Баланың үш жастағы дағдарысы



Pdf көрінісі
Дата12.05.2022
өлшемі339,37 Kb.
#34209


О Р Ы Н Д А Ғ А Н : М А Д А Л И Е ВА   З . Б .

УАТ Қ А Н   А Й Г Е Р І М



Баланың үш жастағы 

дағдарысы


Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін

тигізетін үш түрлі көзқарас бар:

Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеңіне байланысты. Өйткені бала 



психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда

болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын оның жақын 

арадағы даму аймағына қатысты қасиеттердің өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде 

іздестіру керек болады.

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан 



өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Егер

жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына 

керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы

өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін

оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз 

жеткізуіміз керек.

Үшінші сәт – баланың қыңырлық кезеңі. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да 



болсын ересектерге қарсы қарсы бағытталған әрекеттері. Қырсықтықтың 

қасарысудан айырмашьшығы , ол қалайда өзінің қажетін орындауға табандылық 

көрсетуі.

Енді төртінші ерекшелік – өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл 



баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.


Талданып отырған дағдарыс 

түрлерінің бұдан басқаша 

үш түрі бар деп жүр, бірақ 

олардың қосымша ғана 

маңызы бар. Оның біріншісі

– қарсылық көрсету.

Баланың мінез-құлқындағы 

бірқатар көріністердің бәрі 

қарсыласу сипатында

болады. Оның мінез-құлқы 

өзгелерге қарсыласу 

ерекшеліктермен көрініс 

беріп, өз маңындағылармен 

ұрысып, таласып, үнемі 

ренжісу жағдайында болып

көрінеді. Баланың ата-

анасымен қақтығысы әдетке 

айналды. Осыған орай

баланың өзі елеусіз қалады.

Мысалы, бұрын тату болған 

жанұяда бала өз анасына

«сен ақымақсың» дейді.




Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысы келмейді, 

оның сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері пайда болады. Мұңдай сөздер 

орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екі жақты ерекшелік болатынын

атап айту керек. Үйдегі жалғыз бала болғандықтан , оның талап-тілектерінің 

бәрі орындалып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. Бұл 

көрініс әр түрлі жанұяда түрліше болып келетіні байқалады. Ондай бала 

жанындағы адамдарға айтқанын істетіп, айдауына жүргізгісі келеді, яғни 

оның шешесі үйден шықпауы тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде 

болу,  талаптарының бәрін оған алып беру керек, ұсынған тағамды жемейді, 

өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға билік жүргізу 

үшін неше алуан тәсілдерді табады. Ол барлық талаптары орындалған 

жағдайда өзгелердің бәріне әмірші болғысы келеді. Ал кейбір жанұяда 

мұндай сипат қызғаншақтық деп те аталады. Өзінен жасы кіші не үлкен 

баланы қызғанатын болады. Міне үш жастағы баланың бойында жиі

кездесетін мінез нышандары осындай. Бұл ерекшелікгердің бәрі бала 

тәрбиесіне байланысты пайда болып отырады.




Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын 

психикалық өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын 

адамдарына – әкесі мен шешесіне және олардың беделіне

деген әлеуметтік көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың 

«Мен» деген өзіндік ерекшелігін танытқысы келіп, оның 

бойында бірсыпыра мінез-қылықтары пайда болады. Ондай

қылықтар ортадағы жағдайды өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, 

дағдарыс баланың жеке тұлғасы мен оның маңындағы 

адамдардың өзара әлеуметтік қарым-қатынасын қайта құрып, 

оларды өзгертіп отыруға бағытталатын психикалық фактор 

деп санаумыз керек




Назарларыңызға 

рақмет !


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет