«Балық шаруашылығы» кәсіби стандарты Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата09.03.2017
өлшемі1 Mb.
#8519
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



 

ЖОБА 


 

 

«Балық шаруашылығы» кәсіби стандарты 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1.  «Балық  шаруашылығы»  кәсіби  стандарты  Балық  шаруашылығы 

мамандығы  шеңберіндегі  білім  беру  бағдарламаларын  қалыптастыру  үшін, 

оның  ішінде  кәсіпорындардағы  персоналды  оқыту  үшін,  кәсіби-техникалық 

және  жоғары  білім  беру  мекемелеріндегі  қызметкерлер  мен  түлектерді 

сертификаттау  үшін,  персоналды  басқару  саласындағы  кең  ауқымды 

міндеттерді шешу үшін арналған. 

Осы  кәсіби  стандарттың  негізінде  ұйымдар  ішкі  қолданыс  үшін 

қызметкерлердің  өндірісті  және  еңбекті  ұйымдастыру,  басқару,  олардың 

жауапкершілік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  кәсіби  білімінің  деңгейі,  еңбек 

функцияларының,  білімдерінің,  біліктері  мен  дағдыларының  тізбесі 

нақтыланған  корпоративтік кәсіби стандарттар әзірлей алады. 

2.  Осы  кәсіби  стандартта  келесі  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылады: 

1)  біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  функцияларын  сапалы 

орындауға дайын болу дәрежесі;  

2)  біліктілік  деңгейі  –  еңбек  іс-қимылдарының  күрделілігі,  стандартты 

еместігі,  жауапкершілігі  мен  дербестігі  өлшемдеріне  қарай  сараланатын 

қызметкердің  даярлығы  мен  құзыреті  деңгейіне  қойылатын  талаптар 

жиынтығы; 

3)  салалық  біліктілік  шеңбері  -  салада  танылатын  біліктілік  деңгейлерін 

құрылымдық жағынан сипаттау; 

4)  ұлттық  біліктілік  шеңбері  –  салалық  біліктілік  шеңберін,  кәсіби 

стандарттарды  әзірлеу  үшін  жалпы  кәсіби  құзыреттердің  біліктілік 

деңгейлернің бірыңғай шкаласын айқындайды; 

5)  кәсіби  топ  –  жалпы  интеграциялық  негізі  бар  және  оларды  орындау 

үшін  еңбек  функциялары  мен  құзыреттердің  ұқсас    жиынтығын  талап  ететін 

кәсіби кіші топтар жиынтығы; 

6)  кәсіби  кіші  топ  -  еңбек  функцияларының  және  оларды  орындау  үшін 

қажетті  құзыреттердің  тұтас  жиынымен  қалыптастырылған    кәсіптер 

жиынтығы; 

7)  кәсіби  стандарт  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 

деңгейіне,  құзыреттеріне,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 



 

8)  кәсіп  –  арнайы  дайындық  нәтижесінде  игерілетін  және  білім  туралы 



тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және тәжірибелік дағдыларды 

талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптердің негізгі түрі; 

9)  еңбек  функциясы  –  еңбек  процесінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 

шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

10) акваөсіру – 

балық ресурстары мен басқа су жануарларының жасанды 

жолменөсімін молайту және өсіру

11)  балық  өсірушілік  –  кәсіпкерлік  қызмет  мақсатында  балықтардың 



жасанды жолмен өсімін молайту және өсіру бойынша авкаөсіру бағыты; 

12) 


балық  ресурстары  мен  басқа  су  жануарлары  –  суда  өмір  сүретін 

барлық жануралардың жалпы жиынтығы; 

13) су флорасы мен саунасы – су қоймаларының жануарлар және өсімдік 

әлемі.


 

3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 

1)БТБА–  жұмысшылардың  жұмыстары  мен  кәсіптерінің  бірыңғай 

тарифтік-біліктілік анықтамалығы;  

2) КС – кәсіби стандарт; 

3) СБШ – салалық біліктілік шеңбері; 

4)  БА  -  басшылардың,  мамандардың  және  басқа  да  қызметшілер 

лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 

5) ҚР – Қазақстан Республикасы. 

 



2. КС паспорты 

 

4. КС атауы: «Балық шаруашылығы». 



5.  КС  әзірлеудің  мақсаты:  қызметкерлер  мен  жұмыс  берушілер  үшін: 

қызметкерлерге  өзінің  кәсіби  дейңгейін  анықтауға,  кәсіби  білімін  жақсартуға,  

қажет  болса  біліктілік  деңгейін  көтеруге  және  сол  арқылы  әрі  қарай  кәсіби 

өсудің  негізін  құруға  мүмкіндік  береді;  ал  жұмыс  берушілер  қызметкерлердің 

кәсіби  дейңгейін  жоғарылату,  еңбек  қызметін  ынталандыру  және  осының 

нәтижесінде  еңбек  өнімділігін  арттыру  үшін  жағдай  жасау  мақсатында 

персоналды  бағалауға  арналған  нақтырақ  критерийлерге  ие  болады;  жұмыс 

берушілер  қызметкер  құзыретінің  қосымша  кепілдігі  болып  табылатын 

қоғамдағы  әр  түрлі  салалардағы  білім  беру  стандарттарын  және  құрылған 

персоналды  сертификаттау  жүйелерін  ескере  отырып,  қызметкерлердің 

кәсіпқойлығын бақылау мүмкіндігіне ие болады. 

6.  Кәсіби  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:Кәсіби  стандарттың 

қысқаша  сипаттамасы:  балық  өсірушілік  пен  балық  аулау  саласындағы 

жұмысшылар  балықты,  су  жануарларының  басқа  түрлерін  бағып  көбейтеді,  

өсіреді,  аулайды,  жайғайды,  сұрыптайды,  балық  аулау  және  балық  өсіру 

өнімдерін өндіруші кәсіпорындарға немесе сататын ұйымдарға сатады, өткізеді. 

7. Негізгі топ: ауыл шаруашылығы. 


 

8. Кәсіби кіші топ: балық шаруашылығы. 



 

 

3. Кәсіптердің карточкалары 

 

9. Кәсіптердің тізбесі:  



1) балық өсіруші – СБШ бойынша 1-5 біліктілік деңгейлері

2) балық өсіруші техник - СБШ бойынша 4 және 5 біліктілік деңгейлері; 

3) балық өсіруші гидротехник - СБШ бойынша 4-5 біліктілік деңгейлері; 

4) балық өсіруші инженер - СБШ бойынша 5 және 6 біліктілік деңгейлері; 

5) ихтиопатолог -СБШ бойынша 5 және 6 біліктілік деңгейлері; 

6) балықшы - СБШ бойынша 1-5 біліктілік деңгейлері; 

7) балық аулау кәсіпшілігі машиналары мен механизмдерінің машинисі - 

СБШ бойынша 1-3 біліктілік деңгейлері; 

8) аулау құралын дайындаушы - СБШ бойынша 1-3 біліктілік деңгейлері; 

9) жүзетін құралдарды қабылдаушы - СБШ бойынша 3 біліктілік деңгейі; 

10) ихтиолог - СБШ бойынша 5 және 6 біліктілік деңгейлері; 

11)  су  ресурстарын  қорғау  жөніндегі  егерь  (су  ресурстарын  қорғау 

жөніндегі инспектор) - СБШ бойынша 5 және 6 біліктілік деңгейлері; 

12) инженер-гидробиолог - СБШ бойынша 5 және 6 біліктілік деңгейлері; 

13) инженер- гидрохимик - СБШ бойынша 5 және 6 біліктілік деңгейлері; 

14) балықты өңдеу бойынша инженер-технолог - СБШ бойынша 5 және 6 

біліктілік деңгейлері; 

15) балық өңдейтін жабдықты жөндеуші механик - СБШ бойынша 4 және 

5 біліктілік деңгейлері; 

16)  балық  өңдейтін  жабдық  операторы  -  СБШ  бойынша  3  біліктілік 

деңгейі. 

10.


 

Кәсіптердің карточкалары осы КС 1-қосымшасында келтіріледі. 

11.

 

Кәсіби біліктілік картасы осы КС 2-қосымшасында келтірілген. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Балық шаруашылығы» 



кәсіби стандартына 1-қосымша 

 

«БАЛЫҚ ӨСІРУШІ» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

Кәсіптің коды 

3151 «Балық өсіруші» 

Кәсіптің атауы 

Балық өсіруші 

СБШ бойынша 

біліктілік деңгейі 

1. 

Негізгі орта, бірақ бастауыш білімнен төмен емес білімінің болуы 



және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқама) 

және/немесе қысқа мерзімді курстар  

БТБА бойынша 

біліктілік деңгейі 

БТБА  бойынша  1-разряд  (50-шығарылым,  2-бөлім:  Қазақстан 

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрінің 

2012  жылғы  26  қазандағы  №416бұйрығы.  Қазақстан  Республикасы 

Әділет  министрлігінің нормативтік  құқықтық  актілер  тізілімінде 

2012 жылғы 23 қарашадағы№ 8102 тіркелген) 

Еңбек функциялары 

1.

 

Балық шаруашылығында күрделі емес жұмыстарды орындау. 



2.

 

Азықты дайындау бойынша жұмыстар 



1 еңбек функциясы 

 

Балық 



шаруашылығында 

күрделі емес 

жұмыстарды орындау 

Біліктері мен дағдылары: 

1.

 



Ескірген өсімдікті қырып жинау және жағу. 

2.

 



қоймадағы азықты қопсыту; 

3.

 



азықты қапқа қолмен нығыздап салу; 

4.

 



құрғақ және қамыр тәрізді азықты дайындау

5.

 



балықты және жетілдірілетін құртшабақты азықтандыру; 

6.

 



су бассейндерін ластанудан тазалау 

Білімі: 

1.

 



ҚР Конституциясы 

2.

 



жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті орган 

бекітетін балық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ететін 

табиғатты қорғау қағидалары («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін 

молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы                           09 

шілдедегі №593-ІІ ҚР Заңы); 

3.

 



өндірістің ұйымдастырылуы және технологиясы

4.

 



тірі азықты өсіру технологиясы; 

5.

 



ішкі еңбек тәртібінің қолданыстағы қағидалары; 

6.

 



ішкі еңбек тәртібі қағидалары; 

7.

 



еңбекті  қорғау  қағидалары  мен  нормалары  («Еңбек  қауіпсіздігі 

және  еңбекті қорғау  туралы»  2007  жылғы  15  мамырдағы  №252-ІІІ 

ҚР Заңы). 

2 еңбек функциясы 

 

Азықты дайындау 



бойынша жұмыстар 

Біліктері мен дағдылары: 

1.

 



Топырақты,  көңді  дайындауды  және  оларды  субстракт  үшін 

дайындауды жүргізу; 

2.

 

аппараттарды, бассейндерді пайдалануға дайындауды жүргізу; 



3.

 

тірі азықтарды азықтандыруды жүргізу; 



4.

 

террариумдардағы топыраққа су себу және оны қопсыту; 



5.

 

тірі азық өнімінің өсірілген биомассасын іріктеуді жүргізу; 



6.

 

террариумдардың,  бассейндердің,  керек-жарақтың  жарамдығын 



бақылау  және  ақаулықтар  туралы  тірі  азықты  өсіру  жөніндегі 

маманға уақытылы баяндау; 

7.

 

балық өсіруші техниктің барлық тапсырмаларын орындау; 



8.

 

тірі азықты өсіру цехын тазалау; 



 

9.



 

жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау. 



Білімі

1.

 



ҚР Конституциясы 

2.

 



жануарлар  дүниесін  қорғау  саласындағы  уәкілетті  орган 

бекітетін  балық  ресурстарының  сақталуын  қамтамасыз  ететін 

табиғатты қорғау қағидалары («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін 

молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы                           09 

шілдедегі №593-ІІ ҚР Заңы); 

3.

 



өндірістің ұйымдастырылуы және технологиясы; 

4.

 



тірі азықты өсіру технологиясы; 

5.

 



балықтарға  арналған  азықтың  негізгі  түрлері  және  оларды 

сақтауға қойылатын талаптар; 

6.

 

балық  тұқымын  және  ірі  бас  балықты  күтіп  ұстау,  өсіру  және 



азықтандырудың негізгі әдістері; 

7.

 



ішкі еңбек тәртібінің қолданыстағы қағидалары; 

8.

 



ішкі еңбек тәртібі қағидалары; 

9.

 



еңбекті  қорғау  қағидалары  мен  нормалары  («Еңбек  қауіпсіздігі 

және еңбекті қорғау туралы» 2007 жылғы                             15 

мамырдағы №252-ІІІ ҚР Заңы). 

Жеке құзыреттеріне 

қойылатын талаптар 

Тұлғааралық құзыреттілік, нәтижеге және тиімділікке 

бағытталушылық 

«БАЛЫҚ ӨСІРУШІ» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

Кәсіптің коды 

6151 «Балық өсіруші» 

Кәсіптің атауы 

Балық өсіруші 

СБШ бойынша 

біліктілік деңгейі 

2. 


Жалпы орта, бірақ негізгі орта білімнен төмен емес білімінің болуы, 

практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлық  (білім беру 

ұйымы негізіндегі қысқа мерзімді немесе қкәсіпорында оқыту) 

БТБА бойынша 

біліктілік деңгейі 

БТБА  бойынша  2-разряд  (50-шығарылым,  2-бөлім:  Қазақстан 

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрінің 

2012  жылғы  26  қазандағы  №416бұйрығы.  Қазақстан  Республикасы 

Әділет  министрлігінің нормативтік  құқықтық  актілер  тізілімінде 

2012 жылғы 23 қарашадағы                     № 8102 тіркелген) 

Еңбек функциялары 

Гидротехникалық  құрылыстарға  ағымдағы  қызмет  көрсету  және 

жөндеу  бойынша  жұмыстарды  және  су  қоймаларын  техникалық 

мелиорациялау жұмыстарын орындау 

Еңбек функциясы 

 

Балық 



шаруашылығында 

күрделі емес 

жұмыстарды орындау 

Біліктері мен дағдылары: 

1.

 



разряды  жоғарырақ  балық  өсірушінің  жетекшілік  етуімен 

гидротехникалық  құрылыстарға  ағымдағы  қызмет  көрсету  және 

жөндеу  бойынша  жұмыстарды  және  су  қоймаларын  техникалық 

мелиорациялау жұмыстарын орындау; 

2.

 

тоғандарға органикалық тыңайтқыштарды және су қоймаларына 



ізбесті енгізу; 

3.

 



аулау құралдары үшін қолмен керек-жарақты дайындау; 

4.

 



тік  төртбұрышты  нысанды  аулау  құралдарының  жекелеген 

бөліктерін қолмен пішімдеу және ұяшықтарға бөлу; 

5.

 

торлы кіші кеме мен керек-жарақты дайындау; 



6.

 

бассейндер  мен  су  қоймаларынан  дафний  мен  артемий-Салинді 



ұстап алу; 

 

7.



 

азықтандыру орындарының жабдығы; 

8.

 

балықты  ескекті  мотор  қайықтарынан  және  қалқыма  азық 



тарнатқыштардан азықтандыру; 

9.

 



азықтың желінуін тексеру, өлі балықты алып тастау

10.


 

тауарлы балықты аулау, сұрыптау және есептеу; 

11.

 

мұз астындағы балықты аулау; 



12.

 

бекіре  балық  пен  арқан  балықтан  басқа  балық  шоғайларын 



теңізден және уылдырық шашатын өзендердің маңынан аулау; 

13.


 

уылдырықты,  балық    өсіру  материалды  және  шоғайларды 

технологиялық  режимді  сақтаумен  арнайы  сыйымдылықтарда 

жеткізу; 

14.

 

арналар арқылы жасы әр түрлі тікенді балық жүрісін бақылау, 



әр түрлі қоршайтын құрылғылардың көмегімен оларды реттеу; 

15.


 

жасанды  уылдырық  шашатын  орындарды,  кіші  кемелерді 

қолмен  және  механизмдердің  көмегімен  орнату  және  көтеру, 

оларды  қарап  тексеру  және  күтіп  ұстау,  бассейндер  мен  кіші 

кемелерді ластайтын заттардан тазалау; 

16.


 

жабдық пен механизмдерді жөндеу. 



Білімі: 

1.

 



гидротехникалық құрылыстарға ағымдағы қызмет  көрсету және 

жөндеу  бойынша  жұмыстарды  және  су  қоймаларын  техникалық 

мелиорациялау жұмыстарын орындау тәсілдері; 

2.

 



тоғандарға органикалық тыңайтқыштарды енгізу тәсілдері; 

3.

 



тік  төртбұрышты  нысанды  аулау  құралдарының  жекелеген 

бөліктерін  қолмен  пішімдеу  және  ұяшықтарға  бөлу;  торлы  кіші 

кеме мен балық аулау керек-жарағын дайындау; 

4.

 



қолданылатын 

керек-жарақтың, 

механизмдердің 

және 


жабдықтың құрылысы және оларды пайдалану қағидалары; 

5.

 



тауарлы балықты аулау, сұрыптау және есептеу тәсілдері; 

6.

 



тауарлы балықтың сапасына қойылатын талаптар; 

7.

 



азық  түрлері  және  оларды  дайындау  тәсілдері,  балықты 

азықтандыру қағидалары, қолданылатын азықтың құрамы; 

8.

 

тірі азыққа қойылатын талаптар; 



9.

 

тірі балықты күтіп ұстау; 



10.

 

балықтың арналар арқылы өту қағидалары



11.

 

бассейндерді,  кіші  кемелерді  және  басқа  жабдықты 



пайдалануға  қойылатын  талаптар,  оларды  тазалау  қағидалары  мен 

тәсілдері; 

12.

 

мұз астындағы балықты аулау қағидалары мен тәсілдері; 



13.

 

жасанды  уылдырық  шашу  орындары  мен  уылдырық  шашу 



субстраттарының түрлері; 

14.


 

қолданылатын  механизмдер  мен  жабдықтың  құрылысы  және 

оларды пайдалану мен жөндеу қағидалары; 

15.


 

 уылдырықты,  шоғай балықтарды және балық өсіру материалын 

жеткізу кезінде контейнерлерде ұстаудың технологиялық режимі; 

16.


 

 еңбекті  қорғау  қағидалары  мен  нормалары  («Еңбек  қауіпсіздігі 

және еңбекті қорғау туралы» 2007 жылғы                              15 

мамырдағы №252-ІІІ ҚР Заңы). 



«БАЛЫҚ ӨСІРУШІ» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

Кәсіптің коды 

6151 «Балық өсіруші» 


 

Кәсіптің атауы 



Балық өсіруші 

СБШ бойынша 

біліктілік деңгейі 

3. 


Практикалық  тәжірибе  және/немесе  кәсіби  даярлық  (білім  беру 

ұйымының  негізінде  кәсіби  даярлау  бағдарламалары  бойынша  бір 

жылға дейінгі курстар немесе кәсіпорында оқыту). 

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім немесе жалпы орта 

білім негізіндегі техникалық және кәсіби білімі бар болғанда 

БТБА бойынша 

біліктілік деңгейі 

БТБА  бойынша  3-6  разряд  (50-шығарылым,  2-бөлім:  Қазақстан 

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрінің 

2012  жылғы  26  қазандағы  №416бұйрығы.  Қазақстан  Республикасы 

Әділет  министрлігінің нормативтік  құқықтық  актілер  тізілімінде 

2012 жылғы 23 қарашадағы                     № 8102 тіркелген) 

Еңбек функциялары 

Бекіре  балық  пен  арқан  балықтан  басқа  балықтарды  аулау,  ұстау, 

қайта  қондыру  және  сұрыптау  мен  күтіп  ұстау  бойынша 

жұмыстарды орындау 

Еңбек функциясы 

 

Бекіре балық пен арқан 



балықтан басқа 

балықтарды аулау

ұстау, қайта қондыру 

және сұрыптау мен 

күтіп ұстау бойынша 

жұмыстарды орындау 



Біліктері мен дағдылары: 

1.

 



Жасы  әр  түрлі  жастағы  төлді,  аталық  балықты  аулау,  ұстау, 

орнын  ауыстыру,  түрлері  мен  салмағы  мен  ұзындығы  бойынша 

топтарға сұрыптау; 

2.

 



тауарлық балықты аулау, сұрыптау және есептеу; 

3.

 



балық  өсіру  шаруашылығында  әр  түрлі  жастағы  балық  өсіру 

және 


семіртумен 

байланысты 

жұмыстар, 

кіретін 


және 

шиыршықталатын балықты есептеу; 

4.

 

шотай балықты ұстау; 



5.

 

балық  отырғызатын  материалды  және  өндірістік  балықтардың 



уылдырығын  технологиялық  режимді  сақтай  отырып  арнайы 

ыдыстарда жеткізу; 

6.

 

қажетті  концентрациялы  ерітінді  дайындай  отырып,  балықты 



емдік-алын ала емдеу; 

7.

 



құрғақ, қамыр тәрізді және паста тәрізді жем дайындау: ұнтақтау, 

емдік және өсімін тездететін қоспаларды қосу, жемді елеу; 

8.

 

артемия жұмыртқаларын инкубациялау; 



9.

 

тірі олигохет, дафний, артемий және басқа жемді өсіру; 



10.

 

дафний мен артемий-Салинді сұрыптау; 



11.

 

балықты  азықтандыру  кезінде  оларға  тірі  және  құрғақ  жем 



беру; 

12.


 

жыртқыш балықтарды аулау; 

13.

 

субстратты салу; 



14.

 

 төлді  өсіру  кезінде  шыны  пластикалық  лотоктар  мен 



бассейндерді шаң-тозаңнан тазалау; 

15.


 

сырттай  бақылау  арқылы  ауру  балықтарды  анықтау  және 

оларды су қоймаларынан шығарып тастау, гидробиологиялық және 

гидрохимиялық талдау үшін сынама алу; 

16.

 

 тоғандағы, 



бассейндегі, 

лотоктағы, 

инкубациялық 

аппараттардағы  су  алмасуды  лабороториялық  талдаулар  деректері 

бойынша реттеу; 

17.


 

автоматты жем таратқыштарды пайдалана отырып, балықтарға 

жем беру; 

18.


 

қыстық  тоғандардың  бөгендері  мен  бассейндерде  балықтарды 

қыстатып шығарумен байланысты жұмыстарды орындау;  


 

19.



 

төлді су қоймасына жіберу, шоғай балықты қорғау;  

20.

 

аулауға арналған тор құралдарды кешенді жасау. 



Білімі: 

1.

 



Әр түрлі жастағы төлді, аталық балықтарды аулау, ұстау, 

орнын ауыстыру, сұрыптау және есептеу тәсілдері;  

2.

 

балықты өсіру және семіртумен байланысты жұмыстарды 



орындау тәсілдері мен қағидалары; 

3.

 



балықты өңдеуге арналған емдік-алдын алу ерітіндісінің 

құрамы мен концентрациясы;  

4.

 

жемнің түрлері, олардың дайындау, тарату тәсілдері, жемнің 



желінуін бақылау;  

5.

 



 тірі жемге қойылатын талаптар; 

6.

 



 тірі жемді өсіру және оларды сұрыптау, тірі жеммен 

қоректендіру қағидалары; 

7.

 

жасанды уылдырық шашқыштар мен уылдырық шашқыш 



субстраттардың түрлері;  

8.

 



лотоктар мен бассейндерді тазалау;  

9.

 



гидробиологиялық және гидрохимиялық талдау жүргізу 

әдістері; 

10.

 

су сынамаларын алу;  



11.

 

балықтардың аналық және аталық үйірін ұстау, қалыптастыру 



тәсілдері;  

12.


 

аулауға арналған тор ауларды жасау;  

13.

 

қолданылатын механизмдер мен балық өсіру жабдықтарының 



құрылысы мен оларды пайдалану қағидалары; 

14.


 

еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары («Еңбек қауіпсіздігі 

және еңбекті қорғау туралы» 2007 жылғы                             15 

мамырдағы №252-ІІІ ҚР Заңы). 



«БАЛЫҚ ӨСІРУШІ» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ 

Кәсіптің коды 

6151 «Балық өсіруші» 

Кәсіптің атауы 

Балық өсіруші 

СБШ бойынша 

біліктілік деңгейі 

4. 


Негізгі  орта  білім  базасында  техникалық  және  кәсіби  білімі  және 

практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда. 

Практикалық тәжірибесіз жоғарылатылған деңгейде (қосымша 

кәсіби даярлық немесе орта білімнен кейінгі білім) техникалық 

және кәсіби білімі болған жағдайда. 

БТБА бойынша 

біліктілік деңгейі 

БТБА  бойынша  6-7  разряд  (50-шығарылым,  2-бөлім:  Қазақстан 

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрінің 

2012 жылғы 26 қазандағы № 416бұйрығы. Қазақстан Республикасы 

Әділет  министрлігінің нормативтік  құқықтық  актілер  тізілімінде 

2012 жылғы 23 қарашадағы                     № 8102 тіркелген) 

Еңбек функциялары 

Балықты таңдау, жіберу және күтіп ұстау операцияларын орындау. 

Еңбек функциясы 

 

Бекіре балық пен арқан 



балықтан басқа 

балықтарды аулау, 

ұстау, қайта қондыру 

және сұрыптау мен 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет