Барокко (италяндық barocco — әлеміш)



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#13097
  1   2

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Ғылым және Білім министрлігі

Тақырыбы: Борокко стилі


Орындаған: Тұңғушбай А.

Тобы: 121-17

Қабылдаған: Кажиакбарова Р.

Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қас бетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды.

Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен. Барокко стиль ретінде, алдымен,Италияда қалыптасты. Өйткені, 17 ғасырдағы ірі шеберлер: архитектор әрі мүсінші, Италияның ең үлкен архитектор ансамблі — Әулие Петрсоборының алдындағы алаңның авторы Л.Бернини, Сан-Карло шіркеуінің авторы Ф.Бароминни, Римдегі Санта Мария шіркеуінің авторы К. Райнальди, күрделі композициялық шешімге әуес, Туриндегі Кариньяно палаццосының авторы Г. Гваринилер осы стильде жұмыс істеді. АлФранцияда құрылыстың сырты классикалық қалпынан көп өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде ерекше байлық, салтанат (Во Ле Виконт қорғаны, Версаль сарайының cоғыс және бейбітшілік залы) көз тұндыратын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет