Баланың дамуы мен қалыптасуына тұқымқуалаушылық,орта және тәрбиенің ықпалы



Дата11.04.2022
өлшемі5,25 Mb.
#30555

Баланың дамуы мен қалыптасуына тұқымқуалаушылық,орта және тәрбиенің ықпалы

Пернебек

Алина

П-20-1

Адамның дамуы дене ,психикалық және әлеуметтік жетілу,пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің сандық және саалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен , қимылдардың үйлесімділігімен т.б байланысты.

Психикалық даму процесінде танымдық,еріктік,эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады.


Адамның даму дегеніміз- оның тегінде бар туа біткен белгеілердің жай ғана сапалық көрінісі емес. Даму ол ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер.

1 / 3



Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.


1 / 3


Тұқымқуалаушылық - жас ұрпаққа ата - аналардың бойындағы биологиялық ұқсастығының берілуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Мысалы: әйгілі ұлы композитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.

Адам дамуындағы тұқым қуалаушылықты екі түрге бөлуге болады:Адам дамуындағы тұқым қуалаушылықты екі түрге бөлуге болады:

1. Жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелерінің дамуы, нәсілдік және ұлттық ерекшеліктері);

2. Даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық, физиологиялық бейімділіктері).


1 / 3

1 / 3



Интеллектуалдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуі : ол қабілет тұқым қуалау арқылы берілмейді тек нышан түрінде беріледі. Ағзаның анотомиялық , физиологиялық ерекшеліктерінің , демек, қабілетттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншілікті нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге және әлеуметтік жағдайларға байланысты. Арнайы нышандарға; математикалық, музыкалық, спорттық т.б. сапалар жатады.

Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі мына нәрселерден тұрады: - морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері); - функционалдық ерекшеліктері (қан тобы);- адамға тән бейімділіктер (сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті); - жүйке қызметінің түрлері (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі); - әрекеттің қандай да бір түрінің анатомиялық - физиологиялық бейімділіктері; - есту мүшелері, ойлау, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер.


1 / 3

1 / 3


1 / 3

1 / 3


1 / 3


Сонымен жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық ықпалы дегеніміз- ол ұрпақтарда, ата-аналарының ұқсастықтарының мол болуын тұқым қуалаушылық деп түсінеміз.

Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.


1 / 3

1 / 3



Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады


1 / 3

1 / 3


1 / 3

1 / 3



Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады.


1 / 3

1 / 3

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет