Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а



жүктеу 5.03 Mb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата15.03.2017
өлшемі5.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Түйін сөздер: Дінтану пәні, орта мектеп, ЖОО, оқу бағдарлама, ұсыныс, мәселе.

В этой статье рассматриваются проблемы в содержании предмета «религиоведение» в 

программах ВУЗа и средней школы. А также, описывается значение религиозной грамот-

ности и занимаемое место в обществе сегодня. На основе развития системы образования 

Республики Казахстан, сделан анализ рабочих учебных праграмм предмета «религиоведе-

ние» ВУЗа и 9-класса общеобразовательной школы. А именно, проведено сравнительное 

исследование содержания типовых программ, целей и обязанностей, списка пререквизитов 

и постреквизитов, основной литературы по одинаковым предметам. В результате исследо-

вания обнаружено повторение содержания предметов. С целью решения проблемы повторе-

ния в содержаний предмета со стороны автора сделаны предложения по данному предмету.



Ключевые  слова:  предмет  религиоведения,  средняя  школа,  ВУЗ,  учебная  программа, 

предложение, проблема.

This article discusses the problems in the content of the subject «Religion» in the programs of 

the university and high school. And also explains the meaning of religious literacy and occupied 

a place in society today. Based on the development of the educational system of the Republic 

of  Kazakhstan,  made  an  analysis  of  educational  workers  pragramm  subject  «religion»  of  the 

university and the 9-class public schools. Namely, a comparative study of the content of model 

programs, objectives and responsibilities, and the list post-requisite аnd rerequisite main literature 

on the same subjects. The study found the repetition of content items. In order to solve the problem 

of repetition in the content of the subject by the author makes suggestions on the subject.

Keywords: religious subject, high school, college, curriculum proposal, problem.

Қазіргі  дамыған  өркениетті  елдердің  бі-

лім  беру жүйесінде дінтану пәні бастауыш, 

ор та мектептерден бастап оқытылады. Атап 

айтқанда,  Аустрия,  Ұлы  Британия  мем ле-

кеттерінің  орта  мектептерінің  білім  бе ру  

стандартындағы  бағдарламаларында  кез де-

се ді. Оның түпкі саясаты – тұлға жастайынан 

саналы түрде өзінің өмірлік бағытын дұрыс 

түсінуге, ұлтының дінін ұғуға, туралық және 

әсемдікке  тәрбиелеуге  негізделгені  айғақ. 


67

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Жалпы  дін  туралы  білім  қазіргі  қоғамдық 

жағ дайда  маңызды  мәселердің  бірі.  Өйт ке-

ні,  дін  дегеніміз  –  адамды  шындыққа  жет-

кізетін жарық, ақылды адамдарды өз қа лау-

лары  бойынша  ізгілікке  бастайтын  құдай-

лық  шариғат  адамдарды  тек  игілікке,  жақ-

сы лыққа  бағыттайтын  заңнама  ретіндегі  іс 

әре кеттер жиынтығы [1]. Ал қазіргі кездегі 

дін нің маңыздылығы – рухани-адамгершілік 

құн дылықтардың  жаңартылған  жүйесін 

құру ға бағыттау, экстремизм, терроризм жә-

не діни радикализм идеологияларын қа был-

да мау ға  үйрету,  сол  зиян  әсерлердің  алдын 

алу да, дұрыс жолдан адаспауын, тұрақты ой 

қалыптастыруда дінтану ілімінің рөлі ерек-

ше. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кейбір 

мем лекеттерде діни білімсіздіктен халықтың 

бас қа секталарға кіру орын алып, ақырында 

бір  мемлекеттің  бірлігі  шайқалып,  келеңсіз 

оқи ға лармен аяқталып жатыр. Қазіргі кезде 

біз дің елімізде де белгілі бір идеологиялық 

бі лім  ретінде  дінге  деген  қажеттілігі  бар. 

Сол  себептен,  Қазақстан  халқы  түрлі  ұлт-

тан  тұратындығын,  конфессиялық  сипа тын  

ескере  отырып,  дінтану  пәнін  орта  мек-

теп терде  оқытылу  бұйрығы  енгізілді.  Осы 

тұрғыдан  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Біз  

бұқара  санасындағы  діншілдіктің  артуы-

на әзір болуымыз керек, онда тұрған қатер-

лі  ештеңе  жоқ.  Жалпы  дін  өздігінен  өнеге-

лі   ақиқаттан  бөтен  ештеңе  үйретпейді. 

Жал ғыз-ақ,  бізге  қауіп  төндіретіні:  ді ни 

біліміміздің  деңгейі  онша  жоғары  бол-

май  отырғаны»  [2],  -  деген  ескертпесі 

бүгін де  айрықша  теориялық-әдіснамалық 

мағы на ға  ие  екендігін  көрсетті.  Соның 

нәтижесінде  «Дінтану  негіздері»  атты  пән 

мектептегі  9-сыныпқа  және  ЖОО-дағы  оқу 

бағдарламасында  қосымша  пән  ретінде 

оқытылып жатыр. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

жүйесін  жаңа  дәлелденген  тың  идеялары 

мен  даму  жолдарына  сай  оқыту,  бағдарлы 

оқыту, білім мазмұнын кірістіру, идеяларын 

іске  асыру  үшін,  біріншіден  жалпы  білім 

беру 

стандарттарында 



қарастырылған 

пәндердің  мазмұнын  талдаудың  қажеттілігі 

туындап  отыр.  Өйткені,  білім  алушылар 

оқу  мазмұнынан  тек  ақпарат  пен  қайталау 

білімді  алумен  ғана  шектелмеуі  тиіс,  ол 

білім  алушының  қабілеттерін  жан-жақты 

дамытатындай, өз қызығушылықтарын іске 

асыруға,  шығармашылық  ойлауын  және 

өмірлік  құзіреттіліктерін  қалыптастыруға 

көмектесетіндей 

болғаны 

жөн. 


Сол 

мақсатта,  жалпыға  міндетті  білім  беретін 

орта  мектеп  пен  ЖОО-да  оқытылатын 

бірдей  пәндердің  түрлі  деңгейге  арналған 

типтік 

бағдарламасының 



мазмұндық 

ерекшеліктеріне,  пәннің  мақсаттары  мен 

міндеттеріне,  пәннің  перереквизиттері 

мен  постреквизиттерінің  тізіміне  талдау 

жүргізілді.  Зерттеу  нәтижесінде,  екі  пәннің 

мақсаты мен міндетін алып қарасақ, жалпы 

бір  ұғымды  және  бір  мақсатты  білдіреді. 

Екі  бірдей  пәннің  түпкі  мақсаты  тұлғаға 

толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және 

қарым-қатынас, мәдени білім беру екендігін 

көз  жеткіздік.  Мақсаттары  мен  міндеттері 

бірдей  болғандай,  пәннің  перереквизиттер 

мен постреквизиттерінің тізімі де бір болып 

келеді.  «Дінтану»  курсында  12  негізгі 

тақырыптардың  11  тақырыбы  «Дінтану 

негіздері» пәнінде қайталауға ұшырайды. 

Мектепте 

9-сыныпқа 

оқытылатын 

Ғарифолла Есімнің авторлығында жазылған 

«Дін тану  негіздері»  мен  ЖОО-дағы  пән-

нің   жұмыс  оқу  бағдарламасындағы  не-

гіз гі  әдебиет  бойынша  оқытылатын 

А.И.Артемьевтің  авторлығымен  жазылған 

«Дін тану: жалпы дінтану негіздері, діндер та-

р и хы,  Қазақстандағы  діндер»  оқулығы  маз-

мұн дарына  сараптамалық  талдау  жүргізу 

ба рысында  бірнеше  тақырыптар  мазмұны 

дәл ме-дәл 

қайталатындығы 

айғақталды. 

Мәселен,  екі  оқулықта  да  «Діннің  фор ма ла-

ры, протестантизм, Ежелгі Грек дін де рі» деген 

тақырыптарының мазмұны, тіп ті сөйлемдеріне 

шейін  қайталанады.  Алай да,   А.И.Артемьевтің 

авторлығындағы  «Дін тану»   оқулығының 

мектептегіден  сәл  ғана  айыр машылығы 

мәліметтерінің көлемді бо лып  келгені.

Жоғарыда  қарастырылған  пән  маз мұ-

ны ның  қайталану  мәселелері  бүгінгі  күнде 



68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

түйінін шешуді талап етеді. Осы мақсаттағы 

мә се лерді  шешу  жолында  мынандай  ұсы-

ныс тар қойылады:

1.  ЖОО-да,  орта  мектепте  оқы ты-

ла тын  «Дінтану»  жеке-жеке  пән  ре тін де 

оқытылғандықтан,  мақсаты  мен  мін дет-

те рінің  деңгейі,  бағыты  бойынша  ерек-

ше лен уі  керек.  Соған  орай,  ЖОО-да  күр-

делірек  мақсаттар  мен  міндеттердің  жа ңа-

ша  қойылуын  талап  етеді.  Мәселен,  қазір гі  

еліміздегі  және  дүниежүзіндегі  діни  жағ-

дай ларды  бағалай  білу,  интернеттегі  діни 

мәлі мет терді  саналы  түрде  ақиқаттылығын 

ажыра та  білу,  діни  экстермизм  әрекеттерді 

бол дырмау  және  алдын  алу  секілді  мақ сат-

тар дың қойылуы.

2.  ЖОО-да жүргізілетін «Дінтану» кур-

сы ның  мазмұнын  қайта  қарап,  бір  жүйеге 

кел тіру.  «Дінтану»  пәндерінде  қайталанған 

та қыр ыптарды  қысқартып,  оның  орнына 

елі міздегі  күрделі  мәселелерді  қамтитын 

тақы рыптармен  қамтылуын  қажет  етеді. 

Мәсе лен,  «Интернетте  жарияланған  діни 

ақ параттардың  ақиқаттылығын  тани  білу. 

Жал ған діни идеяның дұрыс бағыттағы дін-

нен  айырмашылығын  ажырату.  Дәстүрлі 

дін ге жат «идеяның» белгілері. Интернеттегі 

ді ни  үгіттеулерінен  сақтау»  сияқты  та қы-

рып тар  жастардың  теріс  идеологияны  бо-

йы на  сіңірмеуіне  жағдай  жасалар  еді.  Бұл 

тақырыптар

 

қазіргі қоғамдағы діни топ тар-



дың  сыртқы  келбеттері,  дінге  шақыру  әре-

кет терінің  әдістерін  бойынша  айыра  білуге 

маңы зы зор. Білім алушыларға діни мәселеде 

кез  келген  сұрақ  туған  жағдайда,  жалпы 

Ислам  ғибадаттарды  орындау  мақсатында 

ҚМДБ бекіткен имамдарына хабарласуына, 

сондай-ақ Діни Басқарманың келісімсіз жа-

рық көрген кез келген Ислам әдебиеті түр ле-

рін  пайдаланбауға түсіндіріп, үйрету.

3.  Оқушыларға  мектепте  «Дінтану» 

пән дерін  оқыту  барысында,  елімізде  және 

дүние жүзінде  дінге  қатысты  қазіргі  болып  

жат қан оқиғалармен байланыстырып, түсін-

діріп, жасөспірімдердің өмірге деген дұ рыс  

көзқарасын  тұрақтандыру  міндетін  қою  

керек.  Сонымен  қатар,  оқушылардың  ой-

өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын оя ту 

мақсатында,  дінге  қатысты  документал ды  

фильмдер  көрсетілуі  тиіс.  Мәселен,  «Қазақ-

стан дағы  дәстүрлі  исламның  ерекшеліктері 

мен   мәселелері»,  «Қазіргі  кезде  елімізде 

орын алған діни сұрақтар», «Орта Азиядағы 

экс тремизм  және  ланкестік  әрекеттердің 

жан дану  себептері  мен  ерекшеліктері», 

«Діни экстремизмнің алдын алу туралы  ата-

аналарға арналған естелік» сынды та қы рып-

тар төңірегінде қарастырылуы қажет. Педа гог 

бұл  тақырыптарды  түсіндірген  кезде,  білім 

алушыларға  діни  экстремизмнің  елі міз ге 

алып келетін зияны, ол сырттан келген сая си 

мүдде екенін, олардың басты қаруы қаті гездік 

пен шапқыншылық екенін жетікті же т кі зу.

4.  Егер де пәннің мазмұны, тақырыптары 

өзгер тіл меген жағдайда, ЖОО-да да мектеп-

те  де  қайталанып  оқытылатын  «Дінтану» 

пә ні  ЖОО-да  қысқартылуы  тиіс.  Мәселен, 

шетел дік тәжірибе бойынша Аустрия елінің 

«Дінтану» пәні тек орта меткептерінде оқы-

ты ла ды. Сол сияқты, біздің оқу жүйеміздегі 

«Дін тану негіздері» пәнін студенттердің жүк-

те месінен алынып тасталып, мектептің оқу 

кес тесінде қарастырылса болар еді. Немесе  

екі деңгейдегі ұсынылған оқулықтардың бір-

дей мәтіндерін жойып, жаңаша үлгіде қайта 

оқу лық жазылып ұсынылуы тиіс.

5.  Қазіргі  кезде  әлем  мемлекеттері  «Дін-

тану»  пәндерін  оқыту  барысында  дұрыс 

бағыттағы әлемдік үш діннің біреу ін  әр адамның 

таным-түсінігіне  қарай  ұс та нуына  еркіндік 

берілгендей,  Қазақстан  Рес публикасының 

заңына  сәйкес,  зайырлы   мем лекет  екендігін 

ескере отырып, оқу шы лар лардың саналы түрде 

өзінің діни сенімін қа лып тастыруға бағыттау.

6.  Еліміздің білім беру жүйесін кешен-

ді және жүйелі болу үшін ЖОО-ы мен мек-

теп тің  арасында  байланыс  тығыз  болып, 

оқу процесін бір негізде жұмылдырса деген 

ұсыныс.  Мәселен,  мектеп  пен  ЖОО-ның 

мұғалімдері  арасында  жиі  кездесулер   жүр-

гізіліп,  қарастыратын  тақырыптар  ай қын-

далса,  қайталауға  жол  берілмес  еді.  Қазіргі 

ді ни өзекті деген тақырыптарды енгізу, оқу 

бағ дарламасының  тақырыптарын  заман 


69

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

тала  бына сай өзгертіп отыру, ЖОО мен мек-

теп  діни  білім  беру  міндеттерін  бөліп  алу, 

кез де сулер арқылы жүзеге асыруға болады.

Қорытындылай келе, ЖОО-да және мек-

тепте  оқытылатын  атауы  бірдей  пәннің 

ұқ сас тықтары  айтарлықтай  бар  екендігі 

дәлел денді.  Бұл  дегеніміз,  қазіргі  кезде 

оқушылардың  және  студенттердің  уа қыт -

тары  пәнді  қайталап  оқумен  орын  алып 

жатқандығын  білдіреді.  Бұндай  мә се ле-

лер   шұғыл  шешуді  талап  етеді.  Талдау 

жұ мыстары  нәтижесінде  алға  қойылған 

мә се ле лер ді  шешу  жолдары  мақаланың 

авторы  тара пы нан  ұсынылды.  Елімізде 

кәсіби  маманға  тән,  рухани  мық ты  азамат 

қалыптастыру  үшін,  білім  бе ру  жүйесін  дамы-

ту негізінде жоғарыда көр се тіл ген ұсыныстарды 

ескеріп, қолданысқа ен гі зілсе, қазірде орын алып 

жатқан  мазмұн  қай талану  мәселелері  шешіледі 

деген сенім де міз. Сондықтан, жоғары кәсіби білім 

бе ру   қабілетіне  ұмтылдыратын,  танымдық  іс-

әрекетін дамытатын, жан-жақты із де нім паз тұлға 

дайындау  үшін  –  ұқыпты  ой лас ты рыл ған   және 

ғылыми негізделген бағдарлама қа рас тырылуын 

талап етеді. Атап айтқанда, бү кіл оқыту процесін 

кешенді және ма ғы налас курстарды қысқартып, 

жүйелі  бір  курс  ұйымдастырылса,  студенттерге 

шы ғар ма шылық, өз бетінше ізденуге, оймен шұ-

ғыл да


 

ну ға  көлемді  уакыттың  бөлінуіне  ықпал 

бо ла тын еді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  http://bilimdiler.kz.

2.  Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген 

сөзі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің «ІІ сьезі». – Алматы, 2006. – 147 б. 

3.  Ұлттық  тәрбие:  Таңдамалы  лекциялар  курсы.  –  Алматы:  Абай  атындағы  ҚазҰПУ, 

2011. -276 бет.

4.  Нуриев  М.А.,  Маханова  Н.Б.  Мұсылмандық  өрлеу  кезеңіндегі  ойшылдар 

философиясының ерекшеліктері // Ұлттық тәрбие. – 2013, №5 (19).

«Діні басқаның, тілі де басқа»

Халық даналығы.


70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ: 911.52(574.51)



Е.Е.Садыков

Магистратура және PhD докторантура институты.

Жаратылыстану кафедрасының

1-курс магистранты

ЖЕТІСУ АЛАТАУЫ ЛАНДШАФТТАРЫНЫҢ ТУРИСТІК МӘНІ

Мақалада Жетісу Алатауы ландшафттарының туристік мәні туралы жазылған. Сонымен 

бірге, еліміздің ішкі туризм индустриясын дамытуға тигізетін септігі берілген. Туризмнің 

дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі 

қоршаған  ортаны  қатты  ластайды,  жергілікті  тіршілікке  үлкен  зиянын  тигізеді.  Ал,  ту-

ризм  саласы,  керісінше  табиғаттың  тазаруы  мен  күтілімін  талап  етеді,  осыдан  туристік 

кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз 

пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде.



Түйін сөздер: туризм, ландшафт, Жетісу Алатауы, өнеркәсіп, индустрия.

В статье написано о туристическом значении ландшафтов Жетысуского Алатау. А также, 

написано о  содействии в развитии индустрии внутреннего туризма нашей страны. Разви-

тие туризма, если рассмотреть со всех сторон, влияет с положительной стороны. Например, 

нефтяная промышленность сильно загрязняет окружающую среду, наносит огромный вред 

местной жизни. Отрасль туризма наоборот требует чистоту и уход за природой, поэтому ту-

ристические предприятия работают на пользу не только экономики в общем, а также окру-

жающей среды. Туристический потенциал Казахстана на очень высоком уровне. 



Ключевые  слова:  туризм,  ландшафт,  Жетысуский  Алатау,  промышленность,  инду-

стрия. 

In article written about the importance of the tourism landscape of Jetysu Alatau. And also, written 

to assist in the development of domestic tourism industry of our country. Tourism development, 

if we consider all sides, influences on the positive side. For example, the oil industry is highly 

polluting, doing great damage to local life. Tourism industry on the contrary requires cleanliness 

and care for nature, so the travel companies work to the benefit not only of the economy in general, 

as well as the environment. Kazakhstan’s tourism potential at a very high level.

Keywords: tourism, landscapes , Jetysu Alatau , industry.

Қазіргі  кезде  адам  қызметінің  әр  түрлі 

фор малары бар, олар жалпы жағдай жасауға 

жә не әлемді тануға бағытталған. Халық тұр-

мысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адам-

ның  қажеттілігін,  соның  ішінде  саяхатқа 

құш тарлығын  арттырады.  Саяхат  дегеніміз 

– туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, 

ол көп теген экономикалық және әлеуметтік 

ас пектілерді құрайды.

Соңғы  он  жылда  туризм  мықты  дербес  

ин дустрияға айналды. Дүниежүзілік Турис-

тік  Ұйымның мәліметтері бойынша тури зм  

әлемнің өндірістік-сервистік нарық ай на лы-

мы ның  10  пайызын  қамтамасыз  етеді.  Туризм 

сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнім нің 6%, 

әлемдік  инвестицияның  7%,  әр  16-шы  жұмыс 

орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, 

барлық салық түсі мі  нің 5% келеді. Бұл сандар 

туризм  ин дус триясының  экономикаға  тікелей 

әсерін көрсетеді. Осындай көрсеткіштерге ие бо-

лып отырған туризм саласы Қазақстан Рес пуб-

ликасында енді бой көтеріп келеді.

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  «Мемлекеттің  экономика сы-


71

ҰЛТТЫҚ МҰРА

на валюталық кірістің көзі ретінде ту риз мді 

перспективті салалардың бірі» деп бір не ше 

рет атап өтті. Бірақ, бүгінгі таңда Қазақ с тан-

да туризм саласы қажетті әлемдік стандарт-

тар дан артта қалып отыр. Бұл бірқатар жағ-

дай лармен анықталады, олар:

–  туристік инфрақұрылымның әлі де да-

ми қоймағандығы;

–  шетел инвестициясын туризмге  қызық-

ты ратын  қаржылық-кредиттік  жүйенің 

жетіл ме гендігі;

–  мемлекеттің  көрікті  орындарының 

және туристік жерлерінің шетелде жарнама-

ланбауы және жеткілікті насихатталмауы;

–  туризм  саласында  жоғары  квали фи-

кация ланған мамандардың аздығы;

–  туризм индустриясын нарықтық бәсе ке-

лестікке сай құру үшін ұйымдастырушылық, 

инновациялық және экологиялық негіздің да-

мы мағандығы,  туримзнің  ғылыми  негізінің 

өңделмегендігі.

Туризм индустриясын үлкен көлемді биз-

нес  негізінде  дамытуды  қалыптастыру  жә-

не рекреациялық потенциалды, рационал ды  

пайдалану  «Қазақстан  2030»  стратегия сын, 

«Қазақстан  Республикасында  туризмді  да-

мыту  концепциясы»,  «Қазақстан  Рес пуб-

ликасының Туристік қызмет туралы» заңын 

және басқа да нормативті-құқықтық актілерін 

жүзеге асыру мақсатында бағытталған.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  ту-

ризм  саласындағы  белгілеген  барынша 

маңыз ды  міндеттерінің  бірі  –  Қазақстанды 

орта лықазиялық өңірдегі туризм орталығына 

ай нал дыру.

Мемлекеттік  бағдарламаның  мақсаты 

сырт тан келушілер туризмі және ішкі тури зм 

көлемін арттыру есебінен халықты жұ мыс-

пен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің 

тұ рақ ты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге 

қабі лет ті туристік индустрия құру.

Осы тұрғыдан, туризм – мемлекет жарна-

масы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие бо-

лып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен 

ға на  шектелмей,  тарих  пен  археологиялық 

қаз ба лардың, мәдениет пен өркениеттің, ел 

мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тар-

тым дылығы  мен  ерекшеленіп  отыр.  Осы 

тұста  еліміздің  туристік  шаңыраққа  айна-

луы на әбден мүмкін деген болжаумен келі-

су ге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән 

тарихы,  археологиялық  қазбалары,  та би ға-

ты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәріз-

ді  біздің  көркем  де,  әсем  жеріміздің  түк-

пір-түкпірінде  өзіне  ғана  тән  гаухарларын  

та буға болады. Мәселен, Жамбылдың Мың-

бұлағы,  Көкшетаудың  Оқжетпесі,  Алма-

ты ның  шөлейт  аймақтарында  орналасқан 

Там ғалысы  және  басқа  да  аты  аңызға  ай-

нал ған  жерлерді  айтуымызға  болады.  Өкі-

ніш ке  орай,  туристердің  көпшілігінің  әуе лі 

танысып өтетін интернет беттерінде Қазақ-

станның барлық туристік жерлері туралы бі-

ліп,  танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. 

Қы зығушылық  тудыратындай  айтылмаса, 

жа зыл маса,  көрсетілмесе  шетелдік  емес, 

жер гілікті азаматтардың да жеріміздің әсем 

жер ле ріне  баруы  қиын-ақ,  және  еліміздің 

іш кі туризмі өкінішке орай, әзірге мақтанып 

ай тар лықтай  дәрежеде  емес.  Сол  себепті 

де,   Қазақстанда  қазіргі  таңда  көтеріліп 

жат қан  өзекті  мәселелердің  бірі  –  туризм 

бол ғандықтан,  біз  дәл  осы  Қазақстанның 

ішкі  туризмінің  бүгінгі  жетістіктері  мен  

кемшіліктерін қарастырғанды жөн сана дық.  

Оның  ішінде  Жетісу  Алатауы  ланд шафт та-

рының туристік мәнін жеке бөліп беруге ты-

рыс тық.  

Жетісу  Алатауы  –  Қазақстанның  геог ра-

фия лық туристік тұрғыда өзіндік ерекшелігі 

бар  аймақ.  Оның  ландшафтарын  зерттеу, 

геог ра фиялық  тұрғыда  қарастыру  –  өзекті 

мәсе ле  деп  санаймын.  Жетісу  Алатауы  Ал-

маты  облысында  шекаралас  жатқан  таулы   

аумақ,  өзіндік  даму  тарихы,  зерттелу  дәре-

же сі бар өлке болғандықтан және өзім осы 

өңір де туып-өскендіктен де, зерттеу нысаны 

ретін де таңдауыма себеп болды. 

Жетісу Алатауы ландшафттарының турис-

тік зерттелу дәрежесі қазіргі кезде толықтай 

қарастырылмаған.  Туристік  рекреациялық 

жағдайы  мен оны пайдалану бағытындағы 

қазақ стандық ғалымдардың еңбектері, әсіре-

се Е.А.Тоқпанов жұмыстарында зерттел ген.  


72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Онда  соңғы  жылдардағы  туризмді  дамы ту-

дың мәселелеріне орай тұрақты даму қағи-

да лары негізінде қарастырылған. География 

инс титуты ғалымдарының пікірінше де зерт-

теу қажеттілігі барлығы анықталып отыр. 

Біздің  негізгі  мақсатымыз  Жетісу  Ала-

тауы ның географиясыын зерттеу барысында  

ланд шафтылық  жіктелуін  саралап,  оның 

туристік мәнін анықтау. Қазіргі кезде Жетісу 

Ала тауының зерттелу кезеңдеріне шолу жа-

сау  барысында  ландшафтылық  сипатта ма  

берілмегені  анықталды.  Мақсатымыз  ту-

ризм ді дамытуға қатысты ұсыныстар беру.

Жаздың  кезінде  Солтүстік  пен  Оңтүстік 

Жеті су тауларын аралап шығып, ландшафта-

рын  суретке түсіру жоспарланып отыр. Жеті-

су  алатауы  етегімен  ұлы  Жібек  жолы  өтуі 

мен қалаларының болуы туризмді дамытуға 

өзіндік үлесін қосады деп санаймын. Туризм-

де ландшафт әрқашанда тартымдылығымен 

ерек шеленетінін  анықтау  барысында  жұ-

мыс тың  максаты  мен  міндеттерін  шешуге 

болады деп санаймын.

Мәселен,  Қазақстандағы  туризімдік  ай-

мақ  тар туралы сөз қозғағанда ойымызға ке-

ле рі тоғыз жолдың торабы – әлемге әйгілі Тау 

Түр ген шатқалы. Алматыдан Шығысқа қарай 

тау   бөктерлеп  90  километр  жол  жүрсеңіз, 

жан-жағыңызды ылғи да бау-бақша мен те-

рек, қайың, қарағаш, емен, шетеннің жасыл 

жапырағы орап отырады да, шыңдары көкке 

қол созған асқақ таулардың қойнауына кіріп 

кетесіз.  Шатқалға  кіргеннен  сізді  жақпар-

жақпар  жартастар  қоршап  алады.  Қожыр-

қожыр  қойтастар  арасынан  бой  көтерген 

шыршаның түбіне назар салсаңыз, «тамыры 

тасты жарып шыққан ба» деп таң қаласыз. 44 

шақырымға созылған бұл шатқалдан көкорай 

шалғын майданды, мөлтілдеген көлдер мен 

көлшіктерді, тасты тесе, құмды қопара тесіп 

шыққан тау бұлақтарын көресіз. Ол – ол ма, 

сіз бұл шатқалда бұрын соңды көрмеген тау 

сарқырамаларын тамашалау бақытына ие бо-

ласыз. Сол сарқырамалардың ішінде биіктігі 

30 метрден асатын тік жартастар мен құлама 

құздарды, шыршалар мен қарағайларды ара-

лап өтіп төмен құлаған Аюлы сарқырамасы 

сіз дің  есіңізде  мәңгі  қалуы  сөзсіз.  Тас ты  

тіліп,  тауды  үңгіп  жатқан  Бозкөл  сар қы-

ра масы  да  сіздің  қиялыңызға  қанат  бі ті ре-

ді.  Толқындары  тастан  тасқа  секіріп  барып 

омақаса  құлап,  қайта  көкке  шапши  ақ қан 

Асы өзенін бойлай өрлесеңіз ежелгі қор ған-

дар ды, тақтатастардағы таңбаларды көресіз. 

Бәрі нен де Асының ақбалығын аулап, дәмін 

татып  қайпасаңыз,  «Түрген  шатқалында 

бол дым» дегеніңіз бекер.

Алматыға  қайтар  жолда  Есік  қорғанына 

тоқ тай тыныңыз  сөзсіз.  Өйткені,  мұнда 

дүние жүзін  аралап  шыққан  «Алтын  адам» 

табыл ған қорған бар. «Алтын адам» ол – ал-

тын әшекейлермен тігілген сауытымен жер-

ленген сақ көсемінің мәйіті. «Есік» қорғаны 

біз дің  дәуірімізге  дейінгі  5-4  ғасырлардағы 

сақ тар заманына жатады. 

Колорадо  штатындағы  Гранд  Каньонмен 

салыстыруға әбден лайық Шарын каньонын 

көру бір ғанибет болса, Шарын өзені құятын 

Іле жағалауын тамашалау да сондай бір та-

маша құбылыс...

Шарынға  жетпей  онға  бұрылсаңыз,  тақ-

тақ  жол  сізді  әйгілі  Көлсайға  бірақ  апара-

ды.  Ал  Шарыннан  өтіп,  Қулық  тауын  ары 

ас саңыз,  алдыңыздан  менмұндалап  атақты 

Қар қара жайлауы қол бұлғайды. Бұл жайлау-

дан  шығысқа қарай жүрсеңіз шалғаннан кі-

лем   төсеп  Шәлкөде  шақырады.  Одан  әрі 

Хан-Тәңірін бір көрмей қайтпайсыз.

Осылайша, Жетісу – сан ғасырлардан бе-

рі  өмір  сүруге  қолайлы,  қазақ  жерінің  көр-

кем  де  көрікті,  сұлулығымен  көз  тартар  

ерек ше тарихи өлке. Оның климаттық жағ-

дайы, пейзажының әсемдігі табиғатты тану-

ды мақсат еткен саяхатшыларды ежелден-ақ 

қызықтырып келген. Сондай ерекше қалып-

тас қан  табиғи  кешендердің  бірі  –  Алакөл 

ойы сы.  Мұнда  ерекше  өзіндік  құндылығы 

мол флора мен фауна және эстетика тұр ғы-

сында  маңызды  саналатын  табиғат  нысан-

да ры  орналасқан.  Алакөл  ойпаты  тасты 

жә не  сорды  шөлді  ландшафттық  бастауы  

бар  тегіс  жазықтықты  жер  бедерімен  ерек-

ше ле неді, сонымен қатар, мұнда құм сілем-

де рі кездеседі, ал ол өз алдына Алакөл көл-


73

ҰЛТТЫҚ МҰРА

ді-шалғынды 

физикалық-географиялық 

ау маққа жатқызуына алып келді. Ресми де-

ректерге  жүгінсек,  Кеңес  заманы  тұсында 

тұ сында Қазақстанның Алакөл аймағы мен 

айыр қалпақты ағайының Ыстықкөлі турис-

терді тарту мақсатында бірдей қолға алынған. 

Тап қазір Ыстықкөл барша қырғыздың мақ-

та нышы. Алакөліміз болса баяғы жартас бір 

жартас күйінде қалып отыр. Алакөлмен жал-

ғасын  табатын  Жоңғар  Алатауы  қой на уын-

да ғы «Көл асу», Жоңғар қапасы, Тазжау, Ой-

жайлау секілді орындарының күтіп жатқаны 

қан шама уақыт.

Сасықкөл, Ұялы және Жалаңашкөл өзен де-

рінің  қосылып  Алалкөл  болып  жалғасын  та-

батын өзен Алматы облысының шекарасында.

Осылайша  Жетісу  Алатауы  ланд шаф-

та рының  екі-үш  облысының  ең  көрікті  де, 

көр некті  өңірлеріне  ғана  қысқа  шолу  жасау 

мақсатымыз  –  таныстыру  ғана  емес,  осын -

шама көркем жерлеріміз қазіргі зама ны мызға 

сай отандық экономикамыз бен мә де ниетімізге 

пайдасын тигізе алама деген сұрақ тарға жауап 

іздеу. Біз бұл жерде жер ас ты қазба байлықтары 

туралы  айтқанымыз  жоқ,   біз  бұл  жерде  жер 

бетіндегі табиғи сұлу лық ты қайткенде ел наза-

рына салуға болатыны және туристік мәні мен 

еліміздің ішкі тури зм индустриясын дамытуға 

септігін ти гі зу мақсатында аз-кем ойымызды 

ортаға сал дық.



Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Пірәлиев С. Ж., Нәрібаев К. Н., Жампеисова Қ.Қ., Қойгелдиев М. К
ins pedagogiki psih -> Бас редактор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Национальное воспитание
ins pedagogiki psih -> БАҒдарламасы 5В010200 бопә мамандығының білім беру бағдарламасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет