Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру



Дата09.03.2023
өлшемі24,04 Kb.
#72685

Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.


Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың барлық кезеңінде ғасырлар бойы дамып, өз шешімдерін тауып келеді.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлы «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деген қанатты сөзіді айтқан. Қазіргі кезде мемлекетімізде жас ұрпақтың жан – жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда.
Ұрпақ тәрбиесі - баршаның ісі.
Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле түседі. Сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс – әрекет әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып жүргізіледі. Тәрбие барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізу мен балаға жақсы тәрбие беруде оқыту сабақтарына қарағанда, сабақтан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.
Баланың бос уақытын ұйымдастыру


Сыныптан тыс шара Мектептен тыс шара
Сабақтан тыс уақыт Демалыс күндері немесе каникул
кездері
Тәрбие беруде демалыс та, каникул да болмайтыны белгілі. Ол барлық уақытта, барлық жерде жүзеге асырылады. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан – жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Сондықтан оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстарға көңіл бөлу керек. Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық.
Сабақтан тыс уақытта



Балаларға арналған журналдарды үнемі пайдалану

Әр түрлі кездесулер


өткізу

Әр түрлі тақырыпта балаларға пікірталас, сайыс өткізу



Мектептен тыс уақытта



Музейлерге апару, табиғатқа саяхатқа шығу
әртүрлі спорттық жарыстар өткізіп тұру
каникул кезінде үйге тапсырмалар беру

Ұстаздар ұйымы, ата – аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп, өткізуне көмектесу керек. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру оңай мәселе емес екендігі анық. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсілдерінің сан қилылығына байланысты.


Біз практикалық және теориялық ісімізде әр жағдайға байланысты мәселенің әр қырынан келіп, әрқилы тәсіл таба білуіміз қажет. Сонымен оқушының бос уақытын тиімді пайдалану үшін ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататындығын, қабілеттерін зерттеп біліп алуымыз керек.
Бос уақытты тиімді пайдалану ұйымшылдыққа, мейірімділікке, сыйластыққа, қамқорлыққа үйретеді. Бірін – бірі шеттетпейді. Ортаға үйренеді.
Бос кездерде мектепке шақырып, балаларға шахматтан, доптан, спорт түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Сабақ уақытындағы үзіліс кездерінде шахмат, тоғызқұмалақ ойнауға, ертегі оқуға болады.
Балаларды кішкентайынан тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерінің бірі шығармашылыққа жүгіну. Балаларды адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеуде көркем шығармалардың маңызы зор. Баланың ой – санасын дамытуға, мінез – құлықтарын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс – әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе, бастауыш сыныптың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз әңгімелерді, батырлар туралы жырларды сүйсініп оқиды. Балаларға ертегілер оқып беріп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға болады.
Мектептен тыс кездерде де, қыс мезгілінде шаңғы, шана, жарыстар ұйымдастырса, жазда алаңқайға волейбол, баскетбол немесе басқа да бірігіп ойналатын ойын түрлерін ұйымдастырып тұрса, музейлерге апарып, табиғатқа саяхатқа шығарып тұрса, балалар бос уақытын тиімді пайдаланған болар еді.
Күзгі, қысқы, көктемгі каникул кезеңдерінде баланың икеміне қарай үйге сурет салуға, шығарма жазуға, кітап оқуға, кесте тігуге, тоқыма тоқуға тапсырма беріп жіберсе, бұл да баланың бос уақытын текке өткізбей, пайдалы іспен айналысуға септігін тигізер еді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деп ұлы ғалым – философ Әбу Насыр Әл – Фараби айтқандай балаға жан – жақты тәрбие беру біздің басты парызымыз. Өйткені бала тек ата – ананың баласы емес, ұлттың ертеңі. Мұғалім баланың екінші ата – ансы, өйткені ұстаз баға жетпес тұлға.
Келешегіміз деп отырған ұрпақтарымызды, яғни әрбір отбасында өсіп, тәрбиеленіп отырған балаларымызды бүгінгі күн талабына лайық етіп тәрбиелеу баршамыздың ортақ мақсатымыз. « Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ұстаздар да, отбасы да баланың тәрбиесіне селсоқтық танытпай, бірге жұмыс жасауы тиімді болмақ.
ХХІ ғасыр – білім – ғылымның, техниканың күшті дамыған кезеңі. Қазіргі мектеп партасында отырған оқушы ақпарат көзінің барлық түрін жетік біледі деуге болады. Компьютер, ғаламтор, ұялы байланыс оқушының кітап оқуға деген құлшынысын төмендетіп отыр. Сондықтан да педагогтар баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып, оның психологиялық ерекшелігін, отбасы жағдайын да назардан тыс қалдырмауы тиіс.
Бүгінгі мектеп партасындағы жас ұрпақ еліміздің ертеңгі болашағы.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Басатуыш сынып №5. 2011ж.

  2. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі №6. 2013ж.

  3. Тәрбие құралы №6. 2012ж.

  4. Оқыту – тәрбиелеу технологиясы №5. 2010ж.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет