіне 

кедергі  жасайтын.  Ал  көк  терек  болса  еменнің  бұтасын 

өзінен мүлде аулақ алып кетуін талап етті. Себебі ол оның 

сүйікті  бұтасына  үйкеліп,  ауырта  берді.  Емен  оған  өзінің 

бұтасының  одан  қатты  ауыратынын,  өйткені  оның  қабығының 

өте нәзік екенін айтып жауап қайырды... Олардың керісі осы-

лайша жалғаса берді.

Ағаштар  жақын  тұрған  кездері  өздеріне  қуаныш  әкелген 

бақытты шақтарын ұмытып та кетті. Олардың естерінде тек 

бір-біріне деген өкпе мен ұрыс-керістері ғана қалды. Олар 

тіпті  Құдайдан  өздерін  бір-бірінен  ажыратуды  талап  етті. 

Олардың мұнысына Құдай былай деп жауап берді:

– Егер сендерді ажы-

27

ШАР

А

ПА

Т 1/2010


ратсам,  онда  екеуіңе  де  қиын  болады.  Онда  сендер 

енді ешқашан да күшті, үлкен ағаш бола алмайсыңдар. 

Мен  сендерді  онша  өспей  тұрған  кездеріңде  бір-

бірлеріңнен  алыстау  орналастырайын  деп  едім,  бірақ 

бұған  өздерің  көнбедіңдер.  Содан  соң  сендер  менің 

айтқаныма  құлақ  аспай,  бір-бірлеріңе  қарай  ең  жуан 

бұтақтарыңды  өсірдіңдер.  Бұл  бұталар  –  сендердің 

Менің еркіме мойынсұнбағандарыңның белгісі. Дәл осы 

мойынсұнбаушылық  сендерді  бақытсыз  етті.  Егер  де 

қайтадан  бақытты  өмір  сүремін  десеңдер,  Менің  осы 

бұталарды алып тастауыма ерік беріңдер.

Ағаштар бір дауыстан:

– Жоқ! – деп айқайлап жіберді.

– Бұл менің ең сүйікті бұтам! – деді көк терек.

–  Менің  де  ең  жақсы  көретін  бұтам!  –  деді  емен  да-

уысы  қырылдап,  өйткені  сол  кезде  ақырын  жел  тұрып, 

олардың  бұталары  бір-бірлеріне  үйкеле  бастаған  бола-

тын.


–  Одан  да  біз  оларды  енді  өсірмеуге  тырысайық, 

–  деді  көк  терек.  –  Өзге  бұталарамыз  өсе  берсін,  ал 

бір-бірімізге  ауыртпашылық  келтірмеу  үшін  ортадағы 

бұталарымыздың өсуіне жол бермейік. 

Арада  тағы  бір  жыл  өтіп,  күз  келді.  Ағаштардың 

бұталары тағы да өсіп, жуандай түсті. Ағаштар қаншама 

өсірмеуге  тырысқандарымен,  әрине,  олардың  сүйікті 

бұталары бой бермей өсе берді. 

– Ол бұтасының өсуіне тоқтау салмады, - деді көк те-

рек жыламсырап. 

–  Мен  шамам  келгенше  тырысып  бақтым,  бірақ  ол 

бәрібір өсе берді, – деп күңкілдеді өзінің шарасыздығына 

күйінген емен.

Бұталары бір-бірлеріне айқасып қалған олар енді жел 

тұрмай-ақ сәт сайын азап шеге бастады. 

– Бізді ажыратшы! Әлсіз болсақ болайық, бірақ  жаны-

мызды үздіксіз қинаған азаптан құтылсақ болды, – деді 

олар жалынып.

– Сендерді бөлек отырғызудың қажеті жоқ, – деді

Жаратушы.  –  Екеуің  қатар  тұрып-ақ  бақытты  бола 

аласыңдар.

–  Сен  бізді  мазақтап  тұрсың  ба?  –  деді  көк  терек 

ренжіп.  –  Біз  барлық  амалды  қолданып  көрдік,  бірақ 

ештеңе шықпады. Бізді бөлек отырғыз!

–  Естеріңде  болса,  былтыр  сендердің  мәселелеріңді 

жолын  ұсынған  болатынмын,  –  деді  Жаратушы.  –  Мен 

мұның  ең  дұрыс  жол  екенін  білемін,  бірақ  ол  үшін 

сендердің келісімдерің керек.

–  Жарайды,  мен  келісемін,  –  деді  емен  ыңырси  үн 

қатып. – Бірақ, оны мен өзім істей алмаймын ғой...



ШАР

А

ПА

Т 1/2010

28

Ал көк терек болса жыламсырап:

–  Жоқ,  біраз  уақыт  күте  тұр,  мен  ойлануым  керек,  – 

деді. – Жарайды келістім дейік, бірақ менің бұтам кесіліп, 

орын кеңейген соң емен өз бұтасын кестіруден айнып кет-

се ше? 

Жел  тұрып,  бұталар  олардың  жандарын  ауырта  бір-



біріне үйкеле бастады, бірақ көк терек әлі де ойланумен 

болды...  Бұтасы  ауырып,  жаны  қиналған  емен  тағы  да 

өзінің бұтасына емес, көк терекке ызалана бастады. Бірақ 

бұтасын  бірінші  болып  кестіруге  оның  батылы  жетпей 

тұр. Егер бұл келісіп, Жаратушыға өзінің сүйікті бұтасын 

кестіріп тастаса, онда көк еменнің бұтасы ауырмайтын бо-

лады. Сөйтіп ол бұтасын кестіруден бас тартса ше? Содан 

соң оның бұтасы емін-еркін өсіп, оған енді бүкіл еменнің 

өзі кедергі болып көрінсе ше...

Арада  ай  өтті.  Жақын  күндерде  аяз  басталады  да, 

бұталарды  кесу  мүмкін  болмай  қалады.  Себебі,  бұтасы 

кесілген ағаш аязда үсіп кетеді. Жаратушы олардан осы 

жылда соңғы рет:

–  Қазір  ең  соңғы  мерзім.  Күн  суып  кеткеннен  кейін 

мен  сендердің  бұталарыңды  кесе  алмаймын.  Өздерің 

шешіңдер: не дәл қазір кестіресіңдер, не қыс бойы ауру-

дан азап шегіп шығасыңдар. 

– Жарайды. Мен келістім, – деді көк терек жыламсырап. 

Ол  ауру  мен  суықтың  азабын  қатар  шегуден  қорқып 

кетті. Ұдайы үйкеле беруден қабығы жалаңаштанып қалған 

бұтасы қатты ауырып тұрған, енді емен келісе ме, жоқ па, 

ол үшін бәрібір еді. Көк теректің демалғысы келді!     

–  Мен  де  келісемін,  –  деді  ауруға  шыдай 

алмаған емен де.

Көк  теректің  келіскенін  көрген  ол  да  ба-

тылданып кетті. 

–  Бұларың  дұрыс  болды!  Мен 

орманшыны  жіберейін,  ол  сен-



ШАР

А

ПА

Т 1/2010

29

дерге көмектеседі, – деді Жаратушы.

Арасын  көтеріп  келген  орманшы  көк  теректің  бұтасын 

кесе бастады. Денесі ауырып кеткен ол қатты жылап:

– Жоқ, мен айнып қалдым! Бұтамды кестірмеймін! Ауыр-

тады екен! – деп айқайлай бастады. 

Бірақ  оның  айқайына  назар  аудармаған  орманшы 

жұмысын жалғастыра берді. 

Мұны көрген еменнің де мазасы қашты:

– Менің де кестіргім келмейді, одан да оның ауырғанына 

шыдағаным артық! Оның үстіне, бәрібір көк теректің бұтасы 

кесілді ғой, менікін келесі жылға қалтырса да болады...

Көк  теректің  бұтасын  кесіп  болған  орманшы  маңдай 

терін  бір  сүртіп  қойды  да,  енді  еменнің  бұтасын  кесе  ба-

стады. Бұған наразы болған емен ыңырсып, Жаратушыны 

шақырады:

–  Мен  айнып  қалдым  дедім  ғой.  Сен  неге  оған  тоқтау 

салмадың? 

Жаратушы оған жауап қатпады. Жұмысын аяқтаған ор-

маншы терін сүртті де, қуанышты үнмен:

– Енді орманда тыныштық орнайтын болды. Бұлардың 

сықыры маған үнемі ұйқы бермеуші еді, – деді. 

Қыс өтіп, асыға күткен көктем де келіп жетті! Бойлары-

на жан біткен ағаштар жасыл жапырақтарға малынды. Ескі 

жаралардың  орны  жазылып,  емен  мен  көк  терек  баяғы 

жас  күндеріндегідей  бақытты  қалыптарына  қайта  енді. 

Тамырлары  қатайып,  көкке  қарай  бой  тарта  өскен  олар 

Жаратушыға өткен жылғы жаралары үшін алғыстарын айт-

ты...


– Ауру үшін алғыс айтармын деп ойлаған емес едім, – 

деді емен бәсең үнмен.

–  Жас  кезімізде  Оның  айтқанын  тыңдамай,  қандай 

ақымақтың  жасадық  десеңші!  Ал  өсіп  қалған  кезімізде 

мойынсұнбаушылығымыздың  қатесін  түзетуіне  келіспедік, 

- – деп сыбырлады көк терек.

 

Суретін салған Екатерина ПРАВДОХИНА

30

ШАР

А

ПА

Т 1/2010

Жақын  адамдарымызбен  бірге  өмір  сүрген-

де, олармен қарым-қатынасымыз жақсы болып, 

бақытты өмір сүруіміз үшін бізге көбінесе кейбір 

мінездерімізден немесе әдеттерімізден арылуға 

тура келеді. Әлгі екі ағашқа ұқсамауымыз үшін, 

Құдайдың  сөзіне  құлақ  асып,  мінез 

құлқымызды  оның  тезінен 

өткізіп  алудың  маңызы 

зор. 


14-бет:

1

. Аюп. 2. Жайыр. 3. Жоханна. 4. Бартімей



.

15-бет:

1. Жүніс. 2. Нағыман. 3. Лұқа. 4. Аюп.

АЯТТЫ ОҚЫ: «Мен сендердің 

Құдайларың Жаратқан Иемін» 

(Мыс. шығу 15:26)

КЕРЕМЕТ ЖАУАП: «Сенімдеріңе сай 

болсын! – деп, көздеріне саусағын 

тигізді» (Мат. 9:29).

2-бет:

e-mail:Liokaz@capost.org

«ШЫҒЫС СƏУЛЕСІ»

ШЫЄЫС СƏУЛЕСІ



Суретін салған Ирина ПОМЕРАНЦЕВА

Аяжан МҰҚТАР



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет